Халықты әлеуметтік қорғаудың ғылыми теориялық негіздері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1. Халықты әлеуметтік қорғаудың ғылыми теориялық негіздері.
- Әлеуметтік қорғау түсінігі, қажеттілігі мен функциялары . . . 6
1. 2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оны жүзеге асыру принциптері . . . 10
1. 3. Халықты әлеуметтік қорғаудың шетелдік тәжірибесі . . . 13
2. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайын және негізгі көрсеткіштерін талдау.
2. 1. ОҚО бойынша халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі жағдайын талдау . . . 20
2. 2 Ардагерлер, мүгедектер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын талдау . . . 30
3. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру бағыттары.
3. 1. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік сфераның даму жолдары . . . 34
3. 2. ОҚО бойынша халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары және күшейту мәселелері . . . 39
Қорытынды . . . 44
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 47
Кіріспе
Бүгiнгi күнде тұрғындардың әлеуметтiк экономикалық жағдайы маңызды мәселелердiң бiрi. ҚР-ның маңызды мақсаттарының бiрi - әлеуметтiк мемлекет құру. Елiмiздiң әлеуметтiк экономикалық дамуы, өркендеуi әлеуметтiк қызметтердi iске асыру саласына толығымен байланысты.
Әлеуметтiк экономикалық әл -ауқатты сипаттайтын көрсеткiштер: кедейшiлiк, жұмыссыздық, табысы, жалақысы, зейнетақысы, ең аз күнкөрiс шамасы және т. б.
Елбасымыз айтқандай еліміздің дамуының көзі - бұл халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жоғарылауымен сипатталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен орта білім алуда балаларды кең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін күнделікті өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес үздіксіз жаңарумен қамтамасыз етуші жекелеген әлеуметтік топтар мен тұлғалардың, қоғамның қажеттілігін ескере отырып, жұмысшы кадрларды және мамандарды жоғары тиімді, бәсекеге қабілетті түрде дайындау мен қайта дайындауды қоғам талап етеді, ал қоғамның кейбір мүшелері әлеуметтік қорғауды қажет етеді.
Қазақстанда әлеуметтік саясатты қалыптастыру процессі тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың жаңа түрлерін оларды іске асырудын берік тетіктерін іздестіруді, сонымен қатар әлемдік үлгілерге сай болуды талап етеді. Нарықтық реформа әлеуметтік қорғау жүйесін құратын нарықтық құрылымдарға келуді және одан туындайтын қажетті экономикалық өзгерістерге оның дамуына кедергі жасамауды талап етеді.
Бұл жағдайды қамтамасыз ету үшін нақты бағдар және тактикалық сипаттағы стратегиялық мақсаттар болуы тиіс. Бұндай жүйені қалыптастыру әлеуметтік саясатты қайта қарастырумен және бірінші кезекте әлеуметтік қорғау субъектілерінің қызметін өз-ара қайта бөлумен байланысты болады.
Әлеуметтік қорғаудың мақсаттары бір жағынан белгілі бір себептерге байланысты қолайсыз жағдайда қалғандарды қорғауда болса, келесі жағынан қоғамды әлеуметтік қатты наразылықтан әр түрлі деструктивтік оның ішінде экономикалық ортадан туындайтын әсерден қорғауда болады. Әлеуметтік проблемаларды аумақтар деңгейінде шешу проблемалары үкіметтің негізгі мақсаты болып табылады.
Әлеуметтік қорғаудың аумақтық жүйесін жетілдіру әлеуметтік реформаларының негізгі бағыты болуы тиіс, себебі тек аумақ денгейінде ғана олардын әлеуметтік -экономикалық, табиғи -демографиялық, экологиялық және басқада ерекшеліктерін толық түрде есепке алуға болады, ал оларды орындау оларды қанағаттандыратын тәсілдер мен ұсыныстарды түзеу арқылы мүмкін болмайды.
Ерекшеліктердің болуы, әлеуметтік қорғаудың ауырлығын мемлекетпен аумақтарға ауыстыруды аумақтық саясаттың мәнін көтеруді талап етеді. Осыған орай қалыптасатын үрдісті зерттеу әлеуметтік қорғаудың аумақтар деңгейінде қалыптасуының және жетілуінің жолдарын іздеудің қажеттілігін мойындайды.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың үрдісін және заңдылығын іздестірудің жолдарын анықтауды көздейді және олардын негізінде әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік және аумақтық деңгейдегі қызмет ету тетігін және әлеуметтік қорғаудың басты проблемаларын зерттеу болып табылады. Сонымен қатар халықты әлеуметтік қорғауды күшейту мәселелерін талдай отырып, бүгінгі таңдағы әлеуметтік сфераның даму жолдары мен негізгі бағыттарын қарастырады.
- Халықты әлеуметтік қорғаудың ғылыми теориялық негіздеріӘлеуметтік қорғау түсінігі, қажеттілігі мен функциялары.
Әлеуметтік қорғау - бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
- Тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
- Негізгі әлеуметтік қателердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
- Халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
- Азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуі.
Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері, әдетте:
- Мемлекеттік жәрдемақылар;
- Міндетті әлеуметтік сақтандыру;
- Жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;
- Әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды деген қорытынды жасауға болады.
Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір деңгейде қамтамасыз етуге арналған.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың зейнетақы жинақтарын жасау процесін реттеуге арналған.
Әлеуметтік көмек азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттің қаражаты есебінен қосымша қорғауға арналған.
Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін құруды қолға алуға мүмкіндік беріп отыр.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау.
Әлеуметтік сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін шешуші ұзақ мерзімді басымдық болып табылады.
Қоғамда тұрақты қалыптасып отырған бірқатар анықтамаларға тоқтала кеткен жөн.
Кедейлік - бұл халықтың белгілі санаты алғашқы кезектегі қажеттілігін қанағаттандыруда қиындық көретін және қоғам өміріне қатысу мүмкіндігінен айрылған әлеуметтік - экономикалық құбылыс.
Кедейлер - бұл кедейлік шегінен төмен немесе соған тең орташа жан басылық табыстары бар азаматтар санаты.
Кедейлік шегі - кірістің адамның ең аз қажетін қанағаттандыру үшін қажетті шегі. Кедейліктің шегі ең төменгі күн көріс деңгейі негізінде белгіленеді және аз қамтамасыз етілген адамдарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсету кезінде өлшем ретінде пайдаланылады.
Атаулы әлеуметтік көмек - белгіленген кедейлік шегінен төмен айлық орташа жан басы табыстары бар адамдарға мемлекет ұсынатын төлем
Сурет 1. Әлеуметтік қорғау функциялары
Экономикалық функция - тұрғындардың өмірлік деңгейін көтеру үшін тұрақты экономикалық өсуге бағытталған.
Әлеуметтік функция - адамның өмірлік деңгейін жақсы тұрмысын жоғарылатуға әлеуметтік қорғауды бағыттау, халықтың әлеуметтік осал бөлігін өмір сүру кепілдігін қамтамасыз ету болып табылады.
Талдамалық функция - халықтың өмірлік деңгейін жүйелік талдауды аштық пен өзге де әлеуметтік салдарлар үшін әлеуметтік көмекке мұқтаж топтарды, аумақтарды анықтау мақсатында қолданылады.
Технологиялық функция - барлық еңбек сияқты әлеуметтік қорғау белгілі бір кезеңдерден, операциялардан құралатын технологиялардан тұрады.
Ақпараттық функция - азаматтарға өзінің қызығушылығын қорғау бойынша адамның құқықтары мен мүмкіндіктері туралы, Қазақстанның және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы олардың нәтижелері туралы толық және сенімді ақпараттарды ұсыну кепілдігінің жүйесін құруға бағытталған.
Еңбек функциясы - бұл нақты мақсаты, заты және құралы болатын нақты еңбек. Әлеуметтік қорғау функциясын орындайтын әлеуметтік институттар жоғары біліктілікті еңбек ресурстарымен қамтылуы тиіс.
Әлеуметтік қорғау функциясы - нақты әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Қазақстанда өтпелі кезеңде ең алдымен әлеуметтік қорғаудың құндылықты функциясы өзіндік күшке бағытталады. Нарықтық қатынастарда халыққа қойылған жағдайды жанға бататындай бастан кешіруге мүмкіндік беретін ерекше қызметті өтемақы функциясы алады. Көптеген өркениетті елдерде белсенділікті ынталандыру функциясы орындайды. Ынталандыру барлық әлеуметтік топтар және азаматтар өзіндік экономикалық жағдайларын жасауға бағытталған. Сонымен бірге, бейімдеуші функциясы жаңа қоғамдық нақтылыққа халықтың әр қилы санаттарын бейімдеуді қамтамасыз етеді
1. 2 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және оны жүзеге асыру принциптері.
Бұл жүйе өзара байланысқан элементтер жиынтығын, нарыққа өтудің өтпелі кезең қиыншылықтарын жеңілдетуге, сонымен қатар барлық халық топтарының іскерлік белсенділігін ынталандыруға бағытталған. Ең алдымен әлеуметтік қорғау жүйесі қоғамның ең қорғансыз бөлігі - қарттар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жетімдер, ауруларды қорғауды көздейді. Бұл зейнетақыны индексациялау, жәрдемақыны, түскі астар беру тағы басқадай көмек түрлері жолымен жүзеге асырылады. Аталған қоғамдық топтарды қолдау үшін қайырымдылық қорлар мен ұйымдардың, мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындардың, жеке азаматтардың көмегі маңызды рөл атқарады.
Екіншіден, мемлекеттік сектордан босаған жұмысшыларды қабылдай алатындай ұсақ және орта кәсіпорындардың дамуына мемлекет қажетті шараларды жасауға мүдделі және міндетті.
Үшіншіден, мемлекет, одан кейін кәсіпкерлік құрылымдар, мамандықты ауыстыру немесе жұмыстан босатудың өндірістік немесе экономикалық себептеріне байланысты белгілі мөлшерде материалдық ресурстар шығындарын көтеру қажет.
Төртіншіден, мемлекет, жалпы адамдық мораль қалыптарына, салт-дәстүрге, мәдениетке және т. б. қайшы келмейтін заңдар жүйесін жасап, олар өз кезегінде әр азаматқа тіршілік түрін таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
Әлеуметтік қорғаудың экономикалық, саяси, құқықтық механиздерінің негізінде әр түрлі принциптер (қағидалар) жатады. Бұл принциптер мемлекеттің өзінің азаматтарының өмірлік деңгейін қолдауда жауапкершілік дәрежесін көрсетеді.
Нарықтық экономиканы әлеуметтік бағыттау жағдайында әлеуметтік қорғау жүйесі келесі принциптерге сүйенеді және оларды келесідей бөлуге болады: жалпы, арнаулы
Сурет 2. Әлеуметтік қорғаудың принциптері.
а) Экономика мен саясатты әлеуметтік қорғау жүйесінің өзара байланыстыру принциптері.
Жалпы тарихымыз көрсеткендей, кедейшілікпен күресудің негізгі қаруы орташа тұтыну деңгейін өсуге мүмкіндік беретін экономикалық өсу мен минималды өмірлік деңгей болып табылады. Саясаткерлер кедейлерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша шараларды анықтайды, ал өз кезегінде кез келген өкіметтің тағдыры әлеуметтік орта мен жалпы экономикада іс-әрекет жағдайына байланысты.
ә) Әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылуы мен дамуының баяулық принципі.
Дамыған елдердегі қолданылып жатқан әлеуметтік қорғау жүйесі- ұзақ жылдардағы дамудың нәтижесі. Олардың қалыптасуы эволюциялық жолмен жүзеге асырылады. Көрсетілетін әлеуметтік көмек көлемінің ұлғаюы экономикалық өсумен бірге жүреді. Сондықтан да ұзақ уақытқа еркін және қоғамдық құрылысты сақтап қалу үшін әлеуметтік саясаттың еркіндігін бекітуге ұмтылуға тырысу керек.
б) Әлеуметтік қорғау жүйесін құру кезіндегі баламалық принципі.
Бұл принцип әлеуметтік қорғау жүйесін құру кезіндегі оның жеке құраушыларының негізінде (қаржыландыру, ұйымдастырушылық құрылым, әлеуметтік қорғауға жататын тұлғалар шеңбері, әлеуметтік қорғаудың көлемі мен фомасы) “маневрдың” еркіндігінде көрсетіледі. Бұл құраушылар өзара тығыз байланысты және оларды бөліп қарауға болмайды.
в) Өкілеттіліктердің шектілік принципі.
Әлеуметтік көмек мемлекеттік, аймақтық және жергілікті деңгейлерінде жүзеге асырылады.
г) Әлеуметтік қорғау жүйесінің өзін-өзі басқару принципі.
Оның мәні мынада: өзін-өзі басқару органдарының тікелей мемлекеттік басқару жүйесінен бөлінуі, яғни әлеуметтік қорғау жүйесі құралдарының мақсатты қолданылуы мен қоғамдық шиеленістердің әлсіреуін жүзеге асыру.
д) шығындарға қатысу принципі.
Белгілі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру азаматтардың жеке құралдарының қатысуымен іске асырылады.
е) превенция принципі.
Әлеуметтік көмекті беру қажеттілігінен құтылу үшін апатты әлеуметтік жағдайдың туындауын ескерту (денсаулық сақтауда алдын-алу шаралары, өндірісте қайғылы оқиғаны болдырмау, әлеуметтік оңалтулар) .
ж) сақтандыру принципі.
Сақтандыру - нарықтық экономика жағдайында халықты әлеуметтік қорғаудың ең тиімді құралы. Адамдар мүмкін немесе болмай қоймайтын сипатты жағдайларды алдын ала жеткілікті ойламайды. Олар жиі жағдайларда мұндай жағдайлардың өршуіне байланысты істелінетін толық шығындар көлемін дер кезінде таба алмайды және ақша қаражаттарын жинамайды немесе жиналған қаржы жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан мемлекет жұмыскерлерді сақтандыру бағдарламалары арқылы мәжбүрлі сақтандыру жолымен жағдайды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Ал әлеуметтік көмекті қаржыландыру арнайы сақтандыру төлемдері есебімен іске асырылады.
з) бірыңғай әлеуметтік кеңістік принципі.
Мемлекет халықты әлеуметтік қорғауда бірыңғай стандарттар жасап, еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақылар, стипендиялар, медициналық қызметтер, білім беру, экологиялық қорғау мәселелерін құқықтық база негізінде амалға асырады.
и) әлеуметтік қамсыздандыру принципі.
Салықтар есебінен әлеуметтік жәрдем көрсету, мәселен соғыс құрбандарын немесе балаларды қамсыздандыру.
- Халықты әлеуметтік қорғаудың шетелдік тәжірибесі және аймақтық моделін қалыптастыру
Қазіргі заманғы модельдерді классификациялау кезінде әлеуметтік қорғаудың әртүрлі негізде қалыптасатынын байқауға болады.
Әлеуметтік қорғаудың келесідей модельдерін қарастырамыз.
Маргинальды модель.
Бұл АҚШ-тың қолданатын моделі болып табылады. Маргинальды модельдің негізінде қоғамның 2/3 бөлігі өздігінен қажеттігін қамтамасыз ететін және халықтың қамтылмаған бөлігін қолдайтын американдық қоғам жатыр.
Берілген модель тарихи жағдайда қалыптасты. Модельде ұлттың менталитетінде қалыптасқан қоғамның құрылуының ерекшеліктері көрсетіледі, яғни, жекелік көзқарас, өзіндік күшке тіреу, американдық тұрғындардың мемлекеттік құрылымдардың күштеуін төмендетуге ұмтылады. Әлеуметтік қорғаудың бұл моделі күрделі болғанымен, өте икемді келеді. Оның негізгі ерекшелігі - орталықсыздандырылу болып табылады. Ол федералды немесе штаттардың заңдылықтарымен қабылданған әртүрлі бағдарламалардан тұрады.
АҚШ-тағы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі 2 негізгі нысанда жүргізіледі: әлеуметтік сақтандыру мен мемлекеттік көмек. Ол бір-бірімен қаржыландыру көздері бойынша ажыратылады. Әлеуметтік сақтандыру бойынша төлемдер әлеуметтік сақтандыруға мақсатты салықтар есебінен жиналған сақтандыру қорларынан төленсе, мемлекеттік көмек бюджет қорлары есебінен төленеді.
Жұмыссыздық бойынша сақтандыру федералды-штатты негізде жүзеге асырылады. Жұмыссыздық бойынша сақтандырудың жалпы принциптері федералды заңмен бекітілсе, штаттардың заңдары сақтандыруға жататын тұлғалар категорияларын, жәрдемақы мөлшерін және төлеу ретін анықтайды. Жұмыссыздық бойынша сақтандыру қорлары кәсіпкерлердің еңбекақы төлемдеріне пайыздық қатынасымен анықталатын мөлшерде қалыптастырады. Мемлекеттік көмек жүйесі отбасылар мен тұлғалардың табыстары кедейлік шегінен төмен болғанда төленеді. Көмекке адамдар арнаулы салықтар төлемейді. Бұл көмекті алушылардың 20 пайызы зейнеткерлер, 50 пайызы көп балалы отбасылар.
Кедейлер үшін жәрдемақы мөлшері сақтандыру жүйесі бойынша төлемнен орташа алғанда 3 есе төмен .
Мемлекеттік көмек шеңберінде бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылады: кепілді табысты қамсыздандыру бағдарламасы, балалы отбасыларға көмек бағдарламасы, өндірістік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы. Республикалық партиялардың өкімет басына келу жылдарында әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің реформасы туралы заң қабылданды. Оның негізгі мақсаты - мемлекеттік көмектен бас тартуды ынталандыру.
Қайта үйлестіру моделі.
Бұл модельдің американдық модельдерден ерекшелігі, ол әлеуметтік әділдік пен ынтымақтастыққа сүйенеді және халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын біріктіру, табыстарын теңестіруді көздейді .
Шведтік модель тұрғысынан қарағанда, өндірістің орталықсыздандырылған нарық жүйесі тиімді, мемлекет фирмалардың өндірістік әрекетіне араласпайды, ал еңбек нарығындағы белсенді саясат нарықтық экономикада әлеуметтік шығындарды төмендетуі қажет. Оның мәні, жеке сектордағы өндірістің максималды өсуінен мемлекеттің салық жүйесі арқылы неғұрлым көп пайданы халықтың өмірлік деңгейін көтеруге бағыттау болып табылады.
Әлеуметтік саясатта 2 басты мақсат бар: толық жұмысбастылық және табыстарды теңестіру. Толық жұмысбастылықтың мақсаты ретінде жұмысбастылықты қолдау, жұмысшы күшін қайта даярлау мен жоғары кәсіби оқытуға басымды назар аударылады. Табыстарды теңестіру табыс салығының прогрессивті жүйесінің әрекеті нәтижесінде іске асады. Халықтың ересек жұмыспен қамтылғандардың үлес салмағының өсуі бойынша Швеция әлемде алғашқы орынға ие. Табыспен қамтамасыз ету үшін күресудің келесі түрі - пассивті көмек, жәрдемақылар.
Ресми мәліметтер бойынша әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің мақсаты - науқасқа медициналық көмек көрсету, қарттық, қайғылы оқиға, өндірістік себептер бойынша науқастану және жұмыссыздық жағдайында адамды экономикалық қорғаумен қамтамасыз ету
Әлеуметтік сақтандыру жүйесі кәсіпкерлердің жалдамалы емес жұмыскерлердің жарналарынан пайыз бойынша табыстарынан құралған мемлекеттік және жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Әлеуметтік сақтандыруда 3 негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады: науқастық бойынша сақтандыру жүйесі, міндетті медициналық сақтандыру, ұлттық зейнетақы жүйесі. Ал жергілікті басқару органдар тарапынан тұрғын үй жәрдемақысы беріледі . Көптеген елдерде ұлттық әлеуметтік қорлар жұмыс берушілер мен жұмыскерлер жарнасынан қалыптасса, Швеция бұл жарналарды тек жұмыс берушілер, ал Дания әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру негізінен мемлекеттік қорлардан жүзеге асырады (кесте 1)
2006 жылы Еуро одақта әлеуметтік қамсыздандыру қорларына заңдылықтармен қарастырылған жарналар (жалпы табысынан %)
Кесте 1.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты теңдікті қамтамасыз ету болып табылады және бұл мақсат нарықтық экономикалық елдерде әртүрлі жүргізіледі. Соның ішінде, Германияда әлеуметтік саясатты келесі бағыттар арқылы жүзеге асыру жөн деп есептейді: жұмыскерлерді қорғау - еңбек нарығын реттеу - басқаруда жұмыскерлердің құқығын қорғау - әлеуметтік қорғау жүйесін құру - әлеуметтік көмек - тұрғын үй саясаты - жанұяны қорғау, жастар мен қарттарға жәрдем беру - орта кластарға әлеуметтік қолдау, сонымен бірге тұтынушыларды қорғау. Егер өтпелі экономикалы ел үшін ұзақ мерзімді басымдықты әлеуметтік саясат өңделсе, онда екі негізгі бағытты бөліп көрсету керек: еңбек қатынастарын реттеу және кедейлік шегіндегі тұлғаларға ең төменгі күн көріс деңгейін қамтамасыз ету.
Германияда ұзақ уақыт бойы табысы төмен тұлғалар мемлекеттен ақшалай субсидиялар алған, бірақ бұл субсидиялар мүлікті иеленуге емес, ақшалай салымдарды құру үшін қолданылады. Қоғамның басты міндеті - ауыр материалдық жағдайға ұшыраған адамды қорғау болып табылады. Бұл мына жағдайларда туындауы мүмкін:
- Егер адам денсаулығына, қайғылы жағдайға, жұмысты жоғалтуына немесе қартаюына байланысты табыстың бір бөлігінен немесе барлығынан айырылғанда;
- Егер адам жалғыз асыраушысынан айырылса және т. б.
Әлеуметтік сақтандыру жүйесі ең алдымен адамдарға жоғарыда көрсетілген жағдайларда көмектесуге мүмкіндік береді. Материалдық жағдай басқа да нашарлауы мүмкін:
- егер семьяда балалар болса, түскен кіріске оларды асырауы керек;
- азамат төтенше жағдайлар салдарынан қатты зардап шегуі мүмкін. Мұндай жағдайда Германияда (және басқа елдерде) жанұяны қолдау жүйесі белгіленеді (балаларға арналған жәрдемақы, салық жеңілдіктері) және дамыған әлеуметтік (компенсация) өтеу жүйесі (соғыста құрбан болғандардың өтемі және соғыста қайтыс болғандардың отбасы мүшелеріне өтем) .
Адамға көмек тек қана ол өзін асырай алмағанда берілуі керек, бірақ мүмкіндігінше адам өзін-өзі қанағаттандыруы қажет.
Екінші міндет - мұқтаж адамдарға көмек жоғарыда көрсетілген мысалда тек белгілі себептермен әлеуметтік жағдай нашарлағандағы жағдайға жатады. Материалдық көмек, адамның кедейлік шегінде болғанына қарамастан беріледі. Бірақ бұл жүйе барлық жағдайды қамти алмайды. Сондықтан кедейлік шегін белгілеу үшін “төмен күн көріс” шегі белгіленеді. Егер адамдар төменгі күн көріс шегі болмаса, өзін-өзі асырай алмаса және көмектесетін ешкімі болмаса, онда ол көмек алады, алайда, төменгі күн көріс деген не, кім және қандай түрде материалдық көмек алу керектігін анықтау керек. Америкада, мысалы, материалдық көмек көбінесе заттай, мысалы азық-түлік беріледі, ал Европа мемлекеттерінде (Германия) ақшалай беріледі.
Әлеуметтік көмекті жүзеге асыру принциптері:
Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру. Мұнда қаржыландырудың 3 моделін немесе принципін көрсетуге болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz