Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы қатынастар


Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы қатынастар
1992 ж. 10 қыркүйекте - дипломатиялық қатынастар орнатылды.
2000 ж. 20 желтоқсанда - Атырау қаласында Нидерландтың құрметті консулдығы ашылды.
2003 ж. 17 маусымда - ҚР Президенті Жарлығымен Амстердам қаласындағы ҚР-ң Бас консулдығы құрылды (жұмыс бастаудың кезеңі - 2003ж. 20 тамыз) .
2005 ж. 18 ақпанда - ҚР-ң Президенті Жарлығымен Амстердам қаласындағы Бас консулдығы ҚР-ның Нидерланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясы болып қайта ұйымдастырылды.
2007 ж. 1 қаңтарында ҚР Президенті Жарлығымен Дипломатиялық миссия Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі болып қайта ұйымдастырылды.
2007 ж. 2 қазанынды ҚР Президенті Жарлығымен М. С. Мырзамадиева ҚР-дың Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
2009 ж. қараша айынан бастап Франс Потайт мырза Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Королева Беатрикстің шақыруы бойынша, 2002 ж. 27-28 қарашадағы Президент Н. Назарбаевтың Нидерландыға ресми сапары Қазақстан Республикасы мен Нидерланд Корольдігі арасындағы қатынастардың қалыптасуындағы маңызды кезеңі болып табылды.
Сапар әртүрлі саладағы Қазақстан-нидерландық қатынастарын белсендіру үшін салиқалы негізін құрды. Королева Беатрикс, Премьер-Министрі Я. Балкененде, Парламент палаталардың төрағалары Г. Бронкс және Ф. Вейсгласпен келіссөздер жүргізу барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегі талқыланды. Нидерланды тарапынан Қазақстанның Орталық Азияның аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне, нарық экономикасымен бірге демократиялық қоғамды құру саласындағы Республиканың жетістіктеріне жоғары баға берілген.
Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан - инвестиция және сауда үшін тартымды нарығы» атты бизнес-форумда нидерландық іскер топтардың алдында сөз сөйледі. Сапардың барысында инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы, тұрақты әуе қатынасы туралы, кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы келісімдерге қол қойылды.
Сыртқы саяси ведомстволар арасындағы байланыстар белсенді дамып келе жатыр. 2003 ж. шілде айында Қазақстанға ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Нидерландының Сыртқы істер министрі Я. де Хооп Схеффердың сапары болып өтті. Ол Президент Н. Назарбаевтың қабылдауында болды, Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевпен, Орталық сайлау комиссия төрағасы З. Бәлиевамен келіссөздер жүргізді.
2004-2005 жж. барысында Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Нидерланды СІМ басшысы Б. Ботпен екі кездесуі өткізіліп (2004 ж. желтоқсан, Брюссель, 2005 ж. қыркүйек, Нью-Йорк), Нидерланды Сыртқы істер министрінің Қазақстанға сапары туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
2005 ж. сәуір айында Гаага қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Волковтың және Нидерланды СІМ Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Еуропа департаменті директоры Я. Л. ван Хоорнаның қатысуымен алғашқы сыртқыісминаралық консультациялар өткізілді. 2005 ж. қараша айында консультациялардың екінші раунды шеңберінде Я. Л. ван Хоорнның басшылығымен Нидерланды СІМ делегациясы Қазақстанға келді.
2009 ж. 4 маусымда голландиялық тараптың шақыруы бойынша ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Нидерланд Корольдігіне ресми сапары болды. Оның барысында осы елдің премьер-министрі Ян Балкенендемен және сыртқы істер министрі Максим Верхагенмен екіжақты кездесулер болып өтті.
Келіссөздер барысында Нидерланд атқарушы билігінің басшысымен екіжақты форматта да, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде де екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Я. Балкененде жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, халықаралық терроризм мен есірткі тасымалына қарсы күрес, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі Астананың маңызды рөлін ескере отырып, Нидерландының Қазақстанды Орталық Азиядағы стратегиялық әріптес ретінде қарайтынын атап өтті.
Өз кезегінде, қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстандағы голландиялық компаниялардың белсенді инвестициялық саясатын атап өтіп, Я. Балкененденің назарын «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының және ЕО-ның Орталық Азиямен Жаңа әріптестігі стратегиясының шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын іске асырудың маңыздылығына аударды. Осы тұрғыда министр Қазақстанда Нидерландының қуат үнемдеу, энергияның баламалы көздері, өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы экологиялық таза өндірістер салаларындағы озық тәжірибесінің талап етіліп отырғанын айтып өтті.
Қазақстандық дипломат Я. Балкенендеге Қазақстанға оған қолайлы уақытта келуге шақыруды табыс етті.
Кездесудің соңында Нидерланд премьер-министрі ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевқа өзінің ең ізгі ниеттерін жолдады.
Сол күні үкіметтік қабылдау үйінде М. Тәжиннің өз нидерландтық әріптесі М. Верхагенмен келіссөздері өтті, оның барысында тараптар 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға алдағы төрағалығын қоса алғанда, екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың келешегі үлкен бағыттары бойынша тыңғылықты пікір алмасулар өткізді.
Осы орайда екі ел сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Ұйымның күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелерді мән-мазмұны бойынша талқылап, ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемдеріндегі сәйкес келетін мүдделерді бірлесіп ілгерілету жөніндегі консультацияларды жалғастыруға уағдаласты.
Дипломаттар өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерінің бірқатары бойынша көзқарастардың сәйкестігін атап өтті.
Белсенді сыртқы саяси байланыстарды жалғастыру тұрғысында М. Тәжин өзінің голландиялық әріптесін Қазақстанға шақырды.
Сапардың қорытындысында Екі мемлекет сыртқы саясат ведомстволарының арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Онда тараптар екіжақты саяси, экономикалық, ғылыми, технологиялық, экологиялық және мәдени ынтымақтастықты ілгерілету, сондай-ақ өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша, сонымен бірге халықаралық ұйымдар шеңберінде, өзара іс-қимылды нығайту мақсатында саяси үнқатысудың барлық деңгейлерінде консультациялар мен кездесулер өткізуге міндеттенді.
Голландық парламентариялармен қарым-қатынастар жүргізіліп отыр. 2000 ж. маусым айында Нидерланд парламенттік делегациясы Қазақстанда тұңғыш сапармен болды. 2003 ж. маусым айында Алматыда орын тепкен ЕҚЫҰ парламенттік форум жұмысына Нидерланд Өкілдер Палатасының Бас Хатшысы В. де Буфор бастаған голландиялық делегациясы қатысты. Сол жылы 5-9 шілдеде Роттердам қаласында өткізілген ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 12-ші сессиясында Сенат Төрағасының орынбасары Ө. Байгелді бастаған қазақстандық депататтарының тобы қатысты.
2008 ж. маусым айында Астанада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының 17-ші сессиясы болып өтті. Аталған шараның жұмысына ЕҚЫҰ ПА шеңберінде Нидерланд миссиясының басшысы Госкун Корус қатысты.
Сауда-экономикалық қарым-қатынастар
2009 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігі арасындағы сыртқы сауда айналымының көлемі $2, 1 млрд. долларға жетті, оның ішінде экспорт $1, 8 млрд., импорт - 230 млн. (2008 ж. сауда айналымы $4 мрлд. 914 млн. долларға жетті, оның ішінде экспорт 4 мрлд. 638 млн., импорт- 275 млн. ) .
Нидерланд Қазақстанның экономикасындағы жетекші еуропалық инвесторы болып табылады. 1993 ж. бастап 2009 ж. желтоқсан айы аралығында голландық инвестициялардың көлемі $44 млрд. 630 млн. долларға жетті, үлес салмағы 31, 8 % құрады. Капитал тау-кен өндірісіне (13, 5 %), ауыл шаруашылығына (1, 6 %), өңдеуші өнеркәсіп (30, 4 %), құрылыс (13 %), көлік және байланыс (25 %), қаржы секторына (42, 3 %), білім, денсаулық және әлеуметтік саласы.
2008 жылдың 28-30 мамыр аралығында Гаагада өткен бизнес-конференция шеңберінде, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің өкілдері Bazel-дің басқарушы директорымен кездесу өткізіп, оның барысында базалық мұнай-химия өнімдерін алу бойынша бірінші ықпалдандырылған мұнай-химия кешені құрылысының жобасын бірлесіп іске асыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.
2009 ж. 30 қыркүйегінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында және «Еуропаға жол» бағдарламасы шеңберінде Гаага қаласында «Қазақстан аграрлық және азық-түлік салаларында ынтымақтастық мүмкіншіліктері» атты конференция Елшілік және Сауда дамыту жөніндегі Нидерланд Кеңесі ұйымдастырылуымен өткізілді. Шараның басты мақсаты - ҚР-ның экономикалық потенциалы мен ауыл-шаруашылығы саласында инвестициялық мүмкіндіктері жайлы презентациясын жасау және екі ел арасында экономикалық қарым-қатынастарды белсендету.
2009 ж. 5-7 қазанында Қазақстан мен Нидерланд арасындағы энергетика саласындағы серіктестікті нығайту мақсатымен, Нидерланд Корольдігінің Экономика министрі Мария ван дер Хоевен Қазақстанда сапармен болды. Сапар барысында голландиялық Министр еліміздің ресми тұлғаларымен кездесіп, энергия көздерін сақтау жөніндегі семинар жұмысын ашты. Сапар шеңберінде Мария ван дер Хоевен «Мұнай-газ КИОГЕ - 2009» атты конференцияға және халықаралық көрмеге қатысты, 20 - дан аса голландтық компаниялардың жұмысы көрсетілетін павильонның ашылу рәсімін өткізді. Сонымен қатар, Министр студенттерге лекция оқып, Қашаған кен орнын аралап өтті.
Ресми кездесулер аяқталысымен, екі жақ энергия сақтау мен энергетика технологияралы туралы Ниет хаттамасына, сонымен қатар инвестиция мен сауда салаларында Ниет хаттамасына қол қойды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz