Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес менеджментін дамыту тиімділігі


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес менеджментін дамыту тиімділігі.

Жоспар

Кіріспе

І Тарау Шағын кәсіпкерлікті қолдау тәжірибесі және онын нарық жағдайындағы даму деңгейі

І. 1. Қазіргі жағдайдағы шағын кәсіпкерліктің даму проблемалары

І. 2. Шағын кәсіпкерліктің даму денгейін кешенді бағалау

ІІ-тарау. Қазіргі Қазақстандағы шағын бизнестің жағдайы

ІІ. 1. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстандағы шағын бизнестің дамуы

ІІ. 2. Шағын бизнестің Қазақстан экономикасына қосатын үлесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.

Әлемдік экономикалық ойды ұғыну, зерттеу және жалпылау кәсіпкерліктің тектік түсінігінің мәнін, сонымен қатар кәсіпкер мен кәсіпкерлік табыс түсініктерін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Қазіргі жағдайдағы іс-әрекеті мен пайда болуын ескеріп, кәсіпкерлікті былайша түсіну қажет: «Кәсіпкерлік -бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толык экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптін және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру процесі. Ал кәсіпкер - бүл табысты алу мақсатымен кауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс істейтін, өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаналықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Өз кезегінде кәсіпкерлік табыс - бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табысы) және үстеме пайдасы».

Көріп отырғандай, кәсшкерліктің тектілік түсінігінде өлшемдер және мөлшерлік бағалау өлшемдері жоқ, кәсіпкерлік процесс ьнтамен, жаңалықпен байланыстырылған, олардың негізгі мақсаты - кәсіпкерлік табысты алу. Кәсіпкерлікті, кәсіпкерді және кәсіпкерлік табысты сипаттайтын, негізгі қағидалардың бірдей дәрежеде шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке қатысты екендігін атап кету қажет, бірақ сонымен қатар, кәсіпкерліктің әрбір формасының өзіне тән ерекшелігінің болатынын ескереміз. Нарықтың әр түрлі сфераларын жеңіп алу және әлемдік қауымдастықтың көптеген елдерінде шағын кәсіпкерліктің өркендеуі, кәсіпкерліктің осы формасының ТМД республикаларында, соның ішінде Қазақстанда кең таралуын анықтады. Шағын кәсіпкерліктің өзіне тән ерекше белгілері мен артықшылықтарын зерттеп, біздің ғалымдар шағын кәсіпкерліктің келесі түснігін ұсынды: «Шағын кәсіпкерлік - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген, қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасатын; табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен басқару процесіне жеке қатысуын талап ететін, өзін-өзі ұйымдастыру процесі.

І Тарау Шағын кәсіпкерлікті қолдау тәжірибесі және онын нарық жағдайындағы даму деңгейі

І. 1. Қазіргі жағдайдагы шағын кәсіпкерліктің даму проблемалары

Шағын кәсіпкерлік - бүл қаржы ресурстарының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасатын, толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен басқару процесіне жеке қатысуын талап ететін, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялык қызметі».

Берілген анықтама шағын кәсіпкерлік процесін толық көлемде сипаттайды, оның мәнін инновация ретінде анықтайды, кәсіпкерлер қызметінде кауіп және белгісіздік элементерінің болуын білдіреді, өндіріс және басқару процесінде меншік иесінің ролін анықтайды, және ең бастысы - кәсіпкерлік кызметтің ынталандырушысы болып алынатын табыс келеді. Шағын кәсіпкерліктің түжырымдалған анықтамасы шағын бизнестен түбегейлі ерекшелінеді. Берілген анықтамаға сәйкәс шағын кәсіпкерлікке өндірілетін өнім мен қызметтердің, өндірісті ұйымдастырудың қолданылатын әдістерінің үнемі жаңартылуы, жоғары өнімді жабдықтар мен жаңа технологияларды енгізу, пайданы ғана емес, сонымен қатар үстеме пайданы алу тән. Ал шағын бизнеске репродуктивтік кызметтерді атқару және жоспарланған пайданы алу тән.

Шағын кәсіпкерлік экономикасы дамыған елдерде экономиканың басымды салаларының бірі - қоғамда болып жатқан барлық кешенді түрде дамуда. Бұл елдердің үкіметі шағын кәсіпкерліктің дамуына белсенді қолдау көрсетеді, оның қызмет етуі үшін қолайлы жағдайларды құру көрініс тапкан.

Осы жұмыста отандык кәсіпкерлікті дамыту үшін жарамды, қолдаудың әр түрлі формаларын анықтауда шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибесі зерттелген болатын. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудьщ шетелдік тәжірибесін зерттеу, әлемдік аренада шағын кәсіпкерлікке негізінен қолдаудын екі түрі керсетілетінін анықтады: мемлекеттік және орталықтандырылмаған, олар өз кезегінде әр түрлерге бөлінеді. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау келесі формаларда жүзеге асырылады: қаржылық, инновациялық, экономикалық, сыртқы экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылык; орталықтандырылмаған - франчайзинг, венчурлік бизнес, субмердігерлік, лизинг формаларында.

Мемлекеттік қолдаудың негізгі формасы қаржылық қолдау болып табылады, ол қайтарымсыз көмек, несиелер, венчурлік бизнес, салык жеңілдіктері және тағы басқалар түрінде көрсетіледі. Шетелдегі қаржылык қолдаудың әр түрлі формаларын талдау, олардын арасында ШКС ұзақ мерзімді несиелеу жүйесі, мемлекет кепілдігімен және төмен пайыздық ставкалармеи несиелерді беру; елдің экономикасы артта қалған аудандарында орналасқан немесе жаңа технологияларды игеруші ШКС салық жеңілдіктерін беру; пайдаға салынатын салық дифференциациясы көңіл бөлуге тұрарлық.

ШКС инновациялық қолдау жаңалықтарды дайындаумен ғана емес, сонымен қатар оларды белсенді түрде енгізумен айналысатын кәсіпорындарды ерекше қолдаудан тұрады, бүл да ғылыми-техникалық прогресті жетілдірудің шарттарьшың бірі болып табылады. Мұндай қолдауды жүзеге асыру инновациялық жобаларды қолдайтын және қаржыландыратын арнайы ұйымдардың, төменгі пайыздық ставкалардың, ұзақ мерзімді несиелеудің, технопарктердің болуына байланысты. Елдің шағын кәсіпкерлігінде инновациялық процесті белсендету үшін инновациялық жобаларды төменгі пайыздық ставкалармен ұзақ мерзімге несиелейтін қолдаушы және қаржыландырушы арнайы органдар жүйесін ұйымдастыру қажет.

Шағын кәсіпкерлікті экономикалық қолдаудың бір формасы оны мемлекеттік келісім-шарттарды орындауға қатыстыру болып табылады. Қолдаудың бүл түрін экономиканың отандық секторында іске асыру шағын кәсіпорындарды субмердігерлер ретінде тарту кажеттілігін қарастыратын арнайы заңды қабылдау арқасында мүмкін.

Соңғы он жылда көптеген мемлекетгер шағын кәсіпкерлікті орталықтандырылған қолдаудың жеке объектісі ретінде сыртқы экономикалық қызметгі анықтады. Көптеген өнеркәсібі дамыған елдердің шағьш кәсіпкерлігі сыртқы нарықта өзін жақсы көрсетті. Қолдаудын берілген түрін көрсетудін шетелдік тәжірибесінен бізге өнімді экспортқа шығарумен айналысатын ШКС несиелеудің және салық салудың жеңілдетілген түрлерінен үлгі алу қажет.

Шетелдерде орталықтандырылған мемлекеттік қолдаудын соңғы объектісі кәсіпорындарды тіркеуден, кәсіпкерлерді оқытудан, ақпараттық қызмет көрсетуден тұратын, ұйьмдастыру-басқарушылық қолдау болып табылады. Экономикасы дамыған барлық елдерде ШКС тіркеуге алудын ықшамдалған тәртібі бар. Кейбір елдерде бүл рәсім 24 сағат қана алады. Бүл аймақта ШКС қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар көмегімен коммерциялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәжірибесі қызықты.

Шетелдерде шағын кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне орталыктандырылған мемлекеттік қолдаумен қоса жеке ірі бизнес жағынан орталықтандырылмаған қолдау көрсетіледі. Оның қажеттілігі мемлекеттін қаржы ресурстарының объективті ташпылығымен байланысты.

Орталықтандырылмаған қолдаудың арасында шетелде франчайзинг кең
колдауға ие болды, ол бір сауда белгісімен жұмыс істейтін, бірдей кәсіпорындардың кең жүйесін кұруды қарастырады. Франчайзинг XXғасырдын: ортасында өз өрлеуіне жетті. Қарастырылған қызмет сферасында көпшіліке танымал лидері болып «Макдональдс», «Зингер», «Херц», «Кодак», «Холидей-Инн» және тағы басқалар болып табылады. Қазіргі кезде отандық кәсіпкерлікте шағын кәсіпкерліктің қүрылымына өндірістік және сауда Фракчайзингін енгізуге мүмкінідіктер көп.

Орталықтандырылмаған қолдаудың екінші формасы, ірі компаниялар жағынан қаржыландыру мен бақылау жағдайында шағын кәсіпорындар кұтаімен ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыруды қарастыратын, венчурлік бизнес болып табылады. Венчурлік бизнес шағын кәсіпорындарға аз шығындармен және едәуір қысқа мерзімдерде инновациялық әзірлемелерді енгізуді қамтамасыз етеді.

Ірі бизнес жағынан шағын кәсіпкерлікке көрсетілетін қолдаудың келесі бағыты - субмердігерлік, ол шағын кәсіпкерлікке дайын өнімді өндіруге үнемі өзгеріп отырған жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдарды шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен коса, ірі корпорациялар белгілі шарттармен шағын кәсіпорындарға өндірістік жабдықты жалға бере алады, ол аз шығындармен өнім мен қызметтер өндірісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қолдаумен салыстырғанда шағын кәсіпкерлікті
орталықтандырылмаған қолдаудың шетелдік тәжірибесін зерттеу елдің шағын кәсіпкерлігін дамыту себебінің қуатты факторы болып табылатынын көрсетті. Берілген қолдаудың барлық қарастырылған формалары республикада кең қолдау таппады, сондықтан шағын кәсіпкерліктің потенциалын толық жүзеге асыру үшін оның барлық формаларын пайдалану қажет.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың отандық тәжірибесі кабылданған нормативті-құықтық актлер көмегімен және оларды іске асыру нәтижелері бойынша зерттелді. Тұтастай республикада шағын кәсіпкерліктің даму аралығын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең (1997-200 жылдар) елдің осы секторының қалыптасуымен, нормативті-кұқыктық базаның құрылуымен сипатталады. Екінші кезең (2002 жыл және қазіргі кезде дейін) - кәсіпкерлік дамуьшың тұрақтану аралығы. Бұл кезеңнің басталуы «ҚР Үкіметінің 2002-2004 жылдарға бағдарламасын» қабылдауға негізделген, онда шағын кәсіпкерлік болашақтары үлттық экономиканы дамытудың жалпы жүйесімен кешенді түрде қарастырылады. Үшінші кезең - бұл экономиканың осы секторының тұракты өсу кезеңі, яғни экономикасы дамыған елдердің шағын кәсіпкерлігімен қол жеткізген әлеуметгік-экономикалык елшемдерге жету.

Экономиканын осы секторының он үш жылдық даму кезеңі шағъга кәсіпкерлікке қәсіпкерлік аймағында жұмыспен қамтылғандар санын он есеге үлғайтуға, өнім мен кызметтердің үнемі есуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Экономиканың осы саласының шаруашылық жүргізуші субъектілерімея өндірілетін өнім және кызметтер көлемдерінің өсуі бір жағынан оны қарқынды несиелеуге байланысты. Кәсіпкерлердің өздерінің айналым қаржыларьк; толықтыруға, қажетгі жабдықты сатып алуға мүмкіндіктері туындалдь у Жұмыста салынған несиелердің әр теңгесімен осы салада болатын өзгерістерді анықтау бойынша зерттеулер орындалған, яғни несиелік қаржылар мен кәсіпкерліктің даму деңгейін сипаттайгын көрсеткіштер арасындағы сандыа, өзара байланысты анықтау.

Есепті шешу нәтижесінде келесі нәтижелер алынды:

1 . ШКС-мен өндірілген, енім мен қызметгер көлемі және несиелер сомасы мен қайта қаржыландыру ставкасы арасында:

у, =9910, 5+6, 04! - 291, 8х 2 (1)

2. ШКС-мен аударылған, бюджетке төленген телемдер жөне несиелер сомасы мен қайта қаржыландыру ставкасы арасында:

у 2 = 1457, О+О, ЗХ! - 34, 8х 2 (2)

З. Қызмет ететін ШКС-нің жалпы сандағы үлес салмағы және несиелер сомасы мен қайта қаржыландыру ставкасы арасывда:

у 3 = 98, 47+0, 0053х, -1, 206х 2 (3)

Алынған тәуелділіктерден көріп отырғандай, салынған несиелер сомасының 1 млн. тг. өсуімен өнім мен қызметтер көлемі 6, 0 млн. тг. үлғаяды, ал қайта қаржыландыру ставкасының бір пайызға өсуімен өнім мен қызметтер көлемдері 291, 8 млн. тг. азаяды. Өз кезегінде шағын кәсіпкерліктің дамуына жұмсалған несиелер сомасының 1 млн. тг. есуі ШКС-мен аударылған төлемдерді 0, 3 млн. тг. жоғарылатады, ал қайта қаржыландыру ставкасының бір пайызға өсуі бюджетке аударылған төлемдерді 34, 8 мың тг. төмендетеді. Жұмсалған несиелер сомасынын 1 млн. тг. ұлғайуы қызмет ететін ШКС-рі санынын олардьщ жалпы санындағы үлесін 0, 0053% артгырады, ал қайта қаржыландыру ставкасының бір пайызға өсуімен қызмет ететін ШКС үлес салмағы 1, 206% төмендейді. Берілген тәуелділіктерді тек өңірлік деңгейде пайдалануға болады. Сонымен, несиелік қаржылардың бір тецгесі ендірілетін өнім мен қызметгер көлемін 6, 0 теңгеге, бюджетке аударылатын төлемдерді 0, 3 теңгеге ұлғайтады, ал 1, 0 млн. тг. сомасындағы несиелік қаржылар жиырмадай шаруашылық жүргізуші субъектілерге өзінің өндірістік-шаруашылық қызметін жандандыруға мүмкіндік береді. Мұндай нәтижелерге ШКС үшін қайта қаржыландыру ставкасы қолайлы болған кезде жетуге болады.

Дамуындағы жағымсыз тенденцияларды көрсетпесек Республикада шағын кәсіпкерліктің даму жағдайы толық болмайды:

1000 тұрғынға шаққанда шағын және орташа кәсіпорындардың саны төмен болуы - 9, 3 бірлік, соның ішінде шағын кәсіпорындар - 8, 5, ол экономикасы дамыған елдердегі көрсеткіш деңгейінен 2-9 есе төмен; Республика өңірлері бойынша ШКС ұтьмсыз орналасуы. 2003 жылдың басына ШКС көпшілігі жалпы саннан 18, 4%, Оңтгүстік Қазақстан облысында, ең аз 2, 1% Маңғыстау облысында шоғырланған; аймақтар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұтымсыз таралуына жұмыспен қамтылған жұмыскерлер санының. бөлінуіндегі кемшіліктер де ықпал етті. 2003 жылдың басына шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің ең көбі жалпы санынан алғанда 14, 8% Алматы қаласында шоғырланған, жұмыспен қамтылғандардың ең аз үлесі Маңғыстау облысында - 2, 1%;

Республика кәсіпкерлерінін біразына жеке кәсіпкерлік тартымды болып қалуда. 2003 жылдың басына шағын кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандардың үлесі 49, 2%, жеке кәсіпкерлікте - 50, 8% тең болады; шағын кәсіпкерліктегі жұмыс бастылық деңгейі жұмыссыздық проблемаларын шешуге және қоғамдағы әлеуметтік шиеленісушілікті жоюға көмектеспейді. 2003 жылдың басында экономиканың осы аймағында ел экономикасында жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 21, 0% жұмыс істеді, ол экономикасы дамыған елдердегі қол жеткен деңгейден 2, 4-2, 9 есе төмен;

шағын кәсіпкерлік жұмыскерлерінің жалақысының едәуір дифференциялануы байқалады;

Республиканың ЖЮ-гі ШКС-мен өндірілген енім мен қызметтердің көлемдері экономикасы дамыған елдердегі қол жеткен керсеткіштерден 3 есе төмен, және де ең үлкен үлес салмағы 46, 3% сауда-делдалдық операцияларға тиеді, ал өнімнің маңызды түрлерінің үлесі 21, 4%, ол сауда-делдалдық операциялар үлесінен 24, 9% төмен;

Республиканың жалпы йрісіндегі ІІІКС-ң қызметінен түскен төлемдердін үлесі 10% аспайды, ол сондай-ақ экономикасы дамыған елдердегі қол жеткен нәтижелерден 3-4 есеге төмен.

Сонымен, қол жеткен табыстарға қарамастан, Қазақстанда шағын кәсіпкерлік нарықтық экономиканың тиімді бәсекелестік қүрылымының талаптарына сай емес, ол шағын кәсіпкерліктің даму жолының басында пайда болып, қазіргі таңда да бар, тез шешуді талап ететін проблемаларға негізделген.

Елдегі шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейтін, аталған проблемалардың арасындағы ең маңыздысы 1991-1996 жылдардағы экономиканың осы саласының дамуы туралы нақты ақпараттың болмауы болып табылады, бұл кәсіпкерлік құрылымдарының қызметін терең талдауғг мүмкіндік бермейді. Біздің жағдайда, ресми статистикалық базаның сапасы объективтік және субъективтік шарттарға байланысты. Объективті себептерге шаруашылық жүргізуші субъектілер есептерін бұрмалануын, субъектілерді экономиканың осы секторына жатқызудың бағалау өлшемдерінің тұрақсыздығын жатқызуға болады. Субъективтік себеотерге ҚР статистика жөніндегі Агентгік және белгілі бір уақыттар аралықтарында елдегі шағын кәсіпкерлікті тікелей тексеретін ұйымдар берілетін алғашқы статистикалык ақпараттың арасындағы өзгешеліктер жатады. Оларға экономика және сауда Министрлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаментін, стратегиялық жоспарлау және қайта құрулар жөніндегі Агентігін, ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттігін, индустрия және сауда Министрлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Комитетін жатқызуға болады.

Осыған сәйкес, экономикалық әдебиеттер мен диссертациялық жұмыстарда ШКС-рі қызметі туралы едәуір қайшы келетін ақпарат берілді. Сонымен қоса, ақпараттық база шаруа (фермерлік) қожалықтары мен жеке тұлғалар жұмысының нәтижелерін назардан тыс қалдырып, негізінен тек шағын кәсіпорындардың қызметін қамтыды.

Статистикалық акпаратгы талдау 1997-2001 жылдар аралығында ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттігінің мәліметтерін пайдалану қажеттілін көрсетті. Бұл ақпарат барлық шаруашылық жүргізуші ШКС, соньвд ішінде заңды және жеке тұлғалары қызметінің нәтижелерін қамтыды. Берілген Агенттіктің ақпараты, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдері беретін, есептілік мәліметгеріне негізделеді.

Берілген Агенттіктің ақпараты" Республикадағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000, 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын дайындауда, 2000 жылы кәсіпкерлер форумындағы ел басы баяндамасында пайдаланылды. 2002 жылдан бастап, ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметгерін пайдалану үсынылады.

Екінші жағынан статистикалық ақпараттың күмәнділігі ШКС-н нақты жіктемесінің болмауына негізделген. Қазіргі кезде ресігубликаның ШКС шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер (жеке тұлғалар) болып табылады. Біздіқ зерттеулерімізде шағыв кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жіктемесі толықгарылып дәлелденген, ол мемлекет заңдарымен бекітіліп, бағалау өлшемдері бойынша орындалған (сурет 1) .

Ұсынылған жіктемеде, халықтық кәсіппен айналысатын жеке кәсіпкерлер жеке топқа бөлінген - қоленершілер. Бұл қазақ халқынын салт-дәстүрлерін жаңдандыруға, қолөнершілер өнімі мен қызметтеріне сұраныстың тұрақсыздығымен, берілген ШКС қолайлы нормативті-кұқықтық базаны кұру қажеттілігімен, арнайы салық жеңілдіктерін берумен түсіндіріледі. Сонымен катар, біз жұмыскерлер санына байланысты кәсіпорындарды дифференциялауды ұсындық: микрокәсіпорындар - 10 адамға дейін, ұсақ - 11-ден 25 адамға дейін және шағын кәсіпорындар - 26-дан 50 адамға дейін, бұл кәсіпорындардың әр тобы үшін, олардың салалық тиістілігіне карамай, нормативті-қүқықтық актлерді мақсатты түрде дайындауды камтамасыз етеді.

Шағын кәсіпкерліктің келесі проблемасы аймақтарда экономиканың осы секторының даму деңгейін бағалаумен байланысты. Мұндай бағалауды кәсіпкер өз бетінше орындай алмайды, арнайы дайындамаларды жүргізу қажет, ол ғалымдардың жұмыс зерттеулерінің бір бағыты болып табылады. Берілген бағалау тек жеке алынған кәсіпкерге ғана емес, сонымен қоса атқарушы өкіметтің әр түрлі органдары үшін де қажет.

Шағын кәсіпкерлікгщ шаруашылық жүргізуші субъектілері қызметімен тікелей байланысты проблемаларды анықтау үшін ғалымдар Жамбыл облысы кәсіпкерлерінің мониторингін жүргізді. Сұралған кәсіпкерлер, соның ішінде шағын кәсіпорындар жетекшілері, аймақта шағын кәсіпкерліктің дамуын тежеп тұрған сегіз негізгі проблемаларды көрсетті. Олар зерттеу объектісіне көрсететін әсеріне байланысты рангтерге бөлінді. Рангтерге бөлу нәтижелері 2 суретте көрсетілген. Белгілерді бөлу гистограммасына сәйкәс, облыстағы ШКС кездесетін проблемаларды, рангтер сомасы бойынша екі топқа бөлуге болады: бірінші топ - облыс шағын кәсіпкерлігінің дамуына кедергі болатын проблемалар, рангтер сомасы 450 баллға дейін; екінші топ - облыс шағын кәсіпкерлігінің дамуына кедергі болатын проблемалар, рангтер сомасы 450 баллдан жоғары. Проблемалардың бірінші тобы мәнділігі жағынан тез шешуді талап етеді.

Мониторинг нәтижелерін талдаудан көріп отырғанымыздай, көбіне өзінің негізгі қорына иелік етуші, облыс кәсіпкерлеріне алғашқы кезекте өзінің айналым қаржыларын қүру немесе толықтыру үшін несие қаржылары қажет (рангтер сомасының ең азы - 270, 0) . Бірақ несиені алу іс жүзінде мүмкін емес. Сауалнамаға жауап берушілердің жауабына қарағанда, кәсіпкерлердің 82% қажетті кепілдіктің жоқтығын, 56% пайыздық ставканың жоғары екендігін, 48% - несиелеу мерзімінің қысқа екендігін, 26% несиелер туралы ақпараттың жетіспейтіндігін айтады, ал 14% несиені алудағы қажетті қүжаттарды толтыру, түсіндіру және жинауда шенеуніктер тарапынан қажетгі қолдаудың болмауына наразылык білдіреді, 42% несие қаржыларын алудағы қажетті қүжатгарды жинаумен байланысты қиыншылықтарға кездесетіндігін хабарлады.

Екіншіден, бизнесмендер еліміздегі, онын, ішінде облыстағы жалпы экономикалық жағдайдьщ тұрақсыздығын көрсетеді (рангтер сомасы 300, 0) . Оған шағын кәсіпкерлік қызметіне байланысты жоғарғы қауіп тән. Қауіп бірінші кезекте халықтьщ төмен төлеу қабілетіне - 51%, ел экономикасының даму процессінің доллар курсына тәуелділігіне - 37%, инфляцияның орын алуына - 28%, кәсіпкерлікті ресмилендірілмеуне - 68% негізделген.

Кәсіпкерлер үшінші орынға өнімді еткізу проблемасын койды (рангтер сомасы 413, 5) . Ол бірінші кезекте халықтың төлем қабілетінің төмендігіне 51%, отандық енімнің қымбатгығына - 16%, жергілікті нарықтардағы үқсас шетелдік өнімнің болуына - 10% негізделген.

Тертінші орынға ІІІКС-рі жұмысына жергілікті өкіметтің атқарушы оргаидарынын тиісті баға бермеуін жатқызады, ол сондай-ақ оның дамуына кедергі болады (рангтер соммасы 413, 5) . Сонымен, ШКС-рі жұмысын бағалау республикалық, облыстық, аудандық деңгейлерде және жеке алынған субъектіде жүргізілуі қажет (52%) . Мұнымен қоса, шағын кәсіпкерліктің дамуының қабылданған бағдарламаларынан алынған нәтижелердін әрбір деңгейде ел экономикасына қосқан үлесіне сәйкәс бағасы болу керек (48%) .

Бесінші орынға кәсіпкерлер салық саясатының жетілдірілмегендігін қояды (рангтер сомасы 497, 0) .

Алтыншы орынға мәнділік дәрежесі бойынша, кәсіпкерлер өнімді және қызметтерді өндіру іфоцесінің үздіксіздігін қамтамасыз етудегі шикізат және материалдармен жабдықтауға байланысты қиыншылықтарды қойды (рангтер сомасы 522, 5) . Осы өңірде өндіріс процесіне кедергі болатын негізгі себептері -шикізаттың қымбаттығы - 39%, қажетті шикізатгың жоқтығы - 30%, кәсіпкерлер сондай-ақ шикізаттарды жеткізу туралы кажетті ақпараттың болмауын айтады - 20%.

Жетінші орында, «ШКС-нің қызметіне органдардын бақылауы мен араласуы» тұр (рангтер сомасы 558, 5) . Барлық рангтер шенеуніктердің қьізметі бір жағынан облыстағы шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді, бірақ, екінші жағынан жиі тексерулер 56%, қызмет орнын дұрыс пайдаланбау 16%, олардың істі жете білмеуі - 16%, және де күшпен алу фактілері - 13% шағын кәсіпорындар жұмысын қиындатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік менеджмент және оның ерекшеліктері
Шағын және орта бизнестің мақсаттары
Шағын және орта бизнес үшін қаржы ұйымдастыру ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы менеджменттің ролі
Менеджментгің басты ерекшелігі банк жүйесі шеңберіне банктік процедураларды ұйымдастырудың және экономикалық процестерді басқарудың бірегей технологиясын дамыту
Мемлекеттік органдардың тиімділігі
Банктік тәуекелді басқару
Қонақ үйлердің қазіргі замандағы классификациялық жүйесі
Сервис саласындағы кәсіпорынның менеджмент ерекшеліктері туралы ақпарат
Шағын және орта бизнестің қаржы менеджментін ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz