Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әде-биеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады:
"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі"

КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ
КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ТАЛДАУДЫҢ МШДЕТТЕРІ
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің
экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы
абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың
абсолютті көрсеткіші - бүл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік
арнаулы әде-биеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады:
"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың
үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа
жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" (15).
Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы "Бухгалтерлік
есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған.
Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бүл есептік кезеңдегі
активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" (11). Белгілі бір
шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезе-гінде,
табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді
шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің
абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден
алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық
салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан
кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан
алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын
таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және
затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер
экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны
кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жат-қызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың
айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың
қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай арт-ты. Өзіміз білетіндей
жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын.
Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі)
ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның,
яғни кәсіпорын-ның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара
байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін
өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты
болып қа-лыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік
және әлеуметтік дамуының көзі болып табы-лады. Бұл принцип өнімді
өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның ендірістік-
техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің
ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің мен-шікті қаржы көздерінен
жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген
қажеттілік, егер бүл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді
ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал
салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен
басқа да кәсіпорындар, ұйым-дар алдындағы міндеттемелері орындалады.
Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызме-тін бағалаудағы
негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы
кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен
анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе
жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады.
Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму
көзі.
Функциялардың және олардың езара шарттылығындағы бірлігі, табысты
шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының
экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан
табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның
(тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің
алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін
қамтамасыз етеді.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар
қажет болады:
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық
қажетті шығындарын керсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек
өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықгау жүйесі
ғылыми негізделген болуы керек.
3. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді рольатқаруы керек және
өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор
болуы тиіс.
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы
тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық
санкциялар, салық салу, акциздер,
жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер,арнайы
қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп
айырысу нысандары, несие түрлері,
валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің тиімділігінің емес, эко-номикалық тиімділігінің көрсеткішіне
жатады. 500 мың теңгелік табыс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері
және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін.
Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей
болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсіпорын
қызметінің тиімділігін сипаттайтын және табыстылық деңгейін көрсететін
рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын табыстылықтың салыстырмалы
көрсеткіштері қолданылады.
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты
жүргізуші субъектінін өзі др те мүдделі. Сондықтан әр V-абсолютті және
салыстырмалы түрде талдау жасайды.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мы-налар жатады:
* табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын
бағалау;
* таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
* табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
* табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
* табыстың өсу резервтерін анықтау;
* кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді
пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
* табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және
олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.
*
ТАБЫСТЫЛЫҚТЫҢ АБСОЛЮТТІ КӨРСЕТКІШТЕРШ ТАЛДАУ
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі
және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті
талдауға аудару керек.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден
алынатын табыс болып табылады Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі
туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен
міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері
және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша
негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден
түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен
және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады
Әнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар
қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген
тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-мате-риалдық
құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден
түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді.[
Кәсіпорында өнімді өікізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен
және бұйьшдардың (дайын әнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы
гауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ
өнімді өткізуден түсетін табыс өлемі жоспарының төмендеуі,
ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардын, тым артуы есебінен
болатын жағдайлар да кездеседі
13-кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспарының
негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.
13-кесте
Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының негізделуін тексеру
№ Керсеткіштер Есептік бағасы бойынша мың тг.
1. Өткізілмей қалған дайын 8360
өнімнің жыл басындағы нақты
қалдығы
2 Тауарлы онім шығару 29000
3. Өткізілген енімнің жыл 15940
аяғындағы қалдығы
4. Өнімді өткізуден алынуы мүмкін 21420
табыс (1 қатар+2 қатар - 3
қатар)
5. Жоспар бойынша енімді 20850
өткізуден алынатын табыс
6. Ауытқуы (4 қатар - 5 қатар) 570
Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 570 мың
теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген
өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден
түсетін табыс 20 850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21 420 мың
теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас
еді.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын
өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік
партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде
қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс
мелшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім
шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе
басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай
нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған
жұмыстар мен көрсе-тілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына
байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмай-ды. Бүл сондай-ақ кейбір
салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс
салаларына да қатысты
Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауыд, болады, яғни
өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды
негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі
жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.
Есептеу әдісіне көшу енімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен
төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен
анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп
түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін
сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалар-дың
түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке
айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу
бағытында жүмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді
тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті
өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала
төлеу нысаны да қол-данылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен
тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп
айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның
кемшіліктері де бар:
* біріншіден бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
* екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын
бақылау темендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын
тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын
алатын болса;
* үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін,тауарды қажетті санынан
аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар
мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).
- Табыстыльщтың абсолютті көрсеткіші -жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің
қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді
өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны
арасындағы айырма ретінде анықталады
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн,
сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен
айналысатын, оны төмендету жол-дарын іздестіретін экономикалық қызметтің
бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының
әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің
маңызын төмен-детеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым
қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде
табыстың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің түрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың
өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды
төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік
құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина
жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.)
қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс есімін пайдалы
қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте
қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен
анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің есуі табыстың өсуіне әкеледі.
Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен
қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып
алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап
етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның
өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын
немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары
мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін
инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты
өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының
айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция
айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорын-дардың шикізат пен
отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады.
Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем
жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкетеді.
Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана
емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы
кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның
өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың
өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық пара-метрлердің және
тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді
болады.
Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржы-
шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша келесі
талдау кестесін құруға болады (14-кесте).
14-кесте
1996 жылғы "АЗ Эталон" АҚ-ның жалпы табысы (мын, теңге)
Көрсеткіштер Жоспар Нақты өткізілгенНақты
бойынша өнімге жоспар
бойынша
1.Өнімді (жұмыс, 20850 19745 23179
қьізмет) өткізуден түсетін
табыс
2.Өткізілген өнімнің 16435 15741 16996
өнді-рістік өзіндік құны
3.Жалпы табыс 4415 . 4004 6183
(1қатар-2қатар)
Жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен 1768
мың теңгеге көп.
Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
1) өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
2) өнім бірлігінің бағасы;
3) өткізілген өнім көлемі (саны);
4) өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек.
Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.
1. Өнімнің өндірістік өзіндік қүньшың өзгерісінің әсері, өткізілген
өнімнің нақты өзіндік құнынан өткі-зілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы
өзіндік қүнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:
0ін - өткізілген өнімнің нақты көлемі;
Sі" - өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;
S* - өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған
жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы
өзгерістері бар. Бүл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болған-дықтан, ішкі
талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.
Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жос-пармен салыстырғанда
төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше өседі немесе азаяды.
Біздің мысалда артық шығындалу болған, бүл жалпы табыс көлемін 1255 мың
теңгеге төмендетті (16 966-15 741).
2. Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға
өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі: Мұндағы: Р және р; -
өнш бірліпнщ сәйкесінше нақты және жоспарлы бағасы.
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім еткізуден түскен
нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.
Біздің мысалымызда жалпы табыс баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге
(23179-19745) өсті.
3. Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау
үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау
керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан,
жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.
Арнайы әдебиеттерді оқып-зерттеу, тауар өнімдерін өткізу көлемі және
оның құрамындағы құрылымдық өзгерістер сияқты факторлардың табысқа
тигізетін әсе-рін талдау тұрғысында, онда пікір таластары жүргізіле-
тіндігін көрсетті.
Есептеу үшін өткізілген өнімнің көлемін әр түрлі бағалау ұсынылады:
қолданыстағы өткізу бағасымен өн-дірістік өзіндік қүны бойынша. Өткізілген
өнімнің көле-мі бойынша жоспардың орындалу пайызын есептеу кезінде әр қалай
бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезін-де айтарлықтай ауытқуларға әкеледі.
Бірінші әдіс эконо-мистермен теріске шығарылған, өнімді өткізуден түсетін
табыстың өзгеруі өткізудің физикалық көлеміне ғана емес, сондай-ақ
құрылымындағы өзгерістерге байланыс-ты өткізілген өнімнің рентабельділігіне
де әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті күрделі өзгерістерді бастан
кешіруде, сондықтан біздің көзқарасымыз бойын-ша өткізу көлемін өндірістік
өзіндік қүн бойынша бағалау әлдеқайда дәлелді болып табылады.
Біз талдап отырған кәсіпорын тауарлы өнімді өткізу бойынша жоспарды 3,4%-
ға асыра орындады (16996:16435-100)-100, нәтижесінде жоспарланған жалпы
табыстан 150 мың теңге артық алынған (4415-10,34:100) -- 4415.
Талдау жұмысының теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы
құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:
1) "өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша"
есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі
бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы
табыстың жоспарлы мөлшерімен салыстыру арқылы;
2) "өткізу көлемінің өзгеруі" факторының әсер ету соммасын
"өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша"
есептелінген және алынуға тиісті табысының көрсеткіштері
арасындағы айырмадан шегеру арқылы (қалдық тәсілі).
Тәжірибеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бүл фактордың әсер ету
көлемін есептеуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды.
"Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша" есептелінген, алынуға
тиісті жалпы табыс сомасы осы екі факторлардың жиынтық әсерін сипаттайтын
болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы
өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің пайдаға тигізетін
әсерін анықтайды.
Біздің мысалымызда есептеулер келесіні көрсетеді:
1) 4004 *415= - 411;
2) - 411+(-150)= - 561.
Құрылымдық өзгерістер нәтижесінде жоспармен салыстырғанда жалпы табыс
561 мың теңгеге кем алынған.
Біздің ойымызша, бұл фактордың әсерін нақты өткізілген өнімнен жоспар
бойынша алынуға тиісті табысты, есепті жылы өнімді өткізу көлемі бойынша
жоспардың орындалуын ескере отырып, жоспарлы құ-рылым жағдайында алынған
табыспен салыстыру. арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.
Есептің мұндай әдісі әлдеқайда ыңғайлы әрі дәл болып табылады.
Есептеулер келесідей түрде болады:
4004 - (4415а103,4:1004004 - 4565= -561.
Біздің мысалымызда құрылымның өзгеруі жалпы табыстың ауытқуына теріс
әсерін тигізді, яғни оның мөлшері 561 мың теңгеге азайды. Жалпы табысты
талдау нәтижелері 15-кестеде көрсетілген.
15-кесте
Жалпы табыстьщ ауытқуына негізгі факторлардың әсері
№ Көрсеткіштер Сомасы, мыңЖоспарлы табысқа
тг %-бен
1. Өткізілген енімнің өзіндіі? құны-ның -1255 + 28,4
өсуі
2. Келісілген бағалар + 3434 + 77,7
деңгейінің өсуі
3. Өнімді өткізу көлемінің артуы + 150 + 3,4
4. Өткізілген енім құрамындағы -561 -12,7
құрылымдық езгерістер
Жиыны: + 1768 + 40,0
Жоспардан тыс жалпы табыс келісім бағалары мен өнімді өткізу көлемінің
өсуі нәтижесінде алынып отыр. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының өсуіне
жол бермеген болса және де бизнес жоспармен салыстыр ғанда
өткізілген өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда
жалпы табыс 1816 мың теңгеге (1255+561) есетін еді. Жалпы табыстың
өндірістік езіндік құнының өсуі нәтижесінде азаюын — кәсіпорын жұмысындағы
жағымсыз құбылыс ретінде сипаттауға болады. Елеулі кемшіліктерге 1996 жылы
талданып отырған кәсіпорынның өткізген өнімінің құ-рамында болған
құрылымдық өзгерістер жатады. Сондықтан талдаушы, шығарылатын өнім
сұрыпталымы мен өндірілетін және өткізілетін өнімдердің құрамында болатын
құрылымдық өзгерістерін талдауға басты назар аударуы қажет. Егер әрине
нарықта оларға деген сұраныс болса, кәсіпорынға өнімнің жоғары рентабельді
түрлерін өндіру мен сату тиімді болады. Өткен жылмен салыстырғандағы жалпы
табыстың езгеру себептерін анықтау кезінде, В.А. Маличет (34) ұсынған
талдау әдістемесін қолдануға болады. Нарықтық экономика жағдайында,
тауарларға деген бағалар еркін болған кезде және де олардың деңгейі нарық
жағдайымен анықталатын кезде осы бағалардың өзгерісі туралы ақпараттар алу
қажеттігі пайда болады. Кәсіпорын өнім есебін екі түрлі бағамен, яғни
нарықтағы қазіргі және өткен жылдағы бағалар бойынша жүргізбейді. Осының
бәрі экономиканы басқару және бақылау мақсатында бағаның қозғалысы туралы,
олардың тек жылдық қана емес, сонымен қатар одан да қысқа мерзім
аралықтарына, яғни ай, тоқсан, жарты жылдағы индекстері туралы
мәліметтердің болу қажеттілігін тудырады. Мұн-дай мәліметтер ең алдымен
кәсіпкерлерге, салық инс-пекцияларына және әр түрлі деңгейлердегі
экономиканы басқару органдарына қажет болып табылады.
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда баға индексі 1,05-ті
құрайды. Бағаның өсуі жалпы табысқа әсер етуі тиіс.
Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға
келесі езгерістер жатады:
1) өткізілген өнімдердің бағасының өзгеруі;
2) өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;
3) өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығындарының өзгерісі.
Олардың есепті жылы алынған жиынтық табыстың өткен жылмен
салыстырғандағы ауытқуына тигізетін әсерін анықтау үшін, келесі
аналитикалық 16-кестені құрайық.
16-кесте
Жалпы табыстын өткен жылдағыдан ауытқуына факторлардын. тигізетін
әсерін анықтау үшін қажетті алғашқы мәлімет
№ Көрсеткіштер Өткен жылғы Есепті жылғы
1 Өнімді (жұмыс, қызметті)өткізуден 24392 24179
түскен табыс
2 Өткізілген өнімің (жұмыс қызмет) 20689 16996
өндірістік өзіндік құны
3 Жалпы табыс (1 қатар – 2 қатар) 3703 6283
4 Баға индексі 1,00 1,05
5 Өткізілген өнімнен (жұмыс, қызмет) 24392 22075
түскен табыс, салыстырмалы бағамен
Осы мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген факторлардың жалпы
табыстың өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:
1. Бағаның өсуі табысқа қалай әсер еткенін анықтау үшін, есепті жылы
өнімді өткізуден түскен табысты өткен жылдың еркін сатылу бағасымен (ҚҚС
және акцизсіз) қайта есептеп, содан кейін оны есепті жыл-дың еркін сату
бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен
салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгер-гендігін
(өскенін немесе кемігендігін) және сәйкесінше табыстың да өзгерісін
көрсетеді.
Есепті жылдағы өнімді өткізуден түскен табыс өткен жылғы бағамен:
23179 : 1,05 = 22075.
Бағалардың өзгёрісі және оның жалпы табысқа әсері:
Кәсіпорынның еркін сату бағасының өсуі есебінен түскен есепті жылдағы
қосымша табыс 1104 мың теңгені құрайды.
2. Өткізуден түскен табыстың әсерін келесі жолмен
анықтаймыз.
Өткен жылғы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шақ-қандағы табысының деңгейі
тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе азаюы
енімді өткізуден түскен табыстың өсуі немесе азаюына пропорционалды түрде
болуы тиіс.
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыс-тырғанда өнімді өткізуден түскен
табыс 9,5%-ға (22 075:24392x109=90,5); 100-90,5=9,5 азайды. Нәтиже-сінде
өнімді өткізуден түскен табыстың кемуі есебінен жалпы табыстың азаюы 352
мың теңгені [3703(-9,5):100] қүрайды. Есептеуді, былтырғы өнімді сатудан
түскен табыстың 1 теңгесіне шаққандағы жалпы табысты, өнімді сатудан түскен
табыстың артуы немесе кемуіне көбейту арқылы жүргізуге- болады:
[3703:24392-(22075-24392)]=0,1518-( -2317)= -352 мың теңге.
3. Өткізілген өнімнен алынған табыстың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар
деңгейінің ықпалы, есепті жылы еткізілген өнімнен түскен табыстың 1
теңгесіне шақ-
қандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар деңгейі
арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы есепті
жылдағы салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді өткізуден алынатын
нақты табысқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кему
есебінен жалпы табыс көлемінің қаншалықты өзгергенін көрсетеді. Есептеу:
[(16996:22075)-20689:24392)]-22075= (0,7699-0,8482)-22075=
= -0,0783-22075= -1728 мың теңге. Өткізілген өнімнен алынатын табыстың 1
теңгесіне шаққандағы шығын-дардың азаюы нәтижесінде жалпы табыс 1728 мың
теңгеге өсті. Жалпы табысқа шығындардың тигізетін ықпалының дәл осы
нәтижесін, есепті жылдағы нақты шығындардың өнімді өткізуден алынған
табыстың өсу (кему) индексіне қайта есептелген, өткен жылдың нақты
шығындарымен салыстыру арқылы алуға болады:
1696-(20689- 20689*9.5100)=1696-16996-(20689- 1965)
= 16996-18724 = -1728 мың теңге.
Өнімнің өзіндік құны осы сомаға кеміген және сәйкесінше бұл жалпы
табыстың өсуіне әкеледі.
Үш фактордың ықпалы нәтижесінде жалщі табыс 2480 мың теңгеге (+1104-
352+1728) =2480 өсті^
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші -негізгі қызметтен алынған
(түскеи) табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы
табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша
анықталады:
Д" =ДЖ-РК.
Мұндағы: Дн - негізгі қызметтен алынған табыс; Дж - жалпы табыс;
Рк - кезең шығындары.
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік
өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары
қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс соншалықты жоғары
болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін
талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ маржи-налды табыспен
үздіксіз байланыста жүргізу қажет.
Өндірістік өзіндік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтері
коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы пайдаланушылар
шығындарды түрақты және айнымалы шығындарға дәл бөле алмайтынына
байланысты, жалпы табыс көлемін маржи-налды табыс көлемімен теңестіруге
және оны талдау-дың прогрессивті әдісін қолдануға болады.
Келесі тақырыпта біз, бұл көрсеткіштің мәнін оның нарықтық экономикадағы
ролін қарастырамыз және мар-жиналды (жалпы) табысты прогрессивті әдіс
арқылы талдай отырып, негізгі қызметтен алынатын табыстың өзгеруіне әр
түрлі факторлардың тигізетін әсерін анықтаймыз.
МАРЖИНАЛДЫ ТАБЫСТЫ ТАЛДАУ
Нарықтық экономикаға өту өндіріс шығындарын есепке алуды ұйымдастыруды
қайта қарауды және оның прогрессивті әдістерін ендіруді талап етеді. Осы
мақсатта ҚР бухгалтерлік есеп теориясы мен прак-тикасы үшін нарықтық
экономикасы дамыған елдердегі шығындарды есепке алуда "директ-костинг"
жүйесі бойынша ұйымдастыру тәжірибесі көңіл аудартады. Бұл жүйе АҚШ-та
пайда болған. Оның негізгі идеялары "Өндірістік есептің Ұлттық
қауымдастығының бюлле-тенінде 1996 жылдың қаңтарында жарияланған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz