Мәдениет аясындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны
Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде: ол өзін бүкіл Дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным қандай? Мен бұл өмірге не істеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса «Ұлы мәртебелі Табиғат» неге жаратты? Бұл дүниені адам танып, бір түбіне жете алар ма екен? Мені жағалай қошаған табиғат неге шексіз, әртүрлі және сондай әсем? Ертең ақ бұл әсем Дүниені өлер шағымда қалайша қиып кетемін? Егер мен бұл Дүниеге уақытша ғана келсем, онда бұл өмәрдің мәні неде? деген осындай және мыңдаған басқа сұрақтар адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам өзінің ой-өрісі, өмірден алған тәжірбиесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас қалыптастырады.
Алайда қайсыбір Дүниеге деген көзқарасты философияға жатқызуға болмайды, өйткені соңғыға тек қана абстрактілік ой-өріс дамуының негізінде Дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады (abstraktio - лат сөзі – ой арқылы құбылыстың, заттың әр түрлі жақтарын бір-бірінен бөліп алып қарау). Олай болса, философия – Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.

№ 1 Мәдениет аясындағы философия және оның адам
мен қоғам өміріндегі алатын орны
1 Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары
2 Философия пәні
3 Философияның негізгі мәселесі. Бірінші жағы.
4 Философияның негізгі мәселесі. Екінші жағы (танымдық).
5 Философияның негізгі функциялары.

Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде: ол өзін бүкіл
Дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным
қандай? Мен бұл өмірге не істеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса Ұлы
мәртебелі Табиғат неге жаратты? Бұл дүниені адам танып, бір түбіне жете
алар ма екен? Мені жағалай қошаған табиғат неге шексіз, әртүрлі және сондай
әсем? Ертең ақ бұл әсем Дүниені өлер шағымда қалайша қиып кетемін? Егер мен
бұл Дүниеге уақытша ғана келсем, онда бұл өмәрдің мәні неде? деген осындай
және мыңдаған басқа сұрақтар адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам
өзінің ой-өрісі, өмірден алған тәжірбиесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне
қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге деген көзқарас
қалыптастырады.
Алайда қайсыбір Дүниеге деген көзқарасты философияға жатқызуға
болмайды, өйткені соңғыға тек қана абстрактілік ой-өріс дамуының негізінде
Дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады (abstraktio - лат сөзі – ой арқылы
құбылыстың, заттың әр түрлі жақтарын бір-бірінен бөліп алып қарау). Олай
болса, философия – Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы алғашқы қауымдық қоғамгың
шеңберінде дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз (mithos - грек сөзі
баян, аңыз, logos – грек сөзі, ілім).
Миф – табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы
фантастикалық түсініктер. Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым
төмендігі адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен
қатар өзінің өмірге деген қажеттіліктерін өтеу жолындағы сол табиғат
құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар
көзі болып табылады.
Әрбір халық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап
шығарды. Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік
пен түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақатардың
жауаптары халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай
қоршаған табиғаттың ерекшелігіне және оған сәйкес қалыптасқан халық тіліне
байланысты болса керек.
Жалпылай келе, әртүрлі халықтардың мифтерін белгілі бір топтарға
бөлуге болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космогониялық (cosmos -
грек сөзі – әлем, genesis - грек сөзі - дүниеге келу, пайда болу) аңыздар.
Оларда көбінесе Дүниенің алғашқы жағдайы хаос (chaos – грек сөзі шексіз,
шашылған бытыраңқы дүние) арқылы көрсетіледі. Сиқырлы құдіретті күштің іс-
әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлініп, Дүниеге тәртіп келіп, әртүрлі
табиғаттың құбылыстары дүниеге келеді.
Дүниеге деген жалған көзқарас ретінде мифтің ерекшеліктері: 1) миф
алғашқы пайда болған қоғамдық сананың формасы ретінде өзінің ішінде
болашақта дүниеге келетін өнер, дін, саясат, мораль сияқты құбылыстардың
элементтерін бойында сақтайды. Сондықтан мифті ғалымдар қоғамдық сананың
синкретикалық түрі деп есептейді (synkretismos - грек сөзі, қосылған,
араласқан, бөлінбеген). 2) мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай
қоршаған ортаны антропоморфизациялау, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін
бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың құбылыстары мен заттарын олардың адам
сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі. 3) мифте әлі ғылыми
ұғымдар жоқ, онда қоршаған орта, әлеуметтік қатынастар көркем сөз арқылы
бейнеленеді.
Әлемнің пайда болуы жөнінде кейбір Шығыс халықтарының аңыздарында
антропоцентрлік көзқарас та кездеседі (грек сөзі – antropos – адам, лат.
сөзі – орта, әртүрлі қатынастардың бір жүйеге қосылатын нүктесі). Бұл
мифтер: Дүниеден бұрын еңгезердей адам болған, ал өлген кезде оның
денесінен дүние жаратылады, - деген пікір айтады.
Көне заманда күн мен ай, аспан мен жұлдыздар жөніндегі аңыздар
адамдардың өмірінде кең орын алған. Жағалай қоршаған өзгерістер, қайталау
үрдістері, жыл маусымдарының, күн мен түннің ауысып отыруы, жер сілкінуі,
дауыл, топан су, т.с.с. құбылыстар көне мифтерде жұлдыздар мен
планеталардың орналасуымен, солардың ықпалымен түсіндірілді. Аспандағы
жұлдыздардан тұратын фигуралар жердегі ахуалды, болашақта болатын
оқиғаларды анықтайды, - деп есептелді. Бүгінгі астрологиялық болжамдар
(astron грек сөзі – жұлдыз) сол көне замандағы пайда болған мифтерге
сүйенеді.
Көп халықтардың мифтерінде ерекше орынды әйел Құдай алады (қазақтың
Ұмайы, гректердің Деметрасы, т.с.с.). Әйел Құдай - құнарлықтың, жер
бетіндегі тіршіліктің әміршісі. Ол – аңшыларға сәттілік әкелетін жер мен
мал шаруашылығында мол өнім тудыратын Құдай.
Әлемдегі Құдайлар мен адамдардың қарым-қатынастарына арналған
мифтердің де орны бөлек. Ертедегі халықтардың мифтерінде әрбір табиғат
құбылысын тудыратын өз Құдайлары болды. 1) Құдайлар – мәңгілік жандар, ал
адам болса уақытша дүниеге келеді. Өйткені, себебі – Құдайлар алғашқы
мәңгілік табиғат заттарынан жаратылған, ал адам болса, бір мифтерде
Құдайлардың саздан жаратқан пендесі, сөзі. 2) Аспандағы құдайлардың өмірі
жердегі адамдардың өміріне өте ұқсас. Құдайлар да адамдар сияқты күледі,
жылайды, қуанады, т.с.с. оны біз мифтегі социоморфизациялаудың нәтижесі деп
түсінуіміз керек.
Мифтердің тағы бір бөлігі – батырлар жыры. Олар өздерінің ғажап
істерімен халыққа жасаған ізгі жақсылықтары арқылы адамдарды неше түрлі
қиындықтардан аман-есен алып шығып, бақытты өмірге жетелейді.
Мифолгиядағы тағы бір ерекшелік – ол адамның жан дүниесін, сезімдерін
ерекше Құдайдың іс-әрекетінен шығаруы. Бұл сонау көне заманда пайда бола
бастаған діннің адамның өз ішкі рухани өміріне үңіліп, таным жолына қоя
бастағанының кепілі болып табылады.
Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп шықты, сонымен
қоғамға дүниеге деген көзқарас, дүние сезімінің жаңа түрі келді. Дін де
мифологияға ұқсас синкретикалық табиғатымен, сонымен қатар Дүниені
фантастикалық бейнелеуімен еркешеленеді.
Сонымен қатар бұл құбылыстардың негізгі айырмашылықтары: мифте шынайы
өмір мен қиял бір-бірімен араласып жатса, дінде бұл дүние мен
о дүние бір-бірінен анағұрлым алшақ жатыр. Өйткені егер Дүниедегінің бәрі
де өтпелі, кемшілікті, өз-өзіне жеткіліксіз болатын болса, о дүние – мәңгі,
әсем, бақытты, жетілген, т.с.с.
Дінде ең құдіретті жасампаз – Құдай – табиғаттан жоғары және бөлек
тұр. Оны ғылыми жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы
беріледі де, адамның жан-дүниесінде терең сенім сезімін туғызады.
Сенім дегеніміз - белгілі бір қоғамдағы уағыздалатын пікірлерге,
нәрселерге берілу, олардың шындығын тексеру, я болмаса дәлелдеуді қажет
етпеу. Осы тұрғыдан алғанда сенімді екіге бөлуге болады. Олардың бірі –
ғылыми сенімдік. Оған қазіргі адамдардың ғылым мен техниканың
жетістіктеріне, олардың болашақта адамзат өмірін түбегейлі өзгертетініне
сену. Оны философияда сциентизм я болмаса технократизм дейді (scientia –
лат. сөзі – білім, ғылым, techne - грек сөзі - өнер, жасай білу, шеберлік,
cratos – грек сөзі – билік).
Сенімнің екінші түріне адамзаттың күнделікті тәжірбиесінен я болмаса
ғылыми деректерден шықпайтын, тіпті оған қайшы келетін қияладарға нандыру
және соларды адамның өз-өзіне нандыруы жатады. Міне, осы соңғы сенімнің
түрі қайсыбір діннің негізін құрайды.
Діннің негізінде Құдайдың өз еркімен адамдарға пайғамбарлар арқылы
берген белгілі бір тұжырымдары жатады. Олар адамдардың іс-әрекетін, жүріс-
тұрысын, ойлау өрісін анықтайтын абсолютті қағидалар.
Мұндай қағидалардың жиынтығы діни көне құжаттарды құрайды оларға
Құран, Тәурат, Талмуд, Інжіл т.с.с. киелі кітаптарды жатқызуға болады. Бұл
кітаптарда Құдайдың құдіретті күшін көрсететін неше түрлі табиғат
заңдылықтарына бағынбайтын, оларды бұза алатын ғажайып оқиғалар жазылған.
Солардың ішіндегі ең ғажабы – адамның рухының, жан дүниесінің өлместігі.
Діни сенімнің қайнар көзі – адамның дүниенің сенімдік – құндылық
тұрғыдан игеруінде, ал дүниеге деген ақыл-ой, парасат арқылы келген
көзқарастарға дін қарсы келеді.
Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан ғылыми деректер жағалай ортадағы
білім мен ақыл-ойдың негізіндегі жасалған күрделі өзгерістер діннің өрісін
тарылтып, оның ғылымға жақын түрлерін тудырады. Негізінен, біз оларды
пантеизм және деизм.
Пантеизм –табиғатты Құдайдың құдіреттілігімен теңестіру.
Деизм – Құдай мойындалғанмен, оның рөлі тек дүниені өзінің құдіретті
күші арқылы жаратумен ғана танылады. Жаратылған дүние әрі қарай өзіне тән
ішкі заңдылықтары арқылы өмір сүре береді, оның болашақ дамуына Құдай
кіріспейді.
Діннің дүниеге келуінен бастап, оның негізгі қағидаларына күмәнданған
атеистік көзқарастар да туды.
Діннің бүгінгі адамзатқа аса тартымды жағы ол тек қана жағалай ортаны
түсіну емес, ол – оның адамзаттың рухани тәрбиешісі, адамдардың бір-бірімен
байланыстары, қарым-қатынастарын ретке келтіруші қызметі. Яғни дін
қоғамдағы мораль саласын өзіне тартып, бойына сіңіріп, өзінің жүйесінің
ажырамас бір бөлігіне айналдырып, оның қағидаларын өз мүддесіне жаратады.
Сонымен қайсыбір дін мыңдаған жылдар бойы қоғам өмірінде қалыптасқан жалпы
адамгершілік нормаларды діни моральдық қағидаларға айналдырады. Моральдық
борыш, жауапкершілік, тиістілік дінге Құдай алдындағы адамның борышы,
парызына айналады. Адамның жүрегіндегі сүйіспеншілік сезімі нақытылы
қоршаған адамдардан гөрі, Құдайға деген сүйіспеншілікке айналады.
Құдайдың құдіретті күшіне сенушілік ертелі-кеш соған табынуға әкеліп
соғады. Дінге табынушылықтың негізінде әртүрлі діни мекемелер мен ұйымдар
пайда болады (шіркеу, мешіт, синагога, т.с.с.).
Басқа қоғамдағы сан алуан құбылыстар сияқты дін де тарихи өзгерістерге
түсіп, өзінің әртүрлі бағыттарын тудырды. Бүгінгі таңда жер бетінде үш
негізі дүниежүзілік діндер бар. Христиан дініндегі негізгі идея –
эсхатология (соңғы) тарихтың, Дүниенің соңында мессияның (құтқарушы) екінші
келуі, тірі және өлген адамдарды таразыға салып, біреулерін тозаққа,
екіншілерін мәңгі жұмаққа аттандыру. Христиан дінінің негізгі қағидасы –
сүйіспеншілік және оны уағыздауда осы дін өте биік, яғни, жай адамның
мүмкіншілігінің шеңберіне шығып кететін дәрежеге дейін көтеріледі (өз
жауларыңды да сүйіңдер).
Ислам діні де осы Дүниені жартқан бір Құдайды – Алланы, оның құдіретті
күшін мойындайды. Бұл діннің негізгі ерекшелігі – құрандағы жазылған
қағидалар адам өмірінің барлық жағын үйлесімді түрде ретке келтіріп отыруға
тиіс. Сондықтан ислам діні қоғамның мемлекеттік істеріне, саясатқа белсенді
ықпал жасауға тырысады (Ауғаныстан, Пакистан, Иран). Ислам діні басым
елдерде, шариғаттың негізінде өмір сүретін исламдық құқықтық мемелкет
орнату идеясы көптеген адамдардың мақсатына айналуда.
Ислам дінінің негізгі қағидасы – мейірімділік, қайыршыға, кемтар
адамдарға қол ұшын беру, зекет төлеу (өз еркімен әлеум. салаға кемінде
жылдық табысының 2% беру) т.б. міндеттері бар. Бұлардың бәрі де ислам
дінінің әлеуметтік-демократиялық жақтарының үлкен ықпалын көрсетеді.
Буддизм дінінің негізгі ерекшелігі – оның этикалық-практикалық
бағыттануы. Бұл өмірде адам зардап шегеді. Оның себебі – адамның өмірге
деген құштарлығында, оның қызығына тоймауында. Ал зардаптан құтылу үшін
адам бұл бейнеленген болмыстан бас тартуы керек. Ол үшін адам нирвана
(сөну, өшу) дәрежесіне көтеріліп, бейнесіз болмысқа өтуі керек, сонда ғана
адам өмірдегі зардаптан құтыла алады. Дүниежүзілік мәдениетте мұндай
өмірден бас тартуға шақыратын бір-бір философия жоқ сияқты.
Буддизм дінінің тартымды жақтарының бірі – ахимса қағидасы, яғни өмір
сүріп жатқан бүкіл тіршілікке тиіспеу, зорлық-зомбылық арқылы залымдыққа
қарсы тұрмау, адамдар мен халықтардың арасында жеңген де, жеңілген де
болмауға тиіс.
Буддизмнің бұл қағидалары бүгінгі таңда Дүниеден ләззат іздеген,
гедонизм жолына түсіп, жер бетінде экологиялық дағдарыс туғызған қазіргі
батыс өркениетіне нарызылық көзбен қарайды.
20 ғ. бұрынғы Кеңес Одағының шеңберінде социалистік қоғам құру
барысында жаңа ағарған дінді адамдардың жан дүниесіне кіргізу (марксизм-
ленинизм) амалы, бұрынғы діндермен күресу, оларды қоғамның рухани өмірінен
сырттату саясаты жүргізілді. Жалпы алғанда марксизмді Батыс Еуропа ой
жүйесінің логикалық соңы ретінде қарауға болады. Бұл ілім бойынша адамзат
болашақта жер-бетін, қоғам өмірін қайта өзгертіп, сол өзгерісті жасау
барысында жаңа адам дүниеге келеді. Оған мемлекеттік басшылық заңдар керек
емес. Олар тек қана адамгершілік нормалардың шеңберінен шықпай өмір сүреді.
Жаңа адам жан-жақты және үйлесімді түрде өзінің дарындары мен қабілеттерін
дамытып, өзіне керек барлық қажеттіліктерін кедергісіз өтей алады.
Алайда мұндай жердегі жұмақ орнатуға бағышталған орасан зор ерлік
және сонымен қатар қайғылы да аянышты әлеуметтік тәжірбие 70 жылдан кейін
қоғамды тарихи тұйықтыққа әкеліп тіреді. Коммунизмнен күдер үзген млн.
адамдар өздерінің өмірлерінің мән-мағынасын іздеу жолында бүгінгі таңда
дүниежүзілік діндердің шеңберіне қайта оралды.
Алайда қазіргі адамзатты бірде-бір дж дін толығынан
қанағаттандырмайды. Сондықтан, бір жағынан алғанда қайшылықтарға толы
өркениетке бүкіл адамзаттың басын біріктіретін бір ғана дін болуы қажет
сияқты. 19 ғ. орт. Иран топырағында пайда болған Бахаизм діні сол рөлді өз
мойнына алып орындауға тырысуда.
Екінші жағынан, 20 ғ. болған дж соғыс, млн. адамдардың қырылуы, ғылым
мен техниканың жетістіктерін пайдалану жолындағы теріс салдарлар, тірі
табиғаттың әлсіреуі көп адамдардың қайтадан көне табиғатқа табынатын
діндерге жаңа дәрежеде қайтып оралғысы келетінін сездіртеді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, Дүниеге деген діни көзқарасқа
қанағаттанбаушылық сонау көне заманның өзінде-ақ (антикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz