12 – жылдық білім беру проблемалары
Өзіңіз айтып отырған бәсекелестік заманында біздің мемлекетіміздің өзге елдермен терезесі тең болуы үшін, сіздіңше, қандай шаралар бірінші кезекте іске асуы керек? Еліміздің білім, ғылым саласында болып жатқан өзгерістер сол мүдденің үдесінен шыға алар ма екен?
– Аз жылдар аумағында әлемдік қауымдастық қатарынан лайықты орынға ие болған біздің мемлекетіміз үшін ендігі жерде жастарымыздың білімі мен біліктілігінің басқа елдерде мойындалуына, оң бағалануына жол ашу аса маңызды. Министрлік қабылдаған білім беруді дамыту тұжырымдамасында жоғары білімге тән біліктілікті өзара тану жөніндегі Лиссабон конвенциясының, жаңа қоғамдық даму сатысына лайық мамандар даярлау үлгісін айқындаған Болон декларациясының негізгі ұстанымдары мен білім берудің халықаралық стандарттық жіктелуіне сәйкес бірқатар өзгерістердің көрініс табуы да содан. Олардың қатарындағы ең бастылары: 12 жылдық орта білім беру, магистратураны жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейіне көшіру және PһD докторлық бағдарламасы негізінде жаңа үлгідегі ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау.
– Білім реформасы дегенге қандай түсінік беруге болады?
– Бізге, ұстаздар қауымына, дүниежүзілік қауымдастықта болып жатқан сан алуан өзгерістер еліміздің саяси-экономикалық жағдайымен қатар, әлеуметтік саланың ең бір өзекті тұсы білім беру жүйесіне де зор әсер ететінін ескермей болмайды. Көп уақыттар бойы білім беру тек рухани-интеллектуалдық көзқараста болып келсе, енді білім туралы әлеуметтік әділдік пен өмір сапасына қажет құрал ретінде түсінік қалыптасуда. Себебі, халықтың саналылық деңгейінің өсуі де, мемлекеттік саясатты түсінуі де білік пен білімді қажет етеді.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың: “Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын” ерекше атап көрсетуінде де үлкен маңыз бар. Өйткені, кез келген мемлекеттің рухани, әлеуметтік-экономикалық дәрежесі сонда өмір сүретін халықтардың білім деңгейіне қатысты бағаланады. Ендеше, еліміз сенім артып отырған бүгінгі студент, ертеңгі мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым-парасаты

Өзіңіз айтып отырған бәсекелестік заманында біздің мемлекетіміздің
өзге елдермен терезесі тең болуы үшін, сіздіңше, қандай шаралар бірінші
кезекте іске асуы керек? Еліміздің білім, ғылым саласында болып жатқан
өзгерістер сол мүдденің үдесінен шыға алар ма екен?
– Аз жылдар аумағында әлемдік қауымдастық қатарынан лайықты орынға ие
болған біздің мемлекетіміз үшін ендігі жерде жастарымыздың білімі мен
біліктілігінің басқа елдерде мойындалуына, оң бағалануына жол ашу аса
маңызды. Министрлік қабылдаған білім беруді дамыту тұжырымдамасында жоғары
білімге тән біліктілікті өзара тану жөніндегі Лиссабон конвенциясының, жаңа
қоғамдық даму сатысына лайық мамандар даярлау үлгісін айқындаған Болон
декларациясының негізгі ұстанымдары мен білім берудің халықаралық
стандарттық жіктелуіне сәйкес бірқатар өзгерістердің көрініс табуы да
содан. Олардың қатарындағы ең бастылары: 12 жылдық орта білім беру,
магистратураны жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейіне көшіру және PһD
докторлық бағдарламасы негізінде жаңа үлгідегі ғылыми, ғылыми-педагогикалық
кадрлар дайындау.

– Бізге, ұстаздар қауымына, дүниежүзілік қауымдастықта болып жатқан сан
алуан өзгерістер еліміздің саяси-экономикалық жағдайымен қатар, әлеуметтік
саланың ең бір өзекті тұсы білім беру жүйесіне де зор әсер ететінін
ескермей болмайды. Көп уақыттар бойы білім беру тек рухани-интеллектуалдық
көзқараста болып келсе, енді білім туралы әлеуметтік әділдік пен өмір
сапасына қажет құрал ретінде түсінік қалыптасуда. Себебі, халықтың
саналылық деңгейінің өсуі де, мемлекеттік саясатты түсінуі де білік пен
білімді қажет етеді.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың: “Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте
оның білімділік деңгейімен айқындалатынын” ерекше атап көрсетуінде де үлкен
маңыз бар. Өйткені, кез келген мемлекеттің рухани, әлеуметтік-экономикалық
дәрежесі сонда өмір сүретін халықтардың білім деңгейіне қатысты бағаланады.
Ендеше, еліміз сенім артып отырған бүгінгі студент, ертеңгі мамандар жаңа
заман талабына сай, терең білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы
керек.
Қазіргі уақыттағы білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат,
еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру, оны әлемдік білім
кеңістігіне кіріктіру болмақ. Ал бұл мақсатты білім жүйесін реформалаусыз
жүзеге асыру мүмкін емес. Алайда, білімді реформалауда бүкіл дүниежүзілік
тәжірибені пайдалана отырып, ұлттық білім беру үрдісінің озық үлгілерін
соған сәйкестендіру, білім сапасын бәсекеге қабілетті етіп, ұлттық білім
мен тәрбиені жаңа арнаға салу үнемі естен шығарылмауы қажет.
Бұл тұрғыдан алғанда, білім беру саласын реформалау — бүкілхалықтық іс.
Еліміздің ертеңі рухы биік, танымы терең, білімді білікпен ұштастырған
ұрпақ қолында болғандықтан, бүгінгі білім жүйесінде жүріп жатқан
өзгерістерге бүкіл қоғам тарапынан қолдау, түсінік қажет. Себебі, ғасырлар
бойы арман болған тәуелсіздікке қол жеткізген егемен еліміздің өркениетті
елдер қатарынан лайықты орын алуы білім беру жүйесінің даму деңгейіне
тікелей қатысты. Олай болса, білім реформасы – баршамызға ортақ, ұлт
мүддесінен, ұрпақ қамынан туындап отырған іс.
– Қазір білім саласына келген жаңа басшы қызметін әйтеуір бір реформа
жасаудан бастайтын болды. Отанымыздағы білім саласы “эксперимент алаңы”
болып кеткен жоқ па?
– Кез келген жаңаның ескі қасаңдықты жеңуі, өзіне кедергісіз тура жол тауып
кетуі әрқашанда қиын. Сондықтан оны жақтаушылар да, оған қарсы пікірлер де
болуы әбден мүмкін. Бұл жағдайда бүгінгі білімді ұйымдастырушылар мен оны
жүзеге асырушылар алдында да үлкен сын тұр. Ол — айтылған пікірлерге құлақ
аса отырып, оның бәрін сын тезінен өткізіп, шешім қабылдау. Өйткені, оқу
мен тәрбиеде кеткен ағаттықтың жалпы ұрпақ, ұлт тәрбиесіне тигізер залалы
бірден көріне қоймайды. Кейін зардабын тарттырады.
Осының алдын алу мақсатын көздей отырып Білім және ғылым министрлігі
“Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі
тұжырымдамасын” дайындап, көрсетілген кезеңдердегі білім қызметкерлері мен
білім беру мекемелерінің міндеттерін анықтаған болатын.
Ал Елбасымыз 2004 жылы білім беруде атқарылуға тиісті нақты істер
белгіленген 2005-2010 жылдарға арналған отандық мемлекеттік бағдарламаны
бекітті. Ендігі жерде мен білім берудегі басты құжат осы деп білем.
ХХІ ғасырда мемлекеттердің өркениеттілігі мен қуат көзі — шикізат
байлықтарымен, көне тарихи-мәдени мұраларымен ғана емес, сол ел
тұрғындарының интеллектуалдық, білімділік деңгейлерімен де анықталмақ. Олай
болса, білім — мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы мен елдің
бәсекелестік қабілетін анықтаушы фактор және қауіпсіздік кепілі деген сөз.
– Елдің бәсекелестік қабілетін дамыту үшін әлемдік білім кеңістігіне
“білекті сыбанып” кірісу керек емес пе?
– Әлемдік білім кеңістігіне ену Қазақстанның жоғары оқу орындары
Халықаралық стандарттау ұйымы (ІSO — Іnternatіonal Standard Organіsatіon)
дайындаған 2000 жылғы нұсқаудағы ІSO 9000 стандарттар сериясының
талаптарынан кем түспейтін, ұлттық ерекшеліктеріміз ескерілген сапалы білім
беру қызметін ұсынғанда ғана мүмкін болады. Себебі, біздің ғасыр — білім,
ғылым және сапа ғасыры. Осы үшеуі элитарлық білімнің де негізі болып
табылады. Біз жоғары оқу орындарын тек білім беруші мекеме деп қарайтын
біржақты түсініктен арылып, оның ғылымның да бастауы және орталығы екенін
ұғынғанымыз абзал. Өйткені, элитарлық білімді ғылым жетістігінсіз беру
мүмкін емес, ал оның деңгейін анықтайтын өлшем — сапа. Ендеше, біз жалпыға
бірдей жоғары білім беруден элитарлық білім беруге біртіндеп көшуіміз
қажет.
Қазіргі уақытта республика жұртшылығына белгілі болып отырғанындай, 2004
жылы Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Семей, Тараз қалаларында жаңадан 5
педагогикалық институт қатарға қосылды. Бұл шараның негізгі мақсаты –
мұғалімдердің даярлық сапасын арттыру. Осыған байланысты педагог кадрлар
даярлауға жыл сайын мемлекеттік тапсырыс та, мамандардың сапасына
байланысты талап та өсе түсуде. Америка мен Еуропаның көптеген елдерінде
бұрыннан қолданылып келе жатқан, біздің республикамыздың оқу орындары үшін
жаңа қадам болып табылатын оқудың кредиттік жүйесіне көшудің де негізгі
мақсаты студент пен оқытушының жеке жауапкершіліктерін өсіру мен
студенттердің белсенділігін арттыру арқылы белгілі сапалық деңгейге көтеру.
– Бұл тұрғыда сіз басқарып отырған институтта қандай жұмыстар жүргізіліп
жатыр?
– Дәстүрлі қағидаларды сақтай отырып, біздегі оқу формалары мен іріктелген
педагогтар қауымы студенттердің интеллектуалды тұрғыдан өсуі мен
тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға шәкірттің жеке қасиеттерін байқап,
бағалауға баса назар аударып отыр. Бүгінгі студент — ертеңгі маман екенін
ойға алсақ, еліміздің мектептерінде кездейсоқ келген көлденең көк аттылар
емес, дарынды, нағыз педагогтар сабақ беріп, еңбек етуі керек. Өйткені,
өзін тәрбиелей білмеген өзгені де тәрбиелей алмайды. Абай: “Адамның
адамшылығы — жақсы ұстаздан” деп ұрпақтың білім алып, тәрбие үйренуіндегі
ұстаз рөлін жоғары бағалаған ғой. “Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес
далаға, ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға”, — деген де сол Абай.
Осы тұрғыдан алғанда,болашақ ұстазды дайындайтын кадрлар оқу-тәрбие ісіне
жауапты болу керек. Оларды сын тезінен өткізу арқылы жұмысқа қабылдаған жөн
дегенді құптаймын. Мәселен, кафедра меңгерушісі, декан, проректор
қызметіндегілер жақсы адамдар болуы әбден мүмкін. Бірақ ұйымдастырушылық
қабілеті болмаса, қарымы заман талабына сай келмесе, алға қойып отырған
мақсатты орындауға өресі жетпесе, ол кафедрада, немесе, факультетте тәрбие
де, сабақтың сапасы да, ұжымның ынтымағы да ойдағыдай болуы екіталай.
Ендеше, жалпы жастар тәрбиесіне, оларға білім беретін оқытушы-профессорлар
құрамы мен оқу-тәрбие жұмысына жауапты адамдарды конкурстық комиссия құрып,
таңдау мен іріктеу жұмысын қайта жандандырудың белгілі дәрежеде тиімді
болары сөзсіз. Біздің институт та бұл жұмысты өз деңгейінде қолға алып,
біртіндеп атқарып келеді.
– Бүгінгі студенттер — кешегі мектеп оқушылары. Осы жерде мектеп пен жоғары
оқу орны арасындағы байланыс қалай болу керек?
– Орынды сұрақ. Іргесі мықты болмаған үй қауіпті.
Мектеп – білім беру жүйесінің ядросы. Біздің білім ордамызда “Балалар
әлемі” атты ғылыми-әдістемелік зертхана құрылды. Зертхананың басты бағыты
бір деңгейге арналған оқулықтар даярлау мен оқу процесінің ұйымдастыру
сапасын бақылау мониторингі (1-4-сыныптар) болып табылады. Аталмыш зертхана
орта және шағын комплектілі мектептермен, эксперименталдық базалармен
бірлесіп жұмыс атқарады. Зертхана қызметкерлері тарапынан қала және
облыстың орта мектеп мұғалімдеріне арналған “12 жылдық білім беру және
оқулық теориясы” атты ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырады. Әдістемелік
бағдарлама дайындауға атсалысады. Мұның бәрі мектеп пен жоғары оқу орнын
байланыстыратын іс-шаралар. Үздіксіз педагогикалық білім беру төңірегінде
жаңа ғылыми идеялар енгізу үшін лаборатория қызметін кеңейтіп, соның
негізінде “Мектеп институты” атты ғылыми-зерттеу орталығын ашуды жоспарлап
отырмыз.
– Елімізде бірнеше оқу орындары оңтайландыру кезінде жекешелендірудің
жұтқыншағына түсіп, сіз айтып отырған сапаның орнын сан деген “құндылық”
басып кеткені жасырын емес. Қазір қалай?
– Мен педагогикалық білім беру туралы ғана айтайын, бұл бір күннің ісі
емес. Оның қалыптасқан белгілі дәстүрі, бағыт-бағдары бар. Қазіргі
педагогикалық білім беруді дамытудың мынадай жалпы бағыттарын атап өтуге
болады:
l Мұғалімдерді даярлау ісіне мемлекет назарын аудару. Өткен ғасырдың 90-
жылдары елде педагогикалық институттардың саны күрт азайып кетті.
Қазақстанда педагогикалық институттар 25-тен 2-ге дейін қысқарды. Олар
университетке айналып, көп профильді оқу орны болды. Сапа емес, сан алға
шықты. Соған орай педагогикалық мамандықтарға жеткілікті дәрежеде көңіл
бөлінбеді. Бірақ соңғы кездері ол үрдістің тиімсіздігі белгілі болып,
пединституттарға мемлекет тарапынан қамқорлық жасалып, кеткен кемшіліктің
орны толтырылуда;
l мектептегі және жоғары оқу орнындағы мұғалім мамандығына сәйкес кәсіби
бағдар беру қолға алына бастады;
l педагогикалық білім беруді жетілдіруге байланысты ғылымның бұрынғы және
соңғы жетістіктері қамтылған сапалы оқыту бағдарламаларын жасау проблемасы
ең маңызды мәселе ретінде қарастырылуда;
l педагогикалық даярлық курсын бітірген мұғалімдердің біліктілігін
арттыруға көбірек көңіл бөлініп, біліктілікті арттыру курстарына арналған
бағдарламаларда мұғалімдердің ұсыныстары мен талаптары қатаң ескеріліп,
оқытудың тұлғалық бағдарлы әдістері қолданылуда;
l мұғалімді кәсіби даярлаудың оқу жоспарын әзірлеу педагогикалық
институттар үшін ең басты мәселе болып табылады. Бұрындары болашақ маман
барлық пәндердің фундаментальдық негізін игеруді кәсіби даярлыққа
жеткілікті деп есептеп, педагогикалық практикаға аз уақыт бөлініп келді. Ал
бүгінде оқу жоспарларының басым бөлігі үздіксіз педагогикалық практикаға
арналған. Бұл бүгінгі студент, болашақ жас мамандардың мектеп өмірінен өз
орындарын тауып, сол ортаға бейімделуіне, алған теориялық білімдерін
тәжірибемен ұштастыруларына мүмкіншілік береді.
– Қазір ерінбеген адам оқу құралын жазатын болды. Өкініштісі, сол
кітаптардың кейбірі студенттердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz