Бухгалтерлік есептегі жалдаудың теориялық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕГІ ЖАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жалдау жөніндегі жалпы ережелер мен олардың жіктелуі ... ... ...7
1.2 Қаржылық жалдау ұғымы және қаржылық жалдау келісім шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2 ЖАЛҒА АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАЛДАУДЫҢ КӨРІНІС ТАБУЫ
2.1 Жалға алушылардың қаржылық жалдауды бастапқы тануы ... ... ...17
2.2 Жалға алушылардың қаржылық жалдауды кейінгі бағалауы ... ... ..20

3 ЖАЛҒА БЕРУШІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАЛДАУДЫҢ КӨРІНІС ТАБУЫ
3.1 Жалға берушілердің қаржылық жалдауды бастапқы тануы ... ... ...24
3.2 Жалға берушілердің қаржылық жалдауды кейінгі бағалауы ... ... ..27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Қаржылық жалдау – жалға берушінің (лизинг берушінің) белгілі бір сатушыдан алдын ала келісімді мүлікті меншікке алып, бұл мүлікті жалға алушыға (лизинг сатушыға) мүліктің құнын төлеу құқығымен бірге төленетін ақымен беруі.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық жалдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
1. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы, 24 маусым 2002 ж. №329-II өзгерістер мен қосымшалармен бірге.
2. Қаржылық есептілікті ХҚЕС сәйкес құрастырушы ұйымдарға арналған бухгалтерлік есептің жұмыс жоспарын дайындау бойынша нұсқау. «БИКО» баспа үйі Алматы қаласы 2006 ж.
3. Қаржылық есеп: оқу құралы / Қ. К. Кеулімжаев, З. Н. Әжібаева, Н. А.
4. Құдайбергенов, А. Ә. Жантева.- Алматы: Экономика,2001.- 330 б.: кесте
5. Міржақыпова, Седеп Тоқтамұратқызы. Банктегі бухгалтерлік есеп: оқулық.- Алматы: Экономика, 2004.- 710 б.
6. Мырзалиев, Б. С., Әбдішүкіров, Р. С. Кәсіпкерлік қызметте бухгалтер-лік есепті ұйымдастыру : оқу құралы.- Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 164 б.: кесте.
7. Мырзалиев, Б. С., Әбдішүкіров, Р. С. Бухгалтерлік есеп жүргізудің тәжірбиелік әдістемелері :практикум : (арнайы курс).- Алматы: Заң әдебиеті,2006.- 254 б.: кесте.
7. Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях. Издательство «ЛЕМ». г. Алматы 2006 г.
8. Нидлз Б., АнднрсонХ. И др. Принципы бухгалтерского учета. М., 1996.
9. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет. – Алматы, 2009.
10. Радостовец В.К. т.б. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, Алматы, 2002.
11. Тулешова Г.К. «Финансовый учет и отчетность по международным стандартам», Часть 1 и Часть 2, г. Алматы, 2005 г.
12. Төлешова Г.К. Дамыған қаржылық есеп. – Алматы, Экономика, 2005

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 Бухгалтерлік есептегі жалдаудың теориялық
негіздері
1. Жалдау жөніндегі жалпы ережелер мен олардың жіктелуі ... ... ...7
1.2 Қаржылық жалдау ұғымы және қаржылық жалдау келісім
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2 ЖАЛҒА АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАЛДАУДЫҢ
КӨРІНІС ТАБУЫ
2.1 Жалға алушылардың қаржылық жалдауды бастапқы
тануы ... ... ...17
2.2 Жалға алушылардың қаржылық жалдауды кейінгі
бағалауы ... ... ..20

3 ЖАЛҒА БЕРУШІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАЛДАУДЫҢ
КӨРІНІС ТАБУЫ
1. Жалға берушілердің қаржылық жалдауды бастапқы тануы ... ... ...24
3.2 Жалға берушілердің қаржылық жалдауды кейінгі бағалауы ... ... ..27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 30

ГЛОССАРИЙ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 2

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..34

КІРІСПЕ

Қаржылық жалдау – жалға берушінің (лизинг берушінің) белгілі бір
сатушыдан алдын ала келісімді мүлікті меншікке алып, бұл мүлікті жалға
алушыға (лизинг сатушыға) мүліктің құнын төлеу құқығымен бірге төленетін
ақымен беруі.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің
әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі
шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және
қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына
сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық жалдаудың жаңа
әдістемесін жасауды қажет етті.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі
бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-
тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың ша-
руашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті
серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің
тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай
жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып
алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз
тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс
бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің
қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің
объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей
тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы
ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны
белгілі.

Жалпы шаруашылық жүргізуші субьектілер үшін жалдау ұғымы жиі
кездеседі. Жалдау жалға алушы үшін шығын болса, жалға беруі үшін пайда көзі
болып табылады. Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады,
сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады.
Жалдау - жалға беруші жалға алушыларға жалдау ақысына немесе төлемдер
тобының орнына келісілген уақыт ішінде активтерді пайдалану құқығын
беретін шарт. Қаржылық жалдау - актив иеленумен қатар жүретін барлық
тәуекелдер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға
беру. Қорытындысында құқықтық мәртебе берілуі де, сондай-ақ берілмеуі де
мүмкін. Міне, осы ұғымдарға курстық жұмыста анықтама беріледі.
Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші таауда жалпы жалдаудың
теориялық нагізі көрсетілген болса, екінші және үшінші тарауларда жалға
беруші мен жалға алушылардың қаржылық есебінде қаржылық жалдың көрініс
табуы туралы айтылады.

1 Бухгалтерлік есептегі жалдаудың теориялық негіздері

1.1 Жалдау жөніндегі жалпы ережелер мен олардың жіктелуі

Жалдау жөніндегі келісімшарт екі жақты жасалған мәміле болып табылады,
сол бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері анықталады. Азаматық
талаптары бойынша жалдау келім шарты ақылы болып табылады. Жалға беруші
мүлікті келісм шартта көрсетілген тәртіппен, белгіленген мерзімге ақылы
түрде пайдалануға береді.
Жалдау туралы мәмілелер қаржылық-шаруашылық операцияларының ішіндегі
ең кең тараған келісім түрі болып саналады. Жалдау келісім шартын жеке
тұлғалар да, заңды тұлғаларда жасай алады.
Келісім шартты жасаушы тараптар жалға алушы және жалға беруші болып
бөлінеді.

Қаржылық лизинг – жалға берушінің (лизинг берушінің) белгілі бір
сатушыдан алдын ала келісімді мүлікті меншікке алып, бұл мүлікті жалға
алушыға (лизинг сатушыға) мүліктің құнын төлеу құқығымен бірге төленетін
ақымен беруі. Негізгі құралдарға жататын мүліктің қай-қайсысы да және кез
келген басқа тұтынылатын заттар, сондай-ақ құнды қағаздар мен табиғи
ресурстар (ҚР АК 566 б.) баға бойынша мүлік құнының барлығын немесе
елеулі бөлігін амортизациялауды ескере отырып, есептелуі мүмкін.

Лизинг құқылық жағынан ҚР-ның 5.07,2000 ж. №75-ІІ Лизинг мәселелері
бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық атілеріне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Заңымен реттеледі.

Лизинг көбіне үш немесе одан да көп жақтың қатысуын көздейді: лизинг
алушы және сатушы. Алайда мәміле екі тараппен де жасалуы мүмкін. Лизинг
алушыжабдықтаушыдан өзіне қажетті құралдарды тауып, лизинг беруші
сатушыдан сатып алынатын зат жайлы келіседі.

Салық Кодексінің 74 б. 1 т. сәйкес амортизацияға жататын негізіг
құралдарды шарт бойынша қаржылық лизинг болып табылады, егер мына
талаптарға сай келсе қосылған құн салығынан (228 б.) босатылады.

• лизинг алушының меншігіне негізгі құралдар беру және негізгі
құралдарды кесімді баға бойынша алу құқығы лизинг шартымен
белгіленсе;

• қаржылық лизинг мерзімі негізгі құралдардың пйдалы қызмет ету
мерзімінен артса;

• лизинг алушы мүлікті негізгі құрал ретінде алады.

Қаржылық лизингке берілген негізгі құрал құны лизинг шарты жасалған
кезде анықталады. Мұндай мәміле осы құралдардың иесі болып табылатын
лизинг алушының негізгі құралдарды сатып алуы ретінде, ал лизингтік
төлемдер- лизинг алушыға берілген кредит бойынша төлем болып табылатды,
есептеледі.

Лизингтік жалдама мынадай топтар бойынша жіктеледі:

1. Жалға алынған мүлікке байланысты:

а) таза лизинг шарты – мүлік бойынша қызмет етудің барлық шығындарын
лизинг алушы өзіне алады;

ә) толық лизинг шарты – лизинг алушы өзіне техникалық қызмет жасауды
және обьектіні пайдалануға байланысты басқа да шығындарды алады;

б) ішінара лизинг шарты кезінде – лизинг берушіге мүлікке қызмет
көрсетудің тек кейбір функциялары ғана жүктеледі.

2. Қаржыландыру үрлері бойынша:

а) қауырт –бір рет жалға алу;

ә) жаңартылатын (револьверлік) 1 мерзім өткен соң шарт келесі кезеңге
ұзартылады.

3. Мәмілеге қатысушылар құрамына байланысты:

а) тікелей лизинг - мүлікті дайындаушы немесе иесі оны лизингке
тапсырушы тұла болып шығады;

ә) жанама лизинг – мүлікті тапсыру үшінш тұлға арқылы жасалады;

б) көп жақтар қатысатын лизинг (жеке-жеке бөлінетін лизинг) - лизинг
обьектісін сатып алуға қажетті соманың бірен-сараңын ғана қамтамасыз
етеді. Әр жерден кредиторлардыңжәне лизинг берушінің сені білдірген
өкілдері қатысады.

4. Мүлік өтелім дәрежесіне байланысты:

а) толық немесе толық өтеуге жуық болса – лизингтік шарттың іс-әрекет
ету мерзімі ішінде жарым-жартылай, бірен-саран амортизация болады және
инвестицияның тек бір бөлігі ғана өтеледі.

5. Өтемділік тұрғысынан қарағанда:

а) қаржылық лизинг;

ә) шұғыл (оперативті) лизинг.

6. Нарық секторына қарай:

а) ішкі;

ә) сыртқы.

Жалдау бойынша жүргізілетін операцияларға 17 (IAS) Халықаралық қаржы
есептілігінің стандарты арналған. Осы Стандарттың мақсаты жалдау шарттарына
қатысты жалға алушылар және жалға берушілердің қолдануы үшін тиісті есеп
саясаты мен ақпаратты ашу ережелерін анықтау болып табылады.
Осы Стандарт мыналарды қоспағанда:
1. пайдалы қазбаларды, мұнайды, табиғи газ және өзге де қалпына
келтірілмейтін табиғат ресурстарына жасалған барлауға немесе пайдалануға
жалдау шарттары; және
2. кинофильмдер, бейнежазбалар, пьесалар, қолжазбалар, патенттер
мен авторлық құқық сияқты объектілер бойынша лицензиялық келісімдер барлық
жалдау түрлерінің есебі үшін қолданылуы тиіс.

Алайда осы Стандарт мыналарды:

1) жалға алушылардың қарамағындағы және есепке алуда инвестициялық
жылжымайтын мүлік ретінде көрсетілген жылжымайтын мүлікті (қараңыз: 40
Инвестициялық жылжымайтын мүлік
2) жалға берушілердің операциялық жалға беру шарты бойынша
инвестициялық жылжымайтын мүлкін
3) жалға алушылардың қаржылық жалдау шарты бойынша пайдаланылатын
активтердің биологиялық объектілерін
4) жалға берушілер операциялық жалдау шарттары бойынша жалға берген
биологиялық активтерді қоспағанда, бағалау үшін негіз ретінде қолдануға
тиым салынады.
3. Осы Стандарт осындай активтерді пайдалану мен қызмет көрсетуге
байланысты жалға берушінің маңызды қызметі талап етілуіне қалуына
қарамастан активтерді пайдалануына құқық беретін шарттарға қолданылады. Осы
Стандарт қызмет көрсетуге келісімшарттар болып табылатын, шарт бойынша
активтерді пайдалануға бір жақтан екінші жаққа пайдалануына бермейтін
шарттарға қолданылмайды.
Жалдау туралы шартқа немесе жалдаудың негізгі талабына қатысты
міндеттемеге ғимарат немесе меншікті жалға алу құнының өзгеруіне, немесе
шығын және құнның басқа кейбір бағаларының өзгеруіне, мысалы, жалдауды
қабылдау күні және жалдау мерзімінің басталуы арасындағы кезең ішінде
жалдауды қаржыландырудағы бағалардың жалпы деңгейі, немесе жалға берушінің
шығындары, жалдау төлемдерінің түзетуін қарастыратын ережені қамтуы мүмкін.
Мұндай жағдайда осы Стандарттың мақсаты үшін кез келген осындай
өзгертулердің салдары жалдауды қабылдау күнінен басталды деп есептеледі.
Жалдауды анықтауға келісілген талаптарды орындағаннан кейін жалға
алушыға активті меншігіне алу құқығын беретін ережесі бар активті жалға
өткізу шарты кіреді. Бұл шарттар кейде сатып алу құқығы бар жалдау шарты
деп аталады.
Жалдауды жіктеу жалдауға алған активке меншік құқығына тән тәуекел мен
пайданы жалға алушы мен жалға берушінің қандай дәрежеде мойнына алуына
негізделеді. Тәуекелге активтің іркілісі немесе технологиялық жағынан
ескіруінен, сондай-ақ өзгеріп тұратын экономикалық жағдайлармен байланысты
пайданың ауытқуынан болатын шығындар жатады. Пайда активтің экономикалық
қызметінің мерзімі ішіндегі пайдалы жұмыстың және оның құнының артуынан
немесе тарату құнынан алынатын пайданың күтілуімен берілуі мүмкін.
Жалдау, егер ол иеленумен қатар жүретін айтарлықтай деңгейдегі барлық
тәуекелдер мен пайданы меңзейтін болса, қаржылық жалдау ретінде жіктеледі.
Егер жалдау иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданы
айтарлықтай меңзеуге әкеліп соқтырмаса, операциялық ретінде жіктеледі.
Жалға беруші мен жалға алушы арасындағы мәміле жалдау шартына
негізделетіндіктен, олардың арасында келісілген анықтаманы пайдаланған
дұрыс болады. Осындай анықтамаларды жалға беруші және жалға алушының бірдей
емес жағдайларға қарай қолдану жалдаудың бір түрін әртүрлі жіктеуге әкеліп
соқтыруы мүмкін. Мысалы, егер жалға беруші жалға алушымен байланысты емес
тарап ұсынған тарату құнының кепілдігінен пайда алған жағдайда орын алуы
мүмкін.
Жалдауды қаржылық ретінде немесе операциялық ретінде жіктеу керек пе
деген сұраққа шарттың нысанына емес, мәміленің мазмұнына байланысты болады
деп жауап беріледі. Төменде жеке немесе бірге алынған жағдайлардың әдетте
жалдауды қаржылық ретінде жіктеуге себепші болатын мысалдар келтірілген:
1) жалдау мерзімінің соңында активті иелену құқығы жалға алушыға
көшеді;
2) жалға алушының жалдау мерзімінің басында осы құқықты іске
асыру күні әділ құннан айтарлықтай төмен бағаға осы активті
сатып алуға құқығы бар, ал жалдауды қабылдаған күні бұл
құқықтың жүзеге асырылатыны туралы негізделген сенім бар;
3) егер меншік құқығы мүлдем берілмейтін болса да, жалдау мерзімі
активтің экономикалық қызмет көрсету мерзімінің елеулі бөлігін құрайды;
4) жалдау қабылданған күнгі жалдау төлемдерінің ең төменгі дисконттық
құны ең кем дегенде жалға алынған активтің барлық әділ құнының елеулі
үлесін құрайды; және
5) жалға алынған активтердің тек жалға алушы ғана оларды елеулі
түрдегі түрлендірусіз пайдалана алатын арнаулы сипаты бар.
Жеке немесе құрамдас түрінде қаржылық жалдау ретінде жалдауды жіктеуге
себепші бола алатын жағдайлардың индикаторлары мыналар болып табылады:
• жалға алушы жалдауды тоқтатқан жағдайда, мұнымен байланысты
барлық шығындар жалға алушыға жүктеледі;
• таратылған сома әділ құнның ауытқуынан келетін пайда немесе
шығындар жалға алушыға тиесілі (мысалы, жалдау мерзімінің
соңында сатудан алынатын түсімдердің үлкен бөлігіне тең
жалдау ақысынан жеңілдік нысанында);
• жалға алушыға нарықтық деңгейден айтарлықтай төмен жалдау
ақысына жалдауды екінші кезеңге ұзартуға мүмкіндік беріледі.
Жалдауды жіктеу жалдауды қабылдаған кезде жасалады. Егер жалға алушы
және жалға беруші уақытқа тәуелсіз жалдауды жаңартуды қоспағанда, жалдауды
басқа жіктеуге әкеліп соқтыратындай түрде жалдау шартын өзгертуге келіссе
және өзгертілген шарттар жалдау қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізілсе,
онда қайта қаралған шарт оның қолданылу мерзімі бойына жаңа шарт ретінде
қаралады. Алайда бағалаудағы өзгерістер (мысалы, қызметтің экономикалық
мерзімін немесе жалданған мүліктің қалдық құнын бағалауды өзгерту) немесе
жағдайдың өзгеруі (мысалы, жалға алушының шартты орындамауы) есепке алу
мақсаттары үшін жалдауды қайта жіктеуге әкеліп соқтырмайды.
Жер учаскелерін және үйлерді жалдау басқа да активтерді жалдау
түріндегі сияқты операциялық немесе қаржылық ретінде жіктеледі. Алайда,
әдетте, жер учаскелері үшін белгілі бір қызмет мерзіміне тән, егер жалдау
мерзімінің аяғында меншік құқығын жалға алушыға беру көзделмесе,
иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданың елеулі бөлігін ол
өзіне қабылдамайды, және мұндай жағдайда жерді жалдау операциялық жалдау
ретінде жіктеледі. Есепке алғанда операциялық ретінде көрсетілетін
активтерді иеленуге немесе жалдау құқығында активтерді сатып алуға кіріскен
кезде жүргізілетін төлемдер берілген пайданың түсу графигіне сәйкес жалдау
мерзімі бойына амортизацияланатын аванстық жалдау төлемдерін білдіреді.
Жер учаскелерін және үйлерді жалдау кезінде учаскелер мен үйлер жеке
элементтер ретінде қаралады, мұның өзі жалдауды жіктеу ұғымынан туындаған.
Егер осы екі элементке де меншік құқығы жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін
жалға алушыға көшсе, онда жер де, үй де бір немесе осы екі элементті
иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданың елеулі үлестерін осы
жалдау көтермейтіні туралы куәландыратын басқа белгілері болған жағдайларды
қоспағанда, жасалған шарттардың санына қарамастан, қаржылық жалдау
объектісі ретінде жіктеледі. Жердің экономикалық қызмет мерзімі белгісіз
болып табылса, онда бұл элемент, дұрысында, егер жалдау мерзімінің аяғында
оған меншік құқығын жалға алушыға беру көзделмесе ғана, операциялық
жалдау объектісі ретінде жіктеледі. Басқа жалдау элементі, қаржылық немесе
операциялық жалдау объектісі ретінде жіктеледі.
Бұл жер учаскелерін және үйді жалдауды жіктеу және есепке алу
мақсатында қажет болған жағдайда ең аз жалдау төлемдері (кез келген
біржолғы аванстық төлемдерді қоса алғанда) жалдауды қабылдаған кезде жер
учаскелері мен үйлердің арасында жерді жалдау элементінде және үйді жалдау
элементінде мүдделердің әділ құнының мәндеріне теңбе-тең қатысты бөлінеді.
Егер жалдау төлемдері осы элементтердің арасында сенімді бөлінуі мүмкін
болмаса, онда барлық жалдау осы екі элементте операциялық жалдауды
білдіретіні айқын болған және, тиісінше, барлық осы жалдау операциялық
ретінде жіктелетін жағдайдан басқа уақытта қаржылық ретінде жіктеледі.
Жалға алушының жерге, сол сияқты үйге мүдделері 40 (IAS) ХҚЕС сәйкес
инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелсе, онда жерді жалдау
элементінің және үйлерді жалдау элементінің жеке бағасы талап етілмейді,
және әділ құн бойынша есеп моделі пайдаланылады. Егер керісінше жағдайда
осы элементтердің біреуін немесе екеуін анық жіктеу мүмкін болмаған
жағдайда ғана осындай бағалау үшін жан-жақты есептеу талап етіледі.
40 (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес жалға алушы операциялық жалдауда өзінің
меншіктік мүддесін инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктей алады.
Егер ол осыны дәл осылай жіктесе, онда бұл меншіктік мүдде есепте қаржылық
жалдау сияқты көрсетіледі, бұдан басқа қабылданған активке сәйкес әділ құн
бойынша есеп моделі қолданылады. Қандай да бір оқиға жалға алушының
меншіктік мүддесі инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелетіндей
деңгейге дейін сипатын өзгертсе де жалға алушы мұндай жалдауды әлі де
қаржылық жалдау ретінде есептеуі керек. Бұл, мысалы, егер жалға алушы :
1) оның әділ құнының пайдалану тәсілі өзгерген күнге тең болатын
әрі қарай меншік иесі иеленетін меншіктер санатына өтетін жалға алынған
меншікті иеленсе; немесе
2) осы мүддені иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер және
пайданың қомақты бөлігін байланысты емес үшінші тарапқа ауыстыратын қосалқы
жалдауды білдіреді. Осындай қосалқы жалдау үшінші тараппен, ол тараптың
мұны операциялық жалдау түрінде қабылдай алатынына қарамастан, жалға
алушының есебінде қаржылық жалдау түрінде көрсетіледі.

1.2 Қаржылық жалдау ұғымы және қаржылық жалдау келісім шарты

Субьектіде негізгі құралдарды үш жылдан артық уақытқа жалға алу
немесе жалға беру ұзақ мерзімді жалдау түріне жатқызылады. Жалдаудың бұл
түрі халықаралық стандартта Лизинг деп аталады. Субьектіде негізгі
құралдарды ұзақ мерзімге жалға алудың немесе жалға берудің өзі жай және
қаржыландырылған болып екіге бөлінеді. Егер жалға алынған немесе жалға
берілген негізгі құралдар өзінің жалдау туралы келісім-шарттарында
көрсетілген мерзімі аяқталғаннан соң міндетті түрде иесіне қайтарылатын
болса, онда бұл ұзақ мерзімді жалдаудың жай түріне жатқызылады. Ал ұзақ
мерзімді жалға алу немесе жалға берудің қаржыландырылған түрі бойынша
келісім-шартта көрсетілген мерзім аяқталған соң негізгі құралдарды жалға
алушының сатып алуына құқығы бар болып табылады.

Қаржылық жалдау (лизинг келісім шарты) бойынша жалға беруші үшінші
тұлғаның мүлікін сатып алып, оны кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік беру
үшін арендаторға иелік етіп, уақытша пайдалануға береді.
ҚР Қаржылық лизинг туралы Заңына сәйкес, қаржылық жалға берудің
барлық шарттары анықталады. Заңға сәйкес бұл қызмет инвестициялық әрекеттер
түріне жатады, соған байланысты:
1) лизингке беруші келісім шарт бойынша келіскен затты басқа
тұлғаға сатып алып, келісілген баға бойынша және белгіленген
уақытқа лизинг алушыға ақылы түрде кәсіпкерлікпен айналысу
үшін, уақытша иелік етіп, пайдалануға береді.
2) лизингке алушы келісімшартта көрсетілген лизинг алу бағасын
уақытында келісілген мөлшерді төлеп тұруға тіндеттенеді.
Сонымен қатар, лизингке берілген мүліктің толық құнын лизингке
алушы келісім шартта көрсетілген мезгілде төлеп бітірсе, ол
мүлік оның меншігіне өтеді.
Келісім шарттардың құқықтық жағына қарамастан, жалға беру қатынастарын
анықтаған кезде, жалға берудің түрлері ең басты болып табылады жәнеоның
қаржылық немесе операциялық жалға берудің қайсысы екеніне баса назар
аударылады.
Қаржылық жалға беру кезінде, активтерге иелік етуге байланысты
туындайтын барлық тәуекелдер үшінші тұлғаға жүктеліп, оның қауіптілігі
едәуір азаяды. Жалға беру келісім шартына қарай меншік құқығы лизинг
алушыға берілуі де, берілмеуі де мүмкін.
Қаржылық жалға беруді классификациялау үшін төмендегі шарттар сақталуы
керек: жалға беру кезеңі жалға берілген мүліктің нәтижелі қызметету
уақытымен толық тең болуы немесе сонымен шамалас болуы; жалға алуға
төленген ақы, мүлікті пайдалану мерзімі біткен кезде, жалға берілген
мүліктің сомасына тең немесе соған жақын болуы; жалға беру мерзімі
аяқталған кезде мүліктің меншіктік құқығының жалға алушыға көшуі; жалға
беру келісім шарты бойынша арендаторда мүліктің жалға берілген мерзімінің
аяқталуын күтпестен кез келген уақытта мүлікті сатып алу құқығының болуы;
жалға берілген мүлікті өз ерекшелігіне байланысты тек қана арендатордың
пайдалану мүмкіндігі. Қаржылық жалға берудің заңдылығын тану үшін жоғарыда
аталған шарттардың бірі орындалуға тиісті.
2 ЖАЛҒА АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАЛДАУДЫҢ
КӨРІНІС ТАБУЫ

2.1 Жалға алушылардың қаржылық жалдауды бастапқы тануы

Заң тұрғысынан алып қарағанда, алынатын мүлік арендатордың меншігі
болып саналмайды, бірақ мүлікті пайдалану нәтижесінде арендатордық
экономикалық табыс табатынын және жалға берушіге мүліктің әділ бағасын
төлеу мен оны падаланғаны үшін жалдау құнын төлейтінін ескерсек, онда
арендатордың жалға алынған мүлікін өз меншігі деп тануға болады. Осы
айтылған тұжырымға орай, қаржылық жалға алу кезіндегі арендатордың
қаржылық есебі бойынша оны актив есебінде де және міндеттеме есебінде де
қарастыруға болады. Бұл жағдайда жалға алынған мүліктің бағасы және оған
төлентін қаржылық жалдау құны бір бірімен тең болуы керек. Уақыт өте келе
ол сомалардың бірі бірінен айырмашылығы болуы мүмкін. Себебі жалға
алынған мүліктің баланстық құны амортизацияны шегере отырып, төлеу
барысында кеми береді. Қаржылық жалдау барысында арендатор активтердің
оған дейінгі есептелініп келген амортизациясының көлеміне есептеу
жүргізеді. Жалға алынған мүлікке есептелген амортизация мекеменің шығынына
шығарылады, оның ішінде қаржылық жалдауға төленетін жалдау құнының
пайыздық мөлшері де бар.
Жалдау мерзімінің басында жалға алушылар қаржылық жалдауды активтер
және өздерінің баланстарындағы жалға алынған меншіктің әділ құнына тең
сомадағы міндеттемелер ретінде қабылдаулары тиіс, немесе – бұл сомалар аз
мөлшердегі жалдау төлемдерінің дисконтты құнынан төмен болса, әрбіреуінің
шамасы қабылданған жалдауда анықталады. Аз мөлшердегі жалдау төлемдерінің
дисконттық құнын есептегенде дисконттаудың мөлшері, егер олар анықталуға
берілсе, жалдауға салынған пайыз мөлшерлемесі болып табылады, бұлай
болмаған жағдайда жалға алушының әрбір қарыздық капиталға пайыздың өсім
мөлшерлемесі пайдаланылуы тиіс. Жалға алушының кез келген бастапқы тікелей
шығындары актив танылған сомаға қосылады.
Операциялар және басқа да жағдайлар, жай ғана заң нысаны бойынша емес,
олардың мазмұны мен қаржылай нақтылығына сәйкес есептелуі және тапсырылуы
тиіс. Жалдаудың заң нысанындағы шарт бойынша жалға алушы жалдаған активке
өзіндік құнының заңдық құқығын қабылдамауына болса да, қаржылық жалдау
болған жағдайда шарттың мазмұны және қаржылық нақтылығы экономикалық
қызметі мерзімнің үлкен бөлігі аралығында жалданған активті пайдаланудан
жалға алушы активті қабылдау күнгі активтің әділ құны және тиісті қаржылық
есептеудің экономикалық пайдасына ие болады.. Егер жалдаудың мұндай
операциялары жалға алушының балансында көрсетілмесе, қаржылық арақатынасты
бұза отырып, экономикалық ресурстар және ұйымның міндеттеме деңгейі
төмендейді. Осылайша, жалға алушының бухгалтерлік балансындағы қаржылық
жалдау актив ретінде де, болашақ жалдау төлемдерінің міндеттемесі ретінде
де қабылдануы тиіс. Болашақ жалдау төлемдеріне қатысты мерзімнің басында
актив және міндеттеме, актив танылған сомаға қосылатын жалға алушының кез
келген бастапқы тікелей шығынын есептемегенде, баланста бірдей сома болып
қабылданады. Жалдау активтерінен шығарылып тасталған сома ретінде
міндеттемелерді жалдау активі бойынша қаржы есебінде көрсетпеген жөн. Егер
бухгалтерлік баланста міндеттемелерді көрсету үшін қысқа мерзімді және ұзақ
мерзімді міндеттемелердің арасында айырмашылықты көрсетсе, онда осындай
айырмашылық жалдау бойынша міндеттемелер үшін жасалу керек. Бастапқы
тікелей шығындар көп жағдайларда жалдау келісімдерін жасау және орындау
сияқты ерекше жалдау қызметімен байланысты туындайды. Қаржылық жалдаумен
байланысты жалға алушы жүзеге асыратын қызметімен тікелей байланысты
ретінде анықталған шығындар жалдау активінің құнына кіреді.
Жалға алынған активтердің құны оның нәтижелі пайдалану мерзімінде,
болмаса оданда аз уақытта толық төленіп біткен жөн. Егер арендатор жалға
алынған активтің өз меншігіне өтетіне сенімді болса, онда мүліктің пайдалы
қызмет ету мерзімі мен амортизация есептесу кезеңі бірі-бірімен теңдес
болады.
Қаржы құралдары: ашып көрсету (IFRS) ХҚЕС-тың талаптарын орындауымен
қатар жалға алушылар қаржылық жалдау үшін мынадай:
1) активтердің әрбір класына – есептік күніндегі таза баланстық
құн,
2) есеп күніне болашақ төменгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс
Негізгі құралдардың бастапқы бағасы
Негізгі құралдарды жөндеу есебі
Серіктестіктің бухгалтерлік қызметін ұйымдастырумен есеп саясаты және техника -экономикалық көрсеткіштері
Бухгалтерлік есептегі негізгі куралдар
Жалға алушы есебі
Ақша - қаражаттарын есепке алу
Жал ақысы жалға берушіге
«ИП Бисенов» кәсіпорының жалпы экономикалық жағдайы. Аудит және салықтық есеп
КОРПОРАТИВТІ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер