Таным мәселелері


№ 4 Эпистемология. Таным мәселелері
1 Таным. Танымның практикалық табиғаты, құрылымы
2 Танымдағы ақиқат мәселесі
3 Таным деңгейлері мен әдістері
4 Ғылым, техника және білім философиясы
1 Таным. Танымның практикалық табиғаты, құрылымы
Жоғары тарауда болмыс мәселелерін талдап, «Дүние қалай құрылған?», деген сұраққа жауап беруге тырыстық. Енді уақыт екінші үлкен сұраққа жауап беруді талап етеді. Осы өзімен-өзі өмір сүріп жатқан Дүниені адам танып-біле ала ма? Әрине, біз бұл сұраққа оң жауап қайтарамыз. Тек болмыс шеңберіндегі заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу арқылы ғана адам оны ерікті түрде шығармашылық жолмен қайта өзгерте алады. бізді айнала қоршаған «екінші табиғат» - неше түрлі машиналар мен механизмдер, электр станциялары, байланыс жүйелері т. с. с. - адамның дүниетаным мүмкіндігі, рух құдіретінің шынайы көріністері.
Таным деп біз адамның айнала қоршаған ортаны зерттеудегі ерекше рухани іс-әрекетін айтамыз. Ол әрқашанда даму үрдісінде.
Қайсыбір тіршілік сияқты, адам да айнала қоршаған ортаның шеңберінде өмір сүреді. Алайда оның өмір сүру тәсілі басқа тіршіліктерден мүлде өзгеше. Егерде қайсыбір жануар өзінің дене құрылысы мүмкіндігіне сай айнала қоршаған ортаға бейімделген, дүниедегі сан алуан құбылыстардың ішінде тек өз тіршілігіне тікелей, я болмаса жанама қытысы бар заттар мен құбылыстарды ғана сезініп, тек соған сәйкес өмір сүретін болса, адам дүниеге өз санасы арқылы универсалды, яғни жан-жақты қарай алады. Сонымен қатар айнала қоршаған орта нақтылы тарихи өмір сүріп жатқан адамдардың таным мүмкіндіктері мен оны игеру деңгейінен әрқашанда асып түседі. Олай болса, ол адамдардың Дүниені зерттеп игеру жолындағы шексіз мүмкіндіктерін тудырады.
Дүниетанудағы негізгі мақсат - зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу, яғни оларды білу. Білім - әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесі, өйткені бірдемені білу дегеніміз - сол жөнінде идеалдық түсініктің болуы. Олай болса, танымды күрделі үрдіс, ал білімді белгілі бір нәтиже ретінде қарауымыз керек.
Танымдардың субъект және объект байланысындағы танымдық процестің диалектикасын қарастырайық. Философия тарихында әрдайым орталық орындардың бірін фил-ң құрамдас бөліктері - гносеология н/е таным теориясы аясында шешілетін таным проблемалары алып келеді. Таным теориясы танымдық іс-әрекет заңдары мен заңдылықтарын зерттейді. Әлемді тану мүмкіндіктері және оның заңдары туралы мәселені фил-қ шешу тарихи өзгеріп отырады, онда әрбір тарихи дәуірде жекелеген ғылымдар жинақталған дүние туралы білім деңгейі көрінді. Фил-қ білім араларында таным процесі мазмұны анықталатын танымның субъект және объектісін қарастырады. Танымның объектісі б/п шындықтың өзі н/е оның субъектіден тәуелсіз тіршілік ететін үзіндісі б/п таб. Объект - қай затқа бағытталған әрекет. Объект - субъект белсенділігі сіңірілетін өріс. Таным субъектісі б/п өз тарихи дамуындағы адам және адамзат б/п таб. Субъект өзін объектімен байл-п, материалдық, мақсатқа лайықты әрекетті тасушы ретінде көрінеді. Субъект - мақсатты болжап, шындықтың өзгеруін жүзеге асыратын белсенді де, дербес тіршілік иесі. Алайда объективті шындық та субъектінің өзімен белсенді танымдық қатынасқа түсетіндіктен таным объектісі б/ды. Осынау ортақ бастау ережелер өздерін ерекше түрде табиғи жіне әлеуметтік процестерін тану жағдайында көрсетеді. Қоғамның өзі таным субъектісі б/ды н/е оны қалыптастырады және ол субъект ретінде өз бойына белгілі әлеуметтік құрылымдарға, олардың құндылықтары мен мүдделеріне деген субъект мазмұнының элементтерін сіңіреді. Сондықтан әлеуметтік танымда субъект объектіге айрықша қызығушылықпен, тіпті құштарлықпен қарайды. «Объектіні зерттеу оңашаландырылған акт емес; ол сипатына құндылықтар мен ұжымдық-бейсаналық жігерлі импульстер әсер ететін белгілі контексте жүрде». Таным дегеніміз ойдың объектіге мәңгі шексіз жақындауы. Танымда сезімдік және рационалдық танымның деңгейлері б/ды. Сезімдік таным 3 негізгі формада жүзеге асады: түйсік, қабылдау, елестету . Сезімдік таным адамның сыртқы дүниемен тікелей айналысуымен байланысты. Түйсіктер - қарапайым сезімдік бейнелер, жекелеген материалдық заттар мен құбылыстардың, сапалардың, қасиеттердің санадағы көріністері. Түйсік негізінде сезімдік танымның неғұрлым күрделі және неғұрлым биік түрі - қабылдау п. б. ол қасиеттер жиынтығын қамтып заттың тұтас бейнесін береді. Қабылдаудың тууына тек түйсік қана қатысып қоймайды, сонымен қатар жады, ой, өткен тәжірбие де қатысады. Адам санасының қабілеті жадыда сезімдік бейнелерді сақтап, қайта шығарып, 3-ші сезімдік түрі - елестетуді туғызады. Адам қабылдаулары мен елестерінің қоймасы жады д. а. түйсік, қабылдау, елестету объективтік әлемнің субъективті образдары б. таб. олар мазмұны жағ. объективті, түр жағ. субъективті. Сезімдік таным танымның 1-ші ж/е қажетті сатысы б. таб., бірақ ол заттардың, құбылыстардың ішкі мәнін түсінуге мүмкіндік бермейді. Ол міндетті жоғарғы түрі абстрактілі ойлау б. таб-н танымның келесі түрі рационалды түріне көтеріліп барып шешуге болады. Дамыту процесі 3 түрлі негізгі формалар арқылы өтетін ойлау мазмұны құрады: ұғым, пікір, ой түйіндеу. Ұғым - нақты заттар мен құбылыстардың неғұрлым жалпы, мәнді және қажетті қасиеттері, белгілері көрінетін ойлаудың түрі. Пікір - түсінік байланысты арқылы заттың өзге бұйымдармен қатысына қарай олардың қайсыбір белгілері, қасиеттерінің бар немесе жоқтығы белгіленетін ойдың көрсетілу түрі. Неғұрлым терең және нақты білім алу міндетін біз пікірмен байланысқан ой түйіндеуге келу арқылы шешеміз. Ой түю тікелей бақылауға берілмей шындық саласына енетін жанама білімге жатады. Танымның сезімдік және рационалды жақтарының бірлігі - құбылыс түсінігінен мән түсінігіне өту процесі. Танымның бір кезеңінен екінші кезеңіне өтуді сезімдік және рационалды білім арасындағы, одан сана мен тәжірибе арасындағы қайшылықтарды шешу арқылы сапалық секіруге ұқсатуға болады.
Дүниеде бәрі қатынастылы дейтін қағида релятивизм деп аталады.
2 Танымдағы ақиқат мәселесі
Ақиқат құнды қасиет ретінде біздің біліміміздің мазмұнындағы субъектіден де, адамнан да, адамзаттан да тәуелсіз түсініктер арқылы сипатталады. Ақиқат ойымыздың, біздің дүние туралы біліміміздің сол дүниеге, объективті шындыққа сәйкестігі ретінде анықталады. Ақиқатты тануда, процесс ретінде және адамзаттың ақиқатты толық тануға ұмтылууы арасында қайшылық бар. Ол қайшылық екі түрлі: 1) көрінетін дүниенің өзі қайшылықты: шексіз, өзгермелі және сонымен аяқталған, тұрақты заттардан тұрады; 2) ойлау қабілеті қайшылықты: ол өзінің танымдық қабілеті жағынан шексіз және сонымен бірге ол танымдық мүмкіндіктері тарихи шектеулі жекелеген адамдар, ұрпақтар рақылы жасалады. Танымның бұл карама-қайшылығын абсалютты және салыстырмалы ақиқат түсінігі көрсетеді - бұлар диалектикалық бірлікте болатын ақиқат түсінігінің түрлі қырлары. Ақиқат әрбір тарихи кезеңде объектінің тек өзгеріп отыратын белгілі деңгейде, жағдайда қатынастарда көрсететіндіктен салыстырмалы. Бұл тұрғыда ол толық емес, мөлшерлі объетінің барлық мазмұны қамтымайды, алайда онда әрдайым шындықтың, демек абсолютті білімнің элементтері болады. «Объективтілік» термині субъект санасынан тәуелсіздікті білдіреді. Бірақ сонымен бірге ақиқат көрсетілу түрі жағынан субъективті. Оның ғылым өрісінде дайындалуы сол теорияны қалыптастыратын адамдардың ерекшеліктеріне байланысты болады. Танымда абсолютті ақиқатқа жету мүмкіндігі туралы мәселе қойылады. Абсолютті ақиқатқа қол жетпейді, өйткені әлем шексіз және түпсіз. Абсолютті ақиқат ұстатпайды, ол қу даладағы сағым секілді алға қарай арбап отырады. Ақиқаттың нақтылығы туралы сипаттмаға да әрбір жағдайды тұрақты түрде өзгеріп отыратын шарттармен сәйкестігі тұрғысынан қарап отыру талабынан сол көрініспен байланыстыруға болады. Біздін білімдеріміздің объективтілігін, олардың адамнан және адамзаттан тәуелсіздігін дәлелдеу практикада жатқанын көрсету керек. Солайша, тексеру белгілері адам ойынан тыс, практикада жатады. Тәжірибе әрдайым тарихи жағынан нақты, идеяларды құралдарда , сондықтан оларды тексеру критерийлері ретінде салыстырмалы келеді. Таным мен практиканың өзара әсерлілігі де тарихи құбылмалы.
Таным теориясы немесе гносеология - танымдық қызмет процесіндегі субъект пен объектінің өзара қатынасын, шындыққа білімнің қатынасын, адамның дүниені тану мүмкіндігін, ақиқаттың критерилерін және білімнің дәлелдігін зерттейтін философияның бөлімі. Яғни, таным процесінің заңдылықтарын зерттеуді таным теориясы деп атайды. Философияның негізгі мәселесін дұрыс немесе теріс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы: материалистік және иделистік түрі қалыптасты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz