Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қатынастар



1992 ж. 7 қаңтар – Француз Республикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін мойындады.
1992 ж. 25 қаңтар – екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
1992 ж. наурыз – Қазақстан Республикасында Француз Республикасының Елшілігі ашылды.
1993 ж. шілде – Француз Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.
2006 ж. 23 қазаннан бері – Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Куанон.
2009 ж. 2 шілдеден бері – Француз Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Дәненов.

Саяси ынтымақтастық
Екі жақты қатынастардың негізгі қағидаттары 1992 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Францияға ресми сапары кезінде Достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік шартына қол қою барысында қаланған болатын. Екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен басымдылықтары 1993 жылғы Франция Президенті Ф. Миттеранның Қазақстанға сапары барысында қарастырылды.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 7 қаңтар – Француз Республикасы Қазақстан Республикасының
мемлекеттік егемендігін мойындады.

1992 ж. 25 қаңтар – екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 ж. наурыз – Қазақстан Республикасында Француз Республикасының Елшілігі
ашылды.

1993 ж. шілде – Француз Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігі
ашылды.

2006 ж. 23 қазаннан бері – Қазақстан Республикасындағы Француз
Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Куанон.

2009 ж. 2 шілдеден бері – Француз Республикасындағы Қазақстан
Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Дәненов.

Саяси ынтымақтастық

Екі жақты қатынастардың негізгі қағидаттары 1992 жылы ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың Францияға ресми сапары кезінде Достық, ынтымақтастық және
өзара түсіністік шартына қол қою барысында қаланған болатын. Екі елдің
арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен басымдылықтары 1993 жылғы
Франция Президенті Ф. Миттеранның Қазақстанға сапары барысында
қарастырылды.

Ынтымақтастықтың алғашқы жылынан бастап қазақстан-француз саяси диалогы
серпінді дамуда. Саясатта Қазақстан мен Франция жоғары деңгейдегі
түсінушілікке қол жеткізіп, қазіргі заманның өзекті мәселелеріне бірдей
ұстамдылықтар ұстап, баға береді. Франция Қазақстанды өңірдегі
тұрақтылықтың қазығы және Еуропа мен Азияны байланыстырушы көпір ретінде
деп қарап, әлемнің басқа ядролық мемлекеттерімен бірге Қазақстанға
алғашқылардың бірі болып қауіпсіздік кепілдігін берді.

Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастардың дамуында мемлекеттер
басшыларының арасында Ф.Миттеранның, сосын Ж. Ширактың кезеңінде
қалыптасып, Н.Саркози кезінде жалғасқан өзара жеке сенімді диалогтар
өзінің маңызды рөлін атқарып отыр. Парижде мемлекетіміздің Басшысы
Н.Назарбаевтың Қазақстан экономикасының бәсекелестігін ұлғайтуға, саяси
және экономикалық реформаларды тереңдету мен елді жаңғыртуға жасаған
еңбегін жоғары бағалайды.

Францияның басшылығы жаңа сапалы саяси жүйе құрудағы Қазақстанның
қадамдарын құптап, жалпы Орта Азия өңіріндегі өлкелік локоматив ретіндегі
жинақтаушы және тұрақтылықты сақтаушы ролін танып, онымен ынтымақтастықты
шынайы стратегиялық әріптестіктің арнасына түсіруге бейім. Франция
Қазақстанның кандидатурасын ЕҚЫҰ төрағалығына алғашқы кезеңде нақты
қолдаған Батыс мемлекеттерінің қатарында болды.

Соңғы жылдары жоғары деңгейдегі делегациялар тұрақты қатынауда. 2008ж 8-9
ақпанда Франция Премьер-министр Франсуа Фийонның Астанаға ресми сапары
болды, сапар барысында екі ел арасында стартегиялық әріптестік туралы
Декларацияға үкімет басшылары қол қойды. Осымен қатар халықаралық
автомобилмен жүк тасымалдау, өзара құпияны қорғау ведомствоаралық
келісімдерге және екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығы туралы
мемарандумға қол қойылды.

2008ж. 10-11 маусымдағы Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Францияға
ресми сапары қазақстан-француз қарым-қатынастарының сапалы жаңа кезеңін
ашты. Президент Н. Назарбаевтың Президент Н.Саркозимен, Премьер-министр
Ф.Фийонмен, Сенаттың Төрағасы К.Понселемен, Ұлттық Ассамблеяның Төрағасы
Б.Аккуайемен жүргізген келіссөздері достық сипатта өтті. Тараптар ішінде
регионалдық және халықаралық мәселелер бар көптеген тақырыптарды талқылап,
халықаралық және регионалдық ұйымдардағы өзара тиімді бірлескен қимылдар
мен саяси диалогты кеңейту, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың кешенін
күшейту жөнінде пікір алмасты. Елбасы елдің бұрынғы Президенті Жак Ширакпен
де кездесті.

Президент Н.Назарбаевтың Францияның жоғарғы мемлекеттік наградасы –
Ардақты легионның Үлкен крестімен марапатталуы Елбасының әлем
деңгейіндегі көшбасшы ретінде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге, жалпы дамуға қолғабыс етуге сіңірген еңбегінің бағасы
және қазақстан-француз достастығы мен ынтымақтастығын нығайтуға жұмсаған
күш-жігерінің айғағы.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ресми сапарының барысында Қазақстан мен
Франция арасында Стратегиялық әріптестік жөніндегі Келісімге қол қойылып,
сыртқы саясаттың европалық бағыты бойынша айтарлықтай табысқа қол
жеткізілді. Франция Қазақстанмен ЕО бірінші елі болып осы деңгейдегі
халықаралық-құқықтық құжатқа қол қойды. Қазіргі кезде Қазақстанның бесінші
сауда әріптесі және төртінші үлкен инвестор болып саналатын Франция,
еліміздің Европадағы негізгі әріптесі ретінде қарастырылады.

Екі ел арасындағы серіктестік қарым-қатынастарын құру барысында француз
елінің басшысының Франция мен Қазақстанның қарым-қатынастарының ерекше
артықшылығы жөнінде жасаған мәлімдемесі ерекше болып табылады.

2009ж. 6 қазанда Францияның Президенті Н.Саркозидің Қазақстанға
Мемлекеттік сапары өзінің тығыздығы, екі президенттің келіссөздерінің
қорытындысы, қол қойылған мәлімдеменің мазмұны, қол жеткізілген
үкіметаралық келісім-шарттар, екі елдің үлкен компаниялары арасындағы қол
қиылған мемерандумдар стратегиялық әріптестік жөніндегі Келісімнің
баптарының іс жүзінде іске асуының кепілі. Қазақстан мен Францияның
арасындағы қарым –қатынастар жоғары сапалы деңгейге көтерілді деуге болады.
Президенттердің Саркози-Назарбаев комиссиясын құру жөніндегі шешімін,
Францияның Қазақстанның 2010 жыл бойы ЕҚЫҰ төрағалық етуін және ЕҚЫҰ
саммитін өткізуі идеясын қолдауын, ЕО мен Қазақстан арасындағы жаңа Келісім
бойынша келіссөздерді бастауға Париждің қолдау көрсетуге дайындығын міне
осы тұрғыдан қарастыру қажет.

Парламентаралық қарым-қатынастар туралы

Парламент аралық қатынастар мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-
қатынастардың ең маңызды да бөлінбес бөліміне айналуда. Қазақстан мен
Франция аралығындағы парламентаралық байланыстардың қарқынды дамуы осыған
дәлел.

1993ж. Францияның Сенат пен Ұлттық Ассамблеясында парламентаралық достық
топтары құрылып, осы жүйемен парламенттік делегациялар тұрақты түрде
қатынасуда. Француз парламентарийлері Астананың саяси тынысына қызығушылық
танытып, Қазақстанда өткен сайлауларға халықаралық бақылаушылар ретінде
тұрақты түрде қатысуда.

2006ж. 23-25 мамырда Қазақтан тарапының шақыруымен Франция Сенатының
Төрағасы К. Понселе ресми сапармен Қазақстанда болды.

Өз тарапынан, Н. Абықаев басқарған, құрамында Үкімет мүшелері мен даму
институттарының басшылары бар ҚР Сенатының делегациясы 2006ж. мамырда
Парижде болып қайтты.

2008ж. 11 желтоқсанда Францияның Франция-Қазақстан парламенттік достық
тобының бастамасымен ұлтаралық және конфессияаралық татулықтың
Қазақстандық моделі тақырыбына дөңгелек стол ұйымдастырылды. Француз
депутаттары Қазақстанның Орта Азиядағы саяси тұрақтылықты сақтау маңызы мен
ұлтаралық және конфессияаралық татулықтың Қазақстандық моделінің жағымды
рольі атап өтті.

2009ж. 2-7 наурызда Мәжілістің төрағасының орынбасары Ж.Кәрібжанов
басқарған парламенттік ынтымақтастық тобы жұмыс сапарымен Францияда болып,
Президент ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Елдердің сыртқы саясаты
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН - ФРАНЦУЗ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары
ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Қазақстан Республикасы және Еуропа мемлекеттері арасындағы байланыс
Франция жері
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы ақпарат
Халықаралық дербес құқық пәнінен дәрістер
Франция экономикасы
Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы
Пәндер