Қазақстандағы отын - энергетика өнеркәсібінің дамуына қысқаша тарихи шолу


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

1 Қазақстандағы отын - энергетика өнеркәсібінің дамуына қысқаша тарихи шолу6

1. 1 Мұнай және газ өнеркәсібінің дамуы мен тасымалдануы6

1. 2 Көмір өнеркәсібінің дамуы9

1. 3. Мұнай өңдеу өнеркәсібін дамыту13

2. Отын-энергетика кешенінің жағдайы мен келешегі18

2. 1 Отын - энергетика комплексінің әлемдік экономикадағы маңызы18

2. 2 Дүниежүзінде отын өндіру, оны өндіруші елдер23

2. 3. Мұнай өңдеу өндірісінің жағдайы мен келешегі27

2. 4 Қазақстандағы су, жел, атом, электр энергетикасын өндіру барысы33

3 Қазақстан отын - энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайы37

3. 1 Кен орындары мен жанба отын қорының географиясы37

3. 2 Табиғи газ ресурстары мен көмір кен орындары42

3. 3 Жанатын сланец және мұнай ресурстары45

3. 4 Қазақстандағы мұнай-газ ресурстарының өндіру бағыты52

Қорытынды61

Қолданылған әдебиеттер67

Кіріспе

Тақырыптың көкейтестілігі : Қазақстанның халық шаруашылығындағы энергетиканың маңызы, отын түрлері, отын-энергетика балансы, оның құрылымының өзгеруі, көмір, мұнай және газ өнеркәсібінің негізгі аудандары және жаңа кен орындарын игеру перспективалары қарастырылады. Сонымен қатар отын энергетикасының алғашқы даму тарихына сипаттама беріледі. Жанатын қазбалар түрлері ( табиғи қуат көздері ) - көмір, мұнай және табиғи газ адамзат баласын жылнамасына дейін мәлім. Ефрат жағалауынан б. д. д. 6-4 мың жылдықта мұнайдың өндірілгенін археологиялық қазбалар дәлелдейді. Ол әр түрлі мақсатқа, оның ішінде дәрі дәрмек пайдаланылады. Кезінде Вавилон мұнарасын, Ұлы Қытай Қорғанын салушылар кірпіштерді бір-бірімен жабыстыру үшін «жерден шыққан қарамайды» пайдаланған. Семирамида аспалы бағы құрылысы мен Ефрат өзеніндегі көне бөгендерді салу үшін асфальтты қолданды. Мұнай тарихқа «грек оты «деген атпен енген жарықтандыру затының құрамдас бөлігі болып табылады. Каспий теңізінің оң жағалауында қоныстанған халық мұнайды ежелден үйді жарықтандыру үшін қолданған. Мұны Александр Македонский жорықтарынан жазған көне рим тарихшысы Плутархтың еңбектері де куәландыра алады. Мұнай жөніндегі жазбалар ғасырлардағы Таяу және Орта Шығыс, Орта Азия, Батыс еуропа жазушыларында да кездеседі. XIII ғ-дағы Баку мұнай кәсіпшілігінің жайын Марко Поло жазды. Ол Баку мұнайы жарықтандыру және тері аурулары үшін дәрі ретінде қолданылғанын келтіреді.

Мәселенің өңделуі: Жанба отындардың өткен ғасырларда пайдалану ерекшеліктеріне тарихи шолу жасалынады. Сондай-ақ Әлем елдеріндегі мұнай, көмір газ ресурстарын өндірудің перспективалары қарастырылады. XVI - XVII ғ. ғ. Ресейдің аудандарына мұнай Бакуден тасымалданған. Ол медецинада, бояу дайындау үшін еріткіш ретінде көркемсурет өнерінде, сондай-ақ әскери істерде гранат, сөнбейтін майлы шам, «оқпен атылатын» қарулар үшін, «жарық» ядролар жасауға пайдаланады.

Археологтар көмірдің алғашқы пайдаланылу кезін тас кезеңіне (яғни 2 млн. жылға жуық бұрын) апарып саяды. Грек философы Аристотель көмірдің кейбір физикалық қасиетін ағаш көмірмен салыстырды. Аристотельдің шәкірті Теофаст көмірді «ыстық тас» - антракс деп атады («антрацит» атауы осыдан шыққан ), және қасиетін, сондай-ақ оның сол кездегі белгілі кен қорларын жазып қалдырған. Көмірді тұрмыстық отын ретінде XIII ғ-дан бастап алғаш Белгияда, содан кейін басқа Еуропа елдерінде қолданған.

XIII ғ-дың 30-40 жылдары ағылшын инженері - металлург К. Дерби домна процесіне ағаш көмірді тас көмір кокспен алмастыруды ұсынады.

Кокстеу кезінде бөлінетін газды жарықтандыруға және тұрмыс қажеттеріне («жанатын газ» атауы осыдан шыққан) пайдалана бастады.

Ал тас көмір қарамайынан бензол, силол, антрецен және пек сияқты химиялық заттарды бөліп ала бастады. Петр - I тас көмірдің пайдаланылуына үлкен мән береді, 1722 жылы Донецк көмір аймағын ашу жөнінде жарлық шығарды. Д. И Менделеев көмірді «қара керемет» деп атады.

Осы күнге дейін жанба қуат көздері қазбалы энергетикалық отын, яғни бастапқы қуат көздері ретінде пайдаланылып келе жатыр. XX ғасырда энергиялық қуат көздеріне су қуаты көздері және ядролық отын қосылды.

Жанба қуат көздері түрлерін өндірумен, тасымалдаумен, өңдеумен, қайта құрумен, бөлумен айналысатан өнеркәсіп салаларының жиынтығын жылу энергетикалық кешені (ЖЭК) деп атайды. ЖЭК өзіне отын ( мұнай, газ, көмір, жертезек, сланец ), мұнай өңдеу, мұнай - химия және энергетика (жылу, су және атом ) өнеркәсібін біріктіреді.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Энергетика саласының еліміздің экономикасындағы маңызы. Энергетиканың жалпы мәселелері, отын-энергетика баланысы және көмір өндіру мәселелерінің қазіргі жағдайы. ЖЭК қазіргі әлемдік экономиканың негізі болып саналады. ЖЭК - тің даму деңгейі әлемдегі әлеуметтік және ғылыми-техникалық үрдісті айғақтайды.

Шынында да отынсыз, қуатсыз, жарықсыз, байланыссыз, радиосыз, телевизиясыз, көліксіз және тұрмыстық техникасыз, т. б. қазіргі адам өмірін елестету мүмкін емес. Қуат көзінсіз кибернетиканы, автоматтандыру жабдықтарын, есептеу және космос техникасын дамытуға болмайды. Қуат көздерін, қуат ресурстарын пайдаланудың XX - ғ-да күрт өсуі де сондықтан. 1950 жылы ғасырдың бас кезімен салыстырғанда энергияны тұтыну 2 есе өсті. 1975 жылы бұл көрсеткішті тағы екі есе өсті.

Зерттеу жұмысының міндеті: Тиімділігі аз энергияны отынның тиімділігі жоғары түрлерімен алмастыру мәселелері, экономикалық шығынды аз талап ететін табиғи ресурстарды пайдалану мүмкіндіктерін шешу жолдарын қарастыру. Мұндай өсімі жер шары халықтарының көбейуіне ғана емес, энергиясымен қамтамасыз етілу деңгейінің күрт артуынан болады. 1980 жылы әлем бойынша әр адамның орташа қуатты тұтынуы 2, 4 тонна шартты отынға (т. ш. о) жетті XX ғ -дың аяғында 6 миллиард Жер шары халқы 15 млрд. т. ш. о. энергия тұтынды, яғни бұл әр адамға шаққанда 2, 0 т. ш. о. дан келеді.

Дүние жүзі бойынша өндірілетін органикалық жанба қазбаларын 70% -ға жуығы қатты жанба қазбалары (тас және қоңыр көмір, антрацит, сланец, битум, жертезек, және т. б) . құрайды. Олардың сұйық және газ тәріздес жанба отындарымен салыстырғанда рөлі мен мәні үстіміздегі ғасырдың ортасына дейін басым болды және қазіргі дүние жүзі экономикасындағы оның маңызы әлі де елеулі. Өндірілетін қатты қатты жанба қазбаларының негізгі бөлігі энергетикалық отын ретінде пайдаланылады.

Көмірді химиялық өңдеу арқылы алынатын елеулі көлемдегі кокс-қара және түсті металургияның негізі болып табылады. Ал сұйық бөлігі - қарамайдан бағалы коксты химиялық өнімдердің елеулі түрлері; бояғыштар, лактар, тыңайтқыштар, жарылғыш заттар, дәрілер, сіңдіруші және байланыстырушы пектер, көміртекті электродты және график бұйымдары т. б. алынады

Зерттеу жұмысының нысаны: Қазақстандағы отын-энергетика кешендерін, балама энергия көздерін зерттеу арқылы экономикалық ерекшелігін айқындау. Мұнай мен газдың қазіргі экономикалық мәні өте зор. Мұнай мен газ - өте сирек және айрықша пайдалы қазбалар. Олардың өңделіп алынған өнімдері іс жүзінде өнеркәсіптің барлық салаларында, көліктің барлық түрлерінде әскери және азаматтық құрылыста, ауыл шаруашылығында, энергетикада, тұрмыста және т. б. қолдалынады. Кейінгі бірнеше он жылдықта мұнай мен газдан елеулі түрде және әр түрлі химиялық материалдар; айталық пластмасса, сантехникалық талшық, каучук, лак, бояу, жуғыш заттар, минералды тыңайтқыштар және көптеген басқа нәрселер өндіре бастады. Мұнайды «қара алтын», ал ХХ ғасырды мұнай мен газ ғасыры деп бекер атамайды. Мұнай мен газ экономиканы және техникалық күш қуатты ғана емес, ол сондай-ақ елдің саяси бағытын айқындайды.

Зерттеу жұмысының тәрбиелік құндылығы: Қазақстанның әлемдік рыноктағы орны. Отын-энергетика кешенінің территориялық даму ерекшелігін айқындау. Оны өндіру барысындағы қоршаған ортаға тигізетін экологиялық әсерін анықтау болып табылады. Дегенмен, отын-энергетикалық кешенінің табиғатқа кері әсер ететінін атап айтқан жөн:

ауаның, судың жәәне жердің қатты ұсақ тозаңдар мен (шаң, күл) механикалық ластануы;

ластанудың химиялық, радиоактивтік, иондану, жылу, электромагниттік, шу және басқа түрлері;

судың, жердің және ауадағы оттегінің көп шығындануы;

ғаламдық булану, Жер биосферасының орта температурасының біртіндеп жоғарылауы, планетадағы ібілістің қаупі.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен, 3- тараудан тұрады. Бірінші тарауда отын-энергетика өнеркәсібінің дамуына қысқаша тарихи шолу жасалынып, Екінші тарауда отын-энергетика комплексінің жағдайы мен келешегі қарастырылса, үшінші тарауда Қазақстан отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жайына ғылыми тұрғыдан баға беріле отырып, оның халық шаруашылығындағы экономикалық рөліне ерекше назар аударылады.

1 Қазақстандағы отын - энергетика өнеркәсібінің дамуына қысқаша тарихи шолу

1. 1 Мұнай және газ өнеркәсібінің дамуы мен тасымалдануы

XIX ғасырдың ортасына дейін мұнай негізінен өзі табиғи түрде жер бетіне шығып жататын жерлердегі таяз құдықтардан өндіріледі. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап бу машиналарын пайдаланумен және соның негізіндегі өнеркәсіптің дамуымен мұнайға деген сұраным арта түсті. XIX - XX ғ. ғ-да іштен жанатын дизельді және бензинді двигательдер ойлап табыла бастады, ол өз кезегінде мұнай өндіру өнеркәсібінің дамуына негіз болды. Осының барысында XIX ғасырдың ортасында скважиналарды механикалық бұрғылаудың ашылуына жол ашты. Әлемде алғашқы мұнай скважинасын 1859 жылы атақты американ полковнигі Дрейк Пенсильвания штатының Тайтесвилл шағын қалашығының маңайынан бұрғылап қазды. Ресейде алғашқы скважинаны 1864жылы Кубандағы Кудако өзені аңғарынан А. Н. Новосильцев қазды, ал 1866жылы бір скважина тәулігіне 190т. мұнай берді. XIX - ғасырдың бас кезінде мұнайды өнеркәсіптік негізде әлемнің 19 елі өндірді. 1900ж. әлемде 20 млн. т-ға жуық мұнай өндіріліді, оның ішінде Ресейде дүние жүзі өндірген өнімнің жартысынан астамы алынды.

Қазақстанда мұнай өндірудің тарихы Қарашүңгілден бастау алды. Батыс Қазақстанда жер қойнауында өнеркәсіптік мұнай қорының бар екенін жария еткен тұңғыш мұнай фонтаны 1899ж. Қарашүңгілдің тұз күмбезінен №7 ұңғыдан алынды. Қазақстан мұнайын тұңғыш ашушы 42 м тереңдікке дейін бұрғыланған ұңғының түбі төменгі пермь кунгур ярусының кеуекті жыныстарында жатыр. Осы ұңғыдан алынған мұнайдың жалпы көлемі 96-100 тоннаға жуық. Алғашқы мұнай фонтаны палеозой шөгінділеріне кунгурдың галогендік қабатының төменгі ангидрит будасына тура келетіндігін дәлелдеудің мәні зор болды. №7 ұңғыдағы құнарлы қабатты, жасы біркелкі емес, өйткені геологиялық карталарда Қарашүңгіл ойысының ернеуі төменгі триасты, жоғарғы пермьнің қызыл түсті шөгінділерінен құралған.

Патшалық Ресейдегі, кейін бұрынғы КСРО - дағы мұнай өнеркәсібі дамуын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші - соғысқа дейінгі кезең, ол Әзербайжанда мұнай өндірумен байланысты. Екіншісі - соғыстан кейінгі 70- жылдарға дейінгі кезең, ол Волга-Уральск мұнай, газ облысында ірі мұнай кен орындарының ашылуымен, игерілуімен және жедел пайдалануымен байланысты. Екінші мұнайлы Бакудің туған күнін 1932 жылғы 16 мамыр деп атау керек, өйткені Ишимбай деревнясы жанындағы №702 скважинадан алғашқы шығыс мұнайы атқылыған болатын. Ишимбайдан кейін Туймазы, Шкалово, Башкириядағы Үлкен Арлан, Татария, Волгоград, Саратов, Куйбышев, Пермь, Астрахань және Орынбор облыстарының және т. б. мұнайы алына бастады. Батыс Сібір мұнай орындары пайдалануға берілгенге дейін Волга - Уральск провинциясы елдегі жылдық мұнайдың 75%- береді. Тек бір Татария екі он жыл бойы жыл сайын 100 млн. т, ал Башкирия 40 млн. т-дан астам мұнай берді. 1960ж. Урал-Повлжья мен Кавказдың жалпы одақтағы мұнай өндіру үлесі тиісінше 104 және 30 млн. т. болды. 1958 жылдан бастап, елдегі әр 5 жыл сайынғы мұнай өндіру өсімі 100млн. т-ға жетті. Бұрынғы КСРО-ның 70 жылдың басымен 90 жылдың аяғын қамтитын үшінші мұнай өнеркәсібінің барынша жедел дамыған кезеңі Батыс Сібірдегі ( Тюмень обл. ) мұнай, газ бассейінінің ашылуына байланысты. Бұл аймақтың ашылуы 1953ж. Березовск алаңынан алынған бұрқақ газдан басталады, ал алғашқы мұнай 1961ж. Шайм құрылымында тіркелді. Бұдан кейін мұнда Усть-Балық, Самотлор, Мамонтов, Правдинск т. б. мұнай кен орындары, Уренгой, Медвежья, Ямбург, Запольяре және т. б. газ алыптары анықталды. 90-жылдардың аяғында Батыс Сібірде тәулігіне млн. т. мұнай өндіріліп, ол жалпы одақтық өнім өндірудің жартысынан астамын қамтамасыз етті. 1987ж. бұрынғы КСРО-да рекордтты өнім - 624млн. т. мұнай өндірілді. Дегенмен, кейінгі жылдары бұрынғы КСРО-да және Ресейде мұнай өндіру елеулі түрде төмендеп кетті. [2]

1 кесте

КСРО тарағаннан кейін Ресейде өндірілген мұнай, газ және көмір өндірудің динамикасы

Энергия ресурстары
1991ж
1995ж
1998ж
1999
2000ж
Энергия ресурстары: Мұнай, млн. т
1991ж: 462
1995ж: 307
1998ж: 303
1999: 304
2000ж: 323
Энергия ресурстары: Газ, млрд. м³
1991ж: 643
1995ж: 595
1998ж: 591
1999: 590
2000ж: 584
Энергия ресурстары: Көмір млн. т
1991ж: -
1995ж: 253
1998ж: 230
1999: 249
2000ж: 258

Қазіргі кезде мұнай бұрынғы КСРО-да жоғарыда аталған аймақтардан басқа Сахалинде, Қазақстанда, Туркменияда, Украинада, Беларуссияда және Өзбекстанда өндіріледі. Бұрынғы КСРО-да соғыстан кейінгі жылдары әлемдегі сияқты газ өндіру мұнай өнеркәсібімен салыстырғанда жедел қарқынмен дамыды. Елде сібірдің ірі газ өндіру орындары ашылғанға дейін өніммен Ставрополь, Түркменстан (Шатлық), Өзбекстан (Газли), Украинадағы (Шебелинск ) және басқа кен орындарымен қамтамасыз етіледі.

Қатты жанатын қазбалар өңделетін және тұтыну орындарынан негізінен теміржол (ашық вагондарда), теңіз, өзен, кейде автомобиль көліктерімен тасымалданады.

Көптеген мұнай, газ кәсіпшіліктері әдетте мұнай-газ өңдеу зауыттарынан алыс орналасатыны бұрыннан қалыптасқан жағдай. Мысалы, мұнайды Персия шығанағынан АҚШ- қа немесе Жапонияға аудандардан, айталық Уренгойдан Батыс Еуропа елдеріне газды тасып жеткізу үшін 5 мың шақырым жол жүру керек. Ішкі және халықаралық (континентаралық ) мұнай мен газды тасымалдаудың көлемі соңғы жылдары тез қарқынмен дамып, тиісінше жүздеген миллион тоннаға және миллиард текше метрге жетті. Бұған қоса мынаны атап өту керек, мұнай мен газды ашық немесе дұрыс сақталмайтын ыдыспен тасуға болмайды, өнімнің жартысы буланып жоғалады әрі қауіпті де. Жазда жабық ыдыстағы мұнай ысиды, ол жарылысқа апаруы мүмкін, ол қыста қатып қалады. Азғантай ұшқынға мұнай мен газ жанады өртенген кезде оны сумен сөндіруге болмайды.

Мұнай мен газды тасымалдау кезінде зардабы зор оқиғалар белгілі (мысалы, Челябі облысы шекарасындағы Улу - Теляк және 1989 жылғы Башкирия оқиғалары) .

Сондықтан қатты жанатын қазбаларға қарағанда мұнайды, әсіресе, табиғи газды тасымалдауда жоғары талаптар қойып, оның өрт экономикалық қауіпсіздігін қатаң сақтаған жөн.

Мұнай мен газды алыс қашықтыққа тасымалдаудағы ең арзан, үнемді және техникалық жетілген көлік түрі теңіз мұнай құю флоты болып табылады. Әсіресе, оны бір құрлықтан екіншісіне тасымалдауда оған жететін көлік түрі жоқ. Соғыстан кейінгі жылдары әлемдік мұнай айқайы кезінде теңіз тасымалы мұнай өндіру қарқынына сай өсіп, артынан бір қалыпқа түсті.

Пайдалануға көптеп шығарыла бастаған ірі тоннажды, салмақ көтергіштігі 100 -250 мың тонна танкер - мұнай тасымалдаушылар және алып, сиымдылығы 750 мың тонналық супертанкерлер іске қосылады. Сондай - ақ Алжирден АҚШ - қа метан тасымалдауға танкер-газ тасымалдағыш флот құрылды Олардың бортында әлденеше «термостарда » метанның сұйық фазалы қалпын қамтамасыз ететін арнайы компресорлар мен тоңазтқыш қондырғылар жұмыс істейді. [1]

Құрлықта мұнай мен газды құбыр арқылы тасымалдау үнемі әрі сенімді.

Біздің елімізге мұнай мен газды құбырмен тасымалдау көліктің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда артық. Оның үлесі елде жалпы тасымал үлесінің үштен біріне, ал мұнай тасымалында 85% -ға жетті. Мұндай қарқындылық құбыр тасымалының аса жоғары үнемділігінен түсіндіріледі. Мысалы, мұнайды құбыр арқылы жөнелту темір жол тасымалындағы еңбек шығынына қарағанда 10 есе аз.

Құбырмен тасымалдау сырт көзбен қарағандай қарапайым нәрсе емес. Еш нәрсе өткізбейтін мыңдаған шақырымдық құбыр желісін аралыққа мұнай айдау стансаларын салып, оның сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бақылау және автоматты реттеу құралдарымен жабдықтап, күрделі геологиялық және географиялық жер жағдайында қазылған орға салып орнату оңай емес.

Құбыр желісін пайдалануға бергеннен кейін мұнай мен газ конденсаттарынан пайда болатын парафин зеңі мен тоттануға байланысты (мысалы, парафині жоғары Маңғыстау және Орынбор мұнайы мен Қарашығанақ газ конденсаты конценртациясында меркапатандар бар) қиындықтар туындайды. Сондықтан көбіне көп құбыр желілерін құбыр «серіктері» жетелеп отырады. Олар арқылы ыстық су жіберіліп отырады немесе айдау стансаларында жылытқыш пештер салынады. Тоттанумен күресу үшін мұнайды айдау кезінде арнайы химиялық риагенттер - тот ингибиторлары қолданылады. Әлемде және елде мұнай тасымалдауда құбыр желісінен кейін темір жол көлігі кең қолдау тапқан. Мұнай тасымалдаудың мұндай әдісі аса қиын техникалық шешімді қажет етпейді.

Бұл мақсат үшін арнайы цилиндірлі ыдыстар - темір жол вагондары жақтауларына бегітілген нефтеналды цистерналар қолданылады. Бұл көлік түрі құбыр желісі магистралінен алыс орналасқан аудандарға мұнай жеткізу үшін өте тиімді.

1. 2 Көмір өнеркәсібінің дамуы

Соңғы жылдардағы мұнай және газ өнеркәсібінің қарқынды дамып келе жатқандығына қарамастан, пайдаланатын отынның 3/5 бөлігі - көмірдің үлесіне тиеді. Көмір - металлургияда, электр энергетикада, коммуналды- тұрмыстық шаруашылықта пайдаланады. Қазақстан Республикасы көмір ресурсымен толық қамтамасыз етілген мемлекеттердің қатарына жатады. Республикамыздағы көмірдің геологиялық қоры 162 млрд т. 1980 жылдан кейін мұнай өндірудің төмендеуі мен қалыптасу жағдайында әлемдік көмір өндіру баяу болса да үздіксіз өсті. 2008 жылы ол 3, 8 млрд. тоннаға жетті кестеден байқалғандай, әлемдік көмір өндірудің жартысынан астамы екі ұлы держава АҚШ пен Қытайдың үлесіне тиеді. Ресей көмір өндіру бойынша Қытай, АҚШ, Индия және Австралиядан кейін бесінші орында келеді. Қазақстан көмір өндіруде және әлемдік нарыққа шығаруда ең ірі ондықтың құрамына кіреді, әлемдік өндіруде оның үлесі екі пайызды құрайды, ал әлемдік нарыққа шығаруда 5 пайызды құрайды. Әлемде негізгі көмір өндіруші Қытай ( жалпы өндірістің 36 пайызын құрайды) және АҚШ (24 пайыз) . Ірі көмір өндірушілердің бірі Ресей (6%), бірақ Ресейдің экономикалық саласында өндірістің төмендеуінен және көмірге сұраныстың азаюынан жылдан-жылға көмір өндіру азайып келеді.

Қазақстанда да тас көмірді өндіру төмендеді. 1998 жылы 112 млн. тонна алса, 2005 жылы 58 млн. тонна құрады.

Тас көмір өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан Қазақстан үшін көмірді экспорттау тиімді болып қалады, оның 2005 жылы жалпы экспортқа шықандағы үлесі 6% болды. Негізінен барлық Қазақстан көмірі ТМД елдеріне шығарылады (барлық экспорттың 99, 8 %), соның ішінде Ресей негізгі сатып алушы. Әлемде көмірді тұтынудың тұрақты өсу бағытына байланысты, соның ішінде ірі тұтынушылардың бірі Қытай, Үндістан елдерінде және электроэнергия өндірісінде және экспортқа шығаруды алдына қойған айқындамаларды күшейтуге мүмкіншілік бар.

Көмірді болар болмас өндірудің жайы ежелгі заманнан (Қытай, Греция) белгілі. Көмір отын ретінде өз маңызымен XVIIΙ ғасырда Англияда белгілі бола бастады. Ресейдегі көмір кен орындары әлденеше жүзжылдықтардан бері белгілі. Олардың ең көнелері Донецкий (1721 ), Подмосковный (1722) және Кузнецкий (1722) .

Алғашқы көмір шахталары Уралда Кизель ауданында, одан кейін Украинаның Лисичанка ауданында пайда болды.

Донецк көмір бассейінінің көмір өнеркәсібін дамытуға Д. И. Менделеев елеулі үлес қосты. Ол 1888 жылы Донецкіге үш айға барып, донецк көмірінің, Кривой рог және Керчь темір кенінің негізінде көмір өндіру және Ресейдің оңтүстігінде металлургия және кеме жасау өнеркәсібін дамытудың шараларын жасады. Одан соң 1889 жылы ол Урал мен Батыс Сібірде бірнеше ай болып, көмір және металлургия өнеркәсібін дамыту, сондай-ақ металлургия зауыттарын отынмен қамтамасыз ету үшін темір жол салу жөнінде егжей-тегжейлі шаралар жасауды ұсынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атомдық энергетика – энергия көзі ретінде
АЭС болашағы
Қазақстанның атом энергетикасы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібіне жалпы сипаттама
Өнеркәсіптің құрылымы күрделі
Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы және ерекшеліктері
Латын Америка мемлекеттеріндегі ядролық зерттеулер
Алматы ТЭЦ - 3
Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz