Қола дәуірі туралы ақпарат



Кіріспе: Қола дәуірінің басталу тарихы, қоғамдық құрылысы
Негізгі бөлім:
1) Қола дәуірінің жаңалықтары
2) Қола дәуірінің ескерткіштері
3) Қола дәуіріндегі шаруашылықтары, тұрмысы

Қорытынды: Қола дәуірінің адамзат
тарихындағы алатын орны
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында мал және егіншілік шаруашылығымен қатар металлургия ісі де дамыды. Металл өңдеу Қазақстан территориясындағы әлеуметтік – экономикалық жағдайларды өзгертуге мүмкіндік берді. Алдымен энеолит кезеңінде мыс өндіру ісі дамыса, бертін келе мыс шаруашылықта тиімсіз, ауыр жұмыстарға шыдамайтын болды.Ол негізінен Кейін әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрме, күшала, қорғасынның қорытпасынан қола өндіре бастады. Көне замандағы кен өндірушілердің қонысы кенішке жақын орналасты.Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды.Қазандыққа ауа үрлейтін көрік жасалды.Осындай қазандықтар көне кен орындарынан көптеп табылған. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты түрлі әшекей – бұйымдарды жасауға қолданылады. Тас балтаға қарағанда қола балтамен ағашты үш есе тез шабуға мүмкіндік берді.
Ч.Мусин «Қазақстан тарихы» Алматы 2005 ж.
Мусин Чапай «Қазақстан тарихы» Алматы 2008ж.
Жұмақаева Б.Д. «Қазақстан тарихы» Алматы 2014ж. «Эверо» баспасы
«Шың» кітабы

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина
Пән: Қазақстан тарихы
Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық гуманитарлық пәндері мен психология және педагогика кафедрасы
Курс: I
Тақырыбы:Қола дәуірі
Орындалу түрі:Реферат

Орындаған:Назарова З.Т.
Топ: 110 А
Тексерген:Мухамбетгалиева А.К
Бағасы:________________
Оқытушы қолы:_________
Күні:___________________

Ақтөбе 2015 жыл

Тақырыбы: Қола дәуірі
Жоспар:
Кіріспе: Қола дәуірінің басталу тарихы, қоғамдық құрылысы
Негізгі бөлім:
1) Қола дәуірінің жаңалықтары
2) Қола дәуірінің ескерткіштері
3) Қола дәуіріндегі шаруашылықтары, тұрмысы

Қорытынды: Қола дәуірінің адамзат
тарихындағы алатын орны

Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында мал және егіншілік шаруашылығымен қатар металлургия ісі де дамыды. Металл өңдеу Қазақстан территориясындағы әлеуметтік - экономикалық жағдайларды өзгертуге мүмкіндік берді. Алдымен энеолит кезеңінде мыс өндіру ісі дамыса, бертін келе мыс шаруашылықта тиімсіз, ауыр жұмыстарға шыдамайтын болды.Ол негізінен Кейін әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрме, күшала, қорғасынның қорытпасынан қола өндіре бастады. Көне замандағы кен өндірушілердің қонысы кенішке жақын орналасты.Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандықтар салынды.Қазандыққа ауа үрлейтін көрік жасалды.Осындай қазандықтар көне кен орындарынан көптеп табылған. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты түрлі әшекей - бұйымдарды жасауға қолданылады. Тас балтаға қарағанда қола балтамен ағашты үш есе тез шабуға мүмкіндік берді. Әрі мысқа қарағанда қатты түрлі еңбек құралдарын, тіпті түрлі қару жасауға болатын болды. Себебі мал өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Олардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар орын алып тұрды. Қару тек жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен бірге тайпалар арасындағы соғыстарда да маңызды рөл атқарды. Қару жасау ісі біртіндеп металл өңдеудің дербес саласына айналды. Андронов мәдениетінің дәуіріндегі адамдар қоладан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егін оратын орақ, пішен шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері жасап, күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі қарулар найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, шот. Кейбір жауынгерлердің қанжарлары болған. Қола дәуірінің басты екі экономикалық бағыты : мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы. Бұл шаруашылыққа еркектердің еңбектері мол болды. Осылайша қоғамда еркектердің рөлі басым болып, ендігі аналық рулықтың орнына аталық рулық, яғни патриархат пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты болды. Жеке отбасылар өз алдына бөлініп шығып, меншіктің көлемі ұлғайып, рулық қауымның ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады. Аталық рулық отбасылық қауым бірнеше сатыдан тұрды. Қауым әке жағынан туыс адамдардың төрт - бес ұрпағынан құралды және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге өмір сүрді. Әрбір аталық - рулық қоныс - мекен осындай бірнеше үйлерден құралатын еді. Отбасылық қауым отбасылық - өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал- жабдықтары мен өндірілген өнім ортақ меншікке айналды. Соңғы қола дәуірінде кейбір материалдық жағынан күшейіп алған аталық рулық қауымдар барған сайын оқшауланып, мұның өзі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап, отбасылық меншіктің пайда болуына әкеліп соқты. Оның бір дәлелі айналасы дуалдармен қоршалып салынған қоныстардың Солтүстік Қазақстанда көп кездесуі, бұл ғимараттардың қорғаныс, бекініс ретінде салынғанын, қола дәуірінің орта кезінде тайпалар арасында наразылық пен қақтығыстардың күшті болғандығын көрсетеді.
Қола дәуірінің ең үлкен жаңалықтары садақ пен жебенің пайда болуы. Бұл кезеңде аталық рулық қалыптасып, олардың қоғамдағы ролі жоғары болды. Жеке меншік қалыптасып, мүлік теңсіздігі пайда бола бастады. Мал мен мүлік жеке адамның, ал жер қауымның меншігінде болды. Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тұрғындар рулық-тьайпалық құрылымджа өмір сүрді.Қола дәуірінде алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастады.Рулық қатынас ыдырап,олардың орнына қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.Малды туысқандар арасында бөлу жеке меншіктің тууына әкелді.Мал-мүлік теңсіздлігінің шығуы қауымның ішінде әлеуметтік теңсіздікті тудырды. Кен өндіру,металл өңдеу ісі дамыды. Теселі егіншілік дамыған кезең болды. Мал бағудың көшпелі түріне көшу басталды.
Қола дәуірінде тегі мен тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс болып келетін тайпалар Сібірді, Қазақстан мен Орта Азияның кең байтақ далаларын мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір - біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олардың қалдырған ескерткіштерінің табылған жері тарихта Андронов мәдениеті деп аталды. Андронов мәдениеті Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андронов селосынан табылды. Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі - Қазақстан жері болды. Көптеген археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халықтың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Қола дәуірінің рулық - патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жертөлелері өзендер мен көлдердің жайылымы мол жерлерінде орналасқан. Мекен - жайларының жанынан әр түрлі шаруашылық пен мал қамайтын орындар болған. Бұл кезде шаруашылықтың мал бағу түрі басымырақ болған. Сонымен қатар егіншілікпен де шұғылданып отырған. Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я.Тугаринов ашқан. Содан кейін бұл мәдениетке ұқсас ескерткіштер Қазақстан жерінен де табыла бастады. Андронов тектес қола мәдениеттері Жайық өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған. Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қазақстаннан 80-нен аса Андрон мәдениетінің қоныстарын тапқан. Олардың кейбір түрлерін ертедегі алғашқы қалалар деуге келеді. Мысалы, Қазақстанның Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облысының шекарасында табылған Арқайымды ғалымдар ертедегі қалаға ұқсатады. Қазақстанда еуропоидтік андрон тайпалар б.з.б. II-I мыңжылдықтың басында өмір сүрді. Андрондықтар еуропалық нәсілге жатады. Андрондықтардың бет-бейнесін ғалым В.П. Алексеев Андрондықтар мұрынды келеді, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен, ірі денелі, жігерлі, келбетті адамдар болған- деп сипаттайды. Қостанай жеріндегі Алексеев қорымынан қола дәуіріне жататын бас сүйегі бойынша антрополог М.М.Герасимов оның бет- пішінін жасады. Жамбыл облысындағы Ойжайлау қорымынан қола дәуіріне жататын бас сүйегі үлкен, беті кішкене, мұрны таңқылау адам сүйегі табылды. 1946 жылы Ә.Марғұлан бастаған ғалымдар Қазақстандағы қола дәуірін зерттеуді бастады. Қола дәуіріне жататын ор дуалдармен қоршалған Петровка,Боголюбов қоныстары Солтүстік Қазақстаннан табылды.Солтүстік Қазақстандағы Петровка,Чаглинка қоныстарынан керегенің тор көздеріне ұқсас қабырға орындары табылды.Қола дәуіріне тән 30 қоныс пен 150 оба Орталық Қазақстаннан табылды.Көкшетау жеріндегі Шағалалы қонысынан қола шалғы табылды.Шығыс Қазақстандағы Мало-Красноярска өлкесінен, Батыс Қазақстандағы Алексеевтен,Солтүстік Қазақстандағы Степняктан,Жетісу өңірінен қола және мыс орақтар табылды. Қазақстан жерінде Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Беғазы - Дәндібай мәдениеті болған. Бұлай аталуының себебі, ол Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жеріне қарай аталған. Беғазы-Дәндібай мәдениеті б.з.б. 12-8 ғасырларға жатады. Беғазы- Дәндібай мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Беғазы Дәндібай мәдениеті туралы
Адам қоғамындағы көне, орта және соңғы тас дәуірі
Алғашқы қоғам тарихының зерттеу пәні
Тарихи археологиялық музей қорларын жинақтау тәртібі
Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы ақпарат
Қазақстанның неолит дәуірі мәдениеттері
Қазақстандағы тас дәуірі
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Сасанидтер дәуірінің кодификациясы
Пәндер