1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің шығу себептері
Жоспар.
Кіріспе
1. 1916 жылғы Ұлт . азаттық көтерілістің шығу
себептері.
2. 1916 жылғы Ұлт . азаттық көтерілістің
Қазақстанға таралуы.
3. 1916 жылғы Ұлт . азаттық көтерілістің
нәтйжесі.
4. 1916 жылғы Ұлт . азаттық көтерілістің
тарихи маңызы.
Қорытынды.
Ескертпе (карта).
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы Ұлт – азаттық қозғалыс осы ұлан – ғайыр өлкені мекендеуші халықтар өміріндегі асулы кезең болды . Көтерілістің жаппай бұқаралық сипат алуы , қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қамтуы , қозғалыс барысында жалпы ұлттық ұрандар көтерілуі және жергілікті халық мүдделерінің ортақтығы елде револяциялық дағдарыстың одан әрі өрлеуіне , халық бұхарасының патша өкіметін қыспаққа алуын күшейтуге әкеліп соқты . 1916 жылғы оқиғаларына байланысты жаңаша ойлау және ақтандақтарды жою тұрғысынан қайта қарастыруды талап ететін көптеген мәселелер бар екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр .
1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің қазақ халқынан тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 млн десиятинаға теңелді .
Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі , соғыс кесапаты – халық бұхарасының қайыршылануы , қымбатшылық , ашаршылық еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті өлке халқының әртүрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды .
Соғыс Ресей империясында пісіп – жетіліп келе жатқан жалпыға бірдей дағдарыс үрдісін тездетті . Қазақстанның , Орта Азияның барлық дерлік аудандарын қамтыған . 1916 жылғы Ұлт – азаттық көтеріліс соның жарқын көріністерінің бірі болды. Қазақстандағы көтеріліс 1916 жылы 25 маусымдағы патша жарлығы жарияланғаннан кейін басталды, шілденің бас кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты .
1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық және тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай – ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.
1916 жылғы көтеріліс ерекшеліктерінің бірі күреске төменгі топтардың көтерілуі болғаны мәлім. Ауыл мен қыстақтың жоғары үстем топтары айлакерлік жасады, өйткені олар ішінара болыс, старшын, жергілікті апаратының қызметкелері және тағы басқа ретінде басқару жүйесіне тартылған болатын.
Жеке - жеке бұрқ еткен толқулар көп ұзамай қарудың күшімен басып жанышталып, жұмысшыларды реквизициялау мен майданға жөнелту басталды. 6 шілдеде Ақбиіт алқабында болған албан руының 16 болысы өкілдерінің жиналысында көтерілістің Қарқара ошағы басшыларының бірі Жәменке Мәмбетов былай деп мәлімдеді: «Балалар қырылғанша, кәрілердің өлгені жақсы, Ақ патшаның жарлығын орындаймыз » деді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Аспендияров С. Д. « Қазақстан тарихы » .
Алматы. 1993 жыл.
2. Амангелді Иманов. « Құжаттар мен материалдар жинағы».
Алматы. 1974 жыл.
3. « Қазақстан тарихы ». Очерк. Алматы. 1993 жыл.
4. « Қазақстан тарихы » 3 том. Алматы 2002 жыл.
5. « Қазақстандағы патша өкіметінің отарлауы ».
Алматы 1993 жыл.
6. Сәбит Мұқанов « Халық мұрасы » Алматы. 1974 жыл.
7. Сүлейменов С. Босин В. Я. « Қазақстандағы 1916 жылғы
көтеріліс » Алматы. 1977 жыл.
8. Пірімбетова Е. Ө. « Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыс ».
Алматы. 2001 жыл.
9. Т. Рұсқылов. « Таңдамалы еңбектер ».
Алматы. 1984 жыл.
10. Тұрсынов Х. « Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы
көтеріліс ». Алматы. 1987 жыл.
11. Ч. Мусин. « Қазақстан тарихы ».
Алматы. 2005 жыл.
12. 1916 жылғы « Қазақ » газеті. 30 сәуір, 29 қазан.
13. « Қазақстандағы патша өкіметінің отарлауы ».

1. 1916 жылғы Ұлт – азаттық көтерілістің шығу
себептері.
2. 1916 жылғы Ұлт – азаттық көтерілістің
Қазақстанға таралуы.
3. 1916 жылғы Ұлт – азаттық көтерілістің
нәтйжесі.
4. 1916 жылғы Ұлт – азаттық көтерілістің
тарихи маңызы.
Қорытынды.
Ескертпе (карта).
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Тақырыптың мақсаты. XX ғасырдың басында патшалық
Ресейдің Орта Азияның аудандарымен Қазақстан отарлау
өте күшті қарқынмен жүргізілгендігін ашып көрсету .
Сонымен қатар олар әсіресе Қазақстанда отарлау кең
ауқымда жүргізілгенін көрсету . Және де 1917 жылға дейін
отардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алып ,
жергілікті халықтарды таулар мен шөл далаларға ығыстырған
әрекеттерін көрсету болып табылады .
Сонымен қатар соғыстың басты мақсатын айта кететін
болсақ ұлттық және азаттық болды . Жалпы Ресейдің жасап
жатқан әрекеттері тек шаруаларды ғана емес сонымен қатар
қолөнершілер , жұмысшы табының өкілдері , және де байлар
болыс басқарушылары , билер , болыстар да қатысқандығын көрсету
.
Бұл көтерілісте қазақ батырларының көрсеткен
ерліктерін ашып көрсету .
Тақырыптың міндеттері :
1. Деректерді салыстыра отырып зерттеу .
2 . Осы тақырыпты кеңінен ашу .
3 . Сол кездегі Қазақ халқының саяси әлеуиеттік
жағдайын
толық ашып көрсету .
4 . Тақырыптың өзектілігін көрсету .
5 . Тақырыптың тарихи маңыздылығын кеңінен ашу .
Жұмыстың өзектілігі.
1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің аяқталмауы және ол ақпан
революциясына ұласып кетуі.
Тарихнамасы:
Ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының ұлттық және азаттыққа
итермеледі, бұл шайқаста шаруалар және қолөнершілер өз жерлерінен
айырылуына және себепсіз оларды соғысқа жібеоу себеп болды. Олар өз
жерлерін қайтарып алу үшін соғысқа белсене қатысты және бұл соғыс ақпан
революциясына ұласып кетті.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі.
Бұл тақырыптың зерттелуі айтарлықтай ашылмаған, бірақ та көптеген
жазушылар бұл Ұлт-азаттық көтеріліс жөнінде өз шығармаларын жазған.
Кіріспе
Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы Ұлт – азаттық
қозғалыс осы ұлан – ғайыр өлкені мекендеуші халықтар өміріндегі
асулы кезең болды . Көтерілістің жаппай бұқаралық сипат алуы
, қоғамның барлық әлеуметтік топтарын қамтуы , қозғалыс
барысында жалпы ұлттық ұрандар көтерілуі және жергілікті
халық мүдделерінің ортақтығы елде револяциялық дағдарыстың одан
әрі өрлеуіне , халық бұхарасының патша өкіметін қыспаққа
алуын күшейтуге әкеліп соқты . 1916 жылғы оқиғаларына
байланысты жаңаша ойлау және ақтандақтарды жою тұрғысынан
қайта қарастыруды талап ететін көптеген мәселелер бар екенін
өмірдің өзі көрсетіп отыр .
1916 жылдың ортасына қарай патша өкіметінің қазақ
халқынан тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 млн
десиятинаға теңелді .
Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеюі , соғыс кесапаты
– халық бұхарасының қайыршылануы , қымбатшылық , ашаршылық
еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті өлке халқының әртүрлі
топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды .
Соғыс Ресей империясында пісіп – жетіліп келе жатқан
жалпыға бірдей дағдарыс үрдісін тездетті . Қазақстанның , Орта
Азияның барлық дерлік аудандарын қамтыған . 1916 жылғы Ұлт –
азаттық көтеріліс соның жарқын көріністерінің бірі болды.
Қазақстандағы көтеріліс 1916 жылы 25 маусымдағы патша жарлығы
жарияланғаннан кейін басталды, шілденің бас кезінде
Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік стихиялы наразылықтар
басталып, көп ұзамай қарулы көтеріліске ұласты .
1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси
азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық
және тәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын
шығарды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың
қалың тобы, сондай – ақ сол кезде туып келе жатқан
жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.
1916 жылғы көтеріліс ерекшеліктерінің бірі күреске төменгі
топтардың көтерілуі болғаны мәлім. Ауыл мен қыстақтың
жоғары үстем топтары айлакерлік жасады, өйткені олар ішінара
болыс, старшын, жергілікті апаратының қызметкелері және тағы
басқа ретінде басқару жүйесіне тартылған болатын.
Жеке - жеке бұрқ еткен толқулар көп ұзамай қарудың
күшімен басып жанышталып, жұмысшыларды реквизициялау мен
майданға жөнелту басталды. 6 шілдеде Ақбиіт алқабында болған
албан руының 16 болысы өкілдерінің жиналысында көтерілістің
Қарқара ошағы басшыларының бірі Жәменке Мәмбетов былай деп
мәлімдеді: Балалар қырылғанша, кәрілердің өлгені жақсы, Ақ
патшаның жарлығын орындаймыз деді.
1916 жылғы Ұлт – азаттық көтерілістің шығу себептері.
1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс Рксей
халықтарына аса ауыр қасырет әкелді. Әлеуметтік және ұлттық
езгі күшейді. Соғыс жылдарында жергілікті жерлердегі паша
шенеуниктерінің озбырлығы мен зорлық – зомбылығы өлшеусіз өсті.
Қазақтардан бірінші кезекте Сырдария және Жетісу облыстарында
жерлерін жаппай тартып алу жалғастырылды. Бір ғана Жетісу
облыстарында жерлерін жаппай тартып алу жалғастырылды.
Бір ғана Жетісу облысында соғыстың алғашқы 3 жылында 1800
мың десятина жақсы жайылымдар мен егістік алаптар тартып
алынды, ал осы жерлердің нағыз қожайындары қазақтар шаруашылық
жүргізуге онша жарамды емес, немесе мүлде жарамсыз шөл
немесе шөлейт аудандарға күшпен көшірілді.
Соғыс орасан көп мөлшерде шикі затты, азық – түтікті,
малды және басқа да материялдық құндылықтарды жалмап жұтты.
Шаңырақтарға жаңа әскерй салық енгізілді. Соғыс басталған
соң жергілікті халыққа салынатын салықтар 3 – 4 есе, ал
жекелеген жағдайларда 15 – есе өсірілді.
Егіс алаптарының қысқартылуы нәтижесінде ауыл шаруашылық
өндірісі сұмдық құлдырап кетті.
1916 жылдың ортасына қарай патша үкіметінің қазақ халқының
тартып алған жерінің жалпы көлемі 45 млн десятинаға
теңелді.
Әлеуметтік және ұлттық езгінің күшеиуі, соғыс кесапаты –
халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық, ашаршылық
еңбекшілердің жағдайына ауыр әсер етті және өлке халқының әр
түрлі топтары тарапынан белсенді наразылық туғызды.
ХХ ғасырдың басында патшалық Ресейдің Орта Азияның
шығыс аудандары мен Қазақстанды отарлауы өте күшті қарқынмен
жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империяның Еуропалық
бөліктерінен бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды.
Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымды жүргізілді.
Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру
үшін жер қорын жасап, 1917 жылға дейін олардың 45 млн
десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті
халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл
жерлерде не су, не мал жаятын жергілікті шабындық болмады.
Сонау Столыпин реформасының бас кезінде ақ Санк –
Петербургские ведомости газеті былай деп жазуға мәжбүр
болды: Егер мемлекет мүдделері қырғыздарды құрбан етуді талап
етсе, бұған қарсы шығудың керегі жоқ, бірақ екінші жағынан,
бір қолымызбен жасай отырып, біздің екінші қолымызбен күйретіп
жатқанымызға көзді жұма қарамай, қайта ашық мойындауымыз керек
.(1)
(1) Красныи Казахстан , 1926 г, 4 том, с 95.
1917 жылға қарай Қазақcтанда қоныстану учаскелеріне,
ормандағы сая – жайларға, қазақ әскерлеріне, помешиктік
именилерге, монатырьлік учаскелерге, қалалар мен темір жолдар
үшін бөлінген өңірлерге ең жақсы егістік жерлер мен
жайылымдардың 45147765 десятинасы тартып алынды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында, Хиуа мен
Бұқараны қоспағанда, бұрынғы Түркістан шегінде 941
қоныстанушылар паселкелері пайда болды. ( 1 ).
Түркістанда әрбір келімсекке орыс поселкелерінде 3, 17
десятина, ал баиырғы халықтың әрбір жанына ( Қазаққа, өзбекке,
қырғызға және бпсқаларға ) 0,21 десятина өңделетін жер тиді.
Орасан көп көлемде қырғыз – қазақ батырақтары пайда болды.
Жетісу губерниясында баолық қоныстанушылар шаруашылықтарының 98
% - тіне дейіні жалдамалы еңбекті пайдаланды. ( 2 )
Қазақтардың жерін жаппай тартып алу көшпенділер мен орыс –
украйн қоныстанушылары арасында қатынастарды қиындата түсті.
1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этникалық
жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды деп Т.
Рұсқылов өте дұрыс жазған еді. ( 3 )
Ресей Ғылым академиясының академигі П. В. Волубуев Т.
Рұсқыловтан кейін 65 жыл өткен соң былай деп жазды:
Қоныстандыру саясаты көшіп келушілерді шаруашылықтың мүлде өзгеше
укладының өкілі болған және жерге олардан әсте де кем мұқтаж
болмай отырған шет аймақтардың ( Орта Азияның, Қазақстанның,
Сібірдің ) байырғы халқымен қақтығыстарға ұрындырды. Демек аграрлық
шиеленіс елдің орталықтарынан шет аймақтарына таралды. ( 4 )
Көтеріліске соғысып жатқан армиялар ауданында қорғаныс
құрлыстарымен әскерй қатнастар орнату жөніндегі жұмыстар үшін
Орта Азия мен Қазақстанның және басқа да бірқатар облыстардың
бұратаналарын алу туралы 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы
себеп болды. Қара жұмысқа 19 жастан 43 жасқа дейінгі еңбекке
жарамды барлық халық алынуға тиіс еді. Сол арқылы патша
үкіметі көптеген орыс салдаттарымен жұмысшыларын не ғұрлым
көнбіс және арзан жұмыс күші ретінде Реквизицияланған
бұратаналармен ауыстырып, оларды қорғаныс құрлыстары мен
басқа да тыл жұмыстарынан босатқысы келді.
Түркістан мен дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу
көзделді.
1. Қазақстан тарихы 3 том. А. 2002 ж. 636 бет.
2. Қазақстан тарихы Ч. Мусин. А... 2005 ж. 265 бет
3 Манаш Қозыбагв. Жауды шаптым ту баилап .
А... 1994 ж . 143
бет.
4. Қазақстан тарихы . 3 том . А.. 2002 638 бет.
Патша жарлығына жауап ретінде орасан зор аймақтың – Қазақстан
мен Түркістанның халқы стихиялы түрде бір мезгілде дерлік
көтерілді. Жергілікті патша әкімшілігінің анықтамасы бойынша,
далада Біреуі жұмысшылар бергісі келмитін екіншісі бұйрықты
орындауға келісетін екі партия құрылды . Ат төбеліндей азғантай
байлар, жергілікті отаршыл әкімшілік - болыс басқармалары, ауыл
сташындары патша жарлығын жақтап шықты.
Ә. Бөкйханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов бастаған қазақтың
демократиялық зиялыларының қайраткерлері басқа бағыт ұсынды. Олар
Қазақстан - Ресей мемлекетінің бодандары деп санады. Бұл бізге
деген сеніммен, Отан қорғау үшін, - деп жазды олар 1916 жылғы
тамыздың ортасында халыққа арналған үндеуінде, - жұмысқа шақырған
бұйрық жарияланды. Біз сөзімізді халыққа арнаймыз, біз бұл
туралы талай рет айтқан болатынбыз, бұл істен бас тартуға болмайды
. Қозғалыс басшылары Қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша
кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге
асыруды ұсынды. Бұл орайда олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда
өз халқының тағдырын жеңілдету мен ұлттық афтономия құруға
үміттенді. Олардың көбі іс жүзінде қарусыз халық осы заманғы
техникамен жарақтанған патша армиясына қарсыласу мүмкін емес деп
санады. ( 1 )
Олар қарусыз халық үкіметін жазалау шараларының құрбаны болады
деп қауіптенді. Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар, -
деп жазды олар 1916 жылғы қазандағы үндеу хатында.
Сонымен қазақ халқының револютциялық - демократиялық ой
пікірінің басшылары отаршыл империямен парасатты ымыраластық
тактикасын жүзеге асырып, халықтың аман қалуы, оның этникалық
тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұсынды.
Көтерілістен кейінгі қанқұилы жазалау, Қазақстан мен Орта
Азияның 100 мыңдаған тұрғындарының қаза табуы осы қауіптенушіліктің
дұрыс болғанын дәлелдеді. ( 2 )
Ұлт – азаттық револютцияның ауқымды әлеуметті негізі болды. Оның
негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың кең топтары қазақ
жұмысшылары мен қолөнершілерінен құралды.
Жалпыұлттық идеяға ұласқан ұлттық тәуелсіздік идеясы қазақ
шаруалары мен жұмысшыларының түрлі топтарын қалыптасып келе жатқан
ұлттық буржуазия мен даланың дәстүрлі ақсүйектерін ұлт
зиялыларын орыс және шетел капиталына қарсы біріктірді. Тұтас
ауылдар, болыстар, уездер көтеріліс жасаған өздерімен бірге барлық
мүлік пен малды алып. Дала қойнауына тереңдеп кеткен аудандарда
көтерілісшілерге байлар да қосылуға мәжбүр болды.
1. Манаш Қозыбаев. Жауды шаптым ту байлап А.. 1994 ж 144 б.
2. Қазақстан тарихы. Очерк А... 1993 ж. 274 бет.
Басқа бұратаналар - дүнген, өзбек, қырғыз, ұйғырлар да
көтерілісшілерді жақтап шықты. Патша өкіметі Бөліп алда билей
бер деген сенімді тактикасын қолданды. 1916 жылғы 23 тамызда
гинерал губирнатор Курапаткйннің құпия бұйрығымен мыналар алымнан
босатылды:
1. Басқармалардың ( болыстық, селолық және ауылдық ) лауазымды
адамдары.
2. Жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі политциялық шенділер.
3. Имамдар, молдалар мен мүдәрістер.
4. Ұсақ несие мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлер.
5. Үкіметтің жекеше жоғары лауазым атқаратын жергілікті бұратана
ұлт өкілдері.
6. Дворян және ата – бабасынан құрметті азаматтар құқығын, сондай –
ақ жеке басы құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын жергілікті
бұлатана ұлт өкілдері . ( 1 )
Патша өкіметі әр алуан айла шаралар қолданып, қоғамның
болмашы бір бөлігін жергілікті әкімшілікті, байлар мен мұсылман
дінбасыларының бір қатары жалпы ұлттық қозғалыстан бөлшектеп ала
білді де, олар жергілікті әкімшіліктің тыл жұмыстарына адамдар
алуына көмектесті. Осынау көмегі үшін олардың балалары
қаражұмыстан босатылып отырды. Бұл кедейлердің ашықтан ашық ашу
ызасын туғызды. Мәселен Қостанай уезі Меңдіқара болысының Батырақ
шаруалары ашу ызамен былай деп жазды: Кедейлердің ауру балалары
дені сау және тепсе темір үзетін болса да, олар әскерй
алқалардың төрағасы мен мүшелеріне көп пара бергендіктен үйлеріне
қайтарылды .
Жер – жерлерде көтерілісшілер атряттары құрылып жатты. Олар қара
жұмысқа шақырылушы жастардың тізімін тартып алып, жойып жіберді,
байлардың аулдарына шабуыл жасап, борышқорлық және салық
тілқаттарын , жер сату жөніндегі құжаттарды құртып жіберді, болыс
басқармалары, болыстардың ауылдарын талқандады. Көтерілісшілердің
патша атрияттары мен қақтызыстары үдей түсті.
Қазақтың еңбекші бұқарасы өз кәсіптерін тастап, қия далаға
көшіп кетті, үлкен топтарға бірігіп жинала бастады... бұирыққа
бағынбай, окопқа барғанша, даладағы өз үйлерімізде өлген жақсы деп
шешті...- делінген Торғай губернаторының хабарында.
1916 жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір
мен Кафказдың бір бөлігін қамтыды. Ол стихия түрде басталған
және әлеуметтік құрамы жағынан біртекті болған жоқ. Оған
көмір кендерінің мұнай кәсіпшіліктерінің , Ертіс пароходствосының
Омбы, Орынбор – Ташкент теміржолының қазақ жұмысшылары қатысты.
Олардың ауылымен және шаруашылықтарымен байланысы көтеріске
стихиялы, шаруалар қозғалысы сипатын берді.
. 1. Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс. А.. 1947 ж 25 бет
Бір сөзбен айтқанда, стихиялық халық көтерілісінен ұлт –
азаттық қозғалыстың көсымдері бөлініп қалды. Өмір олардың
болжамы дұрыс екендігін дәлелдеді. Қазақ халқы тағы бір қырғынды
басынан өткерді, ал 1917 жылы 27 ақпанда бас – аяғы бірнеше
айдан кейін патша да тағынан құлады. Осындай жағдайды ескермей
кейінгі зеріттеушілер тарапынан болашақ Алаш партиясының
өкілдері 1916 жылы патшаны жақтады, тіпті көтерілісті басып,
жанышты деген ұшқары жалған сөздер айтылды. Алашордалықтардың
көтеріліс кезіндегі тактикасын түсінбеді. Ал көтеріліс басылып,
қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде,
оларға бас – көз болып, кейін аман – есен оларды ауылға жеткізу
қажет болған жағдайда Ә. Бөкихановтың өзі бастаған қазақ
зиялылары серіктерімен майданға аттанды. Бұны нағыз потриотизм деп
түсіну керек. Өйткені сауатсыз орыс тілін түсінбейтін көптеген
қазақ жігіттерінің елге аман оралуы екі талай еді.
1916 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ
даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрияттар
жіберілді. Оның құрамына жақсы жақсы қаруланған әскер бөлімдері,
казак – орыс шоғырлары кірді.

азаматтық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пен
тәулсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл көтерілісінің қорытындысы
шығарылды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық
шаруалардың қалың тобы, сондай – ақ сол кезде туып келе жатқан
жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілері болды.
Сонымен бірге көтерілістің ұлт азаттық сипатта болуы
себапті қазақ халқының барлық топтарының өкілдері сондай ақ
демократияшыл зиялылардың жекелеген өкілдері қатысты.
Күрделі және әртекті болған көтеріліс кең байтақ өлке
аудандарының көпшілігіне ұлт азаттық сипатқа ие болды. Тек
жекелеген жерлерде ғана қозғалыстың басшылығын байлардың үстем
топтары мен клерикал элементтер қолына алды.
28 маусымда жарлық телеграфпен Ташкентке берілді. Жергілікті
халықтардың орыс қаруын бағынуына кәміл сенген патша әкімшілігі
Қазақстандағы жұмылдыруды өткізудің тіпті зардапсыз әдістері
жөнінде ойланып та жатпады және іс жүзінде жұмысшыларды бөліп
беруге және қабылдауға бірден кірісіп кетті. Айтпақшы, қазақтарда
әскери міндеткерлігін өтеуге тарту праблемасын қарқында тұрақты
армияның әскерй құрлыс жұмыстарының бастығы Чаев 1915 жылғы
қыркүйек айының өзінде ақ алғаш рет мәселе көтеріп, бұл жөнінде
М. Тынышпаевтің өз ойларын білдіруін өтінген. Өз кезегінде М.
Тынышбаев Қазақ газетінің редакторы А. Байтұрсыновқа хат
жазып онда қазақ халқын әскери қызметке тарту туралы үкімет
жобасының бар екендігі жөнінде хабарлады. 1916 жылғы қаңтар
айында Қазақ газетінің 166 нөмерінде армияға қазақтарды алдағы
шақыру туралы пікір сайыс матиралдары жарияланды, және де қызмет
атқаруды қалауы немесе қаламауы туралы м бүтіндей қаралмады.
Жұмысқа алуға 19 жастан 43 жасқа дейінгі еңбеке қабілетті
халықтың 25 танаты жатты.(1 )
Әскерге алу туралы алғаш хабар жетісімен ақ ауыл дурліге
бастады. Наразылықтың бастапқы кезеңі шақырылатын тізімдерін жою
болыс басқармалары мен аул старшйндары кеңселеріне шабуыл жасау
арқылы көрінді. Біртіндеп кездейсоқ қозғалыс ұиымдасқан сипат ала
бастады: Торғай мен Жетісуда көпке танымал көшбассылар А. Иманов,
Ә. Жангелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, О. Саурықов, Ж. Мәмбетов
және басқалары басқарған көтерілісшілер көбие бастады.(2).
Көтеріліс бүкіл қазақстанды қамтыды және ол ұлт – азаттық
қозғалысына ұласты. Ұлт шаруаларын қалың жіктері, сондай – ақ жаңа
туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері, кәсіпшілер
көтерілістің негізгі қозғаушы күші болды. Оған қазақ халқының
басқа да жіктерінің өкілдері: байлар болыс басқарушылар, бейлер
сондай ақ демократиялық зиялы қауім қатысты.
Тұтастай алғанда 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысы Орта
Азияның, Қырғызыстанның күнгей Кавказдың және Қазақстанның
көптеген аймақтарын қамтыды. Қазақстандағы бұл көтерліс, оның
оңтүстік облыстарын қоспағанда, бір ғана сипатта болды, бұларда
көтеріліске қазақтармен бірге басқада ұлттар қатысты.
1916 жылғы сәуір айында А. Бөкейхановтың бастамасы боиынша
Қарқаралы уезінің қазақтары атынан Семей губернаторына маусым
айының екінші жартысында Төтенше жалпы қазақ сезін шақыру туралы
өтініш хат әзірледі. Өтініш хатта былай деп атап көрсетілді:
соңғы кезде қазақтарды армияда қызмет атқаруға шақыру туралы
қауасеттер тарауда. Біз мемлекетке пайдасы тұрғысынан алғанда
армиядағы қызмет түрін таңдау жөніндегі мәселені азаматтардың
талқылауы қажет деп есептейді .(3 )
Отаршыл империя мен ақылға қонымды ымыраға келу тактикасын
жүзеге асыра отырып, бірінші кезекке халықтың өмір сүру идеясын,
оның этникалық тұтастығын сақтауды қоя отырып, қазақтың
демократиялық ой – сана өкілдері өкімет орындарына қазақтарды
тылдағы жұмыстарға шақыруды кейінге қалдыруды және оны біршама
уақыт өткеннен кейін жүзеге асыруды ұсынды. Сонымен бірге Б
Қаратаев пен Д. Сейдалин де хатында шақыруды 1917 жылғы мамыр
айына дейін кейінге қалдыруды сұрады. Осының бәріне Қазақстанның
экономикалық және саяси өміріндегі белең ала бастаған белгілі бір
алғашарттар себін тигізді.
1. Е. Ө. Пірімбетова Қазақстандағы Ұлт – азаттық қозғалысы.
А.. 2001 ж.
40 – 42 бет.
2. Қазақ газеті. 1916 ж., 30 сәуір.
3. Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс. А.. 1947 ж. 25 бет.
1916. жылғы Ұлт – азаттық көтерілістің қазақстанға таралуы.
1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі
– Жетісу еді. Мұнда ол 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде
Жаркент – Тараншы болысының Городсккое селосындағы тыл жұмыстарына
жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетуімен
басталды. Сол жылғы7 және 8 шілдеде Верныйдан шамамен 40
шақырымдай Үшқоңыр деген жерде төңіректегі болыстардағы қазақ
халқының өкілдері сезъге жиналды. Онда жігіттер әскерге
жіберілмесін, жұрт таудан түспесін, әкімшілік тарапынан күштеу
шаралар қолданылған ретте телеграф бұзылсын, окоп қазу жұмыстарына
шақырылатын адамдардың тізіиі жойылсын деген шешім қабылданды.
10 шілдеден Ұзынағаш болысының Үлкесаз деген жерінде де
дәл осындай, бірақ құрамы жөнінде көп адам қатысқан съезд болып,
оған Жетісудің он бір болысынан 5 мыңдай адам қатысты. Съезге
қатысушылар да, оқтың астына барғанша осында өлген артық. Деген
қаулы қабылдады. Бұл кезде Верный және Жаркент уездерінің көптеген
болыстарында жаппай бас көтерулер басталды.Лепсі және Қапал
уезінің болыстарында 30 мыңға тарта жігіт жиналды.
1916 жылғы 7 тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс
Қастек, Ырғайты және Тойтары болыстары қазақтарының Самса
станциясы маңында біріккен бас көтеру басталды. Көтеріліс бұл
жерден Тоқмақ маңына ауысты. Верный – Қордай жолының бойындағы
барлық пошта бекеттері өртелді. Ташкентпен, Пішкентпен және
Пержевальскі мен телеграф байланысы үзілді. Тамыздың орта
шенінде Жетісу облысында барлық болыстары дерлік толқыды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының және қазақтың демократияшыл
зиялыларының бірі – Тоқаш Бокин Ол халықтар арасындағы үгіт
жұмысына басшылық етті, соғыстың халыққы қарсы сипатын түсіндіру,
үстем феодал – байлар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша
жарлығын орындауға шақырды. 1916 жылғы тамыздың бас кезінде
ревалютциялық қызметі үшін ол қамауға алынды. Түрмеде Тоқаш Бокин
Ақпан төңкерісінің жеңісіне дейін отырды. Жетісу жеріндегі
отрияттарға, сонымен бірге, Бекболат Әшекеев, Н. Сатыбеков, Ж.
Мәмбетов және басқа да көптеген адамдар басшылық етті.
Жетісу облысындағы сондай – ақ Қазақстан мен Орта Азияның
басқа да облыстарындағы көтеріліс патша әкімшілігін қатты
абыржытты. Түркістан өлкесі соғыс жағдайында деп жарияланды.
Түркістанның гинерал – губернаторы Куропаткин ешқандай
амалдардан тартынбай, көтерілісшілерді дереу тыныштандыруды талап
етті. Жергілікті әкімшілікке көтерілісшілерге қарсы күресу үшін,
тұрғылықты халық арасындағы рулық және тайпалық қайшылықтарды
пайдалануды ұсынды. Көтерілісшілерге қарсы зеңбіректермен,
пулеметтермен жарақтандырылып, арнайы жасақталған жазалаушы
әскерлер жіберілді. Көпірлер мен темір жолдарды күзейту күшейтілді,
әскерй далалық соттар ұйымдастырылды. Түркістан өлкесінің басқа
облыстарынан Жетісу облысына үш әскер жасақ, жеті атқыштар
ротасы, мйдандағы армйядан казак ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz