Нотариустардың құқықтық дәрежесі



«Нотариат туралы» заңның 6 бабына сәйкес жоғары заң білімі бар, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған, Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.

Өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен соттылығы алынған, белгіленген тәртіппен іс - әрекет жасауға қабілетсіз немесе іс әрекет жасауға қабілеттілігі шектеулі деп танылған адам нотариус бола алмайды. Сонымен қатар, өзіне қатысты ақталмайтын негіздер бойынша. Қылмыстық іс тоқтатылған, лицензиясы кері қайтарылып алынғандықтан немесе нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңдарының бұзылуына жол бергені үшін, мемлекеттік нотариус қызметінен босатылғандықтан, нотариаттық қызметті тоқтатқан адам да, осындай оқиға болғаннан кейін 3 жыл бойы нотариус бола алмайды.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Нотариустардың құқықтық дәрежесі

Нотариат туралы заңның 6 бабына сәйкес жоғары заң білімі бар, әділет
аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста кемінде бір жыл
тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия
алған, Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.

Өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен соттылығы алынған, белгіленген
тәртіппен іс - әрекет жасауға қабілетсіз немесе іс әрекет жасауға
қабілеттілігі шектеулі деп танылған адам нотариус бола алмайды. Сонымен
қатар, өзіне қатысты ақталмайтын негіздер бойынша. Қылмыстық іс
тоқтатылған, лицензиясы кері қайтарылып алынғандықтан немесе нотариаттық іс-
әрекет жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңдарының бұзылуына жол
бергені үшін, мемлекеттік нотариус қызметінен босатылғандықтан, нотариаттық
қызметті тоқтатқан адам да, осындай оқиға болғаннан кейін 3 жыл бойы
нотариус бола алмайды.

Заңның 17 бабында нотариустардың құқықтары бекітілген, яғни нотариус
құқылы

Нотариустар мынандай қызметтер, яғни клиенттердің құжаттарын бекіту және
нөмірлеу және құжаттардың көшірмелерін т.б. бекітумен айналысады.
Нотариустардың құқықтарына сондай ақ көмекшілері мен сынақтан өтушілерін
игеру құқығын жатқызуға болады. ҚР азаматы ғана нотариустың көмекшісі бола
алады. Оған арнайы білім талаптары қойылмаған. Азаматтық заңнаманың жалпы
ережесі бойынша, ол толық әрекетке қабілетті болуы тиіс. Нотариустың
көмекшісі нотариустың тапсырмаларын, нотариустың нұсқауымен және
жауапкершілігімен орындауға құқылы. Нотариустың нұсқауымен берілген
тапсырмаларға Клиентпен ұсынылған құжаттарды тексеру, мәмілелерді жасау
түрлерін қарау, нотариустың болмауына байланысты нотариалдық құжаттарды
алу уақытын клиенттер үшін маңыздылығын талқылау. Статистикалық есеп
тапсыру үшін мәліметтерді дайындау, кіріс және шығыс жіберілімдерін тіркеу,
істің наменклатурасы бойынша құжаттарды тігу, телефон байланыстары бойынша
хабарламаларды қабылдау, құжаттарды тізімдеу және әзірлеу жатады. Көмекші
шарттық төлем немесе жалақы ала алады. Ресей Федерациясында нотариустың
көмекшісі жоғары заң білімін игеруі тиіс.

Жоғары заң білімі бар және аттестаттаудан өткен, ҚР азаматтары нотариустың
сынақтан өтушілері бола алады. Сынақтан өтушілер сынақтан өту туралы шарт
негізінде бір жыл мерзімге жеке тәжірибемен айналысатын нотариустарда
немесе мемлекеттік нотариустарда сынақтан өтеді.

Заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар адамдар үшін аумақтық
әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен сынақтың
мерзімі қысқартылуы мүмкін. Сынақтың ұзақтығы үш айдан кем болмауы керек.

Нотариустардың сынақтан өтушілердің сынақтан өтуінің тәртібі, мерзімі мен
шарттары ҚР Әділет министрлігі бекіткен 2003 жылы 20 тамыздағы
нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережемен белгіленеді. Сынақтан өту
мерзімі, сынақтан өтушілердің мамандық белгілері және жұмыс тәжірибесі,
сынақты тіркеудегі сынақтың жетекшісінің наразылығының негізінде, сондай ақ
ережемен көрсетілген әңгіме өткізу тәртібінің нәтижесі бойынша
қысқартылады. Сынақтан өту бойынша шарт жасасуы және сынақтың жетекшісінің
тағайындауы туралы өтініш аумақтық әділет органдарының басшысына келесі
жағдайларда ұсынылады - егер тұлға мемлекеттік нотариуста сынақтан өтуді
ұсынса, ол аумақтық нотариалдық палатаның төрағасына; егер тұлға жекеше
нотариуста сынақтан өтуді ұсынса, тағайындалады.

Өтінішке келесі құжаттар қосымша берілуі керек

Сынақтан өтуге тілек білдірген тұлға мамандық кәсібі және жұмыс
тәжірибесін және стаждық мерзімін дәлелдейтін қосымша құжаттар ұсына алады.

Сынақтан өту туралы шартта келесілер көрсетілуі тиіс яғни, жақтардың
құқықтары мен міндеттері, сынақтан өту орны, сынақтан өту мерзімі, тәртібі
және жағдайлары, жұмыс уақытының режимі, тағылымдамадан өтудің төлемі және
жағдайы, мөлшері. Жекеше және мемлекеттік нотариустарда тағылымдама
төлемінің мөлшері тағылымдаманың әр бір айының есеп беру күнімен
көрсетілген он айлық есептік көрсеткіштің үш есе мөлшерінде болуы мүмкін.

Тағылымдама аумақтық нотариалдық палата немесе аумақтық әділет органымен,
анықталған нотариустың жетекшілігімен өткізіледі. Сонымен қатар тағылымдама
жетекшісі нотариалдық қызметте кем дегенде бес жыл тәжірибе және стажы бар
болуға тиіс. Бір нотариуста бір уақытта тағылымдамадан кем дегенде екі
тұлға өте алады. Қажет жағдайда Әділет органы немес нотариалдық палата
тағылымдама мерзімі кезінде тағылымдаманың басқа жетекшісін тағайындау
туралы шешім қабылдауы мүмкін. Тағылымдамадан өту аумақтық нотариалдық
палата немесе аумақтық Әділет органдарының шешімдеріне сәйкес бекітілген
бір бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаның мазмұнында нотариустардың жұмысын ұйымдастыру және
нотариалдық қызметті жасау бойынша тағылымдамадан өтушінің тәжірибесіне
бағытталған шаралардың тізбесі көрсетілуге тиіс. Тағылымдама мерзімін
қысқарту тағылымдама бағдарламасын негіздеудің міндеттерінен босатпайды.

Тағылымдамадан өту кезеңінде тағылымдама жетекшісінің жетекшілігімен
тағылымдамадан өтуші мынандай қызметпен танысады яғни, азаматтарды
қабылдауды ұйымдастыру, қабылдау тәртібін, түскен жіберілімдерді тіркеу
және есепке алу, кіріс және шығыс жіберілімдерін тіркеу, кітаптарды жүргізу
тәртібін, тіркеу журналымен статистикалық есепті құрастыру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жекеше нотариус
Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуы
Қазақстан Республикасы нотариаттық қызметтің конституциялық құқықтық негіздері
Азаматтық құқықтық жауапкершілік туралы ақпарат
САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, ҚОЛДАНЫЛУЫ
Нотариаттың, мақсаты, функциясы мен қағидалары туралы
Нотариалдық әрекеттерді жүзеге асыру
САҚТАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫ пәнінің ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Қылмыс ұғымы және қылмысқа жауапкершілік
Нотариаттық қызметтің Қазақстан Республикасында қалыптасуы мен дамуы
Пәндер