Электр торы немесе найзағайдың соғуы


Электр торы немесе найзағайдың соғуы
Электр тогы немесе найзағайдың соғуы. Тұрмыстық электр приборларын олақ пайдалану, аңдаусыз ұстағанда адамды тоқ зақымдауы мүмкін. Электр тогының соғуынан алған зақымдану жеңіл болған жағдайда сым тиген жер қызарып ауырады (күйеді), зақымданған адамның өңі қуарып, бойын үрей билейді. Ауыр зақымданған жағдайда күйік ұлғайып, тоқ ұрған жердегі дененің ткані қарайғаны байқалады, адам талықсып, сіңірі тартылады, тыныс алуы мен жүрек соғуы тоқтап қалуы мүмкін. Зақымданудың ауырлығы, негізінен, токтың күшіне және оның ұру ұзақтығына байланысты. Токтың кедергісіз тез соғуы (бұған себеп: қолдың су болуы, аяқ киімнің дымқыл, жердің сыз болуы) электр тогы зақымын күшейте түседі, мұндай жағдайда тіпті кернеуі 36 В «қауіпсіз» ауыспалы токтың соғуынан-ақ өліп кетуге болады.
Алғашқы көмек көрееткенде ең алдымен электр тогының әсерін тоқтату керек. Өйткені электр сымын тартқанда зақымдалушы адамның көбінесе босанып шығуға дәрмені жетпейді. Көмек көрсетуші адам өз басының қауіпсіз болу ережесін де сақтауы керек. Ток келіп тұрған көзді тоқтату үшін ажыратқыш-қосқыш тетікті, тығындарды, рубильникті ажыратып, көмек көрсетуші адам қолын (резина қолғап киіп немесе құрғақ жүн матамен ұстайды) және аяғын (резина етік киеді) ток ұрмайтындай еткеннен кейін ғана зақымданушы адамды токтан тартып ажыратуы не болмаса зақымданушы адамды басқа да тәсілдермен ток көзінен ажыратуы керек (мысалы, кез келген құрғақ ағаш затпен ток сымын басқа бір жаққа бұру) . Жүрегі тоқтап, тынысы бітіп кетпеген болса, оған толық тыныштық керек (денені сұлатып жатқызады) , жылы сусын ішкізіп, мүсәтір спиртін иіскетеді ; терісі күйгенде - борлы вазелин жағып немесе сутегінің асқын тотығымен сүртіп, стерильді бинтпен таңып тастайды. Егер тынысы тоқтап, жүрегі соқпай қалған жағдайда (клиникалық өлім) көрсетілетін алғашқы көмек - дәрігер келгенге дейін реанимация шараларын жасау (жүрекке массаж жасау, «ауызбен ауызға дем үрлеу» арқылы қолдан тыныс алдыру; Сонымен бірге шұғыл дәрігерлік көмек көрсету және ауруханаға жеткізу үшін жедел жәрдем дәрігерін шақыру қажет. Егер электр тогынан зақым алғаннан кейін 30-40 минут өткен соң да ұйқы басып, басы айнала берсе, жүрегі қағып, тер басса, тынысы тарылып, денесі тітіркенсе, онда алған зақымы жеңіл сияқты болып көрінгеніне қарамастан, дәрігерлік бақылауға алып, көмек алуға міндетті. Электр тогынан зақымданудың бір түрі жай отынан - күн күркіреген кездегі атмосфералық электр разрядынан зақымдану болып табылады. ток ұрған адамды тоқ «шықсын» деп жерге көму керек деген ел арасындағы соқыр сенім - зиянды адасушылық, өйткені жерге көмілген ағза тез салқындайды, кеудеге салмақ түсіп сығылады, тынысы тарылады, жүрегі қысылады, пайдалы алғашқы көмек көрсетілуге тиісті уақыт өтіп кетеді.
Тұрмыстық күйіктер
Белгілері: І дәрежедегі күйік: дене қатты қызарып, домбығады, дуылдап аурады.
ІІ дәрежедегі күйік: қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда болады (сары сұйық жинақталады), ауру жанына қатты бата бастайды.
ІІІ дәрежедегі күйік: терінің түсі сары- қоңыр (тері жансызданады, некроз), ауруды сезіну үдейді, естен тану белгілері байқалады.
ІV дәрежедегі күйік: терінің, бұлшық еттің және сүйектің қарайып күюі, ауруды сезіну белгілері үдейді, естен тану белгілері әлдеқашан байқалған.
Сенің әрекеттерің: - Кешіктірмей күйік себебін жойыңыз (мысалы жалынды сөндіру) . Денесінен тұтанған немесе ыстық май, су, химиялық зат сіңген киімді, ол теріге жабысқан жерлерін қалдырып, өзге жерлерін шеш. - Күйген жерді суық судың астында 10-15 мин (ағынды су) ұстаңыз. Егер дененің зақымдалған үлкен жерінің көлемі үлкен болса, оның үстін суық суға малынған ақжаймамен жабыңыз. Салқындатқаннан кейін құрғақ таңғыш, дәкі немесе ақжайма қолданыңыз. Егер зардап шегуші есінен айрылмаған болса, оған суық су бер.
Есіңде болсын! Күйген жерге қандай да бір май немесе крем жағуға, теріде пайда болуы мүмкін көпіршіктерді ашуға (жұқпалылардың ену қауіпі) болмайды.
Күйген алаң онша үлкен болмаса (қызарған тері, көлкілдек бүршік) жергілікті жердің травпункттіне қарал. Дененің күйген алаңы үлкен болған жағдайда "103-жедел жәрдемін" шақыр.
Ақыр соңында, барлығы біршама тынышталды. Адамдар, шамалары келгенше ас дайындап, шай әзірледі. Кешкі тамақ ішіп, жылынуға әрекет жасады. Бірақ қозғалған жүйке әлі де қалпына келер емес. Мосқал ер адам, енді кепкен печеньемен, ол бағына қарай "дабыл сумкасында" болған, шай іше бастағанда кенеттен тұншыға бастады.
Жүрек қызметінің тоқтауы
Белгілері: естен тану, тыныс алу мен тамыр соғысының жоғалуы, терісі көгілдір-сұр. Сенің әрекеттерің: жасанды тыныс алдыру және жүректі жанамалай уқалап, сылау.
Жүректі жанамалай уқалап, сылаудың әдісі: - Зардап шегушінің жанына тізе бүгіп тұрып, оның жағасының түймелерін ағыт, оны тегіс қатты жерге шалқасынан жатқыз. - семсер тәріздес талшықты саусағыңмен сипала; - қолдың екі саусағын мойынға қарай бағыттап қой; - мойынға қарай бағыттап оның қасына алақаныңды бас.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz