Кіші жүздің Ресей империясынын құрамына енуі


Кіші жүздің Ресей империясынын құрамына енуі.
Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілхайыр (1693-1748ж. ) Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болды. Әбілхайыр ханнын мақсаттары:
1. Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтату.
2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу.
3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау.
4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру.
Ханның ен басты мақсаты - жонғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.
Әбілхайыр осыған дейін, 1726 жылы Ресей империясының құрамына кіруге өтініш білдіріп, елшілерін жіберген болатын. Бірақ елшілікке күмәнданған патша үкіметі хан ұсынысын жауапсыз калдырған болатын.
1730 жыл - Кіші жүз билері Әбілхайырға Жонғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды.
Алайда, хан 1730 жылғы қыркүйекте Петербургкке аттандырылған елшілеріне әскери одақ күру емес, Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды.
1731 жылғы 19 ақпан - елшілер Сейітқұл Құндағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын императрица Анна Иоанновна кабылдады.
Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілхайырдан ант кабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмәші, дипломат А. И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. 1731 жылы қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілхайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында шауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз салдыруға тырысқанмен, бұл карсылық сәтсіз аяқталды.
1731 жылғы 10 қазан - Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдін қол астына кіруге ант берді.
Кіші жүздің Хиуа хандығымен аудандары Ресей империясына косылмады. Қазақ тарихындағы осы маңызды процесті тарихшылар әртүрлі бағалайды:
- М. Макшеев, И. Завалишин т . б. Әбілхайырдың іс - әрекеттерін тұтасынан ақтайды.
- А. И. Левшин бұл бодандықты Әбілхайырдың жеке бас мүддесін ойлағаннан туыңдаған іс - әрекет деп түйіндейді.
Кіші жүз Ресей кұрамына кіргеннен кейін де жағдай күрделі күйінде қалды: жоңғарлардың басқыншылық әрекеттері тоқтамады.
Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714 - 1720 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекіністер тұрғызған болатын: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков(Кереку), Өскемен.
Патша үкіметінін мақсаты - қазақ - жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.
Патша үкіметі Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып алып, орыс помещиктеріне, казак - орыс қоныстанушыларына таратып беру саясатын ашық жүргізе бастады.
Жаңадан қосылған қазақ жерлеріндегі шептерін нығайту мақсатында Ресей үкіметі 1734 жылы мамырда Сенаттың хатшысы И. К. Кириллов баскарған экспедиция жабдықтады:
Ор өзені бойында бекініс тұрғызу.
• Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейту.
• Қазақ өлкесіндегі табиғат байлықтарын игеру.
• Сырдария бойында қала тұрғызып, Өзен флотилиясын құру.
Саяси жағдайдың шиленісіп кетуіне байланысты экспедиция мақсаттары түгел іске аспады. 1735 жылы Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды.
Орынбор шекаралық комиссиясының келесі төрағасы И. И. Неплюев (1742) Орск қалашығын 1743 жылы жаңа жерге көшірді. Бұл қоныс Орынбор деп аталды.
735-1737 жылдары болған башқұрттардың көтерілістері кезінде Әбілхайырдың башқұрт билеушілерімен бірігіп кетуінен сескенген патша үкіметі екінші рет ант алуды кездеді.
• 1738 жылғы тамыз - Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В. Н. Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының сьезін өткізді.
Кіші жүзден 25, Орта жүзден 27 старшина барлығы (60-қа жуык ) Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді.
Әбілмәмбет пен Абылай сүлтанның ант беруі саяси жағдайдан туған айла болды, яғни Ресеймен жақындасып, Орта жүзге жасалатын жоңғар шабуылын әлсірету.
• 1733 - 1734 жылдар - Оңтүстік Қазакстанның ықпалды билері мен сұлтандары Ресей кұрамына кіруге тілек білдірді.
• 1734 жылғы 10 маусым - императрица Анна Иоаннова Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдауға келісімі жөнінде жарлық шығарды.
Бірақ бүл жоспардың кейінге ығыстырылуы себептері:
- Ұлы жүздің Ресейден алыстығы.
- Ресейлік бағыт ұстаған Жолбарыс ханның 1740 жылы қайтыс болуы.
в) XVIII ғасырдын алғашқы жартысындағы саяси жағдай.
18 ғасырдың 30-40 жылдары казақ халкының саяси дамуындағы күрделі кезен.
• 1740 жыл - Иран әміршісі Нәдіршахтың Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы казақтардың жағдайын ауырлата түсті.
• 1741 - 1742 жылдар - қонтайшы Галдан Цэрен Орта жүз бен Кіші жүзге екінші "актабан шүбырьшды" жорықтарын жасады.
в 1742 жыл - Абылай сұлтан жоңғар тұткынына түсіп, 1743 жылы қиыншылыкпен босады.
1741-1742 жылдары Орта жүз казақтары Ор бекінісіне дейін ығыстырылып, калмақтардың билігін мойындауы және қоңтайшы белгілеп берген жерлерде ғана көшіп - конуы талап етілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz