Серуен кезіндегі балалардың іс – әрекетін ұйымдастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Баяндама

Тақырыбы: Серуен кезіндегі балалардың іс - әрекетін ұйымдастыру

Серуен кезіндегі балалардың әс - әрекетін ұйымдастыру . Серуендерді өткізгенде дидактикалық, қозғалыс, танымдық, сюжеттік ойындарға аса маңызды көңіл бөлінеді.

Табиғат аясында өткізілетін сабақтар балаларға қатты ұнайды. «Жүз рет естігеннен де, бір рет көрген артық» деген сөз бар, ол тегін айтылмаса керек. Объектілерді немесе басқа да құбылыстарды байқау, тікелей қадағалау мен табиғатты аялаудың мәні зор. Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші, балалардың орман ішіне серуенге шығуы, құстардың шиқылдаған дауыстары, самал желдің дауысы естіледі. Сиқырлы серуенде ойламаған жерден қиын жағдайлар болып қалады да, табиғатқа көмек көрсету керек болады. Ондайда балалар ойланбастан көмек беруге асығады. Күнделікті өмірдегі тәжірибеде балалармен мына жұмыстың түрлерін кеңінен қолданылады : күнтізбе бойынша табиғатты байқау, тірі табиғат бұрышына кезекшілікті ұйымдастыру, театрланған көріністі көрсету, тақырыптар бойынша альбомдар құрастыру. Балалардың шығармашылығына көп көңіл бөлінеді.

Балабақшада серуендерді өткізгенде үлкен жұмыс жүргізіледі. Серуен жүргізер алдында, алдын ала жұмысты таңдап алу қажет, серуеннің өзін, серуенде алған білімдерін бекітіп және шығармашылық шеберханада балалармен жұмысты ұйымдастыру керек. Жұмыс қарапайымнан басталып бірте-бірте күрделене түседі.

Мысалы :

- балалардың өсімдіктерді күту дағдыларын жетілдіру ;

- өсімдіктерді күткен жағдайда, еңбек дағдыларын дұрыс қолдану қатынасын қалыптастыру :

- еңбек дағдыларын дербес қолдануға жағдай жасау ;

- сабақтар, іс-тәжірибелерді өткізу.

Барлық шаралардың мағынасын түсіндіру, мысалы неге гүлдерді суару қажет, балалар осы сұраққа жауап қайтарады-өйткені су құймаса кеуіп қалады. Өсімдіктерге не қажет екенін балалар анықтай алады, қажетті барлық іс-әрекеттерді орындайды. «Дүкендегі гүл», «Бөлме гүлдерімен таныстыру» атты өткізілген сабақтар және сонымен қатар дидактикалық ойындар мен сұрақ-жауап ойындары балалардың білімдеріне үлкен үлестерін қосты. Өсімдіктер туралы білімдерінің қалыптасуы балалардың еңбек іс-әрекеттеріне жағымды ықпал жасайды, ал еңбек процесінде балалар пайдалы дағдыларды қабылдап алады, табиғатты сүюге және қорғауға дағдыландырады. Қандай өсімдіктер пайдалы және зиянды екені жөнінде, бақшадағы еңбек арқылы балалар таныды. Осы мезгілде мынадай дидактикалық ойындар өткізу қажет : «Бейнелеу арқылы танып ал», «Дәмі арқылы тауып ал», «Пісті-піскен жоқ», «Басы және түбі».

Балалардың жан-жануарлармен достасуы, оларды қызық, қуанышқа бөлейді, олар бұрынғыдан да қайырымды, сергек бола бастайды. Балаларға мынадай тапсырма беріледі : күзендер мен кірпілерді бақылап, олардың қылықтары, қандай тамақ жейтіні т. б. туралы әңгімелеу.

Қыс бойына балалар қанатты достарына байқау жасап, оларға жем шашып, тамақтандырып отырды. Ол үшін күзде көптеген дәндер жинайды.

Көктемде балалар құстардың келуін тамашалайды және олардың қылықтарын бақылайды, олардың ұя салуларына толық мүмкіндік жасайды. Серуенде құстардың әндерін тыңдауға, олардың сыртқы түрлеріне қызыға қарауға кеңес беріледі, содан соң, дидактикалық ойындар, жұмбақ шешу, өлеңдер оқу, үнтаспалар тыңдау жүргізіледі, видеофильмдер көрсетіледі.

Су тоғандарын ластауға болмайтындығын, онда балықтар, көлбақалар, яғни, тірі жәндіктердің өліп қалатынын айтып түсіндіріледі.

Көктемгі, жазғы,, күзгі мерзімдерге құмырсқаның илеуіне байқау жасау тиімді. Әр мерзімдегі олардың төбешік үйшіктерін салыстырып түсіндіру қажет, яғни, жәндіктер орманды қорғауға көмектеседі. Сол үшін де оларды «орман тазалықшылары» деп атайды.

Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі туралы балалардың ой-өрісін кеңейту үшін, әдістеме кабинетінде табиғат туралы, жанрлары жөнінен әр-түрлі кітаптар, бейнелеу өнерінің шығармалары, табиғи материалдардың үлгілері жинақталған. Ересек адамның маусымдық еңбегімен таныстыру бойынша іс-шаралар бір мезгілде жоспарланады. Ең бастысы, балалар адамның еңбегі айналаны қоршаған табиғатпен тығыз байланысты екендігін түсінулері тиіс.

Көктемде, жазда және күзде табиғатқа саяхаттар ұйымдастырылады, онда балалар көктемнің шуақты кұндеріндегі болып жатқан тамаша құбылыстарды, яғни, қар еріп, сай-салаға құйылып жатқан суларды, жазда жайқалып пісіп тұрған жеміс-жидектерді, айналадағы көк шөптер, күзде айнала басқа түрге еніп жапырақтардың сарғайып түсе бастағанын өздері байқайды, орман ішіндегі саңырауқұлақтардың жеуге жарамды, жарамсызын қалай айыруға болатынын өз көздерімен көреді.

Қыста биік-биік қарлардың қызықтарына тоймайды, шана, шаңғы тебу оларды қайдан жалықтырсын. Бұлардың барлығы балалар әңгіме құрастырғанда ұшқыр қиялдарын дамытады, шығармашылық суреттер үшін қажетті материал болып саналады. Ой-өрісі дамиды, сөздік қоры молаюына негіз болады.

Қимылды ойындар балалардың өздерінің білімдері мен ептіліктерін ойындардың құбылмалы жағдайларында нақтылы қимылдық тапсырмаларды орындау үшін қолдануына мүмкіндік береді.
Қимылды ойындар шартын орындаудың міндеттілігі балаларды тәртіптендіреді, еркінділікке тәрбиелейді. Ойын мақсатына жету үшін қимыл тәсілдерін өз бетінше таңдап ала білудің қажеттілігі өзіндіктің, инициативаның, жеке басының және басқа сапаларының қалыптасуына жағдай жасайды.
Қимылды ойындарда тәрбиешінің балалармен араласуға кең мүмкіншілігі бар. Тәрбиеші ойынның мазмұнын, оның шартын әңгімелейді. Балалар жаңа сөздердің мәнін біледі. Сөзге белсене араласу, сондай-ақ тексті және әнді айта жүріп ойнауларын қалыптастырады.
Белгілі бір сюжеті және белгіленген шарты бар қимылды ойындар анағұрлым күрделірек болады. Мұнда ойнаушылардың шығармашылық әрекеттері орындайтын рольдеріне («Аққу-қаздар», «Соқыртеке» және басқа) байланысты болады. Шығармашылық рольдік қимылды ойындардың шарты балалардың ойын кезіндегі мінез-құлықтарын реттейді, ойындардың өзінің жүргізілу барысын нақтылайды.
Өзге ойындарда бекітілген сюжет болмайды. Олар ойыншылардың әлдебір нақтылы қимылдық тапсырмаларды («Маған қуып жетіңдер», «Шағын қақпаға қарай» және басқа), әлдебір заттарды әрекеттерді (кегельдер, серсо, классы, бабки, шығыршық лақтыру) орындауларына негізделген.
Қимылды ойындар бала денесінің жан-жақты өсуіне ықпал еткенмен, бағдарламада олар негізгі қимыл түрлері бойынша жүйеленеді: жүру, жүгіру, еңбектеу және өрмелеу; секектету және секірулер; лақтыру және қағып алу, сондай-ақ кеңістіктегі бағдарлау ойындары. Бұлайша бөлу педагогикалық міндеттерге сай жүктелетін ойындарды тәрбиешінің іріктеп алуын жеңілдетеді.
Ойындарды жоғары, орташа, және аз қимылдылар деп бөледі. Қозғалғыштық дәрежесі баланың ойындағы қозғалыс интенсивтілігімен және оның белсенділігімен, сондай-ақ ойында белсенді әрекет жасаушы балалардың санасына қарай анықталады.
3 жасқа аяқ басқан сәбилерге арналған қимылдық ойындар.
Сәбилердің бірінші тобында қимылды ойындарды күн сайын өткізу ұсынылады. Олардың ұзақтығы орта мөлшермен 6-8 минуттан аз болуы тиіс. Ол ойын әрекеттері сипатына, ойнайтындардың санына, олардың көңіл күйіне, ойынды өткізу шарттарына байланысты.
Қимылды ойындарды серуен кезінде таза ауада өткізген анағұрлым тиімді. Әрбір баланың тәрбиеші ұйымдастырған қимылды ойынға күні бойы қатысқаны жақсы. Ойын бүкіл топ болып та, шағын топтармен де өткізіледі.
Ойындарды серуеннің әр кезінде өткізуге болады. Егер бүкіл топ қатысса, онда балалар серуен жасап келгеннен кейін біраз уақыт өткен соң немесе оның басында ұйымдастыру тиімді. Балалардың шағын тобымен және жеке-дара өткізілетін ойындарды тәрбиеші бүкіл серуен бойына жүргізеді. Мұнда тәрбиешінің бір немесе бірнеше баламен ұйымдастырған ойны бүкіл топ ойынына өте жиі айналып отыратын естен шығармау керек, өйткені 3 жасқа аяқ басқан балалар коллективті қимылдық әрекеттерге белсенді араласып кетеді.
Бұл жастағы топта ойындық жаттығулар үлкен орын алады. Мұндай ойындарда сюжет болмайды, бұл ойындарға қарапайым қимыл жасалатын тапсырмалар кірістіріледі: жалаушаны әкелу, қоңырауды соғу, допты қуып жету т. б.
Мұндай ойындардағы балалар қимылының сюжеттері, мазмұны, әуені бүтіндей тәрбиешінің ойдан шығаруы мен творчествосына байланысты. Сабақтарда үйренген ойын қимылдарые қайталау олардың жетіле түсуін қамтамасыз етеді. Ойын жақсы өткізілуі үшін, тәрбиеші оның өтілуіне ұқыпты түрде дайындалуы қажет және ойынның мазмұнын, барысын, жетектеуші сөздерді жақсы білуге тиіс.
Тәрбиешіге ойынға басшылық етуді ондағы жауапты рольді орындаумен жиі ұштастыруға тура келеді, өйткені 2-3 жастағы балалар бұл міндеттерді жақсы орындап шыға алмайды. Тәрбиеші ойынға қатыса отырып, дұрыс қимылдардың үлгісін көрсетуі, ойынның ойналу барысын айтып отыруы өте маңызды.
Ойынды тәрбиешінің түсіндіруі - ойын барысына ықпал ететін жауапты кез. Балдырғандарға ойынды эмоциялы, түсінікті, әрбір кейіпкердің өзіне тән белгілерін дауыс екпінімен баса көрсете түсіндіруі керек. 4 жасқа аяқ басқан балалар үшін қимылдық ойындар
Қимылды ойындарды үнемі қайталап отыру қажетті дағдыларды жетілдіруге және нығайта түсуге, ұжымды ойындардағы қозғалыстың оңай да еркін болуын жетілдіруге, ойын жағдайларындағы жақсы бағыттылыққа, басқа ойыншылардың әрекетіне жауап ретінде тез және ойлы түрде әрекет ете білуге көмектеседі. Ойынның ережелерін қайталап орындау, бұл сәбилердің екінші тобынан бастап, ерекше маңызды, баланың ойлау қабілетінің жетілуіне, оның ерік қасиеттерін тәрбиелеуге көмектеседі.
Егер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Серуен және оны ұйымдастыру жолдары
Байланыстыра сөйлеуге үйрету
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы туралы
Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту
Табиғатпен таныстыру кезінде балалармен серуенді ұйымдастыру
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту ерекшелігі
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының дамуы
Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалар
Қимыл қозғалыс ойындары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz