Көне Түркі жазба ескерткіштеріндегі және «Қорқыт ата кітабындағы» халықтық педагогика


Жазба ескерткіштер. Тәрбиенің мәңгілігі, қажетгілігі, қасиетгілігі жайлы ой түркі жазбасының ертедегі ескерткіштерімен дөледденеді. Бұл түрғыда ерекше қызығушылық түғазатындары және үлгі боларлықтары, әсіресе, Орхон ескерткіштері (ҮІІ-ҮІІІғғ.). Мұнда халық педагогикасының күрделілігі және көп қырлылығы бейнеленген. Оларда ата-анаға құрмет, адалдық пен әділеттілік, еңбекті құрметтеу, жаудың алдында қаймықпау, ерлік пен елдік, танып-білуге құмарлық, қарттар мен үлкеңдерге қайырымды және сыпайы қарым-катынас және т.б. ойлар айтылады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі: Материал
Көлемі: 7 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Көне Түркі жазба ескерткіштеріндегі және
Қорқыт ата кітабындағы халықтық педагогика

Жазба ескерткіштер. Тәрбиенің мәңгілігі, қажетгілігі, қасиетгілігі
жайлы ой түркі жазбасының ертедегі ескерткіштерімен дөледденеді. Бұл
түрғыда ерекше қызығушылық түғазатындары және үлгі боларлықтары, әсіресе,
Орхон ескерткіштері (ҮІІ-ҮІІІғғ.). Мұнда халық педагогикасының күрделілігі
және көп қырлылығы бейнеленген. Оларда ата-анаға құрмет, адалдық пен
әділеттілік, еңбекті құрметтеу, жаудың алдында қаймықпау, ерлік пен елдік,
танып-білуге құмарлық, қарттар мен үлкеңдерге қайырымды және сыпайы қарым-
катынас және т.б. ойлар айтылады. Түркілер ардақтайтын моральдық
құндылықтардың ішінде Отанға сүйіспеншілік ерекше алға шығады.
Мәселен, Тоныкөктің өмірі мен қызметі бұл халықтың патриоттық тарихы
және өсіп келе жатқан ұрпақты туған халықтың ерлік дөстүрлерінде
тәрбиелеуге шақырумен үндес жатады. Ол үшін халық пен отан даңқы бәрінен
жоғары: "Бүкіл түркі халқына қарулы жау келтірмедім. Атты әскер жолатпадым.
Елтеріс қаған жауламаса, оған еріп мен жауламасам, Елім, Халқым жойылар
еді, қағандар әрекетінің нәтижесінде, менің де әрекетімнің нәтижесінде,
еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды".
Ел бірлігін мақсат тұтқан, сол үшін күш-қуатын аямаған Тоныкөк дананың
бейнесі, іс-ерекеті масаттануға, мақтану етуге тұрарлык, Орхон
ескерткіштерінде жекелеген педагогикалық жаңалықтар да баршылық: бұл
болашақ батырлардың жас кезендеріне сипаттама, достар мен жаулардың мінез-
құлықтық өзгешеліктерін бағалауға ұмтылыстар; халық мүдделі сапалардың
түлға бойыңда болуы үшін оның тиімді ықпал ету шарттарын қарастыру, мінез-
құлықты отанға қызмет етуді үйрете отыра, жоғары мақсаттарға бағыттау.
Халыққа адам жөнінде оның шығу тегі мен тербиесі бойынша, ата-анасы мен
тәрбиешілері бойынша пікір айту әдеті бұрыннан белгілі. Оның ойынша адамның
ең құнды сапасы, ол ізгілік, оған баулу, үйрету керек. Өйткені адамдық
кемшіліктердің көпшілігінің себебі, білместік, мәдениетсіздік, білімсіздік.
Адамгершілік - ол, жақсы істер жасай білу, ал жақсы іске бастайтыңдар,
қалай істеу керек екенін білетіңдер. Мінез-құлық білумен байланысты, ал
білім мен мінез құлық арасын жалғастыратын буын – тәрбие.
Жақсы адам жақсы тәрбиешілерден - бұл халық үшін қарапайым заңдылық.
Түлғаның ішкі мүмкіндіктерін, оның өзіндігін және езінің мінез-кұлқы үшін
жеке жауапкершілігін мойындау да осында. Халық өзінің педагогикалық
түсініктеріне сай бүкіл білімдері мен шеберліктерін, әдет-ғұрыптары мен
дәстүрлерін мүмкін болған жағдайда балалар тәрбиесі ісінде пайдалануға
үмтыдды. Орхон ескерткіштері түркі халкы рухани өмірінің шоғырланған
жиынтық бейнесі бола отыра, аса зор педагогикалық жүктеме аткарады: ол
тәрбиелік идеяларға аса бай, онда білімдік материалдар айтарлықтай, ол
халыққа сүйіспеншілік пен адамгершілікті қалыптастырады, оның тексті ақыл,
ес, зейін, байқағыштықгы дамытады. Онда тәрбие мақсаты мен оның әдістері
көрініс тапқан, тұлғаға қажет сипаттар мен жас ұрпақ сезіміне, санасына
жөне мінез-құлқына игі ықпал етудің жолдары анықталған.
Қағанат дәуіріңдегі тәрбиелік ойлар, халық педагогикасының көрнекті
ескерткіші болып табылатын "Қорқыт ата кітабынан жалғасын тапқан. Түркі
тектес халықтардың ортақ мүрасы болып есептелетін қүндылықтың араб әрпімен
жазылған екі нұсқасы сақталған Ватикан және Дрезден нұсқалары. Неміс,
орыс, италян, түрік, азербайжан тілдеріне аударылып, басылып шыққан. Бұл
енбекті қазіргі қазақ тіліне тұнғыш рет аударып жеткізген - Ә.Қоңыратбаев
Қорқыт ата кітабы. А. 1986.
Шығармада ата-анаға қамқорлық, Әйел-ананы сыйлау, әдептілік мәселелері
үлкен орын алады. Мұнымен қатар жыр жолдарындағы ру батырларының, тайпа
көсемдерінің үлгі-өнегелері; адамды сүю, ұрпақ қамын ойлау проблемаларын
көтерген әдет-ғүрыптары мен нанымдардың, тарихи оқиғалардың педагогикалық
мәні ерекше назар аударуға тұрарлық Енбектегі ғибрат сөздердің мазмұны
тәрбиенің әлеументтік сипатын философиялық ой негізінд ашып көрсетулерімен
ерекшелінеді.
Қонағы жоқ қараша үй,
Мазарға мен құлаған,
Ат жемейтін ащы шөп
Шықпаса екен қуарған.
Адам ішпес ащы су
Ақпаса екен жырадан
Баланы әркім сұраған
Сұрағанмен не пайда
Ата жолын қумаса ...
Қорқыт айтқан ойлар бұдан әрі қарай отбасыңдагы келісім, тайпа-ру
бірлігі, патротизм, жауға деген қаталдық, досқа адалдық, батырлық, табиғат,
тіршілік меселелеріне катысты пікірлермен кеңейе түсті. Қоркыт түлғасы
халқымыз мәдениеті дамуыңдағы көп ғасырлық желіні жалғастырады, оның мұрасы
арқылы өткен ұрпақпен рухани байланысқа түсе аламыз. Әсіресе, тарихи
дамудың бабамыз өмір сүрген дәуіріңдегі салт-дәстүр, құңдылықтар мен мінез-
құлық қалыптарының өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру тұрғысынан алып
қарағанда "Қорқыт ата кітабының" халқымыздың тәлім-тәрбиесі тарихындағы
алатын орны айтарлықтай екеңдігі даусыз.
Қорқыттың өзі - нағыз ұстаз, тәрбиеші. Өзіндік тәжірибесіне, жеке
өнегесі, білімі мен даналығына сай ол түркілер үшін кеңес беруші, жол
сілтеуші, ақыл-парасатқа үйретуші болды және болып қала береді. Дастанның
басында Қорқыт дәл осындай бәрін өзі біліп тұрған жетекші деп көрсетіледі,
оның түркі халқы қиыншылықтарын шешкені айтылады. Қандай іс болмасын Қорқыт
атадан кеңес сұрамай шешілмейді. Дастанның бүкіл жыр жолдарыңда барлық
жерде ол нағыз оқытушы және шебер тәрбиеші, қуатты ой-өрісті иемденуші
ретіңде әрекет етеді. Ол халық жиналысын жүргізеді, жаңа туғаңдарға ат
береді, дана сөздер айтады, өзін-өзі ұстай білуге үйретеді, ол бәріне канық
қауым ақсақалы ретіңде оны ізгі істерге шақырады, бейбітшілік пен
жақсылыққа үндейді, отаңды қорғауға ықпал жасайды. "Қорқыт ата кітабы"
кейіпкерлері денені шынықтырудың үлгілері. Жас жігіттер мен қыздар үлкендер
секілді атта салт жүрудің, семсермен шапқыласудың, садақ атудың аңның ізіне
түсудің шеберлері. Жекпе-жекте жеңіп шығады, отанды қорғап, жауды жеңеді.
Дастаңда ақыл-ой, дене мен ақыл-ой төрбиесінің байланысы жоғары
бағаланады. Дене күші елсіздік танытқан жерде кейіпкерлер ой-өріс
басымдылығы көмегімен үстем болады. Ақыл - жоғары сый деген ой дастандағы
кептеген нақтап айтылған сөздерде сақталып қалған. Шығармада адамдарға
көркемдікті мадақтауға түтастай алғаңда, оның кемелденуіне тиісінше көңіл
бөлінген. Адам, табиғат жене өнер әсемдігі дәріптеледі. Олардың тоғысуы -
көркемдіктің жоғары өлшемі. Музыка сазы - кереметтің, танғажайьштың
белгісі. Дастан қаһармандары сөзбен серт береді, олар қас дұшпанына, егер
оның қолыңда қобыз болса, қол көтермейді.
Ықылым заманынан бері ұрпақтан үрпаққа мирас болып келе жатқан асыл
мүраның бірі - Қорқыт баба күйлері. Халқымыздың атадан балаға тараған
шежіресі бойынша, қазақ топырағыңда музыка өнерінің тууы Қорқыт есімімен
тығыз байланысты. Халқымыз ежелден Қорқыт бабаны қобызға алғаш тіл бітіріп,
оның қыл ішегінен жаһандагы жаратылыс атаулының үнін күй етіп сөйлеткен
енер иесі, күй атасы деп біледі. Қазақ музыка мәдениеті тарихында қобыз
енері ерекше орын алады. Халық оның үйінде адамды қиыншылықтан, қайғы-
қасіреттен, өлімнен кұтқарушы қүдіретті күш бар деп сеніп, ерекше қадірлеп
қастерлеген. Бұл сенім-нанымның Қорқыттың қобызы арқылы өліммен алысқаны
туралы аңызбен сипаттас, сабақтас үғым екендігі байқалады.
Аңызда Қорқыт желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздеу үшін дүниенін
төрт бұрышын түгел аралайды. Бірақ оның алдынан шыққан кек майса "қурап
солдым" деп, аспанмен тілдескен асқар тау "бұрын сәулетті едік, мыжырайьш
біттік" - деп мүнаяды. Жапырағы сарғайған қара орман қайғымен басын
шайқайды. Ол қайда барса да көр қазып жатқаңдарға кездеседі. ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Көне түркі жазба ескерткіштері
Көне жазба ескерткіштеріндегі гуманистік идеялардың көрініс табуы
"Қорқыт Ата."
Көне түркі жазба ескерткіштері жайлы
Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері
Қорқыт ата
Қорқыт ата жырларының тәрбиелік маңызы
«Қорқыт ата кітабы» - тарихи мұра
Қорқыт Ата өмір баяны
"ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ"
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь