Инвестицияның және инвестициялық қызметтің теориялық негіздер


Мазмұны
КІРІСПЕ4
1 Инвестицияның және инвестициялық қызметтің теориялық негіздер6
1. 1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері, есептеу әдістері6
1. 2 Инвестицияның қызметі мен операциялары11
1. 3 Инвестициялық қызмет моделінің макроэкономикалық деңгейі15
2 Қазақстанға шетел инвестицияларын тарту тәртібі және оған талдау жасау20
2. 1 Шетел инвестициясын тартудың мәні мен приниптері. Шетел кәсіпорындарының инвестициялық саясаты20
2. 2 Шетелдің қаржы мекемелеріне инвестициялық басқаруды көрсететін қызметтер және оларды тиімді қолдану27
2. 3 Инвестициялық капитал миграциясының факторлары33
3 ШЕТЕЛ ТӘЖІРБИЕСІ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖЕТІЛДІРу52
қорытынды65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі67
Қосымша А Инвестциясының түрлері69
ҚОСЫМША Ә Қазақстан аумағындағы инвестицияға байланысты өзекті мәселелер мен шешілу жолдары70
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік - экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез - келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда әкеліп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.
Менің бұл «Шетел инвестициясын тарту және оны қолдану» атты дипломдық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.
Қазіргі кезде отандық экономикада баламалы нарықтық қатынастар орнату мақсатында инвестициялық тетігін әзірлеуде, ол мемлекеттік және жеке меншік формада инвестицияларын үйлестіріп, жеке фирма, компания немесе сала денгейнде, сонымен жалпы ұлттық экономика денгейімен қатар түрлі субъектілер арасында инвестициялық қызметтер көрсетуін ынталандыру болып табылады. Өйткені жузеге асырылып жатқан инвестициялық жобалары жалғастыру жұмыстары іске асырылуы тиімділігі немесе тиімсіздігі күнделікте бақлауда болуы міндетті. Аділетті бағалануы оған жұмысалған қаражаттары келешекте тауарлар сатылуынан және қызметтер көрсетуінен келіп түскен табыстар есебінен, кәсіпорын жобалайтын инвестициялық қайтарымдылақ мерзім шегінде, қажетті рентабелділік денгейін қамтамасыздандыру да, қайтарылуының сапалық және сандық сипатты дәрежесін білдіреді.
Шетел инвестициялары елімізге ғылыми-техникалық жетістіктерге және озат басқару тәжірибесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар материалды өндіріс саласына шетел инвестицияларын тарту қажетті жабдықтарды несиеге сатып алудан әлде қайда тиімді, өйткені олар жалпы мемлекеттік берешек көлемін көбейтеді.
Шетел капиталы ағындары келуі қысқа мерзімді мақсаттарға жетуде, қазіргі құлдырау жағдайнан шығуда және экономика өрлеуін қамытуда маңызды орын алады. Бұл мақсаттарды іске асыруда әрине елімізде қалыптастаған қоғамдық көзғарастары шетел инвесторларымен сәйке келмейді, сондықтан капитал тартуда олардың иелерінің ынталану қабылетін сақтай отырып өзіміздің қоғамдық мәселелерін шешу жолдарын іздестірген жөн.
Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестицияларын тарту және тиімді пайдалану бүгінгі күні мемлекеттер арасында ұтымды экономикалық байланыстарды орнату негізгі болып келеді. Шетел инвестицияларын тарту жолымен отандық экономиканың өндірістік құрылымын жаңғыртуға, жаңа жоғарғы технологиялық өндірісті орнатуға, негізгі қорларды жаңартуға және көптеген кәсіпорындарды техникалық қайтажарақтандыруға, білікті мамандарды оқытуға, ноу-хау, менеджмент және маркетинг жетістіктерін енгізуге, ішкі нарықты сапалы отандық өндіріс тауарларымен қамытуға осының негізінде шетел мемлекеттеріне экспорттау көлемдерін өсіруге қол жеткізуге болады.
Дипломды жұмыс тақырабының өзектілігі, отандық экономикаға шетел инветициялары объективты қажетті процес ретінде қаралады, өйткені еліміздегі қаржылық тұрақсыздықты жоюға мүмкіндік береді, макроэкономикалық денгейде стратегиялық және тактикалық мәселелерін шешеді, олардың ішінде инфляцияны төмендету, құрылымдық өзгерістер енгізу, салаларда технологиялық және басқару кемшіліктерін жоюға жол ашады.
Дипломдық жұмыс жазылу мақсаты - қазіргі кезде Қазақстан экономикасы дамуында шетел инвестициялары мәні мен атқаратын рөлін, сонымен қатар олардың тартылумен тиімді пайдалану мәселелерін зерттеу
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттері қойлады:
- инвестиция мәнін, түрлерін және атқаратын қызметтерін, сонымен бірге Қазақстанға шетел инвестициялары тартылу қажеттілігін қарастыру;
- мемлекеттің құрылымдық инвестициялық саясатын меңгеру;
- шетел инвестициясына әсер ететін факторларды анықтау;
- Қазақстан респбликасындағы қазіргі кездегі инвестиция қызметін талдау;
- шетел инвестициясын тартудың қзіргі кездегі себептері мен мақсатын зерттеу;
Зерттеу жұмысының объектісі - Қазақстан экономикасы.
Жұмыс жазудың әдістемелік негізі болып Қазақстан Республикасының құқықтық актілері, Қазақстанда инвестициялық процестің дамуындағы теориялық және қолданбалы мәселелерді шешуге өз үлесін қосқан ғалымдардың еңбектері, интернет жаңалықтары мен күнделікті басылымдар қаралды
Бұл дипломдық жұмыс үш бөлімнен, кіріспеден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 Инвестицияның және инвестициялық қызметтің теориялық негіздер
1. 1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері, есептеу әдістері
Инвестиция (латын. investire - салым, салым жасау) - табыс алу, меншік капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның қаржыдан күрделі айырмашылығы бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық құндылықтарға ғана салынбай, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады.
Батыс елдерінің экономикалық теория мектептері инвестициялық процесін былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар жатады. Инвестиция қайнар көзіне кәсіпорынның көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттік ақшалай қаржылары, яғни мемлекттік табыстары (салық, кеден салығы және т. б. ) жатады. Одан барлық шығындар алынып тасталады. Тұтынуға кеткен барлық ресурстар - жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, мәдени объектілеріне бағытталады, яғни капиталдық қорлануына жұмсалады.
Инвестиция теориясын ағылшын экономисті Дж. Кейнс өзінің «Еңбекпен қамту, процент және ақшаның жалпы териясы» (1936ж) еңбегінде қарастырады, онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде анықтайды. Құнды қағаздардың қозғалысы (мемлекеттік облигацияларды сатып алу сату) инвестицияға тікелей қатынасы болмайды. Инвестиция жүргізу тікелей тауарлық нарықпен байланысты. Инвестициялардың игіліктер нарығына қысқа және ұзақ мерзімдегі әсері бірдей болмайды. Қысқа мерзімде жасалатын инвестициялардың нәтижесінде игіліктер нарығында тек сұраныс өседі. Ұсыныстың көлемі өзгермейді, өйткені салынып жатқан объектілерден өнім мен қызметтер түрінде қайтарылым болмайды. Ұзақ мерзімді инвестициялардың әсерімен сұраныс та, ұсыныс та өзгереді.
Инвестициялар дәрежесі қоғамның ұлттық табысының көлеміне елеулі әсер етеді, оның динамикасы ұлттық экономиканың көптеген макропропорцияларына әсер етеді. Көпшілік халықтың жинақтары, инвестициялардың көзі болып табылады. Бірақ осы адамдар нақты игіліктердің өсуімен байланысты капиталдың салымын жасамайды. Қызмет жасайтын әр түрлі фирмаларда инвестицияның көзі болады. Осы жағдайда жинақтаушы мен инвестор бір тұлға болады.
Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижелі пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілі жұмсалған мүліктік және интелектік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдік экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады. [Қосымша А]
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.
Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік экономикалық потенциялын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті инвестициялық іс-әрекет деп аталады. ҚР-ның нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкерлік іс-әректі жатады.
Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.
Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар үлгісін қабылдайды. Инвестициялық жоба капиталдарды ұлғайту мақсатымен экономиканың әр түрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған - жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.
Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынандай кезеңдерден тұрады:
- инвестициялық ұғымды қалыптастыру;
- инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу;
- жобаны техникалық экономикалық негіздеу;
- жер көлемін алу немесе жалға алу;
- келісім құжаттарын дайындау;
- құрылыс - біріктіру жұмыстарын жүргізіп іске беру;
- объектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.
Инвестицияның тағы бір түрі қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары, кәсіпорындағы үлестік қатысулар, басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.
Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.
Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестицияның түрлері:
- табиғи активтерге инвестициялар;
- ақша активтеріне инвестициялар;
- материалдық емес активтерге инвестициялар қарастырылады.
Табиғи активтерге - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әр түрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.
Ақша активтеріне - басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде - депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, қарыздар, кепілдер.
Материалдық емес активтерге - фирмалардың жұмысшыларын қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарлату арқылы, сауда белгілерін жасау, патенттер мен лицензия алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.
Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынандай топтарға бөлінеді:
- Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын, өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау;
- Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты - өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту;
- Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталған.
Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін зейнеткерлікке шыққаннан кейін ақшалай қормен қамтамасыз етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін. [2; 184]
Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы инфляция қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін қалай анықтауға болады? Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны ма?
Ең тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс пайдалану тек оны банкке салып, процент алу ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.
Инвестициялық шешімге барғанда, онымен бірге инфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100. 000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90 мың теңге ғана болады.
Егер инвестор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.
Тағы бір мысал келтірейік. Сіз бір шаруашылық объектісін салуға 500 мың теңге салатын болдыңыз. Егер инфляция деңгейінің болжамы жылына 8% болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Онда мұндай әдіспен баруыңыз сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау тиімділі инфляция қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.
Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы салымының басындағы көлемін жобадан түскен пайда есебінен орнына келтіруге қажетті кезең.
Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда яғни, салықты алып тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны қосқандағы.
Пайданың жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі есептесулер. Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы инвестициялық шығынға қатынасын есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:
1) Жалпы пайда немесе салық алынатын, жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған пайда;
2) Таза пайда + жалпы инвестициялық шығынға жатқызылған амортизация.
Пайданың жай нормасының кемшіліктері болады:
а) негізге алатын белгілі бір жылды табу қыйын болады;
б) пайданың жай нормасы салықтық жеңілдік болған жылдарды есепке алмайды.
Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.
Мұндай есептің тәжірибелік мәні: егер өсу процентін өзгерте алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті болатын базалық соманы өзгерте аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге оңай болмаса, онда сіз жылма-жылға кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.
Үшінші варианттың мүмкіндігі бар: базалық сома да, процент те сізге байланысты емес. Онда сіз бәрібір, бірнеше жылдардан кейін барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант бойынша, өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл варианттан алдын-ала бас тарту керек те, инвестицияны басқа біреуіне салу керек болады.
Мына мысалды қарап көрейік. Сіздің старттық сомаңыз 1 теңге. Әр жұма сайын, бизнестің кірісі - 23%. Базалық сома 1250 теңгеге өсу үшін неше күн керек болады? Мұнда қажетті өсуге жеткенше инвестициялауды жүргізе береміз. Осындай есуге қол жеткізу үшін қанша уақыт керек болады, егер осы соманы басқа бір бизнесменге әр жұма төлемін 15% кредитке берсек?
Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен байланысты болады, өйткені уақыт анықтауды күшейте түседі, шығындардың орнын толтыру мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай түседі.
Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын есепке алу қажет яғни, шығындарды бағалау, түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның іске асуындағы экономикалық тиімділікті уақытша өзгерістерді есептей отырып, бағалау керек. Бұл операция шығындарды дисконттау деп атайды да, мұны әдетте бірнеше бара-бар варианттарға жасайды, яғни мезгілдегі шығындарды белгілі бір уақытқа келтіру процесі.
Дисконттаудың негізі болатыны қандай да болмасын сома келешекте алына ма, бүгінгі күнінде де объективті пайдалылығы төмен болады, егер осы соманы айналысқа салып кіріс әкелуге жұмсасақ, онда ол бір жылдан соң, екі, үш жылдан кейінде де сақталып қана қоймай, ол өсе береді.
Дисконттау арқылы қазіргі соманың ақшалық эквивалентін келешектегі алынатын сомадан анықтауға мүмкіндік болады. Ол үшін, келешектегі күткен соманы, күрделі процент ережесі бойынша, белгілі мерзімдегі өсетін табысқа азайту керек. Егер, біз бүгін 1 теңгені 10% жылдықпен инвестицияласақ, онда бір жылдан кейін біздің алатынымыз -100. 000 теңге х (100%+ 10%), немесе, сондай - 100. 000 теңгені х (1+0, 1) = 110. 000 теңге. Екі жылдан кейін: 100 000 теңге х (1 + 0, 1) х (1 + 0, 1) = 121. 000 теңге және тағы әрі қарай осылай. Мұндай капиталды инвестициялауды, одан алынған табыспен қоса, тағы да келесі кезеңдерде көп табыс алу үшін жүргізілген процесті "проценттерді қосу" деп айтады да, оны мына формуламен көрсетеді:
КС = БСх(п + г), (1)
мұндағы:
КС - келешектегі ақша сомасы (келешек құн) ;
БС - бастапқы (қазіргі, күнделікті) құны;
г - процент төлемі немесе табыс нормасы;
п - табысты қосып есептейтін жылдар саны.
Келешек ақша сомасы мен проценттік төлемді білу арқылы, осы формула бойынша, осы ақша сомасының қазіргі кездегі құнын анықтауға болады, алдыңғыдан шығатын. [17; 168]
Шетел инвестициясы Қазақстанға не үшін керек және қандай пайда келтіреді? Ірі инвестициядан алғашқы табысты ең кем дегенде үш-бес жылда ғана алуға болады. Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған Қазақстандағы инвестиция инвесторлар үшін ешқандай қызықты емес, өйткені олар қысқа мерзімді инвестицияларға мүдделі. Әлемнің бұл ауданында өз нарығын кеңейткісі келетін компанияларға Қазақстан керек. Алайда Қазақстанның өзі де шетел инвестицияларын қажет.
Бірінші кезекте, шетел инвестициялары бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар үшін берік валюта әкеледі.
Екіншісі және шетел инвестициясымен ере келетіндерің ең маңыздысы - технология мен кәсіпорын қызметкерлерін оқыту. Оқытылған жұмысшылар жақсы жұмыс істейді де, жоғары жалақы алады. Оның үстіне, оқытылған жұмысшылардың бизнесін ашу үшін жақсы мүмкіндігі бар. Оқыту - кәсіпкерлер қатарынан көбеюіне және шағын бизнестің қанат жаюына өріс ашады. Ақырында, қаншалықты қисыны байқалмаса да, инвестициясы елдің тәуелсіздігін нығайтуға қызмет етеді, Дербес жекешелендірудің жобасындағы бірінші оқиға болған темекі комбинатын Филип Морис компаниясының қолға алуы елге 300 млн. доллардың қолма-қол әрі инвестиция түрінде келуіне жол ашты.
Сөйтіп, инвестициялар - Қазақстан экономикасының қозғаушы күші екенін ұғынуымыз керек.
1. 2 Инвестицияның қызметі мен операциялары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz