Бақылау жүйесіндегі аудиттің маңызы және орны
КІРІСПЕ 5
1. БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АУДИТТІҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОРНЫ
1.1. Аудиттің мәні мен маңызы 6
1.2. Аудиттің жіктелуі 8
1.3. Аудитті нормативтік . құқықтық реттеу жүйесі 11
2. ИНВЕСТИЦИЯЛАУ КЕЗЕҢІНІҢ АУДИТІ
2.1. Инвестициялау кезеңінің шоттарының өзара байланысы және аудитін
жүргізудің ақпараттық көздері 15
2.2. Қаржылық инвестицияның аудиті 19
3. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБШІҢ АУДИТІ
3.1. Ұзақ мерзімді еншілес (тәуелді) серіктестіктер және нақты
инвестициялар есебінің аудиті 23
3.2. Қаржылай инвестициялардың есебінің аудиті 25
3.3. Жүйелі бақылау мен инвестиция аудитінің мақсаты мен міндеттері 29
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ГЛОССАРИЙ 33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34
ТІРКЕМЕЛЕР 35

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастық дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің обьективті қажеттілігін тудырады. Әміршілдік - әкімшілдік жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті таран – таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқЫптылықпен орын алмастырды.
Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми – техникалық саясат, маңызды теориялық және іс – тәжірибелік білім сапасына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік – экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті әр түрлі бизнес, салаларындағы шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымға айрықша маңыз беріліп отыр.

1.Банктегі бухгалтерлік есеп Міржақыпова Аламаты 2003 ж.
2.Бухгалтерлік есеп принциптері Байболтаева Н. Алматы 2002ж.
3.Бухгалтерский учет хозяйствующих субьектов Часть-1 Назарова В.Л.
4.Бухгалтерский учет на предприятии Родостовец П.,Шмидт О.Ю. Алматы 2002г.
5.Бухгалтерлік есепті нормативтік-құқықтық реттеу жүйесі Әлібекова Б.,Байболтаева Н.,Шалғынбаева Қ Алматы 1998ж.
6.Финансовый учет на предприятии.Глава Основы бухгалтерского учета Алматы 2003г.
7.Учет по международным стандартом: Учеб.Пособие 3-еизд. М: Фонд Развития Бухгалтерского учета, 2003ж. 504ст.
8.Финансовый учет на предприятии Глава Основы Бухгалтерского учета Кеулимжаев К.К. Алматы, 2003ж.
9.Международные стандарты бухгалтерского учета и финансовой отчетности Рожонова О.В. Москва 2002г.
10.Международные стандарты финансовой отчетности: Общий обзор и разьяснения Сейдахметов Ф.С. Алматы, 2003г.
11.Система счетов и двойная запись:Учебное пособие, Сейдахметова Ф.С.Алматы 2001г.
12.Документирование и инвентаризация бухгалтерского учета Учебное пособие:Сейдахметова Ф.С. Алматы,2001г.
13.Как научится бухгалтерскому учету Назарова В.Л. Алматы,1999г.
14.Теория бухгалтерского учета,Финансы и статистика Кутер М.И. 2000г.
15.Типавой план счетов бухгалтерского учета 18.09.2002г. №438 (с изменениями внесенными приказом Министерства финансов РК от 23.10.2003г. №372)
16. Аудит Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. 2006ж.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
5
1. БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АУДИТТІҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОРНЫ
1.1. Аудиттің мәні мен маңызы
6
1.2. Аудиттің жіктелуі
8
1.3. Аудитті нормативтік – құқықтық реттеу жүйесі
11
2. ИНВЕСТИЦИЯЛАУ КЕЗЕҢІНІҢ АУДИТІ
2.1. Инвестициялау кезеңінің шоттарының өзара байланысы және аудитін
жүргізудің ақпараттық көздері
15
2.2. Қаржылық инвестицияның аудиті
19
3. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБШІҢ АУДИТІ
3.1. Ұзақ мерзімді еншілес (тәуелді) серіктестіктер және нақты
инвестициялар есебінің аудиті
23
3.2. Қаржылай инвестициялардың есебінің аудиті
25
3.3. Жүйелі бақылау мен инвестиция аудитінің мақсаты мен міндеттері
29
ҚОРЫТЫНДЫ
31
ГЛОССАРИЙ
33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
34
ТІРКЕМЕЛЕР
35
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастық дамуы шаруашылық
әдістерін және формаларын қайта өзгертудің обьективті қажеттілігін
тудырады. Әміршілдік - әкімшілдік жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті
таран – таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып
табылатын іскерлік және ұқЫптылықпен орын алмастырды.
Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми –
техникалық саясат, маңызды теориялық және іс – тәжірибелік білім сапасына
айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік – экономикалық
қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу
белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса
қажетті әр түрлі бизнес, салаларындағы шаруашылық жүргізуші субьектілер
қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы ғылымға айрықша
маңыз беріліп отыр.
Аудит – бұл біздің еліміздегі АҚ – ның, серіктестіктердің және басқа
да шаруашылық жүргізуші субьектілердің қызметін экономикалық талдаудың және
қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен
тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген
операциялық мазмұны жағынан бір – біріне жақын болса да ревизия мен аудит
екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық (творчествалық)
дамуын ілдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін
кемітпей, керісінше толықтырады.
Сондықтан бірге ақпаратты жасаушылар мен пайдаланушылар арасындағы
мүдделердің , меншік түрлері және нарық жағдайында басқа міндеттемелер
бойыша бақылау обьектілерін шектеу белгілі бір бизнес саласындағы
қалыптасқан жағдайдағы тиянақты аудит жүргізуді талап етеді.
Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі
мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол білінеді.
Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу
сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есптің көмегімен
ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті шаруашылық
жүргізуші субьектінің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және
реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны
қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.
Бизнестің тиімділігін талдау мен кәсіби аудиттің жеткілікті дәрежеде
әзірленбеу мәселесі ның біршама дайын нақтылауды ғана емес, сондай – ақ
белгілі бір экономика секторының әр түрлі салаларындағы дағдарыс
жиілігінде, нарық коньюнктурасы өзгергенде және бәсеке деңгейінің болжап
білуге болмайтын өзгеше жағдайларында оны ұйымдастырудың принциптік жаңа
тәсілдемелерін әзірлеуді де талап етеді.
Республикалық бюджетті атқару барысында республикалық бюджеттік
бағдарламалар әкімшіліктері рұқсат ету берілген бірақ та пайдаланбаған
қалдықтарды қайта үлестіру бюджеттік бағдарлама әкімшілігінің анықтамасы
негізінде мемлекеттік мекемелерге олардың бюджет құралдарын мақсатты
пайдаланбаған үшін қолданатын санкциялар есебімен жүзеге асырылады.
Республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өткен
қаржы жылғы республикалық бюджетті атқару бойынша жылдық есепті ҚР
Үкіметіне, бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және
мемлекеттік қаржылық бақлау органына ұсынады.бюджетті атқару жөніндегі
жылдық есеп беру бекітілген, анықталған, түзетілген республикалық бюджетті
және оның кассалық атқаруын көрсетуі тиіс. Есепке қосымша ретінде
түсіндірме хат және бюджеттің түсімдері бойынша атқаруы мен республикалық
бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мен олардың тиіділігінің бағалауы
жөнінде аналитикалық есеп қоса есептеледі.
1.БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АУДИТТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ОРНЫ
1.1 Аудиттің мәні мен маңызы
Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес
қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен обьективтілігі туралы пікір білдіру
мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу
құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру,бухгалтерлік
есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін
бағалау, салық деклорациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке
экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын
аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Аудиттің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың
белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша
қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін
беру.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып
табылады. Атап айтқанда:
• экономикалық субьектілердің;
• салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
• қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
• аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен
бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Ішкі пайдаланушыларға (кәсіпорынның өзінің акционерлеріне, директорлар
кеңесіне, қызметкерлеріне) басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер
мен бұрмалаушылықтар жоқ объективті қаржылық ақпарат қажет.
Сыртқы пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық
білдіреді (банктер несие берушілер, болашақ инвесторлар, сонымен қатар
қоғам).
Сызба 1. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар
Қаржылық есеп беруді пайдалан
Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару
бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитті жүргізуге деген заң
талаптары жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі
басымдылықтар болады.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол
аудиторғ абасшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату
жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.
• Фирма қызметкерлерінің жан-тәнімен жұмыс істеуі үшін аудит күшті
моральдық ынталандыру болып табылады. Барлық жазбалар мен есеп берулер
тәуелсіз адамдармен талданылады деп түсіну қызметкерлерді есепті
мұқият және анық жүргізуге.
1.2 Аудиттің жіктелуі
Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субьектінің қаржы-
шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің
жүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай
туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып
табылады.
Сапалы тексеруді қамтамасыз ету үшін аудиторлық фирмаларға
бухгалтерлік, заңдық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша
бағдарламалық қамтамасыз ету, анықтамалық әдебиет түріндегі толық
ақпараттық база қажет.
Сонымен қатар аудиторлық қызмет көрсетуді кеңейту саласында
маркетингтік зерттеулерді жүйелі жүргізу де аудиторлық фирманың міндеті
болып табылады. Қазір Қазақстандағы, әсіресе, үлкен қалалардағы аудиторлық
фирмалар саны күрт өсуде. Бұл нарық жағдайында бәсеке өсуіне әкелетін дұрыс
құбылыс. Аудиторлық қызмет көрсетудің сан алуандығы аудиторлардың қызметтің
белгілі бір саласында мамандануына әкеледі.
1. Ақпаратты пайдаланушыларға қатысты сыртқы және ішкі болып
бөлінеді.
а) Ішкі аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі
болып табылады. Ішкі аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық
басқару құрылымдары қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі
кәсіпорындарда пайда болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп,
менеджерлер есебінің нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит
ресурстарды жоғалтуға жол бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті
өзгерістерді іске асыру үшін қажет. Сонымен ішкі аудит шеңберінде
активтердің сақталуын жан-жақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен
сапасын бақылау да жүзеге асырылады.
б) Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру негізінде сыртқы тәуелсіз
аудиторлар, аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Сыртқы аудиттің тағы
ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және
құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы және басқа лауазымды адамдар
болмауында, ұйым басшылығы мен туыстық қатынаста тұрмайтындығында және
қызметтік қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады.
Сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі
аудит жағдайы және қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасау
және ұсыну арқылы рәсімделеді.
2.Заң талаптарына қатысты аудит міндетті және бастамашылық болып
бөлінеді.
а) Міндетті аудит – тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың
қаржылық қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.
б) Бастамашылық аудит оны жүргізу шартында көрсетілген аудиттің
нақты міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, кәсіпорынның
өзінің шешімімен жүргізіледі.
3. Аудит обьектілері бойынша:
а) банкітік аудит;
ә) сақтандыру компанияларының;
б) биржалардың, инвестициялық институттардың;
в) зейнетақы қорларының аудиті;
г) жалпы аудит;
д) мемлекеттік аудит болып бөлінеді.
Мемлекеттік аудиттен басқа аудит түрлеріне Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк беретін қажетті лицензиялар қажет болады.
4 . Тағайындалуы бойынша аудит тиісті түрлерге бөлінеді.
а) Қаржылқ есеп беру аудиті – барлық елеулі аспектілер бойынша
дұрыстығы туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында субьектінің қаржылық
қорытынды есебін тексеру. Оны сыртқы аудиторлық фирмалар жүргізеді және
пайдаланушылардың кең көлеміне арналған.
ә) Сәйкестік аудиті – бұл ұйымның шаруашылық жүйесінде заң актілері
мен нұсқаушы материалдарының нормаларын, сонымен қатар әкімшілік
персоналына арналған процедуралар немесе ережелердің сақталуын тексеру.
Сәйкестік аудиті әкімшіліктің басқарудың белгіленген нормаларын
орындауының ұйым жарғысына сәйкестігін тексеру мақсатында ұйым акционерлері
мен меншік иелері тапсырысы бойынша жүргізілуі мүмкін.
б) Салық аудиті – бұл салықтарды төлеудің, есептеудің дұрыстығы мен
толықтығын аудиторлық тексеру, салық саясатын ұстану.
в) Арнаулы аудит – субьект қызметінің жекелеген жақтарын, мемлекет
алдындағы белгілі бір норма мен міндеттемелердің сақталуын тексеру.
г) Экологиялық аудит – қоршаған ортаның нақты жағдайының басында
берілген ішкі және сыртқы экологиялық стандарттар мен нормалардан ауытқын
бағалау.
ғ) Операциялық аудит – басқару үшін тиімділігін, сенімділігі мен
пайдалылылығын бағалау мақсатында ұйымның шаруашылығын, механизмнің
жекелеген бөліктерінің қызмет етуін тексеру.
Операциялық аудиттегі тексеру басқарудың өлшемдерін, ұйымдық
құрылымды бағалауды, бухгалтерлік есеп, компьютерлік жүйе әдістемесі мен
механикасын, маркетинг пен кез келген басқа салалардың әдістерін
ұйымдастыруды қамти алады.
5. Жүзеге асыру уақыты бойынша бастапқы және келісілген аудитті болып
көрсетеді.
а) Бастапқы аудит – осы клиент үшін алғашқы аудиторлық тексеруді
жүргізу. Бұл қаржылық есеп беруді тексеру кезінде аудиторда тұтынушы
бизнесінің ерекшелігі, оның ішкі бақылау жүйесі түйсі туралы түсінік
болмайды.
б) Кесілген (қайталама) аудит – бұл жыл сайын сол бір тұтынушыға
аудиторлық тексеру жүргізу: бұл жерде аудиторға бугалтерлік есеп және ішкі
бақылауды ұйымдастырудың күшті және әлсіз жақтары белгі. Кесілген аудит
тұтынушымен қатар аудитор үшін де пайдалы.
1.3 Аудитті нормативтік құқықтық реттеу
Нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз – бұл, аудиторлық тексеру жүргізу
обьектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде
қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу.
Аудиторлық зерттеудің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін
қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірибеде аудиторлық қызмет
тек кәсіби аудиторлық ұйымдармен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік масштабта
реттеле алады.
Қаржылық қорытынды есепке аудит өткізу кезінде заңдар мен
нормативтік актілерді қарастыру деп аталатын Халықаралық аудит
стандартында былай делінген: Жалпы түсінік алу үшін аудитор кейбір заңдар
мен нормативтік актілер субьектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын
мойындауға тиісті. Субьект қызметінің белгілі бір заңдарға және нормативтік
актілерге сәйкес келмеуі оның қызметін тоқтатуға немесе субьектінің
үздіксіз қызметін жалғастыру қабілетінің күмәнға айналуына алып келуі
мүмкін. Демек, кәсіпорын қызметінің заңдарға және нормативтік актілерге
сәйкес келмеуі оның қаржылқ қорытынды есебіне маңызды әсер етуі мүмкін деп
пайымдау керек. Бұл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден әдейі бас тарту,
жалған құжаттарды салып қою, сөз байласулардың салдарынан елеулі
бұрмалаушылықтар орын алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында аудитті нормативтік реттеу жүйесіне
төмендегі заңдық және нормативтік құжаттар кіреді.
Кесте 1. Аудиторлық қызметті реттеуші негізгі нормативтік-құқықтық
құжаттар
РеттікҚұжаттың аты (атауы)
номер
№
1 2
1. Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызмет туралы заңы, 20
қараша 1998 ж. № 304 (өзгертулер мен толықтыруларымен)
2. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексі-30 қаңтар 2001 ж., №155 – ΙΙ (өзгерістер мен
толықтыруларымен)
3. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997 ж.
№167-1 (өзгерістер мен толықтыруларымен)
4. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (Жалпы бөлімі) 27
желтоқсан 1994 ж. №268-ХΙΙΙ (өзгерістер мен толықтыруларымен)
5. Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы
ҚР-сы заңы 31 қыркүйек 1995 ж. №244 (өзгерістер мен
толықтыруларымен)
6. ҚР-ның Сақтандыру қызметі туралы з аңы 18 желтоқсан 2000 ж.
№126-ΙΙ (өзгерістер мен толықтыруларымен)
7. ҚР-ның Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы
заңы 7 шілде 2004 ж. №576-2
8. ҚР-ның Табиғи монополиялар туралы заңы 9 шілде 1998 ж. №272-Ι
(өзгерістер мен толықтыруларымен)
9. ҚР-ның Шетелдік инвестициялар туралы заңы. 27 желтоқсан 1994 ж.
№266-ХΙΙΙ (өзгерістер мен толықтыруларымен)
10. ҚР-ның Акционерлік қоғамдар туралы заңы. 13 мамыр 2003 ж. №415-2
(өзгерістер мен толықтыруларымен)
11. ҚР-ның Л мцензиялау туралы заңы. 17 сәуір 1995 ж. №2200
(өзгерістер мен толықтыруларымен)
12. ҚР-ның Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті
серіктестіктер туралы заңы. 22 сәуір 1998 ж. № 220-1 (өзгерістер
мен толықтыруларымен)
13. Аудиторлық палатасының Республикалық конференциясында 2000 жылы
қабылданған екі томдық Қазақстандағы Халықаралық аудит
стандарттары
14. Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 19 маусымдағы №878
Аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін бекіту туралы қаулысы
(өзгерістер мен толықтырулырымен)
1 2
15. Қ азақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы
қазандағы №384 Банктерде, сақтандыру ұйымдарында аудит өткізуге
лицензия беру жөніндегі өтінішке тіркелген құжаттар тізіміне және
өтініш берушіге қойылатын талаптар жөніндегі Ереже нұсқауларды
бекіту туралы қаулысы
16 Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігінің 1995 жылғы 28
маусымдағы №161 бұйрығымен бекітілген № 33-ші Заңды тұлғалардан
алынатын табыс салығын еспептеу және бюджетке төлеу тәртібі
туралы ереже-нұсқау (өзгертулер мен толықтыруларымен)
17 Аудиторлық палатасының 1998 жылғы 23 желтоқсанда өткен
Республикалық конференциясында бекітілген Қазақстан Республикасы
аудиторларын аттестациялау бойынша Мемлекеттік емес мекме –
Біліктілік комиссия туралы Ереже
18 Қазақстан Республикасының аудиторларын аттестациялау бойынша
Біліктілік комиссиясының 2003 жылғы 20 қазандағы № 25 бұйрығымен
бекітілген Аудиторлыққа кондидаттарды аттестациялау тәртібі
туралы Ереже
Аудиторлық қызмет туралы заң Қазақстан Республикасында аудиторлық
қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдардың, заңды және жеке
тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын
қатынастарды реттейді.
Заңдар мен нормативтік актілер қаржылық қорытынды есепке қатысы
бойынша едәуір ажыратылады. Кейбір заңдар немесе нормативтік актілер
субьектінің қаржылық қорытынды есебінің нысанын немесе мазмұнын, есепке
алынуға тиісті сомаларды немесе қаржылқ қорытынды есепте ашылып көрсетілуге
тиісті ақпараттарды айқындайды. Басқа заңдар немесе нормативтік актілер
субьект басшылығы тарапынан сақталуға тиісті, яғни, олар субьектіге өзінің
қызметін жүзеге асыруға құқық беретін шарттарды белгілейді. Субьект
қызметінің заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес келмеуі айып пұл төлеу,
сот процестері және тағы сол сияқты қаржылық зардап шегуге алып келуі
мүмкін.
Қазіргі кезде басшылыққа алынып жүрген заңнамалардың, атап айтқанда
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы кодексінің, Аудиторлық қызмет туралы заңның,
Лицензиялау туралы заңның, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің
негізінде аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершіліктерін бірнеше
түрге бөлуге болады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Егер клиенттің зиян шегуіне әкеліп
соқтырған, квалификациясыз аудиторлық тексеру жүргізу орын алса, онда сот
шешімінің негізінде аудиторлық фирмадан төмендегілер өндіріліп алынуы
мүмкін:
• Клиенттің шеккен зияны толық мөлшерде;
• Қайта тексеру жүргізуге шығарылған шығыстар.
Алайда, аудиторлық қызметтің Қазақстандық тәжірибесінде шетелдерде
болып тұратын, клиенттің шеккен зияны мен аудиторлардың іс-әрекеті
арасындағы байланысты соттың дәлелдеуі мүмкін болған шулы сот тексерулері
орын алған емес.
Аудиторлық ұйым клиенттің бухгалтерлік қорытынды есебінің барлық
маңызды аспектілері бойынша олардың дұрыстығы жөнінде кәсіби пікірін
құрастырғаны және оны білдіргені үшін жауап береді.
Қылмыстық жауапкершілік. Қылмыстық кодекстің 229 – бабында сондай-ақ,
аудиторды өз қызметінің міндеттеріне қарамастан жеке басы немесе басқа
тұлға, не болмаса ұйым үшін пайда табу және артықшылықты болу мақсатымен
өзінің өкіметтілігін асыра пайдаланғаны үшін, егер олардың іс-әрекеті
азаматтардың немесе ұйымдардың заңды мүдделеріне және құқықтарына не
болмаса заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне елеулі
зиян келтірілген болса, жазалау шаралары қарастырылған.
Әкімшілік жауапкершілік. Аудит – қызметтің лицензияланатын түрі, сондықтан
оның Лицензиялау туралы заңға сәйкес жауапкершілігі бар. Аталмыш заңда
аудиторлық қызметті тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін қылмыстық және
әкімшілік жауапкершілік, сонымен бірге лиценсиясыз қызметті жүзеге асырудан
алынған табысты бюджетке алу.

Актив түрлерінің бірі инвестиция болып табылады. Инвестиция болып
ҰйымдардЫҢ кіріс алу жылдық мақсатында (мысалы, сыйақы, роялти, дивиденттер
және жалгерлік төлемдер) инвестицияланған капитал өсімін немесе басқа да
пайда алу мақсатында иеленетін активтері санылады.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде: қысқа мерзімді ннвестициялар
бухгалтерлік баланста қысқа мерзімді активтер, ал ұзақ мерзімді
инвестициялар - ұзақ мерзімді активтер ретінде көрсетіледі. Сондай-ақ
инвестицияларға пайдаланудағы емес қозғалмайтын мүлік жатады.
Бағалы кағаздарға -акция, облигация, коносамент және басқа да заңдылық
актілермен немесе бекітілген тәртіп бойынша бағалы кағаздарға жататын
құжаттар.
Кім эмитент екеніне байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық
және корпоративтік болып топтастырылады.
Бағалы кағаздар қарыздық және үлестік болып бөлінеді.
Қарыздық қағаз - болып облигациялар табылады, - оның иесі облигация
шығарған ұйымның кредиторы болып табылады.Облигация болып облигацияны
шығарган тұлғадан, онда қарастырылган мерзімге облигацияның номиналдық
құнын немесе басқа эквивалентті ұстаушының иелікке алу құқығын
куәландыратын бағалы қағаз танылады. Облигация оны үстаушыға (иесі)
облигацияның номиналдық құнынан тіркелінген пайызды немесе басқа да
мүліктік құқықты алуға құқық береді.
Акция үлестік қағаз болып танылады, оның иесі - оны шығарған ұйыммен бірге
иемденушісі болып табылады. Акция инвесторға ұйымды басқаруға қатысуға
дауыс құқықғына ие болу арқылы кұқық береді. Акциялар облигациялар сияқты
өтелінеді және ұйым оларды қайтарып алуды шешпейінше айналымда болады.
Инвестициялау кезеңінің аудитінің акпарат көздері: Есеп саясаты, каржылық
есеп беру формалары, Бас кітап, 1100 - Қысқа мерзімді қаржы
инвестициялары, 2000 - ¥зақ мерзімді каржылық инвестициялар бөлімінің
шоттары бойынша есептік регистрлер, бағалы-қағаздарады сатып алу-сату
келісім-шарты, депозиттік шарт, Қарыз шарты, бағалы қағаздарды тіркеу
кітабы, бағалы қағаздарды қабылдау-тапсыру актісі, акция, облигация,
вексель, чек, депозиттік жэне жинақтау сертификаты, ұсынушыға берілген
жинақ кітапшасы, коносамент, Акционерлер реестрінен көшірме, Депобанк
немесе диллер шоты кешірмесі, банк көшірмелері, төлем тапсырмалары,
кассалық кіріс және шығыс ордерлері.Қойылған мақсатқа жету үшін аудитор
бақылау құралдарына аудитке жататын тэуекел сегментінің деңгейінің бастапқы
бағалануын растау мақсатында тестілеу жүргізуге тиіс (19.18-кесте).
№ Жауаптар
рс Тестік сұрақтар Ескерту
ия жоқ Жауабы
1 2 3 4 5 6
1. Директорлардың кеңесінде +
инвестициялармен жүргізілетін
операцияларға рұқсат беру туралы шешім
қабылданған ба?
2. Есепке алынған қаржылық салымдар +
толық және уақтылы есепке алынуы
бақылана ма ?
3. Инвестицияның есебі есеп саясатына +
негізделген бе ?
4. Қаржылық инвестициялар дұрыс +
жіктелген бе?
5. Қаржылық салымдардың түрлері бойынша +
бағалау тәртібіне сәйкес анықталған
ба?
6. Инвестицияның нақты қолда бары және +
қозғалысы туралы құжаттарда
көрсетілген жазулардың уақытында
есепке алынғанын және дұрыстығы
тексеріле ме?
7. Келісім-шарттар бойынша операциялардың+
сәйкестігі ішкі бақылау (аудит)
бөлімімен тексеріле ме ?
8. Инвестицияларға түгендеу жүргізу үшін+
комиссия тағайындалған ба?
10. Инвестициялар есебі бойынша
операциялардың дәлдігі ішкі (аудит)
бөлімімен тексеріле ме ?
11. Инвестиция есебі бойынша шоттар
корреспонденциясының дұрыстығы
тексеріле ме ?
Аудитор ұйымдағы инвестицияның есебі және ішкі бақылау жуйесіне жалпы
зерттеу жүрзіп болган соң, инвестициялау кезеңінің аудитін жүргізудің
бағдарламасьш жасайды (19.1.9-кесте).
19.19-кесте
Инвестициялау кезеңің тексерудің аудиторлық бағдарламасы
№ Аудиттің процедурасы Ақпарат көздері Тексеру мерзімі
рс
1 2 3 4
1. Инвестицияның баланыста дұрыс Баланыс,Бас
көрсетілуін тексеру кітапша.
2. Инвестицияның аналитикалық және Бас кітапша №12
синтетикалық есебінің журнал-ордер
мәліметтерінің сәйкестігін бастапқы құжаттар.
тексеру
3. Қаржылық инвестицияның Бастапқы құжаттар
жіктелуінің дұрыстығын тексеру
4. Бағалы қағаздардың нақтылығын Бағалы қағаздардың
және сақталу орнын анықтау, есебінің кітапшасы
бастапқы құжаттармен танысу акционерлердің
регистрірі,
сату-сатып алу
актісі, төлем
тапсырмасы,
акциялар,
сертификаттар,
облигациялар,
келісім шарттар,
наклюднойлар
5. Инвестиция құнын бағалауының Келісім шарттар,
дұрыстығын тексеру сату-сатып алу
актісі, төлем
тапсырмасы,
наклоднойлар.
6. Бағалы қағаздардың түсуі бойынша№1,2,3,4,6,7,8
бухгалтерлік жазулардың журнал-ордер, Бас
дұрыстығын тексеру кітапша.
7. Бағалы қағаздарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz