Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы қатынастар



1992 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан мен Канада арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1994 жылы Қазақстанда Канаданың дипломатиялық миссиясы (Орталық Азиядағы жалғыз) ашылды.

2010 ж. желтоқсанында Канада Елшілігінің Астанадағы ғимаратының ашылуы жоспарлануда.

1997-2008 жж. Канадада ҚР Консулдығы жұмыс істеді.

2008 ж. мамыр айында ҚР-ның Канададағы Елшісі Ерлан Әбілдаев болып табылады.

2009 ж. 19 қарашадан бастап ҚР-ғы Канаданың Елшісі Стивен Миллар болды.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы мен Канада арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан мен Канада арасында
дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1994 жылы Қазақстанда Канаданың дипломатиялық миссиясы (Орталық
Азиядағы жалғыз) ашылды.

2010 ж. желтоқсанында Канада Елшілігінің Астанадағы ғимаратының
ашылуы жоспарлануда.

1997-2008 жж. Канадада ҚР Консулдығы жұмыс істеді.

2008 ж. мамыр айында ҚР-ның Канададағы Елшісі Ерлан Әбілдаев
болып табылады.

2009 ж. 19 қарашадан бастап ҚР-ғы Канаданың Елшісі Стивен
Миллар болды.

Саяси ынтымақтастық

1992 ж. дипломатиялық қатынастардың орнаған кезінен бастап, екі ел
арасындағы саяси әрі экономикалық салалардағы түйісулер тұрақты және өзара
тиімді сипатқа ие болды.

2003 ж. маусым айында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Канадаға сапары
барысында елдеріміз жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысын растады.
Елдер арасындағы серіктестік қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталған
екі маңызды құжатқа – өзара құқықтық көмек көрсету туралы Келісімге және
екіжақты экономикалық әріптестікті нығайту туралы іс-қимылдардың Біріккен
жоспарына қол қойылды.

Канадалық заң шығарушылары елдің сыртқы саясат бағытын анықтауда басты рөл
атқаратындығын ескере отырып, парламентаралық байланыстардың өрістей
келетіндігі маңызды болып табылады.

2008 ж. қыркүйегінде Торонтодағы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеяның жұмысына
қазақстандық делегацияның қатысуы шеңберінде ҚР Парламенті Сенатының
Спикері Қ.-Ж.Тоқаевтың Канада Сенаты Сикері Н.Кинселламен кездесуі өтті.

2009 ж. 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында Канаданың экс-Премьер-Министрі
Ж.Кретьен Қазақстанға іс-сапарымен келді. Іс-сапар барысында канадалық өкіл
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевпен, Премьер-Министрі
К.Мәсімовпен және министрліктері мен ұлттық компанияларының бірқатар
басшыларымен кездесулер өткізді.

2009 ж. 8-10 сәуір аралығында Канада Парламентінің Сенаторы К.Ди Ниноның
Астана қаласына іс-сапары өтті. Сапардың шеңберінде К.Ди Нино ҚР Парламент
Сенатының Төрағасы Қ.-Ж.Тоқаевпен, Жоғарғы Соттың Төрағасы М.Әлімбековпен
және Индустрия және сауда Вице-министрі Ж.Айтжановамен кездесті.

2009 ж. 24-26 тамыз аралығында Канада Сыртқы істер министрі орынбасарының
көмекшісі К.Санкуисттің Қазақстанға сапары өтті. Сапар барысында К.Санкуист
ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовпен және ҚР Сыртқы істер министрінің
орынбасары К.Жигаловпен кездесті. 2010 ж. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да, ал
Канаданың G8-де төрағалық етулеріне байланысты, канадалық тарап кейбір
халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша екіжақты консультациялар
өткізуді ұсынды.

2009 ж. 16-17 қыркүйекте Канаданың ҚР-ғы Елшілігі Астанада Орталық Азия мен
Кавказ мемлекеттерге арналған Бактериологиялық (биологиялық) және уытты
қарулар әзірлеуге, өндіруге және олардың қорларын молайтуға тыйым салу
Конвенциясын Ұлттық іске асыру (КБТО) атты семинар өткізді. Семинарға
Канаданың қарусыздандыру өніндегі Елшісі, Женевадағы БҰҰ Бөлімшесіндегі
Тұрақты уәкілі, КБТО-ның Әрекеттегі төрағасы Мариус Гриниус және де Орталық
Азия, Ресей, Кавказдан келген 100-ден астам қатысушылар қатынасты.

2010 ж. 27-30 сәуірде ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігінің Төрағаның бірінші орынбасары Р.Ибраимов басқарған
делегациясының Оттаваға сапары өтті. Сапар барысында Канаданың басшылығы
мен жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдарының жетекші сарапшылардың,
мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ БАҚ-ның қатысуымен өткен Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестегі Қазақстанның тәжірибесі тақырыптағы дөңгелек
үстел ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Р.Ибраимовтың Мемлекеттік қызмет
этикасы жөніндегі Комиссардың орынбасары Дж.Фрайдэймен, Канаданың Корольдік
ат полициясы Комиссарының орынбасары Б.Свенимен, Қаржы барлау орталығының
директоры орынбасары Х.Гулеймен, Трансперенси Интернейшнл Канада
президенті Дж.Клотцпен және канадалық парлементарийлері, соның ішінде
Сенатор К.Ди Ниномен кездесулері өтті. Кездесулерде қазақстандық тарап
канадалықтарды Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізетін жұмысы мен
бұл саладағы ҚР-ның заңнамасымен таныстырды.

2010 ж. 14-16 мамырда Алматыда ЕҚЫҰ-ның Еуразиялық өлшемі атты
Трансазиялық парламенттік форумы өтті, Форумға Канада Парламенті Сенаторы
К.Ди Нино қатысты.

2010 ж. 17 шілдеде ЕҚЫҰ-на мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің бейресми
кездесуіне қатысу аясында Алматыға Канада Сыртқы істер министрі Л.Кэннон
сапар шекті. Оның ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі
Қ.Саудабаевпен кездесуінде Саммиттің мүмкін мерзімі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мен Канаданың байланыстары
КАНАДА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ
Азия - тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының дамуы
Қазақстандағы АҚШ елдерінің экономикалық қарым – қатынастары
Канаданың астанасы
Халықаралық экономикалық қатынастар теориясының пәні
Қазақстан Республикасындағы инвестицияның экономикалық ролі
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы ақпарат
Латын Америкасының экономикалық ұйымдары
Қазақстан Республикасы және халықаралық аймақтық ұйымдар -ынтымақтастықтың құқықтық мәселелері
Пәндер