Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарыздың теориялық негіздері
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарыздың теориялық негіздері
1. 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1. 2. Мемлекеттік қарыздың сипаты мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. Қазақстан Республикасының бюджеті мен қарызының ерекшеліктері
2. 1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2. 2. Қазақстан Республикасы қарыздарының ішкі және сыртқы жағдайы ... 13
2. 3. Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістері мен шығыстары және мемлекеттік қарызды басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3. Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығын жою және мемлекеттік қарызды өтеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Мемлекеттік қарыз және мемлекеттік бюджет». Тақырыптың негізін ашу үшін, алдымен қысқаша мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарызға шолу жасаймын.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды.
Мемлекеттік қарыз бюджеттің жеткіліксіз болуынан халықаралық қаржы ұйымдары мен шетелдерден несие алуының нәтижесінде орын алады. Мемлекеттік қарыздың өзі екіге бөлінеді. Ішкі және сыртқы. Ішкі дегеніміз – мемлекеттік құнды қағаз иегерлеріне, ал сыртқы – өзге мемлекеттер мен халықаралық қаржы ұйымдарына қарыз болуы. Қарызсыз ел болмайды. Барлық дамыған елдердің өзі дерлік қарыздан көз ашпайды. Ең бастысы сол қарызды тиімді пайдаланып, соның арқасында ел экономикасын дамыту.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарыздың теориялық негіздерін ашып, олардың проблемаларын, яғни бюджет тапшылығын жою амалдарын және мемлекеттік қарызды өтеу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І. Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарыздың теориялық негіздері
1. 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. 2. Мемлекеттік қарыздың сипаты мен түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. Қазақстан Республикасының бюджеті мен қарызының ерекшеліктері
2. 1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2. 2. Қазақстан Республикасы қарыздарының ішкі және сыртқы жағдайы ... 13
2. 3. Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістері мен шығыстары және
мемлекеттік қарызды басқару

17
3. Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығын жою және мемлекеттік
қарызды өтеу жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Мемлекеттік қарыз және мемлекеттік
бюджет. Тақырыптың негізін ашу үшін, алдымен қысқаша мемлекеттік бюджет
пен мемлекеттік қарызға шолу жасаймын.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын
қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының
бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі.
Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың
ақшалай қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін
орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі
басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды.
Мемлекеттік қарыз бюджеттің жеткіліксіз болуынан халықаралық қаржы
ұйымдары мен шетелдерден несие алуының нәтижесінде орын алады. Мемлекеттік
қарыздың өзі екіге бөлінеді. Ішкі және сыртқы. Ішкі дегеніміз – мемлекеттік
құнды қағаз иегерлеріне, ал сыртқы – өзге мемлекеттер мен халықаралық қаржы
ұйымдарына қарыз болуы. Қарызсыз ел болмайды. Барлық дамыған елдердің өзі
дерлік қарыздан көз ашпайды. Ең бастысы сол қарызды тиімді пайдаланып,
соның арқасында ел экономикасын дамыту.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қарыздың
теориялық негіздерін ашып, олардың проблемаларын, яғни бюджет тапшылығын
жою амалдарын және мемлекеттік қарызды өтеу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1. Мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік қарыздың теориялық негіздері

Бюджет – ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған
экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның
басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына
байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен
ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір
ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды
және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай
қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің
қатысумен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы
мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша
қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық
қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық
мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке
келсідей түсінік берілген: Бюджет – ол мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның
орталықтандырылған ақша қоры. Бюджеттің формасы – қаржылық жоспар,
материалдық негізі – орталықтандырылған қор, экономикалық негізі – жалпы
экономикалық қарым – қатынас, заңнамалық белсендіруі – заң.
Бюджет әр мемлекетте өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық
функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай
мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады,
яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір
қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің
мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп
дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық
категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негіззі бар
өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының
барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде
қаржы жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік
орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда
бюджет өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды
қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық
қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т. б.) қаржыландыруға арналған
орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми
мақалалар) беттерінде бюджет термині әр түрлі ұғымды пайдаланады, мысалы,
ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының
негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік
бюджетке тағы да келесідей анықтама берілген: бюджет – ол қаржылық жоспар;
бюджет – ол басқарушылық жоспар; бюджет – ол заңнамалық құжат; бюджет – ол
коммуникация құралы; бюджет – ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат
деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған
мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері,
бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.
Бюджет деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей
түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:
• ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
• ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
• ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы);
• ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
• ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде
орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік
түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік
пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті
орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан
туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын
орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар
мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, бірікке
экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік
берілген – ол республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-
қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде
пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет.
Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет термині – мемлекет құрастыратын және
басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.
Бүгінгі күні мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі
қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі
және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар
арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі
ымыраға келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет
орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет
экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын
көрсетеді.

Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит қатынастары болып
көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет
негізінен қарызгер ретінде болады.
Мемлекеттік қарыздар – нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және
белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларына алатын
мемлекет пен заңи және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.
Қарыздардың салықтардан айырмашылығы:
Қарыздар Салықтар
1) ерікті сипаты; 1) мәжбүрлеме сипаты;
2) мәжбүрлеудің бүркемелі нысаны 2) мәжбүрлеудің анық нысаны
Мемлекеттік қарыздар туралы сұрақтарға, нақты қаржы категорияларын
экономикада пайдалануға, оның дамытуды реттеуге қолданылуына байланысты
теориялық және әдістемелік сауалдарына, әсіресе мемлекеттік шығындарды
несиелік қаржыландыру бағытына Р.Барро, Б.Д.Бернхайн, М.Персон, А.Смит, Д.
Рикардо және басқалардың зерттеулері арналған. Орыс ғалымдары Е.П.Баранова,
А.Вавилов, П.С.Гримберг, И.Б.Златкис, Д.И.Кокурин, А.Селезнев, А.Саркисянц,
Б.А Хейфец және басқалардың еңбектері мемлекеттік қарыздың теориялық және
практикалық мәселелерін талдауға, олардың экономикаға ықпал ету шамасына
байланысты мәселелеріне арналған. Мемлекеттік қарыздарды дамытудың
мәселелері кең деңгейде қазақ ғалымдары Е.М.Арынов, А.К.Амринова,
У.Б.Баймуратов, А.Е.Есентугелов, А.Б.Көшербаева, А.С.Обаева, В.Н.Шенаев,
А.Д.Челекбай және тағы басқа авторлардың ғылыми еңбектерінен көрінеді.
Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы,
эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша:
қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін),
ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша
қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың
облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру
әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және
мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей,
ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады.
Эмитентке қарай қарыздар үкіметтің қарыздарына және биліктің
жергілікті органдарының қарыздарына ажыратылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын
тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлауды табыс алады); ұтыс
немесе лотареялық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы
шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш
туралы Қазақстан Рсепубликасының заңына, Бюджет кодексіне сәйкес қарыз
алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет
кепілдік берген қарыз алу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды Қазақстан
Рсепубликасының Үкіметі, Ұлттық Банкі және жергілікті атқарушы органдары
жүзеге асырады.
Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру
мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық
банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі
жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да
мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік
қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты
жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:
1. Қарызгерге қатысы бойынша:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыздары;
- Жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.
2. Несие капиталының рыноктары бойынша:
- Сыртқы мемлекеттік қарыздар;
- Ішкі мемлекеттік қарыздар.
3. Қарыз алу нысаны бойынша:
- Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;
- Қарыз шарттарын (келісімдерін) жасасу болып бөлінеді.
4. Қолданылу мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:
- Айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
- Айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді;
- Айналыс мерзімі 5 жылдан астам, ұзық мерзімді болып бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және құжатысыз
нысанда (оны ұстаушылар үшін тек қана құжаттық нысанда), номиналды және
дисконтталған құны бойынша, сыйақының бекітілген және бекітілмеген
мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.
Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, шарттарға қол қою тәртібін, оның
атынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару,
орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет көрсету тәртібін
Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейді.
Мемлекеттік қарыздың әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай
келеді. Бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары,
тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты
анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру
амалдары (облигацияларды, бондарды еркін сатып алу және сату, жазылу,
мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар бойынша ұтыстар,
қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп (сатып) алу, мерзімсіз
қарыздарда – пайыздық кірісті дүркіндік төлеу).

Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер
бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын
білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттерінің
жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың
аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федеративтік емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парлдаменті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер
жұмыс істейді (1 сызбаны қараңыз):
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астаның бюджеті;
- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік
бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге
ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас
республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік
бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық
және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15
одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру бюджетінен тұрды.
1 – сызба
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер
кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің
орталық буыны болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің
басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет – бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық
бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен
қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын
жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) –
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті,
аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер
есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік
органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға
ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте
мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры
облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып
табылады.
Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер
есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты
мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз
етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік
саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық
маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен
бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан
Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген
мерзім ішінде қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры – Үкіметтің Ұлттық банктегі
шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ
материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері.
2. 2. Қазақстан Республикасы қарыздарының ішкі және сыртқы жағдайы

қарыздың өзі екіге бөлінеді: ішкі және сыртқы қарыздар.
Мемлекеттік сыртқы қарыз – бұл шетел мемлекеттеріне, мекемелеріне,
азаматтарына төленетін қарыз. Қарыздың бұл түрі ел үшін ең ауыр, себебі оны
төлеу үшін мемлекет құнды қағаздарды беруге немесе белгілі қызмет көрсетуге
мәжбүр болады.
Мемлекеттік ішкі қарыз – бұл осы мемлекеттің халқына төленетін қарыз,
табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді.
Ең алдымен мемлекеттік ішкі қарыздарға тоқталайық. Дербестікке ие
болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі қарыздарды қолдану
басталды. 1992 жылы республика үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыз шығарды, ол
кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға
есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының
бондары шығарылды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге
көлемінде 4 рет ойналады.
1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-заңи және
жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең
мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Мемлекеттік ішкі қарызының
ұлттық жинақ облигациялары таратылды. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі
табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.
Мемлекеттің ішкі қарыздарының бүгінгі күнгі көлемі жөнінде аз айтылып
жатқан жоқ. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуы
бойынша: Ішкі үкіметтік қарыз 820 млрд теңге, немесе мемлекеттік қарыздың
80,8% құрады. 2008 жылы ол 308 млрд теңгеге жетті. Оған себеп,
республиканың бағалы қағаздар нарығында 2008 жылы 465 млрд теңге көлемінде
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар орналастырылды. Ал 158 млрд теңгесі
өтелді.
Енді Қазақстанның сыртқы қарызы жайлы тоқталайық, бұл туралы баспасөз
беттерінде соңғы кездері аз айтылып жүрген жоқ. Мұнан он жылдай бұрын, яғни
1999 жылы мұнай қымбаттағандықтан, экономикадағы құлдырау тоқтады дедік.
Алайда осы тұста үкімет сыртқы қарыздың үстеме өсімі өсіп кетті, бюджетте
оны төлейтін қаржы жоқ деп, біраз әлеуметтік жеңілдіктерді қысқартып
тастады. Бірақ соған қарамай, біздің сыртқы қарызымыз жыл сайын өсіп
барады.
Батыстың арнайы мамандандырылған қаржылық құрылымдары 1999-2003 жылдар
аралығындағы Қазақстанның сыртқы қарызы екі есеге дейін көбейгенін, яғни 7-
8 миллиард доллардан, 15-16 миллиард долларға дейін өскенін айтады (Қосымша
– 4).
Қазақстан сыртқы қарызды жалдан-жылға көбейтіп барады, бұның түбі неге
апаратыны әлі де белгісіз. Сыртқы қарыздың аты сыртқы қарыз. Себебі, сыртқы
қарыз қайтарылуға тиіс және оған қосылатын өсімақы тағы бар. Бұл өсімақы
өзге елдің экономикасын байытады. Сондықтан сырттан қарыз алғаннан гөрі,
ішкі-ауыс-түйісті тиімді пайдалану анағұрлым пайдалы.
Кез келген мемлекет сырттан қарыз алуға мәжбүр болған кезде, оны ішкі
капиталын өсіріп, өз экономикасын нығайтуға жұмсау үшін алады. Сыртқы қарыз
мақсатты түрде жұмсалмаса, бұл екі түрлі шығынға алып келеді. Біріншіден,
қаржы өз мақсатында жұмсалмайды, уақтылы қайтарылмайды, бірақ оның
өсімақысы өсіп жатады. Екіншіден, қаржы алғандағы басты мақсат орындалмай
қалады. Ең соңында, сыртқы қарыз өсе берсе, ол дефолтқа ұрындырады.
Бүгін Қазақстанда сыртқы қарыз ел экономикасына қауіп төндіретін
жағдайға жетті деген дабыл жиі қағылуда. Мұны республикалық бюджеттің
орындалуын бақылау мен қадағалау үшін құрылған Есеп комитеті де жоққа
шығармайды.
Бүгінде Қазақстанның барлық сыртқы қарызы 111 миллиард АҚШ долларын
құрап отыр. Қазiрдің өзінде сыртқы қарыз iшкi жалпы өнiмнің көлемінен
100,8 пайыз артық. (Қосымша – 5)
Мұнан 10-11 жыл бұрын 7-8 миллиардтан басталған қарызымыз бүгін 111
миллиардқа жетті. Мұны 17 миллион қазақстандыққа бөлсеңіз, орта есеппен әр
адамға 7 мың доллардан келеді екен. (Қосымша – 6)
Қазақстанның ең көп қарыз алған салалары қаржылық қызмет, геологиялық
барлау мен құрылыс саласы, автомобиль жолдарының құрылысы екені ғана
белгілі. Астана, Астанадағы әуе-жай құрылысына шетел инвестициясы көптеп
жұмсалған. Ауыл шаруашылығы өнеркәсіптік секторындағы қаржының мақсатты
түрде пайдаланылмағаны туралы ақпарат та бар. Дегенмен Есеп комитеті мұнан
екі жыл бұрын үкіметке сыртқы қарызға бірте-бірте шек қою тетігін жасауды
ұсынды. Бірақ Қазақстан сыртқы қарыз көлемін арттырмаса, кеміткен жоқ.
2010 жылы ғана бұрынғы қарыздың үстіне 25 миллиард АҚШ доллар қарыз
қосылды. (Салыстыру үшін айтсақ, сыртқы қарыз 1999-2003 жылдар аралығында 7-
8 миллиардтан 16 миллиардқа жеткен. 2004 жылы бұл көрсеткіш 32 миллиардқа,
2005 жылы 43 миллиардқа жетті. Бұған 2007 жылы 23 миллиард доллар, ал 2008
жылы 11 миллиард доллар қосылған. Сонда соңғы 10 жылдың ішінде, ең көп
қарыз алу 2010 жылдың үлесіне тиеді).
Әлі де түсініксіз бір жәйт, бұл алынып жатқан қарыздар дұрыс
пайдалануда ма? Сыртқы қарызды тиімді пайдалану болмаған жерде ең басты
қатер өзге ел алдындағы экономикалық және саяси тәуелділік мәселесі
туындайтыны белгілі. Рас, шетелге тәуелдi болмаудың бірден-бір жолы бар. Ол
халықаралық валюта қорынан несие алу. Бiрақ билiк, неге екені белгісіз,
халықаралық ұйымнан несие алғысы келмейді. Оның орнына жеке елдерден қарыз
алудан тартынбайды. Ресми деректер бойынша, Қазақстан ең көп қарыз алған ел
Нидерландия (49,8 миллиард доллар). АҚШ-тан 16,2 миллиард, Ұлыбританиядан
7,5 миллиард доллар қарыз алғанбыз. Қытайдан 7,3 миллиард доллар қарыз
алдық. Оның 3,4 миллиарды банктік несие (Қосымша – 7).
Алайда Қытайдан алынған қарыз бізге аса қымбатқа түсті.
Маңғыстаумұнайгаздың 50% акциясын қытайлықтар иеленді. Сөйтіп, қытайлық
компаниялар бүгінде елiмiздiң мұнай активтерiн бөлiсуде.
Қазiрдiң өзiнде Қытай энергетика мен минералды ресурстарды иелене
бастады. Ал экономикада шетел капиталының өсуi экономикалық және саяси
қауiпсiздiкке қатер төндiретiнi сөзсіз.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар— бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік
кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер,
сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік
кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты
өтеу болып табылады.
Бюджеттің кірістері — бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан,
алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын
түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі
капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне" сәйкес республикалық бюджетке
түсетін кірістер мыналар болып табылады:
1) салықтық түсімдер, алымдар және басқа да міндетті төлемдер:
корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, соның ішінде
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орыңдалған
жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстанның аумағына
импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, импортталатын
тауарларға акциздер, газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын
акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері,
экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы, Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін
алым, телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін
пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым, теңіз, өзен кемелері мен
шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, радиоэлектрондық
құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, дәрілік заттарды мемлекеттік
тіркегені үшін алынатын алым, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон
байланысын бергені үшін, радиожиілік сеьстрін, кеме жүретін су жолдарын
пайдаланғаны үшін төленетін төлем, әкелінетін және әкетілетін тауарларға
кеден баждары, отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын
баждар, консулдық алым, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары
мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж, жүргізуші куәліктерін
және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін
алынатын мемлекеттік баж, мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының
нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж және басқа
алымдар мен төлемдер;
2) салықтық емес түсімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер
(республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы
бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне
дивидендтер, заңи тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден
алынатын кірістер, Үкіметтің депозиттері, екінші деңгей банктерінің
шоттарында орналастырылған мемлекеттік сыртқы қарыздар, республикалық
бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер), қару-жарақ пен
әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін
басқа да кірістер); республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден
түсетін түсімдер және осы мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып
алуларды өткізуден түсетін ақша түсімдері; мемлекеттік мекемелер салатын
айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және республикалық
бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер);
3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік
мүлікті, мемлекеттік босалқы қорлардан, резервтерден тауарларды,
материалдық активтерді сатудан түсетін ақшалар);
4) ресми трансферттердің түсімдері (облыстық бюджеттерден,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz