Ұлы отан соғысы жылдары Қазақстанға эвакуацияланған тұрғындардың тағдыры


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ЭВАКУАЦИЯЛАНҒАН

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАҒДЫРЫ.

Германияда өкімет басына фашистердің келуі жəне олардың Еуро-

падағы агрессияшылдық іс-əрекеттері Кеңес Одағы мен Германияның

арасында соғыстың болмай қоймайтындығын айқын көрсетті. 1941

жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөнін-

дегі кеңес-герман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан,

КСРО аумағына баса-көктеп кірді. Осылайша, əлем тарихындағы со-

ғыстардың ішіндегі ең қатал əрі ауыр соғыс басталды. 1941-1945 жыл-

дары Кеңес Одағында жүргізілген тұрғындарды жаппай эвакуациялау

ауқымы, мерзімі жəне өткен жағдайына қарай əлем елдері мен халық-

тары тарихында болмаған жағдай болатын.

Соғыс басталғаннан кейін бес күн өткен соң, елдің біраз аумағы фа-

шистік Германияның қол астында еді, осыған байланысты КСРО БКП

«Адам құрамы мен бағалы мүлікті көшіру жəне орналастыру тəртібі»

атты арнайы қаулы қабылдаған болатын. Эвакуациялау кеңесі құры-

лып, тасымалдаудың тəртібі мен кезегін əзірлеумен, тамақтандыру

жəне медициналық көмекпен қамтамасыз етумен айналысты. Жолау-

шылар вагондары жетіспегендіктен, эвакуациялауға икемделген тауар

вагондары арқылы да жүзеге асырылды.

1942 жылы Қазақстанға эвакуацияланғандардың толқыны келді.

Мəселен, Алматы облысына 64797, Ақмола облысына 18940, Ақтөбеге

25749, Шығыс Қазақстан облысына 21776, Атырауға 8477, Жамбылға

46333, Батыс Қазақстан облысына 39549, Қарағандыға 26116, Қоста-

найға 31140, Қызылордаға 43891, Павлодарға 1809, Солтүстік Қазақ-

стан облысына 31358, Семейге 28267, Оңтүстік Қазақстан облысына128

48446, Алматы қаласына 26304, барлығы 479242 адам келді. Демек,

көші-қон процестерінің қарқынды жүруі 1940 жылдары соғыс жағда-

йымен байланысты болды. Қазақстанның өзі одақтас республика ре-

тінде майдан арсеналына айналды. Соғысқа аттанғандар өз алдына,

тыл жұмысында да көптеген адамдар жұмыс істеді.

Міне, осындай эвакуацияланғандардың көші-қондық толқыны

1942 жылы да жалғасын тапты. Осы жылы Алматы облысына 12759,

Ақтөбе облысына 5539, Ақмолаға 4313, Шығыс Қазақстанға 8587,

Атырауға 40, Жамбылға 14342, Батыс Қазақстанға 10648, Қарағандыға

2829, Қызылордаға 4869, Қостанайға 4697, Павлодарға 5049, Солтүстік

Қазақстанға 7274, Семейге 11344, Алматыға 12264, барлығы 104574

адам көшіріліп орналастырылды.

1942 жылы 1 қаңтарда республикаға жоспарланған 722 мың эва-

куацияланушылар мен 479 мың қоныс аударушы немістердің орнына

386492 адам эвакуацияланып, 102533 поляктар мен 361244 немістер

қоныс аударылды. Осы көші-қон қозғалысында Қазақстанның бар-

лық облыстарына орналастырылды. Дегенмен де, басым көпшілігі -

533140 адам, яғни 62, 7%-ы екі аймаққа мынадай көрсеткіште орна-

ластырылды: оңтүстікке 273548 адам, 30, 5% бөлінді. Оның ішінде об-

лыстарға төмендегідей орналасты: Оңтүстік Қазақстан - 93984 адам,

яғни 11, 05%; Жамбыл - 70696 адам - 8, 3%; Алматы - 63557 - 7, 5%;

Қызылорда - 41446 - 4, 9%; Алматы қаласы - 3805 - 0, 45%; Ақмолада -

99583 - 11, 7%; Солтүстік - 86060 - 10, 1%; Павлодар - 73949 - 8, 7%.

Көші-қонның қалған үштен бірінен астамы (37, 3%) Батыс, Шығыс

(113870 - 13, 5%) жəне Орталық аймақтарға келді. Бұл аймақтардың

осы көші-қондағы үлесі мынандай болды: Қостанай - 74993 адам -

8, 8%; Батыс Қазақстан - 37182 - 4, 4%; Ақтөбе - 34115 - 4, 0%; Гурьев -

9278 - 1, 1%; Семей - 73838 - 8, 7%; Шығыс Қазақстан - 45035 - 5, 3%;

Қарағанды - 42675 - 5, 0%. Немістердің басым көпшілігі Ақмола, Сол-

түстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай жəне Семей облыстарына орна-

ласса, поляктардың көбі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жəне Солтүстік

Қазақстан облыстарына барды. 1942 жылы республикаға 528210 адам эвакуацияланып, осы жылы 44061 адам республикадан тысқары жаққа реэвакуацияланды. 1943 жылдың 1 қаңтарына қарай 484149 адам республикада тұрақтап қалды. Оның ішінде: қалаларда 162982, ауылдарда 321167 адам. Жыныстық-жастық ерекшеліктеріне қарай былай бөлінді: еркектер - 86839 (17, 9%), əйелдер - 213944 (44, 2%), 14 жасқа дейінгі балалар - 146990 (30, 4%), 14-16 жас аралығындағылар - 3637 (7, 5%) адам болды. Яғни эвакуацияланғандар негізінен əйелдер мен балалар. Өкінішке орай,

эвакуацияланғандардың барлығының ұлттық өкілдерін анықтауға

мүмкіндік жоқ. Алайда 1941 жылдың 30 қазан айына дейінгілердің

ұлттық құрамын көрсетуге болады. Бұл кезде одақтың батыс аймақта-

рының 32 елді мекенінен 161323 адам келген. Бұлар негізінен еврейлер

97, 5%, орыстар 46, 5%, украиндар 32, 0%, беларустар 2, 5% болса, қал-

ған аз топты 2, 5% поляктар, немістер 0, 3%, латыш жəне эстондар 0, 2%,

литвалар 0, 1%-ды құрады.

Эвакуацияланғандардың көпұлттылығы Қазақстандағы жұмысшы

ұжымдарының көпұлттылығына əсер етті. Мəселен, Шымкент зауы-

тындағы 1027 адамның 64, 8%-ы орыс, 3, 8%-ы қазақ, 8, 5%-ы өзбек, қал-

ған ұлттар 22, 9% болды. Сол сияқты, Ақмоладағы Қазақ ауыл машина-

сы зауыты жұмысшыларының 1944 жылғы құрамы мынандай болды:

49, 5% қазақтар, 15, 0% өзбектер, 16, 0% еврейлер, 10, 2% орыстар, 8, 0%

поляктар жəне тағы басқалары бар еді.

Ал 1943 жылы эвакуацияланғандар Алматы облысында - 64897,

Ақтөбе - 21537, Ақмола - 25864, Шығыс Қазақстан - 40487, Қараған-

ды - 26288, Қызылорда - 31200, Қостанай - 44594, Павлодар - 18147,

Солтүстік Қазақстан - 32144, Семей - 28974, Оңтүстік Қазақстан -

47038, Алматы - 26304, барлығы - 484149 адам болды. 1943 жылы

эвакуацияланғандардың қандай жерлерден келгендігі жөнінде мұрағат

деректерінде көрсетілген.

Қазақстанға эвакуацияланғандар негізінен Кеңес Одағы кеңістігі-

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Шығыс Қазақстанның экономикалық даму үрдісінің тарихы
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және еңбек майдандарындағы қазақстандықтар
Шығыс Қазақстанның 1940 - 1950 жылдардағы экономикалық дамуы
Еңбекшілердің майдан вахтасындағы ерен еңбегі
Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым
Қазақстан ауыл-село тұрғындарының этнодемографиялық және әлеуметтік дамуы (1939 – 1979 жылдар)
Қазақ диаспорасының қалыптасуы мен дамуы
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz