Сөйлем мүшелеріндегі бастауыш пен баяндауыштың рөлі



Бастауыш болатын сөз таптары. Әуелі бастауыш болатын — атау тұлғасындағы зат есім. Мысалы: Бала ойнайды. Ат шабады. От жанады. Бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш қай сөз екенін әуелі ішкі белгісімен тауып қарайык. Олай табу үшін мысалға алынған сөйлемнін әрқайсысында не туралы сөйленіп тұрғанын ашу керек.
1-інші сөйлем. Бала ойнайды. Мұнда кім турасынан сөйленіп тұр?— Бала турасынан.
2-інші сөйлем: Ат шабады. Мұнда не турасынан сөйленіп тұр?— Ат турасынан.
3-інші сөйлем: От жанады. Мұнда не турасынан сөйленіп түр?—От турасынан.
Сүйтіп, бұл сөйлемдерде бала, ат, от турасынан сөйленген болып шықты. Олай болса, бұл сөздерде бастауыштың ішкі белгілері бар, сондықтан бұлар бастауыш болуға тиіс.
Енді тысқы белгілерімен тауып қарайық. Олай табу үшін «кім?», «не?» деп сұрау салу керек. Сол сұрауға қай сөз жауап берсе, ашып айтқанда, қай сөз сұрауға жауап болып табылса, сол сөз бастауыш болмақ. 1-інші сөйлем: Бала ойнайды. Кім ойнайды?—Бала. 2-інші сөйлем: Ат шабады. Не шабады?—ат. 3-інші сөйлем: От жанады. Не жанады?—от. Сүйтіп, бұл сөйлемдерде «кім?», «не?» деген сұрауларға жауап берген сөздер:, бала, ат, от болып шықты. Олай болса, бұл сөздерде бастауыштың тысқы белгілері бар болып табылды. Ішкі, тысқы екі белгісі де бар болған соң, бұл сөздер бастауыш болады.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Сөйлем мүшелеріндегі бастауыш пен баяндауыштың рөлі

Бастауыш болатын сөз таптары. Әуелі бастауыш болатын — атау тұлғасындағы
зат есім. Мысалы: Бала ойнайды. Ат шабады. От жанады. Бұл сөйлемдердің
ішінде бастауыш қай сөз екенін әуелі ішкі белгісімен тауып қарайык. Олай
табу үшін мысалға алынған сөйлемнін әрқайсысында не туралы сөйленіп
тұрғанын ашу керек.
1-інші сөйлем. Бала ойнайды. Мұнда кім турасынан сөйленіп тұр?— Бала
турасынан.
2-інші сөйлем: Ат шабады. Мұнда не турасынан сөйленіп тұр?— Ат турасынан.
3-інші сөйлем: От жанады. Мұнда не турасынан сөйленіп түр?—От турасынан.
Сүйтіп, бұл сөйлемдерде бала, ат, от турасынан сөйленген болып шықты. Олай
болса, бұл сөздерде бастауыштың ішкі белгілері бар, сондықтан бұлар
бастауыш болуға тиіс.
Енді тысқы белгілерімен тауып қарайық. Олай табу үшін кім?, не? деп
сұрау салу керек. Сол сұрауға қай сөз жауап берсе, ашып айтқанда, қай сөз
сұрауға жауап болып табылса, сол сөз бастауыш болмақ. 1-інші сөйлем: Бала
ойнайды. Кім ойнайды?—Бала. 2-інші сөйлем: Ат шабады. Не шабады?—ат. 3-
інші сөйлем: От жанады. Не жанады?—от. Сүйтіп, бұл сөйлемдерде кім?,
не? деген сұрауларға жауап берген сөздер:, бала, ат, от болып шықты. Олай
болса, бұл сөздерде бастауыштың тысқы белгілері бар болып табылды. Ішкі,
тысқы екі белгісі де бар болған соң, бұл сөздер бастауыш болады.
Бала, ат, от — атау тұлғасындағы тұрған зат есімдер. Екінші бастауыш
болатын — атау тұлғасындағы сын есім, Мысалы: Көп қорқытады, терең
батырады. Бұл сөйлемдерде сөйленіп сөз болып отырған —көп пен терең. Солай
болған соң ішкі белгісі бойынша бастауыш көп пен терең болуға тиіс. Тысқы
белгісімен қарағанда, кім қорқытады?—көп, не батырады?-терең. Мұнда да
кім?, не? деген сұрауларға жауап беріп тұрған көп пен терең
деген сөздер. Ішкі, тысқы белгі бірден табылып тұрған соң бұл сөздер
бастауыш болады. Көп терең деген сөздер атау тұлғасында тұрған сын
есімдер. Үшінші, бастауыш болатын атау тұлғалы сан есім, мысалы:
берерменге бесеу көп. Біреу тойып секіреді. Ішкі белгісі бойынша
бастауыш бесеу, біреу болуға тиіс, өйткені 1-інші сөйлемде болып отырған
бесеу, 2-інші сөйлемде біреу деген сөздер.
Тысқы белгісімен іздесек: берерменге не көп?—бесеу, кісі тойып секіреді?—
біреу.
Бұл бастауыштың тысқы белгілері бесеу, біреу деген сөздерден табылған соң,
бастауыш осылар болады.
Бесеу, біреу атау тұлғасында тұрған сан есімдер.
Төртінші, бастауыш болатын- атау тұлғалы есімдік. Мысалы: Мен келдім, сен
кеттің. Ол терең, бұл тайыз.
1-інші сөйлемде мен туралы, 2 –інші сөйлемде сен туралы, 3-інші сөйлемде ол
туралы, 4-інші сөйлемде бұл туралы сөйленіп тұр. Сондықтан мен, сен, ол,
бұл бастауыш болады. Бұл ішкі белгісі бойынша. Енді тысқы белгісімен
қарағанда: Кім келді?— мен, кім кетті?—сен; не терең?—ол; Не тайыз?—бұл.
Кім?, не? деген сұрауларға жауап беріп тұрған сөздер—мен, сен, ол, бұл.
Сондықтан бұл сөздер бастауыш болатыны даусыз.
Сүйтіп, мен, сен, ол, бұл деген сөздер ішкі белгісімен де бастауыш болып
шығып тұр.
Бұл сөздер атау тұлғасында тұрған есімдіктер.
Бесінші, бастауыш болатын — етістіктің тұйық райы мен есімшеге айналған
түрлері. Мысалы: Алсыпақ жоқ, атыспақ бар. Оқу оңайланды. Жығылған күреске
тоймас.
Мұнда сөз болып отырғандар: 1-інші сөйлемде алыспақ, 2-інші сөйлемде
атыспақ, 3-інші сөйлемде оқу, 4-інші сөйлемде жығылған.
Ішкі белгісінше алыспақ, атыспақ, оқу, жығылған бастауыш болады (солар
туралы сөйлеп отырмыз). Тысқы белгісінше де бастауыш болатын сол сөздер: не
жоқ?— алыспақ, не бар?— атыспақ, не оңайланды?—оку, кім күреске
тоймас?—жығылған.
Алыспақ, атыспақ етістіктің тұйық райындағы сөздер, оқу мен жығылған
етістіктің есімшеге айналған түріндегі сөздер.
Алтыншы, бастауыш болатын—үстеу жана үстеу орнында жүретін сөздер. Мысалы:
Әрі алыстатады, бері жақындатады, шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді.
Бұл сөйлемдерде әрі, бері шапшаң, соңыра туралы сөйленіп тұр. Бұлар
бастауыш болу керек. Бұл ішкі белгісінше не алыстатады?— әрі, не,
жақындатады?— бері, не асықтырады?— шапшаң, не кешіктіреді?—соңыра. Сұрау
бойынша да немесе тысқы белгісі бойынша дегенде де әрі, бері, шапшаң,
соңыра деген сөздер бастауыш болады.
Бұлар төрт сөздің төртеуі де не үстеулер, не үстеу орнына жүретін сөздер.
Жетінші, бастауыш болатын — демеу мен демеу орнында жүретін сөздер. Мысалы:
Әлде аз айтылады, ба көп айтылады, бәлки сирек айтылады. Бұл
сөйлемдерде сөз болып тұрған әлде, ба, бәлки, бұлар сондықтан
бастауыш болуға тиіс. Бұл ішкі белгісінше.
Не аз айтылады?— әлде, не көп айтылады?—ба, не сирек айтылады?—бәлки.
Тысқы белгісінше де әлде, ба, бәлки бастауыш болып шығады. Әлде,
ба, бәлки деген сөздер демеулер.
Сегізінші, бастауыш болатын — жалғаулық жана да жалғаулық жана да жалғаулық
орнында жүретін сөздер. Мысалы: Үшін, үш айтылғанда, арқылы бір де
айтылмайды. Мұнда сөз болып тұрған үшін мен арқылы. Сондықтан бұлар
бастауыш болады дейміз. Бұл ішкі белгісіне қарап айтып тұрғанымыз.
Енді тысқы белгісіне қарайық, Не үшін айтылғанда? — үшін. Не бір де
айтылмайды?—арқылы. Тысқы белгісі бойынша да бастауыш болатын үшін мен
арқылы. Үшін, арқылы деген сөздер жалғаулықтар.
Тоғызыншы, бастауыш болатын — одағай. Мысалы: Ә, құдай!, о, құдай—
күйзелгеннің белгісі; тек!, тәйт!, шәйт! —бұйырғанның белгісі. Мұнда
сөз болып тұрған ә, құдай!, о, құдай!, тек!, тәйт!, шәйт!,
сондықтан бұл сөздер бастауыштар болады. Бұл ішкі белгісімен білгеніміз.
Енді тысқы белгісімен қарайық. Не күйзелгеннің белгісі?— ә, құдай!, о,
кұдай!, не бұйырғанның белгісі?—тек!, тәйт, шәйт! тысқы белгісімен
де бұл сөздер бастауыш болып шықты. Ә, құдай!, о кұдай!, тек!,
тәйт!, шәйт! деген сөздер одағайлар.
Оныншы, бастауыш болатын — бүтін сөйлем. Мысалы: Сенікі, менікі деген
көңіл тарлығы, ары жат, бері жат деген төсек тарлығы. Мұнда айтылып тұр
менікі, сенікі деген жана ары жат, бері жат деген туралы. Сондықтан
бұл сөйлемдер ішкі белгісі бойынша бастауыш болуға тиіс. Тысқы белгісі
бойынша не болып шығар екен.
" Не көніл тарлығы?—сенікі, менікі деген. Не төсек тарлығы?—ары жат,
бері жат! деген тысқы белгісі бойынша да бұл сөйлемдер бастауыш болып
шықты. Сүйтіп, енді қорытып айтқанымызда, бастауыш болады сөз таптарының
тоғызы да:
1) зат есім, 2) сын есім, 3) сан есім, 4) есімдік, 5) етістік, 6) үстеу,
7) демеу, 8) жалғаулық, 9) одағай жана бүтін сөйлемдер.
Қосарлы бастауыш. Бастауыш бір сөзбен айтылмай, бірнеше сөзбен айтылса,
қосарлы немесе күрделі деп атаймыз.
Мысалдар: 1) Тамағы жоқтық таптырар. Мұнда тамақ жоқтық жайынан айтылып
тұр. Не таптырар?—тамағы жоқтық (бастауыш екі сөзбен айтылып тұр).
Асық ойнаған азар. Мұнда асық ойнаған туралы айтылып тұр. Кім азар?— асық
ойнаған.
Жөнге тартқан жөндер. Мұнда жөнге тартқан туралы айтылып тұр. Кім
жөндер?— жөнге тартқан.
Сыпыра жалмаң жалмар. Мұнда сыпыра жалмаң жайында айтылып тұр. Кім
жалмар?—сыпыра жалмаң. Тоны жаман тоңар. Мұнда тоны жаман туралы айтылып
тұр. Кім тоңар?—Тоны жаман.
Жеті атасын білмеген жетім. Мұнда жеті атасын білмегеннің жайынан айтылып
тұр. Кім жетім?—жеті атасын білмеген.
Асылында бастауыш болатын—зат есім. Бастауыш болған жерле зат есім болмай
қалмайды. Бірақ бірде айтылады, біайтылмай ойда тұрады. Зат есімнен басқа
да бастауыш болған сөздер зат есімнің орнында немесе арқасында бастауыш
бола алады. Жоғарыда мысалға алынған сөйлемдерде сөйлеу бөлімдерінің бәрі
бастауыш болуға жарайтын болып шықты. Түбін қазып қарастыра келгенде,
солардың бәрі де (зат есімнен басқасы) бастауыш болып тұрғандары не зат
есімнің орнында тұрғандықтан, не зат есімнің көмегі болғандықтан. Сол
бастауыштардың түбін қазыңқырап қарастырып көрейік, қалай бастауыш болып
тұр екен.
Зат есімнен басқа бастауыш болып тұрған әуелі — сын есім. Мысалға алынған:
Көп қорқытады, терең батырады. Көп қорқытады деген де қорқытатын шөп
емес, әрине адам. Терең батырады дегенде де батыратын терең су екені
анық. Олай болса мұндағы көп пен терең—көп адам, терең су деген
сөздердің орнында тұр. Жеңілдік үшін адам мен су деген сөздер
айтылмаған, бірақ ойда тұр.
Екінші— сан есім. Мысалға алынған: Берерменге бес те көп, аларманға алты да
аз. Біреу тойып секіреді. Бес те, алты да дегенде, мұнда нәрсе көңілде
тұр. Құр ғана сан болса, азсынуға да, көпсінуге де орын болмас еді:
бесеу, алтау нәрсесіз құр сан болса, берермен бесеу түгіл, мыңын
көпсінбес еді, аларман алтау түгіл, бірін де азсынбас еді. Берермен
көпсінетіні, аларман азсынатыны — берілетін, алынатын құр сан емес, нәрсе
болғандығы. Мұндағы бесеу мен алтау сан ғана емес, нәрсені де көрсетіп
тұр.
Сондай-ақ, біреу тойып секіреді дегенде, әрине, сан секірмейді. Олай болса,
біреу деген сөз мұнда зат есім орнында тұр.
Үшінші —есімдік. Мысалға алынған: Мен келдім, сен келдің, ол терең, бұл
тайыз.
Есімдік өзі есім орнына жүретін сөз болған соң, бастауыш болған есімдіктер
зат есім орнында тұрғаны анық. Мен, сен, ол бұл — бәрі де зат есім орнына
жүретін есімдіктер.
Төртінші — етістік. Мысалға алынған; Алыспақ жоқ, атыспақ бар. Оқу
оңайланды. Жығылған күреске тоймас. Алыспақ, атыспақ деген сөздер бұл жерде
алысу, атысу, оқу — іс есімдерін көрсететін етістіктен шыққан зат есімдері.
Жығылған күреске тоймас дегенде, күреске тоймайтын жығылған мал я ағаш
емес, адам екендігі анық. Солай болған соң жығылған деген сөздің бастауыш
болып тұрғаны —жығылған адам дегеннің орнында тұрғандықтан. Жеңілдік үшін
адам айтылмаған, бірақ, көңілде тұр.
Бесінші—үстеу. Мысалға алынған: Әрі алыстатады, бері жақындатады, шапшаң
асықтырады, соңыра кешіктіреді. Жеңілдік үшін қысқартпай айтқанда, бұл
сөздер бұлай айтылар еді: Әрі деу алыстатады, бері деу жақындатады. Шапшаң
деу асықтырады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және араб тіліндегі бастауыштың ұқсастықтары мен ерекшеліктері
Қазіргі қазақ тілінде үйірлі мүше
Қазақ тіл білімінде үйірлі мүшенің зерттелуі
Үйірлі құрамда келетін сөйлем мүшелерінің лингвистикалық-функционалдық табиғаты
Баяндауыш.туралы
Баяндауыштың жасалу жолдары жайында
Тұрлаулы мүшелерді жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқыту жолдары
Жағдаяттық толымсыз сөйлемдер
Тұрлаулы мүшелерді оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Тұрлаулы мүшелерді оқыту.
Пәндер