Түркология және қазақ тіл білімі



Тіліміздің грамматикасының жүйесін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Қай кезде болса да морфологияның ең өзекті мәселесі сөздерді әр түрлі лексика-грамматикалық топтарға, кластарға бөлу болғаны белгілі.
Қазақ тілі грамматикасының құрылысының ана тілімізде зерттеулердің жарық көруі ғасырымыздың алғашқы 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы – 1914 жылы «Тіл құралы» деген атпен Орынборда жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі – қазақ тілі морфологиясы ана тілімізде сөз еткен алғашқы зерттеу. 30-шы жылдар ішінен бастап 60-шы жылға дейін, біріне-бірі жалғастырыла үздіксіз жүргізіліп келген Қ.Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов, А. Қалыбаева т.б ғалымдардың зерттеулері арқасында өз шешімін тапты. Ол академиялық грамматика мен жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтардың күрделі бір саласы ретінде де, жеке монографиялық зерттеулердің объектісі ретінде де кең көлемде қойылып зерттеліп келді. Тек өкініші – 60-шы жылдардан бері қарайғы уақытта бұл саладағы жұмыс ілгері баспай қойды.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Түркология және қазақ тіл білімі. – А: Санат , 1998, 144 б.
Тіліміздің грамматикасының жүйесін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан басталады. Қай кезде болса да морфологияның ең өзекті мәселесі
сөздерді әр түрлі лексика-грамматикалық топтарға, кластарға бөлу болғаны
белгілі.
Қазақ тілі грамматикасының құрылысының ана тілімізде зерттеулердің
жарық көруі ғасырымыздың алғашқы 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы –
1914 жылы Тіл құралы деген атпен Орынборда жарық көрген Ахмет
Байтұрсыновтың еңбегі – қазақ тілі морфологиясы ана тілімізде сөз еткен
алғашқы зерттеу. 30-шы жылдар ішінен бастап 60-шы жылға дейін, біріне-бірі
жалғастырыла үздіксіз жүргізіліп келген Қ.Жұбанов, С. Аманжолов, Н.
Сауранбаев, А. Ысқақов, А. Қалыбаева т.б ғалымдардың зерттеулері арқасында
өз шешімін тапты. Ол академиялық грамматика мен жоғарғы оқу орындарына
арналған оқулықтардың күрделі бір саласы ретінде де, жеке монографиялық
зерттеулердің объектісі ретінде де кең көлемде қойылып зерттеліп келді. Тек
өкініші – 60-шы жылдардан бері қарайғы уақытта бұл саладағы жұмыс ілгері
баспай қойды.

Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер.
Қазақ ССР-нің ғылым баспасы, Алматы 1978, 224 б.
Қазақ тілі морфологиясын зерттеудегі табыстар мен болашақ міндеттер
Қазақ тілі морфологиясының жалпы мәселелері Ұлы Қазан төңкерісіне
дейін де зерттеу аясына іліккен болатын. Оның алғашқы сипаттары тұңғыш рет
ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс зерттеушілері Н. И. Ильминский, М.
Терентьев, Л. Мелиоранский, Катаринский сияқты ғалымдардың еңбектерінде сөз
болғаны белгілі. Бірақ бұл еңбектердің қай-қайсысында болса да қазақ тіліне
тән морфологиялық заңдар орыс тілінің заңдарына үлестірілген. Сонымен бірге
бұл еңбектер қазақ оқушылары үшін емес, қазақ тілін үйренбекші болған
интеллигенттері үшін, орыс оқушылары үшін жазылған құралдар болды.
Сондықтан онда жеке сөз таптарының неліктен дербес сөз табы болып
табылатыны, олардың лексика-грамматикалық сипаттары назардан тыс қалдырылып
отырылды да, авторлардың ең басты көңіл бөлген мәселелері жеке сөздердің
өзіндік құрамы және олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалатындығы, сондай-
ақ әртүрлі жалғаулар арқылы қалай түрленетіні сияқты мәселелер болды.
Демек, авторлардың негізгі мақсаты – сөздердің түрленуі мен жаңа сөздердің
жасалу амалын түсіндіру бағытында құрылды.
30-шы жылдары морфология мәселелері елеулі зерттеу объектісіне
айналып, олардың анықтамалары мен сипаттамалары ғылыми түрде талдану
сатысына жете бастады. Профессор Қ.Жұбановтың 1936 жылы щыққан Қазақ
тілінің грамматикасы - әйгілі еңбектерінің бірі. Осы еңбектерінде Жұбанов
тұңғыш рет қазақ тілінде қазақ тілінің өз табиғи материалдары, қазақ
тілінің өзіндік заңдылықтарына үйлестіре отырып ғылыми талдаулар мен
баяндаулар жасалған.
Қазақ тілі морфологиясының негізгі де түпкі ұйтқы мәселері, әсіресе,
сөз тұлғалары алғаш рет жүйелі түрде нағыз таза қазақ тілінде осы еңбекте
сипатталған. Бұл еңбек жөнінде қазақтың көрнекті ғалымдары М. Әуезов пен
І. Кеңесбаев: Айқын да нәрлі, стилистикалық жағынан орамды қазақтың әдеби
тілмен жазылған бұл еңбек қазақ тілі жөнініде оқулық жазатын көптеген
авторлар үшін тамаша үлгі болды – деп жазса, А. Ысқақов: Бұл кітап өзінің
құрылысы мен құрамы жағынан да, мазмұны мен талдау жүйесі жағынан да бұрын-
соңды қазақ тілі грамматикасының ғана емес, біздің елімізде шыққан өзге
тілдердің грамматикаларынан да өзгеше еді,-деп жазды. 40-50-ші жылдары
морфологияның әрбір жеке мәселелері арнайы жүргізілетін күрделі
монографиялық ғылыми зерттеулердің объектілеріне айналады да, осы
зерттеулердің негізінде көптеген көлемді еңбектер жарыққа шығады. Мысалы,
І. Кеңесбаев, А. Ысқақов, К. Ахановтардың жыл сайын шығып отырған орта ,
орталау мектептерге арналған Қазақ тілі грамматикасы мен Н. Сауранбаевтың
педучилищеге арналған Қазақ тілі (1948) және жоғарғы оқу орындарына
арналған Қазіргі қазақ тілі (1954) атты көлемді еңбектрін былай қойғанда,
морфологияның жеке сөз таптарын әр жақты баяндауға арналған мына сияқты
күрделі зерттеулерді кездестіреміз: М. Балақаев Қазақ тілі
грамматикасының кейбір мәселелері (1941), А. Ысқақов Қазақ тіліндегі
үстеулер (1956), Ғ. Мұсабаев Сын есімнің шырайлары (1951), Ә. Хасенов
Қазіріг қазақ тіліндегі сан есімдер (1957), Р. Әміров Қазақ тіліндегі
шылаулар (1959), Ш. Сарыбаев Қазақ тіліндегі одағайлар (1959) т.б.
Ал 60-шы жылдар мұндай еңбектер сан жағынан да тақырып жағынан да
молая түсіп, жеке сөз таптарына байланысты тағы да көптеген жеке
зерттеулер: Ш. Сарыбаевтың Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер (1960), Ж.
Шакеновтың Қазақ тіліндегі сын есім категориясы (1961), А. Ибатовтың
Қазақ тіліндегі есімдіктер (1961), Ә. Төлеуовтің Қазақ тіліндегі есім
категориясы (1963) атты еңбектер жарық көрді. Бұлардың бәрінде де әртүрлі
сөз таптары өзіндік лексика-грамматикалық ерекшеліктері тұрғысынан,
әсіресе, морфологиялық белгілері тұрғысынан әр жақты талдауға түседі. Бұл
кезеңдегі монографиялық еңбектердің ішінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу. салыстырмалы-тарихи зерттеу (xyiii-xix ғғ.) Европа, Ресей ғалымдарының зерттеулері
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері. ХХ ғасыр басындағы түркітану тарихы
Көне түркі жазба ескерткіштері жайлы
Тілдің грамматикалық жүйесі
Мәскеуде жүр бір қазақ туған елдің тынысын кеңейтем деп
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер
Қазақ орыс ғалымдары – ахмет байтұрсынұлы туралы
Н.А.Баскаков классификациясы. В.В.Радлов және түркология туралы
Түркітануға кіріспе
Көне түркі ескерткіштері тілінің фонетикалық жүйесі
Пәндер