Күрделі сөздер классификациясы



Сөз өзінің құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Жалаң сөз негізгі және туынды түбірден тұрады. Ал күрделі сөз кемінде екі түбірден құралып бір ғана зат пен құбылыстың атауы болады.
А. Ысқақов пен К. Ақанов күрделі сөз қатарына біріккен сөз, қос сөз, қысқараған сөз және сыңарлы бөлек жазылған күрделі сын, сан, зат есімдерді, етістіктерді қарастырады. Тек А. Ысқақовтың ұсынған классификациясында күрделі сөз арасынан фразеологиялық тіркестер де орын алады. Аталған ғалымдар еңбектерінен кейін, күрделі сөздерді классификациялаудың мынадай сара жолы салынды: сөз құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Дара сөз негізгі және туынды түбірден тұрады. Ал күрделі сөздер біріккен, қос, қысқарған және бөлек жазылған күрделі сөздер болып бөлінеді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Күрделі сөздер классификациясы
Сөз өзінің құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді.
Жалаң сөз негізгі және туынды түбірден тұрады. Ал күрделі сөз кемінде екі
түбірден құралып бір ғана зат пен құбылыстың атауы болады.
А. Ысқақов пен К. Ақанов күрделі сөз қатарына біріккен сөз, қос сөз,
қысқараған сөз және сыңарлы бөлек жазылған күрделі сын, сан, зат есімдерді,
етістіктерді қарастырады. Тек А. Ысқақовтың ұсынған классификациясында
күрделі сөз арасынан фразеологиялық тіркестер де орын алады. Аталған
ғалымдар еңбектерінен кейін, күрделі сөздерді классификациялаудың мынадай
сара жолы салынды: сөз құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді.
Дара сөз негізгі және туынды түбірден тұрады. Ал күрделі сөздер біріккен,
қос, қысқарған және бөлек жазылған күрделі сөздер болып бөлінеді. Мұндағы
әр түрлі терминге ие болып жүрген бөлек жазылатын күрделі сөздер. Мұны А.
Ысқақов, Ә. Ахабаев тіркескен күрделі сөздер десе, Р. Сыздықова
лексикаланған тіркес сөздер деп те атаған. Бүгінде ортан жілік, асықты
жілік, кәрі жілік, жамбас жілік, т.б. тіркестілімділігі шектеулі сөздер деп
те аталып жүр (1997). С. Исаев әуелде оларды атаулы тіркес (көр тышқан,
жарыс сөз, Арал теңіз) деп атап фразеологиялық және еркін тіркестен бөліп
қарау керектігін айтады. Кейін тіркесті түбір деген тың термин ұсынады
(Исаев. ҚҚТ. Морфология курсы бойынша, А., 1991). Ал профессор М. Балақаев
бұларды түйдекті тіркестер (бұларға күрделі етістік, күрделі есім, идиома,
көмекші сөз бен негізгі сөздерді жатқызады) десе, (түйдекті тіркес деп
соңғы кездері тек негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесі алынып жүр
(Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е.))
Бұл жерде басын ашып алатын бір мәселе бар. Жоғарыдағы терминдерді
аталған авторлар бекер ұсынбайды. Синтаксистік сөз тіркесі шекарасынан
шығып, құрама сөз ұясына ене алмай жүрген аралықтан сөздердің номинациялау,
абстракциялану дәрежесі өте алуан түрлі. К. Аханов, А. Ысқақов, М. Балақаев
т.б. күрделі сөзді азды-көпті зерттеген авторлардың ауыл шаруашылығы,
қалбағай омыртқа, аса таяқ, ауыз әдебиеті деген тіркестерді күрделі
тіркестерге жатқызуы – бұл тіркестерді одан әрі саралауға жол ашты. Себебі,
ауыл шаруашылығы мен қалбағай омыртқаның, аса таяқ пен атамекеннің арасында
едәуір мағыналық ерекшелік бар. Сондықтан, С. Исаев, Б. Қалиқызы, Р.
Сыздықова, А. Аблақов сынды ғалымдардың өз зерттеу тұрғысынан күрделі
сөздерді классификациялауға қосылған жаңа үлес деп тануға болады. Расында
да, кәрі жілік, асықты жілік, қалың мал, оң жақ, жақсы ат, ақ қүман, ақ
көңіл, ауа райы, бақ талас, бос белбеу, бет орам л, ақ бата, ата мұра, ата
қоныс, бақ күндес т.б. толып жатқан құрама атаулардың ара жігін ажырататын
кез келді.

Оразалиева Ә.Н. Қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесі теориясының
қалыптасуы. А, 1996, автореферат
Алдашев Н.М. ҚҚТ-гі қысқарған сөздер. А., 1996 автореферат
1920-30 жылдардан бері қарайғы кезеңде қазақ тілінде қысқарған
сөздер пайда болды. Алғашқы он жылдықтарда өзге тілге тән тұлға, термин
ыңғайында қалыптасқан бұл қабат қазақ әдеби тілінің соңғы мерзіміндегі даму
барысында жаңаша сипат алды.
ҚҚТ-гі қысқарған сөздер – аталуы бастапқыда атрибутивті сөз
тіркестерінің көмегімен түсіндірмелі түрде толық берілген, екі немесе одан
да көп компоненттерден тұратын күрделі атаулардың ықшамдалған тұлғалары,
екінші номинация. Ықшамдау, қысқарту процесіне, сондай-ақ жеке сөздерде
ұшырайды.
3.Сөз қысқарту тәсілі – қазақ әдеби тілі жүйесінде 1920 жылдардан
бері қарай қалып алып, соңғы бес-алты жыл көлемінде ұлттық сипатта бекемдік
таныта бастаған сөзжасам әдістерінің бірі. Сөз қысқартудың әріптік,
буындық, аралас қысқарту және контракциялық суспенциялық, сондай-ақ шартты
қысқарту сияқты түрлері бар.
Қысқарған жасалуына тілден тыс және ішкі тілдік факторлар әсер
етеді. Олар: а) қазақ тіліне қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарастың
түбегейлі өзгеруі, қоғам және ғылыми-техникалық революция жаңалықтары,
ұлттық дүниетанымдағы жаңғырулар; ә) тілдің үнемдеу заңдылығының талаптары,
сөйленіс машықтарының синонимдік қатарларға мұқтаж болады. Қысқарымдардың
жасалуына сондай-ақ орыс тілінің ықпалы бар.
Әдеби тілдің лексикасы мен грамматикасына қатысы бар бұл құбылыс
түркі тіл білімінде де бірқыдыру зерттелген. Ғалымдар қысқарған сөздерді
түркі тілдеріндегі күрделі сөздер категориясына орайластыра қарастырады.
Күрделі сөз ұғымы Н.Ф. Катановтың, Н.И. Алимариннің еңбектерінде сондай-ақ
А.Н. Кононовтың, Н.К. Дмитриевтің, Н.А. Баскаковтың зерттеулерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік формалардың классификациясы
Реалийларды ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Түйсік пен қабылдаудың патологиясы туралы мәлімет
Түркі тілдерінің жіктелуі. Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Жетістік-кемістіктері. М.Қашқари "Диуани лұғат ат түрік" сөздігі
Түркі тілдерінің жіктелуі жайлы мәлімет
Қытай тілі грамматикасындағы (介词) сөз алды қосымшаларының ерекшелігі
Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесі
Публицистикалық мәтіндегі метафораның рөлі
Шынының химиялық технологиясы пәнінің оқу бағдарламасы
Түркология
Пәндер