Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау



Несиелік операциялар – қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген олқылықтар банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom, Tyco сияқты ірі банктер мен басқа да корпорациялардың құлдырауына әкелді. Банктер несие тәуекелділігінен сақтанудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін төмендету мен алдын алудың бірден-бір жолы - қарыз алушы тұлғаның төлем және несие қабілеттілігін дұрыс анықтау. Несие қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс деп санаймыз.
Банктер несиелік операцияларды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің нарықтық жүйесіндегі қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілерді қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
1 Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру: оқу құралы. -Алматы: Арыс, 2000. - 209 б. (авторлас, өз еңбегі 6,5 б.т.)
2 Депозиттер нарығы және жетілдіру жолдары: ТМД елдеріндегі банк жылы: халықаралық тәжірибе және Қазақстандық практика Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Банк ісі академиясы. - 2007.- 68-75 бб. - 0,44 б.т.
3 Қазақстан Республикасының экономикасын валюталық реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлі: Қазақстанның қаржы нарығы: оның болашағы мен келелі мәселелері ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Банк ісі академиясы. - 2008. -166-173 бб. - 0,44 б.т.
4 www.Temakosan.net интернет сайты
5 Банк жүйесіндегі менеджмент // Халықаралық ғылыми форум «ІІІ Рысқұлов оқулары». Бизнес, ғылым, білім: ынтымақтастық қырлары: Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.- 2008. -107-112 б.б. - 0,31 б.т.
6 Коммерциялық банктерді басқару жүйесіндегі қарыз операцияларын бақылау // ҚазЭУ хабаршысы. - 2008. - № 6. - 271-275 бб. - 0,5 б.т.
7 Қарыз қабілеттілікті бағалау әдістерінің ерекшеліктері мен жалпы сипаты // Қазақстанның экономикалық өсуінің даму стратегиясы: тәжірибелер, мәселелері және болашағы: Орталық–Азия университетіндегі Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - 2008. - 37-40 бб. - 0,36 б.т.
8 Скорингтің қарыз қабілеттілікті анықтау әдісі ретінде пайда болуы және жетілдірілуі // ҚазЭУ хабаршысы. - 2009. - № 1. - 134-136 бб. - 0,25 б.т.
9 Банктік сектордағы несиелік тәуекелдерді талдау // «Тұран» университетінің хабаршысы. - 2010. - № 1. – 114-119 бб. - 0,34 б.т.
10 Несиелік тәуекелдер: олардың туындауы, әсер етуші факторлар және төмендету жолдары // Халықаралық ғылыми форум «V Рысқұлов оқулары». Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - 2010. - 0,63 б.т.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
 

Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі
қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау

Алматы, 2011

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік операциялар – қазіргі нарықтық
экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары
банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана
қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы
құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие
тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген
олқылықтар банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік
тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman
Brothers Barings, Enron, WorldCom, Tyco сияқты ірі банктер мен басқа да
корпорациялардың құлдырауына әкелді. Банктер несие тәуекелділігінен
сақтанудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның
ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін төмендету мен алдын
алудың бірден-бір жолы - қарыз алушы тұлғаның төлем және несие
қабілеттілігін дұрыс анықтау. Несие қабілеттілік кешегінің ескірген немесе
бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз
операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған
орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін
іс деп санаймыз.
Банктер несиелік операцияларды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің
нарықтық жүйесіндегі қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілерді
қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Коммерциялық банктердің несие
қабілеттілігін анықтау кезінде айтарлықтай мән бермеген олқылықтары,
ертеңгі күні, банктің қаржылық жағдайына, абыройы мен беделіне,
серіктестері мен клиенттерінің мүдделеріне кері әсер етуі және нұқсан
келтіруі мүмкін.
Бүгінгі күні Қазақстанның коммерциялық банктерінен алынатын таза
кірістің шамамен 23 бөлігін несиелік операциялардан болатын кірістер
құрайды. Несиелік операциялардың жүргізілуімен байланысты несие
тәуекелділігі пайда болады. Тәуекелділік банктің қалыптасуының ажырамас
бөлігі. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің бір түрі ретінде банктің
үнемі назарда тұратын объектісі болып табылады. Несие тәуекелділігін
банктік басқару менеджменттің дәстүрлі және классикалық қызметі. Несие
тәуекелділігі көптеген эндогендік және экзогендік себептердің үлкен кешенін
құрайды. Коммерциялық банктер дамыған бәсекелес несие нарығы бар ортада
қызмет етуі және табысты өмір сүруі үшін, несие қабілеттілікті анықтау,
бағалау, болжау және қолдану бойынша көп жылдық тарих пен ізденістерге
сүйенуі тиіс. Отандық және шетелдік тәжірибеде, оның ішінде несиелік
ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден бір себебі несиелік операциялардан
туындайтын тәуекелдердің дер кезінде алдын алмау. Несиелік операциялар
бойынша несиелік ұйымдардың ғасырға жуық тарихы болғанымен несиелік
институттардағы қазіргі жағдай несие қабілеттілікті анықтау әдістерінің
кемшіліктері бар және жеткіліксіз дамығандығын анықтады. Қазақстандағы
кейбір екінші деңгейдегі банктерге несиелік операцияларға қатысты әр түрлі
ықпал ету шараларын қолданудың өзі банктердің несиелік операцияларының
дұрыс жолға қойылмағандығының көрінісі. Несие тәуекелділігін басқару
жүйесіндегі несие қабілеттілік арқылы банктің несиелік операцияларының
сапасын жоғарылату мен коммерциялық банктің табыстылығын арттыру - өзекті
мәселе. Ол бүгінгі күннің халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі
сенімді банктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Әр елдегі қарыз алушының
несие қабілеттілігін кешенді талдау жүйесінің қалыптасуының ерекшелігі, әр
елдің ақша-несие саясаты сияқты саясатымен біруақытта қалыптасып, өзгеріп,
толықтырылып, дамуда.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қарыз алушының несие
қабілеттілігін несие тәуекелділігін басқару жүйесінде талдау әр түрлі
мамандармен зерттеліп заман талабына сай өзгертіліп, толықтырылды. Қарыз
алушының несие қабілеттілігін талдау және несиелік тәуекел мәселелеріне
отандық, сондай - ақ шетелдік экономист-ғалымдардың да көптеген еңбектері
арналды. Олардың қатарында ең елеулілері Э. Гиллдің, Э.Дж. Доланның, В.Н.
Едронованың, В.И. Колесниковтің, Л.П. Кроливецкаяның, К.Д. Кэмпбелдің, Р.
Дж Кэмпбелдің, Р. Коггердің, О.И. Лаврушиннің, П.С. Роуздің, Э. Ридтің,
В.Т. Севруктың, Р. Смиттің, Ф.Дж. Синкидің және т.б. еңбектерін жатқызуға
болады. Қазақстанда несие қабілеттілігін талдау туралы сұрақтарының ілімін
С.А. Аханов, Ә.Ә. Әбішев, Ұ.М. Искаков, С.А. Святов, Ғ.С. Сейітқасымов,
Е.Х. Сигаев, А.В. Мельников, С.Б. Мақыш, Н.Н. Хамитов, А.Д. Шелекбай және
басқадай ғалымдар дамытты.
Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектері несие
тәуекелділігі, несие портфелі және несие қабілеттілік түсініктеріне
анықтамалар беріп, отандық экономиканың дамуына байланысты осы
көрсеткіштердің есептелуі мен қолданылуы ұсынылады. Алайда бұл еңбектердің
қатарында дағдарыс жағдайында немесе әлемдік дағдарыстың алдын алуда
коммерциялық банктердің жүргізетін несиелік саясаты мен қарыз - несие
операцияларын басқару және несие қабілеттілікті анықтау арқылы тәуекелді
төмендету жолдары мардымсыз ұсынылған. Көптеген еңбектерде теория жақсы
мазмұндалғанымен оқырманға тәжірибелік көзқарас пен есептеу жолдарының
жетіспей жататындығы, банк клиенті бола алатын әр жеке немесе заңды
тұлғалардың несиелеу операциясына қатысу кезінде қандай алғышарттарды
біліп, қандай қадамдардан сақтануы қажеттілігі жөнінде экономикалық
сауаттылығының нашарлығы бәрімізге белгілі. Осы аталған факторларды банктік
несиелеуде ескермеу мүмкін емес, себебі несие тәуекелділігі тек банк немесе
несиелеуші ұйым тарапынан болмайды.
Несие қабілеттілікті анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент
үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы
аталғандарға байланысты қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың
теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі
өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады.
Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несие
қабілеттілігі несие операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне
байланысты несие қабілеттілікті талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты
жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты
ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.
Зерттеудің мақсаты коммерциялық банктің несие тәуекелділігін басқару
жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаумен байланысты
қызметтердің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу және несие
тәуекелділігін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қарастырылып шешілді:
- қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау мен талдаудың
теориялық әдістерін жетілдіру;
- банктердегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие
қабілеттілікті талдауды әдістемелік қамтамасыз ету мен оны
ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында қолданылып жүрген
әдістемелік базаны зерттеу;
- дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктердің несие
тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті
талдаудың жағдайын қарастыру және танымал әдістемелік
нұсқаулар негізінде несие тәуекелділігін талдауға байланысты
ұсыныс әзірлеу;
- Қазақстанның банктік секторындағы несие тәуекелділігін
төмендету әдісі ретінде несие портфелінің статистикалық,
аналитикалық және коэффициенттік талдау жолдарын қарастыру;
- Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі
несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті
талдаудың неғұрлым ұтымды жолын ұсыну;
- несие тәуекелділік жүйесін басқаруда қолданылатын модельдерді
талдау, оның ішінде Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің
болжамы моделін қолданып, екінші деңгейдегі банктерге
жүргізілген талдау жасау тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні болып несиелік операциялар үрдісіндегі екінші деңгейлі
банктер мен қарыз алушылар арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы
табылады.
Зерттеу объектісі – екінші деңгейлі банктерден қарыз алушылардың несие
тәуекелділігін басқару.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында әлемдік
экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік
ғалымдардың, экономистердің монографиялары мен баспасөз мақалалары,
қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық
құжаттар қолданылды.
Жұмысты жазу барысында несие нарығы қызметін реттейтін ҚР Заңдары мен
басқа да нормативтік-құқықтық актілер, ҚР Президентінің Жарлықтары,
Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ресей және отандық оқу әдебиеттері, ҚР
Ұлттық банктің, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу және
қадағалау Агенттігінің, әр түрлі деңгейлердегі конференциялардың
материалдары, журналдар, сондай-ақ республикалық статистикалық талдау
негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы қарыз алушының несие
қабілеттілігін талдау бойынша ғылыми негізделген тұжырымдар дайындау болып
табылады.
Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды
нәтижелері болып келесілер жатады:
теориялық-әдістемелік зерттеудің негізінде несие тәуекелділігі, несие
қабілеттілік және несие портфелі түсінігінің авторлық тұжырым жасалған;
несие жіктемесіне қатысты несие тәуекелділігі жіктеліп, несие
қабілеттілігін бағалауда қолданылатын белгілер жинақталып жүйелендірілген;
тартылған қаражаттың құнын анықтау формуласы енгізілген және Несие
нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы бойынша сауалнамаға қатысты
тиімді қағидалар енгізілген;
зерттеу негізінде несие тәуекелділігін басқару қызметінің қазіргі
жағдайдағы күрделі мәселелері мен кедергі келтіретін факторлары анықталған;

банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие
қабілеттілігін анықтауды кешенді қарастыру жолдары ұсынылған
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
несие тәуекелділігі, несие қабілеттілік және несие портфелі
түсінігінің теориялық негіздеріне авторлық тұжырымдама;
несие тәуекелділігі жіктемесі және несие қабілеттілігін бағалауда алға
тартылатын белгілер;
тартылған қаражаттың құнын анықтау формуласы және Несие нарығының жағдайы
және өлшемдерінің болжамын оңтайландырудың тиімді қағидалары;
несие тәуекелділігін басқарудың толықтырылған және жетілдірілген жүйесі;
қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау бойынша шаралар кешені.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Диссертацияда келтірілген
негізгі ұсыныстар мен қорытындылар қазақстандық банктер қызметіндегі несие
тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдау бойынша
міндеттерді шешуге бағытталған. Диссертациялық жұмыста анықталған
қорытындылар мен ұсыныстарды іске асыру, банктегі қарыз алушының несие
қабілеттілігін талдау арқылы несие тәуекелділігінің алдын алудың сапасы мен
тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ жалпы банктік жүйенің
тұрақтылығын нығайтып, банктік қызметтердің сапасын арттырып және банктерге
деген сенімділікті қолдауға негіз бола алады, сондай-ақ қаржы және несие
мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарында пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің қолданылуы. Диссертациялық жұмыстың негізгі
тәжірибелік нәтижелері оқу үдерісіндегі типтік және жұмыс бағдарламаларын
жасауда, сондай-ақ Банк ісі, Қаржы нарығы және делдалдары, Валюталық
операциялар және Банктік менеджмент пәндерінен лекция және практикалық
сабақтар өткізгенде қолданылды. Диссертациялық жұмыс бойынша негізгі
нәтижелері: Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру оқу құралы,
авторлас (2000 ж.) және келесі басылымдарда: ҚазЭУ хабаршысы (2008, 2009
жж.); Тұран хабаршысы (2010 ж.) журналдарында жарияланды, сондай-ақ,
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: ТМД елдеріндегі банк
жылы: халықаралық тәжірибе және Қазақстандық практика. (Банк ісі
академиясы, 2007 ж. мамыр); Қазақстанның қаржы нарығы: оның болашағы мен
келелі мәселелері. (Банк ісі академиясы, 2008 ж. сәуір.); Халықаралық
ғылыми форум ІІІ Рысқұлов оқулары. Бизнес, ғылым, білім: ынтымақтастық
қырлары. (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2008 ж. мамыр); Қазақстанның
экономикалық өсуінің даму стратегиясы: тәжірибелер, мәселелері және
болашағы. (Орталық-Азия Университеті, 2008 ж. желтоқсан); Халықаралық
ғылыми форум V Рысқұлов оқулары. (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2010 ж.
мамыр) баяндалып, жарық көрді.
Зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары келесі орындарда
сыналды және қолданысқа енгізілді:
- Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ң оқу үрдісіне;
- Алатау Қазақстан университеті білім беру мекемесінің оқу үрдісіне;
- Қазақстан халық банкі АҚ-ң несие операцияларын жүзеге асыруда.
Зерттеу нәтижелерінің жариялынымдары. Зерттеу жұмысының негізгі ғылыми
қағидалары және нәтижелері жалпы көлемі 9,77 баспа табақты құрайтын 9
ғылыми зерттеу жұмысында, оның ішінде 3 мақала Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы Бақылау Комитетімен
ұсынылған басылымдарда жарияланды.
Диссертация құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс белгілеулер мен
қысқартулардан, кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі147 бет,
оның ішінде 36 кесте, 18 сурет.

Негізгі бөлім

1 Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие
қабілеттілігін бағалау және талдаудың теориялық негіздері
Бірінші бөлімде несиелеумен байланысты тәуекелдерді басқарудағы елеулі
кемшіліктердің банк жүйесінің дағдарысына әсері ашылды. Бірқатар банктерде
тәуекел-менеджмент жүйесі мүлдем құрылмаған болса, басқаларында – осы
функцияның тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген, үшіншілерінде – жоғары
басшылық тәуекел-менеджерлердің туындаған проблемалар жөніндегі
ескертулеріне құлақ аспайды. Банк жүйесінің даму кезеңінде басшылық
тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құру үшін айтарлықтай күш-жігер
салуға тиіс. Ал ол үшін жоғары басшылықтың саяси еркі қажет. Біздің
ойымызша, Несие тәуекелділігі - сыртқы және ішкі орта факторлары әсерінен
қарыз алушы тұлғаның банк алдындағы өз міндеттемелерін орындаудан жартылай
немесе толықтай айырылуы. Шынайы экономикаға жіберілген қарыздарды икемді
басқарудың бірден-бір жолы – тәуекелдерді дұрыс басқара білу.
Қарыз алушыларды несиелеу кезінде туындайтын төлемсіздікті, жалпы
тәуекелділікті төмендету үшін бірнеше факторларды ескерген жөн:
- экономикадағы өзгерістерге сезімтал қандай да бір салаға
банктің несиелік қызметінің араласу деңгейін;
- қиындықты айтарлықтай сезінетін клиенттерге тиесілі болатын
несиелер мен басқа да банктік мәмілелердің үлес салмағын;
- жаңа, дәстүрлі емес, аз зерттелген салаларға банктің араласу
деңгейін;
- несиелер ұсыну, банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру
бойынша саясатқа жиі өзгертулер мен толықтырулардың жасалуын;
- жаңа және жақында тартылған клиенттердің үлес салмағын;
- аз уақыттың ішінде тәжірибеге жаңа қызметтердің неғұрлым мол
түрін енгізуін;
- тез құнсызданатын немесе нашар өтімді кепілзаттарының
қабылдануын.
Несие тәуекелділігін басқаруға байланысты айтарлықтай қиындықтарға
әкелетін кемшіліктер деп келесілерді атауға болады:
- несиелік саясат туралы жазбаша құжаттың болмауы немесе нашар
дайындалуы;
- несиелік портфель концентрациясына қатысты шектеу қойылмауы;
- несиелік жетекшілердің орталықтандырылуы мен
деорталықтандырылуы;
- несиелік объекттің жеткіліксіз талдауы;
- қарыз алушыны үстіртін талдау;
- кепілзатының асыра бағалануы;
- клиентпен байланыстың жиі болмауы немесе тіптен болмауы;
- бақылау аралығының ұзаруы (кәсіпорындарды несиелеуде) немесе
тіптен жүргізілмеуі;
- құжаттарға байланысты жеткіліксіз бақылау;
- қарыз қаржыларды шектен тыс қолдану;
- несиелік құжаттар топтамасының толық болмауы немесе қатаң
қадағаланбауы;
- несиелік процесті тиімді бақылап, уақытында аудиторлық
тексеруге ұсынбау және т.с.с.
Қазақстанда несие тәуекелділігін басқару жүйесінде жекелеген
элементтер ғана қызмет етуде. Несие тәуекелділігін басқарудың толық
жүйесіне әлі қол жеткізілген жоқ. Біз оның көптеген себептері бар деп
есептейміз: Біріншіден, біздің елімізде несиелік операциялар әлі қалыптасу
және даму сатысында, өйткені несиелік ресурстар көбіне шет елдерден
тартылатындығы сияқты, қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаудың
бірыңғай жүйесі жоқ, тағы да шет елдердің әдістеріне жүгінуге тура келеді.
Екіншіден, жоғарыда аталып өткендей, ақпараттық жүйенің әлсіздігі, несиелік
бюро қызметінің қалыптасу сатысында болуы, банктің іскерлік тәуекелділігін
тудырады. Еуропалық одаққа кіретін елдерде кредиторлар тұрақты негізде
несиелік бюролар арқылы қарыз алушылардың төлемқабілеттілігі туралы
ақпаратпен алмасады. Қазақстанда жеке несиелік бюролармен қатар несиелерді
мемлекеттік тіркеу институттарын құру жоспарлануда, бұл көптеген дамыған
елдерде қолданылады. Үшіншіден, ұсынылған несиелер бойынша кепілдеу
жүйесінің болмауы, бізде кепілдік қоры депозиттер мен ипотекалық несиелерге
қатысты құрылған. Төртіншіден, банктің несие тәуекелділігін есептеудің
бірыңғай әдістемесі жоқ, оның ішінде Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік
т.с.с. ерекшеліктерін ескеріп құрылған. Бесіншіден, банктік несие бойынша
қабылданған кепіл заттардың барлық уақытта анықталған өтімділікті көрсете
алмауы. Алтыншыдан, жақсы дайындалған барлық уақытта несие тәуекелділігіне
қарсы әрекет көрсете алатын несиелік саясаттың болмауы. Жетіншіден, банк
персоналдарының нашар дайындығы мен әрекеті және тез шешім қабылдай алмауы,
Сегізіншіден, қарыз алушыға байланысты келеңсіз немесе күтпеген
жағдайлардың орын алуы.
Зерттелген анықтамаларды нәтижелей келе, несие тәуекелділігі – бұл
кредитордың несиелік келісімнің шартында көрсетілген уақытта несие бойынша
негізгі қарыз сомасын және (немесе) ол бойынша есептелген сыйақы сомасын
қайтарып ала алмау ықтималдығы, деуге әбден болады. Банк пен қарыз алушы
арасындағы тәуекелділік мәселесінен кейін, несиенің бір түрінен, бірдей
сомада, бірдей мерзіммен, алған несиелерге байланысты да несие
тәуекелділігінің әбден болуы мүмкінкіндігін қарастырғымыз келеді (1-кесте).

Несие тәуекелділігін талдаудағы басты міндеттер болып, кредитордың
жеткілікті мөлшерде ақпарат алуы, оны өңдеуі мен бағалауы келесілерге қол
жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс: әлуетті қарыз алушыға несие берудің
дұрыстығы туралы шешім қабылдауға; қарыз алушы несиелік міндеттемелерін
(негізгі қарыз және бойынша сый ақыларды) орындай алмаған жағдайдағы
ықтимал қаржылық залалды есептеуге және өз қызығушылықтарын қорғау үшін
әрекет етудің арнайы жүйесінің алдын алу болып табылады.

Кесте 1 - Ұқсас клиенттердің несие қабілеттілігіне әсер ететін факторлар

Клиент Қарыз алушы тұлға-1 Қарыз алушы тұлға-2
Несие қабілеттілігін Несие қабілеттілік бір әдіспен анықталды
анықтау жолдары
Жұмыс өтелі Бұрыннан келе жатқан Жаңадан қызмет жасап
фирма жүрген фирма
Персоналдарды басқару Жақсы дайындалған Жалғыз кәсіпкер
менеджменті қызметкерлері бар
Өнімдер нарығы Кеңейтілген нарық Маманданған нарық
(азық-түлік саудасы) (компьютерлік желілерге
қызмет көрсету)
Негізгі клиенттері мен Қазақстандықтар Қазақстан және
жабдықтаушылары шетелдіктер
Банкпен анықталған Төмен Жоғары
тәуекелділік деңгейі
Ескерту - Зерттеу материалдары негізінде автормен құрастырылды.

Несие тәуекелділігі жіктемесі - бұл несиелік қатынастар құрылымының,
несиелеудің негізгі қағидаларының, қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және
ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Банктің
несие тәуекелділігін төмендету мақсатында төлемдерді қайтармау тәуекелінің
деңгейіне айтарлықтай әсер ететін факторларға ерекше назар аудару қажет, ол
тікелей біз дайындаған несие тәуекелділігі бойынша өзіндік жіктеуімізде
көрініс тапты. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің құрамдасы, банк
тәуекелділігі жөнінде берілген анықтамалар сан түрлі. Тәуекелділік жоғалту
қауіптілігі (немесе қауіп), бұл анықтама тәуекелділіктің өлшемінің өзгеру
сұрағын шеше алмайды. Банкте жақсы жетілдірілген және қалыптасқан несие
тәуекелділігін басқару жүйесін жасап алмай, несие тәуекелділігін басқарудың
тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес.
Бүгінгі таңда, банк жүйесі үшін клиенттің несие қабілеттілігін
анықтаудағы тиімді әдістер мен жолдарды дұрыс таба білу өзекті мәселе
күйінде қалып отыр. Дағдарыс жағдайында тәуекелдерді басқарудың бірдей
әдістемесін қолдану мүмкін емес. Қазақстанның коммерциялық банктері алдында
барлық уақытта қарыз алушының несие қабілетін талдау әдістемесін таңдау
мәселесі тұрады. Бұл сұрақтың туындауы біріншіден, несие қабілеттілікке
талдау жүргізетін несиелік қызметкерлердің тәжірибесінің аздығы болса,
екіншіден, қарыз алушылар туралы ақпараттың жалаңдығы. Егер шет елдерде
бірнеше ондаған жылдар бойы жинақталған ақпараттар табылатын болса, бізде
несиелік бюролардың құрылғаны кеше ғана. Үшіншіден, несие қабілеттілікті
анықтау бойынша Қазақстанда дайындалған әдістемелік нұсқаулар жоқтың қасы,
Ресей немесе шет елдер дайындаған несие қабілеттілікке қатысты әдістемелік
нұсқаларды Қазақстандық жағдайға ықшамдау қажет. Қазақстан банктері көп
жағдайда, банктің несие тәуекелділігі жүйесін басқаруда өзіндік тәжірибе
мен олқылықтарға көп назар аударады. Оның қандай себептерден болғанын,
қандай әдістер мен шешімдер орын алғанын қарастырады. Нарықтық экономика
жағдайында және шетелдік стандарттар мен нормативтердің көптеп енгізілуі
жағдайында Еуропа мен АҚШ сияқты елдердің миллиондап қаржы жұмсаған
зерттеулеріне үлкен мән берген дұрыс сияқты.
Бүгінгі күнге дейін қазақстандық және шетелдік қадағалау ұйымдарының
қарыз алушының несие қабілеттілігін, несие тәуекелділігі мен бағалау
әдістемесін қолдануында айтарлықтай ерекшелік болмады. Банкті қадағалау
бойынша Базель комитетімен қабылданған жаңа талаптар қалыптасқан тәжірибені
түбегейлі өзгертті десе де болады. Қарыз алушының несие қабілеттілігін
бағалау кезінде банктер мен рейтинг агенттіктерінің беретін бағасының
маңызы артты. Отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің еңбектерін
зерделей отырып, қазіргі несие нарығындағы және әлемдегі болып жатқан
өзгерістерге байланысты несие қабілеттілікке төмендегідей авторлық анықтама
берілді: Несие қабілеттілік – қарыз алушының банк алдындағы өз
міндеттемелері бойынша туындауы мүмкін несие тәуекелділігінің алдын-алу
және жою қабілеті. Несие қабілеттілікті анықтау кезінде бірнеше
көрсеткіштер мен белгілерге үлкен мән берген жөн, әлемдік және отандық
банктер тәжірибелерін қарастыра отырып қарыз алушының несие қабілеттілігін
бағалауда алға тартылатын белгілер сипатталды. Қарыз алушының несиелік
қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі
немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда
алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілеті болжанады. Өткен уақыттардағы
қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік
қабілетін бағалау барысында көңіл аударатын ең бір формалды көрсеткіш
болып табылады. Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз
алушыға беретін нақты қарызбен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің
дәрежесін көрсетеді. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті
бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді
есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға
мүмкіндік береді. Отандық және шетелдік тәжірибе несие тәуекелділігі мен
клиенттің несие қабілеттілігінің бірнеше анықтаушы белгілерін зерттеді.
Банктер тәжірибесінде қолданылатын қарыз алушының несие қабілеттілігін
анықтау мен бағалаудың маңызы мен қажеттілігін зерттей келе, олардың сан
алуан әдісі мен әдістемесі бола тұра несие тәуекелдерін басқаруға әлі толық
қол жеткізілген жоқ, яғни бұл сала көптеген зерттеулерді талап ететіндігін
көруге болады. Біз өз зерттеуімізде, несие қабілеттілік анықтамасыа
авторлық анықтама жасап, әр түрлі еңбектерде білдірілген пікірлерге
байланысты тұжырым білдірдік және қарыз алушының несие қабілеттілігін
бағалауда алға тартылатын белгілерді жинақтап жүйелендірдік.
Халықаралық банктік тәжірибеде тәуекелдерді басқару процесі қаржылық
менеджменттің шешуші бағыты деп қарастырылады. Тәуекелдерді басқару
(тәуекел-менеджмент) – бұл тәуекелдерді төмендету арқылы табыстардың
көлемін арттыруға және шығындардың көлемін азайтуға бағытталған шешімдерді
қабылдау және жүзеге асыру бойынша шаралардың жиынтығы болып табылады.
Тәжірибеде тәуекелді басқару кешенді сипаттағы және тәуекелдердің
салдарынан болатын қолайсыз нәтижелерді төмендетуге немесе болдырмауға
бағытталған аналитикалық, ұйымдастырушылық және қаржылық шаралардың
жиынтығы болып табылады. Тәуекелдерді сапалы деңгейде басқару коммерциялық
банктің ұзақ мерзімді перспективадағы табыстарға қол жеткізу мүмкіндіктерін
көтереді. Банк операцияларының басым бөлігі несиелік қызметпен байланысты.
Сондықтан да, несие тәуекелділігін басқару банктің қаржылық жағдайын
қамтамасыз етудің ең маңызды жолы болып табылады. Зерттеу барысында
қарастырылған анықтамалардың біреуі де несие тәуекелділігін себебі мен
нәтижесі бар белгілі бір үрдіс ретінде сипаттамайды, сондықтан несие
тәуекелділігін дұрыс жіктеу оларды тиімді басқаруға мүмкіндік береді деп
есептеп, несие тәуекелділігінің жаңа жіктемесі енгізілді.
Тәуекелді басқару - бұл өзіне: тәуекелдерді болжауды, олардың мөлшері
мен әсерін анықтауды, олардың алдын алу немесе олармен байланысты
залалдарды төмендетуге арналған іс-шараларды дайындау мен жүзеге асыруды
біріктіретін үрдіс. Осылайша, несиелік үрдіс пен оны жүзеге асырумен
байланысты несие тәуекелділігі, коммерциялық банктердің несиелеу жүйесі
бағытталған әсер ету объектілері болып табылады. Қалыптасқан банктік
тәжірибеде несие операцияларын жүзеге асыру және несие тәуекелділігін
басқару бойынша бірнеше әдістер мен тәсілдемелер қолданылады (1-сурет).

1 сурет - Несие операцияларын және несие тәуекелділігін басқару
бойынша қолданылатын тәсілдемелер (шаралар)
Ескерту - Зерттеу материалдары негізінде автормен құрастырылды.
Бұл жерде, несиелеу жүйесі несиелік қатынастарды ұйымдастырудың басты
буыны деп айтуға болады. Жалпы несие тәуекелділігін басқаруға екі тұрғыдан
келу қажет: нақты қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару және несиелік
портфельдің тәуекелін басқару тұрғысынан деп есептейміз.
Банктің несие тәуекелділігі сыртқы ортамен қатар ішкі орта факторларына
да тәуелді, сол себепті біреуіне ғана кеңірек көңіл бөліп (әдетте, сыртқы
факторлар әсерінен болатын тәуекелдер қауіпті саналады), екіншісіне
үстіртін қарауға болмайды. Өйткені, бүгінгі тәуекелділіктің шағын көрінген
элементтері, ертеңгі күні басқарылмайтын жағдайға жетуі мүмкін. Несие
жүйесіндегі тәуекелдерді басқару мен бағалаудың отандық және шетел
тәжірибелерін қарастыра келе, несие қабілеттілікті анықтау әдістері мен
әдістемелерінің әр түрін зерттеу барысында айтылған өзіндік ерекшеліктері
мен басымдықтары бар, тек қарыз алушы субьектті жақсы тани біліп, тиісті
әдістер мен әдістемелерді орынды қолдана білгенде ғана қарыз алушының несие
қабілетін анықтауға мүмкіндік болады деп санаймыз, бұл жерде басты назар
несие менеджерінің іскерлік қабілетінде болуы тиіс. Яғни, банктің несие
тәуекелділігін басқару, бірінші кезекте жөнімен дайындалған нормативті
құжаттарға тәуелді болса, екінші кезекте банк қызметкерлерінің біліктілік
деңгейіне байланысты болады.

2 Тәуекелдерді төмендету әдістері мен тәсілдерін қолдану тәжірибесіне
талдау
Банктердің несие портфельдеріне байланысты тәуекелдерді тежеу үшін
өткен жылы қабылданған бірқатар пруденциалдық нормативтердің, жылжымайтын
мүлікке байланысты несиелеу тәуекелдері және сыртқы кредиторлар тұлғаларына
байланысты несиелеу нормативтерін қоса алғанда дұрыстығын айту қажет.
Жылжымайтын мүлікке бағаның тез өсуін және ипотекалық несиелеу және
құрылысты несиелеудің одан әрі жалғасқан толқынын негізгі ала отырып, 
несиенің негізгі сомасы мен қамтамасыз етуге ұсынылған активтің бағалау
құны арасындағы пайызға ара қатынасын және несиелерді жіктеу үшін олардың
төлем қабілеттілігі бойынша, әсіресе ақша-несие талаптарын күшейтудің
әсерінен несиенің өсу қарқыны қажетті қарқыннан қалған жағдайда, одан әрі
күшейту мәселесін қарауға тура келеді. Бұдан басқа, сыртқы несиелеу және
банктің инвестициялық қызметі бойынша  пруденциалдық нормативтерді  күшейту
мүмкіндігін қарастыру қажет.
Сыртқы қаржыландыру есебінен өзінің бизнес стратегиясын қаржыландыратын
ЕДБ–ң соңғы жылдары өтімділіктің тапшылығы, қатаң талаптары жағдайында және
қайта қаржыландыру мен өтімділік тәуекелдерінің өрістеуі барысында іс-
әрекет жасауға мәжбүр болды, бұл олардың активтерінің өсу қарқынының
баяулауына және өз кезегінде нақты сектордағы несиелеу деңгейінің
төмендеуіне алып келді .
2-кестеде келтірілген деректерге сүйенетін болсақ, несиелеудің жоғары
қарқыны 2005-2006 жылдарға сәйкес келеді, бұл жылдары өсім 68,9% және 95,7
% құраған. 2007 жылы ағымдағы жаһандық дағдарыс Қазақстаннның банк
жүйесінің құрылымдық проблемаларына әсерін күшейтіп, сыртқы көтерме
қаржыландырудан қазақстандық банктердің тәуелділігінің жоғары болуымен
түйінделген 2007 жылы несиелеу (өсім 48,0%) 2006 жылмен салыстырғанда 2-есе
шамасында азайса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 4,2%
артқанын көруге болады. ал 2009 жыл нәтижесі несиелеу көлемінде айтарлықтай
өзгеріс болмағанын көрсетті.

Кесте 2 - Банктік сектордағы несие портфелінің көлемі және өсімі, 2005-2009
жж.

Атауы 01.01.001.01.001.01.001.01.08 01.01.001.01.1
5 6 7 жыл 9 0
жыл жыл жыл жыл жыл
Несие портфелі, млрд1 813,43 062,05 991,88 868,3 9244,549558,9
теңге
Өсім, өткен кезеңге 66,8 68,9 95,7 48,0 4,2 4,3
%-бен (оң жақ шкала)
Ескерту - ҚҚА сайты деректері негізінде есептелді.

Бұл ретте, жылжымайтын мүлік пен құрылыс секторларын несиелеу көлемі
төмендеді, сондай-ақ өз бизнесіне банк ресурстарының есебінен белгілі бір
деңгейдегі тұрақтылық жағдайында демеу көрсетіп отырған шағын кәсіпкерлік
субьектілерін де несиелеу біршама азайды. Жылжымайтыне мүлік нарығындағы
тұрақсыздық және бағаның өзгеруі, іскерлік белсенділігінің төмендеуімен
қатар несиелеу талаптарын қайта қарау арқылы ЕДБ тәуекелдерін қайта
бағалау, сондай-ақ халықтың сатып алу қабілеттілігінің кемуі банк
секторының тұрақты жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі
болып табылатын банктердің несиелік портфелінің сапасына кері әсер етті .
Қазақстанның банк жүйесіндегі төлем мерзімі өткен (2, 4, 5 санаттағы
күмәнді және үмітсіз) несиелердің деңгейі бірыңғай несиелерді есепке
алғандағы жиынтық банк активтерінің 10% тең шекті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің несиелік тәуекелін басқару кезеңдері
Активті несиелік операциялар банк қарыз алушыға ссуда берген кезде
Несиелік тәуекелді бағалау әдістері
«Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін бағалау және төмендету жолдары»
Несиелік тәуекелдерді басқару әдістері
Банктің проблемалық несиелерді басқаруы тұрғысында несиелік тәуекелін талдау
Тәуекелділік туралы
Несие тәуекелділігі жайлы
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі туралы
Қарыз алушының несие
Пәндер