Кластерлік жүйенің дамуы мен теориялық аспектілері


КІРІСПЕ
3 1 КЛАСТЕРЛІК ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
5 1. 1 Өндірістік кластер - ұғымының экономикалық негізі және аймақтық экономиканы кластерлеудің әдістемелік негіздері
5 1. 2. Өнімнің ішкі кешенінің кластерлік жүйедегі орны 25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЛАСТЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ 32
2. 1. Оңтүстік Қазақстан облысында мақта кластерінің қазіргі жағдайын талдау 32
2. 2. Мақта кластерінің негізі - шаруа қожалықтарын қолдау жолдары 42
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА КЛАСТЕРЛЕР ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 50
3. 1. Агробизнестегі кластер - бәсеке қабілеттілікті арттыру тәсілі 50
3. 2. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығын жетілдіру жолдары 55
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 66
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. Қазір сала жаңа кезеңнің табалдырығында тұр, бұл кезең ашық экономика және тағам өнімдері саудасының әлемдік жүйесі жағдайында оның тиімді дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл әсіресе алдағы кезде БСҰ-ға кіруге байланысты өзекті болып отыр. Біз үшін басты басты міндет - халықаралық саудадағы құқықтың кемсітушілігін болдырмау және азық-түлік қауіпсіздігі мен ел аграрлық секторының тиімді даму мүмкіндігін сақтай отырып, тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығына нақты қол жетімділігі қамтасыз ету. Яғни, кластер жүйесін экономика секторының басымды жеті бағытына енгізу жоспарланған. Негізгі экономиканың басымды секторлары мұнай-газ, ауыл шаруашылығы (мақта кластері, күріш кластері, өсімдік май кластері), қара және түсті металлургия және т. б. салалар. Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел болғандықтан, экономикаға кластер жүйесін енгізу тиімді болып табылады. Әсіресе кластер жүйесін ауыл шаруашылығы саласына енгізу мәселесі бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының маңызды проблемаларының түйіні. Себебі, біртұтас әміршіл мемлекет ретінде КСРО - ның өмір сүруін тоқтатуы, бұрынғы республикалардың орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы осы елдердің тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету, жалпы агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығында әлеуметтік және саяси жаңартуларды жүзеге асыру қажеттілігі тұрғаны белгілі. Еліміз нарықтық экономикаға өткеннен соң артта қалған ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға көптеп көңіл бөле бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Республика Үкіметінің алдына келесідей міндет қойы, яғни онда былай деген болатын: " Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді негіздеуіміз қажет. Соның бір мысалы, индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады. " Елімізде кластерді ең адымен астық, мақта өндірістерінде дамытуға болады, әрі мұндай тәсілді мал шаруашылығында да сапалы дайын өнім шығару мақсатында қолданып көру қажет. Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - Оңтүстік Қазақстан облысында экономиканы кластерлеудің мүмкіндіктері мен экономикалық мақсаттылығын бұл аймақты экономикалық дамытудың болашақ бағыты болып, аймақтағы өндірістік кешендері зерттеу Осы мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай мәселелерді шешу қарстырылады: - экономикалық кластерлер маңыздылығы мен түсініктерін айқындау және олардың аймақтық экономикадығы орны мен сипаттамаларын анықтау; - аймақтық экономиканы кластерлеудің шетелдік іс-тәжірибелерімен танысу, сараптау; - қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында аймақтың бәсекеге қабілеттігін арттырудың тиімді құралы ретінде, аймақтық экономиканы кластерлеудің әдістемелік негіздерін қарастыру; - экономикалық кластерлерді Оңтүстік Қазақстан аймағында құрудың алғы шарттарын айқындау, оның экономикадағы кластерлеу артықшылықтарын бағалау; - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кластерлік жүйені пайдалану мен бәсеке қабілеттілікті арттыру тәсілдерін қарастыру. Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі кіріспе, 3 тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 1 КЛАСТЕРЛІК ЖҮЙЕНІҢ ДАМУЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 1. 1 Өндірістік кластер - ұғымының экономикалық негізі және аймақтық экономиканы кластерлеудің әдістемелік негіздері Қазақстан Республикасы бұл қарым қатынастарда ең соңғы орында емес. Соңғы жылдардағы республика экономикасының дамуы жоғары экономикалық өсу қарқынымен, 10%тен жоғары жалпы өнімді шығарумен сипатталды. Жалпы өнімнің жартысынан көбірегі мұнай шикі затының мен мұнайдың өңделген өнімдері, реңді металдар және бидайды экспорттау үлесіне жатады. Мұның түсіндірілуі осы өнімдерге сұраныстың өсуі, экспорттау үлесі және осы өнімдерге әлемдік бағалардың өсу факторына байланысты болады. Сондай-ақ, күтіліп отырған ішкі нарық ролінің көбеюі, сыртқы жағдайды есептегенде және әлемдік нарықтағы мұнай бағасының өсуінің ерекше динамикасы, Қазақстан экономикасының дамуының анықтаушылары болып табылады. Қазір экономиканың өсуінің жартысынан көбірегі сыртқы факторға байланысты, немесе жоғары экспорт табысының әсерімен түсіндіріледі. 2007 жылы сырқы сауда айналымының көлемі Оңтүстік Қазақстан облысында 2416, 5 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 137, 5%-ке артты, соның ішінде экспорт пен импорт, сәйкесінше 1425, 3 және 991, 2 миллион АҚШ долларын құрады, бұларды 2006 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 131, 7% және 146, 9%-ке артты (Кесте 1) . Оңтүстік Қазақстан аймағының экономикасын соңғы жылдардағы негізгі дамыту бағыттарыда энергия алып жүрушілер мен мақтаны өңдеу өнімдеріне әлемдік бағаның өсуіне тәуелді болады. Қызмет жүргізіп жатырған өнім беруші кәсіпорындардың өндірісінің болашақтағы өсуі, олардың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттігін жоғарылату нәтижелеріне байланысты болады. Бұл ішкі нарық сұранысын қанағаттандыру қатынасын отандық өндірушілер ықпалына бұруды көздейді. Мұндай жағдайда аймақтық экономика тұрақтылығы, әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілікке табысты қолайлылық жағдай орнатуына тәуелді болады. Әр аймақ басқа аймақтарға қарағандағы өзінің жеке артықшылықтарын ұтымды пайдалануы керек және меншікті жекеленген экономикалық кластерлерінің тұрақты дамуына жол ашу қажет. Жаңа экономикалық даму бағыты қазіргі күні Оңтүстік - Қазақстан облысы өнеркәсібінде анығырақ байқалады. Фармацевтикалық өнімдер, мұнайды қайта өңдеу өнімдері және мақташылық өнімдерінің облыстағы өндірілу деңгейі Республиканың орташа деңгейінен анағұрлым жоғары, немесе бұл өнімдерді жеке шығару сипаттамасына ие. Дамыған Кеңестік дәуірі кезінде Оңтүстік - Қазақстан облысы экономикасы, одақтық еңбек бөлінісі, кен өндіру өнеркәсібі және химиялық өнеркәсіп, қорғасын зауыты және фармацевтика заман талаптарына жауап берген еді. Сондықтанда, Қазақстанның экономикасын дамыту қазіргі күні аймақтық жаһандану жағдайында өзінің бәсекеге қабілеттілік артықшылықтарын, технологиялық және жұмысшы әлеуетін жүзеге асыру үшін экономикада және жұмысшы күштері бойынша бәсекеге қабілеттілікті орнатуға көмектесетін ең алдыңғы қатарлы технологияларға жол ашу керек. Сондай құралдардың бірі болып аймақты дамытуда кластерлік бағытты жүргізу болып табылады. Кесте 1- Оңтүстік - Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері Көрсеткіштер 2005 2006 2007 2007жыл 2006жылға % есебінде Өнеркәсіптік өнім (млн. тг) 127271, 4 141056, 7 169271, 4 105, 5 Ауыл шаруашылық өнімі(млн. тг) 10767, 9 110221, 4 113762, 9 103, 4 Жүктерді тасымалдау (мың тонн) 63346, 8 65241, 5 66676, 8 102, 2 Бөлшек тауар айналымы (млн. тг) 4378, 9 47677, 6 52969, 9 111, 1 Сыртқы сауда айналымы (млн. АҚШ долл. ) 1016, 5 1756, 6 2416, 5 137, 5 Экспорт (млн. АҚШ долл. ) 1025, 3 1282, 3 1425, 3 131, 7 Импорт (млн. АҚШ долл. ) 374, 3 674, 3 991, 2 146, 9 Негізгі капиталға инвестиция (млн. тг. ) 66149, 8 88154, 8 110634, 3 125, 5 Табысты тұрғындарға шаққанда (тенге) 64427 104427 142335 136, 3 Бір жұмысшының орта айлық жалақысы (тенге) 18905 27905 37059 132, 8 Кәсіпорындардың дебиторлық борышы (млн. тг) 97786, 9 98090, 9 99169, 9 101, 1 Кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша қарыздары (млн. тг. ) 130182, 3 190182, 3 278236, 8 146, 3 Аймақ экономикасын дамытуда кластерлік бағытты қолдану жөнінен ғылыми басылымдар көздеріне шолу жүргізілгенде, ғылыми әдебиеттерде Қазақстан экономикасын дамытуда кластер түсінігі экономикалық категория есебінде және басқару объектісі ретінде жеткілікті дәрежеде зерттелмегендігін көрсетеді. Алғашқы кластер түсініктері шетелдік әдебиеттерде ғана кездеседі. Осы түсініктерді өзіне ыңғайлы мағынадағы терминдермен салыстырғанда, қалыптасқан «кластер» анықтамасының шығу тектері ажыратылатындығы білінеді. Ерекшелігі, бұл шығу тетіктері Ұлттық экономикадағы «кластер» түсінігінің пайда болуы мен аймақ экономикасында «кластер»ді дамыту анықтамалары бір-бірімен қиылыспайды. Егер бизнесті сөз етсек, өндіріс технологиясы және бір өнімді шығару немесе бір түрдегі өнімдерді, немесе бір тұтынушы топ өнімдерін шығару ауданында, «кластер» түсінігі жайлы ой туындатуда өнімнің өзіндік құнын, жаһандық тауар нарығында сатылу бағасы мен сұраныс көлемінің жүргізілуі деп анықталуы мүмкін еді. Қашанда өндірісті ұйымдастыру және тауарлар тобын сатудың әрқилы амалдарын атап көрсеткеніндей, жаһандық нарықта бір топтағы тауарларды сату және өндіру ауданында кластерлеу пікірі мемлекет саясатына сайып кетеді. Өнеркәсіпте бизнесті ұйымдастырудың әрқилы түрлерінің артықшылықтары туралы ой-пікірлер ертеде-ақ пайда болды. «Кластер» түсінігін көптеген зерттеушілер қолданған, олар әрқилы салалар арасындағы технологиялық байланыс орнату мәселелерін зерттеу жүргізгенде қолданған, себебі ең соңғы өнім өндіруде кластерге әр түрлі саладағы өндірушілер араласқандығы белгілі. Кластердің пайда болу себептерін қарастыру, бір жағынан қарағанда, тығыз технологиялық байланыс орнатуы кіші өндірушілер арасындағы байланыстардың жетілуінен деп қарастырады, ал екінші жағынан ұлттық немесе аймақтық артықшылықтарды іске асыру, сату мақсатында нақты елдегі экономика секторларындағы өзара байланыстағы кіші кәсіпорындар кластерлерін құру арқылы жүргізуі деп қарастырады. Инновация және оны өдіріске ендіру туралы әдебиеттерде француз ғаламдары кластер ұғымын және технологиялық байланыстарды қолайластыру маңызын нақтылап көрсеткен. Сала арасындағы технологиялық байланыстар. Кластер ішінде әр түрлі саладағы кәсіпорындар қызмет жасайды, бірақ олар бір-бірімен технологиялық байланыста болады. Бұған дайын өнім шығарушы компания; өндіріс факторларын, қосалқы бөлшектер, құралдар-жабдықтар жеткізуші, сондай-ақ сервистік қызмет көрсетуші маманданған жабдықтаушылар; қаржылық институттар; қосымша өнімдерді өнімді өндірушілер және тағы басқалар жатады. Аймақтардың бәсекелестік артықшылықтары сонымен қатар, жалпы экономикалық даму көрсеткіштерімен ғана емес, ал бір-бірімен байланысты сала топтарының бәсекелік артықшылықтарына да байланысты болады. «Бір бәсекеге қабілетті сала, бір-бірімен тығыз қарым қатынас жасау барысында басқа саланың бәсекеге қабілеттігін арттырады. Мұндай салалар жиі, сатыпалушыларға тәуелді болғандықтан, олар тарапынан тауар мен қызметтерге талаптардың қойылуына байланысты болады. Елде мұндай талаптардың болуы, сала-жабдықтаушыларының бәсекеге қабілеттігінің жоғарылауын анықтаушы қажетті факторға айналады. Бәсекеге қабілетті сала өзімен байланыс жасаушы басқа компанияларды, шығарылған өнімдерге қатаң талаптар арқылы, инновациялық айырбастау негізінен технологиялық қолдаулар көрсетулер арқылы, өзінің соңына тартады. «Осыған байланысты, бұл процесстің орындалуы және де кері бағытта да жүруі мүмкін екендігін атап көрсету керек. Бәсекеге қабілетті емес сала, егерде ол сатып алушы ролін ойнайтын болса, басқа салаларды өзіне тартуы мүмкін». Аймақтық кластерлеудің ғылыми негіздерін қалауда Альфред Маршаллдың көп еңбегі сіңді, атап айтқанда, оның Ұлыбританияның өндірістік аймақтарын зерттеуде, өндірісте бизнесті ұйымдастырудың әртүрлі формаларының артықшылықтары жөніндегі ойлары, сондай-ақ Е. Дахменнің аймақтық өндірістік кешендерінде «тарату және дамыту блоктары» жөнінде зерттеулері және Л. Г. Мэтсонның кластер ішіндегі өндірістік қуатты біргелікті және бір-бірімен байланысты қолдану жөніндегі зерттеулері үлкен үлес қосты. Тұтасымен елдегі немесе әкімшілік аймақтағы кластерлер жүйесін, бір кластердің өндірістік кешенді өнім өндіруде бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуі және экономикалық, қаржылық мәселелердегі және кластердің болашақ дамуындағы кластерді басқару органдарының байланыстарына толық талдауды М. Портер жасады. М. Портердің іс-тәжірибелік өңдеулерінде кластердегі салалардың арасындағы шикізаттық байланыстары мәселелері талданады. Негізгі мәселеміз, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев тарапынан қойылған, дүниежүзілік сауда ұйымына тең құқықты мүшелікке ие болып және әлемнің экономикалық дамыған 50 елі қатарына кіру, аймақтық экономиканың тиімділігін арттыруды талап етеді. Мұның үшін әр бір аймақ өзінің басқа аймақтарға қарағандағы ерекше артықшылықтарынан пайдалануы керек және өзінің экономикалық кластерлерін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерін құру керек. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында және оның аймақтарында кластерлеу алғышарттары мен мүмкіндіктерін анықтау туралы мәселелерін өңдеу соңына дейін толық қамтылғаны жоқ, сондай-ақ кластерлік бағыт негізінде әкімшілік және экономикалық аймақтарды болашақта экономикалық дамытудың мәселелері толық шешілгені жоқ. Қазақстан Республикасы аймақтарына инвестициялық тартымдылықты және бәсекеге қабілеттікті арттырудың болашақ бағыты аймақты экономикалық кластерлеудің өзекті мәселелері болғандықтан, соның ішінде Оңтүстік - Қазақстан аймағын кластерлеу біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі бағыты болып табылды. Соңғы онжылдықтағы әлемдік тәжірибеде аймақтық экономиканың әртүрлі сегментерінде кластерлердің құрылуы мен жұмыс жүргізуі жайында көптеген тәжірибелер жинақталды. Оларды біріктіретін басты жол - кластерлер өзінде де, сондай-ақ экономиканың аралас секторларында да синергетикалық күш әсерінде еңбек өнімділігінің өсуі жатыр. Сондықтанда, кластерлік қызметті тиімді жүргізуші аймақтар динамикалық өркендеуде жоғары көрсеткіштерге ие, ал кластертерлеу олардың экономикалық дамуының болашақ негізгі бағытының бірі болып табылады. Аймақтар тарапынан кластерлік даму технологияларын қолдану кәсіпорындар, мемлекет және білім беру ұйымдары ара қатынастарының тиімді жүргізу механизмі тетіктерін құруға бағытталуы мүмкін. Жұмыс нәтижесі аймақтық билік және басқару органдарына, ғылыми және білім беру ұйымдарына, сондай-ақ және аймақ кластеріне қатысуына мүмкін басқа да қатысушыларға бағытталады. Жұмыстың басты бағыты - Оңтүстік Қазақстан облысында аймақтық экономиканы дамытудың инновациялық бағыты ретінде, жаһандану жағдайында әлемдік нарықта оның бәсекеге қабілеттігін арттыру, инвестициялық тартымдылықты және тұрғын халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету үшін, аймақтық экономиканы кластерлеу қажеттілігін дәлелдеу. Осыған байланысты, аймақтық деңгейде келесі жағдайларды негіздеу керек: - экономикалық кластер ұғымын анықтауда, оны аймақты толығымен, және де кластер қатысушыларының бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатындағы инновациялық даму бағдарламасымен біріктірілген, бәсекелес кәсіпорындар мен ұйымдардың тұрақты аймақты-салалық әріптестік түріндегі ерекше экономикалық байланыс ретінде орнықтыру; - аймақтық кластерлеу жағдайы мен жалпылама концепциясын өңдеуге көмек беретін, аймақтық бәсекелік артықшылық теориясына негізделген, аймақтық экономиканы кластерлеудің әдістері мен бағыттарын құру; - аймақтық экономиканы кластерлеудегі шетелдік іскерлік тәжірибелерін жинақтау; - Оңтүстік Қазақстан облысының бәсекелік артықшылықтарын бағалау негізінде, облыс экономикасының негізгі секторларында кластерлеу мүмкіндіктерін қалыптастыру; - Оңтүстік Қазақстан облысы аймағында кластерлерді құру үшін, тартымды инвестициялық және инновациялық ауа-райына ие, кіші кәсіпкерлік және тұрғын халықты жұмыспен қамту және салалық инфрақұрылымды дамыту негіздері қарастырылған аймақтық экономикалық ортаны дамыту жағдайларын қалыптастыру; - салық салу, жерді пайдалану, білім және ғылым, инвестиция, кластер жобалары бағыттарында кластердің бәсекеге қабілеттігін арттыруға жағдай туындататын аймақтың бастамаларын ұсыну; - жақын және ұзақ болашақтағы Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта кластері және әлеуметтік-экономикалық кешендерінің даму байланыстарын негіздеу және бекіту; - облыстың болашақтағы әлеуметтік - экономикалық дамуына кластерлеудің әсерлері мен ықпалдарын анықтау. Сондықтанда, кәсіпорын және фирмалардың өнімділігін арттыру негізінде өмір сүру деңгейін қолдау және көтеруге мақсатталған - аумақты дамытудың негізгі стратегиялық мақсат жүргізіледі. Аймақтардың осындай мақсаттарды жүргізуі үшін бизнестің бәсекеге қабілеттігін анықтайтын, кәсіпкерлік ауа-райын қалыптастыру керек. Бәсекелік қабілеттікті арттыруға негізделген ықпалдарды жүргізу бір салада ғана емес, ал кластерде тұтасымен жүргізілуі, яғни фирмалардың, салаға қатысты жабдықтаушылардың және институттардың географиялық орналасуына қарай жүргізілуі керек, бұл басқа бір елдерде, георграфиялық аймақтар мен қалаларда ерекше ролді атқарады. Жоғарыда берілген кластер түсініктері, өндіріс күштерін дамытудағы отандық әдебиеттердегі «аумақтық-өндірістік кешен» түсініктерімен сәйкес келеді. Кластер мен аумақтық-өндірістік кешен негізгі айырмашылықтары тиісінше ұйымдастыру және басқару факторларын қолдану арқылы бәсекелік артықшылықты туындатуды негізге ала отырып, кешендіктен кооперацияға және бәсекелесуге ауысуымен ұғынылады. Аймақтық экономиканы дамытудың жаңа бағдарламаларына сәйкес, жаһандық экономика аймақтық экономикалар арасындағы байланыстар жүйесі деп түсіндіріледі. Шындығынан аймақтар абстракты әлемдік экономикамен байланыспаған, ал нақты аймақтармен тура экономикалық байланыс орнатқан, немесе халықаралық сауда ұйымдарымен, қаржы институттарымен, трансұлттық корпорациялармен байланыс орнатқан. Отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттеріндегі берілген аймақтық кластер түсінігінің әралуан мағынада болуы, зерттеу жұмысының мақсатына қарай аймақтық экономикалық кластер деп - кластер қатысушыларының және аймақтың тұтасымен бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатындағы инновациялық даму бағдарламасымен біріктірілген, тұрақты түрдегі аймақты-салалық әріптестік бәсекелестік кәсіпорындар мен ұйымдардың ерекше экономикалық қатынастары деп келтіруге болады. Соңғы жылдары кластер кәсіпорындарын зерттеуге қызығушылық дамушы елдерде ерекше артты. Бір жұмыстарда кластерлерді «өнеркәсіптік аудандар», немесе «индустриальды аудандар» (industrial districts) деп атаған. Бұл атаулар көбінесе, итальяндық әдебиеттерде мамандану және фирма аралық еңбек бөліністері шектерінен шыққан кездегі кәсіпорындардың бірігу қызметін атайды. Атаулардың кеңірек қолданылуы желілер бизнесін ұйымдастыру салаларын зерттеуде кездеседі. Бұл түсініктердің артықшылықпен қолданулары, қашан кәсіпорындардың бірігуіне «сыртқы экономика» әсерлері, басқа тәжірибелердің таралуы және біргелікті қозғалыс әсерлеріне қарағанда төмен маңыздылыққа ие болған кездері қолданылады. Мұнда, сонымен бірге географиялық тұрғыдағы қатысушылардың шоғырлануын талап етпейді. Кәсіпорындар «кластері» және «желісі» түсініктерін ажырата білу керек. «Желі» ұғымы жалпы ортақ мәселелер, ұжымдық тиімділікке және жаңа нарықты игеруге бағытталған, бірін-бірі толықтыруға қосымша маманданған орташа топтағы фирмалардың жалпы мақсатқа жетудегі байланыстары мен бағыттарын жатқызамыз. Ал кластердегі кәсіпорындар қызметін салалық және географиялық тұрғыдағы, бір-біріне байланысты немесе толықтырушы тауарларды біркелікті күш біріктірумен өндіретін, фирмалардың бірігіп қарым қатынас жасауын көрсетеміз. Кластер кәсіпорындары, егерде олар өздеріне байланыс жасаушы барлық экономикалық субъектерді біріктірсе, олардың тиімділігі мен өміршеңдігі белгілі дәрежеде артады. Қатысушылардың ішінде ерекше келесілерді атап көрсету керек: шикізаттар мен қондырғылармен жабдықтаушылар; кіші және орта кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтерін тұтынушылар; лицензиялау және бақылау лабораториялары (жекеменшік, сондай-ақ мемлекеттік) ; өндірістік ассоциациялар; консалтингтік ұжымдар; ғылыми және білім беру институттары, сондай-ақ аймақтық билік органдары мен әрқилы қаржылық институттар жатады. Кластер кәсіпорындарын бір кездері ойлар бойынша келісімдік байланыстардың құрылуымен қарастырады. Компанияны дамытуда ішкі фирмалық салым салу, жаңа ұйымдастырылған түрде қаржыландыру тиімдірек жүреді деп есептелінеді. Тәжірибелік және теориялық жоспарда кластерге деген қызығушылық жоғарыдағы көрсетілген аймақтық экономикадағы факторлардың жинақтылық бағыттары мен өзгерістері ынталандырады. Негізінде кластер теориясы да, тәжірибесі де әлі толығымен жасалынбаған. Экономистерде бұл жөнінде қазіргі күнде жауапқа қарағанда, сұрақтар әлі де көбірек. Аймақтық кластер жөнінде айтқанда, бұл құбылыстың әлеуметтік маңыздылығына ерекше көңілді аудару керек. Кластер жалпы экономикалық қызығуына байланысты адамдардың қоғамдасуы арқасында құрылады. Мұнда барлық адамдардың бір аумақта жасауы міндетті емес. Бірақ та, бұл қоғамдастық тұрақтылыққа ие болуы үшін, жалпы аумақта өмір сүруіне байланысты, бірқатар адамдар тобы болуы керек. Бұл жағдайдағы кластер - экономикалық реттеуші ретінде ұлттық шекаралардың жұмыс жүргізбей тұрған кездегі, дауасыз халықаралық бәсеке жағдайындағы өмір сүруі үшін өзіндік ұйымдастырылған қоғамдастықтың бір түрі болып табылады. Экономикалық өркендеу үшін аймақта жетерлі дәрежеде кластерлерге ие болуы керек. Аймақта кластерлердің болмауы, аумақтың құлдырауына әкелуі, сонымен бірге, тұрғылықты халқынан айырылып қалуына да әкелуі мүмкін. Мұнда баламалы тұрғыда басқа аймақтардан немесе елдерден белсенді халық иммиграциясын жүргізуі мүмкін. Аймақтағы дәстүрлі компаниялар бұл мәселелерді уақтынша жекелей шешуі мүмкін, себебі жұмыспен қамту мәселесін олар толықтай шеше алмайды. Кластердің маңызды активтерінің құрамына «тез әсерлі, айқын емес, қалыптаспаған білімді» сияқты терминдерді кіргіземіз. Сондықтанда, кластердің басты капиталы - бұл адамдық капитал. Адам қорларының жоғары деңгейде жинақталуы, кластердің бәсекеге қабілеттілік артықшылықтарының ең негізгісі болып саналады. Осылардан келіп, адам қорларының қажетті жинақталу деңгейінің қасиеттерін анықтауға болады: - берілген сала бойынша мамандарды жетерлі дәрежеде ұстап тұра алатын және өзіне тарта алатын, дамыған жергілікті еңбек нарығының болуы; - дамыған еңбек нарығында «қарсылас бәсекелестік» жағдай туындауы: іскер мамандар жақсы жұмыс орны үшін, ал жұмыс берушілер жақсы маман тартуға ұмтылатын бәсекелес жағдайының орнауы; - технологиялардың қайнар көздерін
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz