Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы қатынастар


Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы қатынастар
Жалпы мәліметтер
1992 ж. 2 қаңтар - Норвегия Корольдігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін мойындады.
1992 ж. 5 маусым - дипломатиялық қатынастар орнатылды.
2001 ж. 12 наурыз - Қазақстан Республикасындағы Норвегия Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Ойвенд Нордслеттен (Мәскеудегі резиденциясымен қоса атқару бойынша) қызметке кірісті.
2003 ж. 7 мамыр - Норвегия Корольдігіндегі Қазахстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Е. Ыдырысов (Лондондағы резинденциясымен қоса қоса атқару бойынша) қызметке кірісті.
2004 ж. 21 маусым - ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес Норвегияда Қазахстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылды.
Саяси ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы қатынастар халықаралық саясаттың көптеген мәселелері бойынша қайшылықтардың болмауымен сипатталады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Норвегия Корольдігіне 2001 ж. 2-4 сәуірдегі ресми сапары екіжақты қатынастарға елеулі серпін берді. Мемлекет басшысы сапар барысында Король Харальд V-імен, Премьер-министр Й. Столтенбергпен, Стортингтің Төрағасы Х. Росьордпен кездесті, Норвегиялық сыртқы саясат және халықаралық қатынастар институтында Қазақстанның сыртқы саясаты туралы лекция оқыды.
Екі елдің басқа да ресми өкілдерінің кездесулері болып, олардың барысында халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЕҚЫО) шеңберіндегі саяси өзара әрекеттестік, Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту бойынша екіжақты ынтымақтастық, Норвегияның мұнайгаз саласындағы мемлекеттік реттеу тәжірибесін зерделеу мақсатында норвегиялық сарапшыларының қатысуымен семинарлар ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Сапар барысында дөңгелек үстел өткізіліп, оған Норвегияның мұнай және газ, телекоммуникация, кеме қатынастары, туризм және құрылыс салаларында жұмыс істейтін 13 компаниясы қатысты.
Мемлекет басшының ресми сапары Қазақстан-Норвегия қатынастарын жаңа сапалық деңгейге көтеріп, ұзақ мерзімді әріптестік қатынастардың ірге тасын қалады. Қосарланған салық салуды болдырмау және табыстар мен капиталға салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға, сондай-ақ Қазақстан мен Норвегия арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы мәлімдемеге қол қойылды.
2002 ж. 15 сәуірде Астанада Қазақстан мен Норвегия сыртқы істер министрліктері арасында консультация өткізіліп, оның барысында екіжақты қарым-қатынастар, сондай-ақ ЕҚЫҰ, БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды. Норвег тарапының Семей өңірін оңалту және Каспийге мұнай төгілуін болдырмау жөніндегі экологиялық жобаларға қатысу нысандары қаралды.
Премьер-министр К. Бондевиктің 2004 ж. 25-26 мамырда Қазақстанға жасаған сапары екіжақты қатынастардың дамуына қосымша серпін беріп, оның барысында жоғары деңгейде саяси келіссөздер жүргізілді, саяси және экономикалық салалардағы ынтымақтастықты тереңдету туралы екіжақты қос құжатқа қол қойылды, сондай-ақ екі елдің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум және Астанадағы Норвегияның Құрметті консулдығы ашылу ресми салтанатын сияқты бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Норвегия мұнай қорының қызметін зерделеу мақсатында ҚР Парламенті Сенаты Экономика, қаржы және бюджет жқніндегі комитетінің төрағасы М. Өтебаев бастаған парламенттік делегациясының Норвегияға сапары шеңберінде 2006 ж. 23 қаңтарда Стортингтің Қаржы комитетінің төрағасы Н. Педерсенмен кездесу өткізіліп, ынтымақтастық мәселелерінің көлемді шеңбері, оның ішінде Қазақстан мен Норвегия арасындағы парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. Кездесу барысында Норвегия парламентарийлары Қазақстанға іс-сапармен келуге шақырылды.
Қазіргі уақытта екіжақты ынтымақтастықтың шарт-құқықтық базасын кеңейту бағытында біршама қадамдар жасалуда. Әуе қатынастары мен халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімдер жобалары келісу сатысында тұр. Норвег тарапы құқықтық көмек және құқықтық өзара әрекеттестік туралы шарт жасасу және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі мен Норвегия Көлік және коммуникация министрлігі арасында телекоммуникация, ақпараттандыру және почта мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін қарастыруда.
2006 ж. қаңтардың соңында Қазақстан мен Норвегия арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табыстар мен капиталға салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция күшіне енді.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық
2005 ж. Қазақстан мен Норвегия арасындағы сауда айналымының жалпы көлемі - 34, 84 млн. долл, соның ішінде экспорт - 8, 31 млн. және импорт 26, 53 млн. құрады. Өткен жылмен салыстырғанда екіжақты сауда айналымының көлемі 3 есеге артқан.
Норвегияның Қазақстанға шығаратын экспортының негізгі баптарына балық өнімдері, машина және электронды жабдықтар, органикалық емес химия өнімдері, ғылыми - зерттеу жабдықтары және тері бұйымдары жатады.
2005 ж. 10 айы ішінде Норвегия 32, 9 млн. крон сомаға Қазақстаннан бидай сатып алды, бұл Қазақстанның Норвегияға шығаратын экспортының 95% құрайды. Қазақстанның Норвегияда шығаратын экспортының кезекті басты тарамы түсті металдар болып саналады.
Норвегия экономикасының түрлі салалардағы жетістіктері және озат технологиялары мұнай өңдеу мен газ өнеркәсібі, машина, кеме жасау, балық өңдеу, радиоэлектроника мен химия өнеркәсібі салалары бойынша өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға негіз бола алады. Қазақстандағы Норвегияның мүдделері отындық шикізатына, қара және түсті металдарға, минералдық тыңайтқыштарға, астыққа негізделуі де мүмкін.
Қазақстанда Норвегияның шамамен 10 фирмасы бар, олардың ішінде - «Статойл», «Норск Гидро», «Теленор интернешнл», «Акер Маритайм», «Нера АСА», «Инсток», «PGS», «Интервет-5».
2004 ж. қаңтарда «Статойл» компаниясы Астанада өз өкілдігін ашып, оның басшысы Реттедал мырза Қазақстандағы Норвегияның құрметті консулы болып тағайындалды.
1998 ж. Норвегияның «Нера» фирмасы «Қазақтелеком» ААҚ «Алматы-Балхаш-Қарағанды» цифрлық радиореле желісін салуға қажет (2000 ж. желтоқсанда пайдалануға берілді) жабдықтарды әкелуге қатысты жарияланған тендерді ұтып алды (шамамен 4 млн. доллар) .
«PGS» компаниясы Қазақстанда 1996 жылдан бері геологиялық барлау қызметтері саласында жұмыс істеп келеді. Қазіргі кезде «PGS» «Қазақстанкаспийшельф» және «Данк» компанияларымен бірлесе Каспий шельфінің өтпелі аймағында сейсмикалық зерттеулер жүргізуде. Бұл келісім шарттың құны - 21, 4 млн. долл. Қазақстанда жерүсті және оффшор жұмыстарын жүргізуді батыс технологиясын пайдаланатын сервистік компания құру жоспарға алынған.
Литвадағы делдалдар арқылы Қазақстан астығын сатып алатын норвегиялық «Unicorn» азық - түлік компаниясымен байланыс жолға қойылды.
Норвегияның СІМ деректері бойынша, 1994-2000 жж. гуманитарлық және қаржылай көмек көрсету бағдарламасы шеңберінде норвег тарапы Қазақстанға 1, 2 млн. долл. сомаға грант бөлген.
Қазіргі кезде Қазақстандағы норвегиялық компаниялардың инвестициялық белсенділігі жоғарылығы байқалып отыр. Қазақстанда өз қызметтерін өрістеткен және өкілдіктерін ашқан «Статойл», «Акер Квернер», «Дет Норске Веритас», «Ветко Айвель», «PGS», «Роксар», «Рогаланд Ресеч», «Даунстрим сервис» сияқты жетекші мұнайгаз және сервистік компанияларға қоса бірінен соң бірі жаңа инвестициялық ойыншылар қосылуда.
Мұндай компаниялар қатарындағылар
- Норвегия экспортын кредиттеумен айналысатын «Экспортфинанс АСА» қаржы институты. «Экспортфинанс АСА» қазақстандық серіктестеріне Норвегия үкіметі қолдайтын ұзақ мерзімді қарыздар мен коммерциялық кредиттер ұсынады;
- Норвегияның инновациялық салаларында шағын және орта кәсіпкерлік құру және дамыту үшін бизнесмендер оқытумен және даярлаумен айналысатын «SYSLAB» орталығы. «SYSLAB» қызметін қаржыландыруды Норвегия СІМ-і БҰҰ Даму бағдарламасымен, ЕРДБ-мен, сондай-ақ Норвегия еңбек және әлеуметтік мәселелер министрлігімен бірлесіп жүзеге асыруда. «SYSLAB» Қазақстандағы өз жоспарларын ЕРДБ және БҰҰДБ-мен бірлесіп, сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен Қазақстандық орталық құруды, сондай-ақ микрокредиттік қор қалыптастыруды ниет етіп отыр;
- Экономиканың түрлі бағыттары бойынша зерттеу мен талдау жүргізетін Норвегияның «ЭКОН орталығы» консалтингтік компаниясы. «ЭКОН орталығы» ҚР-ның Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен «Мұнай газ өндірісінің Қазақстан экономикасына ықпалын зерттеу» тақырыбы бойынша зерттеу жобасын жүргізу мүмкіндігін қарастыруға тапсырыс алды. Бұл жобаның бас мақсаттарының бірі Қазақстан экономикасының «қызып кету» немесе «голланд ауруы» қаупі туындау ықтималдығын зерделеу және осы мәселенің алдын алу шараларын қамтамасыз ету болып табылады;
- Бейне конференциялық жабдықтардың конструкторлық және технологиялық жаңа үлгілерін әзірлейтін «Тандберг» компаниясы. Қазақстанда «Тандберг» компаниясы ҚР Қорғаныс министрлігі мен Парламентіне жабдықтаумен, бұрын әкелінген өнімдерді сынақтан өткізумен айналысады;
- Германияның мұнайгаз саласы мәселелеріне жетекшілік ететін «Сименс» компаниясының норвегиялық офисі Каспийдегі Қазақстан мұнайгаз саласында өз ұстанымдарын бекітуге кіріскен. Қазіргі кезде «Сименс» компаниясы Қашаған кенішінде «Аджип КСО»-ымен келісім жасау жөнінде белсенді келіссөздер жүргізуде. Ресейлік «Вымпелком» ұялы телефон компаниясы арқылы Қазақстандық «К-Мобайл» ұялы байланыс операторын иеленетін (акциялар пакетінің - 29%) «Теленор» норвегиялық жетекші телекоммуникация компаниясы, сондай-ақ сандық радиореле желісі бойынша Қазақстанда үш жобаны жүзеге асырып үлгерген «Нера» компаниясы Қазақстандағы ұялы байланыс, АТ-технологиясы және оптикалық талшықты желілер құрылысы нарықтарын дамытуға атсалысуларын кеңейтпекші.
Қазақстанның ДСО-ға мүшелікке өту мәселелері бойынша келіссөздер шеңберінде 2005 ж. қарашада Ставангер мен Ослода ҚР Индустрия және сауда вице-министрі Ж. Айтжанова бастаған ҚР делегациясының сапары өтті. Делегация құрамына ҚР энергетика және минералдық ресурстар, ауыл шаруашылығы министрлерінің орынбасарлары, министрліктері мен ведомстволарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан іскер топтарының өкілдері кірді. Ставангерде ҚР делегациясы ИНТСОК өкілдерімен, қала мэрімен, «Статойл», «Акер Квернер», «Норсиа және Симон Мокстер», «Реслинг», «Рогалант сиенсе парк», «Ииновация Норуей» және басқа да компаниялармен кездесулер өткізді. Ослода ДСО шеңберінде Қазақстан мен Норвегия нарықтарында өзара тауарлар мен қызметтерді жеңіл өткізу жөнінде екіжақты келіссөздер өткізілді.
2006 ж. 22-28 қаңтарда Норвегияның мұнайдан түсетін кірістерін басқару жөніндегі, атап айтқанда Норвегияның мемлекеттік зейнетақы қорының активтерін басқару жөніндегі тәжірибесін зерделеу үшін ҚР Қаржы вице-министрі Ғ. Өзбеков бастаған ҚР делегациясы Ослода сапармен болды. Сапар барысында ҚР делегациясы Норвегия Стортингінің (Парламентінің) Қаржы комитетінде, Қаржы министрлігінде, Мұнай және энергетика министрлігінде келіссөздер өткізді, сондай-ақ Норвегияның мұнайгаз салаларында қызмет атқаратын бизнес-құрылымдарының қызметтерімен танысты.
2005 ж. 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау және табыстар мен капиталға салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция Қазақстанда ратификацияланып, норвег тарапына тиісті рәсімдердің аяқталғаны туралы ресми хабарлағаннан кейін 2006 ж. қаңтарда күшіне енді.
2006 ж. 24-25 сәуірде Ослода норвег тарапымен Қазақстанның ДСО-ға мүшелікке өтуі жөніндегі кезекті екіжақты келіссөздер өткізілді. ҚР Индустрия және сауда вице-министрі Ж. Айтжанова бастаған ҚР келіссөз тобы құрамына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, көлік және коммуникация министрліктерінің, ақпараттандыру және байланыс, қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттіктердің өкілдері кірді. Кездесу нәтижелері бойынша норвег тарапы Қазақстан нарығына тауарлардың жеткізілу жөніндегі екіжақты келіссөздердің аяқталғаны туралы хаттамаға қол қойды, мұның өзі Қазақстанның ДСО-ға мүшелікке өту процесін ілгерілетудегі елеулі қадамдардың бірі болып табылады. Қол жеткен уағдаластықтар тараптардың өзара экономикалық мүдделерін толық ескереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz