Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Тарау. Нарық жағдайында өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етудің шарттары мен негіздері.

1.1.Өнеркәсіптердегі бәсекеге қабілеттілік туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... .7

1.2. Өнеркәсіптердің бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері мен
факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

ІІ. Тарау. Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың
тиімділігі мен өнімділігін арттыруды ұйымдастыру.

2.1. Өнеркәсіптің инновациялық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

2.2. Инновациялық жобаларды әзірлеу мен өндіріске енгізу ... ... ... ... ... ... 24

2.3. Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі мен
өнімділігін арттыру жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ІІІ. Тарау. Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобаларды жүзеге
асыру арқылы бәсекеге қабілетті лікті көтерудің проблемалары мен оны
шешу жолдары.

2.1. Н.Назарбаевтың индустриялы.инновациялық даму бағдарламасын.
дағы өнеркәсіптерді инновациялық жобалар арқылы көтеру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.2. Қазақстан өнеркәсіптерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында
инновациялық жобаларды инвестициялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
Курстық жұмыстың өзектілігі. Экономиканың дамуының барлық даму сатыларындағы негізгі тізбек өнеркәсіп болып табылады. Өйткені өнеркәсіпте жұмыскердің өндіріс құралдары мен тікелей байланысы анық көрінеді. Жеке өнеркәсіптік кәсіпорын дегеніміз өндірістік- техникалық бірлігі бар, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық тұрғыда тәуелсіз өндірістік бірлік болып табылады.
Нарықтық экономикадағы маңызды факторлардың бірі – бәсекелестік. Ол адамдардың шаруашылық ісінің формаларын белгілі бір дәрежеде анықтайды. Бәсекелестік –нарықтық жүйедегі маңызды бақылау құралы.
2006 жылғы 1 наурыздағы ҚР Президентінің халыққа Жолдауында Қазақстанның алдағы уақытта әлемдегі 50 бәсекелеселдің қатарына кіру туралы міндеті қойылғаны белгілі. Бұл міндет Қазақстан экономикасы дамуының сапалы да жаңа кезеңін ашқалы отыр.Ол дегеніміз өтпелі кезең жағдайындағы модернизациялауды аяқтап, енді бәсекелестік қабілеті бар елді жасауға ұмтылуды білдіреді.
1. Алтынбаев Б.А, Истаев А.А.
Основы маркетинга/Учебное пособие-А.,Экономика,2002
2. Есімжанова С.Р., Маркетинг/оқу құралы.- А.:Экономика, 2003
3. Жолдасбаев Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы / Оқу құралы.- А.: Экономика, 2002
4. Кнышова Е.Н., Маркетинг: Учебное пособие.- М.: Форум, 2004
5. Котлер Ф., Маркетинг негіздері, А.: «Жазушы»,2002
6. Маслова Т.Д., Божук С.Г., Ковашн Л.Н., Маркетинг- СПБ: П., 2002
7. Сатыбалдыұлы С., Маркетинг- нарықтану: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық- А.: «Білім», 1999
8. Шеденов ¬Ө.Қ., Жинісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория, А.-А., 2001
9. Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. - Алматы,1996.
10. Бухгалтерский анализ: Пер. с англ. - К.:Торгово-издательское бюро ВНУ, 1993.
11. . Введение в бухгалтерское дело: Пер. с англ.: — К.: Торгово-издательское бюро ВНҮ, 1994.
12. . Руководство по финансовому учету, отчетности и аудиту. Первая редакция Центральный и операционный отдел учета и отчетности. Всемирный банк, январь 1995.
13. Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности. Утверждены директором Департамента методологии бухгалтерского учета и аудита. Министерства финансов Республики Казахстан 21.05.97 г., №7 /Бюллетень бухгалтера. 1997., №29.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық
жобаларды жүзеге асыру.

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Тарау. Нарық жағдайында өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етудің шарттары мен негіздері.

1.1.Өнеркәсіптердегі бәсекеге қабілеттілік туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... .7

1.2. Өнеркәсіптердің бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері
мен

факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

ІІ. Тарау. Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың
тиімділігі мен өнімділігін арттыруды ұйымдастыру.

2.1. Өнеркәсіптің инновациялық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

2.2. Инновациялық жобаларды әзірлеу мен өндіріске
енгізу ... ... ... ... ... ... 24

2.3. Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі мен

өнімділігін арттыру
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 29

ІІІ. Тарау. Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобаларды
жүзеге
асыру арқылы бәсекеге қабілетті лікті көтерудің проблемалары мен
оны
шешу жолдары.

2.1. Н.Назарбаевтың индустриялы-инновациялық даму
бағдарламасын-
дағы өнеркәсіптерді инновациялық жобалар арқылы көтеру

жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

2.2. Қазақстан өнеркәсіптерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
мақсатында
инновациялық жобаларды
инвестициялау ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .43

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.55

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Экономиканың дамуының барлық даму
сатыларындағы негізгі тізбек өнеркәсіп болып табылады. Өйткені өнеркәсіпте
жұмыскердің өндіріс құралдары мен тікелей байланысы анық көрінеді. Жеке
өнеркәсіптік кәсіпорын дегеніміз өндірістік- техникалық бірлігі бар,
ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық тұрғыда тәуелсіз өндірістік бірлік
болып табылады.
Нарықтық экономикадағы маңызды факторлардың бірі – бәсекелестік. Ол
адамдардың шаруашылық ісінің формаларын белгілі бір дәрежеде анықтайды.
Бәсекелестік –нарықтық жүйедегі маңызды бақылау құралы.
2006 жылғы 1 наурыздағы ҚР Президентінің халыққа Жолдауында
Қазақстанның алдағы уақытта әлемдегі 50 бәсекелеселдің қатарына кіру туралы
міндеті қойылғаны белгілі. Бұл міндет Қазақстан экономикасы дамуының
сапалы да жаңа кезеңін ашқалы отыр.Ол дегеніміз өтпелі кезең жағдайындағы
модернизациялауды аяқтап, енді бәсекелестік қабілеті бар елді жасауға
ұмтылуды білдіреді.
Әлемнің 50 бәсекелес елінің қатарына қосылу үшін біздің еліміз қандай
жұмыстар атқаруы керек? Ұлттық экономикамыздың бәсекелестік қабілетін
қалыптастыру қандай факторларға байланысты? - деген сауалдар бәрімізді
толғандырады.
Ең әуелі бәсекелестік деген сөздің мәніне тоқтала кетейік, бұл:
- біріншіден, алға қойған мақсаттарға жетуге мүмкіндік жасайтын өзге
бәсекелестерінен асып түсетін артықшылық жасай білу қабілетін;
- екіншіден, бәсекелестік сол артықшылықты пайдалану және ұзақ уақыт
ұстап қалу қабілетін білдіреді.
Ал, ұлттық экономиканың бәсекелестігі бұл экономиканың, соның ішінде,
өнеркәсіптік өндірістің озық технологиялар мен жаңалықтарды игеруі арқылы,
ішкі және әлемдік нарыққа сапалы да, бәсекелес өнімдер шығарып, оларды
өткізуде бәсеклестік артықшылықтарды пайдалану, сондай-ақ, өндірісті заман
талабына сай жаңғырта білу қабілетін сипаттайды.
Экономиканың негізгі қозғалысы инновацияларға тәуелді және
инновациялар арқылы сол елдің қандай бір ресурстар мен факторларға деген
кемтігінің орнын толтырады. Көптеген салалар инновацияларды пайдаланып
қоймай, оларды үнемі жасайды және орналастырады. Елдердегі экономиканың
жетекші салалары негізінен өндірістің базалық факторлары мен ресурстары
есебінен артықшылықтарға қол жеткізеді. Олардың сыртқы нарықтарға шығуына
бірлескен негізде құрылған шетелдік кәсіпорындар ықпал етеді. Мұндай
сатыдағы экономика әлемдік нарықтағы болатын өзгерістерге өте сезімтал
келеді.
Қазақстанда ірі өндірістік әлеуетінің болуы оның ұлттық экономикасының
бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға объективтік негіз болып табылады.
Бірақ Қазақстанның қазіргі жағдайындағы өндірістік құралдар шығындық
экономикағасай келетіні жасырын емес. Себебі, жалпы өнімнің ұлғайған бөлігі
ішкі айналымға жұмсалатындықтан, жеткілікті деңгейде ұлттық табыстың
өсуіне мүмкіндік бермейді. Қазіргі кезде негізгі өндірістік қорлардың
жоғары дәрежеде моральдық және заттай тозуы, өз кезегінде құнсыздануына
әкеліп, ақыр соңында бәсекелестік қабілеттілікті арттырудың тежегішіне
айналуы әбден мүмкін. Сондықтан, Қазақстан үшін қазіргі кезде ғылыми-
техникалық прогресті пайдаланатын салалар мен қызмет көрсету аясындағы
өндіргіш күштерінің құрылымын өзгерту қажеттігі сапалы экономикалық өсуі
мәселесінен туындайды. Ондай мәселені шешуде барлық өндірістік ресурстарды,
соның ішінде негізгі өндіріс қорларының қайырымдылығын арттыруға мүмкіндік
жасайтын жаңа ғылыми-техникалық және адами факторларды пайдалану қажет.
Бәсекелестік қабілетті қалыптастыратын факторлардың іс-әрекеті адам
әлуетімен толықтырылады. Адамның мүмкіндіктерін іске асырудың маңызды
бағыттарына еңбек, оны ынталандыру және кәсіпкерлік ресурс жатады. Нарыққа
өту кезінде Қазақстанда жекеленген техникалық мамандықтарға қажеттілік
болмағандықтан, оларды даярлау қысқарғаны белгілі, ал қазіргі кезде олардың
тапшылығы сезілуде. Жалпы елімізде жұмысшы-кадрларды даярлаудың кәсіби
деңгейі төмен.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан өнеркәсіптеріндегі бәсекеге
қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері мен жолдары.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: өнеркәсіптеріндегі бәсекег
қабілетті инновациялық жобалар жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазақстан өнеркәсіптеріндегі
инновациялық жобалардың тиімділігін мен өнімділігін арттыруды ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері: Қазақстан өнеркәсіптеріндегі бәсекеге
қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асырудың міндеттері:
- Нарық жағдайында өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
етудің шарттары мен негіздері;
- Өнеркәсіптердегі бәсекеге қабілеттілік туралы ұғым;
- Өнеркәсіптердің бәсекеге қабілеттлігінің критерийлері мен
факторлары;
- Өнекәсіптің инновациялық қызметі;
- Инновациялық жобаларды әзірлеу мен өндіріске енгізу;
- Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі мен
өнімділігін арттыру жұмыстары;
- Қазақстан өнеркәсіптерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
мақсатында инновациялық жобаларды инвестициялау.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың
әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР Білім беру туралы
Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған Қазақстан - 2030 үндеуі; ҚР 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас
ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми
зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған
педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға
ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью
әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, қоғамдағы өндіріс
процесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің
құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты,
міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.
Нарық жағдайында өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
етудің шарттары мен негіздері деп аталатын бөлімде өнеркәсіптердегі
бәсекеге қабілеттілік туралы ұғым, өнеркәсіптердің бәсекеге
қабілеттілігінің критерийлері мен факторлары қарастырылады.
Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі
мен өнімділігін арттыруды ұйымдастыру деп аталатын бөлімде
өнеркәсіптің
инновациялық қызметі мен инновациялық жобаларды әзілеу, өндіріске
енгізу
және инновациялық жобалардың тиімділігі мен өнімділігінарттыру
жұмыстары
қарастырылады.
Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобаларды жүзеге асыру
арқылы бәсекеге қабілетті лікті көтерудің проблемалары мен оны
шешу жолдары деп аталатын бөлімде индустриялы-инновациялық даму
бағдарламасындағы өнеркәсіптерді инновациялық жобалар арқылы көтеру
жолдары, инновациялық жобаларды инвестициялау қарастырылады.

І. ТАРАУ. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІПТЕРІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ШАРТТАРЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Өнеркәсіптерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғым.

Сапа және өнеркәсіптерінің бәсекеге қабілеттілігі проблемасы қазіргі
дүниеде әмбебап сипатқа ие. Кез келген елдің экономикалық және әлеуметтік
өміріндегі көп нәрсе аталған проблеманың қаншалықты табысты шешілетіндігіне
байланысты.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі проблемасын қарастырғанда
өнеркәсіп кез келген елдің экономикалық әлеуетінің негізі болып
табылатындығын атап көрсету керек. Тек бәсекеге қабілетті өнеркәсіп қана
экономиканың тұтастай алғандағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете
алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өнеркәсіп саясаты, атап айтқанда,
талдап жасалатын бағдарламалар мен заңнамалық актілер, мемлекеттік қолдау
шаралары басты және басым мақсаттарға – қазақстандық өнеркәсіптердің
бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауға бағындырылуы
тиіс. Бәсекеге қабілеттілік – елдің, кез келген өндірушінің тауарлар мен
қызметтер жасау, шығару және өткізумен байланысты барлық жиынтық
мүмкіндігінің шоғырландырылған көрінісі.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өнеркәсіптің дамыған бәсекелестік
нарықтағы коммерциялық табысының шешуші факторы болып табылады.
Бірнеше ондаған жылдар бойы біздің елімізде, өндірушілердің жоғары
монополиясы жағдайында, өнім өндірудің реттеушісі нақты сұраныс емес
өндіріс пен бөлудің әкімшілік-әміршілдік механизмі болды, олар тұтынуды
реттеді, қажеттілік пен өнім шығару көрсеткіштерін қалыптастырды. Мұндай
жағдайда өндірушілерде тауардың бәсекеге қабілеттілік проблемасы іс жүзінде
туындаған жоқ, ал проблема бола қалған жағдайда ол тек сыртқы нарықта
өткізуге жататын өімдерге қатысты ғана шешіледі. Нарықтық механизмдердің
дамуымен біздің елімізде бұл мәселе өткір сипат ала түсті, және де оны шешу
нарыққа қатысушы субъектілердің барлығынан шығарылатын және тұтынылатын
тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін көтерудің жолдары мен әдістерін
белсенді түрде іздестіруді талап етті. Осыған байланысты қазіргі заманғы
экономикада барынша көп пайда алу мақсатымен нарықтағы өз позициясын
нығайтуүшін кез келген өндірушінің өзінің шығаратын тауарының бәсекеге
қабілеттілігін арттыруы оның қаржы-экономикалық және өндірістік өткізу
стратегиясының басты бағытына айналады.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің мәнін неғұрлым толық ашып
көрсету үшін, бәсекеге қабілеттілік туралы мүмкіндігінше толығырақ түсінік
беру қажет.
Бәсекеге қабілеттілік – бұл нысанның белгілі бір нарыққа ұсынылған
ұқсас нысандармен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті
қанағаттандырудың дәрежесін сипаттайтын қасиеті. Бәсекеге қабілеттілік осы
нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін
айқындайды. Басқару проблемалары жөніндегі Еуропалық форум бәсекеге
қабілеттілікке мынадай анықтама берді: бәсекеге қабілеттік дегеніміз – бұл
фирмалардың өздеріне жасалып отырған жағдайларда олардың бәсекелестерінің
тауарларымен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша
тұтынушылар үшін тартымдық болатын тауарлар әзірлеу мен өткізудің нақты
және әлеуетті мүмкіндігі.
Нысанның бәекеге қабілеттілігі нақты нарыққа немесе нарықтың
стратегиялық саралануының тиісті белгілері бойынша қалыптасатын
тұтынушылардың нақты тобына қатысты анықталады. Егер нысан бәсекеге
қабілетті болатын нарық көрсетілмесе, онда бұл нысан осы кездегі ең үздік
әлемдік үлгі болып табылады дегенді білдіреді.
Нарықтық қатынастар жағдайында бәсекеге қабілеттілік қоғам дамуының
деңгейін сипаттайды. Елдің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса, ол
елдегі өмір сүру деңгейі де соғұрлым жоғары болады.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі –бұл салыстырмалы сипаттама, ол
белгілі бір фирманың дамуының бәсекелес фирмалардың дамуынан өз тауарларын
адаамдардың қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі және өндірістік қызметінің
тиімділігі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Өнеркәсіптің бәсекеге
қабілеттілігі оның нарықтық бәсеке жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен
серпінін сипаттайды.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі мынадай бірқатар факторларға
байланысты:
- өнеркәсіп тауарларының сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге
қабілеттілігі;
- өндірілетін тауарлардың түрі;
- нарықтың сыйымдылығы (жыл сайынғы сату мөлшері);
- нарыққа кірудің жеңілдігі;
- нарықтың біртектілігі;
- осы нарықта жұмыс істеп жатқан өнеркәсіптердің бәсекелестік
позициялары;
- саланың бәсекеге қабілеттіліг;
- саладағы техникалық жаңалықтар;
- өңірдің және елдің бәсекеге қабілеттілігі.
Өндірушілерге бәсекелік артықшылықтар беретін жалпы принциптерді
тұжырымдағанда мынадай болады:
• 1.Барлық және әр қызметкердің әрекет жасауға, бастаған істі
жалғастыруға ынталылығы.
• 2.Өнеркәсіптің клиентке жақындығы.
• 3.Өнеркәсіпте дербестік және шығармашылық ахуал қалыптастыру.
• 4.Адамдардың қабілеті мен олардың жұмысқа деген ықыласын
пайдаланудың арқасында өнімділіктің өсуі.
• 5.Өнеркәсіп үшін ортақ құндылықтардың маңыздылығын көрсету.
• 6. Өз позициясында бекем тұра білу.
• 7.Ұйымдастырудың қарапайымдылығы, басқару және қызметшілер саны
деңгейіненің минимумы.
• 8. Бір сәтте жұмсақ әрі қатаң бола білу. Неғұрлым маңызды
мәселелерді қатаң қабылдауда ұстау және бағыныштыларға азырақ
маңыздыларын беру.
Нарық қатынастарының әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай бұл
мәселелерді өзара байланыста шешу жәнеаталған принциптерді пайдалану
өнеркәсіптердің бәсекег қабілеттілігін арттыруға кепілдік береді.
Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі мен өнім өндіруші өнеркәсіптің
бәсекеге қабілеттілігі өзара бөлік пен бүгін секілді ара қатынаста болады.
Компанияның белгілі бір тауар нарығыныда бәсекелесу мүмкіндігі тауардың
бәсекеге қабілеттілігіне және өнеркәсіп қызметінің бәсекелестік күрес
нәтижелеріне ықпал ететін экономикалық әдістерінің жиынтығына тікелей
байланысты.
Өнеркәсіптердің нарықтағы бәсекелестігі өнімнің өзінің бәсекелестігіне
айналатын болғандықтан өнімді дайындаған және оны әлемдік нарықта сататын
өнеркәсіп хабарлаған өнімнің қасиеттерінің маңызы артады. Өнімнің бәекеге
қабілеттілігінің мәнін неғұрлым толығырақ ашып көрсету үшін өнім туралы
толық түсінік беру қажеттігі туындап отыр.
Тауар – нарықтағы басты нысан екендігі белгілі. Оның құны және
тұтынушылық құны бар, белгілі бір сапалық, техникалық деңгейі мен
сенімділігі, тұтынушылар қалағандай пайдасы болады, өндірістегі және
тұтынудағы тиімділігі көрсеткіштеріне, басқа да аса маңызды сипаттарға ие.
Нақ сол тауардың өзінде экономикадағы нарықтық қатынастардың барлық
ерекшеліктері мен қайшылықтары көрініс табады. Тауар – экономикалық қуат
пен өндірушілердің дәл индикаторы. Өндірушінің позициясын айқындайтын
факторлардың пәрменділігі дамыған нарықтық механизмдер жағдайында
тауарлардың бәсекелесуіүдерісінде тексеріледі. Ол белгілі бір тауардың
бәсекелес тауардан қоғамдық тұтынуға сәйкестігі дәрежесі бойынша да
айырмашылығын айқындауға мүмкіндік береді. Бұл үшін тауар белгілі бір
бәсекеге қабілеттілігіне ие болу керек.
Бәсекеге қабілеттіліктің жұмсақ құрамдас бөліктерін қарастыратын
болсақ. Өнеркәсіптердің нарықтық бәсекесі мен олар орналасқан елдердің
бәсекелестігі бір-біріне өзара ықпал етеді. Интервенциялық саясаттың өзі-ақ
өнеркәсіпке үлкен зиян тигізуі мүмкін және сонымен бірге Швейцария сияқты
елдің бәсекеге қабілеттілігі тек қана саятаттың ісі бола алмайды, оған
өнеркәсіптердің өзі де өз үлесін қосуы тиіс. Бәсекеге қабілеттіліктің
осынау басты аспектілерінің негізінде бәсекелестік күрестің жұмсақ
құрамдас бөліктері деп атауға болатындай нәрсе жатыр, олар ақшамен
бағаланбайды және жалпы алғанда сандық тұрғыдан да анықтау қиын.
Өнеркәсібі дамыған елдерде бұл құрамдас бөліктер дамушы елдерге
қарағанда, әділетті, үлкен рөл атқарады. Сонымен бірге жұмсақ құрамдас
бөліктер саяси айла-амалдарға көнбейді, ал оларды өзгерту, мысалы, еңбек
өнімділігін арттыру немесе инфрақұрылымды құру сияқты қиын жүзеге
асырылатын шараларға қарағанда ұзағырақ уақытты талап етеді. Талдап
жасалынған зерттеу әдістерінің жоқтығына қарамастан бәсекелестік күрес
факторларының бұл тобын ескермеуге болмайды. Олардың арасында мыналарды
бөліп көрсетуге болады:
Еңбек этикасы. Бәсекеге қабілеттілік көп жағдайда ықылас пен еңбек
ете білуге байланысты. Көптеген дамыған елдерде жұмыс өзінше нәрсе деген
сезім жетіспейді. Егер әңгіме бәсекеге қабілеттілікті салыстыру тұрғысында
болса, онда бір ғана еңбек өнімділігінің болуы жеткіліксіз.
Өзін-өзі жетілдірудегі икемділік пен әзірлік. Сөз жоқ, дәстүрлерге,
шешімдердің тексерілген нұсқаларына бейімділіктің және тағы басқалардың өз
артықшылықтары бар. Алайда мүлдем басқаша менталитетке ие, клиенттің кез
келген қалауы мен жаңа тенденцияларға жедел назар адаруғаәзір
бәсекелестермен күресте бұл басымдықтар ештеңеге жарамай қалады.
Қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге әзірлік. Мұны қаламау, әсіресе
егер ол экономиканың маңызды салаларының бірі болған жағдайда, қоғамның
дамуы үшін өкінішті болуы мүмкін. Жұртшылық қызмет көрсету саласында жұмыс
істеп, адамның абырой-беделін пәсейту дегенді білдірмейтіндігін түсіну
керек. Бұл клиент басты қалыптасушы тұлға болуды қалайтын және болуға
тиісті бәсекеге қабілетті экономика үшін қажет қалыпты жұмыс.
Наразылық деңгейі. Дамыған елдердің халқы өздерінің жоғары өмір сүру
деңгейін жай бір солай болуға тиісті сияқты қарауға кеткен. Мұндай
позиция қоғамдағы кез келген икемділіктен айырады, ақыр соңында
экономиканың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Бұл мемлекеттік
бюджетті, әлеуметтік кепілдіктер жүйесін, жұмыс күшіне шығындар деңгейін
басқаруға келмейтіндей етеді.
Сыртқы дүниеге ашықтық. Шетелдік тауарлардың ішкі нарыққа енуіне,
шетел азаматтарының өнеркәсіп акцияларының бақылау пакетін алу мүмкіндігіне
кедергі жасау, өз мүмкіндіктері мен артықшылықтарын асыра бағалуға бейімдік
, әлемдік тәжірибені үйренуді қаламау және тағы басқалар экономикаға
келеңсіз әсер етеді.
Жұмыс күшінің жұмылдырушылық әзірлігі. Өмір сүрудің жоғары деңгейі,
әлеуметтік кепілдіктердің дамыған жүйесі жұмыс күшін оқуға, шетелде жұмыс
істеуге, басқа елдердің тәжірибесін үйренуге деген ықыласын жояды. Елдердің
бұл орайдағы артта қалушылығына ішкі жұмыс күші нарықтарының сыртқы әсер
мен араласудан жабық болуы септеседі.
Бәсекелестік рухы. Бәсекеге қабілеттілік бәсекелестік рух бар жерде
қалыптасады. Мысалы, швейцариялықтардың тілі, менталитеті ондай сападан
толық айырылған. Олар талас пен қақтығыстарды емес, картельдік келісімдерді
артық көреді. Корпоративтілік қоғамдық келісімдер деп аталатынның негізі
болды, өткендегі табыстарға едәуір дәрежеде соның арқасында қол жетті.
Бәсеке – ұсыныс сұраныстан артық болатын жағдайдағы қажетті құбылыс,
және де ол әдетте өндірушілер арасында емес, тауарлар арасында туындайды.
Бәсекенің мынадай түрлері бар: функционалдық, түр-тұрпаттық, заттық,
бағалық, жасырын және заңсыз.
Функционалдық - бірдей қажеттілікті түрліше қанағаттандыруға
болатындықтан туындауы мүмкін.
Түр-тұрпаттық – ұқсас тауарларды түрлі өнеркәсіптердің немесе бір
өнеркәсіптің шығаруы, бірақ әртүрлі безендірумен. Өнеркәсіптің өзінің бет-
бейнесінің болуы маңызды.
Заттық - әдетте түрлі өнеркәсіптердің ұқсас тауарлары арасында болады.
Бағалық – неғұрлым қарапайым түрі. Бағаны төмендету арқылы нарықты
жаулап алуға болады.
Бәсекеге қабілеттілік – бұл ең алдымен тек қана салыстырмалы, демек
тауардың қасиетін салыстыра бағалау екендігін ұмытуға болмайды. Егер
нарықта тұтынушылар тауарларын басқа өндірушілердің тауарларымен
салыстыратын бәсекелестер болмаса, онда тауардың бәсекеге қабілеттілігі
туралы айтуға да болмас еді.
Сөйтіп, өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғымды қарастыра
келіп, мынадай тұжырымдар жасауға болады:
- нысанның тиісті нарыққа шығарылған, ұқсас нысандармен салыстырғанда
нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті қанағаттандыруын сипаттайтын
қасиетін;
- осы нарықты ұқсас нысандармен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру
қабілетін;
- белгілі бір фирманың дамуының бәсекелес фирманың дамуынан өз
тауарларымен адамдардың қажетін қанағаттандыруы дәрежесі және өндірістік
қызметінің тиімділігі жағынан айырмашылығын көрсететін сипаттамасын айтады.

1.2. Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері мен
факторлары.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін толығырақ бағалау үшін
оның критерийлері (өлшемдері) мен факторларына баға беру қажет.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға нарықтың саралануы
ықпал етеді. Нақты нарықтағы қызметті осы үдерістен бастау керек.
Нарық сараланымы – бұл нарықтың ерекше бөліп көрсетілген бөлігі,
тұтынушылардың, тауарлардың немесе өнеркәсіптердің кейбір ортақ белгілері
бар тобы.
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі деңгейіне, сондай-ақ өндіріс
технологиясын жетілдірудің ғылыми-техникалық деңгейі мен дәрежесі, жаңа
өнертабыстарымен жаңалықтарды пайдалану, өндірісті автоматтандыруда осы
заманғы құралдарды енгізу аса маңызды әсер етеді.
Шикізаттың тауарларын өндіруші фирмалардың бәсекеге қабілеттілігі
деңгейі көбінесе олардың қандай тауарлар сататынына, тауарлар қайда және
қалай тұтынылатындығына байланысты.
Фирманың нарықтағы бәсекелестік позициялары, сондай-ақ фирма ұлттық
мемлекеттік органдар мен басқада ұйымдар тарапынан экспорттық несиелер
кепілдігін беру, оларды сақтандыру, салықтар мен алымдардан босату,
экспорттық жәрдем қаражат беру, нарықтардағы конъюнктуралар туралы және
басқа ақпараттармен қамтамасыз ету арқылы алатын қолдау мен жәрдемге
байланысты болады.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – салыстырмалы ұғым, оны үлгілерді
талдап жасау үдерісінде болжауға болады, бірақ нақты бәсекеге қабілеттілік
тек қана нарықта ұқсас бәсекелес тауарлардың сипаттамаларын, сондай-ақ сату
сервисінің шарттарын салыстыру барысында бағаланады.
Экспортталатын отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаған
кезде мына сияқты факторлардың бар екендігін ескеру қажет: техникалық және
экономикалық ақпараттардың жеткіліксіздігі, өйткені дайндаушылар негізінен
бәсекелестердің проспектілері мен каталогтарын пайдаланады; тапсырыстардың
орындау мерзімінің ұзақтығы мен орындау кезіндегі кідірістердің жиілігі;
тауарларды өткізудің жеткілікті дамыған және шетелдік тұтынушыларға
жақындатылған желілерінің жоқтығы; бәсекелестердің тұтыну шығындары
деңгейін обьективті бағалаудың болмауы және т.б. Бұл факторлардың ықпалы
мүмкін болғанша азайтылуы тиіс.
Тауар (жұмыс, қызметтер) өзінің мәні жағынан пайда алудың бірден-бір
құралы, және сонысымен де бәсекелік күрестің негізгі құралы, оның
материалдық негізі болып табылады. Онім сапасын арттыру, пайданы барынша
көбейту, өндіріс шығындарын азайту жолындағы бәсеке өрістеген жердің
бәрінде тауардың бәсекеге қабілеттілігін кешенді бағалау аса маңызды мәнге
ие болады.
Мұндай бағалаудың негізгі факторларына мыналар жатқызылады:
- экономикалық әлеует және экономиканың өсу қарқыны;
- ғылымның, техниканың даму деңгейі;
- халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу;
- ішкі нарықтың серпінділігі мен сыйымдылығы;
- әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдай;
- қаржы жүйесінің икемділігі;
- экономиканы мемлекеттік реттеу;
- еңбек және материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі және
ресурстарды жіктеу деңгейі.
Бәсекеге қабілетті тауарлар шығара отырып, өндіруші нарықта өзіне
бекем орын алады. Шығарылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі үшін
күресте баға белгілеу әдістерімен қатар бағадан тыс әдістері де
пайдаланылады.
Талданатын тауарлар коньюнктурасының нарықтық өзгерістерін айқындау
негізінде тұтынушылардың сұранымына неғұрлым сай келетін тауарлар тобы
іріктеп алынады.
Одан әрі жаңа бәсекелес тауарлардың пайда болу болжамдары зерттеледі.
Бұл ретте сатылу мүмкіндігі айқын және бәсекелестер арасында күшті тайталас
туғызатын жаңа тауарлар бөліп көрсетіледі. Одан соң тауарлардың
параметрлеріне қойылатын техникалық талаптар қалыптастырылады.
Қорытындысында бірнеше қызығушылық туғызатын жаңа тауар шығару мүмкін
болмайтын технологиялардың параметрлерінің сәйкестігін бағалау кестесі
жасалады.
Ақырғы нәтижесінде нұсқаны таңдау аталған өнеркәсіптік фирмасы үшін
технология, материалдық қамтамасыз ету саласында бар шектеулерді анықтайды.
Тауардың бәсекелестік қабілетін арттырудың дұрыс таңдап алынған нұсқасы
мәнсіз шығындардан барынша аулақ болуға және тауарлардың алуан түрін талдау
бойынша қорытындылар алуға мүмкіндік береді, өнеркәсіптік фирманың
нарықтағы бәсекелестік күрестегі позицияларын бәсеңдету үшін оның
өндірістік қаржы-экономикалық және өткізу жұмысындағы мақсатты өзгерістер
бағдарламасын қалыптастыруға жағдай туғызады.
Халықаралық еңбек бөлінісінің және ғылыми-техникалық прогрестің ықпалы
мен бәсекелестіктің кеңінен өрістеу өндірушілерді бәсекеге қабілетті жаңа
тауарлар шығарудың жолдарын және жаңадан өткізу нарықтарын белсенді
іздестіруге итермелейді.
Параметрлік қатарлары мен ассортименті жиынтығы неғұрлым кеңірек
болса, тұтынушының өзіне оңтайлы сатып алу нұсұасын табу мүмкіндігі
солғұрлым жоғары болады. Мысалы, бірдей тұрпаттағы автотиегіштер
шығарылады, бірақ олардың бір-бірінен жүк көтеруі, жылдамдығы, бұрылу
радиусы жағынан және басқадай айырмашылықтары бар. Әрбір тұтынушыға оның
жұмысының нақты жағдайын ескергенде сатып алынатын автотиегіштердің белгілі
бір пайдалану параметрлері қажет. Егер сатушы оларды қамтамасыз ете алса –
сауда оңғарылады, ал егер қамтамасыз ете алмаса сатып алушы басқа сатушыны
іздейтін болады.
Көптеген бәсекелестерге қатысты алғанда нарықтағы позицияларды жеңіп
алудағы маңызды сәт шығарылатын тауарларды дер кезінде жаңарту, жаңа өнім
түрлерін шығаруды әзірлеу мен ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі кезде
жаңа тауарлар жасап шығару мен өндірудің өнеркәсіптің өркендеуі үшін шешуші
маңызы бар. Статистикалық деректерге қарағанда өндірістің негізін құрайтын
жаңа өнім шығаруды игергеннен кейін оны өткізудің өсу қарқыны бәсекелестер
мен салыстырғанда шамамен екі есе артық болады. Жаңа өнім шығарып және
ұсынылатын тауарлардың түрін кеңейте отырып, фирмалар нарықтағы болжап
білуге болмайтын өзгерістерді ескергенде кез-келген уақытта банкротқа әкеп
соғуы мүмкін бір ғана тауарға тәуелділікті азайтуға ұмтылады. Бүгінде
біздің еліміздегі бірқатар өнеркәсіптер мен фирмалар өндірісті айтарлықтай
қайта құрылымдауға кірісіп отыр және бейіндік өнімдерді жаңалау мен бірге
халық тұтынатын тауарлар шығаруды жолға қоюда.
Алайда, жаңа тауар жасап шығару – аса күрделі процесс, өйткені
конструкторлық-технологиялық шешімдер мен өндірістік базаны жаңарту мен
қоса, бұл арада түптеп келгенде соңында нарықтың талаптарына толық жауап
беретін тауар массасын жасау турасында болып отыр.Нарыққа шығарылған жаңа
тауарлардың едәуір бөлігі коммерциялық сәтсіздікке ұшырайтыны
белгілі:мысалы, шамамен оннан сегізі дайындаушылардың оларға деген үмітін
ақтамайды. Мұның негізгі себебтері: нақ осы тауарға сұраныстың қандай
екендігін жеткілікті білмеу, тауардың техникалық және пайдаланудағы
ақаулары, тиімділігі шамалы жарнама, көтеріңкі баға, бәсекелестердің
күтпеген қарсы әрекеттері, нарыққа шығатын уақытты дұрыс таңдамау, күтпеген
өндірістік проблемалар, жалпы алғанда бәсекелестік саясаты дұрыс болжанбауы
болып табылады. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын таңдауда
жаңа тауар шығару жөнінде емес, тауарды түрлендіру жөнінде өте дер кезінде
шешім қабылданатын сәттер жиі болады. Тауарды түрлендіру туралы шешім
көбірек пайда алу үшін сатып алушылардың ерекше талаптарын қанағаттандыру
мақсаттарында қабылданады.
Өнеркәсіптің бәсекелестік күрестегі позицияларын және оның жекелеген
өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне маркетингтік зерттеулер жүргізудегі
мақсаты – бәсекелестік стратегиясын таңдау үшін қажетті ақпараттар жинау
мен талдау болып табылады. Соңғыларды таңдау проблемалардың мынадай екі
тобын зерттеу нәтижесінде анықталады.Біріншіден, осы саланың ұзақ мерзімді
болашақтағы тартылымдығын орнықтыру қажет. Екіншіден, өнеркәсіптің және
оның өмімдерінің осы саладағы басқа өнеркәсіптер мен салыстырғандағы
бәсекелестік позицияларын анықтау қажет. 1-суретте саланың және нақты
фирманың осы саладағы бәсекелестік күрестегі тартымдылығын айқындайтын бес
бәсекелестік күш бейнеленген, атап айтқанда: 1. Жаңа бәсекелестердің пайда
болуы. 2. Осы өнімді жаңа өнімдер мен ауыстыру қауыпы. 3. Жеткізушілер
позициясының күші. 4. Сатып алушылар позициясының күші. 5. Саланың өзіндегі
өндірушілер арасындағы бәсеке.

Әлеуетті бәсекелестер

Жеткізушілердің
саудаласу ↓
Жаңа бәсекелестер
қабілеті
қаупі кезең
→ Саладағы бәсекелестер ←
Жеткізушілер Клиенттер
Жұмыс істеп тұрған
Фирмалар арасындағы бәсеке

Клиенттердің

Саудаласу
Тауар ↑
қабілеті
Ауыстырғыштар
қаупі

Ауыстырғыштар

1-сурет. Бәсекелестік тұжырымдамасы.
Осы бәсекелестік күштерді қысқаша қарастырып көрейік.
Жаңа бәсекелестер пайда болу қаупін бағалаған кезде салаға кіру
кедергісі ұғымын басшылыққа алу қажет, оның биіктігін саланың ішіндегі
ұйымдар да (олар үшін кедергі неғұрлым биік болса соғұрлым жақсы), сондай-
ақ жаңа салаға шығуды жүзеге асыруды көздеп отырған ұйымдар да (олар үшін
кедергі неғұрлым төмен болса, солғұрлым жақсы) ескеруі қажет. Кедергінің
биіктігі мынадай факторлар мен анықталады:
1. Экономикалық ауқымы. Әдетте нарыққа алғаш шыққан ұйымдар жаңа
өнімді сату жөніндегі қызметін ондай өнімді дәстүрлі өндірушілерге
қарағанда айтарлықтай аз ауқымда сатудан бастайды.Сондықтан олардың
өндірістік - өткізу шығындары артығырақ болады, бұл нарықтық бағаның
шамамен тең болуы жағдайында азырақ пайда алуға, тіпті шығынға әкеліп
соқтыруы да мүмкін. Ұйым жаңа бизнесті игеру жолында мұндай қадамға баруға
әзір ме?
2. Тауар маркасының танымалдығы. Нақты тауарды тұтынушылар тауарлардың
белгілі бір маркаларын сатып алуға бағдар ұстанған. Жаңа өндірушілер өз
маркасын жаңа тұтынушылар арасында танымал етуі қажет. Көп жағдайларда бұл
өте күрделі міндет. Айтар болсақ, мысалы, джинсы киімдер өндірісі
саласындағы дүние жүзіне танымал әлемдік көшбасшы Ливайс фирмасы бұдан
бірнеше жыл бұрын фирма үшін дәстүрлі емес өнім – ерлердің қонымды
тройка костюмін шығаруды игеруді қолға алды. Технологиялық және
өндірістік тұрғыдан алғанда Ливайске мұндай жаңа міндетті шешу
айтарлықтай қиындық келтірмейтіні түсінікті. Ливайстің жаңа өнімді ілгері
жылжыту жөніндегі зор күш жігеріне қарамастан, тұтынушылар бұл фирманы тек
қана джинсы маталардан тігілген киімдер мен байланыстыратын қалыптасқан
көзқарасты жеңудің сәті түспеді. Ол уақытта ерлерге арналған осындай
костюмдер шығаратын дәстүрлі өндірушілер болды. Ливайс өзінің жаңа жобасы
мен коммерциялық табысқа жете алмады.
3. Жаңа салаға шығумен байланысты тіркелген шығындар (жаңа
стандарттарға, дизайн талаптарына ілесіп отыру және басқалар).
4. Жаңа негізгі қорларға арналған шығындар, көптеген жағдайларда
оларды жаңа өнім шығару үшін құруға тура келеді.
5. Тауар қозғалысы жүйесіне кіру. Осы саладағы дәстүрлі өндірушілер
жаңа өндірушілер үшін олардың жұмыс істеп тұрған өткізу жүйесіне кіруі
жолында кедергілер жасауы мүмкін. Бұл жағдайда жаңа тауар өндірушілерге
тауар өткізудің өз арналарын құруға тура келеді, бұл жоғары шығындарды
талап етеді.

ІІ. Тарау. ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІПТЕРІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАПРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
МЕН ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

2.1. Өнеркәсіптің инновациялық қызметі.
Өнеркәсіптің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы,
не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы
ғылыми-техникалық және зияткерлік әлуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке
сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын
қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
• өнімділік;
• үдерістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде
анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не
тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын
ұштастырады.
Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және
технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды
өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және
шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы
болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет
көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп
нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және
жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік
кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден
алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Өнеркәсіптің инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды
пайдалануда қосылатындары:
- жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа
зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және
бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды
жүргізу;
- өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың
қажетті түрлерін таңдап алу;
- жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
- қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және
жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
- жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық
–басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
- қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен
қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
- қажетті ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін
дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен
іріктеу;
- лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті
құжаттарды алу;
- инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді
жүргізу.
Кәсіпорынның экономикалық потенциалы – ең маңызды көрсеткіш, сонымен
қатар оның бәсекеге қабілеттлігінің факторы. Ол нарықтық сұраныстың қажетті
көлеміндегі бәсекеге қабілетті, өндіріске ең аз шығындар жұмсау арқылы
жоғары сапалы өнім өндіретін кәсіпорынның қабілеттілігін сипаттайды. Бұл
күрделі интегральдық категория, ол кәсіпорынның өзінің негізгі
қызметтерін: өдірістік, экономикалық, инновациялық, әлеуметтік қызметтерін
табысты орындау мүмкіндігін анықтайды.
Кәсіпорын потенциалы бірнеше потенциалдардан тұрады. Оның негізгісі
экономикалық потенциал болып табылады, экономикалық потенциал басқа
потенциалдармен функционалды түрде байланысты және оларды бір-бірімен
байланыстырады (2-сурет).

Кәсіпорынның өндірістік потенциалы өндірістің негізгі элементтерінің
жағдайын, яғни, негізгі қорлардың, материалдық ресурстардың, жұмысшы
күшінің сандық және сапалық құрамын сипаттайды.
Кәсіпорын потенциалының екінші құраушысын инновациялық потенциал
(ақпараттық-технологиялық) құрайды. Ол жоба-конструкторлық жұмыстардың
ғылыми-техникалық деңгейі, мамандардың кәсіби және мамандау құрамы және
олардың шығармашылық қайтарым деңгейлері, зертханалық, тәжірибелік-
эксперименттік базаның техникалық деңгейі сияқты көрсеткіштер арқылы
анықталады.
Потенциалдың үшінші құраушысы-қаржылық потенциал кәсіпорынның қалыпты
жұмыс істеуі үшін қажет қаржы ресурстарының болуымен, оларды кәсіпорын
активтеріне мақсатты түрде орналастыру және пайдалану тиімділігімен
сипатталады.
Кәсіпорынның экономикалық потенциалы өндірістік, инновациалық және
қаржылық потенциалдарды пайдаланудың тиімділігін көрсетеді. Оның
көрсеткіштерінде кәсіпорын ресурстарының барлық түрлерін қолдану тиімділігі
көрініс табады: өндірістік, материалдық, еңбек, қаржы, сонымен қатар оның
қызметінің түпкі нәтижелері: кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы және оның
пайдаланылу деңгейі, өнім сапасы, активтердің рентабельділігі.
Ғылым мен техника дамуына байланысты өндірістік потенциал инновациялық
потенциал деңгейіне күннен-күнге көбірек дәрежеде тәуелді бола түсуде.
Инновациялық потенциал кәсіпорынның материалдық-өндірістік базасын
дамытудың негізі болып табылады. Сонымен қатар, өндірістік және
инновациялық потенциалдарды пайдалану деңгейлері елеулі дәрежеде қаржылық
потенциалға байланысты болады.

2.2. Инновациялық жобаларды әзірлеу мен өндіріске енгізу.

Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін
талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірініші
кезеңінде – жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін дәстүрлі
қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника
мен технологияның тиімділігі.
Техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін
арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың,
технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және
конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру
қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік
процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады: еңбек, еңбек
құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық
көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну,
айналамы қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын
пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін
арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғары да аталған көрсеткіштер (еңбек
өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының
айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау
техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке
көрсеткіштер де пайдаланылады.
Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін артыру
шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді:
• еңбек өнімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны және еңбекақы
қорының салыстырмалы ауытқуы;
• материалдық қайтарымның үстелуі (материалды қажетсіну), материалдық
ресурстардың шығындарының салыстырмалы ауытқуы;
• негіздік өндірістік қорлардың қор қайтарымының үстелуі (қор
сиымдылығының төмендеуі), негізгі өндірістік қорлардың салыстырмалы
ауытқуы;
• айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, (боасатып алу
немесе байлау) айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;
• қарқындату есебінен еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді
пайдалануда өнімді шығару мөлшерінің үстелуі;
• пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының үстелуі;
• кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржы жағдайының
көрсеткіштерінің үстелуі.
Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үдемелігі
өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық
деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық
қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу-
ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады.
Жаһандану үрдісінің күшеюі жағдайында ұлттық экономиканың бірбеткей
шикізаттық бағыты ел қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл
өз кезегінде елдің бәсекелестікке қабілеттілігін төмендетеді. Алайда,
Қазақстанның экономикалық әлеуеті жылдан-жылға қарқын алып, өсу үстінде.
Шыңдап қарасақ, бұл құбылыстың негізгі факторы елдің жер қойнауындағы
байлықтарын тиімді игеру болып отыр. Қазақстанның халықаралық экономикада
бәсекелестік әлеуетін арттыруды көздейтін айтулы іс-шаралар жүзеге
асырылды.
Мемлекеттік сектор . Экономиканың мемлекеттік секторында активтерді
қайта үлестіру және шоғырландыру процесі байқалуда.
Осыған орайластырып, ұлттық компанияларды басқарудың мемлекеттік
тетіктерін жетілдіру мақсаты мен Самұрық мемлекеттік активтерді басқару
жөніндегі Қазақстандық холдингі АҚ құрылды. Оның құрамына казірдің өзінде
стратегиялық маңызы бар бірнеше ұлттық компаниялар енді:
• ҚазМұнайГаз Ұлттық мұнай – газ компаниясы АҚ;
• Қазақтелеком Ұлттық компаниясы АҚ;
• Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы АҚ;
• Кегок электр желілерін басқару жөніндегі Ұлттық компаниясы АҚ;
• Қазпошта АҚ.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, оған мемлекет үлесі бар тағы 17 компанияны
қосуды көздейтін ұйғарым әзірлену үстінде. Ел Үкіметінің бұл бағыттағы
қадамдары құптауға тұрарлық, өйткені, соңғы кездері ұлттық компаниялардың
іс-әрекеті қоғамға да, салалық министрліктерге де беймәлім еді. Негізінен,
осындай жағдайды бастан кешуіміз ұлттық компанияларды бақылаудағы
мемлекеттік тетіктердің жеткіліксіздігі және қоғамдық тетіктердің мүлдем
жоқтығынан болып тұр. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін Самұрық ұлттық
холдингі мемлекеттің аталмыш компаниялары үстінен стратегиялық бақылауын
қайта орнату үшін құрылған. Сонымен бірге, ұлттық компаниялар сегментін
ірілендіру арқылы олардың жалпы бәсекелестікке қабілеттілігі күшейеді деп
топшылауға негіз бар.
Мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз етуіне оңтайлы жағдай
қалыптастыру және индустриалдық-инновациялық салада мемлекеттің басқару
жүйесін жетілдіру үшін Қазына тұрақты даму қоры АҚ құрылған. Оның
негізгі міндеттері: даму институттарын корпоративті басқарудың әлемдегі
үздік тәжірибесін енгізу, даму институттары іс-әрекетінің экономикалық
тиімділігін арттыру, олардың мамандандырылуы мен өзара бәсекелесуі арасында
тиімді тепе-теңдік ұстап тұру, ұлттық экономиканы диверсификациялау, даму
институттарының іс-әрекетін үйлестіру арқылы экспорт-импорт секторының
артықшылықтарын пайдалану. Бүгінде еліміздің негізгі даму институттары
Қазына қорына біріктіріліп, табысты қызмет жасауда. Соның ішінде:
• Қазақстанның даму банкі АҚ;
• Ұлттық иновациялық қор АҚ;
• Қазақстанның инвестициялық қоры АҚ;
• Маркетингтік – сараптамалық зерттеулер орталығы АҚ;
• Қазақстанның инвестициялары мен экспорттық несиелерін сақтандырудың
мемлекеттік корпорациясы АҚ;
• Қазинвест инвестицияларды қолдаудың Қазақстандық орталығы АҚ;
• Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ;
• Инжиниринг пен технологиялар трансферті орталығы АҚ.
Есесіне, экспортты қолдаудың агенттігін құру мәселесі қарастырылып
жатыр. Қазына қоры қалыптасып келе жатқан ұлттық инновациялық жүйесінің
діңгегі болады деп күтілуде. Қазірдің өзінде еліміздің дамуына ерекше
қарқын беретін, әрі стратегиялық маңызы бар ондаған жобаларға қарамағындағы
даму институттары арқылы қатысып жатыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті парламент сессиясын ашу
кезеңінде сөйлеген сөзінде осы іспеттес ауыл шаруашылығы саласында
Қазагро компаниясын құру қажеттігін шегелеп айтты.
Ғылыми-технологиялық кеңестік. Қазақстанның жоғары саяси басшылығы
жаңа технологияларды өндіріске кеңінен тартып, енгізу керектігін жеке
түсініп отыр. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан республикасының
индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы осының айғағы іспеттес. Бүгінгі
таңда бұл құжаттың мән-маңызы соншалықты зор, ол еліміздің осы мерзімдегі
даму басымдықтарын анықтап, жол сілтейді. Шикізаттарды игеруден түскен
табыстардың басым бөлігі индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске
асыруда жұмсалуда. Мысалға, ҚР Ұлттық қорында қордаланатын қаржы-қаражат
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жинақтаушы қызмет атқарып,
тұрақтандырушы ықпал етеді.
Қазақстанның түкпір-түкпірінде индустриалды-инновациялық және
өндірістік-технологиялық парктер құрылуда. Мәселен:
- Алматыда ұлттық деңгейдегі тұңғыш Alatau IT City технопаркі
құрылды, ол болашақта атақты Силикон алқабының Орталық Азиядағы баламасы
болмақ, технопарк компьютерлік бағдарламалар құрастыруға бағытталған;
- Оралда Алгоритм машина жасау технопаркі құрылған болатын, бертінде
қорғаныс мұқтаждықтарын өтеу саласында жемісті қызмет жасады;
- Қарағандыда Uni Scien Tech инжиниринг пен құрастыру технопаркі
құрылды. Технопарк құрамында бизнес – инкубатор, металлографиялық
зертханалар және мәжіліс залы қызмет көрсетеді.
- Курчатовта Ұлттық ядролық технологиялар паркі қалыптасып жатыр;
- Атырау облысында Ұлттық индустриалдық мұнай-химия технопаркі
құрылады;
- Астанада Ұлттық биотехнологиялар орталығы қызмет жасайтын болады,
ол 4 бағытта қызмет жасайды: ауыл шаруашылық, медицина, азық-түлік және
экология салаларындағы биотехнологиялар.
Жоғарыда көрсетілген құрылымдық-институционалдық шаралар сервистік-
технологиялық экономикаға көшу негіздерін қалыптастыруды көздейді.
Ғарыш саласын дамытудың ұлттық бағдарламасы аясында ҚазСат және оған
қоса жерді зерттеудің бір топ ғарыш серіктерін құрастыру және ұшырылу
жоспарланып жатыр. Міне, осы арқылы Қазақстанда Білім экономикасының
алғышарттарын қалыптастыру жүріп жатыр.
Осылайша, ұлттық экономиканың дамуы келесі кезеңдерден өтуі тиіс
өндіріс инфрақұрылымы мен агроөнеркәсіп секторының толығымен қалыптасып
бітуі, экономиканың теңгерілуі, өңдеу өнеркәсібінің оза дамуы, жоғары
технологиялық және ғылыми-өндірістердің дамуы және кең етек жаю, жалпы,
ұлттық экономикадағы кластерлік саясаттың іске асуы және ғылыми-
инновациялық бағыттың күшеюі мемлекеттің осы саладағы тиімділікті ұлғайту
арқылы бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

2.3. Қазақстан өнеркәсіптеріндегі инновациялық жобалардың тиімділігі
мен өнімділігін арттыру жұмыстары.

Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске
енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен
тұрады:
Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті
шығындарды анықтау;
Екінші кезең – бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;
Үшінші кезең – бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі
экономикалық тиімділікті бағалау;
Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы
салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.
Өндіріс жағдайында экономикалық тиімділікті анықтау кезінде мыналар
пайдаланылады:
- өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда, бөлшек
сауда бағалары және тарифтер;
- қолданыста заңды түрде белгіленген өндірістік ресурстар (өндірістік
қорлар, еңбек және табиғи) үшін нормативтік төлемдер;
- қолданыстағы өнеркәсіптің пайдадан нормативтік аударымы және
орталықтандырылған салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру үшін жоғары
ұйымдардың, мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің бірігуі;
- банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын сақтау жөніндегі
өнеркәсіптің тәртібі мен есеп ажырасу мөлшері;
- валюталық түсімдерді қайта есептеу нормативтері.
Жалпы түрінде ғылыми-техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің
бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік.
Экономикалық нәтижелілік – бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және
материалдық сиымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы
өсіру және пайдалылықты онан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновацияның міндеттері
Қазақстан Республикасындағы индустриялық инновациялық стратегияны жүзеге асырудың сараптамалық мәселелері
Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру және одан әрі жаңартудың негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасының 2013 – 2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы
Қазақстан Республикасында индустриялды-инновациялық технологиялардың даму тенденциясы мен талданылуы
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы
Нарықтық экономиканың өзегі - бәсеке
Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің ерекшеліктерін талдау
Қазақстан экономикасындағы кластерлік жүйе
Индустриалды даму
Пәндер