Еуропадағы соғыс алдындағы дағдарыс



1938 жылдың 29-30 қыркүйекте Мюнхен қаласында Чехословакияны бөлшектеу жөнінде жасаған келісім. Оған Англия премьер министрі Н.Чемберлен, Франция премьер министрі Э. Даладье, Германия мен Италияның фашистік диктаторлары А.Гитлер және Б.Муссолини қол қойды. Оны АҚШ үкіметі толық куаттады. Чехославакияның буржуазиялық үкіметі де қабылдады. Мюнхен келісімі бойынша Англия және Франция Чехославакияның табиғаты бай өлкесі Судет облысынан Германияға қосуды мақұлдады.
юнхен келісімі Германияның Чехославакияны түгел жаулап алуына, одан кейін екінші дүние жүзілік соғысты бастауына мүмкіншілік берді. Ұлы мемлекеттердің ішінде тек қана Кеңес Одағы Мюнхен келісіміне қарсы шақты. Кеңес үкіметі Чехославакияның тәуелсіздігі мен ұлттық дербестігін жақтады, оны қорғауға нақтылы көмек беруге дайын екендігін білдірді.
Бірақ Чехославакияның буржуазиялық үкіметі Кеңес елінен көмек сұрамады, халқының ұлттық намысын аяққа басып, фашистік басқыншылардың алдында бас иді. Мюнхен келісімін жасағанмен капиталистік елдер қайшылықтан құтыла алмады. Кейін «Мюнхен келісімі» деген ұғым басқыншылыққа дем беретін сыртқы саясат мағынасын білдіретін болды. Австралияны қосып алған соң, Германия Чехословакияға көз тікті.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Еуропадағы соғыс алдындағы дағдарыс

ЖОСПАР

1. Мюнхен конференциясы

2. Ағылшын - француз - кеңес келіссөздері

3. 1939-1941 жылдар кезеңінде жасалған кеңес - герман құпия келіссөздері

4. КСРО Сыртқы істер халық коммисары В.М.Молотовтың Ұлттар лигасының Бас
хатшысы Ж.Авенольге жеделхаты (1939 жыл 4- желтоқсан)

Мюнхен конференциясы

1938 жылдың 29-30 қыркүйекте Мюнхен қаласында Чехословакияны бөлшектеу
жөнінде жасаған келісім. Оған Англия премьер министрі Н.Чемберлен, Франция
премьер министрі Э. Даладье, Германия мен Италияның фашистік диктаторлары
А.Гитлер және Б.Муссолини қол қойды. Оны АҚШ үкіметі толық куаттады.
Чехославакияның буржуазиялық үкіметі де қабылдады. Мюнхен келісімі бойынша
Англия және Франция Чехославакияның табиғаты бай өлкесі Судет облысынан
Германияға қосуды мақұлдады.

Мюнхен келісімі Германияның Чехославакияны түгел жаулап алуына, одан кейін
екінші дүние жүзілік соғысты бастауына мүмкіншілік берді. Ұлы
мемлекеттердің ішінде тек қана Кеңес Одағы Мюнхен келісіміне қарсы шақты.
Кеңес үкіметі Чехославакияның тәуелсіздігі мен ұлттық дербестігін жақтады,
оны қорғауға нақтылы көмек беруге дайын екендігін білдірді.

Бірақ Чехославакияның буржуазиялық үкіметі Кеңес елінен көмек сұрамады,
халқының ұлттық намысын аяққа басып, фашистік басқыншылардың алдында бас
иді. Мюнхен келісімін жасағанмен капиталистік елдер қайшылықтан құтыла
алмады. Кейін Мюнхен келісімі деген ұғым басқыншылыққа дем беретін сыртқы
саясат мағынасын білдіретін болды. Австралияны қосып алған соң, Германия
Чехословакияға көз тікті. Чехословакияны қарулы күшпен басып алу оңай
міндет емес еді. Чехословакияның соғыс өнеркәсібі және оның жоғары дәрежеде
дамыған қарулы күштері Батыс Еуропадағы ең күшті әскерлердің бірі болатын.
Оның үстіне Германия үлкен соғысқа дайындығын әлі толық аяқтаған жоқ еді.
Сондықтан гитлершілер Чехословакияны дипломатиялық жолмен басып алуға
әрекет жасады. Бұл үшін Германия Судет облысындағы К.Генлейн бастаған
фашистік ұйымды пайдаланып, Чехословакияның ішкі саяси жағдайында бей-
берекеттік туғызды. Осыны пайдаланып, ақыры, Судет облысын Германияға
беруді талап етті. Ұлыбритания мен Франция Судет облысын беріп, Германияны
согыс ашу ниетінен қайтарамыз деп үміттенді. Осы саясаттың нәтижесінде 29-
30 қыркүйекте Ұлыбританияның, Францияның, Германияның және Италияның үкімет
басшылары Мюнхен конференциясында төрт жақты келісімге қол қойды.

Судет-неміс облысын беруге қатысты әлдеқашан нақты қол жеткен келісімге
орай, осы ымыраның мынадай шарттары мен тұрпаттары туралы, сондай-ақ осыған
қажетті шаралар мен тұрпаттары туралы уәделесті және осы келісімге сәйкес
әрқайсысы жеке өзін оны іске асыруға қажетті шараларды қамтамасыз етуге
жауапты деп Германия, Құрама корольдік, Франция және Италия жариялайды.

1) Көшіру 1- қазаннан басталады.

2) Территорияны көшіру 10-қазанға қарай аяқталады, сонымен бірге бар
құрылыстарда ешқандай да қирату жүргізілмейді және де Чехословак үкіметі
облысты көшіру аталған қүрылыстарды бүлдірусіз өткізуіне жауапты болады деп
Құрама корольдік, Франция және Италия келісті.

3) көшірудің тұрпаттарын Германияның, Құрама корольдықтың Францияның,
Италияның және Чехословакияның өкілдерінен құралатын халықаралық комиссия
тәптіштеп белгілейді.

4) Неміс тұрғындары басым аудандарға герман әскерлерінің орналасуы 1 -
қазаннан басталып, кезеңдерге бөлініп жүргізіледі. Қосымша берілген
картада белгіленген 4 белдеуді герман әскері мынадай тәртіппен иеленеді:

I санымен белгіленген белдеуді – 1, 2- қазанда:

II санымен белгіленген белдеуді – 2, 3-қазанда:

III санымен белгіленген белдеуді -3,4, 5- қазанда:

IV санымен белгіленген белдеуді – 6, 7 - қазанда.

Негізінен немістік сипаттаған қалған облысты, жоғарыда аталған халықаралық
комиссия дереу анықтайды, сөйтіп, оған 10 - қазанға дейін неміс әскерлері
орналасады.

5) 3-тармақта аталған халықаралық комиссия плебисцит өткізілуге тиісті
аудандарды анықтайды. Бұл аудандарда плебисцит аяқталғанға дейін
халықаралық әскер бөлімдері тұрады. Осы халықаралық комиссия
плебисцитті өткізу тәртібін анықтауға тиісті және де Саар облысындағы
плебисцит өткізу тәртібін негізге алу керек. Халықаралық комиссия сондай-
ақ плебисцит өткізілетін күнді де белгілейді: алайда бір күн қарашаның
аяғынан кеш белгіленбеуге тиісті.

6) Шекараларды түпкілікті анықтау халықаралық комиссияға
тапсырылады. Осы халықаралық комиссияға белгілі бір айрықша
жағдайларда төрт мемлекетке - Германияға, Кэдэама корольдііне, Франция
мен Италияға - плебисцит өткізілмей берілуге тиісті жерлерді анықтауда
қатаң этногеографиялық қағидадан аздап ауытқуға ұсыныс жасау құқы
берілмейді...

7) Беріліп жатқан аудандарға көшуді қалаушылардың, сондай-ақ осы
аудандардан көшіп кетуді қалаушылардың оптациялық құқы
қарастырылады. Оптация осы келісім жасалған сәттен бастап алты ай ішінде
іске асырылуға тиісті. Герман - чехословак комиссиясы оптациялық егжей -
тегжейін анықтап,тұрғындарды айырбастауды жеңілдету шараларын
іздестіреді және осы айырбастаудан шығатын қағидалық мәселелерді анықтайды.

8) Осы келісім жасалған күннен бастап төрт апта бойы Чехословак үкіметі
барлық Судет немістерін, егер олар өздері қаласа, әскери және полицейлік
қызматтен босатады. Осы мерзім ішінде Чехословак үкіметі саяси қылмыстары
үшін қамалған Судет немістерін босатады. 19 қыркүйектегі Чехословак
мемлекетінің жаңа шекараларына арандатылмаған басқыншылыққа қарсы
халықаралық кепілдіктер туралы ағылшын француз ұсыныстарының 6 -
тармағындағы ұсыныстарды қолдайтындығын еске ала отырып, Құрама
корольдіктегі ұлы мәртебенің үкіметі мен Француз үкіметі осы күнгі
келісімге қосылды.

Чехословакияда поляк және венгер азшылығы мәселе реттелген бойда, Германия
мен Италия өз тарапынан Чехословакияға кепілдік береді.

Ағылшын - француз - кеңес келіссөздері. (1939 жылдың наурыз -тамыз)

1939 жылдың 18 - наурызында Ұлыбританияның Мәскеудегі елшісі Сидс өз
үкіметі атынан Кеңес үкіметіне Румынияға қатысты герман басқыншылық әрекеті
қаупі бар екендігін хабарлады. Осыдан кейін ағылшын және кеңес
үкіметтерінің өкілдері арасында бірнеше рет ұсыныстар алмасу орын алды.
1939 жылдың 14 – сәуірде француз үкіметі Кеңес үкіметіне 1935 жылдың 2 -
мамырындағы кеңес - француз келісімін толықтыру туралы ұсыныс жасады. Ал
маусым айында Мәскеуде үш мемлекеттің өкілдерінің тікелей кездесулері
болды. Тамызда Мәскеуде үш жақтың әскери өкілдерінің келісөздері басталды.
Төменде осы кездесулердің біріндегі 1939 жылдың 15 -тамызында жасалған
кеңес өкілдігінің мүшесі В.М.Ш.Шапошниковтың баяндамасынан үзінді берілген.

Еуропада басқыншылық болған жағдайдағы Англия, Франция және КСРО қарулы
күштерінің мүмкін бірлескен мүмкін әрекеттерінің КСРО әскери миссиясы
мақұлдаған үш нүсқасы:

Бірінші нұсқа - бұл басқыншылар одағы Англия мен Францияның тікелей басты
басқыншы - Германияға қарсы шығаратын қарулы күштерінің 70 пайызын КСРО
қояды. Мысалы, егер Франция мен Англия, Германияға қарсы тікелей 90 жаяу
әскер дивизиясын қойса, онда КСРО лайықты зеңбірек, танк, ұшақтарымен жалпы
шамамен 2 миллион адамы бар 63 жаяу әскер дивизиясын қояр еді. Бұл нұсқада
Англиямен және Франциямен келісіміне орай, Польшаның соғысқа барлық
күштерімен қатысуы міндетті болып саналады. Польша 40 - тан 45 -ке дейін
жаяу әскер дивизияларын өзінің батыс шекараларына және Шығыс Пруссияға
қарсы басты соққы үшін шоғырландыруға тиісті.

Англия мен Франция үкіметтері Вильно делізі арқылы және мүмкіндігінше Литва
арқылы - Шығыс Пруссия шекарасына, сондай - ақ егер жағдай талап етсе, онда
Галиция арқылы да КСРО - ның құрғақтағы және әуе қарулы күштерін өткізуге
Польшаның міндеттемесін алуға тиісті.

Соғыс қимылдары басталуының екінші нұсқасы- бұл басқыншылық Польша мен
Румынияға қарсы бағытталғанында. Мұндай жағдайда Польша мен Румыния
майданға өздерінің барлық қарулы күштерін қояды. Польша мен Румынияға
жалғыз Германия ғана емес, Венгрия да шабуыл жасауы мүмкін. Германия
Польшаға қарсы 90 дивизияға дейін шығара алады.

Франция мен Англия қалыс қалмауға және басқыншыға дереу соғыс жариялауға
тиісті. КСРО - ның соғысқа қатысуы тек қана Франция мен Англия, кеңес
әскерлерін Вильно дәлізі арқылы, Галиция мен Румыния арқылы өткізу туралы
Польшамен және мүмкіндігінше Литвамен, сондай - ақ Румыниямен келіскен
кезде іске асырылуы мүмкін.

Бұл жағдайда, Англия мен Францияның тікелей Германияға қарсы қоятын қарулы
күштерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФРАНКЛИН РУЗВЕЛЬТ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
Қарусыздандыру туралы халықаралық конференция
Соғыс қарсаңындағы әлемдік халықаралық дағдарыстың салдары
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында фашистік жаңа соғыс ошақтарының пайда болуы
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРIНIҢ ҚАЗIРГI ЗАМАН ТАРИХЫ (1918 - 1945 жж. )
Ұлыбританияның экономикалық және саяси дамуы
XVII ғасырдың I- жартысындағы еуропадағы халықаралық жағдай және отызжылдық соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық дайындығы
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Еуроодақ құрылуының алғы шарттары
Пәндер