1970-1990 жылдардағы Қазақстан



Мазмұны:

1. 1970.1990 жылдары Қазақстанда өнеркәсіптің жоспарларын орындаудың барысы және оның дағдарысқа ұшырауы.
2. 1970.1990 жылдары Қазақстанда ауылшаруашылық жоспарларын орындаудың барысы және оның дағдарысқа ұшырауы.
3. 1970.1990 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік, экономикалық жағдай. "Невада—Семей" қозғалысы.
4. Қазақстандағы демографиялық процестер және 1986 жылы желтоқсанда қорлық көргендер мен зәбірленгендер.
1. 1970—1990 жылдары Қазақстанда өнеркәсіптің жоспарларын орындаудың барысы және оның дағдарысқа ұшырауы
1970-1990 жылдары Қазакстаңда өнеркәсіп кәсіпорындары мен цехтар салынды. Павлодар — Екібастұз, Қаратау — Жамбыл, Маңғышлақ, Теміртау - Қарағанды, Рудный - Алтай, Қостанай — Лисаковск және басқа да бірегей территориялық-өңдірістік комплекстер (ТӨК) іске қосылды және даму үстінде болды. Халық шаруашылығына жаңа салалары — газ, подшипник, трактор, фосфор, атом өнеркәсібі пайда болып, интенсивті түрде дамыды. Республика титан, магний, глинозем, шойын, кокс, жасанды каучук, полиметалл аммофос, көтергіш крандар, электро-двигательдер, осы заманғы сым созатын станоктар, ұстапресс машиналарын және басқаларды шығара бастады. Шевченко (Ақтау) қаласында тұңғыш рет шапшаңдатылған нейтронды (Б— 350) өндірістік атом реакторы жұмыс істей бастады. Екібастұз еліміздің төртінші көмір ошағы деп аталды. 80 жылдары мұнда Советтік Қазақстанда совет өкіметі орнаған жылы бүкіл елімізде өндірілгендегіден көп көмір шығарылады. Ермак ферросплав, Павлодар алюминийді қайта өңдеу заводтары салынды. 1975 ж. мартта 100 мыңыншы трактор жасап шығарғанды. Ұзындығы 1500 км Өзен — Гурьев — Куйбышев "ыстық" мүнай құбыры салынды. Қаратаудағы фосфорит кені негізінде химия өнеркәсібінің ірі территориялық-өндірістік комплексі (ТӨК) пайда болды. Қаратау — Жамбыл ТӨК-і СССР-дегі сары фосфор мен құрама тыңайтқыш өндіру жөніндегі ірі базаға, Соколов-Сарыбай және Лисаковск кен байыту комбинаттары Урал мен Қазақстандағы қара металлургияның ірі шикізат базасына айналды. Көмір өндірудің негізгі процесі толық механика-ландырылды. Жер асты рудниктерінде кен қазудың прогрессивті әдістері өңдіріске енгізілді. Түсті металл балқыту оттегін үрлеуді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Өнер-кәсіпте механикаландырылған тасқынды және автоматты желілерді автоматты басқару жүйесінің, есептеу және информациялық орталықтардың саны артты.
1965-80 жыддары республика бойынша өңдірілген жалпы қоғамдық өнім 3 еседен астам өсті. 1940 ж. шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің көлеміндегі өнімді республика 1965 ж. 30 күнде, 1970 ж. 19, ал 1978 ж. 12 күнде өндірді.
Өндірілген өнеркәсіп өнімдері мен электр энергиясының жан басына шаққанда Қазақстан еліміз бойынша алдыңғы орындардың біріне ие болды. Жарыстың коллективтік және жеке түрлері бір-бірімен табиғи үйлестірілген. Жүмысшы табының қалың тобы "Қатарымызда бірде-бір артта қалушы болмасын", "Бескүндіктапсырмасын төрт күнде", "Сапа бесжылдығына — жоғары кепілдік" деп аталатын патриоттық қозғалыс азаматтық үлкен мәнге ие болды. "Қазақстандық сағат үшін", "Тиімділік пен сапа бесжьщцығына — жастардың энтузиазмы мен творчествосы", "Қол еңбегін — механизмдерге жүктейік", "Тиімділік пен сапа бесжылдығына — тыңның толық дәнді масағы" деп аталатын және басқа да бастамалар республика жастарының творчестволық еңбек және саяси белсенділіктерінің артуына ықпал етті. Семей облысы Шұбартау ауданы мектеп бітірушілерінің "Мал шаруашьшығы — жастар ісі" деп аталатын бастамалары қолдау тапты. Жеке творчестволық жоспар бойынша жарысқа түсу, аралас мамандық кәсіпорындарының жарысы, достық балқымасы, бригадалық шаруашылық есепті енгізу қозғалысы т.б. кең өрістетілді. Ғылым мен өндіріс қызметкерлері арасындағы өзара достық нығайды. Осы жылдарда ҚазССР ҒА республика халық шаруашылығын, экономикасы мен мәдениетін өркендетудің маңызды проблемаларын шешетін еліміздегі ірі ғылыми орталыққа айналды. Республика ғылымдарының геология, сейсмология, металлургия, химия, зоология, астрофиз және жаратьшыстану техника білімдер салаларындағы зерттеулерінің нәтижелері дүние жүзіне белгілі болды.
Қазақ ССР-і, РСФСР және УССР өңцірістік және ғылыми коллективтері арасындағы тәжірибе алмасу барған сайын жаңа салаларды қамтыды. Донбас пен Қарағанды шахтерлерінің, металлургтерінің, "Казметаллургстрой" және Череповец трестері құрылысшыларының, Кривой Рог пен Соколов — Сарыбай кеншілерінің, Запорожье және Өскемен
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. "Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын". "Егемен Қазақстан". 1998, 16 қаңтар.
2. Қазақстан агроөнеркәсібі. 1990, №4.
3. Ақиқат. 1994, №5.
4. Қазақ тарихы. №4.
5. Краткие итоги Всесоюзной переписи населения 1989 г. КазССР. Алма-Ата, 1990.
6. Қазақ ССР тарихы. Бес томдық. 5-том. Алматы, 1984
7. Казахская ССР Краткая энциклопедия. том 1. Алматы,'
1985.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
1970-1990 жылдардағы Қазақстан

Мазмұны:
1. 1970-1990 жылдары Қазақстанда өнеркәсіптің жоспарларын
орындаудың барысы және оның дағдарысқа ұшырауы.
2. 1970-1990 жылдары Қазақстанда ауылшаруашылық жоспарларын орындаудың
барысы және оның дағдарысқа ұшырауы.
3. 1970-1990 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік, экономикалық жағдай.
"Невада—Семей" қозғалысы.
4. Қазақстандағы демографиялық процестер және 1986 жылы желтоқсанда қорлық
көргендер мен зәбірленгендер.

1. 1970—1990 жылдары Қазақстанда өнеркәсіптің жоспарларын орындаудың
барысы және оның дағдарысқа ұшырауы
1970-1990 жылдары Қазакстаңда өнеркәсіп кәсіпорындары мен цехтар салынды.
Павлодар — Екібастұз, Қаратау — Жамбыл, Маңғышлақ, Теміртау - Қарағанды,
Рудный - Алтай, Қостанай — Лисаковск және басқа да бірегей территориялық-
өңдірістік комплекстер (ТӨК) іске қосылды және даму үстінде болды. Халық
шаруашылығына жаңа салалары — газ, подшипник, трактор, фосфор, атом
өнеркәсібі пайда болып, интенсивті түрде дамыды. Республика титан, магний,
глинозем, шойын, кокс, жасанды каучук, полиметалл аммофос, көтергіш
крандар, электро-двигательдер, осы заманғы сым созатын станоктар, ұстапресс
машиналарын және басқаларды шығара бастады. Шевченко (Ақтау) қаласында
тұңғыш рет шапшаңдатылған нейтронды (Б— 350) өндірістік атом реакторы жұмыс
істей бастады. Екібастұз еліміздің төртінші көмір ошағы деп аталды. 80
жылдары мұнда Советтік Қазақстанда совет өкіметі орнаған жылы бүкіл
елімізде өндірілгендегіден көп көмір шығарылады. Ермак ферросплав, Павлодар
алюминийді қайта өңдеу заводтары салынды. 1975 ж. мартта 100 мыңыншы
трактор жасап шығарғанды. Ұзындығы 1500 км Өзен — Гурьев — Куйбышев "ыстық"
мүнай құбыры салынды. Қаратаудағы фосфорит кені негізінде химия
өнеркәсібінің ірі территориялық-өндірістік комплексі (ТӨК) пайда болды.
Қаратау — Жамбыл ТӨК-і СССР-дегі сары фосфор мен құрама тыңайтқыш өндіру
жөніндегі ірі базаға, Соколов-Сарыбай және Лисаковск кен байыту
комбинаттары Урал мен Қазақстандағы қара металлургияның ірі шикізат
базасына айналды. Көмір өндірудің негізгі процесі толық механика-
ландырылды. Жер асты рудниктерінде кен қазудың прогрессивті әдістері
өңдіріске енгізілді. Түсті металл балқыту оттегін үрлеуді қолдану арқылы
жүзеге асырылады. Өнер-кәсіпте механикаландырылған тасқынды және автоматты
желілерді автоматты басқару жүйесінің, есептеу және информациялық
орталықтардың саны артты.
1965-80 жыддары республика бойынша өңдірілген жалпы қоғамдық өнім 3
еседен астам өсті. 1940 ж. шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің көлеміндегі
өнімді республика 1965 ж. 30 күнде, 1970 ж. 19, ал 1978 ж. 12 күнде
өндірді.
Өндірілген өнеркәсіп өнімдері мен электр энергиясының жан басына шаққанда
Қазақстан еліміз бойынша алдыңғы орындардың біріне ие болды. Жарыстың
коллективтік және жеке түрлері бір-бірімен табиғи үйлестірілген. Жүмысшы
табының қалың тобы "Қатарымызда бірде-бір артта қалушы болмасын",
"Бескүндіктапсырмасын төрт күнде", "Сапа бесжылдығына — жоғары кепілдік"
деп аталатын патриоттық қозғалыс азаматтық үлкен мәнге ие болды.
"Қазақстандық сағат үшін", "Тиімділік пен сапа бесжьщцығына — жастардың
энтузиазмы мен творчествосы", "Қол еңбегін — механизмдерге жүктейік",
"Тиімділік пен сапа бесжылдығына — тыңның толық дәнді масағы" деп аталатын
және басқа да бастамалар республика жастарының творчестволық еңбек және
саяси белсенділіктерінің артуына ықпал етті. Семей облысы Шұбартау ауданы
мектеп бітірушілерінің "Мал шаруашьшығы — жастар ісі" деп аталатын
бастамалары қолдау тапты. Жеке творчестволық жоспар бойынша жарысқа түсу,
аралас мамандық кәсіпорындарының жарысы, достық балқымасы, бригадалық
шаруашылық есепті енгізу қозғалысы т.б. кең өрістетілді. Ғылым мен өндіріс
қызметкерлері арасындағы өзара достық нығайды. Осы жылдарда ҚазССР ҒА
республика халық шаруашылығын, экономикасы мен мәдениетін өркендетудің
маңызды проблемаларын шешетін еліміздегі ірі ғылыми орталыққа айналды.
Республика ғылымдарының геология, сейсмология, металлургия, химия,
зоология, астрофиз және жаратьшыстану техника білімдер салаларындағы
зерттеулерінің нәтижелері дүние жүзіне белгілі болды.
Қазақ ССР-і, РСФСР және УССР өңцірістік және ғылыми коллективтері
арасындағы тәжірибе алмасу барған сайын жаңа салаларды қамтыды. Донбас пен
Қарағанды шахтерлерінің, металлургтерінің, "Казметаллургстрой" және
Череповец трестері құрылысшыларының, Кривой Рог пен Соколов — Сарыбай
кеншілерінің, Запорожье және Өскемен металлургтерінің, Ембі мен Түмен
мұнайшыларының, Қазақстанның және Алтай өлкесі мен Орынбор тың
игерушілерінің, Қазақстанның, Ростов обл., Ставрополье, Кубань қой
өсірушілерінің арасындағы жарыс дәстүрге айналды. Е.Проскурин мен
А.Дәрібаевтың, Ембі мен Түменнің мұнайшылары А.Назарымбетов пен
М.Фарраховтың арасындағы творчестволық достыққа ұласты. Республика өкілдері
Қарақүм каналын, Белоруссияның Солигорск комбинатын, Бүхара — Орал газ
құбырын, камазды салуға қатысып, БАМ-ды, қара топырақты емес аудандарды
игеруде қажырлы еңбек етті. Қазақстанда ірі агроөндірістік жүйелерді
қалыптастыруда, бірсыпыра. территориялық-өндірістік комплекстер құру
жөніндегі кең көлемді жұмыстарды өрістетуде, өндіргіш күштерді орналастыру
проблемаларын үйлесімді шешуде, ҚазССР-інің бүкілодақтық экономикадағы
үлесінің артуында рөлі зор болды.
Россияның қара металл прокаты мен автомобильдерді ауыл-шаруашьшық
машиналары мен таукен шахталарына арналған құрал-жабдықтарды, Украинаның
құрылыс-монтаж жабдығы мен металл кесетін станоктары, Белоруссияның
радиоапаратуралары мен подшипншегері ҚазССР-інің өңдіріс потенциалының
бұрын болып көрмеген динамикалық қар-қынмен өсуіне жағдай жасады. Қарағанды
металлургия, Соколов-Сарыбай, Жаркент кен-байыту, Қаратау химия, Жезқазған
кенметаллургия, Өскемен титан-магний, Жетіқара асбест комбинаттары,
Бұқтырма, Қапшағай СЭС-тері, Павлодар алюминий, Гурьев мұнай-химия, Кентау
тарнсформатор заводтары, Ермак ферроқорыта заводы, Алматы төменгі вольтті
апаратуралар заводы, "Семипалатинск-ковалът" заводы сияқты иңцустриялық
алыптар — барлық коллективтік еңбегінің және ынтымақтаса күш жұмсауының игі
нәтижесі еді.
Бірақта өнеркәсіп өнімдерінің табысы КСРО-ның қарулы күштерін нығайтуға
жұмсалды. Соның салдарынан қалыпты жанжақты шаруашылығының дамуы жоғадды.
Орта жылддық өндірістік өнім 9-шы (1970-1975) бесжылдықта 10% (1975-1980)
8,4%-ке, 11-ші (1980-1985) бесжылдықта 3,8%-ке, ұлттық кіріс 4,4 %-ке
азайды. 9-шы бесжылдықта 12,6%, 10-шы бесжылдықта 25%, 11-ші бесжылдықта
3,6% жоспар орындалмаған.
Сонда мұның себебі не? Республиканың экономикалық өнімінінің жартысынан
астамы одақтық Министрлер одағының басшылық тарабында болды. Соның
салдарынан шикізат өнімін жөнелтуге кедергі жасалды.
Кәсіпорынның жалпы табысы 15 миллиард сомның Қазақстан бюджетіне тек қана
30 миллион сомы түсті немесе 1% қана құрады, Республикадан кең көлемде
мүнай, көмір, түрлі-түсті қара және сирек кездесетін металдар, тыңайтқыштар
шығарылды. Жалпы көрсеткіш пен пайда табудың санына түскен қаржыдан
министрлер орталығы қоршаған ортаны қорғауға, адамдардың денсаулығын
сақтауға, әлеуметтік құрамының дамуына ешқаңдай қаражат бөлмеді жөн көңіл
қоймады.

2. 1970-1990 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылық жоспарларын орындаудың
барысы және оның дағдарысқа ұшырауы

Тың игеру Қазақстанды еліміздегі ірі мықты аймақтың біріне айналдырды. Тың
игергеннен бері республика совхоздары мемлекетке 17,7 млрд. пұттан астам
астық сатты. 10-бесжылдықтан кейін Қазақстан жыл сайын мемлекетке орта
есеппен 1 млрд. пұттан жоғары астық өткізіп тұрды. Елімізде өндірілетін
товарлы бидайдың 25-28%-ін, жалпы одақ жүн өндірудің 24%-ін, қаракөл
терісіне 33%-ін береді. С Республикада 2077 совхоз, 415 колхоз жұмыс
істеді. Колхоздар мен совхоздарда қормен жарақтану 15 жылда 1(1967-82) 4
есе, электрмен жарақтану 3,4 есе өсті. Ауыл, (селоға қызмет көрсететін
барлық салалар — химия, құрама жем, ауыл шаруашылық машиналарын жасау, су
шашу және селолық құрылыс дамыды. Республика егістіктерінде 239 мың
трактор, 109 мыңнан астам астық комбайындары, 184 мың жүк автомобильдері,
көптеген басқа техника жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық өндірісін мамандану
мен шоғырландыру, оньщ агроөндірістік интеграциясы кең көлемде жүзеге
асырылды. Ауыл шаруашылығын химияландырудың, жер суландырудың және
жайылымдарға су жіберудің көлемі өсті. Мал бордақылау және ет өндіру
жөніндегі мал шаруашылық комплекстері, ірі құс фабрика салалары, жүздеген
совхоздар мен колхоздардың күшін біріктіретін шаруашылықаралық ұйымдар
құрылды.
1971—1982 жылдары ғана 7,9 млн. адам жаңа үйге көшті, яғни әрбір екі
тұрғынның бірі жаңа үйге көшті. Адамдардың денсаулығын сақтау саласында 46
мыңға жуық дәрігер еңбек , етті.
1985—1990 жылдары ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырады.
Ауыл шаруашылығының төменгі дәрежеде дамуының негізгі себептері мыналар:
шаруалардың экономикалық ынтасының шаруашылықта қыспаққа алынуы, колхоздық
секторларды жою және мемлекетгік меншікке алу совхоздарды көбейту.
Шаруашылық еңбек үнемі қатар әкімшілік бақылауда болады. Бұның бәрі
шаруашылық бастамаларын төмендетуге, қоғам еңбегінің нәтижесін де
немқүрайлы қарауға әкелді! Тұрғындар ауылдық жерлерден кете бастады.
Егер 1950 жылы Қазақстанда 3760 колхоз болса, ал 1985 жылы 388 ғана
қалған.
Колхоздардың өлшемі ерікті түрде құралды, оларды орналастыруда табиғи
өндіріс орыңдары мен басқа да фактілер есепке алынбады. Бұның нәтижесінде
бірнеше тұрғындар пункттері басқарусыз қалды.
Жалпы істің нәтижесінде 1956-1965 жыддармен салыстырғанда 1966-1975
жылдардағы дәнді дақылдар түсімі әр гектарға шаққаңда орта есеппен 1,9
центнерге артты. Осы мерзімде Қазақстан одаққа үш мәрте 16,4 миллион
тоннадан асырып астық тапсырды. Бұл көрсеткіш оныншы бесжылдықта маусым
сайынғы сипат алды. Жан басына шаққанда 1986-1990 жыддары Қазақстанда 1556
килограмм астық өндіріледі. Орталық басшылык болса республика алар межені
қол жеткен табыстардан жоспарлай отырып, бүрынғыдан бетер биіктетті. Он
бірінші бесжылдықта астықтың жалпы түсімін 28-29 миллион тоннаға, он екінші
бесжылдықта 31,5 миллон тоннаға жеткізуді талап етті.
Жөнсіз қабылданған шешімдер мен нұсқаулар егіншілік шаруашылығының
қайтарым заңын бүзды. Сол кездің өзінде егіншілікте топырақ өңдейтін тиімді
машиналар ықпал жасайтын тыңайтқыштар жүйесі қайтадан ойластырылмады. Жер
қыртысына органикалық заттарды енгізу, арамшептермен, өсімдік ауруларымен
күрес ісі жеріне жете шешілмей қалды.

3. 1970-1990 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік, экономиялық жағдай.
Невада-Семей қозғалысы

Әскери объектілер, ірі өнеркәсіп пен энергетикалық комплекстердің
салынуы, қоршаған ортаға үлкен шығын әкелді.
Айырықша экологиялық жағдай Арал теңізі бойындағы аудандарды қамтыды.
Арал теңізіндегі Сырдария мен Амудария суларын мақталы алқаптарға
паңцаланды. Осының салдарынан теңіз суы 15 метрге төмендеп, көлемі 54%-ке
азайды. Жағалауы оңтүстік пен шығысқа қарай 60-120 км кейін шегінді. Теңіз
түбі 25 мың кв. километрге тартылды.
Мұның бәрі аймақтағы экологиялық және санитарлық-эпидемиялық жағдайын
біршама нашарлатты. Бірден жұқпалы аурулар көбейді, әсіресе іш сүзегі, сары
ауру, туберкулез бен онкологиялык аурулардың саны көбейді.
1970-1990 жьшдары Арал жағалауыңца жалпы өлім саны екі есе көбейді.
Туылған 1000 баланың 40-60-ы өлімге ұшырады. Ал, аналар өлімі жалпы одақтық
көрсеткіштен 46 есе артық болды. Семей ядролық полигоны жерінде үнемі
экологиялық қауіп бұлты сейілмеді.
Қоғамды саяси өзгерістер шарпыды.
Л.Брежнев басқарған мемлекеттік партия 60-шы жылдардың 2-ші жартысында
КПСС-тің ХХ-съезі салған жолдан тайып кетті. Бұрынғы сталиндік өкіметтің
саяси құрылымын және мемлекет бюрократиялық басқаруды сақтап қалуға барлық
мүмкіндіктерді жасады. Репрессиялық құрбаңдыққа ұшырау тоқтатылмады.
1978 жылы Қазақ ССР-ның жаңа конституциясы қабылданды. Оның жобасы кең
көлемде талқыланғанмен формальдық тұрғыдан жүргізілді.
Ұсыныстар мен ескертулер республиканың правосын кеңейтуге, қоғамды
демократияландыру, адамның құқығын сақтау туралы жағдай бүркемеленіп келді
және республиканың негізгі заңында айтылмады.
Конституция бабыңда Қазақстан ұлттық республика ретіңце көрсетілмеген.
КПСС-тің басқару ролі заңды түрде бекітілді. Бұл басқа да партиялар
құруға мүмкіндік бермеді.
Нақты өкімет қоғамның барлық жолында партиялық аппараттық басқаруға
көшті. Кәсіподақ ұйымдары әкімшілік және партиялық органдардың көрсетілген
жұмыстарын атқарды. Халық совет депутаттары өкіметті басқарудан қадды.
Қазақстандағы ауылдар мен қалалар арасындағы әбден асқынған өлеуметтік
ауытқушылық көптеген адамның, отбасының тағдырын таптап, шексіз құлдырауға,
жалаң идеологияның сойылын соғып, оның қара құлы болуға мәжбүр еткені
бәрімізге мәлім. 1989 жылдың 28 наурызыңда Қазақ КСР Министрлер кеңесі
Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Жезқазған, Қостанай,
Семей, Талдықорған, Орал және Шымкент облыстарының шалғайдағы аудандарының
әлеуметтік дамуын жедеддету жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Бұл
республикадағы мүлгіп жатқан ауылдардағы өлі тыныштықты бұзған қаулы болып
табылды.
Бұл құжатта Қазақстандағы 205 ауылдық ауданның 71-інің әлеуметтік даму
дәрежесі өте төмен, ал оның 30-ының мүлдем мешеу қалғандығы ашық айтылды. "
Осы 30 ауданда 1 млн. аса адам тұрады. Ал, олардың 900 мыңы қазақтар.
Ондағы әйелдің әдетте 6-8-ден баласы бар, балалардың шетінеуі ең жоғары
деңгейде"1 — деді. Н.Ә.Назарбаев осы мәселеге арналған мәжілісте. 1990
жылдан бастап осы аудандардың "ұмыт қалған" ауылдардың әлеуметтік дамуын
жеделдету мақсатында 200 миллион, кейін 274 миллиОн сом қаржы бөлінді.
Еліміз тәуелсіздік алып, еңсесі көтерілгенде түп бесігіміз — ауылдардағы
тыныштықты жойып, алдыңғы қатарлы дамыған өркениетті елге айналу — басты
мақсат болды.
1989 жьшы акпанда "Невада-Семей" деп аталатын ядролық сынақтарға қарсы
қозғалыс дүниеге келді. Қазақстандық ядролық қарусыз дүние үшін күресушілер
өздерінің невадалық әріптестеріне достық ниеттерін білдірді. Қозғалыстың
негізгі мақсаты Семей полигоны, әлемдегі басқа да ядролық қаруға қарсы
күресушілер әлемнің түрлі елдеріндегі азаматтық қарсылық көрсету марштарына
қатысты. Бұл қозғалыстың құрамына "Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы",
"Парламентшілер ғаламдық шараларды қолдайды", "Гринпис" ұйымдары, Жапония,
АҚШ, Германия, Франция және басқа да елдердің күрескерлері енетін.
Халықаралық ядролык қаруға қарсы альянсқа айналуына мүмкіндік берді.
Қозғалыс бөлімшелері Қазақстанның барлық қалалары мен аудаңдарында, сондай-
ақ Ресей, Қырғызстан, АҚШ пен Түркияда ашылды.
"Невада-Семей" қозғалысының жетекшісі О.Сүлейменов халықаралық қозғалысы
өте аз мерзім ішінде Семей полигонындағы ядролық сынақтар санын қысқартуға
көмектесті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің 1991 жылғы 29
тамыздағы Жарлығымен 459 ядролық сынақ өткізген Семей полигонын жапты. Бұл
акция біздің еліміздің атом қаруын таратпау саясатының басы болды.
Тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасы алдында ядролық саясаттың
өзіндік қырсырын, ядролық қаруды жоюдың түрлі мәселелері бойынша
ұстанымдарын анықтау секілді өте маңызды міндеттер тұрды. Ядролық қарудан
бас тарту саясатын ұстанған Қазақстан 1991 жылғы 29 желтоқсандағы Алматы
декларациясына қол қоюшы ретінде Ресей, Украина және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Урбанизация туралы
Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару
1970 – 1990 жылдардағы Қазақстандағы көші – қон процестерінің тарихы
Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
1921 жылдың ақпан айында
Қазақстан – көпұлтты мемлекет
1970—1990 жылдары Қазақстанның әл ауқаты
Тарихи этнодемографиялық жағдайын, халқымыздың ұлттық құрамының даму тарихын айқындау
20 – ғасырдың екінші жарысы – 21 ғасырдың бас кезіндегі халықаралық қатынастар
Қазақ көркемсуретті балалар киносының даму кезеңдері туралы
Пәндер