Сақ тайпалары туралы



Қазақ тарихын зерттеген тарихшы,этнограф,антрополог,археолог ғалымдардың бірсыпырасы қазақ халқының арғы тегі ерте заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгі сақ тайпаларынан шыкқан дейді. Әйгілі ғалым А. Н. Бернштам қазақтын атын сақтармен байланыстырады. Ол: «қазақ» деген сөз ерте замандағы «каспи» және «сақ» деген екі тайпаның қосылуынан шыққан, яғни каспи – сақ, қас – сақ – қазақ болған деп тұжырымдайды. Тарихшы М. Ақынжанов қазақ деген сөз «қас» (нағыз), «сақ» (тайпа аты) деген екі сөзден «қас сақ» (нағыз сақ) дегеннен шыққан. «Қазақтар — түрік, моңғол тектес халықтың екі бұтағынан (ғұн мен сақ тарауынан) құралған ежелгі халық» дейді. Қазақ халқын қалыптастырған арғын, қыпшақ, тағы басқа тайпалар ішінде сақ деген атты қолданған рулар да бар. Мысалы, сақтоғалақ, бес-сақ, сақ құлы, бо-сақ, қар-сақ, тағы басқалар. Қазақ халқының арғы тегі болған ежелгі үйсін бірлестігінің құрамында сақ тайпаларының барлығы еліміздің ежелгі жазба деректерінде айқын айтылады. Онда: «Үйсін халқы ішінде сақ тайпалары да, ұлы иозы тайпапары да бар» дейді. Бұл тарихи фактілер қазақтың арғы тегінің бір саласы ежелгі сақ тайпалары екендігін дәлелдейді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Сақ тайпалары
Қазақ тарихын зерттеген тарихшы,этнограф,антрополог,археоло г ғалымдардың бірсыпырасы қазақ халқының арғы тегі ерте заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгі сақ тайпаларынан шыкқан дейді. Әйгілі ғалым А. Н. Бернштам қазақтын атын сақтармен байланыстырады. Ол: қазақ деген сөз ерте замандағы каспи және сақ деген екі тайпаның қосылуынан шыққан, яғни каспи - сақ, қас - сақ - қазақ болған деп тұжырымдайды. Тарихшы М. Ақынжанов қазақ деген сөз қас (нағыз), сақ (тайпа аты) деген екі сөзден қас сақ (нағыз сақ) дегеннен шыққан. Қазақтар -- түрік, моңғол тектес халықтың екі бұтағынан (ғұн мен сақ тарауынан) құралған ежелгі халық дейді. Қазақ халқын қалыптастырған арғын, қыпшақ, тағы басқа тайпалар ішінде сақ деген атты қолданған рулар да бар. Мысалы, сақтоғалақ, бес-сақ, сақ құлы, бо-сақ, қар-сақ, тағы басқалар. Қазақ халқының арғы тегі болған ежелгі үйсін бірлестігінің құрамында сақ тайпаларының барлығы еліміздің ежелгі жазба деректерінде айқын айтылады. Онда: Үйсін халқы ішінде сақ тайпалары да, ұлы иозы тайпапары да бар дейді. Бұл тарихи фактілер қазақтың арғы тегінің бір саласы ежелгі сақ тайпалары екендігін дәлелдейді. Еліміздің ежелгі замандағы жылнамалары мен томдарында сақ тайпалары сәйжүң шижұң, шимо, шижа түрінде кездеседі. Бұлар сақ және сақ тайпалары деген атаудың өз кезіндегі ханзуша дыбысталуы еді. Мутиянзының Өмірбаян атты еңбекте патша Жумууаң заманымыздан бұрынғы IX ғасырда батысқа сапарға шыққан жолында шимо тайпаларына және олардың көсемі Шиаңшуға кездескендігі айтылады. Бұл аңызда айтылған шимолар Орта Азия өңірінде өмір сүрген сақ тайпалары еді. Лияң әулеті дәуірінде (VI ғасырдағы) Шұн Жи будда деректері туралы деген еңбегінде Хан патшалығының тарихы, батыс өңір шежіресінен мынандай үзінді келтіреді: сақтар асылында ұзақ заманнан бері дұнхуаң жерін мекендеген иұншіндер еді. Кейін иозілерден шығып, Памыр тауының күнгейіне қоныс аударған. Бірақ біздің заманымызға жеткен Хан патшалығының тарихы, Батыс өңір шежіресінде мұндай деректер жазылмапты. Ежелгі заманда Орта Азия өңірін мекен еткен сақ тайпалары туралы тарихи деректер сол замандағы парсы және грек авторларының жазба деректерінде сақталған. Ежелгі грек тарихшылары оларды Азиялық скифтердеп атаса, парсы тарихшылары оларды сақтар деп атаған. Ахеменид иранның сына жазу текстерінде, онын ішінде накширостемдегі жазуында сақ тайпаларының үш тобы айтылады. Олар: хаомоварға сақтары (хаомо ішімдігін істейтін сақтар), парадария сақтары (теңіздің ар жағындағы сақтар) және тиграхауда сақтары (шошақ төбелі тымақ киетін сақтар) деп аталады. Олар өз заманында Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекен еткен. Ол заманда сақ немесе скиф деген жалпы атпен аталған халықтың ішінде әрқайсысының өзіне тән аты бар көптеген тайпалар болған. Олардың көпшілігі көшпенді мал шаруашылығымен, бір бөлегі егіншілікпен шұғылданған. Ерте замандағы грек авторларының суреттеуіне қарағанда, олардың көшіп қонатын көлігі екі, төрт, алты дөңгелекті арба, оған екі, үш жұп өгіз, ат немесе түйе жегілген. Осы арба күймесінің сырты сырымен, яки киізбен қапталған. Бұлар шөптің сонысы мен судың тұнығын жүзіп, малдарын оттатып, көшіп жүрген. Сақтар көшкенде қатын-бала, үй-мүкәмалмен күймелі арбада, қонғанда киіз үйлерде отырған. Олардың қыстауларында кесектен (сабан араласқан балшық,кірпіштен) там үйлер болған. Мал шаруашылығымен шұғылданған сақтар жылқы, қой, сиыр, түйе өсірген, егіншілікпен шұғылданушылар тары, арпа, бидай еккен. Тіпті мал шаруашылығымен шұғылданушылардың да қыстауларының маңында шағын егіншілігі болған. Ежелгі грек авторларының деректемелерінде сақтардың бірсыпыра тайпаларының аты аталады. Олар: массагет, яксарт, дай немесе дахи, фарат, көмар, асқатағ, исседон, асси немесе аримасып, сармат, каспи, тағы басқалар. Массагет, яксарт тайпалары: Көк теңіздің (Арал теңізінің) оңтүстік және шығыс солтүстік өңіріне, Сырдарияның оң жақ алқабына орналасқан (ерте заманда Сырдария Яксарт деп аталған). Дай немесе дахи тайпасы: Сырдарияның төменгі жағын, Көктеңіздің қолтығын мекендеген. Аби тайпасы: Қаратау бойын, Сырдарияның алқабын қоныстанған. Фарат тайпасы: Талас Алатауын және Қаратаудың солтүстік, шығыс-солтүстік бөлігін мекендеген. Көмар тайпасы: Келес, Шыршық, Ангрен өзендерінің бойларында және Тянь-Шань тауларының батыс сілемдерінде болған. Асқатағ тайпасы: Шу өзені мен Талас өзенінің аралығында, қырғыз Алатауының орта етегінде тұрған. Исседон немесе асси тайпасы: Іле өзені мен Шу өзенінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейін созылған алқапты мекендеген. Аримасып тайпасы: исседондардың солтүстік және шығыс солтүстік жағында, Алтайдың батыстағы сілеміне дейінгі жерлерде тұрған. Сармат тайпасы: Каспий теңізінің терістігінде, шығыста Жем өзеніне дейінгі, солтүстік Жайық өзенінің басына дейінгі жерлерде тұрған. Каспий тайпасы: Каспий теңізінің шығыс жағалауын мекендеген. Памир-Алтай тауларының солтүстік шекараларынан бастап, Тянь-Шань тауларын басып өтіп, шығыс солтүстікте Алтайдың батыс сілемдеріне дейінгі, солтүстікке Балқаш көліне және Шу өзенінің аяғына дейінгі, батыста Талас өзенінің оң жағалауына дейінгі жерлерді қоныстанған. Асқатағ, исседон, аримасып сынды сақ тайпалары тигра хауда сақтары (шошақ төбелі сақтар) немесе (шошақ төбелі тымақ киетін сақтар) деп аталған. Жетісу алқабы осы шошақ төбелі сақтардың орналасқан жерінің орталығы болған. Осы бір бағзы заманның деректемесіндегі шошақ төбелі сақ деген атау күні кешеге дейін қазақ халқының өздерін шошақ төбелі қазақпыз деп келгенін еріксіз еске түсіреді. Іле өзені мен Шу өзенінің алқабынан Тарбағатай тауына дейінгі жерлерді мекен еткен сақ тайпаларын ежелгі грек авторлары исседон яки асси деп атаған. Ежелгі грек тарихшыларының айтуына қарағанда, сақтар өте батыр жауынгер, қасқа қатал, досқа адал халық болған. Олар қастасқан жауын аямаған. Соғыста өлтірген жауларының бас сүйегін ішімдік ішетін ыдыс еткен. Жауларының жон терісінен шылбыр жасаған. Олар батыр жауынгерді ардақтап құрмет еткен. Жыл сайын үлкен мерекелер жасалып, бұл мерекедегі ортадағы ортақ ыдыстан тек жауды өлтірген жауынгерлер ғана ішімдік іше алатын болған. Сақ деп аталатын тайпалардың әрқайсысының өз алдына ханы болған. Хандардың әмірі күшті еді. Хан қаза болса, оның өлігін арбаға салып ел аралатқан. Ханның өлігін көргенде бұқара қатты қайғырып, өз құлағын қанатып, шашын жұлып, бетін жыртып, көзін тырнаған. Сол қолын оқпен тесетін болған. Қаза болған хан үлкен қорғандарға жерленген, өлікпен бірге алтын, күміс, ыдыс жабдықтарды және сойылған аттарды бірге көмген. Тіпті ханның ханымы мен қызметкерін де өлтіріп, онымен бірге жерлейтін болған. Ежелгі заман тарихшыларының деректемелеріне қарағанда, б. ж. с. дейінгі VII-IV ғасырларда сақ тайпалары өз атырабындағы мәдениетті елдермен - Ассириямен, Мидиямен қарым-қатынас жасап отырған. Заманымызға дейінгі VI ғасырда сол замандағы әлемге әйгілі ірі елдердің бірі Парсымен қарым-қатынаста болған. Сол кездегі ірі тарихи оқиғаларға қатынасып отырған. Заманымызға дейінгі 529-558 жылдарда патшалық еткен Парсы патшасы Кир сақтармен соғыс одағын жасасқан. Ол Лидия патшасы Крезбен соғысқанда сақтардан көмек алған. Бірақ Кир патша бұл одақты місе тұтпай, сақ-массагеттерді кіріптарлыққа түсіру үшін оларға шапқыншылық жасап, жаулап алу жорығын жүргізген. Осы сәтте сақтар жұмыла аттанып Парсы патшасы Кирдің шапқыншылығына қиянкескі карсылық көрсетіп, оның жорығын жеңіліске ұшыратқан. Осының нәтижесінде Парсы патшасының шапқыншы әскерлері тас-талқан болып, Кир патша соғыста өлген. Осы қиянкескі шайқас жөнінде ежелгі грек тарихшысы Геродот былай дейді: Массагеттердің әйел патшасы Томирис шайқаста парсыларды жеңгеннең кейін, жарғақ тұлыпка қан толтырып, оның ішіне парсы патшасы Кирдің басын салып, аңсағаның қан еді, іш енді соны! деп тұлыпты дарияға лақтырған. Б.з.д.521-486 жылдарда өмір сүрген парсы патшасы Дари 1 сақ тайпаларын өзіне бағындыру үшін үнемі жаулап алу жорығын жасап отырған. Парсы патшасының бұл шапқыншылығына сақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақ тайпалары туралы ақпарат
Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Сақтар (скифтер) массагеттер, дактар (дайлар) аримаспылар
Сақтар (скифтер), массагеттер, дактар (даилар), исседондар, аримаспылар
Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен көне мемлекеттік құрылымдар
Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың еңбектеріндегі Сақтар
Қазақстан жеріндегі тайпалар
Сақтар заманының қоғамдық құрылысы
Сақ. Үйсін. Қаңлы
Үйсін ескерткіштерінен табылған еңбек құралдар
Пәндер