Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі арасындағы қатынастар


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі арасындағы қатынастар

Жалпы ақпарат

1992 ж. 1 маусым - Люксембург Ұлы Герцогтігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.

1992 ж. 29 маусым - Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі дипломатиялық қатынастарды орнатты.

2003 ж. 9 желтоқсан - Люксембургтағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елші К. Жигалов Люксембургтың Ұлы Герцогіне сенім грамоталарын тапсырды.

2004 ж. 12 ақпан - Люксембургтың Төтенше және Өкілетті Елші Карло Кригер ҚР Мемлекеттік хатшысы И. Тасмағамбетовке сенім грамоталарын тапсырды.

Саяси ынтымақтастық

Жоғары және Сыртқы істер министрінің деңгейіндегі сапарлар болған жоқ.

2004 ж. 5 сәуірде Елші К. Жигалов Люксембургқа жұмыс сапарымен келіп және Парламенттың Төрағасы Ж. Шпауцпен, Ынтымақтастық, гуманитарлық көмек және қорғаныс министрі Ш. Горенс, сондай-ақ СІМ-нің Саяси департаментінің директоры М. Шоммер ханыммен кездесулерді өткізді.

2004 ж. 22-23 қарашада Люксембургқа келесі сапарымен келгенде, Елші К. Жигалов Сыртқы істер және иммиграция министрінің орынбасары Н. Шмитпен, Экономика министрлігінің Бірінші департаментінің директоры Ж. Шмитпен, Сауда палатасының Бас хатшысы П. Эмерингпен, сондай-ақ Қаржы технологияларды трансферт жұргізу жөніндегі Агенттігінің Директоры Ж. Гросжанмен кездесулерді өткізді.

2004 ж. 9 желтоқсанда Сыртқы істер министр Қ. Тоқаев Люксембургтың Сыртқы істер министрі Ж. Ассельборнмен НАТО мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кезесу барысында келіссөздерді өткізді.

2005 ж. 14 ақпанда Премьер-министр Д. Ахметов Люксембургтың Премьер-министрі Ж-К. Юнкермен Будапешт қаласындағы өткен Халықаралық еңбек ұйымының 7-ші аймықтық конференциясының барысында келіссөздерді өткізді.

2006 ж. 8-9 ақпанда Елші К. Жигалов Люксембургке жұмыс сапарымен келіп және Ұлы Герцогтігіның маршалы Ж-Ж. Казельмен, Парламенттың Төрағасы Л. Вейлермен, СІМ-нің Саяси департаментінің директоры С. Люкас ханыммен, Сауда палатаның Директоры П. Граменьямен, Еуропа юстициялық сотының төрағасы В. Скуриспен, сондай-ақ «Paul Wurth» компанияның ТМД елдерімен ынтымақтастық мәселелерімен байлангысатын менеджері С. Кехлермен кездесулер өткізді. Келіссөздердің барысында саяси және іскер саласындағы ынтымақтастық мәселелер талқыланды.

Сауда және экономикалық ынтымақтастық

ҚР Статистикалық Агенттігінің дәлелі бойынша, 2005 ж. Қантар мен қыркүйек кезеңінде сауда көлемі 4, 46 млн. долл. құрады (көбінесе импорт) . 2004 жылғы сәйкес кезеңінде сауда көлемі 4, 022 млн. долл. құрады.

Люксембургтық жалпы инвестицияларының көлемі 39, 4 млн. долл. қүрады, олардың ішінде тіке инвестициялар - 20, 2 млн. долл., порфельдік инвестициялар - 1, 9 млн. долл., басқасы - 17, 3 млн. долл.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 20 бірлескен кәсіпорындар тіркетілген. Олардың ішінде 10 кәсіпорын жұмыс істейді (2 бірлескен кәсіпорын және 8 кәсіпорын 100%-тік шетел капиталымен) . Алматыда «Deloitte & Touche» аудиторлық және консалтинг компанияның бөлімі жұмыс істейді.

Сауда және экономикалық ынтымақтастықтың хроникасы 1993 ж. Люксембургтың Экономика министрі Р. Геббельстің іскер миссияның басы ретінде Қазақстанға сапары өтті.

2000 ж. Люксембургқа Инвестициялық комитетінің төрағасы Т. Альжанов және «Центркредит» банкінің президенті В. Ли сапарымен келеп кетті.

2003 ж. қарашада ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Г. Марченконың шақыруын қабылдап және мемлекеттік ақша өлшемінің 10-жылдығына арналған конференцияда қатысу үшін Қазақстанға Люксембургтың Орталық банкінің төрағасы И. Мерш келіп кетті. Тәжірибені алмасу барысында И. Мерш орталық банкелірдің қаржы тұрақтылығындағы мәні туралы баяндамасын назарға аударды.

2004 ж. 15-16 сәуірде Алматыға Люксембургтың Елшісі К. Кригермен басқарған іскер делегациясы келіп кетті. Сапардың себебі - Люксембургты жайлы инвестициялық ахуалы бар әлемдік қаржы орталық ретінде таныстыру, сондай-ақ қазақстандың тиісті қаржы мекемелермен контактелірде кұру.

2004 ж. 13-21 қазанда Брюссельдегі ҚР Елшілігінің көмегімен Қазақстанға Құрметті консул Л. Ниллес келіп кетті. Алматы және Астана қалаларында ол Ауыл шаруашылық министрінің орынбасары А. Мырзахметовпен, Туризм және спорт агенттігі Төрағасының орынбасары Е. Никитинский мен кездесулердің барысында туризм және аулай саласындағы ынтымақтастықты кұру журалы келіссөздер өтті.

2004 ж. 22-25 қарашада Қазақстанға К. Кригермен басқарған келесі бизнес-миссия келіп кетті. Бұл сапардың барысында Қазақстан мен Люксембург арасындағы Екі қабат салық салу қарсы конвенцияны бекіту туралы келіссөздер өтті.

2004 ж. наурыздың аяғында Люксембургтық Өкіметі Қазақстанды қаржы технологияларды трансферт жұргізу жөніндегі арнаулы бағдарламаға енгізді. Ол бағдарлама бойынша қазақстандық банкілердің қызметкерлері Люксембургта өтетін оқу семинарлаға қатысуға мүмкіндігі бар. Бүгінгі күнде бұл бағдарламаға 20 қаржы қызметкерлер қатысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі бенилюкс елдерінің жағдайы
Қазақстанның Еуропа елдерімен өзара қарым-қатынастары
Визалық және визалық емес елдерге саяхатты ұйымдастыру және жоспарлау
Солтүстік соғыс
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Кавказды арабтардың жаулап алуы
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Феодалдық қоғамның құқықтық дамуы
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының еуропа векторының халықаралық құқық қырлары
Еркін күрестің шығу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz