Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

1. 1 Нарықтық бәсеке жағдайындағы өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорынның даму тарихы

1. 2 Кәсіпорынның қаржылық қызметін бағалау

1. 3 Қазіргі жағдайдағы есеп пен аудиттің теориялық және әдістемелік аспектісін ұйымдастыру

2 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІҢ НЫСАНДАРЫ

2. 1 Қаржылық есеп беру және оның түрлері

2. 2 Кәсіпорынның есептік саясаты

2. 3 Бухгалтерлік баланс және оның құрылымы

3 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АУДИТІНІҢ ЖҮЙЕЛІГІ

3. 1 Аудиттің түрлері және объектілерімен байланысы

3. 2 Қаржылық есеп берудің аудитінің АҚпараттық базасы

3. 3 Қаржылық есеп берудің аудиті және оны талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Қазақстанда қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарының тарихы 2003 жылы басталған болатын. ҚЕХС-ын игеруде және оларда біздің жағдайларға бейімдеуде нағыз «көшбасшылар» қаржы ұйымдары болды. Олар өз мойындарына түскен қиыншылықтарды көтерді, ал қалған ұйымдар кейбір мәселелерде олардың тәжірибесін пайдаланып, солардың қателіктерін қайталамауға үйренулері тиіс. ҚазАҚстанға жаңадан енгізіліп жатқан ҚЕХС-ң талаптарына сай бухгалтерлік есепті стандартизациялау және қаржылық есеп беруді толтырудың жаңа әдістемесі «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңға сәйкес, оларды терең оқып үйренуді (білуді) және практикаға енгізуді талап етеді. Кемшіліктерді уақытылы анықтау және жою қаржылық есеп беруді толтырудың сапасын көтереді. Бұл бухгалтерлік балансты, кірістер мен шығыстар (пайда мен зиян), ақша қозғалысы және меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепті толтыру бойынша бухгалтерлік есептің стандартына ерекше қатысты. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру негізгі принциптерін (қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсыну концептуалдық негізінде жеткіліксіз негізделген) зерттеудің маңызы өте зор.

Қаржылық есеп беру ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижесі және өзгерістері туралы ақпарат болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстанға ҚЕХС-н енгізу жүйесіндегі қаржылық есеп берудің дұрыстығын арттыру бойынша теориялық сұрАҚтар құрастыру және ұсыныстар беру болып табылады.

Мақсат негізінде мынадай міндеттер қойылды:

  • Қазақстанға ҚЕХС-н енгізу жүйесіндегі қаржылық есеп берудің толтыру тәртібін зерттеу және оны нарықтық экономиканың талаптарына сай жетілдіру;
  • қаржылық есеп берудің толтыру тәртібімен, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарымен және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру;
  • шағын бизнес кәсіпорындағы аудитті ұйымдастыру.

Дипломдық жұмыс Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті «Достық»ЖШС мәліметтері негізінде орындалды және зерттеу объектісінің негізінде қаржылық есеп берудің нысандары қарастырылды.


1 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

1. 1 Нарықтық бәсеке жағдайындағы өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорынның даму тарихы

«Достық»ЖШС 2000 жылдан бастап өзінің қызметін бастады. «Достық»ЖШС аудандағы тұрАҚты жұмыс жасап келе жатқан, қуатты техникалық және өндірістік базасы, жеке темір жол тұйықтары, үлкен дәрежелі инженерлік-техникалық қызметкерлері, көптеген материалдық ресурстары бар ең ірі мекеме.

«Достық»ЖШС-ның негізгі саласы - құрылыс-монтаж жұмыстарын атқару болғанымен, қазіргі нарықтық қатынастар талабына сай ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, басқа да түрлі кәсіптермен айналысатын көп салалы кәсіпорын.

Қоғамға қатысты 150 көлікке арналған көлік базасында аккумуляторлық, дәнекерлеу, токарь цехтары, жабдық гараждар бар. Сонымен қатар Арал, Қазалы аудандарының жабдық мекемелері мен жеке тұтынушылары игілігі үшін жақсы жабдықталған жанар-жағар маймен қамтамасыз ететін сыйымдылығы 4, 5 тн. (бензин, дизельдік отын, нигрол, дизельдік май, т. б. сақтайтын) мұнай базасы және аудан халқына май тарату бекеті өз қызметтерін көрсетуде.

«Рената»ЖШС нан зауыты жергілікті халыққа ұн және ұннан жасалатын барлық өнім түрлерін өндіру арқылы, қызмет көрсетіп отыр. Наубайхана іші қазіргі заман талаптарына жауап беретін жабдықтармен қамтамасыз етілген. Онда 12 түрлі өнім шығарылады. Өнімнің сапасы, салмағы мемлекеттік стандарттарға сай дайындалуда. Нан өндіру процесінің әрбір қадамында тамАҚ өнімдерінің қауіпсіздігіне және тамақ құндылығына қойылатын санитарлық және гигиеналық талаптар сақталады.

Жаңа технологиямен және құралдармен жабдықталған өндірістік зертханада сырттан келген және дайын өнімнің сапасына бақылау жүргізіледі. Қоғамның жұмысын толық жетілдіру үшін ИСО 9001:2000 Халықаралық стандартының Сапа менеджмент жүйесі, ҚР СТ ИСО 9001:2001 енгізіліп, 2007 жылы ҚР СТ ИСО 22000-2006 ТамАҚ өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйелері бойынша, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге, күріш және сүт өнімдерін өндіру, өңдеу, таратуға қатысты сәйкестік сертификаттарын алуға іс-шаралар жүргізіп, оларға ие болды.

Таза ауыз суды шешу күн тәртібінде тұрған негізгі мәсенлелердің бірі. «Рената»ЖШС Аралдың экологиялық апат аймағындағы халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мАҚсатында жұмыстар жүргізуге тікелей араласып, өз үлесін қосуда.

Қазіргі уақытта барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есептің автоматтанды-рылған формасын қолданады. Компьютерлердің көмегімен ақпараттар мен мәліметтерді есеп регистрлерінде және машина жадында (дискетте, дискте, флешкада) жинақтауға болады.

Автоматтандырылған форманы қолдану есептік процестегі есептік ақпараттардың жоғары дәлдігін, жылдамдығын, есеп жүргізуші қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсүін қамтамасыз етеді.

Бас бухгалтердің негізгі мақсаты, қызметі кәсіпорынның қаржы және басқару есебін жүргізу.

Аға бухгалтердің қызметі кассалық операцияларды жүргізуге құқылы және бас бухгалтер егер іс-сапарға кеткенде, кезекті демалыста болғанда жұмыстарын жүргізуге құқылы.

Бухгалтерлік есептің бірінші звеносы кәсіпорын бухгалтериясы. Бас есепші әкімшілік қатынаста кәсіпорын диреторына бағынады. Бухгалтерия бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Бухгалтерияның есеп айырысу бөлімі еңбек АҚы және әлеуметтік сақтандыру бойынша жұмысшылармен және қызметкерлермен есеп айырысуды жүргізеді, қаржы мекемелерімен есеп айырысуды жүзеге асырады. Материалдық бөлім жабдықтаушылармен есеп айырысу есебімен айналысады, негізгі құралдар, материалдар, тауарлар қозғалысын есепке алады. Бұл бөлім материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің жүргізілу дұрыстығын тексеріп отырады.

Өткеру операциялары есебі бойынша өткеру бөлімінің бухгалтері есеп жүргізеді. Аға бухгалтер жинақтық және қортындылаушы құжаттар жасайды, негізгі қызмет бойынша есеп береді.

Кәсіпорынның алдында қойылған мақсаттар көп болуы мүмкін, бірақ қатаң бәсекелестік жағдайында оның табысы мен үздіксіз қызсет атқаруы әкімшіліктен барлық күш-жігерді екі басты мақсатқа біріктірүді талап етеді:

  1. таза табыс алу (пайда табу) ;
  2. өтімділікке (ликвидтілікке) қол жеткізу.

Пайдалылық - инвестициялық капиталды тарту және ұстап тұру үшін жеткілікті таза табыс табу қабілеттілігі.

Өтімділік - берілген мерзімге борыштарды өтеу үшін жеткілікті төлем қаражаттарының болуы.

Нарық бәсекелестік жағдайда өндірісті тиімді басқару нарық қатынастарының қалыптасуына, өндірістің тиімділігін көтеруге кәсіпорынның қаржыларын нығайтуға ықпал етеді.

1. 2 Кәсіпорынның қаржылық қызметін бағалау

Кәсіпорын қызметін басқару үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесін пайдаланады, ол бойынша өз жұмысын жоспарлайды, есеп пен есеп беруді ұйымдастырады, баға және жұмысқа ынталандыру жүзеге асырылады. Бұл жүйе өзінше өзара бір-бірімен байланысты көрсеткіштер жиынтығын құрайды.

Экономикалық көрсеткіштер өзінің қалыптасу жағдайына байланысты жоспарлы және есепті болып бөлінеді. Есепті көрсеткіштер бұл белгілі кезеңдегі нақты жеткен көрсеткіштерді қамтып көрсетеді. Сондықтан экономикалық көрсеткіштер жүйесін барынша белгілеуді қамтамасыз ету қажет. Оған шаруашылық процестері мен көрсеткіштер, кәсіпорын қорларының жағдайы, жоспарлы тапсырманың орындалу ақпараты көрсетілуі қажет. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштер жүйесінің мүлтіксіз шарты кәсіпорын басқаруда шешім қабылдауға ақпараттармен барынша қамтамасыз ету болып табылады.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу мен өзінің кредиторлық қарыздарын уақытылы өтеу үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы. Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуын - қаржылық тұрақтылық деп атайды. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын, кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды.

Нарық жағдайда ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық кредиторлық қарыздарды орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және әлеуметтік жағдайды жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс алуы қажет.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландырылуы тиіс. қаржы жағдайы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді. талдау бізге кәсіпорынның шаруашылық және қаржылық қызметін болжамдап, баға беру үшін қажет.

Экономикалық талдау - экономиканың әрі қарай даму мақсатында өте қажет ғылыми жүйе кәсіпорынның шаруашылық -қаржылық қызметіне талдау жүргізу процесінде әрдайым көрсеткіштердің жүйесімен жұмыс жасауға тура келеді. Талдау қорытындысы дұрыс және сапалы болу үшін есеп беру мәліметтерінің сапасы жоғары болуы қажет.

Кәсіпорынның қызметін жан-жақты зерттеу негізінде бір-бірімен байланысты экономикалық көрсеткіштердің тобы жатады, олар кәсіпорынның және бөлімшелердің жұмысын сипаттайды.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың АҚпараттық негізгі қаржылық есеп беру болып табылады. Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржы - шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау - есеп жұмысының соңғы сатысы. Оның деректері бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды; ол талдау жасаудың, күнделікті және алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпарат көзі болады. Есеп берудің Өнімді (қызметті) өткізуден түскен кіріс деректерін салықтардың және басқа бюджеттік төлемдердің дер кезінде әрі толық төленуіне бақылау жасау үшін пайдаланады.

Кәсіпорынның негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін бағалау, талдау жүргізу үшін 1. 1-аналитикалық кесте құрамыз, ол үшін 2010-2011 жылдардағы жылдық есеп беру мәліметтерін пайдаланамыз, оның ішінде №1 үлгі «Бухгалтерлік баланс», №2 үлгі «Кірістер мен шығындар туралы есеп беру», №3 үлгі «ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру», басқада тиісті құжаттар.

Кесте 1

2010-2011 ж. ж. «Достық»ЖШС қызметінің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері

р/с
Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
Іс жүзінде

Ауытқу

( +, - )

2010 ж.
2011 ж.
р/с: 1
Көрсеткіштер: 2
Өлшем бірлігі: 3
Іс жүзінде: 4
Ауытқу( +, - ): 5
6
р/с:
Көрсеткіштер: Өнімді (қызметті) өткізуден түскен кіріс
Өлшем бірлігі: мың тг.
Іс жүзінде: 589074, 0
Ауытқу( +, - ): 606252, 0
17178, 0
р/с:
Көрсеткіштер: Өнімнің (қызметтің) өзіндік құны
Өлшем бірлігі: мың тг.
Іс жүзінде: 532740, 0
Ауытқу( +, - ): 565565, 0
32825, 0
р/с:
Көрсеткіштер: Жалпы кіріс (зиян)
Өлшем бірлігі: мың тг.
Іс жүзінде: 56334, 0
Ауытқу( +, - ): 40687, 0
-15647, 0
р/с:
Көрсеткіштер: Басқада кірістер
Өлшем бірлігі: мың тг.
Іс жүзінде: 421, 0
Ауытқу( +, - ): 369, 0
-52, 0
р/с:
Көрсеткіштер: Әкімшілік шығындар
Өлшем бірлігі: мың тг.
Іс жүзінде: 46365, 0
Ауытқу( +, - ): 56870, 0
10505, 0
р/с:
Көрсеткіштер: Қаржыландыру бойынша шығындар
Өлшем бірлігі:
Іс жүзінде: 34403, 0
Ауытқу( +, - ): 26933, 0
-7470, 0
р/с:
Көрсеткіштер: Басқада шығындар
Өлшем бірлігі:
Іс жүзінде: 8315, 0
Ауытқу( +, - ): -2328, 0
-
р/с:
Көрсеткіштер: Салық салуға дейінгі кіріс (зиян)
Өлшем бірлігі: мың тг.
Іс жүзінде: -32328, 0
Ауытқу( +, - ): -40419, 0
-
р/с:
Көрсеткіштер: Корпоративті табыс салығы
Өлшем бірлігі:
Іс жүзінде: -
Ауытқу( +, - ): 7413, 0
7413, 0
р/с:
Көрсеткіштер: Таза кіріс (зиян)
Өлшем бірлігі: мың тг.
Іс жүзінде: -32328, 0
Ауытқу( +, - ): -47832, 0
-
р/с:
Көрсеткіштер: Қызметкерлердің орташа тізімдік саны
Өлшем бірлігі: адам
Іс жүзінде: 458
Ауытқу( +, - ): 467
9

Кесте 1 жалғасы

1
2
3
4
5
6
1:
2: Еңбек ақы қоры
3: мың тг.
4: 220227, 0
5: 273966, 0
6: 53739, 0
1:
2: Бір қызметкердің орташа жылдық жалақысы
3: тг.
4: 480844, 9
5: 586650, 9
6: 105806, 0
1:
2: Негізгі құралдардың орташа жылдық құны
3: мың тг.
4: 190622, 0
5: 303227, 5
6: 112605, 5
1:
2: Қор қайтарымы
3: тг.
4: 3, 09
5: 1, 99
6: -1, 1

1-кестеден көріп отырғанымыздай өнімді (қызметті) өткізуден түскен кірістің 2011 жылғы мәліметтерді 2010 жылдың мәліметтерімен салыстырғанда 17178, 0 мың тг. төмендеп отыр Өнімнің (қызметтің) өзіндік құны да 32825, 0 мың тг. жоғарылаған. Өнімді (қызметті) өткізуден түскен кіріс пен өнімнің (қызметтің) өзіндік құнының жоғарлауына байланысты кәсіпорын 15647, 0 мың тг. зиян шегіп отыр.

Басқада кірістер 52, 0 мың тг. төмендеп отыр. Әкімшілік шығындар 10505, 0 мың тг. өскен. Қаржыландыру бойынша шығындар 7470, 0 мың тг. төмендеп отыр. Корпоративті табыс салығы 2011 жылы 7413, 0 мың тг. құрап отыр.

Кәсіпорын 2010 жылы 32328, 0 мың тг. және 2011 жылы 47832, 0 мың тг. зиян шегіп отыр.

Қызметкерлердің саны салыстырмалы түрде 9 адамға көбейіп отыр. Соған сәйкес еңбек АҚы қоры да 53739, 0 мың тг. жоғарылады. Бір қызметкердің орташа жылдық жалАҚысы 105806, 0 тг. өсті.

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 112605, 5 мың тг. өсті. Қор қайтарымы 1, 1 тг. төмендеп отыр, яғни кәсіпорындағы негізгі қорлар тиімсіз пайдаланған болып есептеледі.

Сонымен қорыта келе, кәсіпорын өнімді (қызметті) өткізуден түскен кірісті, жалпы кірісті жоғарылату арқылы кәсіпорынның негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштерін қорытынды нәтижесін жАҚсартуға мүмкіншілік болады.

1. 3 Қазіргі жағдайдағы есеп пен аудиттің теориялық және әдістемелік аспектісін ұйымдастыру

Бухгалтерлік есеп пен беру стандартының қай-қайсысының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уАҚыты және мазмұны болады.

Бухгалтерлік есеп - ұйымның қаржылық АҚпаратын белгілі бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бАҚылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уАҚытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашАҚта атқарылатын жұмысын экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есепті бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты және негізгісі болып табылады.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. бухгалтерлік есептің негізгі бағыты - кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын артыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.

Бухгалтерлік есеп ұйымның есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асырылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері мен көрсеткіштеріне сүйене отырып, экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жұмыстарының қорытынды құжаттары мен мәліметтеріне қарай әрбір ұжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады. Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі - бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып тіркелген нАҚтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады.

Бухгалтерлік есеп - халықаралық қатынас құралдарының бірі және бизнес түрлері болып саналып келген басқа да қызметтердің байланыстырушысы.

Қазақстан экономикасындағы жаңа болмыстардың пайда болуын ескере отырып, бухгалтерлік есеп жүйесінде де айтарлықтай өзгерістер болып өтті. Республиканың бухгалтерлік есебін жетілдіру үшін сенімді құқықтық база мен оның нарықтық қатынастағы қажеттіліктерін реттеудің үйлесімділігі стандарттар мен оларды айқындаушы әдістемелік сипаттамаларды қамтитын «Бухгалтерлік есеп туралы» заңында көрініс тапты. Типтік үлгідегі есеп жоспары, бухгалтерлік есепке қатысты қолданған нұсқаулар мен ережелер халықаралық стандарттарға лайықты болып келеді. Бұл жағдайда рыноктың шарттарына сай жаңа есептік әдістеме мен қаржы талдауының пайдалануы шарт. Мұндай әдістеме іскер серікті негізі таңдауға, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының деңгейін анықтау үшін кәсіп иелік қызметінің іскерлік белсенділігі мен тиімділігіне баға беру үшін қажет. ҚазАҚстан Республикасында бухгалтерлік есептің реформалау процесі реформалау процесі белсенді түрде халықаралық тәжірибеге сәйкес болу мақсатымен жүріп жатты. Бұл, біріншіден -құрамына нарықтық қатынастар кіретін және экономикалық жүйе құрылымын, екіншіден-Қазақстан Республикасының әлемдік эконометрлік кеңістікке енуімен байланысты. Осы жағдайдағы пайда болған түбегейлі өзгерістер экономикалық рычагтарын басқаруының, соның ішінде, бухгалтерлік есептің аянсыз қалмауын талап етті.

Есеп принциптері барлық есеп процесін жүргізу мен қорытынды есепті құрудың негізін құрайды. Олар әділ болуға, тек бухгалтерлік есепке тән болуға тиісті, яғни басқа ғылымдардың негізімен ауыстыруға болмайды.

Бухгалтерлік есеп процесін жүргізу мен қорытынды есепті құруға негіз болатын принциптер ретінде мынадай принциптерді атауға болады : есептеу үздіксіз қызмет ету, бөлектенген (оңашаланған) кәсіпорын, екі жақтылық ақшалай өлшем, ақпараттардың құпиялылығын сақтау.

Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарында қорытынды есеп берудің келесідей принциптері қарастырылған : есептеу, үздіксіз, түсініктілік, орындылық, мәнділік, сенімділік, әділетті (бұрмалаусыз) көрсету, мағыналық, бейтараптылық, сақтық, толықтық, салыстырмалық, дәйектілік.

Экономиканың жалпы тұжырымы бойынша бухгалтерлік есеп кәсіпорындар туралы АҚпаратты даярлау процесі ретінде жүреді, яғни бұл келешекте қолдағы ресурстарды тиімді қолдану мүмкіндігін туғызады. Қоғамның заңды құқықты мүшелері жинАҚталған ресурстарын кез-келген бизнеске жұмсау еркіндігін ұстана отырып, қаржылық есеп беруге сүйеніп өздерінің салымын таңдаған капитал өрісіне жібереді. Бухгалтерлік есептің күні бүгінге дейін өмір сүріп келуі оның қаржылық есепте басты міндет атқарып келуінде-ол белгілі, жан-жақты ақпарат жинақтаушы, оған қоса, бұл ақпаратты пайдаланушылар тек қана қызығушылық білдіріп қана қоймай, бұл ақпарат олар үшін ең анық, сенімге тұрарлық, қажеттіліктерге сай болулары керек.

Нарықтық экономикасы бар басқа елдерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері, қаржылық есеп беруді даярлау және құру бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.

Қазақстан экономикасындағы қаржылық нарық одан әрі халықаралық болуда. Қазақстан Республикасы 2002 жылы жазында қабылданған «Бухгалтерлік есеп туралы» заңға ҚазАҚстан Республикасы Президентінің бұйрығы бойынша өзгерістер енгізілді. Қазір ол «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заң деп аталады. Енгізілген өзгерістердің ең бастысы ол қаржылық есеп беруді Халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сай жүргізу болып табылады.

Ең алдымен, қазАҚстандық және халықаралық стандарттарды салыстырмас бұрын, стандарт деген ұғымға жалпы түсінік беріп өтейік.

«Стандарт» ағылшын тілінен аударғанда норма деген мағананы білдіреді. Бухгалтерлік есепте стандарт комплексті құжаттарда тіркелген есеп жүргізу тәртібі.

Бухгалтерлік есеп стандарттары екіге бөлінеді:

1. Халықаралық - бұл Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарының Комитеттің құрамына кіретін мемлекеттер ғана қолдана алады.

2. Ұлттық. - жеке мемлекеттердің ішкі қолдануына арналған бухгалтерлік есептің нормативі. Мысалы, АҚШ-тың ұлттық стандарттары - GAAP жүйесі.

1997 жылдан бастап ҚазАҚстан, Қырғызстан, Молдова Халықаралық есептің жеке стандарттарын қолданды. ҚазАҚстан ҚЕХС отандық бухгалтерлік есеп стандарттарының негізі болды. Яғни, ҚЕХС бухгалтерлік есеп және есеп берудің жалпы қабылданған принциптері.

Ұлттық есеп беру стандарттарынан ҚЕХС-ң артықшылығы мыналар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның шоғырландырылған қаржылық есебі және оны талдау
Шаруашылық операциялар циклдері аудитінің ерекшеліктері
Ұйымның қаржылық есептілігі және оны талдау
Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы
Шығындар есебін жетілдіру және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы туралы
Еңбекақы түрлері мен мағнасы
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері
Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті
Шығындар есебі және аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz