Табиғат ресурстарын пайдалану принциптері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе3
1 Табиғат ресурстарын пайдалану принциптері6
1. 1 Минералдық ресурстарды пайдалану принциптері6
1. 2 Жер ресурстарын пайдалану9
1. 3 Су ресурстарын ұтымды пайдалану16
2 Табиғат ресурстарына экономикалық тұрғыдан баға беру23
2. 1 Минералдық ресурстардың экономикалық тұрғыдан бағалануы23
2. 2. Кен орындарын экономикалық тұрғыдан бағалау әдістері25
2. 3. Жер ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың әдістері31
3 Территорияның табиғи ресурстық потенциалы41
3. 1 Территорияның табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары41
3. 2 Аймақтық - өндірістік кешеннің тиімділігі арқылы бағалау48
3. 3 Жер ресурстарын бағалаудың ландшафтық - экологиялық тәсілі52
Қорытынды59
Қолданылған әдебиеттер:62
Қосымша мәліметтер:64
Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі: Адамзат қоғамы дамуының барлық кезеңдерінде табиғи ресурстар оның әлеуметтік - экономикалық прогресінің маңызды алғы шарты болып табылады. Табиғатты пайдалану процесінде табиғи ресурстарды ғылыми негізде шаруашылық тұрғысынан бағалаудың маңызды мәні бар. Оның құрамдас элементтері табиғи ресурстарды барлау, анықтап ашу, инвентарлау, сондай-ақ мөлшері мен сапасы тұрғысынан бағалау болып табылады. Табиғи байлықтарды мұқият есепке алмайынша, өміріміздің барлық салаларында олардың тұтынылуын бақылаудың мінсіз қалыптасқан жүйесі болмайынша және бұл ресурстарды барынша үнемдемейінше алдыңғы мемлекеттер қатарында болу қиындыққа соқтыруы мүмкін. Сондықтан-да зерттеу тақырыбында табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың маңыздылығына ерекше көңіл бөлінеді. Табиғи ресурстардың материктер мен мемлекеттерде орналасуы бүгінгі таңда нарық экономикасының бүкіл қызметкерлерінің назарын аударуда. Өйткені, халықаралық бизнес қазіргі әлемдік ортадағы іскер адамдар, менеджерлер, инвесторлар және олардың компаниялары қоғамдық пәндердің соның ішінде, экономика, география, тарих, саясаттану, заң және антропология салаларында білімі болуын талап етеді.
Мәселенің өңделуі: Ең бастысы минералды ресурстарға, жер, су ресурстарының пайдалану принциптеріне басты назар аударылады. Олардың пайдалануына экономикалық тұрғыдан баға беріледі. Экономика облысындағы білімі олар үшін оның компаниясының, өз елінің және шетелдің экономикасына ықпалын, олар жүргізген экономикалық саясаттың, өз табысын анықтайтын аналитикалық құрал болып табылады. Сонымен бірге, экономикалық теория халықтар не үшін тауар айырбастайды, бір екінші елге халықтар не үшін араласуда, не үшін бір елдің валютасы белгілі бір елдің пропорцияда екінші елде бар деген сұрақтарды түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар географияны білген өте маңызды, себебі ол іскер адамдарға басты және екінші ресурстарды сандық және сапалық орналастыру, олардың эксплуатацияға жататындығын анықтауға көмектеседі. Ресустардың әркелкі орналасуы өнеркәсіптің түрлі тауарларының айналуына және олар қызмет етіп жатқан елдегі тиімді жерлерде тиімді қызмет көрсетуіне мүмкіндік туғызады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Еліміздегі табиғат ресурстарының пайдалану бағыты, ұтымды және ұтымсыз пайдалану себептерінен ресурстардың азаюы. Оны экономикалық тұрғыдан бағалануы. Әлемдік экономикалық ортада қызмет істейтін іскер адамдар өз компаниясының шегіндегі географияны, яғни бұл елдің табиғи ресурстарының орналасуы, оның экономикасын, өнеркәсіп объектілерінің пайда болу тарихы мен дамуын білуі қажет(1) .
Зерттеу жұмысының міндеті: Табиғи - ресурстық потенциалға байланысты ұғымдардың анықтамасын білумен бірге, олардың мазмұны мен өзара байланысын білу қажет. Табиғи ресурстар адам тіршілігінің табиғи жағдайларының барлық жиынтығының бір бөлігін құрайды, қоғамдық өндіріс үрдісінде қоғамның материалдық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылатын оның табиғи ортасының маңызды компоненттері.
Зерттеу жұмысының нысаны: Табиғи ресурстардың негізгі түрлері - күн энергиясы, жердің ішкі жылуы, су, жер, минералды, өсімдік(орман), жануарлар әлемінің ресурстары.
Ресурстар бүгінде үлкен көлемде қолданылуда, сондықтанда адамзатты табиғи ресурстармен қамтамасыз ету әлемдегі басты мәселелердің бірі. Ресурстардың кейбір түрі мысалы минералдық ресурстарды тек қана бір рет қолданамыз. Ресурстың бұндай түрі сарқылатын немесе қайтып қалпына келмейтін ресурс деп аталады. Олардың қоры жерде қайта толықпайды. Біріншіден, олардың миллиондаған жылдар бойы қалыптасуына жағдай жоқ болса, екіншіден, пайдалы қазбалардың қалыптасу жылдамдығы адам тұтынуынан баяу болып келеді. Минералды ресурстар қайтып қалпына келмейтін ресурстарға жатады. Олардың қалыптасу темпі оларды жер қойнауынан қазып алудан баяу жүреді. Сондықтанда, адамзаттың болашақ тарихына қайтып қалпына келмейтін ресурстарды тиімді пайдалану құралы мен тәсілі, сонымен бірге шикізатты қайта өңдеу тәсілін енгізу қажет.
Тәрбиелік құндылығы : Минералды ресурстардың маңыздылығын олардың алуантүрлілігі және күнделікті өмірде көп қолданылуынан - ақ байқауға болады. Кейбір минералдар адам өмірі мен денсаулығына ауа мен судай қажет. Пайдалы қазбаларды қазып алу кезіндегі шығынның мөлшерін азайту шараларын қолдану қажет. Пайдалы қазбаларды өңдейтін орындарға тасымалдау процесінде де оларды шығынсыз сақтау қажет экономикалық тұрақтылығы, оның тұрақты дамуы үшін табиғи ресурстарды тиімді әрі кешенді пайдаланудың ғылыми негізі қажет.
Экономикалық ресурстар материалдық, еңбек және қаржылық ресурстар болып бөлінеді.
Материалдық ресурстар өз кезегінде қоғам қазіргі уақытта тұтынып жатқан өнеркәсіп табысы мен тұтыну құралдарынан тұрады. Олар өнекәсіп, импорт және басқада кіріс қорларынан тұрады. Оларды ұлғайтудың басты көзі қоғамдық өнеркәсіптің үздіксіз өсуі болып табылады. Ресурстарды кешенді өңдеу мәселесінің идеясы - бұл экономикалық потенциал тұтқасын құраушы өнеркәсіп ресурстарын көбейту, пайдалану мәселесін шешудегі өзара байланысты бір қадам болып табылады.
Еңбек ресурстары еңбекке қабілетті жастағы халықтың саны (мүгедектер мен еңбекке жарамсыз тұлғаларды қоспағанда), сонымен бірге бұл жастан өтіп кеткен бірақ жұмыс істеп жатқан тұлғалармен анықталады. Жеке ресурстар саны мен олардың шаруашылық әрекеттерде қолданылуы еңбек балансында беріледі .
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе бөлімнен және негізгі үш тараудан тұрады. Кіріспе бөлімде табиғат ресурстарының ұғымына түсінік беріле отырып табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен экономикалық маңызына көп мән берілген. Бірінші тарауда табиғат ресурстарын; минералды ресурстар, жер ресурстары, су ресурстарының пайдалану әдістері қамтылса, екінші тарауда осы ресурстарға экономикалық тұрғыдан баға беріледі. Үшінші тарауда территорияның табиғи ресурстық потенциалына ғылыми тұрғыдан талдау жасалынған.
1 Табиғат ресурстарын пайдалану принциптері
1. 1 Минералдық ресурстарды пайдалану принциптері
Біздің республикамызда минералдық ресурстарды қорғау және оны орынды пайдаланудың келесі шарттарын орындаумен қорытындыланады:
1) табиғаттағы барлық ресурстардың түрлері мамлекет меншігінде, сондай-ақ оларды болашақ ұрпақ үшін жер қойнауының байлығын сақтап, пайдалануды кешенді және жоспарлы түрде орындайды;
2) қоғамдық қажетті шығындардың ең азымен халық шаруашылығын минералдық шикізаттармен қамтамасыз етуді жүзеге асыру, тау-кен өнеркәсіп өндірісінің қоршаған ортаға келтіретін зиянды әсерінің деңгейін төмендету үшін қалдықсыз және қалдығы аз үдемелі технологияны енгізу.
Қазіргі таңда Қазақстанда жер қойнауын пайдалану мәселесі ҚР Президентінің Жарлығымен 1996 ж. қаңтарындағы «Жер қойнауын пайдалану» туралы қолданысқа енген күші бар заңмен реттеледі. Осы жарлыққа және республика Конституциясына сәйкес барлық жер қойнауы және оның пайдалы қазбалары мемлекеттің меншігінде болады.
Еліміздің үкіметі келесі функцияларды орындайды:
- мемлекеттік жер қойнауының қорын басқаруды ұйымдастырады;
- жер қойнауын пайдалану тәртібін белгілейді;
- мемлекеттік қажеттілікті қанағаттандыруға арнналған стратегиялық
және тапшы минералдық шикізат түрлерінің учаскелерін анықтайды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде жер қойнауын пайдалануды шектейді, қоршаған табиғат ортасының шырышы бұзылмай сақталуын және халықтың қауіпсіздігін белгілейді. Болашақ ұрпақтың мүдесіне сай қор сақтау үшін консервация жасайды;
- кен өндіруші өнеркәсіп саласында қызметін жүзеге асырушылардың жер қойнауын пайдаланушылар үшін салықтар мен төлемдердің төлену тәртібін белгілейді;
- лицензиямен жасалған өзара шарттың тәртібін анықтайды;
- өзара шарттар мен т. б. лицензиялардың шарттарын орындау мен оның сақталуына бақылау жасайды, сонымен қатар жер қойнауын пайдалануға құқықтық лицензияны беруде жүзеге асырады.
Өзара шартты жасағанда және оның жұмыстарын жүргізгенде келесі терминология пайдаланылады:
- мемлекеттік геологиялық жер қойнауын зерттеу- жер қойнауы
жағдайының мониторингісімен байланысты жұмыстар (операциялар), республика аумағының барлық бөлігін түгелдей, учаскелердің геологиялық құрылымын зерттеу жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негізін құрайтын мемлекеттік геологиялық картаны жасайды, пайдалы қазбалардың болашақтағы бар көлемін анықтап белгілейді;
- өндіру-технологиялық барлық операцияларды қосқанда минералдық
шикізаттарды өңдеу күйіне дейін жеткізу, мемлекет меншігішдегі техногенді жерлерден түзіліп құрылған минералды жер қойнауынан пайдалы қазба түрінде жер бетіне шығару мен байланысты жұмыстар;
- құзыретті орган өзара шарттардың жасалуы және оның орындалуымен тікелей байланысты құқығы табысталған атқарушы орган;
- өзара шарт- жер қойнауын байдалану бойынша құзырлы органдардың өткізген операциялары мен жер қойнауын пайдаланушылар (мердігер) арасындағы шарт;
- лицензия - өзара шарт аумағының шеңберінде белгіленген мерзімге жер қойнауын пайдалану бойынша операция жүргізуге құқық беретін лицензиялық органның (беретін) рұқсаты;
- минерал шикізаты - құрамында пайдалы қазбалары бар жер бетіне шығарылған кен жынысы тау жынысы, руда шикізаты мен т. б. ;
- үлгілі өзара шарт - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өнегелі шарт, кейбір шарттың жекелеген түрінің ерекшеліктері көрінетін немесе жер қойнауын пайдалану бойынша жүргізілген жекелеген операцияның ерекшеліктері мен өзара шарт жасағанда үлгі ретінде пайдаланылады;
- жер қойнауын пайдаланушы (мердігер) - жер қойнауын пайдалану бойынша операцияны жүзеге асыруға құқық алушы халықаралық ұйым және мемлекет, заңды тұлға немесе азамат;
- жер қойнауы - топырақ қабатынан төмен орналасқан жер қыртысы, ал оның жоқ кезінде - жер бетінен төменде, тереңге дейін жайылып жатқан су нормаларының табаны (түбі), үдемелі ғылыми техниканы есепке ала отырып, жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жасау үшін қол жеткізу;
- жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар - жер қойнауын мемтекеттік, геологиялық тұрғыдан зерттеуге жататын жұмыстар, барлау мен өндіру, емдік балшық, жерасты суларын төгіндісі үшін жер қойнауын барлау, сонымен қатар өндіруге байланысты емес құрылыс бойынша жұмыстар мен жер асты ғимаратын пайдалану;
- пайдалы қазбалар - материалдық өндірісте пайдалануға жарайтын газ тәрізді немесе сұйық, қатты күйде жер қойнауында сақталатын табиғи минералдық заттектер;
- жұмыс бағдарламасы - жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу үшін дайындалғын жоспардың барлық түрі, мемлекеттік геологиялық жер қойнауын зерттеу, барлау мен өндіру бойынша жоспарларды да қосқанда;
- барлау - пайдалы қазбалар орындарын іздеу және оны бағалауға байланысты жұмыстар (операциялар) ;
- өндіруге байланысты емес жер асты ғымаратының құрылысы және оны пайдалану - құрылыс бойынша және жер асты ғимаратын жалпы шаруашылық үшін пайдалануды белгілеу, сонымен қатар радиоактив қалдықтарын көму, зиянды закеттер мен ағын суларға байланысты жұмыстар;
- техногенді минералдық түзілуі - металургиялық байыту фабрикасының тау - кен қалдықтары мен пайдалы қазбалары бар өндірістің басқа түрлері (шлактар, үйінділер т. б. ) .
Жер қойнауын пайдалану құқығы келесі операцияны жүргізу үшін беріледі:
- жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;
- барлау;
- өндіру;
- өндіруге қатысы жоқ жер асты ғимараттарын пайдалану және оның құрылысы;
Жерді пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, басыбайлы немесе шеттету болып, тегін немесе орны толтырып берілуі мүмкін.
Жер қойнауын тегін және тұрақты пайдалану құқығы жалпы таралған пайдалы қазбаларды жер учаскелерінде өзінің меншік қажеттілігі үшін өндіруді жүзеге асырғанда, жер қойнауын пайдаланушының жеке меншік құқығына жататын немесе тұрақты жер пайдалануға жататын кезде іске асырады. [13]
Жер қойнауын пайдалану бойынша қалған барлық операцияларды түрлері жер қойнауын уақытша және орнын толтыру негізінде жүзеге асады.
Ұлттық жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар.
Шетелдік жер қойнауын пайдаланушылар - шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар.
Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану құқығы шексіз сипаттағы тұлғалар.
Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану құқығы шектеулі мерзімге белгіленген тұлғалар.
Жер қойнауын пайдалану құқығы берілетіндер:
- өндіруге байланысты жоқ жер асты ғимаратын пайдалануға жіне оның құрылғысына, барлауға, өзара шарт пен лицензия негізінде атқарылады;
- жалпы таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта өндіру облыстық атқару органдары берген лицензия негізінде атқарылады;
- жер қойнауын геологиялық мемлекеттік тұрғыда зерттеу ісі ведомствоға қарайтын ұйымдарға бағытталған немесе өзара шарт, жер қойнауын қорғау мен пайдалану бойынша өкілетті органның әкімшілік актісі негізінде атқарылады;
- жалпы таралған пайдалы қазбаларды және жер асты суларын меншік қажеттігі үшін өндіру бір мезгілде жер учаскесін берумен, оның астында жатқан жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын жеке меншікке жер пайдалануға берумен атқарылады;
- жер учаскесін уақытша пайдалануға берген кезде жалпы таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларын меншік қажетіне пайдалану шарты уақытша жер пайдалану туралы шартта ескертілуі мүмкін:
Барлау немесе өндіру үшін лицензия құқығы қағида бойынша конкурс негізінде инвестициялық бағдарламаға беріледі.
Жалпы таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатқа өндіруді қоспағанда, барлау мен өндіруге лицензияны беруді облыстық атқарушы
органдар атқарады.
Барлауға арналған лицензия алты жыл мерзімге беріледі. Өзара шарт пен лицензияда көрсетілгендей өзге міндеттемелерді және бағдарламалық жұмыстарды орындаған жағдайда лицензия алушының оның мерзімін ұзартуға құқығы бар. Барлауға берілген лицензияның әрбір кезеңінің ұзақтығын екі жылға дейінгі мерзім күші екі рет ұзартылуы мүмкін.
Өндіруге берілген лицензияның мерзім кезеңі - 25 жылға дейін болады.
Лицензияның күші мына жағдайда тоқтатылады:
- лицензияда көрсетілген мерзімнің өтуі бойынша;
- лицензиялық орган қайтарып алғанда;
- жер қойнауын пайдаланушының шартты орындамаған кезінде шығатын лицензиядан өзара шарттың үзілуі жағдайында немесе шартты жарамсыз деп танығанда;
- заңды тұлғаның таратылуы кезінде.
Берілген лицензияны лицензиялық органның келесі жағдайда қайтарып алуға құқығы бар:
1) лицензияның күшін тоқтату туралы қабылданған шешім тудырған немесе оларды болдырмау үшін жеткілікті уақытта жоймаған себепте, лицензия алушы себепті жоюдан бас тартқанда;
2) орынды себептер тудырған немесе жер қойнауын пайдаланушының кінәсінен болмаған басқа жағдайларда, өзара шарт жасалған мерзім жөніндегі лицензия шартын бұзғанда.
Лицензия органына біле тұра қате ақпарат беріп, соның ықпалымен сол тұлғаға лицензия беруге шешім шығарған фактілері сот арқылы анықталғанда, лицензия жарамсыз деп танылады.
1997 ж. қыркүйегіндегі жағдай бойынша 950 лицензия берілген, соның ішінде қатты пайдалы қазбаларға - 733, мұнайға - 170, суға - 47. Лицензия шетелдік өнімдерге беріледі. Сол кезде 46 өзара шарт жасалған болатын.
1. 2 Жер ресурстарын пайдалану
Жерді пайдаланудың функциялық ерекшелігі оның табиғи ресурстардың арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл-ауқатының бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоңыстандырудың және өндірістік күштерді орналастырудың кеңестік базисі әрі барлық экономикалық факторының еңбек, материалдық - техникалық және табиғи ұдайы өндірістік процестердің қалыпты жүзеге асуының болып табылады. Тарих В. Петти формуласының дұрыс көрсетті, оның ойынша: «Еңбек - заттай байлықтың атасы, ал жер - анасы».
Құрал ретінде жер өндірісінің, әсіресе, өндірістің жасалған құралымен салыстырып қарағанда өзіндік еркін болады.
Біріншіден, жер - табиғаттың өнімі, сондықтан да бастапқы жағдайда оның құны болмайды, өйткені оны жасайтын адам еңбегіне жұмсалатын шығын жоқ. Өндірістің басқа құралдары адам еңбегімен жасалатындықтан, олардың құны болады.
Екіншіден, өндірістің қолдан жасалған құралы физикалық тозуына карай ұдайы өндірілуі мүмкін. Жердің топырақ жамылғысы да жаңғыртылатын табиги ресурс болып табылады, алайда табиғи жолмен қалпына келтіру үшін жүздеген жыл қажет. Бұл мынаны білдіреді: келешекте бүлінген қабаттары қарқынды шаруашылық қызметке жарамсыз болады.
2, 5 см қалындықтағы топырақ кабатының калпына 300 - 1000 жыл кереқ, ал 18 см егістік қабатының қалпыны үшін 2-7 мың жыл қажет болады екен. Бұл жерді және жаңғырықтылмайтын табиғи ресурстарды қолдануды жоспарлауда тәсілдемелердің салыстырмалылығына себепкср болады. Жерді дұрыс пайдалану, үнемдеу және оны қоргау оның биологиялық әлеуеті мен өнімділігін бұрынғы қалпында ұстауға да мүмкіндік беріп қана қоймай, оны айтарлықтай тыңайтады да.
Жер ресурстары . Біздің планетамыздың беті - 510 млн км 2 (51 000 млн га) . Оның көп бөлігі - 361 млн км 2 (36 100 млн га), яғни 71%-ін су алып жатыр; құрлыққа тиесілісі - 149 млн км ( 14 900 млн га) . Бұл территорияның 4 060 млн га (28%-ін), орман алып жатыр, шалғын мен жайылым - 2 600 млн га (17%) . Өңделетін жер (егістік) - 1 450 млн га (10%) . Жер категориясы бойынша жер ресурстарының бөлінуі диаграммада бейнеленген
Бұрынғы КСРО территориясы - 22, 3 млн км 2 (2 230 млн га) ; Қазақстанның территориясы - 2, 72 млн км 2 (272 млн га) . Ауыл шаруашашылығы жарамды жердің үлес салмағы елдер бойынша: ТМД - 27%, АҚШ - 53%, Кнада - 7%, Бразилия - 28%, Аргентина - 65%, Қытай - 40%, Жапония - 6%, Үндістан - 60%, ГФР - 50%, Франция - 63%. Бұл айырмашылық олардың (әртүрлі елдердің) табиғи климаттық жағдайларымен түсіндіріледі (суық немесе жылы климат, шөл, таулы және т. б. ) Ауыл шаруашылығына пайдалы жердің динамикасына толып жатқан процестер өз әсерін тигізеді: ғылыми - техникалық процестің шапшаң қарқыны, урбанизацияның өсуі, қолайсыз табиғи факторлар, жаңа территорияларды игеру, аграрлық жер құрылымының өзгеруі және т. б. Өнеркәсіптердің, инфрақұрылымның және қалалардың дамуы пайдалы жердің кәсіпорындардың, су электр станцияларының, кең өнеркәсіптері объектілерінің, көлік коммуникациясының, тұрғын үй массивтерінің және т. б. иеленуіне алып келді. Сонымен бірге жердің көп бөлігінің су және жел эрозиясына ұшырауы шаң бұрқасынның, сай-салалардың, қуаңшылықтың пайда болуы сортандануы, батпаққа айналуы жер ресурстарыны және олардың құнарлылығынан айырылуына әкеп соқтырады.
Жер жағдайының нашарлауы ауыл шаруашылық жұмыстарының қаркынын ұдайы арттыруға, жерге салынатын күрт өсіруге ықпал етіп отыр. Ауыл шаруашылығында машиналарды, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды пайдалану күннен-күнге артып келеді, оның үстіне аграрлық техниканың күрделі құрылымы да жер жағдайын қиындатады. Осылардың салдарынан жерге шектен тыс салмақ түсіп отыр.
Көптеген дамыған елдерде ауыл шаруашылығына жарамды жердің көлемі тарылып барады. Мәселен, АҚШ-та пайдалы жердің көлемі 1960 жылы 540 млн га-дан 1990 жылы 492 га-ға дейін, ал Жапонияда 7-ден 5, 6 млн га-ға дейін, Францияда 39-дан 35 млн га-ға дейін, ГФР-да 14-тен 12 млн га-ға дейін. Италияда 22-ден 20 млн га-ға дейін кеміген. Халық өсімінде бұл өнеркәсіптердің, көліктің, қалалардың өсу есебінен жердің орташа қамтамасыз етілу деңгейінің төмендеуі әкеледі. Бүгінгі таңда халықтың жан басына орташа есеппен 0, 28 га егістік жерден келеді екен. Жекелеген елдер бойынша: жан басына шаққанда ТМД-да - 0, 81, АҚШ-та 0, 63, Қытайда - 0, 16, ГФР-да - 0, 15, Ұлыбританияда - 0, 13, Жапонияда - 0, 04 га-дан келеді екен.
Әлемде қосымша пайдалануға болатын алаңдар бар олардың сапасы төмен, өйткені ауыл шаруашылығына шырайлы алаңдар бос емес әрі бұл алаңдардың көлемін кеңейтудің мүмкіндіктері шектеулі.
Ауыл шаруашылығына жарамды жердің жетіспеушілігін оны (жерді) карқынды пайдалануымен, оның өнімділігін арттыру арқылы бұл олқылықтың орнын толтыруға болады. 1987 жылы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдың өнімділігі АҚШ-та 47 га/ц-ді, дамыған еуропалық елдер мен Жапонияда 50-60 га/ц-ді, Шығыс Еуропа елдерінде 40-50 га/ц-ді, Қытайда - 39, Аргентинада - 22, Бразилияда - 16, Үндістанда - 13, ал КСРО-да 18 га/ц-ді құрады (Т. С. Хачатуровтың келтірген мәліметі бойынша алынып отыр) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz