Кәсіби оқыту әдістері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Д. СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы : Кәсіби оқыту әдістері

Орындаған: Сағымбаев А. Ә.

Тексерген: Кузембаева М. Б.

11-ПОК-1 студенті

Өскемен 2012

Жоспар

Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі
  2. Кәсіби оқыту әдістері

Қорытынды

Кіріспе

Әдіс дегеніміз - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі

Әдістер белгілі бір негізгі бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б. Е. Райков, К. П. Ягодовский түсіндіру, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.

Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н. М. Верзилин, Е. Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.

М. А. Данилов (1899-1973), Б. П. Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.

И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді. Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың танымдық белсенділігі әр түрлі.

Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін бола бермейді.

Ю. К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: уйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.

М. И. Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс.

Кәсіби оқыту әдістері

Кәсіби оқыту әдістері - бұл арнайы жүйе және ол логикалы бірізділікпен іс-әрекет жасайтын инженер - педагог пен кәсіптік мектеп оқушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы оқушылар кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттерін дамытып, кәсіби шеберліктің қыр-сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады. Оқыту үрдісін қамтамасыз ету оқыту әдістері мен оқу түрлері арқылы жүзеге асады. Тәсілдер жүйесі пәннің әдістік мазмұнын құрайды. Бұлардың жиынтығын оқыту әдістері деп жалпылама айтып жүрміз. Оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты әр сабақтың белгілі бір міндеттер белгілеп, соған лайық қимыл-әрекет түрлерін қалыптастырамыз. Осыдан соң, оқу мен оқыту тәсілдерінің әрбір іс-әрекетін қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің кешенді жүйесі пайда болады.

Оқытудың теориялық және өндірістік әдістерінің арасында белгілі бір дәрежеде айырмашылық бар. Егер оқытушы кәсіптік -техникалық пәндер циклі бойынша теориялық сабақ барысында мәліметтерді барлық оқушыларға бір мезгілде жеткізсе, ал өндірістік оқыту жағдайында сабақ топтарға, топшаларға, қажет болған жағдайда, жекелей де жүргізіледі. (Мысалы: автокөлік құралдарын жүргізуге үйретіп, балқыту, дәнекерлеу жұмыстары мен бөлшектерді жинау, құрастыру т. б. ) .

Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің деңгейіне байланысты оқыту әдістері мынадай екі топқа бөлінеді:

  • Еске түсіру (пепродуктивтік) арқылы.
  • Іздену (шығармашылық) арқылы.

Еске түсіру әдісі арқылы оқушы білімді дайын күйінде алады немесе практикалық жұмыстарды үлгіге қарап отырып, оқытушының не өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен игереді. Іздену әдістері оқушыларды бірізділікпен, мақсатқа бағыттай отырып, оқу үрдісі кезінде түрлі деңгейдегі танымдық есептерді шығару арқылы жаңа білім мен дағды негіздерін белсенділікпен меңгеру болып табылады.

Ақпарат көздері арқылы оқыту әдістерін түрлендіру қазіргі білім беру үрдісінде басты мәнге ие болуда. Олар:

  • Сөйлеу әрекеті арқылы:

Әңгімелеу.

Түсіндіру.

Лекция.

Сұхбаттасу.

Оқулық мәтінімен жұмыс.

Нұсқа беру.

Көрнекілік.

Демонстрациялау.

Оқушының өзіндік бақылауы.

  • Практикалық:

Жаттығу.

Өндірістік-техникалық есептерді шешу.

Кәсіптік оқытудың сан алуан әдістері бар. Сондықтан да оның жіктелуінде де көптеген пікірлері бар. Сол әдістердің жіктелуінің бірі - осы жоғарыда айтылған әдіс: оқушылардың танымдық іс-әрекеті бойынша жіктелуі. Осыған мысал ретінде Ресей ғалымдары И. Я. Лернер мен М. Н. Скаткиндердің ұсынысы бойынша кәсіптік оқытудың мына әдістері, төменгі кестеде көрсетілген. Оның негізінде оқушылардың іс-әрекетінің тиімділігі алынып отыр.

Іс-әрекетінің тиімділігіне байланысты оқыту әдістерінің жіктелуі

Әдістің атауы
Оның түрлері
№: 1
Әдістің атауы: Көрнекілікті пайдалану арқылы түсіндіру
Оның түрлері: Әңгіме, лекция, түсіндіру, нұсқа беру, көрсету.
№: 2
Әдістің атауы: Репродуктивтік
Оның түрлері: Жаттығу, тапсырма беру, лекция, демонстрациялау, бағыт беру.
№: 3
Әдістің атауы: Проблемалық
Оның түрлері: Әңгімелесу, проблемалық жағдай, ойын, көз жеткізу, жалпыламау.
№: 4
Әдістің атауы: Өз бетінше іздену әдісі
Оның түрлері: Диспут, өзіндік, сарамандық, зертханалық жұмыс, жарысу.
№: 5
Әдістің атауы: Іздену
Оның түрлері: Ізденуді модельдеу, жобалау, ақауларды іздеу, жаңа фактілерді жинау.

Демек, оқыту әдістерін жіктеуде көптеген пікірлер бар екендігін білдік. Мысал ретінде Ресей ғалымы Н. Е. Эргановтың проблемалық әдіс негізінде жіктеген оның екі түріне тоқтала кетейік.

Теориялық оқытудың әдістері

Монолог. Теориялық сабақ өткізуде оқытушының рөлі басым. Оқытушы ақпаратты ауызша жеткізеді, ал оқушылар болса атқарушы ролінде болады, олардың іс-әрекеті берілген үлгі бойынша ұйымдастырылады. Көрнекілік. Оқытушы оқу материалын демонстрациялау арқылы тәжірибе түрінде түсіндіреді. Оқушылардың іс-әрекеті репродуктивті.

Диалог. Оқытушы теориялық материалдарды диалог ретінде баяндайды. Эвристикалық. Оқу материалы әңгімелесу арқылы беріліп, ол оқушыларға нұсқау ретінде жеткізіледі. Жаңа оқу материалын түсіндіруде проблемалық сұрақтар қойылып, оны оқушылар оқытушы көмегімен шешеді.

Өндірістік оқыту әдістері

Өндірістік оқытудың (Н. Е. Эрганов бойынша) мынадай түрлері бар:

  • Еңбек әрекетін көрсету;
  • Диалог;
  • Жаттығу;
  • Эвристикалық;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Артпедагогика
Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары
Оқыту нәтижелері
Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары
Студенттің өзіндік жұмысы
Оқыту құралдары
Жоғары оқу орындарындағы оқу үрдісінде оқытудың белсенді әдістерін қолданудың маңызы
Кәсіптік оқыту жүйесі
Кәсіптік педагогика пәнінен дәрістер жинағы
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz