Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық негіздері


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ҚАЗАҚСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымы

1. 2. Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасы

2. ӘЛЕМДЕГІ және қазақстандағы АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2. 1. Әлемдегі және Қазақстандағы азық-түлік дағдарысы проблемалары

2. 2. Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын талдау

2. 3. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейінің мониторингі (статистикалық деректер негізінде)

3. АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР

3. 1. Проблемалық мәселелерді шешу үшін алға қойған мақсаттар мен міндеттер

3. 2. Қабылдануы тиіс шаралар және күтілетін нәтижелер

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША А

ҚОСЫМША Б

ҚОСЫМША В

ҚОСЫМША Г

ҚОСЫМША Д

ҚОСЫМША Е

ҚОСЫМША Ж

ҚОСЫМША З

ҚОСЫМША И

ҚОСЫМША К

ҚОСЫМША Л-М

ҚОСЫМША Н

ҚОСЫМША О

ҚОСЫМША П

ҚОСЫМША Р

4

6

6

8

17

17

23

40

52

52

53

62

63

67

68

70

72

74

75

76

78

79

80

81

82

83

84

86

КІРІСПЕ

Қазіргідей жаһандық экономиканы дағдарыс елесі кезіп жүрген уақытта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінің өте салмақты мәселеге айналып отырғаны жасырын емес. Әлемдік рынокта азық-түік бағаларының күрт қымбаттауына байланысты Қазақстанда жетіспейтін өнімдерді шығаруға ерекше назар аударылып отыр. Сайып келгенде, бұл халықтың азық-түлікке қолжетімділігін қанағаттандыруды көздейді.

Қазақстан әлемдiк нарыққа азық-түлiк және ауыл шаруашылығы шикiзатын iрi өндiрушi және жеткiзушi болып табылады. Ол ФАО-нiң мәлiметi бойынша астықты, картопты, көкөнiстi, сондай-ақ мал шаруашылығы өнiмдерiн - ет пен сүттi негiзгi өндiрушi әлемнiң 26 елiнiң қатарына кiредi.

Әлемдік азық-түлік дағдарысы іс жүзінде барлық мемлекеттерді экономиканың агарарлық секторына мұқият назар аударуға мәжбүрледі. Азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасы экономикалық категориядан саясатқа өтіп барады және агроөнеркәсіп кешені әлемдік экономиканың маңызды стратегиялық секторы болып отыр. Бүгінгі өмір шындығы осы. Барлық уақытта мемлекет экономикалық дағдарыстан ауылшаруашылығын ынтыландыру есебінен және оның мультипликативті әсерінен шыққандығы тарихтан белгілі. Осының барлығы қазіргі күрделі жағдайда еліміздің агроөнеркәсіп кешенін қолдау үшін қосымша дәйек болып табылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Дүниежүзіндегі ең ірі азық-түлік өнімдерін өндіруші және тұтынушы елдермен көршілес орналасқан Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздлігіне қатер төндірмеу үшін ішкі рынокты реттеудің маңызы зор.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету дүниежүзілік азық-түлік ресурстарының жетіспеушілігі сезілген ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бері әлемдік қоғамдастықтың назарын аударып келеді. Азық-түлік қауіпсіздігі прблемасы жаһандық сипатқа ие: тамақ өнімдерін өндіру, бөлу және саудалау қай мемлекет болмасын, оның халқы аштықтан, тойып тамақ жемеуден немесе сапасыз тамақ өнімдерінен зардап шеге ме немесе азық-түлік тауарларымен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген бе дегенге қарамастан әрбір мемлекеттік толғандырады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өткен жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканы тұрақтандыру жөнінде Үкімет пен Ұлттық банк, орталық және жергілікті атқарушы органдар алдына қойған міндеттері дамуымыздың жаңа сипатын айқындап берді.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Жалпы Қазақстанның экономикасына қатысты отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметтерің ерекшеліктері мен оның алдын алу проблемалары жеткілікті зерттелмеген.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы Қазақстанда бұл мәселелердің шеңбері әлі де қандай да бір теориялық зерттеулер мен ғылыми жұмыстардың обьектісі бола қоймағандығына байланысты да біршама арта түседі.

Осыған орай, біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндеті -әлемдік деңгейде өзекті проблемалардың біріне айналып отырған азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз ету саласында Қазақстан тарапынан қабылданған шараларға, мәселенің қазіргі жай-күйіне және болашағына қатысты қоғамдық және ғылыми пікірлерді талдау болып табылады.

Жұмыстың зерттеу объектісі: Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қабылданған нормативтік құқықтық актілер, осы мәселеге қатысты Үкімет тарапынан қабылданған шаралар және статистикалық деректер көзі.

Диплом жұмысын жазуда мынадай ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: салыстырмалы талдау және жүйелі құрылымдық, статистикалық талдау, салыстыру әдістері.

Жұмыс тақырыпты егжей-тегжейлі талдап, саралауға арналған кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қосымша мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Атап айтсақ:

Бірінші тарауда жалпы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымы, соның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметінің сипаты қарастырылады.

Екінші тарауда әлемдегі азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз ету саласындағы қабылданып жатқан шаралар және Қазақстанның дүниежүзілік экономиканы көтеруге қосып жатқан үлесі кең түрде талданды.

Үшінші тарауда Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдағы стратегиялық бағыттарына қатысты мәселелер қарастырылады.

1. ҚАЗАҚСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұғымы

«Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңында азық-түлік қауіпсіздігіне мынадай түсініктеме беріледі: «азық-түліктік қауіпсіздік - сыртқы және ішкі жағдайларға қарамастан, тамақтанудың физиологиялық нормаларына сәйкес халықтың тамақ өнімдеріне деген қажеттерін қанағаттандыратын тиісті ресурстармен, әлеуетпен және кепілдіктермен қамтамасыз етілген экономиканың, соның ішінде оның агроөнеркәсіптік кешенінің жай-күйі» [1] .

Ал, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында: «азық-түлік қауіпсіздігі - экономиканың, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің мемлекет халықтың азық-түлік тағамдары мен ауыз суға деген құқығы мен қажеттілігін тұлғаның физикалық және әлеуметтік дамуы, тұрғын халықтың денсаулығы мен ұдайы өсуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті физиологиялық тұтыну нормаларында көзделген сан мен сапада қамтамасыз етуге қабілетті жай-күйі, » [2] - деген анықтама беріледі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай толықтырулар енгізілді:

«24-1-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету әлеуметтік-саяси, сауда-экономикалық, соның ішінде кеден-тарифтік және тарифтік емес, ғылыми-техникалық, ұйымдастыру, ақпараттық, әкімшілік және азық-түлік дағдарысының алдын алуға және (немесе) жеңуге бағытталған өзге де шараларды әзірлеу мен іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

2. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

1) Азық-түлік жасына, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрған және тұратын жеріне қарамастан тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес азық-түлік тауарларының физикалық және экономикалық қол жетімділігін қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасында өндірілетін және сатылатын азық-түлік тауарлары сапасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі;

3) ішкі және сыртқы қолайсыз факторлардың әсеріне қарамастан ауыл шаруашылығы өнімінің мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, жаңарту және толықтыру;

4) барлық жеке меншік нысандары ұйымдарын агроазық-түлік нарығына қол жеткізу жолымен тең бәсекелі ортаны құру;

5) мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы;

6) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпкерлер қауымдастықтарының (одақтарының) рөлін арттыруға жәрдемдесу;

7) агроазық-түлік нарығының жай-күйі туралы ақпараттың ашықтығы принциптерінен құралады.

3. Мынадай:

1) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін төмендететін;

2) азық-түлік тауарларына бағаның көтерілуін, азық-түліктің ішкі ресурстарының төмендеуін өршітетін;

3) азық-түлік тауарларын елден тысқары жерлерге заңсыз (контрабандалық) шығаруға ықпал ететін шешімдер мен әрекеттер қабылдауға жол берілмейді.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйі нашарлаған кезде азық-түлік тауарларының экспорты мен импортына уақытша тыйымдар мен шектеулер енгізуі мүмкін». [2]

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-1-бабына сәйкес, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өлшемдері:

1) азық-түлік тауарларына физикалық қол жетімділік;

2) азық-түлік тауарларына экономикалық қол жетімділік;

3) тамақ өнімі қауіпсіздігінің кепілдігі болып табылады.

Ал, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары:

1) ішкі агроазық-түлік нарығын молықтыру үшін, соның ішінде отандық ауыл шаруашылығы өнімі мен оны қайта өңдеу өнімдерін өндірушілерді қолдау жолымен қажетті жағдайлар жасау;

2) азық-түліктің ішкі ресурстарына қатысты азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі;

3) азық-түлік тауарларына сұраныс пен ұысынсты болжау;

4) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындауға бағытталған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларын орындауды іске асыру;

5) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6) орталық және жергілікті атқарушы әрі өкілді органдардың агроөнеркәсіптік кешені субъектілері мен өзара іс-қимылы болып табылады [3] .

Азық түлік қауіпсіздігі:

- ауыл шаруашылығы өнімінің мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру; астық туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ережелерге сәйкес ауыл шаруашылығы өнімінің мемлекеттік ресурстарын пайдалану;

- азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейінің мониторингі мен талдауы;

- генетикалық түрлендірілген тамақ өнімдерін, генетикалық түрлендірілген организмдерді қамтитын азық-түлік тауарларын ауыл шаруашылығы өнімінің мемлекеттік ресурстарына сатып алуды болдырмау жолымен қамтамасыз етіледі [3] .

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-3-бабы 6-тармақшасына сәйкес, егер азық-түлік тауарларының жылдық өндірісі республикада физиологиялық тұтыну нормаларына сәйкес тұрғындардың жылдық қажеттілігінің 80 пайызынан төмен болса, онда Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген деп саналады.

1. 2. Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасы

Елбасымыз 1997 жылғы «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің қолда бар сегіз артықшылығын санамалай келіп: «Алтыншысы. Біздің ауқымды алқаптарымыз, ауыл шаруашылығы жерлеріміз - орасан зор әлеуетіміз. Көптеген өлшемдер бойынша біз Канада мен Австралияға ұқсаспыз, бізге тек бір нәрсе - олардың өнімділігі мен экспорттық әлеуеті жетіспейді. Бұл жерде де, тағы да, ең бастысы - нақты және тиімді стратегия, адамдар мен капитал, » - дейді. Одан әрі Ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегияларының 3-басымдығына (Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу) тоқтала отырып: «2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ - ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе. Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз түсінеміз . . . Сондықтан бұл басымдық бүгін де, ертең де және алдағы отыз жылдың ішінде де ең маңызды басымдықтардың бірі болып қала береді, » - деп атап өтеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 наурыздағы № 342 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы «Республикалық астық сараптау» және «Қазтұқымсараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен «Қазагрэкс» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды. Аталған кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы заңдарға сәйкес:

- астық пен оның өңделген өнімдерінің сақталуын және сапасын сараптау, тиісті сертификаттар бере отырып, астық пен оның өңделген өнімдерінің сапасын белгіленген тәртіппен сертификаттық сынау;

- жаңа егін астығының сапасын бағалау және оның ұтымды пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

- ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және себу сапаларын тексеруді (сараптауды) және оларды құжаттауды жүзеге асыру болып табылады [4] .

Республикадағы ішкі астық рыногын тұрақтандыру мәселесі де Үкіметтің үнемі бақылауында болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 сәуірдегі № 633 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мәжілісінің 2000 жылғы 11 сәуірдегі № 10 хаттамалық шешімін орындау мақсатында «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» Жабық акционерлік қоғамы облыстардың, Алматы және Астана қалалары әкімдерінің қатысуымен елдің ішкі рыногында астық өңдеумен айналысатын отандық шаруашылық жүргізуші субъектілерге 150 мың тоннаға дейінгі көлемде Қазақстан Республикасының мемлекеттік экспорттық астық ресурстарының бөлігін сатуды, сатып алушылармен алынған астықтың көлемін мақсатты пайдаланудың және оны сату кезінде ішкі рыноктағы ұнға тұрақтандыру бағаларын белгілеудің негізгі шарттары анықталған тиісті шаралар жасасуды қамтамасыз етіп келеді [5] .

Осылайша, астықтың мемлекеттік экспорттық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар қабылданып келеді [6] .

2001 жылы республикада астықты өндіру, сақтау және сату процесінде пайда болатын қатынастырды реттеу мақсатында «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңы қабылданды. Ондағы басты мақсат астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеудің мақсаттарын айқындау болып табылады. Аталған заңның 3-бабында бұл мақсаттар айқын ашып көрсетіледі:

«1) Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігін, техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздікті (бұдан әрі - қауіпсіздік) және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;

2) астық бағасының демпингіне жол бермеу;

3) астық өткізу рыногын кеңейту;

4) астық сапасын қамтамасыз ету;

5) фитосанитариялық жағдайды қауіпсіз деңгейде ұстау;

6) табиғи-климаттық жағдайларды және рынок конъюктурасын ескере отырып, астық өндіру құрылымын оңтайландыру және астықты өндіру, сақтау мен сату технологиясын жетілдіру;

7) жемдік астықтың мемлекеттік ресурстары көлемінің шегінде мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында азықтың ықтимал тапшылығын жою;

8) астық өндіру ісінде инвестиция, кредит, салық және кеден саясатын қалыптастыру;

9) астықтың қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу болып табылады» [1] .

Заңның 5-бабының 7) тармақшасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 наурыздағы № 330 қаулысымен Астықтың мемлекеттік ресурстарымен және агенттің өзінің қаржы-шаруашылық қызметінде жасалатын операцияларды жеке есепке алу жөніндегі бухгалтерлік есептің ережесі бекітілді [7] . Мұндағы мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып табылады [7] .

Мемлекеттік астық ресурстарын мемлекеттік басқаруды тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысымен Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесі бекітілді. Ереже мемлекеттік азық-түліктік астық резервін, мемлекеттік жемдік астық ресурстарын және мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және сату тәртібін реттейді.

Ереженің 2-тарауына сәйкес, мемлекеттік азық-түліктік астық резервін қалыптастыру және жыл сайын жаңарту астықты республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алу не астықты мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан аудару жолымен жүзеге асырылады. Мемлекеттік азық-түліктік астық резервін қалыптастыру және жаңарту процесінде босаған астық көлемі мемлекеттік сатылатын астық ресурстарына жіберіледі.

«Астық туралы» заңның 11-бабына сәйкес, мемлекеттік астық ресурстары:

1) мемлекеттік азық-түліктік астық резервтерінен;

2) мемлекеттік жемдік астық ресурстарынан;

3) мемлекеттік тұқым ресурстарынан;

4) мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан тұрады.

Мемлекеттік азық-түліктік астық резерві:

1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру қажеттерін;

2) Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

Мемлекеттік жемдік астық ресурстары мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының азық жөніндегі қажеттерін қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ техникалық мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін.

Мемлекеттік тұқым ресурстары - төтенше жағдайлар болғанда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге көмек көрсету, Қазақстан Республикасының тұқым материалдарына деген қажеттерін тұрақты қамтамасыз ету, сорт жаңартуды, сорт алмастыруды жүргізу, мемлекетаралық келісімдерді орындауды қамтамасыз ету үшін құрылған және соған арналған мемлекеттік тұқым қоры.

Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары - ішкі рынокты реттеу, астықты экспортқа шығаруды қамтамасыз ету, ішкі рынокта сату, гуманитарлық көмек көрсету және мемлекеттік азық-түліктік астық резервін, мемлекеттік тұқым ресурстарын және мемлекеттік жемдік астық ресурстарын жаңарту үшін құрылған және соған арналған астық қоры [1] .

«Астық туралы» Заң қабылданғаннан кейін елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірнеше нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Солардың бірі - «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы № 773 қаулысы. Аталған қаулыға сәйкес төмендегідей іс-шаралар атқарылды:

- «Астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін экспорттау және ішкі сату кезінде қажетті құжаттарды ресімдеудің тәртібін оңтайландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 21 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;

- «Мемлекеттік ресурстар астығын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы әзірленді;

- «Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесінің арасындағы астықты сақтау жөніндегі көпшілікке арнаған шарттардың үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы әзірленді;

- Астық қабылдау кәсіпорындарында астықты сақтау ережесін әзірленіп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілді;

- «Элеваторларда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін қабылдау, сақтау, ұқсату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 97 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;

- Астық қолхаттарын беру, олардың айналым және өтеу ережесін әзірлеу және бекіту, астық қолхаттарының нысандары (үлгілері) және сипаттамасы бекітілді;

- Астық рыногінің мониторингі ережесі; Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу ережесі әзірленіп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілді;

- «Мемлекеттік астық бағдарламасы - Қазақстан Республикасының астық рыногы мен астық индустриясының даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы әзірленді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 ақпандағы № 205 қаулысының 9-тармағына сәйкес, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік астық қорына сатып алынатын астықтың сапалық көрсеткіштерінің мынадай талаптары бекітілді [9] :

өнімнің атауы
өлшем бірлігі
көрсеткіш
өнімнің атауы:

1) азық-түліктік жұмсақ бидай:

табиғи салмақ,

ылғалдығы

дән маңызының жалпы үлесі

дән маңызының сапасы

протеин

мөлдірлігі

түссіздігі

арамшөп қоспасы

дән қоспасы

өлшем бірлігі:

г/л

%

%

тобы

%

%

дәреже

%

%

көрсеткіш:

750-ден кем емес

13, 5-тен көп емес

23, 0-ден кем емес

ІІ-ден төмен емес

12, 0-ден кем емес

50-ден кем емес

1-ден төмен емес

0, 2-ден көп емес

3, 0-ден көп емес

өнімнің атауы:

қалған сапалық көрсеткіштері үшінші сыныпты жұмсақ бидай үшін

1046-2001 ҚР СТ белгілеген нормалар шегінде

өнімнің атауы:

2) азық-түліктік қатты бидай:

табиғи салмақ,

дән маңызының жалпы үлесі

мөлдірлігі

түссіздігі

арамшөп қоспасы

дән қоспасы

өлшем бірлігі:

г/л

%

%

дәреже

%

%

көрсеткіш:

750-ден кем емес

25-тен кем емес

70-тен кем емес

1-ден төмен емес

1, 0-ден көп емес

4, 0-тен көп емес

өнімнің атауы:

қалған сапалық көрсеткіштері үшінші сыныпты қатты бидай үшін

1046-2001 ҚР СТ белгілеген нормалар шегінде

өнімнің атауы:

3) қытай бұршағының тұқымы:

ылғалдығы

арамшөп қоспасы

майлылық қоспасы

өлшем бірлігі:

%

%

%

көрсеткіш:

12, 0-ден көп емес

2, 0-ден көп емес

6, 0-ден көп емес

өнімнің атауы: қалған сапалық көрсеткіштері қытай бұршағының тұқымы үшін 17109-88 МЕМСТ белгілеген нормалар шегінде

2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік Аграрлық азық-түлік бағдарламасы агроөнеркәсіптік кешенді, яғни шаруашылықтар мен ауылға тән тіршілікті қаржыландыруды (соның ішінде мал аурулары мен егіншілік зиянкестеріне қарсы күресу және олардың алдын алу, шаруашылықтар мен халық қолындағы мал тұқымдарын асылдандыруға жәрдемдесу, т. б. ) қарастырады.

Аталған бағдарламадан кейін Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың Агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы және оны iске асыру жөнiндегi 2006-2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралар
бағдарламасы қабылданды. Оның мақсаттары мен мiндеттерi:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азық - түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудегі ауыл шаруашылығының жекелеген салаларын ашу
Аграрлық құқықтық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеу тетігі
Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі және жетілдіру жолдары
ӘЛЕМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДАҒЫ АЗЫҚ - ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ
Қазақстандағы аграрлық құқықтың қалыптасуы және аграрлық заңнаманың даму тарихы
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Республикадағы азық - түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайын талдау
Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері
Сапа жүйесін сертификаттау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz