Сан есім туралы



Қазіргі қазақ тіліндегі сан есім – дербес сөз табы. Ол басқа сөз таптарынан лексика-семантикалық, грамматикалық жағынан ерекшеленеді.
Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар мен құбылыстардың санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы. М: Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Сан есім
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есім – дербес сөз табы. Ол басқа сөз
таптарынан лексика-семантикалық, грамматикалық жағынан ерекшеленеді.
Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер – заттың немесе заттық ұғымдар
мен құбылыстардың санын, мөлшерін, бөлшегін, ретін білдіретін сөз табы.
М: Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер.
Қазіргі қазақ тіліндегі бардық сан есімдер жиырма шақты сөздер
арқылы жасалады. Оларды бірлік, ондық, жүздік, мыңдық сандар деп беруге
болады.
Миллион, миллиард сан есімдері түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ
тіліне де орыс тілі арқылы енген. Қазақ тіліндегі қолданылатын түмен сөзі
монғол тілінен енген сансыз көп деген мағынаны білдіреді.
Морфологиялық құрамы жағынан сан есім дара, күрделі болып екіге
бөлінеді.
Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан
есімдер деп аталады. М: Екінші тілек тілеңіз.
Дара сан есімдер іштей негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі
дара сан есімдерге морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер жатады.
Туынды дара сан есімдер әртүрлі грамматикалық жұрнақтардың жалғануы
арқылы жасалады. М: Үшеуі шүрегейді қайтеміз деген сөзге түседі.
Күрделі сан есімдер дара сан есімдердің тіркесуі және қосарлануы
арқылы жасалады. М: Он төрт, бір-екі.
Сан есімдердің негізгі бір ерекшелігі – басқа сөз таптарынан
жасалмауы. Барлық сан есімдер есептік сан есімдердің өзара тіркесу,
қосарлану, әртүрлі жұрнақтардың жалғануы негізінде қалыптасқан.
Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан есімдерге жақын
біраз сөздер тобы бар. Олар:
- салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: қадақ, пұт, келі, батпан
- көлем мөлшерін білдіретін сөздер: бір шымшым, бір уыс, бір тілім, бір
құшақ
- қалыңдық өлшемін білдіретін сөздер: пышақ сырты, шынашақ, бармақ, екі елі
- қашықтық өлшемін білдіретін сөздер: адым, таяқ тастам, шақырым, қозы көш
жер, ат шаптырым
- ұзындық өлшемін білдіретін сөздер: тұтам, сынық сүйем, кере қарыс, аршын,
құлаш
- сан есімдердің тура мағынасындағы сөздер: жарты мағынасын білдіретін
сөздер: жарты, жарым
Бір мағынасын білдіретін сөздер: жеке, дара, жалғыз, жалқы; екі
мағынасын білдіретін сөздер: егіз, қос, пар; төрттен бір мағынада ширек
сөзі; уақыт мөлшерін білдіретін сөздер: сүт пісірім уақыт, шай қайнатым,
биенің бір сауымындай уақыт.
Бұл сөздер мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, лексика-
грамматикалық ерекшеліктеріне қарай басқа сөз таптарына жатады.

Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері

Сан есім – дербес лексика-семантикалық ерекшеліктері, өзіндік
морфологиялық белгілері, синтаксистік атқаратын қызметі бар сөз табы.
Айырмашылығы – зат есіммен тіркесіп, сандық жағынан анықтау және
зат есімсіз қолданылып, сандық атауды білдіру, басқа сөз таптарынан
жасалмайды.
Сан есім контексте қолданылуына қарай заттың нақты санын, ретін,
мөлшерін, бөлшегін білдіреді, сандық мағынаны тұспалдап, болжап
көрсетеді. Осыған байланысты сан есімдерге сөзтүрленім жұрнақтардың
жалғануы біркелкі емес.
Сан есімдердің негізгі қызметі заттық ұғымдар мен құбылыстарды
сандық жағынан анықтау болғандықтан, әдетте морфологиялық өзгерістерге
түспей қолданылады. М: Бес нәрседен қашық бол.
Сан есімдер зат есімнің жалғауларын қабылдап, заттық мағынада да
қолданыла береді. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап өлтірді де, екі
кішкенесін тірі қалдырды.
Сан есімдер құрамына қарай дара, күрделі болып екіге бөлінеді. Бір
түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан сан есімдер
деп аталады. Екеуі де маған жалт қарасып. Негізгі және туынды сан
есімдердің тіркесуінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан
есімдер деп аталады. Үш жүзден аса кретьян соғысы, қарсылығы болған екен.
Күрделі сан есімдердің құрамындағы сан есімдердің тіркесуі мынадай
жолдармен болады:
а) бір санды екінші санға қосып айту арқылы. М: 13-14 жасында
Гүлияны Бұзаубаққа алты қараға бергеніне, міне, 4-5 жыл болды.
б) бір санды екінші санға көбейтіп айту жолы арқылы. 5 мың жылқы 25
сомнан сан125000 болады.
Күрделі сан есімдердің тіркесуі арқылы жасалатын осы тәсілдер
қосылмалы және көбейтілмелі, ал екеуінің де араласып келіп жасалуы аралас
күрделі сан есімдер тіркесі деп аталады.
Контексте қосымша күрделі сан есімдердің соңғы компонентіне
жалғанады. Біздің заманымызға жеткен үлгілердің ең көнесі, әрі көлемдісі
– 1960 жылы жазылған атақты дидактикалық шығарма – Құдатғу білік.
Қазіргі қазақ тілінде 60, 70, 80, 90 сан есімнің құрылысы ерекше.
Ал-пыс, жет-піс сөздеріндегі –пыш, -мыш элементі ескі дәуірде он мәнін
берген, бірігу арқылы жасалған сан есімдер.
Сан есім сөйлемде жеке сөйлем мүшесі болумен бірге кейде күрделі
сөз құрамына кіріп, күрделі сөйлем мүшесі қызметін атқарады.
- етістікпен тіркесіп күрделі бяндауыш болады. Қанаев кекірейіп
кербезденбей, көптің бірі болып, жұпыны түрмен отыр.
- рет, жасар, есе, мәртебе, күн, жыл сөздерімен тіркесе келіп, қанша? деген
сұраққа жауап беріп, күрделі анықтауыш, ал күн, жылы сөздері сан
есімдерге тіркесіп қашан? сұрағына жауап беріп, пысықтауыш қызметін
атқарады. Сан есім сағат сөзімен тіркесе келіп, екі жақты қызмет
атқарады. Біріншіден, сан есім сағат сөзінің алдына келіп, оны анықтап,
қанша? деген сұраққа жауап береді де, күрделі анықтауыш болады.
Айналдырған 23 сағаттың ішінде. Екіншіден, сағат сөзінен кейін
қолданылып, қашан? деген сұраққа жауап беріп, уақыт, мезгіл мағынасын
білдіреді. Ертең таңертең сағат сегізде барлықтарыңыз сақадай сай
тұрыңыздар. – мезгіл пысықтауыш қызметі.

Лексика-семантикалық жағынан сандық ұғымды білдіретін сөздер
Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан есімдерге жақын
сөздер бар. Олар: қос, егіз, жарты, жарым, жалқы, жалғыз, дара, сыңар,
шақырым, т.б. Оларды лексика-семантикалық ерекшеліктеріне қарай мынадай
мағыналық топтарға бөлуге болады. Санның тура мағынасында қолданылатын
сөздер:
- тең жартысын білдіретін сөздер: жарты, жарым. Мысалы:
- бір ұғымын білдіретін сөздер: жалғыз, дара, жалқы.
- екі ұғымын білдіретін сөздер: сыңар, егіз, қос, нар.
- төрттен бір мағынасын білдіретін сөз: ширек сөзі
- салмақ өлшемдерін білдіретін сөздер: мысқал(1 грамм), қадақ(750 грамм).
- көлем өлшемдерін білдіретін сөздер: бір шымшым, бір шөкім, бір уыс.
- қалыңдық өлшемін білдіретін сөздер: пышақ сырты, қылыш сырты, елі.
- ұзындық өлшемін білдіретін сөздер: тұтам, сынық сүйем(14-15 см), құлаш.
- қашықтық өлшемдерін білдіретін сөздер: адым, қадам, таяқ тастам, бір
күндік жер, айшылық жол.
Ескерту: Кейбір мысалдарға сандық ұғымды білдіретін сөздерауыспалы
мағынасында қолданылған.

Сан есімдердің сөйлемдегі қызметі

Әдетте анықтауыш қызметін атқарады. Сонымен бірге сан есім белгілі
жағдайда сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметін де атқарады.
1. Сан есім заттың мөлщерін, санын, ретін, бөлшегін білдіргендіктен,
анықтауыш болады. Орын тәртібі арқылы қабыса байланысады. М: Жұмысқа
араласып адам бола бастағаны 2-3 жылдан бері ғана.
Сан есім ілік септігінде тұрып та, матаса байланысып анықтауыш
болады. М: Екеуінің осы тұрысы – қылмысты адамның сыртынан бақылаған
күзеттегі қарауыл секілді.
2. Сан есім атау септігінде тұрып, бастауыш болады. Үшеуіміз жүргенде,
толып жатқан үш едік.
3. Сан есім сөйлем аяғында келіп жіктеліп, баяндауыш болады. Ендігі соңғы
кезек – екеуінікі.
4. Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде
тұрып, өзі бағынып тұрған сөзге меңгеріле байланысып, жанама, тура
толықтауыш болады. Құран мен Інжілдің бірін жазып отырғандай, сәнмен,
баппен отыр.
5. Сан есімдер септік жалғауын қабылдамай-ақ, етістік алдында тікелей
келіп, пысықтауыш болады. Үстінен бес, төрт деп сатылай толтырылған
жиырма бес көк аттестат өолымызда отырды.
6. Сан есім зат есіммен немесе қатыстық сын есіммен тіркесе келіп,
сөйлемнің күрделі мүшесі, тіпті кейде үйірлі мүшесі де болады. Бұл шатыр
төрт бұрышты, кеңдігі жүз адым, биіктігі үш найза.

Арифметикалық амалдардың тіркесу жолдары

Қазіргі қазақ тілінде арифметикалық амалдарды жүргізу үшін белгілі
бір формаларда тұруды қажет ететін тіркестерді қолдану қалыптасқан.
Математикада амалу алдардың төрт түрі қолданылады. Олар: қосу, алу,
көбейту, бөлу.
1. Қосу амалы. Бұл табыс септігі мен жатыс септігі жалғаулары арқылы
жасалады. М.: Екі жүзді екі жүзге қосу.
2. Алу амалы. Шығыс септігі мен табыс септігі арқылы жасалады(орындары
ауысып қолданыла береді). М.: Бес жүзден екі жүз елуді алу немесе екі
жүз елуді бес жүзден алу.
3. Көбейту амалы. Бұл қосу амалындағы формалар арқылы жасалады. М.: Бесті
беске көбейту немесе беске бесті көбейту.
4. Бөлу амалы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сан есімді оқыту әдістемесі
Сан атаулары — өте көне заманнан келе жатқан сөздер
Баяндауыш.туралы
Cептік жалғаулы баяндауыштар
ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту
Сан есімнің мағыналық топтарын оқытуда интерактивті әдістерді қолдану
Сан есімнің мәні
Сан есімнің мағыналық топтарының сөзжасамы
Қазақ және араб тіліндегі бастауыштың ұқсастықтары мен ерекшеліктері
Пәндер