Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу



Терминология мәселелері – ғылымның өзекті мәселерінің бірі. ХХ ғасырдың 30-жылдары қалыптаса бастаған терминология саласы мәселелері әлі де шешуін таппаған, өзектілігін жоғалтпаған деп айтуымызға толық негіз бар. Ғылымның барлық салаларының жан – жақты дамуы терминология мәселелерімен тығыз байланысты, себебі қандай да бір жаңалық, жаңа ұғым терминмен белгіленіп, терминологиялық жүйеде өз орнын тауып отырады.
Ғылымның қай саласына назар аударсақ та, сол саланың қаншалықты деңгейге жетіп, қаншалықты дәрежеге көтерілгені терминологиялық жүйесінен көрініп тұрады. Ресей ғылымындағы терминологияны зерттеудегі арнайы бетбұрыс Д.С.Лотте, С.А.Чпалыгин, С.И.Коршунов есімдерімен тығыз байланысты. Өткен ғасырдың 30-жылдары құрылған терминкомдар бұл күндері ғылымның дербес бір саласын құрап отыр және әлі де өз маңыздылығын жойған жоқ.
1.Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие. Минск.: Тетра Системе, 2004. – 225с.
2. Кубрякова Е.С., Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Лузина Л.Г., Краткий словарь когнитивных терминов / Под общей ред. Е.С.Кубряковой. – М.: Наука., 1996. – 340 с.
3. Гумбольдт В.фон. Избранные труды по языкознанию: пер.с нем.под общей ред. Г.В.Рамишвили: посл. А.В.Гулыги. – 2-е изд.- Москва: Прогресс, 2000. – 400 с.
4. Потебня А.А. из лекции по теории словесности / Русская словесность: Антология. М., 1997. – 117 с.
5. Сүлейменова Э.Д. Понятие смысла в современной лингвистике. – Алматы: Мектеп, 1989. – 152 с.
6. www.TEMAKOSAN.net – қазақша рефераттар
7. Воркачаев С.Г. Концепт счастья: понятийный и образный компоненты. М., 2001. – 130 б.
8. Аскольков С.А. Концепт и слово // Русская словесность: Антология. Под ред. В.Н.Нерознака. М.: Academia, 1997. – С.267-280.
9. Радченко О.А. Языковая картина мира или языковое миросозидание ( к вопросу о постулатах И.В.Вайсгербера) // Известия Академия Наук СССР. Серия литературы и языка. Т.49, №5, 1990 – С.444-451.
10. Баранов А.Н., Добровольский Д.О. Лео Вайсгербер и когнитивные перспективы// Известия Академия Наук СССР. Серия литературы и языка. Т.49, №5, 1990 – С.451-458.
11. Воробьев В.В. О русской национальной личности в языке и культуре // Язык и культура. – 1998. ч.1.-С.52-57.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Терминология мәселелері – ғылымның өзекті мәселерінің бірі. ХХ
ғасырдың 30-жылдары қалыптаса бастаған терминология саласы мәселелері әлі
де шешуін таппаған, өзектілігін жоғалтпаған деп айтуымызға толық негіз бар.
Ғылымның барлық салаларының жан – жақты дамуы терминология мәселелерімен
тығыз байланысты, себебі қандай да бір жаңалық, жаңа ұғым терминмен
белгіленіп, терминологиялық жүйеде өз орнын тауып отырады.
Ғылымның қай саласына назар аударсақ та, сол саланың қаншалықты
деңгейге жетіп, қаншалықты дәрежеге көтерілгені терминологиялық жүйесінен
көрініп тұрады. Ресей ғылымындағы терминологияны зерттеудегі арнайы
бетбұрыс Д.С.Лотте, С.А.Чпалыгин, С.И.Коршунов есімдерімен тығыз
байланысты. Өткен ғасырдың 30-жылдары құрылған терминкомдар бұл күндері
ғылымның дербес бір саласын құрап отыр және әлі де өз маңыздылығын жойған
жоқ.
Орыс терминологиясының дамуына А.А.Реформатский, Н.А.Баскаков,
Т.Л.Канделаки, Б.Н.Головин, Г.В.Степанов, В.П.Даниленко және т.б. ғалымдар,
сонымен бірге бүгінгі таңда осы істің ізбасарлары, жалғастырушылары
А.В.Суперанская, Н.В.Подольская, Н.В.Васильев, К.М.Мусаев және т.б. өз
үлестерін қосып отыр. Бұл тілші – ғалымдардың қарастыратын мәселелері де
жан – жақты, атап айтқанда, терминологиялық жүйенің құрылуы, терминнің
мағыналық ерекшелігін зерттеу, оның басқа тілдермен байланысы, сол
тілдердің лексикалық қорына еніп, терминология жүйесінен орын алуы т.б.
Тіл білімі ғылымында терминологиялық жүйенің психология, социология,
семасиология, ономасиология т.б. экстралингвистикалық факторлармен
байланыстырыла қаралуы – осы саладағы жаңа бағыттардың бастауларының бірі.
Терминдік ұғым, терминологиялық жүйе, терминологиялық өріс, жоғарыда
айтқандай, көптеген басқа ұғымдармен, тәсілдермен бірге зерттеліп жүр.
Соның ішінде термин мен концепт, терминология мен когнитивтік лингвистика
ұғымдарының бір қатарда қаралуы, жаңа көзқарасты талап етеді.
Әлемдік және отандық тіл білімінің қазіргі таңдағы дамуы
лингвистикалық зерттеулердің антропоцентристік зерттеулерге көшу ХХ
ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы тіл білімінің ерекшеліктерінің
бірі болып табылады. Себебі тілдік құбылыстарды зерттеуде лингвистика тек
қана тілдік, атап айтқанда, фонетикалық, грамматикалық, лексикалық т.б.
жүйелермен шектеліп қана қоймайды.
Қазіргі таңда тіл мен мәдениет, адам және тіл байланысын
когнитивтік тұрғыдан қарастыру өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Когнитивті бағыттың маңыздылығы мен өзектілігі оның тек теориялық
лингвистикадағы контексті полипарадигматизміндегі доминанттылығында емес,
сонымен бірге ауқымды кең ғылыми бағдар ұсынуында, мәселен, тілдік
құбылыстарды экспликациалау, тіл мен мәдениет байланысындағы адамның рөлі,
адам және тіл мәселесі, басқа тіл құбылыстарын және аппаратын қарастыру
(Е.С.Кубрякова, Ю.Д.Апресян, В.З.Демьянков, В.В.Колесов, Е.В.Рахилина,
В.Б.Касевич, Ю.С.Степанов және т.б.). Когнитивтік лингвистика
лингвистикалық зерттеулердің шеңберін маңызды түрде күшейте түсетін қазіргі
антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды
[1.9 б.].
Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты
болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің арақатынасына көңіл
бөледі. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерттейді.
Оның негізі мақсаты – халықтың ойлау ерекшелігі мен оның мәдениетін тіл
арқылы ашу. Тіл мен мәдениеттің ажырамас бөлігі, әрі ол
лингвомәдениеттануда рухани болмыс ретінде танылады, яғни, тілде ұлттың
дүниетанымы, әдет – ғұрпы, дәстүрлері, ұлттық мәдениеттің еркшеліктері –
рухани өмірі көрініс табады.
Тіл зерттеушілері арқылы халықтың менталитетін, дүниеге, қоғамға,
өздеріне көзқарасын түсінуге болады деп есептейді. Халықтың өмірі, дүниеге
көзқарасы мақал – мәтелдерде, фразеологизмдерде, метафоралар мен
символдарда сақталып қалған. Олар халықтың мәдениеті мен менталитетінің ең
бағалы мәліметтерінің дереккөздері. Лингвомәдениеттану мәдениетте метафора
мен символдардың, ғасырлар бойы тілде сақталып келген фразеологизмдердің
рөлін анықтауға тырысады, себебі фразеологизмдер халықтың көзқарасын,
белгілі қоғамдық кезеңдегі сол заманның идеологиясын жанама түрде
жеткізеді, яғни, халықтың мәдениеті фразеологизмдерде, метафораларда,
символдарда бейнеленген.
Когнитивтік лингвистика – тілді жалпы когнитивтік механизм ретіндегі
когнитив құрал, яғни, ақпарат етіп көрсету, репрезентациялау және
трансформациялауда маңызды рөл атқаратын таңбалар жүйесі ретінде
қарастыратын лингвистикалық бағыт [2.53 б.].
Когнитивтік лингвистика терминдерді зерттеуде жаңа бағыттарға жол
ашады. Өйткені бұған дейінгі дәстүрлі семантикалық, жүйелі – құрылымдық
парадигмалар жоққа шығарылмай, қайта керісінше, терминологиялық процестерді
жаңа тұрғыдан зерттеп ұғынуға ұмтылыс жасайды. Когнитивтік лингвистика
жалпы лингвистиканың аумағынан шыға отырып, философия, психология, логика,
әлеуметтану пәндерімен байланыс жасап, осы саладағы ғылымның ауқымын
кеңейтеді.
Терминдер – өзіндік құрлымдық, семантикалық, деривациялық,
функционалдық ерекшеліктері бар тілдің өзгеше категориясы. Аталған
ерекшеліктерді ескерусіз термин жасау, басқа тілден терминдер алу,
калькалау, терминдерді ұтымды қолдану мүмкін емес.  Терминдер адам
қызметінің ерекше түрін атап көрсететін болса, біріншіден, ғылыми, кәсіби
деңгейлерін анықтайды. Сондықтан терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби
және өндірістік салалардың, ғылыми таным мен әлем көрінісінің дамуын
бейнелейді. Терминдер мен терминологиялық жүйелер қоғамның әлеуметтік
құрылымының біртекті еместігін, әр түрлі топтарға, бірлестіктерге бөлініп,
әрқайсысының өз тілі, өзіне ғана тән әрі түсінікті терминологиясы барлығын
айқындайды. Термин тілдің ерекше негізін құрайды, себебі, терминсіз,
терминологиялық жүйесіз бірде –бір ғылымның, техникалық, кәсіби, өндірістік
саланың дамуы мүмкін емес. Яғни, терминдерде әлем түснігі жайлы арнайы
білім, ұғымдар қамтылған, сонымен қатар, терминдер адамның ойлау
қабілетінің, танымының, ақиқат шындықтың бейнеленуі мен көрінісінің ерекше
бір түрдегі негізін сипаттайды.
Қазақ дәстүрлі терминологиясында қазақ тілінің терминдері, негізінен,
семантикалық, құрылымдық тұрғысынан жүйелі түрде зерттелді, мұнда
терминологиядағы семантикалық және құрылымдық қатынастардың типологиясына
назар аударылды. Қазақ те,рминологиясында, бүкіл тіл білімінде тілдің таным
шарттары мен құралдары ретіндегі рөлі мен транцформациялаудағы таңбалау
жүйесі болып табылатынын айқындауға көп уақыт бөлінді, Мысалы, қазақ
тілінің терминдері белгілі шамада терминологиялық аталымның соңғы нәтижесі,
өнімі ретінде қарастырылды (Ш.Құрманбайұлы), сонымен қатар лингвистикалық
бірліктері ретінде олардың тілдік қасиеттері мен белгілері толық зерттеліп
пайдаланылды (Ө.Айтбаев). Дегенмен, қазақ терминдерін аталымдау мен
функциялауда адамның танымдық және ментальдық қызметі (когниция)
лингвистикалық зерттеу пәні болып қалыптса қойған жоқ.
Тіл – ұлттық мәдениеттің көрінісі. Осы ұлттық мәдениет, қоғамдық
өзгерістер мен инновациялық атаулының барлығы тілдік көрініс табуы заңды
құбылыс. Себебі тіл – халықтың рухани және материалдық мәдениетінің, барлық
бітім–болмысының айнасы іспетті. Тіл біліміндегі таңба теориясының танымдық
негізін салушы В.фон Гумбольдтың: Халықтың тілі барда оның рухы бар,
халықтың рухы бар да оның тілі бар, ал өзіме осыларға тең келетін нәрсені
елестету қиын, деген пікірі біздің ойымызды негіздей алады [3.23 б.].
Адам өзін қоршаған ортаны бейнелейтін көптеген қызмет түрлерін –
еңбекті, өнерді және т.б. шығармашылық, өндірістік салаларды біледі.
Олардың әрқайсысы шындыққа апаратын психикалық болмыстың дербес жүйесін
көздейді. Осымен байланысты танымдық деңгейге қатысты қазірде жиі айтылатын
концептуалдық ғылым шындықты ұғынудың негізгі тәсілі болып табылады.
Дүниетанымының құрылысы негіздерін анықтауға бағытталған тілдік бейненің
когнитивті модельдері ғылыми талдаулар жасауға мүмкіндік береді. Дүниедегі
заттар мен құбылыстардың жер шарын мекендейтін адамдарға ортақ болуымен
қатар, әр халық сол заттар мен құбылыстарды өз мәдениетіне, танымына,
болмысына қарай ыңғайлап, өзінің таным – түсінігінің деңгейі мен тану
мүмкіндігіне сәйкес атау береді.
Атаудың танымдық – қызметтік табиғатын терең тану үшін оның теориялық
негізін қалаушылардың ғылыми пайымдауларының маңызы зор. Ғалым А.А.Потебня
еңбектерінде антропологиялық тіл білімі адамның шығармашылық рухы туралы
әлемдік ілімнің ең ірі бөлгі ретінде концептілік негізде зерттеулерге
бастау болғандығы белгілі.
А.А.Потебня адамзат сөзінің табиғи шығармашылығы туралы
лингвопоэтикалық тұжырымдамасында теориялық көркемдік және ғылыми
шығарманың бір ғана мақсатты адамның ішкі жан дүниесін өзгертушілік болып
табылады. Осылайша бұл мақсат жаратушының өзіне қатысты жаратуы бір
мезгілде жетеді. Ендеше көркем және ғылыми шығармада бір және сол уақытта
қанша құрал болса, соншалықты мақсат бар немесе ондағы мақсат категориялары
және құралдары  барлық белгілермен сәйкес келе отырып, ажыратылуы мүмкін
емес, – деп көрсетеді [4.85 б.].
Антропоцентристік парадигма өз шеңберінде лингвомәдениеттану,
когнитивтік лингвистика, лингвопсихология сияқты жаңа бағыттарға жол ашады.
Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер төмендегідей когнитивтік
құрылымдарға ерекше мән береді: қабылдау, ойлау, тіл, есте сақтау, әрекет
ету т.б.
Қоршаған дүние – адам мен оның ортасының өзара байланысы, ал дүние
белгісі – адам мен оның ортасы жайлы ақпараттарды өңдеудің нәтижесі. Дүние
бейнесі – тұрақсыз, үнемі өзгермелі құбылыс. Қазіргі таңда ғаламның
тілдік бейнесі мәселесі Е.С.Кубрякова, В.И.Постовалова, Ю.М.Караулов,
В.Н.Телия, А.А.Уфимцева, Э.Д.Сүлейменова және т.б. ғалымдар еңбектерінде
қарастырылып жүр.
Әр ұлт тілінде, әлем туралы түсініктер, ұғымдар түрлі тілдік деректер
арқылы таңбаланып, қоршаған әлемнің тілдік бейнесі, адамдар санасындағы
дүниенің логикалық бейнеленуі жағынан ұқсас болып келеді. Құбылыстар
арасындағы ұқсастықтар ұғым категорияларын жасайтын лексемалардың толығуына
әсер етеді. Сол ұғым түрлерінің тұтастай алғандағы атаулары тілдің негізін
құраса, әлемнің ондағы құбылыстардың тілдегі бейнесінен ұлт ерекшеліктерін
танып–білуге болады.
Ғалым Э.Д.Сүлейменованың пікірі бойынша, ғаламның тілдік бейнесі,
көбінесе, түрлі дүниетаным мәселесі ретінде қаралады. Бүгінгі таңда
ғаламның тілдік бейнесі ұғымында екі түрлі сипат бар. Оның біріншісінің
нақты тілдерге және олардың арасындағы айырмашылықтарға қатысы жоқ болса,
екіншісі нақты ұлт тілдерінің қатысуымен қалыптасқан лексикалық аталымдар
жүйесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивтік парадигмадағы терминология
Қазақ тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Когнитивті лингвистика-жеке ғылым саласы туралы ақпарат
ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Когнитивті лингвистика және терминалогия
Жас грамматикалық бағыт өкілдері көзқарастарындағы позитивистік және жеке психологиялық негіздер
Сөз тіркесінің зерттелуі. «Суггестия» термині
Пәндер