Дүниені философиялық түсіну: болмыс, материя – алғашқы категориялық ретінде



Философияның маңызды проблемаларының біріне дүниені философиялық түсіну, ондағы адамның орны мен рөлін пысықтау жатады. Онтология – болмыс туралы ілім. Болмыс – барлық бар нәрсені белг.фил.категория. Біз заттардың болмысы туралы, бізді қоршаған ортаны, адамның болмысы, оның санасы, өзіміз сүріп отырған қоғамның болмысы, т.б. жөнінде сөз етіп отырмыз. Басқаша айтқанда, болмыс түгелдей материалдықты да, руханилықты да қамтиды. Өзгеше сөзбен айтқанда, болмыс – дүниеде не бар, соның бәрі – ол материалдық та құбылыс, әлеуметтік те процесс, адам санасында болып жататын шығармашылық та актылар. Болмыстың негізгі түрлері: 1) заттардың болмысы мен табиғаттың жағдайы; 2) қоғамның болмысы; 3) адамның болмысы; 4) осыларға байланысты индивидуалды және индивидуалдықтан тыс болып бөлінетін рухани болмыс.
2 Материя түсінігі, материя қозғалысы
Материя түсінігі философияның ең орнықты түсініктерінің бірі және өз тарихы бар. Материя категориясы адам санасынан тәуелсіз тұратын дүниенің шынайы да нақты құбылыстарын сипаттау үшін қызмет етеді. «Материя» категориясы объективтік реалдықты анықтайды.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
№ 3 Дүниені философиялық түсіну: болмыс, материя – алғашқы категориялық
ретінде. Философиядағы сана мәселесі және бейсаналық

1 Болмыс мәселесі және оның негізгі формалары
2 Материя түсінігі, материя қозғалысы
3 Сана және түрлері. Бейсаналық

1 Болмыс мәселесі және оның негізгі формалары
Философияның маңызды проблемаларының біріне дүниені философиялық
түсіну, ондағы адамның орны мен рөлін пысықтау жатады. Онтология – болмыс
туралы ілім. Болмыс – барлық бар нәрсені белг.фил.категория. Біз заттардың
болмысы туралы, бізді қоршаған ортаны, адамның болмысы, оның санасы, өзіміз
сүріп отырған қоғамның болмысы, т.б. жөнінде сөз етіп отырмыз. Басқаша
айтқанда, болмыс түгелдей материалдықты да, руханилықты да қамтиды. Өзгеше
сөзбен айтқанда, болмыс – дүниеде не бар, соның бәрі – ол материалдық та
құбылыс, әлеуметтік те процесс, адам санасында болып жататын шығармашылық
та актылар. Болмыстың негізгі түрлері: 1) заттардың болмысы мен табиғаттың
жағдайы; 2) қоғамның болмысы; 3) адамның болмысы; 4) осыларға байланысты
индивидуалды және индивидуалдықтан тыс болып бөлінетін рухани болмыс.
2 Материя түсінігі, материя қозғалысы
Материя түсінігі философияның ең орнықты түсініктерінің бірі және өз
тарихы бар. Материя категориясы адам санасынан тәуелсіз тұратын дүниенің
шынайы да нақты құбылыстарын сипаттау үшін қызмет етеді. Материя
категориясы объективтік реалдықты анықтайды.
Материя – табиғи құбылыстар мен процестердің көпқырлығын белг. фил.
абстракция не түсінік.
Материя категориясы диалектикалық материализмде субстанция деңгейіне
дейін көтеріледі.
Философияда екі категория бар: субстрат (дәлме-дәл-төсеніш, бәрі
осыдан жасалған) және субстанция (мән, негіздің бастауы). Субстанция
болса тірліктің нәрі, бір-біріне тікелей байланысты нақты заттардың,
оқиғалардың, құбылыстардың және процестердің әр алуандығының бірлігі.
Сөйтіп, философтар субстрат түсінігі арқылы болмыстың неден тұратынын
түсіндірсе, субстанция ұғымы арқылы болмыстың жалпы негізі бекітіледі.
Әдетте философтар белг.бір бастудан шығарып (су, атом, идея, рух, т.б.)
дүниені бейнелеуге ұмтылады.
Барлық тіршіліктің бастауы бір дейтін ілім монизм д.а. Дүниені екі
негізден басталады дейтін түсінік дуализм д.а. Философия тарихында, бұрын
да көрсетілгендей, монизмнің үлес салмағы басымдау.
Сана мен матрияның арақатынасын анықтауда 3 бағыт бар. Олар:
материализм, идеализм, реализм.
Материализм бағытының негізгі категориясы – материя ұғымы (зат).
Бұл бағытты ұстайтын ойшылдар алғ.Дүниенің негізін нақтылы-сезімдік
заттардан көрді (Фалес-су, Гераклит-от). Мұндай көзқарастың көне замандағы
шыңы – Демокрит пен Левкипптің атомдық теориясы. Ештеңеден ештеңе пайда
болмайды, сондықтан атомдар мәңгілік өмір сүреді, олар ешқайда жоғалмайды.
Дүниедегінің бәрі қажетті де себепті. Демокрит Құдайды мойындағанмен, ол
жер мен көктің екі ортасында өмір сүреді, оның бұл Дүниеге қатысы жоқ деген
батыл көзқараста болды.
Жаңа дәуірдегі ғылым мен техниканың дамуына байланысты ғалымдар
материяны табиғаттың заты, оның қасиеттерімен теңеді (Ламетри, Гоббс,
Гольбах, т.б.). Бұлардың ойынша, рухани өмір материалдық элементтерден
тұрмайды, ол материяның жалпы қасиетіне жатады. Бұл, әрине, алға
жылжушылықты көрсетті. Т.Гоббс: (Зат адамның санасында өзінің тікелей ізін
қалдырмайды, оның тигізетін ықпалы адамның миына жеткенше біршама
сатылардан өтеді ... деген пікір айтқан болатын.
20ғ. бас. материя жөнінде жаңа гносеологиялық
Материя қозғалысы. Материя тек қозғалыс үстіндегі материя ретінде
болады. Қозғалыс – кез-келген өзгеріс, жалпы өзгеріс. Қозғалыс пен материя
бір-бірімен бөлінбестей болады. Сондай-ақ қозғалыс абсолютті болуына сай
тыныштық тепе-теңдік, тұрақтылық сәттерін де жоққа шығармайды. Тыныштық
салыстырмалы болады. Диалектикалық материализмде материя қозғалысының бес
түрін бөліп қарастырады: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық,
әлеуметтік. Материя қозғалысының барлық түрлері бір-бірімен байланысты
болғанымен де, олардың күрделілік деңгейлері жағынан айырмашылықтары бар.
Қозғалыстың әлеуметтік формасы дегеніміз қоғамдық байланыстар мен
қатынастар.
Кеңістік және уақыт материя болмысының түрлері болып табылады.
Кеңістік пен уақыттың маңызды қасиеттеріне олардың абсолюттігі мен
салыстырмалылығын жатқызу керек. Макродүние кеңістігінің қасиеттеріне оның
үш өлшемдігі мен қайтып оралушылығы жатады. Микродүниедегі кеңістік үш
өлшемді емес. Кеңістіктің кез келген нүктесіне қайта оралуға болады, бірақ
тек өзге уақытта ғана.
Кеңістік материалдық нысандар тіршілігін бейнелейді. Кеңістікке
қарағанда уақыт бір өлшемдігімен және қайта оралмайтынымен ерекшеленеді.
Кеңістік пен уақыттың қасиеттері сан алуан. Жаңа заман ғылымының деректері
кеңістік пен уақыттың объективтік жағдайын, олардың қозғалыстағы материямен
үздіксіз байланыста болатынын ешқашан жоққа шығармайды.
Кеңістік пен уақыт өлшемді ауқымдар болғандықтан, өлшем бірлігін
пайдалану арқылы оларды сан жағынан анықтауға болады.
Бізді қоршаған әлем өзінің нақты құбылыстары жағынан сапалық тұрғыда
сан алуан. Материя мәңгілік, ол жасалмайды да, жоғалып та кетпейді және
тұрақты даму үстінде болады. Материяның даму процесінде оның неғұрлым
күрделі түрлері туындай береді.
3 Сана және түрлері. Бейсаналық
Сана проблемасы философия проблемаларының ең күрделі түрлерінің біріне
жатады. Бұл тақырып фил.тарихының өне бойында қарастырылып келеді.
Адам саналы. Сана мидың функциясы түрінде көрінеді, әйтпесе бұл
функция өзінің өмір сүруіне қажетті органсыз функция болар еді. Адам
санасының биологиялық алғышарты – оның миы. Бұл күрделі материалдық,
физиологиялық жүйе. Сана объективтік әлемге де, адам миында болып жатқан
физиологиялық процестерге де жатпайды.
Сана субъективті бейне ретінде идеалды. Оны идеалды деп атаудың да
мәні сонда – адамның бейнелерінде физикалық та, химиялық та не өзге
материалдық қасиеттер жоқ. Сана – субъективтік реалдылық, шындықты мақсатты
бейнелеу, адам миының тілмен байланысты функциясы.
Психика саналылық, бейсаналық (бессознательное) және пайымсыздық
(подсознательное) сфераларына бөлінеді. Сана анық сөзге, логикалық
қорытуларға, абстрактылы түсініктерге байланысты. Сананың ядросы, оның
тіршілік әдісі білім болып табылады. Сана субъектіге тән, сондықтан оның
өзі бұл мағынада субъективті. Психиканың кез келген формасы сияқты сана
материалдық объект емес, сол себепті ми құрылымдарының символдық болмысы
ретінде көрінеді. Сана материалдық емес, алайда ол объективті.
Қазіргі адам миының жұмысын моделдейтін алып электронды машиналардың
мысалы олардың кісі санасына ешбір жете алмайтынын көрсетеді. Ми қызметінің
саналы болатыны ол күрделі механикалық деңгейлерге дейін бара алатындықтан
сол межеге ешбір жасанды интеллект жете алмайды.
Философия тарихында бейсаналық проблемасымен көптеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Заттың пайда болуы ретіндегі материя
Философия тарихында болмыс категориясы
Заттардың табиғаты туралы поэманың авторы
Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі
Кеңістік пен уақыттың ғылым тарихындағы түсінігінің дамуы
Ортағасырлық философия туралы
Ғылымның филоосфиялық мәселелері
Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі
Философия ғылымының негізгі әдістері
Пәндер