Мәдениет аясындағы философияның тарихи типтері


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

№ 2 Мәдениет аясындағы философияның тарихи типтері

1 Философия генезисі, оның мәдени-тарихи алғы шарттары. Антикалық заманнан қазіргі заманға дейінгі философиялық сананың қайнар көздері

2 Қазақ философиясының қалыптасуының және дамуының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері

1 Философия генезисі, оның мәдени-тарихи алғы шарттары. Антикалық заманнан қазіргі заманға дейінгі философиялық сананың қайнар көздері

Философия б. з. б. 6-5 ғ. ғ. пайда болып, өзінің бүгінгі ахуалына келді. Қайсыбір философия, Гегельдің айтуына қарағанда, оймен ұсталып қаланған өз заманы, дәуірі. Философия тарихы, олай болса, адамзаттың ой-өрісінің даму тарихы, шегіне жеткен ең жалпы адам мен Дүниенің қарым-қатынасы жөніндегі мәселелерді шешудегі өз заманымен шектелген ойлау, рух талпынысы.

Философия тарихы сонау көне заманнан бері қалыптаса бастады. Оның қайнар көзі - Дүние мен адамның байланысы жөніндегі алғашқы жиналған ойлар мен пікірлер, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп, сараптау қажеттігі, соның негізінде әрбір философтың өзінің ой-пікірін жеке көрсетуге тырысуында жатса керек. Сондықтан, Кун-фу-цзы, Платон, Аристотель сияқты көне замандағы ірі ойшылдар өздерінің көзқарасын бұрынғы тарихта қалыптасқан пікірлермен салыстырып, оларға баға береді.

Сонымен қатар сол көне заманда өз шығармашылық еңбегін тек қана әдейі философия тарихына арнаған ойшылдар да болды. Оған, мысалы, 3 ғ. өмір сүрген Диоген Лаэртийді, Секст Эмпирикті жатқызуға болар еді. Д. Лаэртийдің «Атақты философтардың өмірі мен ілімдері, нақыл сөздері», С. Эмпириктің «Ғалымдарға қарсы» деген еңбектері арқылы біз көне замандағы философия ішіндегі ой-тартысты, әрбір ойшылдың шығармашылық тәжірбиесінің ерекшелігін байқаймыз.

Орта ғасырларды алатын болсақ, онда философия тарихы көбінесе тарихтағы болған ұлы философия еңбектеріне жасалған комментарийлер (түсініктер) арқылы көрінді. Мысалы, Әл-Фараби Аристотельдің шығармаларын тек қана араб тіліне аударып қана қойған жоқ, сонымен қатар өзінің кең түсініктемелерінде оларға баға беріп, басқа грек ойшылдарының еңбектерімен салыстырып, олардың бір-бірімен сабақтастығын көрсете білді.

Алайда Гегельдің еңбектеріне дейін 15-17 ғ. ғ. философия тарихында бұл пән әлі белгілі бір жүйеге келтірілген жоқ, оның ішкі байланыстары, қисыны әлі ашылған жоқ-ты.

Гегель өзінің «Философия тарихы жөніндегі лекцияларында» адамзаттың философиясындағы ой-пікірдің тарихи бір-бірімен сабақатсытғы, әрбір дәуірдің белгілі соған сәйкес философия ой-өрісін туғызатындығы, сонымен қатар сол дәуірдің шеңберінде шектелгендігі, келесі дәуірдегі ойшылдардың өз заманына сәйкес бұрынғы көзқарастарды дамытатындығы айқындалды.

19 ғ. екінші жартысында пайда болған марксизм ілімі философия тарихын таптық тұрғыдан қарап, бұл пәннің шеңберінде қалыптасқан материализм және идеализм ағымдарының күресі - осы ғылымның өзегі деп есептеді. Қоғамды материалистік тұрғыдан түсінудің негізінде, олар «философия ой-өрісі дамуының ең түпкі қайнар көзі - өндіргіш күштер, соған сәйкес ғылым мен техниканың дамуында» деген терең пікір айтты.

20 ғ. ойшылдардың көпшілігі философия тарихындағы тарихи сабақтастықтан гөрі, әрбір қалыптасқан философиялық жүйенің ерекшеліктеріне, соны тудырған тарихи тұлғаның қайталанбауына, оның дүниетанымы мен сезімінің оқшау тұрған рухани құндылық екендігіне аса көңіл аударды.

Әрине, философия тарихының қалыптасуы мен дамуының ішкі заңдылықтары бар. әр философ, қайсыбір адам сияқты, өз дәуірінің тұлғасы, сондықтан оның ой-толғауында сол заманның мұң-мұқтаждықтары, философиялық ой-өрісі көрінбей қоймайды.

Әрбір географиялық аймақтағы тұратын халықтардың сол жерге мыңдаған жылдардың ішіндегі бейімделуінің негізінде өзінің дүниетанымы мен дүниені түйсінуі, өзінің философиясы қалыптасады. Оны ғылымда менталитет деген ұғыммен береді (mental - ағылшын сөзі, ой-өріс) . Сондықтан біз Шығыс, Батыс философиясы, Африка, Америка т. с. с. философиясы деп оларды ерекше қараймыз.

Сонымен бірге философияның келесі күрделі ерекшелігі оның тарихына өз әсерін тигізбей қоймайды. Ол - Дүниеге деген көзқарастың көптүрлілігі, ішкі және сыртқы жағына шексіз Дүниені танып-білудегі кемеліне келген соңғы ақиқаттың үзілді-кесілді түрде болмауы. Сондықтан соңғы ақиқат - ешбір философиялық ағымда, ешбір аса ірі тұлғаның қолында жоқ және ол болашақ тарихта да болмайды.

Бұл философияның іргетасты ерекшелігі тарихтағы пайда болған әр философия ағымының, әр ірі тұлғаның дүние сезімінің, тебіренісінің қайталанбауын, оның орны бөлек рухани құндылық екенін көрсетеді. Сондықтан әрбір философиялық ағымның ішінен бүгінгі таңда бізге керек даналық пікірді, көзқарасты табуға болады. Мысалы, көне замандағы Шығыс ойшылдарының «ортаңғы жолымен жүру» қағидасы бүгінгі таңдағы біздің «біржақтылығымыздың» қателігін көрсетпей ме?

Көшпенділердің Дүниеге деген көзқарасындағы табиғатты аялау, оған табыну қажеттігі бүгінгі таңдағы Дүниені қайта өзгерту жолында экологиялық дағдарысқа келіп тірелген адамзатқа қаншалықты қажет десеңізші!!!

Ал үнді философиясының негізгі қағидаларының бірі - ахимсаны алсақ, оның мән-мағынасы да осы уақытқа жейін соғыстан құтыла алмай келе жатқан адамзатқа сабақ болатындай.

Қорыта келе, философия тарихының шеңберінде тілегей-теңіз дана ойлар, нәзік дүниесезімді, таңқаларлық ой-өрістерін табуға болады. Ол адамның ой-өрісін кеңейтіп, Дүниеге терең көзқарас қалыптастырып, өмірдің терең мән-мағынасын табуға көмектеседі.

Философияның дүниеге келу уақыты ғылымда нақтылы көрсетілген. Жалпы алғанда б. з. б. 6-5 ғ. ғ. Шығыста да, Батыста да адамзаттың ұлы ойшыл-бабалары дүниеге келіп, философиялық ой-пікірді туғызды. Олар: Қытайда: - Лао-Цзы, Кун-фу-Цзы, Парсы елінде - Заратустра, үнді елінде - С. Гаутама, Грецияда - Сократ, Фалес, Анаксимандр, т. б., Палестинада - Илия, Исая, Иеремия, т. б.

Б. з. б. 1 мжлд. орта тұсы - ежелгі өркениеттің үш ошағы - Қытай, Үндістан және Грецияда бір мезгілде философия пайда болған адамзат дамуының тарихындағы айтулы кезең.

Ежелгі Үндістанның философиялық ілімдері.

Үнді елінің ғажап ерекшелігі - оның әлеуметтік ұйымдастырылуында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрды. Оны - варна немесе каста дейді. Брахман - ой еңбегі - діни қызметкерлер, ел басқарушылар; Кшатрилер - жауынгерлік істер; Вайшьилер - егінші, малшы, қолөнершілер; Шудралар - құлдар,

Ежелгі Үндістан қоғамының өмірі туралы алғашқы ақпарат түпнұсқасы ведалық әдебиет болып табылады. Сөз шамамен 9 ғ. бойы құрастырылған (б. з. д. 1500-600 жж. ) кең мәтін терілімдері жөнінде болып отыр.

Ведалық мәтіндер - көбінесе діни мазмұндағы әдебиет; алайда веданта ескерткіштері өз уақытында рухани өмірі туралы құнды тарихи ақпарат та болып табылады, сондай-ақ олардан елдің экономикалық дамуы, қоғамның таптық және әлеуметтік құрылымы, қоршаған ортаны танудың деңгейі, тағы басқа жайлар туралы көптеген мәліметтер алуға болады. 4 түрі: Ригведа - әнұрандар білімі (12 ғ. ), Самаведа, Атхарваведа, Яджурведа .

Ведалық салт-жоралардың нұсқауы - Брахмандар (б. з. б. 10 ғ. ), Самхит, Араньякта, Упанишад. Упанишадаларда жарық дүниенің пайда болуын түсіндіруде басым орынды тұрмыстың түп негізі ретінде кең тараған қағида - нағыз кескінсіздік (брахма) алады. Ол дәлме-дәл түрде әрбір жанның рухани мәнімен теңеседі (атман) . Әрбір индивидтің тұрмысын барлық қорашған ортаның әмбебап мәнімен тепе-теңдікте айқындау Упанишадалар ілімінің өзегі болып табылады. Бұл ғылымның ажырамас бөлігі болып өмірдің айналмалылығы туралы тұжырымдамасы (сансара) және онымен тығыз байланысты әрекетіне қарай құрметтеу немесе жазалау заңдылығы (карма) болып табылады. «Сансара» туралы ілімде адам өмірі шексіз тізбек түрінде қайта-қайта жаратылып отырудың белгілі бір формасы ретінде түсініледі. Б. з. б. 6-5 ғғ. Брахманизм ағымына қатысты сыни көзқарастар кең тарайды.

Ведалар беделіне қатысы бойынша ежелгі Үндістан дүниетанымының жүйесі топтастырылды. Ортодоксалды және ортодоксалды емес мектептер болды. О. м. ведалардың беделін мойындады: миманса, веданта, санкхья, йога, ньяя, вайшешика. О. е. м: локаята, адживика мектептері жатады.

Жаңа мектептердің көпшілігінің ішінде бүкілүнділік маңызды джайнизм және буддизм ілімдері. Джайнизмнің негізін қалаушы Махавира Вардхамана (б. з. б. 5 ғ. ) Джайнизм дуализмді насихаттайды. Адамның жеке тұлғасының мәні екі қырлы - материалдық (аджива) және рухани (джива) . Олардың арасын байланыстыратын дәнекер карманың денесін жасап, жанның қатқыл материямен бірігуіне мүмкіндік беретін нәзік материя (карма) болып табылады. Жанның карма мен сансараның ықпалынан шығуы тек аскеттік пен ізгі ниетің көмегімен ғана мүмкін деп ұғылады.

Б. з. д. 6 ғ. Солтүстік Үндістанда іргетасын Шакия руы билеушісінің ұлы С. Гаутама қалаған (Будда - оянған, б. з. б. 583-483 жж. ) буддизм ілімі пайда болады. Бұл ілімнің түп ортасы 4 игі ақиқаттан тұрады. Соларға сәйкес адам тіршілігі үздіксіз түрде азаппен тығыз байланыста. Дүниеге келу, дерт, кәрілік, өлім, жағымсыз жағдайлармен ұшырасу және жақсылықтан ажырау - мұның бәрі азапқа апарады (1) . Азаптың себебі - көксеу, құмарлық (тршна) . Осы көксеу қуаныш пен құштарлану арқылы қайта-қайта жартылуға және жаңадан тууға жетелеп отырады (2) .

Азаптың себебін жою аталған көксеу сезімін жоюмен дәйектеледі (3) . Азаптан құтылуға апаратын игі 8 жолдың мәні: дұрыс пікір, дұрыс шешім, дұрыс сөйлеу, дұрыс өмір сүру, дұрыс талпыныс, дұрыс назар, дұрыс көңіл тоқтату, дұрыс мінез-құлық. Сезімдік рахатқа лайықталған өмір сияқты аскеттік және адамның өзін-өзі азаптау жолы да жоққа шығарылады (4) . Буддизмде бір негізгі ұғым - нирвана.

Нирвана - жоғарғы күй, хал - жай; адамның ең үлкен мақсаты сансарадан құтылу. Нақтылау түрінде нирвана - рахатты сезіну (адамның ішкі хал-жайы), сыртқы дүниеден - абсолютті бостандық және тәуелсіздік күй.

Сонымен қатар буддизмнің гуманистік-адамгершіліктік жақтары - ой тазалығы, іс-әрекет тазалығы, тіршілікті жәбірлемеу, зұлымдыққа зорлықпен қарсы шықпау, дүние қумау, кемтар адамға қол ұшын беру, т. с. с. адамзат рухының әрі қарай шыңдалуына зор әсерін тигізді.

Үнді философиясындағы натурфилософиялық көзқарастарға келетін болсақ, олар дүниені 5 тұрақтыдан тұрады деп есептеген. Олар - жер, су, от, ауа, кеңістік. Осы дүниеде 5 тұрақты қосылған, оған джива (жан-дүние) неге керек.

Екінші материалистер мәселені тереңірек қарап, Дүние алғашқы материядан - пракритиден жаратылған деген пікір айтады. Пракритидің 3 гуны (қасиет) бар. Олар - саттва (ашық, оған ешқандай таңба түспеген, бізге біліммен бақыт әкеледі) , раджас (құмарту қасиеті, ол іс-әрекетке итереді) және тамас (жайбарақаттық пен жалқаулықты, ұйқы мен миғұлалықты көрсетеді) .

Үнді философиясында чарвака бағытының қағидалары қарапайым адамдардың арасында кең тарайды. Олар өмірдің мәнін байлық пен ләззат алудан көрген, о дүниені мойындамаған. Чарвактар брахман дініне қарсы шығап, о дүние, жұмақ, тозақ ұғымдары адамдарды қорқытып, сондай көзқарасты тарату арқылы өзін асырап жүрген, ақылы мен еңбекқорлығы жоқ адамдардың айласы деген пікір айтады.

Бүгінгі қоғамның интеллектуалдық топтарында кейбір адамдардың Үнді дініндегі секталарға қызыға қарауы, соған кейде мүшелікке кіруі ол, әрине, бүгінгі таңдағы елдегі рухани дағдарыспен байланысты.

Ежелгі Қытай философиясының ілімдері.

Ежелгі Қытай философиясының ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. К. Қ. м. иерархиялық деспотия үстемдік құрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы - ван, барлық билік соның соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әртүрлі деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуіетер - чжухоу, беделді отбасылар - дафу және ши, ең төменде - ештеңе құқы жоқ - шужэнь. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, «жоғары» мен «төменнің» арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды.

Ежелгі Қытай философиясының гүлденуі б. з. д. 6-3 ғ. ғ. Қытай философиялық мектептерінің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі -

адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі, адам мен әлем туралы олардың үндес шындығы ретінде өзіндік түсінік қалыптастырды. Қытай философиясының түп-тамыры мифологиялық ойлаудан басталады. Қытай мифологиясында көк пен жерді және жалпы табиғатты адам тіршілігі ортасын қалыптастырушы шындық ретінде пір тұту көрініс береді. Сөйтіп осы мифтік ортадан әлемді билейтін ең биік қағида бөлініп алынады. Ол қағида бір сөзбен «Аспан» (Тэнься) деп аталған.

Сонау көне заманнан бастап, Қытай философиясында 3 негізгі ағым пайда болды. Олар: даосизм - натурфилософиялық бағыт; Конфуциандық - моральдық философия ; Фа-цзя - әлеуметтік-саяси философиясы . Бұл ағымдар сонау көне заманда пайда болып, осы уақытқа шейін осы халықтың дүниетанымында елеулі орын алады.

Конфуцизм ілімі б. з. б. 136 ж. - 1949 ж. Қытайдың мемлекеттік идеологиясы дәрежесін иеленеген. Бұл ілім осы күнге дейін қазіргі заманғы Қытайдың рухани өміріне өз ықпалын тигізіп келеді. Конфуций (б. з. б. 551 ж) қытай халқының этникалық психологиясын, қытйлықтардың көп жылғы өмір салтын, мінез-құлық бейнесін қалыптастырды. Конфуцийдің философиялық ілімінің ерекшелігі әлеуметтік-саяси және моральдық проблемаларды зерттеуінде жатыр. Конфуций «жан-жақты жетілген адам», «адамзат қоғамы қандай болуы керек», «салт-жоралғы» деген мәңгілік проблемаларды қояды. Оған сыпайылық, сыйластық, ізеттілік, адалдық, кіршіксіздік қасиеттері жатады. Конфуцийдің басты еңбегі «Лунь юй» бірінші Қытай революциясы кезінде өртелгенмен, кейін қалпына келтірілді.

Қоғамның ыдырап кетуіне алаңдаған Конфуций басты назарды адамды маңайындағыларға, қоғамға сый-құрметпен қарау тәрбиесіне аударды. Оның әлеуметтік-этикасында адамның жеке тұлғасында «өзім үшін» емес, «қоғам үшін» деген қағиданы қажеттігі айтылады. Индивид қоғамның әлеуметтік организмінің функциясы болып есептелген. Конфуций жақсы отағасына қажетті басты 3 ұстанымды бөліп айтады: 1) Адамсүйгіштік (ата-анаға құрмет және үлкендерді сыйлау) ; 2) Алтын кіндік принципі немесе шамаға қарау (шамадан тыс салмақтан адам рухы тозады, ал шамадан тыс еңбектен оның денесі шөгеді) ; 3) Өзара түсіністік принципі (Өзіңе тілемейтін жамандықты өзгеге жасама) .

Даосизм. Қытайдағы конфуциандық фил. ойдың дамуымен қатар өркендеген маңызды бағыттардың бірі даосизм болды. Негізін салушы - Лао Цзы , б. з. б. 6-5 ғғ. (кәрі дана) . Еңбегі: «Дао дэ цзин».

Даосизмнің басты назарына табиғат, ғарыш және адам тұрды. әлем тұрақты қозғалыс пен өзгеріс үстінде болады, дамиды, ешбір себеп-салдарсыз спонтанды (сыртқы әсерлерден тыс, кейбір ішкі себептерден пайда болатын құбылыстар) түрде өмір сүріп, әрекет жасайды.

Дао жолы - орталық түсінік. Түп негізді білдіретін түсінік ретінде Дао барлық жерде, бәрінде, тұрақты түрде өмір сүреді және оған бәрінен бұрын тән болатын қасиет - әрекетсіздік.

Әлемде бәрі жол үстінде, қозғалыста және өзгерісте болады, бәрі тұрақсыз және шектеулі. Бұл «инь» және «ян» қағидалары арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ әрбір қозғалыста, процесте диалектикалық бірлікте болып, олардың өзгеруі мен қозғалысына тікелей ықпал етеді.

Антикалық философия. Грек философиясы б. з. б. 7-6 ғғ. қалыптасты. Ол өзінің сипаты мен мазмұн бағыты, әсіресе философиялық әдісі жағынан еж. Шығыс фил-қ жүйесінен өзгеше және қоршаған ортаны рационалды тану тарихындағы алғашқы талпыныс жемісі б. таб. Гр. Антик. Фил. өз дамуында шартты түрде келесі кезеңдерге бөлінеді:

1) б. з. б. 7-5 ғ. ғ. - Сократқа дейінгі кезең - Милет мектебі, Гераклит, Элей, Пифагор, еж. атомистикалық фил. ) ;

2) б. з. б. 5 ғ. орт. - б. з. б. 4 ғ. - классикалық кезең - Сократ, Платон және Аристотель;

3) б. з. б. 4 ғ. с. - 2 ғ. - эллиндік кезең - стоикалық, эпикурлық, т. б. мектептер;

Милет мектебі тұңғыш фил. мектеп. Онда алғаш ретсаналы түрде «мұның бәрі неден?» деген сұрақ қойылды. Милет мектебінің негізін салушы Фалес (б. з. б. 640-562 жж. ) Фалес барлық тірліктің негізі су деп білді. Суды ол пішін ретінде емес, аморфты, материяның ағымды түпкі негізі деп таныды. Анаксимандр (б. з. б. 611-546 жж. ) - «дүниенің бірінші бастауы мен негізі шексіздік» ( апейрон ) дегенді жақтап, оның ауа да, су да, өзге де материя түрінде анықталмайды. Сөйтіп, бөлшектер өзгереді, ал тұтас нәрсе бастапқы қалпын сақтайды дегенді айтты. Анаксимен (б. з. б. 585-524 жж. ) - тіршілік көзі - ауа , өйткені барлығы содан пайда болып, соған қайта оралады. Милеттіктердің уәжінше, барлық нәрсенің негізінде бастапқы субстанция жатады. Субстанция өзін түсіндіруде басқа ештеңені қажет етпейді, ол өзгеден емес, өзінен пайда болады.

Ал, Пифагордың (б. з. б. 580-500 жж. ) милеттіктерден айырмашылығы, ол әлем субстанциясын санмен теңестірді : «сан мен өлшем жоқ жерде хаос пен химер үстемдік етеді», демек, барлық тірліктің негізі сан, дейді. Сондықтан барлық нәрседен үлесім іздеген пифагорлықтар: «Әлемде сұлулықтан басқа ештеңе жоқ, ал сұлулықта пропорциядан өзге ештеңе болмайды, пропорциядан саннан бөтен түк таппайсың», дейді.

Антикалық грек фил. дамуының шырқау шегі б. з. б. 5 ғ. 2 жарт. - 4 ғ. кезең. Бұл қала - мемлекет - полис саяси формасына сүйенген гректің құл иеленушілік демократиясының гүлдену кезеңі.

Гераклит Эфесскийдің ілімінде болмыс субстанциясы - от . Оның ілімінде әлем жалпы өзгермелілік негізінде пайда болған тәртіптік жүйедегі ғарышпен байланыстырыла түсіндіріледі. «Бәрі ағысты, бәрі өзгереді», «Бір өзенге екі қайтара енуге болмайды».

Элей мектебі (Парменид, Зенон, Ксенофан) . Бұл философияның түпкі ұғымы - болмыс.

Оларша болмыс деген тумайтын да, жойылмайтын да - сол. Яғни, ол болмыс пайда болса жоқ жерде пайда болар еді, бұл - абсурд, өйткені жоқтың жоқ екені анықталған. Ал болмыстан шыққан жағдайда, бұл тіптен абсурд, онда біз болмыстың бар екенін әуел баста мойындаған болып шығамыз. Сондай себептерге қарағанда болмыс жоқ. Ал болмысқа қарай ұмтылуымыз болмыстың бар екенін көрсетеді және ол өз орнында қала беретін болады. Болмыстың өткен шағы болмайды, өйткені өткен шақ - қазір жоқ. Болмыстың болашағы да болмайды, демек, ол әлі жоқ. Болмыс бас-аяғы жоқ осы шақ.

Зенон тарихта өзінің апорияларымен белгілі. Оның апориялары «Ахилл тасбақаға жете алмайды», «Жебе», «Дихотамия» (грек. Қақ бөлу) .

Анаксагор қалайша шаш еместен шаш, ет еместен ет пайда болады деген нақты сұрақтар қояды. Ол бұл сұраққа: «Әр нәрсе өзіне өте ұқсас бөлшектерден - «тұқымдардан», гомеомериялардан пайда болады». Ол тұқымдар стихиялардың ішінде қалқып жүріп, бір-бірімен қосылып заттарды тудырады. Ал барлық заттардың пайда болуына түрткі болған, оларды ретке келтіріп отыратын ол НУС ( грек: ақыл-ой) - дүниежүзілік ақыл-ой . Анаксагор Афинадағы ғылымның, философияның дамуына әсерін тигізді.

Демокрит атомизмі. «Әлемде атомдар мен бос кеңістіктен өзге ештеңе жоқ» және «Барлық заттар атомдардан тұрады» деп уағыздайды. Мұндай тұжырымдама 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басына дейін өмір сүрді. Левкипп, Эпикур де атомизм ілімінің өкілдері болған. Рим дәуірінде Лукреций Кар, еңбегі «Заттардың табиғаты туралы». Демокрит атомдардың бір-бірінен өзгешелігі формасында деп санаса, ал Эпикур - салмағында, шамасында деді.

Софизм. Софистер ( Протогор, Горгий, Гипий, т. б. ) риторикаға үйрететін ұстаздар болған. Олардың басты қағидасы - өз позицияңды дұрыс және бұрыс жолдармен, әдістермен дәлелдей білу. Софистер (дана) объективтік ақиқатқа ұмтылған жоқ - осы үшін Сократта, Платонда оларды сынға алды.

Протогор «адам - барлық заттардың өлшемі» деп санаған.

Антикалық философияның классикалық кезеңі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
Ойлау мәдениетінің пайда болуы
Тарихқа өркениеттік көзқарас
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның философиялық мәселелері
Философия (лекциялар)
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz