Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасындағы қатынастар


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасындағы қатынастар

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 1 маусым - Қазақстан Республикасы мен Швейцария Конфедерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 ж. - Алматы қаласында Швейцария консулдығы ашылды 1

996 ж. - Швейцария Конфедерациясында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.

1999 ж. - Алматы қаласындағы Швейцария консулдығы Қазақстан Республикасындағы Швейцария Конфедерациясының Бас консулдық болып қайта құрылды.

2004 ж. мамырдан - Қазақстан Республикасындағы Швейцария Конфедерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Эрвин Хофер.

2005 ж. қазаннан - Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Әбусейітов.

Саяси интымақтастық

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жолдары мен негізі Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаев және Швейцария Конфедерациясы Президенттері П. Деламюра, Ф. Коттимен 1996, 1998 ж. және 2003 ж. П. Кушпенмен кездесу кездерінде қаланып талқыланды.

2003 ж. 19-21 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назабаевтың Швейцария Конфедерациясына жасаған алғашқы ресми сапары болды. Осы сапар барысында екі ел ынтымақтастығының он жылдық қорытындысы жасалынып, оның өрлеуінің жаңа саласына көтерілді.

Екі жақты ынтымақтастықтың негізгі түркісінің бірі Швейцария Вице-Президенті Федералдық экономикалық Кеңесшісі Паскаль Кушпеннің 2002 жылдың 1-6 мамырында Қазақстанға жасаған ресми сапары мен оның Астанадағы Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назабаевпен, Премьер-Министр И. Тасмаганбетов, Мемлекет хатшысы - сыртістер министрі Қ. Тоқаевпен, сонымен қатар басқа да министрліктер мен мекеме басшыларымен өткізген кездесулері болды.

Қазақстан мен Швейцария өзара саяси табыстарға жетуіне негіз болған Қазақстан Республикасы Мемлекет хатшысы-сыртістер министрі Қ. Тоқаевтың 2002 ж. наурыз айындағы Швейцария Конфедерациясына жасаған ресми сапары. Кездесу кезінде екі жақты қатынастың өсуі мен келешекте бұл қатынастың нығая түстуіне мол мүмкіндіктер бар екендігін қанағаттандықпен атап өтіп, орта Азия мен жалпы дүне жүзі қауіпсіздігі туралы өз пікірлерін айтты.

Екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынасын жоғарлату туралы мәселесі 2000 және 2001 жылдары Давоста болған ҚР Премьер-Министрі Қ. К. Тоқаевтың швейцария ресми қызмет адамдары мен іскерлер арасында болған кездесуінде қаралынды.

Өзара сыртістер мекемелерінің тұрғылықты (жылына 1 рет) кеңес өткізуі екі жақты әлеуметтік қатынасты нығайтудың қосымша кілті болып қалыптасты.

2005 ж. қыркүйекте айында жоғары сапада ұйымдастырылған келесі сыртістер кездесуінде швейцария тарапы екі жақтың саяси қарым-қатынас жетістіктерін атап айтты. Осы кездесуде екі жақ халықаралық мәселелер туралы өз пікірлерінің ортақ болғаны ескеріліп, сонымен қатар саяси қатынасқа жоғары көңіл бөліну керектігі келісілді.

Екіжақты экономикалық қатынасты нығайту мақсатында Сауда-экономикалық бірлескен үкіметаралық комиссия өз жұмысын жүргізуде.

Үкіметаралық бірлескен комитеттік бірінші отырысы 1999 ж. 9-10 қыркүйегінле өткізілді, екіншісі - 2 қазан 2001 ж. Бернде, үшіншісі 2003 жылдың қазан айында Астанада. Бірлескен комитеттің 4-ші кездесуі 2006 жылдың күзіне жоспарлануда.

Қазақстан мен Швейцарияның экономикалық ынтымақтастығы Қазақстан нарығына қызыққан швейцария компаниялары санының жоғарлауына байланысты 2005 жылы Қазақстан мен Швейцария аралық экономикалық қатынас одан ары жоғарылай түсті.

Швейцарияның Орта Азия елдері арасында сауда қатынасында Қазақстан ерекше орнын алады, сонымен қатар сауда алысымында ТМД мемлекеттері ішінде (Ресейден кейінгі) екінші орынды алып отыр. Өз алдына Швейцарияда Қазақстанның негізгі сыртқы сауда партнері болып табылады. Еуропа мемлекеттерімен сауда саттық алысымда Швейцария үлесі 11% құрайды.

Екі жаққты сауда-саттықтың өсуі әсіресе 2003- 2005 жылдарынан байқалады. 2003 жылға қарағанда 2004 жылы тауар айналымының көлемі 2, 2 есеге өсіп, көрсеткіш 3 млрд. 866, 9 млн. АҚШ долларынан асып түсті.

Швейцария тарапының ақпаратына сүйенетін болсақ екіжақты тауар айналымы көрсеткіші 2005 жылдың қаңтар мен қазан айларлары арасында 4. 5 млрд. АҚШ долл. жетіп құлаған. Оның ішінде Қазақстаннан шыққан экспорт 4. 4 млрд. АҚШ долл. құраса, ал импорт 133 млн. долл. Қазақстан экспорты көлемі жағынан Швейцария 2 орында, импорт 3 орында. Қазақстанға салған инвестиция көлемінен Швейцария 3 ші орынға ие (521 млн. АҚШ доллары) немесе барлық шет елдік инвестициялардың 12% құрайды.

Республиканың экономика саласына көлемді түрде инвестиция құюшы швейцариялық ұлтаралық корпорациялар «АВВ», «Сосьете Женераль де Сюрвейянс» (СЖС), «Ляйка» және басқалар. АВВ концерні біраз жоспарларын жүзеге асырғанымен әлі де өз кәсіпкерлігін кеңейтуге, әсіресе КЕГОК компаниясының инфраструктуралық жобаларын жаңартуға және Атырау мен Шымкент мұнай өңдеу заводтарының қазірге талаптарға сай жабдықтау, сонымен қатар Батыс Қазақстандық электроэнергетикалық жобаларда өз үлестерін қосуға қызығушылық танытып отыр.

Өз өнімдерін Қазақстанға жіберіп отырған швейцариялық аты шулы фирмалар, «Бюлер АГ» (тамақ өнеркәсібі жабтықтары, астық сақтау қоймалары мен астық тасымалдау техникалары), «Бошунг Холдинг АГ» (ауылшаруашылық техникалар, жабдықтар мен әлеуметтік қажетті техникалар, шарап және шырын жасаушы техникалар мен жабдықтар), «Цельвегер Лува» (тоқыма өндірісін тексеру құралдары, мұнайгаз өндірісінде уытты заттарды анықтаушы жабдықтар, электрондық және дәрі дәрмек өндірісінде керекті бөлме жылулығын қадағалаушы жабтықтар) және «Ритер ЛТД» (тоқыма, жіп өндірісі мен жасанды маталар шығаратын дайын құралдар) өндіріс жабдықтары Республикамыздың мата-мақта өңдеу мен өндіріс салаларында қызметтерін атқаруда.

Швейцария компанияларының Қазақстан нарығына қызығушылығын одан ары жемісті де жетікті дамуы мақсатында 2005 жылы «Қазақстан Швейцария Ассоциациясы» ашылды, оның негізгі бағыттары екі мемлекет аралық мәдени, экономикалық және саяси ынтымақтастықты жоғарылыту, қазақстан нарығына швейцария капиталы мен жетік технологиясын тарту, ҚР инвестициялық мүмкіндіктерін көрсету, екі мемлекеттің саяси және экономика саласындағы жоғары элиталар арасындағы кездесуллерді ұйымдастыру.

2005 жылдың сәуір айында Цюрих қаласында екі мемлекеттің жетік экономикалық сынақшылыр арасындағы бірлескен отырыс пен Қазақстандағы бизнес атты конференция өткізілді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан ары қалыптастыруда нәтижесіе берген 2005 жылы маусым айында болған ШК экономика министрлігінен, Ekonomiesuisse, SOFI, Swissmem сонымен қатар өнеркәсіп және қаржы өкілдерінен құралған Ресми сапардың Қазақстанда болуы болды. 2005 ж. маусым айында елшілік ұйымдастыруымен „The regent Almaty“ Алматы қонақүйінде «Қазақстан-Швейцария» атты форум өткізілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Постиндустриялық кезеңдегі Швейцария экономикасының даму мәселелері
Конфедеративтік мемлекеттердің құрылымдық ерекшеліктері
Мемлекет түсінігінің пайда болуы
Мемлекет нысаны ұғымы
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi
Конфедеративтік мемлекеттер бірлестігі
Мемлекет нысанының ұғымы
Халықаралық Валюта Қоры туралы
Швейцария Орталық Европадағы мемлекет
Мемлекет түсінігі және мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz