Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық



1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды.

1992 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 жылы – Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды.

1992 жылы - Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.

Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас Консулдығы және Астрахань мен Омбы қалаларында Консулдықтары жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас Консулдығы және Орал қаласында Консулдығы жұмыс жасайды.

2009 жылдың 14 тамызынан бастап Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше жән Өкілетті Елшісі – Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков.

2006 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше жән Өкілетті Елшісі – Михаил Николаевич Бочарников.

Екі жақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі сауда-экономикалық байланыстар болып табылады.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық
туралы

1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік
егемендігін таныды.

1992 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 жылы – Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды.

1992 жылы - Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.

Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы
Бас Консулдығы және Астрахань мен Омбы қалаларында Консулдықтары жұмыс
жасайды.

Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас
Консулдығы және Орал қаласында Консулдығы жұмыс жасайды.

2009 жылдың 14 тамызынан бастап Ресей Федерациясындағы Қазақстан
Республикасының Төтенше жән Өкілетті Елшісі – Зауытбек Қауысбекұлы
Тұрысбеков.

2006 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасындағы Ресей
Федерациясының Төтенше жән Өкілетті Елшісі – Михаил Николаевич Бочарников.

Екі жақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі сауда-экономикалық байланыстар
болып табылады.

Ресей Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылады. Екі жақты сауда
айналымының үлесі Қазақстан Республикасының бүкіл сыртқы сауда көлемінің 17
пайыздан астамын құрайды.

Анықтама 2009 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 12,4 млрд. АҚШ
долларын құрады, оның ішінде Ресейге қазақстан өнімін экспорттау 3,5
млрд. АҚШ долларын, ал ресей өнімін импорттау – 8,9 млрд. АҚШ долларын
құрады.

2010 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы
4,6 млрд. АҚШ долларын құрады (өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда
32,6 пайызға өскен). Қазақстаннан экспорт 72,7% өсіп, 1686,6 млн. АҚШ
долларын құрады, ал Қазақстанға ресей импорты – 17,1% және 2951,8 млн. АҚШ
долларын құрады.

2009 - 2010 жылдарға арналған Қазақстан және Ресейдің Бірлескен іс-қимыл
жоспары ойдағыдай жүзеге асырылуда, оны өткен жылғы желтоқсанда Бурабайда
Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің
бейресми кездесуі барысында біздің мемлекеттеріміздің Басшылары
қабылдаған. Аталған Жоспар қысқа мерзімді перспективада екі жақты
ынтымақтастықтың барлық саласындағы мәселелерді шешуді қарастырады.

Қазақстан мен Ресей Ресейдің магистральді құбыр желісін қолдану арқылы
қазақстандық көмірсутекті шикізатты тасымалдау мәселелерінде өзара
ықпалдасуда, мұнай-газ өндіруші өндірісті бірлесіп жаңартуда.

2009 жылы Атырау-Самара құбыр желісі жүйесімен мұнай тасымалдаудың көлемі
17,5 млн. тонна мұнайды құрады.

2009 жылы Каспий құбыр желісі консорциумы бойынша экспортқа 34,6 млн. тонна
мұнай тасымалданды, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 9,9% көп.

Қазақстан-ресей жылу энергетикасы кешеніндегі ынтымақтастықты одан әрі
тереңдетудің маңызды элементі Каспий құбыр желісі консорциумын жылына 33
тен 67 млн. тоннаға дейін ұлғайтудың принциптері туралы меморандумға қол
қою болды.

Қазақстан мен Ресей екі жақты ауқымда Каспий теңізінің қайраңын бөлу туралы
мәселені шешті. Жер қойнауын қолдану мақсатында Каспий теңізінің түбінде
біздің елдерді бөліп тұратын түрлендірілген орта сызық жүргізілгендігі,
сонымен қатар Құрманғазы, Орталық және Хвалынское кен орндарының
құрылымдарын жасау бойынша бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру белгіленді.

Біздің елдер, сонымен қатар, Каспий құбыр желісі консорциумының негізгі
акционерлері болып табылады. Бүгінгі күнде Қазақстан ОПЕК мүшесіне
жатпайтын елдер арасынан ЕО нарығындағы мұнай экспортерлері арасында үшінші
орында (Ресей мен Норвегиядан кейін).

Қазақстан газын өндірудің және оны іске асырудың артуына байланысты Ресейде
газ өңдеу бойынша өзара іс-қимыл және оны экспортқа шығару үшін ресей көлік
инфрақұрылымын пайдалану белсенділігі арттырылды. Одан басқа, екі жақты
қатынастардың маңызды құрамдарының бірі өзбек және түрікмен табиғи газын
Ресейге, одан әрі Украина мен Еуропаға тасымалдау болып табылады. (2009
жылдың қорытындысы бойынша газ тасымалының жалпы көлемі 25,1 млрд. текше
метрді құрады.)

2007 жылдың желтоқсанында Қазақстан, Ресей және Түрікменстан Үкіметтері
арасында Каспий маңы газ желісі құрылысындағы ынтымақтастық туралы
келісімге қол қойылды. Ол бойынша Тараптар түрікмен және қазақстан табиғи
газын Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы мен Түрікменстан аумақтары
арқылы тасымалдау үшін қолданыстағы Окарем-Бейнеу және Орталық Азия -
Орталық газ желісін қайта құруды есепке ала отырып, Белек
(Түркіменстан) компрессорлық бекетінен бастап Александров Гай (Ресей) газ
өлшейтін бекетіне дейін Каспий маңы газ желісі құрылысын іске асыруды
қаматамасыз етеді.

Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласы бойынша ынтымақтастық
белсенді дамуда. МАГАТЭ-ның бақылауымен Ресей аумағында басқа елдердің
қатысуы үшін уран байытуды қоса алғанда, ядролық отын циклі қызметін
көрсету жөніндегі Халықаралық орталық құрылып, ашылды.

Ғарыш саласындағы ынтымақтастық қарқынды түрде дамуда.
Байқоңыр кешенін бірігіп пайдалану саласында Қазақстан мен Ресей маңызды
жұмыстар атқарды.

Қазіргі заманға лайық Бәйтерек зымыран-ғарыштық кешенін жасауда жоспарлы
жұмыстар жүргізілуде.

2008 жылғы мамыр айында Спутниктік навигацияның ғаламдық жүйесінің
(ГЛОНАСС) жобасы бойынша өзара бірлескен жұмыс туралы және де ғарыштық
кеңістікті бейбіт мақсатта зерттеу саласында үкіметаралық келісімдерге қол
қойылды.

Күткендегідей, бұл Қазақстанның жаңа ғылымды көп қажетсінетін өндірістің
дамуында қуатты түрткі болатындығына және екі елге өздерінің ғылыми-
техникалық және интеллектуалдық күш-қуатын толық іске асыруға мүмкіндік
береді.

Автожол және коммуникация жолдары құрылысы саласында Қазақстан
және Ресей арасындағы ынтымақтастық дамуда.

Қазақстан және Ресей аумағы арқылы Батыс Еуропаны Батыс Қытаймен жалғайтын
жоба бойынша сарапшылар жұмыс жүргізуде. Санкт-Петербург – Мәскеу – Қазан
– Орынбор – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – Хоргос – Ляньюньгань
кемежайы жол жүру бағыты салынуының маңыздылығы біздің елдерді әлемдік жүк
тасымалдау жүйесіне біріктіруге және транзиттік операциялардан түсетін
табысты өсіруге мүмкіндік береді.

Трансазиаттық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі өзегі болып табылатын
Еуроазиаялық транзиттік дәлізді дамыту бойынша шаралар қабылдануда.

Су көлігі саласы бойынша ынтымақтастықтың үлкен болашағы бар. Оның ішінде,
Қазақстанның Каспий және Азов-Қара теңіз бассейндерін жалғайтын су көлігі
құрылысына қатысу мүмкіндігі қарастырылуда.

Ақтау-Астрахань, Ақтау-Махачкала паромды желісі ашылды.

Әскери және әскери-техникалық сала бойынша ынтымақтастықтың негізі 1994
жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы
әскери ынтымақтастық туралы келісім және 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан
Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы әскери-
техникалық ынтымақтастық туралы келісім болып табылады.

Қазақстандық әскери қызметкерлер Ресейде жеңілдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық туралы
Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым қатынас
Каспий құбыр желісі Консорциумы мұнай құбыры
Ресей Федерациясымен ынтымақтастық
Мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастық моделін іздестіру
Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында саяси қатынастардың даму тенденциясы
ҚР және РФ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар
Ресей Федерациясының Орталық Азиядағы геостратегиясы (1991-2009)
ТМД шеңберіндегі көпжақты халықаралық құжаттар
Стратегиялық әріптестік шеңберіндегі Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер