Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны



Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің каржысы - бұл қаржы жүйесінің бірыңғай құрамдас бөлігі.
«Шаруашылық жүргізуші субъектілер» түсінігі соңгы уақытта шаруашылық қызметке тартылуымен байланысты занды тұлғаларда емес, сондай-ақ шағын бизнесті дамытатын индивидуалды жеке кәсіпкерлерде және заңды тұлғаны қалыптастырмай жанұялық кәсіпкерлік жеке тұлғаларда қолданылады. Сонымен қатар «шаруашылық жүргізуші субъектілер» термині барлық құқықтық- ұйымдық меншік формаларында және қызмет түрлерінде кең таралған.
Жоғарыда аталған «шаруашылық жүргізуші субъектілер» термині қаржылық қатынастарының және қаржы жүйесіне қызмет ету көзқарасымен «үй шаруашылығы» (халық) қаржысы түсінігін жиі қолданады.
Қорыта келе, бұл басқа да бірліктерімен операцияларды және экономикалық қызметті жүзеге асыратын міндеттемелерді қабылдайтын, өз атынан активтерді иемденетін экономикалық бірліктер (ұлтгық шоттар жүйесіндегі институционалды бірліктер) және экономикалық агенттер болып табылады. Бірақ ұйымдық- экономикалық көзқарасынан орталық орынды жүйелі ұйымдас- тырылған субъектілер – кәсіпорындар жэне ұйымдар алады: фирмалар, компаниялар, фермерлік шаруашылықтар, шаруашылық серіктестік, ұлттық компаниялар, ассоциациялар (бірлестіктер) жәже т .б. Бұрын колданған «зауыт», «фабрика», «кәсіпорын» (сала бойынша) атаулары сирек қолданылады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
КОРПОРАЦИЯЛАР ҚАРЖЫСЫ: ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ОРТАСЫНЫҢ
МАЗМҰНЫ
1. Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысының мазмұны

Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің каржысы - бұл қаржы жүйесінің
бірыңғай құрамдас бөлігі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер түсінігі соңгы уақытта шаруашылық
қызметке тартылуымен байланысты занды тұлғаларда емес, сондай-ақ шағын
бизнесті дамытатын индивидуалды жеке кәсіпкерлерде және заңды тұлғаны
қалыптастырмай жанұялық кәсіпкерлік жеке тұлғаларда қолданылады. Сонымен
қатар шаруашылық жүргізуші субъектілер термині барлық құқықтық- ұйымдық
меншік формаларында және қызмет түрлерінде кең таралған.
Жоғарыда аталған шаруашылық жүргізуші субъектілер термині қаржылық
қатынастарының және қаржы жүйесіне қызмет ету көзқарасымен үй шаруашылығы
(халық) қаржысы түсінігін жиі қолданады.
Қорыта келе, бұл басқа да бірліктерімен операцияларды және экономикалық
қызметті жүзеге асыратын міндеттемелерді қабылдайтын, өз атынан активтерді
иемденетін экономикалық бірліктер (ұлтгық шоттар жүйесіндегі
институционалды бірліктер) және экономикалық агенттер болып табылады. Бірақ
ұйымдық- экономикалық көзқарасынан орталық орынды жүйелі ұйымдас- тырылған
субъектілер – кәсіпорындар жэне ұйымдар алады: фирмалар, компаниялар,
фермерлік шаруашылықтар, шаруашылық серіктестік, ұлттық компаниялар,
ассоциациялар (бірлестіктер) жәже т .б. Бұрын колданған зауыт, фабрика,
кәсіпорын (сала бойынша) атаулары сирек қолданылады.
Дегенмен шаруашылық жүргізуші субъектілердің басым бөлігі материалдық
өндіріс саласында, яғни қоғамның өмірлік камтамасыз ету көзін - материалды
қоғамдық өнімін құрайды. Осы звеноның қаржысы қаржылардың бастапқы және
негізгі бөлігін өз алдына ұсынады.
ІІІаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы мен жалпы мемлекеттің қаржысы
ретінде бар болуы тауар-ақша қатынастарының және экономикалық зандардың
әрекет етуімен шартталған. Тауар-ақша қатынастары қоғамдык еңбекті бөлумен,
меншіктің әртүрлі нысандарымен алдын ала анықталған. Еңбекті бөлу дәрежесі
өзара бөлек тауар өндірушілер мен қызмет өндірушілер, әртүрлі түрдегі жеке
кәсіпорындардың бар болуымен және олардың кұрылымдық бөлімшелерінің жеке
жұмыс орындарына дейін анықтайды. Бөлек тауар өндірушілер мен қызмет
өндірушілер өзінің еңбегінің, өнімінің, тауар құнында көрініс табатын
бағасы бойынша, ақша үшін сату және сатып алу жолымен қызметінің
нәтижесімен айырбастайды және өндіреді. Бұл тауар-ақша қатынастар жиынтығы
болып табылады.
ІІІаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржылары ақша нысанындағы
кеңейтілген ұдайы өндіріс үрдісінің негізгі жақтарын көрсетеді және
экономикалық заңдардың талаптарына сай оның жүзеге асырылуына ықпал етеді.
Олар ұлттық шаруашылықтың әрі қарай дамуына қажетті жинақтар мен ақша
кірістерін қолдану мен бөлу үшін пайдаланады. Бұл даму экономиканың
түбегейлі өзгерістерінің мықты құралы, ұлттық шаруашылықты басқару
жүйесінің маңызды экономикалық құралы болып табылатын жақсы және төзімді
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысына орнатуынсыз мәні жоқ. Олар
басқа өндірістік қатынастармен ұлттық шаруашылықтың төменгі звеноларын
басқарудағы шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер ету жиынтығында
өз алдына өндірістік қатынастарды негіздейді.
ІІІаруашылык жүргізуші субъектілерінін каржысы кэсіпорынның,
қоғамның, концерннің, ассоциациялардың, салалық министрлеррдің қаржыларын
және басқа да шаруашылық органдарды, шаруашылықаралык, салааралык,
кооперативті ұйымдарды, мекемелерді, өнеркәсіпті жүзеге асыратын
ауылшаруашылық, құрылысты, транспортты, жабдықтау-өткізушіні, сауда
(делдалдылықты), дайындаушыны, геолог-іздеушіні, жобалық қызметті, халықтың
тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй коммуналды қызметтерді,
әртүрлі қаржылық, кредиттік, сақтандыру, ғылыми, ағарту, медициналык,
ақпараттык, маркетингтік және қоғамдық пайдалылық қызметіндегі көптүрлі
сферадағы басқа да қызметтерді ұсынуды өзіне косады.
Меншік нысандарының дамуы кәсіпорындардың жаңа типінің пайда болуына
әсер етті: жеке меншікті, кооперативті (тауарларды, өнімдерді және
қызметтерді өндіру бойынша), акционерлі, араласқан, кәсіпорынмен және
фирмалармен біріккен (шет елдердегі). Мемлекеттік кәсіпорындарды шетелдік
басқаруына немесе отандық инвесторларға жіберу жолымен мемлекеттік меншікті
қолдану тәртібі өзгереді, яғни жеткіліксіз формаларынан, демек меншікті
қолдану және жұмсау жаңа меншік иеленушілерінің уақытша иемденуіне өтеді.
Келесі саты - мемлекеттік кәсіпорынды сатып алу, яғни оны толық иемденуге
және біріккен немесе жеке меншікке айналуы.
Экономикалық реформа барысының пайда болуында мемлекеттік меншікті
республикалыққа, коммуналдықка бөлу, сонымен қатар көптеген мемлекеттік
кәсіпорындарының нысандарына, олардың бірігуі және коммерциялық негізіндегі
біріккен басқару органдарының - қоғамның, ассоциацияның, концерндердің,
консорциумдардың және т.б. осы үрдіске коммерциялық есеп айырысу дамуы,
өзін-өзі басқару және өзін-өзі қаржыландыруға өңірлерді аударуда ықпал
етеді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласыныц каржысы берілген саладағы техника-
лкоиомикалық негізінен шығатын үлкен айырмашылық бар. Сондай-ақ шаруашылық
ету субъектілерінің қаржы ұйымдарының негізгі қағидалары мен мәні бірдей.
Яғни, бірыңғай жоиомикалық заңдармен және шаруашылық етудің жалпы
кағидаларымен шартталған. Шаруашылық ету субъектілерінің бастапқы звеносына
барлығын біріктіру қажеттілігін және мүмкіндіктерін алдын ала анықтайды.
Шаруашылық ету субъектілерінің қаржысы мәні мен сыртқы формаларын
көрсетеді. Негізгі құнды категориясы - қаржылық ретінде анықтайтын сыртқы
қаржыларының мазмұны мәні ретінде сипатталады. Қаржының айқындау формасы
және мәні өзара байланысты. Бірақ олардың тұрактылығының дәрежесі бірдей
емес. Қаржының айқындау формасы мәніне қарағанда тез және жиі өзгеретініне
тартылған. Мысалы, мемлекеттік бюджеттің кәсіпорын нысандарымен арақатынасы
бірталай өзгерген және жетілдірілген: олар көп арналы төлемдерден кірісінен
салық салу табысына, содан соң табыс салығына трансформацияланған.
Шаруашылық қажеттіліктерін қаржыландыруға бюджеттен кері қозғалыс
құралы, негізінен өзін-өзі қаржыландыру әдісімен алмастырылған; кәсіпорын
ішінде акша кұралы козғалысының нысаны, оның бөлімшелерінің, яғни
әкімшіліктерінің және жұмысшыларының арасы өзгереді. Демек, бұл арақатынас
эквивалентті сипатқа ие және коммерциялык негізге аударылады. Қаржылық
ресурстардың кұрылымында, қалыптастыру және оларды колдануға бағытталған
әдістерінде өзгерістер болып жатыр. Сонымен қатар қаржы мәні өзгеріссіз
болып табылады. Ол жалпы өзгерістік қатынастармен ғана емес, сондай-ақ
олардың даму деңгейімен, шаруашылық, әлеуметтік және мәдени құрылыстағы
мемлекеттің рөлімен және масштабымен алдын ала анықтайды. Қаржылык қатынас
- бұл, ең алдымен бөлу қатынасы. Бөлу жүйесі өзгерістерге тап болады, яғни
бұл жүйедегі қайта құрудағы күшеюінде, бөлу қатынастарының жеке рөлінде
және өндірісті тиімді ынталандырудағы қаржылардың кажетті тұрактылығы бар.
Қоғамдык өнімді және ұлттық табысты бөлу әдістерінің және нысандарының,
қаржылык қатынасының мемлекеттің бюджет пен несиелік жүйе арқылы нарықтық
дамуының қатынасының процесінде өзгеруі, шаруашылық механизмінің ғылыми-
техникалык прогресті күшейтуде жетілдіруі көзделген даму бағдарламасын іске
асыруда, өндірістік қоғамдық еңбекті ұлғайтуда және өндірістің өсуінің
қарқынында каржыларды және бөлу қатынастарының ынталандыру рөлін жоғарылату
мақсаты бар.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылары сферасындағы көп түрлі
қатынастары кеңейтілген топтар құрамына жинақталады. Бұл катынастар
кеңейтілген ұдайы өндірісінің мыналардың арасындағы процесте пайда болады:
✓ Мемлекет пен және оның өндірістік кәсіпорынның мемлекеттік бюджеттен
тыс қорларға төлем жарналары кезінде, валюталық қорлар және ресурстарды
қалыптастыруда;
✓ Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді ұсынғаны үшін шаруашылық
жүргізуші субъектілермен, несиелік жүйемен несиелеу жәе пайыздарды
төлеу бойынша;
✓ Шаруашылық жүргізуші субъектімен және оның жоғары тұрған ұйымдарымен
арендалық төлем бойынша табыстарды, қорларды қайта тарату кезінде;
✓ Шикізаттар, материалдар, отын, дайын өнім, жұмыс пен қызмет бойынша
өзара қарым-қатынастағы әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілермен,
соның ішінде делдалдық операциялар бойынша;
✓ Шаруашылық жүргізуші субъектілермен және персоналдың мүлігін
сақтандыру бойынша сақтандыру органымен;
✓ Акцияны және басқа да бағалы қағаздарды шығару және өткізу кезінде,
бірлескен кэсіпорын құру кезіндегі үлестік катысуда және өзара несиелеу
кезінде шаруашылык жүргізуші субъектілер арасында;
✓ Иемденуші мен жалдамалы жұмысшы арасында (жұмыскерлер мен
кызметкерлер) акцияны шығару және сол бойынша дивидендтер төлеу
кезінде;
✓ Шаруашылық жүргізуші субъектілер ішінде ішкі шаруашылық белгілеудегі
мақсатты қорды қалыптастыру және қолданумен байланысты - жарғылықты,
тұтынуды, жинақтауды, резервті, валюталы, жөндеуші және мүмкін болатын
модификациясы;
✓ Шаруашылық жүргізуші субъектінің негізгі қызметімен және капиталды
салымға шығынды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету процесіндегі жеке
меншік капиталды кұрылыспен. Сондай-ақ жеке меншік капиталды құрылыс
үшін орындалған жұмыс пен қызмет төлемдері.
ІІІаруашылықк жүргізуші субъект қаржысының негізгі белгісі болып мыналар
табылады:
1) қаржылық қатынастардың көпжақтылығы, оның нысанының жәнс мақсатты
белгілеуінің әртүрлілігі;
2) өндірістік қорлардың міндетті болуы және осымен байланысты
қатынастардың пайда болуы. Яғни, олардың қалыптасуымен, тұрақгы толықтыруды
ұлғайтуымен және қайта тартуымен байланысты болатындығы. Өндірістік қорлар
- бұл өндірістің динамикалық элементі. Олардың қозғалысы толассыз, яғни
өндірістің өзі секілді. Сонымен қатар құн нысанының үздіксіз ауысуы жүріп
отырады. Кәсіпорынның қызметінің кез келген сәтінде өндірістік қорлар
материалды заттай және ақша нысанында бола алады;
3) жоғары белсенділік, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жағынан
ықпал ету мүмкіндігі;
4) олар барлық қаржылық жүйенің бастапқы негізін үсынады.

2. Ұйымдастыру қағидалары

Корпорациялардың қаржыларын ұйымдастыру қағидаларының сұақтары бойынша
экономикалық әдебиетте бірыңғай ой-пікірлер жоқ. Дегенмен коммерциялық
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржыларын ұйымдастыру негізіне бірдей
қағидалар енгізілген.
В.В. Бочаров жэне В.Е. Леонтьевтің ой-пікірлері бойынша кэсіпорын мен
корпорациялардың қаржыларын ұйымдастыру қағидалары олардың қызметімен,
нақты қүрылтайшы қүжатымен, мақсаттарымен тығыз байланысты. Олардың
пікірінше, қаржыларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар қатысты:
1) шаруашылық қызметінің өзін-өзі реттеуі;
2) өзін-өзі қаржыландыру және өз шығынын өзі өтеушілік;
3) айналым қүралдарының қалыптастыру көздерін меншік және заимдарға бөлу;
4) қаржы резервтерінің бар болуы.
Өзін-өзі реттеу қагидасы ғылыми-техникалық даму және өндірістік бойынша
шешімдерді толық дербес қабылдауға және іске асыруға кәсіпорынның
қарамағына берумен түжырымдалады. Яғни, материалды, еңбекті және қаржы
ресурстарының бар болуынан қорыта алғанда. Кәсіпорын өз қызметіне тікелей
шығарылатын өнімге сүраныс нәтижесінде болашақтағы дамуды анықтайды және
жоспарлайды. Ағымдағы және оперативті жоспарлардың негізін материалдық
ресурстарды жабдықтаушылармен және өнімді тұтынушымен келіскен келісімшарт
құрайды. Қаржылық жоспарлар өндірістік жоспарларда қарастырылған шараларды
ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге талап етілген. Сондай-ақ мемлекеттің
бюджеттік жүйесінің мақсатын кепіл- дендіруге де талап қойылған.
Корпорацияның қосымша қаржылық ресурстарын тарту үшін эмиссиялық бағалы
қағаздарды шығарады жэне қор биржасы жүмыстарына қатысады.
Өз шыгынын өзі өтеушглік қагидасы корпорацияның дамуына салынған
қаражаттар, табыс және басқа да меншікті қаржылық ресурстары есебінен орнын
толтыруы керектігін шамалайды. Бұл құралдар кәсіпорынның меншікті
капиталына тиісті экономикалық-нормативті тиімділігінің минимумын
қамтамасыз етуге талап етілген. Өз шығынын өзі өтеушілік кезінде ол
қарапайым ұдайы өндірістің меншікті көздері есебінен қаржыландырады және
салыққа бюджет жүйесін енгізеді. Берілген қағидаларды жүзеге асыру,
тәжірибеде барлық кәсіпорынның рентабельді жұмысын және шығындарды жабуды
талап етеді.
Өзін-өзі қаржыландырудың өз шығынын өзі өтеушіліктен айырмашылығы
рентабельді жұмысты ғана емес, сондай-ақ қарапайым және ұлғаймалы ұдайы
өндірісті қамтамасыз ететін коммерциялык негіздегі каржылық ресурстарды
калыптастыруды, бюджет жүйесінің кірістерін де ұйғарады.
Өзін-өзі каржыландыру қағидасының дамуы несиелік-есеп айырысу және
салықтық тәртіптерінің шарттық міндеттеме- лерінің бұзбауына кәсіпорынның
материалды жауапкершілігінің болжайды. ІІІаруашылык келісімшарттарын
бұзғаны үшін санкция айыппұлдарын төлеу және басқа ұйымдарға келтірілген
шығындарды өтеу және өнімді жеткізу бойынша міндеттемелердің орындауынан
босатпайды.
Айналым құралдарының қалыптастыру көздеріне қарай меншікті және қарыз
түрлеріне бөлу шаруашылықтың жеке саласындағы өндіріс ұйымдарымен және
технологияның ерекшелігімен анықталады. Өндірістің маусымдық сипатында
айналым құралдарынығ пайда болу көздерінің күрамында меншікті айналым
құралдары басымдылыққа ие.
Қаржы резервтерінің қүрылуы нарықтық конъюнктураның мүмкін болатын
ауытқу шарттарындағы кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге қажетті.
Яғни, әріптестерінің алдында өз міндеттемелерін орындамағаны үшін
материалды жауапкершілігінің өсуі.
Қаржы резервтері акционерлік коғамда таза пайдадан, заңнамалық тәртіппен
қалыптасады. Басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың кұрылуы
кұрылтайшы кұжатымен регламенттелген [1].
Сонымен қатар, қоса айтқанда, корпорация қаржыларын ұйымдастыру
қағидалары стратегиялық және тактикалық каржы шешімдерін кабылдауда
қамтамасыз етуі керек. Олардың негізінде корпорацияның тиімді каржылық
саясаты өңделеді. Демек, меншікті және қарыз капиталды қалыптастыру,
мүлікті және көлемді ұлғайту әдістері, ақша ағымдарын оптимизациялау.
Шынында да, қаржы саясаты нақты механизмінде корпорация қаржыларының
қызмет етуі нарықтық экономикаға сәйкес нақтыланған қағидаларында орнығуы
тиіс.
✓ М.В. Романовскийдің пікірінше, корпорация қаржыларын ұйымдастыруда
қазіргі кездегі қағидалары мыналар болуы мүмкін: жоспарлы кағидасы. Ол
шығындарды және сәйкесінше сату көлеміне, нарық қажеттілігіне
инвестицияларды конъюнктура есебінен, ал біздің жағдайда сұраныстың төлем
қабілеттігін қамтамасыз етеді. Яғни, қалыпты есеп айырысуды жүзеге асыру
мүмкіндігі. Бұл қағида қазіргі ішкі фирмалық қаржылық жоспарлау әдістерін
енгізу кезінде, демек бюджеттеуде жэне бақылауда неғұрлым толық іске
асырылады;
✓ мерзімдердің қаржылық арақатынасы. Бұл инфляция жағдайларының және
валюта бағамдарынын өзгеруінде маңызды рөл атқарады. Құралдарды алу және
қолдану уақытындағы минималды ажырауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар
құралдарды қолдануда, осы жерде оларды бағалы қағаздарға, депозиттерге және
т.б. орналастыру кезінде құнсыздануынан сақтау мүмкіндігі туындайды;
✓ иілгіштік, ягни маневрлеу - бұл жоспарлы сату көлемінің жетпеуі
кезінде, ағымды және инвестициялық қызметі бойынша жоспарлы шығындардың
асуында маневр мүмкіншілігі ш қамтамасыз етеді;
✓ қаржы шыгындарының минимизациясы - бұл кез келген инвестицияларды және
ең арзан амалымен қамтамасыз етілетін басқа шығындарды қаржыландыру болып
табылады;
✓ рационалдылық - инвестицияға капиталды салу, деңгейіне жету мен
салыстыру бойынша неғұрлым жоғары тиімділігі болуы керек және минимадды
тәуекелдерді қамтамасыз етуі қажет;
✓ қаржылық тұрақтылық - бұл қаржылық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, яғни
(0,5) жалпы шамадағы меншікті капиталдың бөлінген салмағының критикалық
нүктесі және корпорацияның төлем қабілеттігін сақтау болып табылады. Демек,
өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеудегі өзіндік қүнын бүзбау деген
сөз.
М.В. Романовскийдің пікірін отандық ғалымдар К.К. Жүйріков пен С.Р.
Раимов үстанады [2].
А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфулин нарықтық экономиканың маңызды
қағидаларына келесілер жатады дейді:
• кәсіпорынның экономикалық жэне заңдық дербестігі;
• еркін бәсекелестікке аяқ басу;
• еркін бағаның құрылуы;
• кәсіпорын жұмысына мемлекеттің әкімшілік араласуына жол бермеу;
• сау (ірі) нарықтық-қаржы жүйе;
• нарықтық экономиканың негізгі қағидаларын мемлекеттік бақылау.
Бұл қағидалардың негізінде әр кәсіпорын өзінің қаржылық (нарықтық)
механизмін құрайды:
• экономикалық және заңдық қызметін дербес жүзеге асыру;
• шығындарды табыстар есебінен іске асыру және де ереже бойынша кірістерді
қамтамасыз етеді;
• өзінің мүліктеріне материалды жауапкершілік береді;
• еңбек нәтижесінде жұмыскерлердің материалды қызығушылығын қамтамасыз ету
[3].
Л.Н. Павлованың ойынша, осы қағидалардан басқа, тағы да жалпы қағидалар
бар. Кәсіпорынның қаржылары макроэкономи- каның негізін қүрайды. Сондықтан
оларға мыналар қатысты:
• жоспарлық және жүйелілік;
• мақсатты бағыттылық;
• стратегиялық хабарда болу;
• диверсификация қағидасы бағалы қағаздарға ақшалы инвестицияларды,
объектілерді және әртүрлі бағытталған қызмет бойынша көп профильді
кәсіпорын кұруды білдіреді [4].
• Отандық ғалым В.Д. Мельниковтың ойынша, коммерциялық шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржыларын үйымдастырудағы негізгі қағидалары: коммерциялық
есеп айырысу;
• жоспарлылық;
• меншіктік барлық нысанның теңдігі;
• қаржы резервтерінің бар болуы болып табылады [5].
Осылайша, әртүрлі авторлардың ой-пікірлерін қорыта келе,
корпорацияның (кәсіпорынның) қаржыларын ұйымдастыру қағидаларына мыналар
жатады деуге болады:
- жоспарлылық;
- өзін-өзі қаржыландыру, өзін-өзі өтеу (шаруашылық есеп);
- каржы резервтері мен тәуекелдерді қамтамасыз ету;
- қаражаттарды меншік жэне карыз көздеріне бөлу;
- каражаттарды пайдалануды талдау мен бақылау.

3. Корпорация қаржыларының функциялары

Экономикалык әдебиетте корпорация каржыларының функциялары сұрақтары
және де жалпы қаржылар бойынша бірыңғай ой-пікір жоқ.
В.В. Бочаров жэне В.Е. Леонтьевтің ойлары бойынша шаруашылық нарық
жағдайында корпоративті қаржының функциясының бар болуын күқықты мойындау:
1) капиталды, табысты және акша корларын калыптастыру;
2) капиталды, табысты және акша қорларын қолдану;
3) бақылау.
Осылардың ішінен біріншісі (капиталды, табысты және ақша қорларын
қалыптастыру) ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін жүзеге асыру
жағдайының кажеттілігі болып табылады. Тауарларды сатудан бастапқы тарату
түсім есебінен, қаржы жоспарында (бюджетінде) сипатқа ие болатын,
корпорацияның және кәсіпорынның арнайы қорлары құрылады.
Мынаны ескерген жөн, бухгалтерлік есеп бойынша нормативті кұжаттардың
сәйкесінше бухгалтерлік баланстағы пайдалану және жинақтау қорларының
қалдықтары, қүрылтайшылық кұжатқа сәйкес құралған және бір жыл ішінде жұмыс
нәтижесі бойынша таза пайда (анықталмаған) есебінен есеп саясатымен
қабылдағандығы бөлек сипатталмайды. Таза пайданы қолданғандығын сипаттайтын
сәйкесінше түсіндірмелер, бухгалтерлік баланстың анықтамасына және табыс
пен шығын туралы есепте (жекелілікте, капитал өндірісі туралы есепте),
сондай-ақ түсіндірме жазбаға келтіріледі.
Түсімді кайта бөлу процесінде оның барлық элементтері есебінен (с+v+m),
сатудан мемлекеттің келесі табыстары қалыптасады:
1) өтеу қоры (с) есебінен өндіріс шығындарын және айналымдарын қосатын
салықтар төленеді;
2) қондырылған тарифтер бойынша төлем корларынан (v), мемлекеттік
бюджеттен тыс қорларға есептелінген, бірыңғай әлеуметтік салық (жарна)
төлейді;
3) кіріс есебінен (m) бюджетке, кіріске және кірістер және шығындар
есебіне қатысты басқа да міндетті төлемдерге салық енгізеді.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарында қарастырылған капиталды, табысты және
ақша қорларын қолдану мақсатында, қаржы функциясының екінші экономикалық
мазмұнын құрайды.
Кәсіпорынның табысын қолдану процесінде пайда болады:
1) оның бөлінуі (с+v+m элементтерін құрайтын бастапқы тарату);
2) қайта бөлу - мемлекеттің бюджеттік жүйесіндегі кіріске салық төлеу
кезі;
3) (А - Т жэне Т — А) тауарлы нысандағы кұнның қарсы қозғалысымен
шығарылатын, ақша қорларының кірісі есебінен кұралған нақты шығындану.
Мысалы, капитал салымына, жобалы-сметалық құжаттамаға материалдар мен
жабдықтарды құрылыс үшін бағытталған кұралдар есебінен иемдену. Мұнда
каржылар құнның ақшалы нысаны тауарға айналуына ықпал етеді және керісінше.
Мемлекет алынған кірістер есебінен (салық және жинақ нысанында)
регионалды бюджетте қарастырылған мақсаттарды пайдалануға іске асырады.
Үшінші (бакылау) функциясында қаржылар кәсіпорынның және мемлекеттің
кірісін кұру және пайдалану кезінде құнды және материалды-затты
пропорцияның бұзылуына бақылау жүргізу үшін қолданылады.
Берілген функция каржы ресурстарының қозғалысында орнығады, мысалы
бюджет жүйесіне салық пен жинақ төлеу кезінде. Сондай-ақ ол мемлекетке
соңғы каржы нәтижелеріне шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметіне
әсер ету мүмкіндігін ұсынады. Қаржылардың бақылау функциясын іске асыру
құралы бухгалтерлік есеп берудегі каржылық есеп беру болып табылады.
Бұл ақпарат кәсіпорын кызметінің іскерлік және нарыктық белсенділігін,
табыстылығын, қаржылық тұрактылығын сипаттайтын, аналитикалық қаржы
коэффициенттері есебі үшін бастапқы база ретінде қызмет етеді.
Қаржы көрсеткіштері шаруашылық қызметінің нәтижесін бағалауға жағымсыз
сәтін әшкерелеуін алып тастауға бағытталған шамасын белгілеуге рұқсат
береді. Дегенмен қаржының бақылау функциясымен ескерту мөлшерлі қаржы
көрсеткіштері арқылы өзінің лебізін алады. Демек, қаржылық ақпараттың
нақтылығы туралы өткір сұрағы туындайды. Тек осындай жағдайда ғана орнықты
басқармалы шешім кабылдауға болады.
Қаржыға объективті қатысты бақылау функциясы тәжірибеде үлкен немесе
кіші толықтықпен жүзеге асырылады. Қаржының бақылау функциясының жүзеге
асырудың деңгейімен толықтығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорациялардың қаржы механизмі
Корпоративтік қаржы қызметтері
Корпорация қаржысы
Корпорациялардың қаржысы: мәні мен мазмұны, атқаратын функциялары және қаржы механизмі
Корпоративтік қаржы ұғымы
Корпорация табыстарын қалыптастыру және пайдалану
Акционерлік қоғамдардың қаржысы
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Қаржы құрылымының құқықтық негіздері
Мемлекет қаржысын басқару
Пәндер