Қазақ халқының қол өнері



Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Жәнеде оған Оңтүстік- Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезкңі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы.
Археологиялқ қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйесек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына нақты айғақтар: Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер,

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының қол өнері.
• Қазақ киімдерінің түрлері- 210
• Зергерлік бұйымдары- 93
• Металдан жасалған бұйымдары мен құралдары- 31
• Ағаштан жасалған бұйымдары мен құралдары-39
• Кигізден жасалған мүліктер-84
• Шаруашылық және тұрмыс құралдары- 67
• Көлік тұрмандары- 64

Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол
кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ
тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Жәнеде оған
Оңтүстік- Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз
әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының
дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезкңі XIX ғасырдың
екінші жартысы мен XX ғасырдың басы.
Археологиялқ қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйесек,
Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл,
тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды
шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол
өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан
жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына нақты айғақтар:
Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі
жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, Кригельді өзені аңғарынан
табылған керамикалық қазындылар. Қазақ халқының қолөнері ерте кезден ақ
әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Геродот тіпті
былай деп жазып қалдырған: Олардың барлық заты алтын мен мыстан
жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан
істелген. Бас киімдері мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған.
Сондай- ақ, ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылып, жүген
сулығы, ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен
әшекейлендіріліп, безендірілген. Геродот пен бірге Ктесий, Страбон да
қазақ топырағын мекендеген сақтар мен массағаттардың барлық заттардың
әшекейленіп, киімдердің өзіне тән үлгісі барын айтады. Қазақ халқының
қолөнері туралы Ресей ғалымдары да сүйсіне әңгімелейді. Мысалы
М.А.Леваневский: қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан
қабілеттігіне сүйсінесің, қарапайым құралдармен тамаша ер қапталдарын
жасап, алтын, күмістен әсем бұйымдар шығаратындығына таңданбасқа
болмайды. Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы - деп
жазады. Ал енді қазақтың ұлттық қолөнерінің таңғажайып туындысы – киіз үй
орта ғасыр саяхатшылары Марко Полоны (1230), Плано Карпиниді (1246),
Клавихоны (1403), Барбораны (1436), қатты таң қалдырып, олардың тарихи
жазбаларынан орын алғаны – біз үшін үлкен мақтаныш.
Қазір халықаралық деңгейде қолөнер көрмесі
ұйымдастырылмағанымен, бұрын оған айрықша көңіл бөлетін- ді. 1969 жылы 91
жасында қайтыс болған Барлыбаева Рымжанның қолынан шыққан текеметтің
кезінде Парижде ұйымдастырылған көрмеге қатысып, талайларды таң
қалдырғаны қандай тамаша. Сондай – ақ, қазақтың киіз үйлері 1861 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі өнер түрлері
Қазақтың сәндік қолданбалы қол өнері
Қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру
Ұлттық өнердің өзіндік ерекшеліктері
Қолөнер бұйымдарын жасауда ағаш өңдеу технологиясын дамыту
Қазақ халқының ұлттық өнерінің мәні
Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер технологиясы
Ұлттық өнер
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру
Халық қол өнер негізінде еңбекке тәрбиелеу әдістемесі
Пәндер