Қазақстан Республикасында сақтандыру заңдылығының даму алғы шарттары


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері адамның және азаматтың өміріне, денсаулығына, мүліктеріне, еңбек ету бостандығына, меншік суъектілері мен объектілеріне, кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, қоршаған ортаны қорғауға қатысты сақтандыру құқығының жалпы принциптерін белгілеуге, сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясат басымдықтарын айқындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің бір түрі сақтандыру қызметінің конституциялық негіздерін құруға және сақтандыру туралы заңдарды қабылдауға байланысты мән-жайларды белгілі бір дәрежеде регламенттейді.
Осы орайда сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметінің конституциялық негізін құруға ат салысатын Қазақстан Республикасы Конституциясының 1- бап 1- тармағында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады. 28-бабының 2-ші тармағында Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады. Сонымен қатар 29-бап 1- тармағында Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар. [1]
Бұл ретте аталған конституциялық нормалардың тікелей сақтандыру құқықтық бағытты ережелері 6-баптың 2- тармағында, 13- баптың 1-тармағында, 24- баптың 2-тармағында, 28- бабында, 31- бабында көрініс тапқанын байқаймыз.
Сақтандыру ел экономикасының стратегиялық секторы ретінде мемлекетке, азаматтарға және шаруашылық жүргізуші субъектілерге келтірілген материалдық залалдарды өтеу жолымен қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Осы орайда сақтандыру сақтанушының (азаматтың, адамның, жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның) мүліктік мүдделерін сақтандыру қорғауы арқылы қауіпсіздендіруді нысаналайды. Демек, сақтандыру кезінде сақтандыру қорғауымен өмірді сақтандыру бойынша азаматтың (сақтандырылған адам) өміріне, денсаулығына, еңбек ету қабілетіне, мүлікті сақтандыру бойынша заңды немесе жеке тұлғаның пайдалануындағы, билік етуіндегі, иелігіндегі мүліктеріне, сондай-ақ жауапкершілікті сақтандыру бойынша заңды немесе жеке тұлғаның мүлігіне не жеке басына келтірілген зиянды сақтанушының өтеуіне байланысты мүліктік мүдделер қамтылады. [2, 431 б. ]
Нарықтық даму жағдайындағы сақтандыру ісі (сақтандыру) қандай болмасын қоғамдық-экономикалық формацияларда тиісінше дамып қалыптасатын және асқан қажеттілігімен ерекшеленетін әрі тиісті сақтандыру салалары бойынша жұмыс істейтін, қоғамдық пайдалы шаруашылық жүргізуге, тұлғалардың еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына, қоршаған ортаға байланысты орын алуы ықтимал (орын алатын) тәуекелдерге орай қатысушылары (сақтандырушылары, сақтанушылары, сақтандырылғандары, пайда алушылары) нақтылы айқындалып, құқықтары мен міндеттері белгіленген материалдық мазмұнды қоғамдық қатынастар ауқымында мақсатты сақтандыру қорын және сақтандыру резервтерін құруды, сондай-ақ ұлттық сақтандыру жүйесінде өтеу (өтеттіру) механизмін іске қосатын сақтандыру жағдаяттары (оқиғалары) туындаған кезде тиісті заңнама және шарт негізінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жолымен сақтандыру қорғауының қамтамасыз етілуін нысаналайтын кәсіпкерлік сипатты - бағдарлы экономикалық институт болып табылады. Сақтандырудың экономикалық аспектісі мақсатты ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру және оларды әр түрлі төтенше әрі қолайсыз құбылыстар салдарынан келтірілген зиянды өтеу үшін пайдалану жөніндегі нысандар мен әдістердің жиынтығынан тұратын экономикалық (ақшалай) қатынастар жүйесі ретінде жұмылдыру, өтемдік (қайта бөлуші) және қорғау -алдын алу функциялары арқылы көрініс табады.
Бүгінде сақтандыру рыногын дамытудың негізі проблемалары тұрғысынан өмірді және жеке басты сақтандырудың жаңа түрлерін дамыту, сақтандыру ұйымдарын корпоративтік басқару жүйесін енгізу, мамандандырылған қайта сақтандыру ұйымдарын құру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі жөніндегі статистикалык және өзге де деректер базасын қалыптастыру, сақтандыру компанияларының қызметін автоматтандыру мәселелері және т. б. айқындалып отыр. Бұл ретте сақтандыру рыногының кейбір проблемалары қатарына: сақтандыру ұйымдарының өз тәуекелдерін басқаруы сапасының төменділігін; рыноктағы жекелеген сақтандыру ұйымдары белсенділігінің жеткіліксіздігін; сақтандыру ұйымдарының өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушыларға заем беру жүйесінің дамымағандығын; сақтандыру ұйымдарының қызметтер көрсетуі сапасының төменділігін; сақтан-дыру бизнесі саласындағы алаяқтыққа қоса ерікті сақтандыру бойынша қызметтер көрсетудің шектелуін және т. б. жатқызуға болады.
Осы дипломдық жұмыстың мақсаты:
- cақтандыру және сақтандыру қызметіне түсінік беру;
- сақтандырудың дамуының тарихын зерттеу;
-сақтандыру экономикалық қатынастарының айрықша категориясының бірі ретінде қарастыру;
-Сақтандырудың түрлеріне, сақтандыру қатынастарының субъектілеріне және қатысушыларына тоқталу;
-сақтандыруды жүзеге асыру негізіндегі сақтандыру шарттары және сақтандыру шартын орындау, өзгерту және күшін жою негіздері туралы анықтама беру.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА
САҚТАНДЫРУ ЗАҢДЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
1. 1 Сақтандыру және сақтандыру қызметінің түсінігі
Сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру қызметі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі.
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптармен түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.
«Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
- өмірді сақтандыру;
- аннуитеттік сақтандыру;
«Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
- жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
- медициналық сақтандыру;
- автомобиль көлігін сақтандыру;
- темір жол көлігін сақтандыру;
- су көлігін сақтандыру;
- жүктерді сақтандыру;
- 3) -7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
- әуе көлігін сақтандыру;
- кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
- автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
- 10) -14) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.
Ерікті сақтандыру нысанында әрбір сыныптың мазмұны және оны жүгізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып табылады. Сақтандыру ұйымы өзі әзірлеген сақтандыру түрі бойынша қызметін уәкілетті мемлекеттік органмен сақтандыру ережелерін келіскеннен кейін ғана жүзеге асыруға құқылы.
Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың бөлек сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заң актілерімен белгіленеді. [3, 39б. ]
Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет осы заңда көзделген заңда көзделген тәртіппен лицензиялануға тиіс.
Қайта сақтандыру бара- бар емес қайта сақтандыру қызметін де жүзеге асыру құқығын береді.
«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша немесе «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензисы бар сақтандыру ұйымы бара бар қайта сақтандыру жөніндегі қызметін өзінің лицензисында көрсетілген сыныптарда ғана қайта сақтандыру лицензиясынсыз жүзеге асыруға құқылы.
«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек қана «жалпы сақтандыру» саласында қайта сақтандыру жөніндегі қайта сақтандыру жөніндегі лицензия алуға және бара-бар қайта сақтандыру жөніндегі қызметті де, бара-бар емес қайта сақтандыру жөніндегі қызметті де жүзеге асыруға құқығы бар.
Қайта сақтандыру қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы «өмір сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша бара-бар қайта сақтандыруды да жүзеге асыруға құқылы.
Заңда қайта сақтандыру ұйымын құру, лицензиялау және оның қызметін тоқтату талаптарын қайта сақтандыруды қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдарына қатысты келтірілген.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі:
Сақтандыру қызметі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметінен басқа қызметтің мынадай түрлерін:
- уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті;
- тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін) ;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды;
- ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды;
- бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтандыру(қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді;
- сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді ;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді;
- сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы консоциум немесе жай серіктестік құруға, қатысуға құқылы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кәсіпкерлік қызмет ретінде көзделмеген мәмілелерді жүзеге асыру мен операцияларды жүргізуіне тыйым салынады.
Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтандырушыларға (сақтандырушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Қордың құрылу тәртібі мен қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, өзінің сақтанушыларына сатып алу сомасы шегінде қарыз беруге құқылы.
Сақтандыру ұйымы аннуитет шарты қолданылатын кезеңде актуарийдің қорытындысы негізінде уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен тұрақты беріліп тұратын сақтандыру төлемінің мөлшерін ұлғайтуға құқылы. [4, 160 б. ]
Ортақ сақтандыру кезінде сақтандыру шартының талаптары ортақ сақтандыру шартымен белгіленетін жағдайларда жетекші сақтандыру ұйымының міндеті мен өкілеттігін өзіне қабылдайтын сақтандыру ұйымының сақтандыру ережелеріне сәйкес айқындалады. Ортақ сақтандыру шартына қатысушы сақтандыру ұйымы сақтандыру шартын сол сақтандыру түрі бойынша олардың ережелерінде көзделгенінен өзгеше жағдайларда жасасуға құқылы.
Лицензиясында тиісті сақтандыру сыныбы көрсетілмеген сақтандыру ұйымының ортақ сақтандыру ісіне қатысуына тыйым салынады.
1) Уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы жоқ бірде-бір тұлғаның:
өз атынан сақтандыру, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға, негізгі немесе қосымша қызмет түрі ретінде сақтандыру брокерінің, актуарийдің немесе уәкілетті аудитордың қызметін көрсетуге;
2) өзінің атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада «сақтандыру ұйымы», «қайта сақтандыру ұйымы», «сақтандыру брокері» деген сөздерді немесе оның өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асыруды білдіретін не сақтандыру брокері, актуарий немесе уәкілетті аудитор ретінде көрінетін туынды сөздерді (сөз тіркестерін) пайдалануға құқығы жоқ.
Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс.
Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігімен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.
Сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне және оның қызметінің өзге де жағдайларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
Сақтандыру брокері, уәкілетті мемлекеттік органға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі анықтаған төлем қабілетсіздігі фактілері туралы дереу хабарлауға міндетті.
Сақтандыру агентінің сақтандыру рыногында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттігі сақтандыру ұйымының тиісті құжаттарымен белгіленеді.
Сақтандыру агентінің өкілеттігі болмаған жағдайда оның сақтандыру агенті ретінде қызметіне жол берілмейді.
Сақтандару ұйымы, өзінің атынан сақтандыру агенті сақтандыру ұйымынан алған өкілеттік шегінде жасаған сақтандыру шарты бойынша қабылдаған міндеттемелерді сақтандыру ұйымының өзі тікелей қабылдаған міндеттемелер ретінде орындайды.
Сақтандыру агенті сақтандыруға міндетті талаптар, оның ішінде сақтандыру құжаттамасы бланкілерінің есебінен жүргізумен сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу мәселелері жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасы талаптарымен ескеріле отырып, сақтандыру ұйымының ішкі құжаттарында белгіленеді.
Сақтандыру ұйымы сақтандыру делдалдығы операцияларын жүргізуге өзі уәкілдік берген сақтандыру агентерінің тізілімін жүргізіп отыруға міндетті.
Актуарийлік қызметті жүзеге асыру уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензиясы бар жеке адам актуарий болуға құқылы.
Актуарийлік қызмет заңға және уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ актуарийлік қызметті жүзеге асырудың халықаралық принциптері (стандарттары) ескеріле отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Актуарийлік есептеулер мынадай негіздер бойынша:
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша -бастамашылық актуарийлік есептеулер жүгізіледі.
- Қазақстан Республикасының заңдарында көздеген жағдайларда- міндетті актуарийлік есептеулер жүгізіледі.
Актуарийлік есептеулер жүргізу кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндетті актуарийлік есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшін қажетті, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәліметтердің бәрін беруге міндетті. Актуарий өзінің қарауына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы табыс еткен құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап бермейді.
Актуарий өзі жасаған актуарийлік есептеулермен қорытындылардың дұрыстығымен дәлдігіне Қазақстан Республикасының заң актілері жауап береді.
Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамағандығы туралы өзі анықтаған фактілерді уәкілетті мемлекеттік органға дереу хабарлауға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің аудитін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы бар уәкілетті аудитор жүзеге асырады.
Сақтандыру қызметінің аудитін жүзеге асыруға қойлатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленеді.
Уәкілетті аудитор, жүргізілген аудит туралы қорытындының көшірмесін, уәкілетті мемлекеттік органға оның жазбаша сұратуы бойынша беруге міндетті.
Уәкілетті аудитор, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында ішкі аудит қызметі (аудиторы) болуы міндетті, оның қызметі лицензиялауға жатпайды. [5, 272 б. ]
Ішкі аудит жүргізу тәртібі, уәкілетті мемлекеттік органның талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті ішкі құжаттарында белгіленеді.
Сақтандыру компаниясының қаржылық-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты сақтандыру резерві және меншік капиталының қаражаттарын инвестициялау болып табылады. Жинақтаушы сақтандыру арқылы жиналған сақтандыру сыйақысының бір бөлігін инвестициялау сақтандыру келісім-шарттарын орындаудың қажетті элементі сақтандырудың тәуекелді түрлері (ең алдымен мүліктік тәуекелден сақтандыру) бойынша сақтандыру сыйақысын инвестициялау табыстың қосымша және елеулі көзі болып табылады.
Сақтандыру компаниясын сақтандыру операцияларынан кейін, табыс көзі ретінде екінші болып келетін олардың инвестициялық қызметі дұрыс дамымай отыр. Сонымен қатар, Қазақстандағы сақтандыру қызметі нарығындағы өскен бәсекенің салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлеуетті сақтанушының тәукелден қорғаудың баламалы әдістерін таңдауы сақтандырушылардың инвестициялық белсенділігін дамыту проблемасын, ең көкейкесті проблемалардың қатарына қояды.
Сақтандыру компаниясының активтері қарқынды түрде өсуде және 2005 жылда 44, 1 млрд. теңгеге жетті. Институционалды инвесторлардың (сақтандыру компаниясы және зейнетақы қорлары) активтерінің тұрақты өсуі ең сапалы және өтімділігі жоғары қаржылық инструменттерге активтерге орналастыру үшін сәйкес шарттарды жасауға алғы шарттар қояды. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау агенті (ҚҚА) бұл бағытта белгілі бір шаралар жүргізуде. Бірақ, оның мүмкіншіліктері отандық қаржы нарығының белгілі даму ерекшелігіне байланысты шектеулі. Сондықтан, сақтандыру компаниялары және зейнетақы қорлары экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді ресурстармен қамтамасыз етуде елеулі рөль атқармайды.
Бастапқы кезеңде сақтандыру резервтері ең бірінші мемлекеттік бағалы қағаздарға (атап айтсақ, Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына) инветицияланады.
Сақтандыру резервтерін жұмсаудың екінші маңызды көзі- мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылады. Олардың үлесіне инвестициялық потфельдің төрттен бірі тең. Алайда, сақтандыру компаниялары оларды сатып алу арқылы экономиканың нақты секторын инвестициялау деген сөз емес. Өйткені, корпоративті қағаздардың көп бөлігі екінші деңгейдегі банктердің борыштық міндеттемесін және аз бөлігі нақты сектордағы кәсіпорындардың облигацияларына тиесілі.
Сақтандыру ұйымдарының қызмет ету стандарттарын бекіту, корпоративтік басқаруды жетілдірудің ынталандырмасын қалыптастыру, тәуекел қаупі үлкен қаржы нарығының аймағында қадағалау ресурстарын шоғырландыру, өмірді жинақтаушы сақтандыру және аннуитет жүйесін дамытудың ынталандырушы жағдай тудыру мақсатында 2004 жылдың 3-ші желтоқсанында «салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заңда аннуитетті сақтандыру бойынша корпоратиті табыс салығының мөлшерлемесі алынатын сақтандыру сыйақысының сомасынан 2%-тен 1%-ке дейін төмендетіледі.
Қазіргі таңда, республикада жеке сақтандыру секторы дамымай отыр. Жеке сақтандыруды жүргізудің ерекшелігі (оның ішінде өмірді сақтандыру) қазіргі таңдағы проблемалармен байланысты: Халықтың табыс деңгейінің төмендігі; Посткеңестік кезеңдегі жеке сақтандырудың жағымсыз тарихы; Сенімді қаржы инвестициялық инструментердің шектеулігі; Болашақта әлуетті сақтанушылардың сенімсіздігі; Халықтың жекелеген сақтандыру делдалдарымен сақтандырушылардың сақтандыру мәдениетінің төмендігі; Ұзақ мерзімді жеке сақтандыруда халықтың қатысуы үшін экономикалық ынталандырманың болмауы. Бұл тізімге, халық тарапынан сақтандыруға деген сенімнің болмауын кіргізе аламыз. Бұл өткен кезеңдердегі ірі дауларға және КСРО мемлекеттік сақтандыру сомаларының құнсыздануымен байланысты.
Сондай-ақ, жеке сақтандырудың дамуына халық жинақтарын басқа тәсілдермен қалыптастыруды қолдану (жылжымалы мүлік, жылжымайтын мүлік, шетел валютасын сатып алу) кедергі болып отыр. Мұның себебі- бос қаражаттар салыстырмалы нақты құндылықтарға салынған кездегі отандық экономиканың инфляциялық кезеңі. Мемлекеттік міндеттерді шешу үшін қаражаттарды тарту проблемасы бірінші деңгейдегі маңыздылыққа ие және ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстардың көзі болып табылатын жеке сақтандыру (оның ішінде өмірді сақтандыру) қосымша қаражаттарды тартуға мүмкіндік береді. 2004 жылы сақтандыру мәселері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңның жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілді. Берілген заңнамалық жобаны әзірлеудің негізгі мақсаты Еуропалық Одақтың Директивалары мен Халықаралық сақтандыру қадағалауы принциптеріне сәйкес отандық сақтандыру заңнамасын үйлестіру болып табылады. Реттеу және қадағалау механизмдерін жетілдіру және сақтандыру қадағалауның жаңа принциптерін енгізумен қатар, сақтандыру индустриясының мына аспектілері қарастырылған:нарық инфрақұрылымы, нарық қатысушылары, қолданылатын түсініктер, сақтандырудың сыныпталуы, нарықты одан әрі ырықтандыру және басқалар. Берілген жобаны ойдағыдай өткізу отандық сақтандыру индустриясынның деңгейін дүниежүзілік тәжірибе деңгейіне жақындатуына және нарықтың халықаралық сақтандыру және қайта сақтандыру жүйесіне шығу жолдарын жеңілдетеді. [6, 116 б. ]
Нарықтың негізгі көрсеткіштерінің өсуін ынталандыру мақсатында, атап айтсақ нарық сыйымдылығын арттыру және шетелге қайта сақтандырудың үлесін азайту мақсатында, ҚҚА сақтандыру ұйымдарын кезеңмен капитализациялаудың 3 жылдық жоспарын құрды. Сондай- ақ бұл бағдарламаның мақсаты сақтандыру ұйымдарының жеткіліктігінің негізгі көрсеткіштерін әлемдік стандарттарға сәйкес келтіру болып табылады. Бұл өз кезегінде олардың қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және сақтанушы сенімін арттыруға ат салысады.
2004 жылы ҚҚА Ресей Федерациясы теритториясына кірген Қазақстандық көлігі иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандырумен байланысты проблемаларды шешу туралы жұмыс атқарды. Бұл жұмыстың нәтижесі Ресей теритториясына кірген Қазақстандық көлік иелері үшін көлік құралдарының иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйақысының мөлшерін азайту болды. Коэфицент мөлшерін азайту, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының өзара мүдделерін ескере отырып жасалды.
2004 жылы сақтандыруды кепілдендіру жүйесін жетілдендіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Бұл осы жүйенің тұрақтылығын және міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін тұтынушыларының заңды құқықтарымен мүдделерін қорғау дәрежесін көтереді.
Күшіндегі сақтандыру туралы заңнама сақтандырудың қолданылатын жіктелінуінің күрделенуімен ерекшеленеді. Қазір Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» заңының 6-шы бабына сәйкес сақтандыру салаларға, класстарға, түрлерге жіктеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz