Кеден органдарының қызметін реттейтін алғашқы үкіметтік құжаттар
Кіріспе 3
1 Кеден органдарының қызметін реттейтін алғашқы үкіметтік құжаттар 4
1.1 Қазақстан Республикасындағы негізгі, кедендердің қысқаша сипаттамасы 4
1.2 Кеден органдары қызметін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар 7
2 Кедендік реттеу мақсаттары, құралдары, болашағы 11
2.1 Кеден органдары қызметінің құқықтық және заңдық проблемалары 13
2.2 Қазақстан Республикасындағы кеден ісін дамытудың перспективалары 14
3 Қазақстан аумағындағы кеден ісінің қалыптасуы 17
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 23

Кеден (таможня) деген атау біздің мемлекетімізге қазірдің өзінде құлаққа сіңісті, үйреншікті болып кетті және ол кеден шекарасындағы (тек ондағы ғана емес) мемлекеттік органдардың атқаратын қызметімен тең мағынада қолданылады. Алайда, «өтке ғасырларда бұл сөз (таможня) қазір ұмыт болып кеткен, бірақ қайтадан толық қалыпына келтіруге болатын «протамга» – кеденге соқпай кеткені үшін алынатын өсім ақша, «протаможье» – тауарларды шекарадан заңсыз алып өткені үшін алынатын өсім ақша, «протаможиться» – тауарларды кеденге соқпай заңсыз алып өткені үшін айыпты болу – сияқты сөздер тудыратын түбір болған.
Мемлекеттер мен қалалардың шартты шекаралары арқылы тауарлар алып өткені үшін тиісті баж салығын алу сауда жолдары пайда болып, сауда – саттық қыза түскен кезден басталғаны белгілі. Саудадан алынатын баж салығы, автордың пікірі бойынша, кедендік төлемдердің бейне бір қазіргі түрі болып табылады.
Жалпы, ғылыми жұртшылықтың мойындағанындай, «таможня» (кеден) деген сөз ежелгі түркі тілінің «тамға» деген сөзінен шыққан. Ол баж салығын алу деген ғана емес, сонымен қатар «таңба басу», «белгі салу», «ерекше белгі» дегенді білдіреді. Сауда – саттыққа байланысты алғашқы кедендік баж салығы (көбінесе жай ғана алым) қазіргі Қазақстан аумағында сақ патшайымы Тұмар - ханымның (Томиристің» патшалық құрған тұсында (біздің дәуірімізге дейінгі 530 жылдар шамасы) алына бастаған.

1 Закон РК «О таможенном деле в Республике Казахстан» от 16 июня 1999г
2 Аксенов И.Я. Единая транспортная система // М.: 1997 г. – 210 с.
3 Аксенов И.Я. Транспорт и история, современность, перспективы, проблемы // М.: 1995 г. – 270 с.
4 Алибеков С.Т. Таможенное право. Учебное и практическое пособие // Алматы : 1997 г. – 175 с.
5 Алибеков С.Т. Казахстанское таможенное право общая и особенная части // Алматы : 1999 г. – 3-24 с.
6 Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар. Оқу құралы // Алматы : Санат, 1998 ж. – 192 б.
7 Буглай В.Б., Ливенцев Н.Н. Международные экономические отношения. Учебное пособие // Под. ред. Н.Н. Ливенцева. М.: Финансы и статистика, 1996 г. – 325 с.
8 Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Оқу құралы // Д.М. Мадиярова, А.Е.Қалдыбаева, Ұ.А. Текенов, С.О. Есімбаева. – Алматы : Экономика, 2000 ж. – 190 б.
9 Кисловский Ю.Т. История таможни российского государства // М.: 1995 г. – 56-86 с.
10 Международные торговые финансовые операции, страхование и другие услуги // М.: 1994 г. – 320 с.
11 Микеев Ю.В. Таможенный валютный контроль // М.: 1997 г. – 278 с.
12 Н.Ә.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында // Алматы: Өнер, 1996 ж. – 272 б.
13 Н.Ә.Назарбаев. Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде // Алматы: Кітап, 1999 ж. – 32 б.
14 Т.С. Садықов. Тарих тағылымы ұлтаралық қатынастар мәдениеті // Алматы : Ана тілі, 1992 ж. – 157 б.
15 Н.Х. Тілемісов. Қазақстандағы кеден тарихы. Оқу құралы // Алматы: Ғылым, ғылыми баспа орталығы, 2001 ж. – 160 б.

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Кеден органдарының қызметін реттейтін алғашқы үкіметтік құжаттар4
1.1 Қазақстан Республикасындағы негізгі, кедендердің қысқаша 4
сипаттамасы
1.2 Кеден органдары қызметін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар 7
2 Кедендік реттеу мақсаттары, құралдары, болашағы 11
2.1 Кеден органдары қызметінің құқықтық және заңдық проблемалары 13
2.2 Қазақстан Республикасындағы кеден ісін дамытудың перспективалары14
3 Қазақстан аумағындағы кеден ісінің қалыптасуы 17
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 23
Кіріспе
Кеден (таможня) деген атау біздің мемлекетімізге қазірдің өзінде
құлаққа сіңісті, үйреншікті болып кетті және ол кеден шекарасындағы (тек
ондағы ғана емес) мемлекеттік органдардың атқаратын қызметімен тең мағынада
қолданылады. Алайда, өтке ғасырларда бұл сөз (таможня) қазір ұмыт болып
кеткен, бірақ қайтадан толық қалыпына келтіруге болатын протамга –
кеденге соқпай кеткені үшін алынатын өсім ақша, протаможье – тауарларды
шекарадан заңсыз алып өткені үшін алынатын өсім ақша, протаможиться –
тауарларды кеденге соқпай заңсыз алып өткені үшін айыпты болу – сияқты
сөздер тудыратын түбір болған.
Мемлекеттер мен қалалардың шартты шекаралары арқылы тауарлар алып
өткені үшін тиісті баж салығын алу сауда жолдары пайда болып, сауда –
саттық қыза түскен кезден басталғаны белгілі. Саудадан алынатын баж салығы,
автордың пікірі бойынша, кедендік төлемдердің бейне бір қазіргі түрі болып
табылады.
Жалпы, ғылыми жұртшылықтың мойындағанындай, таможня (кеден) деген
сөз ежелгі түркі тілінің тамға деген сөзінен шыққан. Ол баж салығын алу
деген ғана емес, сонымен қатар таңба басу, белгі салу, ерекше белгі
дегенді білдіреді. Сауда – саттыққа байланысты алғашқы кедендік баж салығы
(көбінесе жай ғана алым) қазіргі Қазақстан аумағында сақ патшайымы Тұмар -
ханымның (Томиристің патшалық құрған тұсында (біздің дәуірімізге дейінгі
530 жылдар шамасы) алына бастаған.
VI ғасыр – түркі империяларының дәуірлей бастаған кезі. Ерте түркі
мемлекеті – Түркі қағанаты (551-603 жылдар). Түркілердің көсемі Бұмын қаған
деген лауазым алған болатын. Алғашқы кедендік ереже тәртіптері сол Бұмын-
қағанның заңдарында кездеседі. Ол кезеңде ен даланы жайлаған түркі
тайпалары бір көсемнің, бір рудың, бір династияның билігіне бағынып,
бастарын қосып, бірлесе бастаған еді. Бақталас тайпаларды бағындырып алған
түркілер шаруашылық қызмет түрлері әр алуан және өз мемлекеттігі бар басқа
елдер мен халықтарды да өздеріне тәуелді етіп ұстады. Ол тәуелділік жаңа
династияға олардың тікелей бағынуы немесе кесімді алып төлеп тұруы арқылы
жүзеге асырылады.
Көшпенділердің құрған мемлекеті соның нәтижесінде күшті империяға
айналды. Ежелгі түркілер өзіндік өркениет ошағын құрды. Онда күнделікті
тұрмыстың сапа жағынан жаңа – отырықшылық, халықтың бір бөлігінің қалаға
шоғырлануы, қалалар салу сияқты түрлері пайда болды. Міне, мұның бәрі де
қоғамның әлеуметтік және саяси ұйымның бет бейнесінен көрініс таппай тұра
алмады. Қол жеткен табыстың ең биік шыңы – олардың өз жазуының пайда болуы
еді. Рулық-тайпалық ұйым түрлері – бодан және әскери-әкімшілік ұйымдары
(кеңесшілер, жоғары шенді әскери басшылар және басқалары) құрылды.
Түркілердің билеушісі Өгіз-қаған жиырма екі түркі тайпасының көсемдеріне
кедендік лауазымдар мен кедендік айырым белгілерін берді.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Кедендік реттеу мақсаттары,
құралдары, болашағы.
Қазақстан Республикасының негізгі кедендік құжаттарына сипаттама беру
және орган қызметін реттейтін құжаттарға, құқықтық немесе заңдық
проблемаларын, болашағының дамуын қарастырамыз.
Мақсаты: Кеден органдарының құжаттары, мақсаттары, құралдары,
болашағы, құқықтық және заңдық проблемалары, аумақтық кеден ісінің
қалыптасуы.
Өзектілігі:
- кеден органдары қызметін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар.
- ҚР-дағы кеден ісін дамытудың перспективалары.
- Қазақстан аумағындағы кеден ісінің қалыптасуы.
Объект: Кедендік реттеу мақсаттары, құралдары, болашағы тақырыбындағы
курстық жұмысын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- бірінші тарауда қарастыратынымыз, кеден органдарының қызметін
реттейтін құжаттарға сипаттама беру.
- екінші тарауда қарастыратынымыз, кедендік реттеудің мақсаттары,
болашағы, құқықтық және заңдық проблемалары, кеден ісін дамыту
перспективаларын қарастыру.
- үшінші тарауда қарастыратынымыз, Қазақстан аумағындағы кеден ісінің
қалыптасуын қарастыру.
1 Кеден органдарының қызметін реттейтін алғашқы үкіметтік
құжаттар
1.1 Қазақстан Республикасындағы негізгі, кедендердің қысқаша
сипаттамасы
Кеден қызметіндегі кеңестік кезең сыртқы сауданы национализациялау
туралы Халық Комиссарлары Кеңесінің 1918 жылғы 22 сәуірде қабылданған
Декретімен тығыз байланысты болды. Ол Декретке сәйкес, шетелдік
мемлекеттермен және шетелдерге жекелеген кәсіпорындармен жасалатын сауда-
саттық мәмілелерін Кеңес өкіметінің Ресей Федерациясы атынан берілген
өкілеттігі бар уәкілдер жүгізетін болып бекітілді.
Сыртқы сауданың кеңес мемлекетінің монополиясы деп жариялануы кеден
істері жөніндегі бұрынғы заң актілерін қайта қарауды талап етті. 1918 жылғы
29 тамызда Халық Комиссарлары Кеңесі Орталық жән жергілікті өкімет
орындарының баж салығын жинау және жергілікті кеден мекемелерінің қызметін
реттеу жөніндегі құқықтарын шектеу туралы Декрет қабылдады. Мұның өзі шын
мәніне келгенде КСРО Кеден қызметін құрудың бастамасыеді. Декретте кедендік
мекемелер Кеңес өкіметінің органдары болып табылады, оларға Қаржы істері
жөніндегі Халық Комиссариаты Кедендік алым-салықтар жөніндегі департамент
арқылы тікелей басшылық жасайды деп жарияланды.
Алайда 1918 жылғы маусым айында кедендік мекемелер Сауда және
өнеркәсіп Халық Комиссариатына қайта бағындырылды. 1930 жылдан бастап
Кедендік Бас басқарма жаңадан құрылған Сыртқы сауда Халық Комиссариатына
бағынатын болды.
Халық Комиссарлары Кеңесінің 1925 жылғы 5 сәуірдегі Қаулысы бойынша
Таурлардан қабылдап алу, тексеріп көріп шығу, шығару мен босату жөніндегі
және жолаушылардың жүктерін Персиямен екі арадағы теңіз шекарасы, сондай-ақ
Батыс Қытаймен, Монғолиямен және Оранхаймен екі арадағы құрылықтағы
шекаралар арқылы өткізу жөніндегі Ережелер бекітілді.
1979 жылғы 15 мамырда Алматы кеден бекеті құрылып, ол Ташкент
кеденіне бағындырылған еді. Сыртқы сауда және көрмеге қойылатын жүктер
көлемінің,жеке жөнелтілетін жүктердің, қол жүктері мен халықаралық почта
жөнелтілімдері көлемінің арта түсуіне, сондай-ақ КСРО мемлекеттік шекарасын
кесіп өтуші адамдар санының көбеюіне байланысты 1984 жылғы 8 маусымда ол
Алматы кедені болып,өз алдына дербес құрылды.
Алматы кедені штатында 14 адам жұмыс істеді. Олардың 13-і жоғары
білімді қызметкер болды, тоғыз қызметкер шетел тілдерін білді. Қызмет сан
салалы еді. Оның негізгі бағыттары: жүк тасымалы (темір жол арқылы),
авиация, почта, автомобиль қатынастары, көрмеге қойылатын заттар тасымалы
болды. Жеке құылымдық бөлімшелері бойынша алсақ, жүк тасымалы учаскесінде
алты адам, авиация қатынас учаскесінде – екі адам, почта қатынас
учаскесінде – үш адам, мемлекеттік бақылау қызметі тобында – екі адам жұмыс
істеді. Жедел қызметтің барлық учаскелерінде де кеден рәсімдеу жұмыстары
әрі біліктілікпен, әрі сапалы, әрі нәтижелі жүргізіліп отырды.
Алматы кедені 1988 жылы Қазақ Республикалық кедені болып қайта
құрылды. Кеңес мемлекетінің Кеден жарғысы, Кодекстері (1928, 1964, 1991
жылдардағы) ендігі жерде республикамыздың сыртқы экономикалық қызметін
реттеп отыр механизмін қамтамасыз ете алмайтын болды. Өйткені олар Одақтық
орталықтың монополиясы мүдделерін ғана көздеуге, әрі бұл саланың барынша
құпия болуына бағытталған еді.
1986 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің тұрақты органы ретінде Мемлекеттік
Сыртқы экономикалық комиссия (МСЭК) құрылды. Оның атқаратын қызметіне
сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асыру және сыртқы экономикалық
қатынастар туралы заң жобаларын жасау кірді. Ол Комиссияның жанынан Ғылыми-
экономикалық кеңес, Бүкілодақтық сыртқы экономикалық байланыстар ғылыми-
зерттеу институты құрылды.
Сыртқы экономикалық комиссия КСРО Сыртқы экономикалық байланыстар
министрлігінің, КСРО Сыртқы экономикалық банкінің және КСРО Министрлер
Кеңесінің жанындағы Мемлекеттік кедендік бақылау Бас басқармасының
қызметіне басшылық жасау жүктелді.
Мемлекеттік сыртқы экономикалық комиссия сонымен қатар сыртқы рынокқа
шығатын барлық министрліктер мен ведомстволардың қызметіне де басшылық
жасады, импорт пен экспорттың құрылымын жоспарлаумен және ретке келтіріп
отырумен айналысты, шетелдермен экономикалық ынтымақтастықты енгізіп
отырды.
Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігіне сыртқы экономикалық
қызметті жоспарлап-реттеп отыру және сыртқы экономикалық байланыстар
қауымдастығына мүше елдердің барлығының да сыртқы нарықтағы мемлекеттік
мүдделері қорғалып, ешқандай нұқсан келмеуіне бақылау жасау міндеті
жүктелді.
КСРО-ның сыртқы экономикалық органдарын реформалау кеден жүйесінің
өміршеңдік қабілетін арттыру жөнінде мәселе қарап, оны жаңа жағдайларға
сәйкестендіруді талап етті. Кеден Бас басқармасының ведомстволық жағынан
КСРО Сыртқы сауда министрлігіне бағынышты болуы оның сыртқы сауда-саттық
операцияларына, жолаушылардың кедендегі жүріп-тұруын қадағалап, бақылау
жасау және контрабандаға қарсы қатаң да тиімді күрес жүргізу мүмкіндігін
қамтамасыз ете алмады.
Мемлекеттік кеден бақылауы Бас басқармасы туралы Ережені бекітті. Онда
Бас Басқарманың Мемлекеттік кеден бақылауын жасайтын жалпы одақтық орган
болып табылатыны және оның өз қызметін жүзеге асыруда Кеңес мемлекетінің
заңдарын, КСРО жоғары заң шығарушы және басқарушы органдарының
шешімдерін,сондай-ақ басқа да нормативті актілерді басшылыққа алатыны атап
көрсетілді.
Кеден Бас басқармасына құқықтық жұмыстарды жүзеге асыру және кеден
мекемелерінің, кедендік уәкілдерінің, өз қарамағындағы ведомстволық
кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысына басшылық жасау міндеттері жүктелді.
КСРО Мемлекеттік кеден бақылау Бас басқармасы елдің кеден саясаты
саласында ұсыныстар жасаумен айналысты, кеден істеріне басшылық жасады,
министрліктердің, ведомстволардың, бірлестіктердің, кәсіпорындардың және
жеке адамдардың мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен басқа да заттар,
көлік құралдарын, жеке тұтыну заттарын, Кеңестік және шетелдік валюталар
мен валюталық құндылықтарды алып өту жөнінде белгіленген тәртіпті қатаң
сақтауына мемлекеттік кеден бақылауын жүзеге асырып отырды.
Кеден органдары қызметінің маңызды саласы контрабандаға және кеден
ережелерін бұзуға қарсы ымырасыз күрес жүргізу, өз қызмет бабы өкілеттігі
шеңберінде КСРО-ның халықаралық келісім-шарттарының кеден ісіне қатысты
бөлімінен туындатын міндеттемелердің мінсіз орындалуын қамтамасыз ету болып
табылады.
КСРО-ның кеден жүйесіне Кеден бақылауы Бас басқармасы, кедендер және
кеден бекеттері кірді. Сонымен қатар кедендердің өздері де үш топтағы
класқа бөлінді. Соның ішінде Хоргос кедені екінші топтағы класқа
енгізілді.
КСРО-ның соңғы Кеден кодексі 1991 жылғы 1 наурызда қабылданған
болатын. Ол Орталықтың үстемдігі арқасында мемлекеттік сыртқы сауда
монополиясының қол жетпейтін биік шыңы, айбарлы да күшті қаруы болды. Ол
Кодекс мемлекеттің құрамына кіретін одақтас республикалардың құқығын
барынша тұқыртып тастады, олар өз аумақтарындағы кедендік мекемелердің
қалай орналасуын және бірінші басшылары кім болатынын өздері шеше алмайтын,
тек формальды түрде келісу құқығына ғана ие болатын.
1.2 Кеден органдары қызметін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар
КСРО-ның күйреуі қарсаңында Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев
Республиканың сыртқы экономикалық қызмет саласындағы дербестігін қамтамасыз
ету мақсатымен 1991 жылғы 31 тамызда жариялаған Жарлығында 1991 жылғы 1
қазаннан бастап Республика аумағындағы өнімдердің (жұмыстардың,
көрсетілетін қызмет түрлерінің) бартерлік операциялрды қоса алғандағы
экспорты мен импортына квота белгілеу және лицензия беру Қазақ КСР-інің
құзырындағы құқық болып табылды деп белгіледі. Осы Жарлықта Министрлер
Кабинетінде 1992 жылдың 1 қаңтарына дейін орындау үшін екі маңызды тапсырма
берілді. Ол тапсырмалар, біріншіден, Мемлекеттік кеден қызметін құрды,
екіншіден, одақ кезіндегі экспорттық-импорттық салықтардан, кедендік
алымдар мен баж салығынан, жоспардан тыс кедендік төлемдерден түскен
табыстарды бөлісу механизмін жасаудың, сондай-ақ сыртқы экономикалық
байланыстарды қамтамасыз ететін көлік жүйесін жасауды өзге республикалармен
және мемлекеттермен, жекелеген аймақтармен сауда-саттық жасау кезіндегі
қосарланған салықтың салынуын жоюдың шараларын қолдануды көздейтін еді.
Қазақстанның өз егемендігі мен тәуелсіздігіне ие болуы мемлекетті
басқарудың жаңа саласы ретінде кедендік кеңістік құруды объективті түрде
қажет етті және алып келді. Қазақстан бұдан былайғы жерде кеден саясатын
өзінің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі ретінде қарастырып,
дербес белгілей алатын болды.
Осының алдындағы тараулардан айқын көрінгеніндей, КСРО-дағы кеден ісі
жоғары мемлекеттік билік пен басқару органдарының өктемдігі арқасында тек
қана КСР Одағының құзырындағы іске айналған болатын. Сыртқы сауда және
аясына кеден ісін қамтитын сыртқы экономикалық қызметтің өзге салалары да
мемлекеттің ғана монополиясы еді (КСРО Конституциясының 73-бабы). Сондықтан
да бұрынғы одақтас республикалардың, соның ішінде Қазақ КСР-інің де, кеден
ісіне қатысы олардың өздерінің аумақтарында аймақтық кеден басқармаларының
құрылуын және олардың бірінші басшыларының кім болатынын формальды түрде
алдын ала келісіп алуымен ғана шектелетін әрі мұның өз сырт көзге
жасалатын көзбояушылық болатын (1991 жылғы КСРО Кеден Кодексінің 4-бабы).
Қазақ КСР-інің 1990 жылғы 15 желтоқсанда қабылданған Сыртқы
экономикалық қызметінің негізгі принциптері туралы Заңы Республиканың
сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік реттеу жүйесін құруға бағытталған
әрекет болды. Осы Заңның 5-бабы бұл жүйеде кеден шекарасы арқылы алынып
өтетін тауарлар мен басқа да мүліктерді мәлімдеуді тауарлардың
(жұмыстардың, көрсетілетін қызмет түрлерінің) экспорты және импорты
саласындағы тәртіпті айқындап берді. Алайда қажетті құқықтық база
болмағандықтан және соған сәйкес арнаулы мемлекеттік органдар
құрылмағандықтан республикадағы кеден ісін ойдағыдай жүзеге асырудың сәті
түспеді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылғы 16 желтоқсанда
қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
Заңын (2-бабы) күшіне енгізу тәртібі туралы Қаулысы бойынша, алдағы кезде
Қазақстан Республикасының тиісті заңдық және нормативтік актілері
қабылданғанға дейін оның аумағында КСРО-ның бұрынғы заң нормалары мен
халықаралық құқықтық КСРО танып, мойындаған нормалары қолданыла тұратын
болып белгіленді. Өйткені олар Қазақстан Республикасының қазіргі Заңына,
басқа да заңдық және нормативтік актілеріне қайшы келе қоймайды деп
танылды. Алайда Қазақстанның өзінің құқықтық-нормативтік актілерінің
жоқтығы республика кеден органдарының алдағы кездегі жұмысына өз салқынын
тигізгені байқала тұрса да іс жүзінде бұрынғы одақтық заң актілері кеден
саласында қолданылғанын айта кету керек.
Қазақстанның өз кеден заңы 1991 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған
Кеден тарифы мен баж салығы туралы Заңнан бастау алып, қалыптаса бастады.
Осы Заңның шығуы алдында 1991 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың республикада Кеден комитетін құру туралы
Жарлығы жарияланған еді.
Бұл Комитет 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған
Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация талаптарына сәйкес
республиканың экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында құрылған болатын.
Егемен Қазақстанның Кеден комитетіне бұрынғы КСРО-ның қазіргі Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан кеден органдары бағындырылды және оған
еліміздің аумағындағы кеден істерін мемлекеттік басқару, кеден
мекемелерінің қызметіне басшылық жасау міндеттері жүктелді.
Сонымен Қазақстан Республикасы Президентінің еліміз егемендігін
алғаннан кейінгі қабылдаған алғашқы құжаттарының бірі 1991 жылғы 12
желтоқсанда жарияланған Қазақстан Республикасының Кеден комитетін құру
туралы Жарлығы болды. Комитет Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы мемлекеттік орган болып табылады. Бұл жұмыс шын мәнінде нольден
басталды деуге болады. 1991 жылы Республикадағы кеден органдары
қызметкерлерінің саны 150-ден сәл-ақ асатын.
Республикадағы кеден жүйесінің қалыптасуы нақты тарихи жағдайларда
жүзеге асырылды. Бұл жағынан – одақтық мемлекет күйреп, ыдырап,
экономикалық дағдарысқа ұшырап жатты. Екінші жағынан – республика өзінің
егемендігіне ие болып, мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Бұған дейін
республикада Қазақ республикалық кедені, Хоргос кедені, Гурьев кедені
(1989 жылы құрылды) бар еді. Олар тікелей КСР Одағына ғана бағынатын.
Дегенмен, кейбір мемлекеттер жаңа классикалық доктринаны
қолдаушылардың пікіріне мойынсына қойған жоқ. Әлі де болса неше түрлі
кедергілер мемлекеттік сыртқы сауда – экономикалық қатынастардың реттеуші
саясатының құралы болып отыр. Бұл саясатты, әрине одан пайда табатын
өндірушілер де қуаттайды.
Сыртқы сауда – экономикалық қатынастарды реттейтін құралдар әр түрлі
нысанда болады. Оларға тауар бағасына тікелей әсер ететін (тарифтер,
салықтар, акциздер т.б. алымдар) және импортталатын тауарлардың көлемін
немесе бағасын шектейтін (сандық шектеулер, лицензиялар, квоталар) әдіс-
амалдар жатады.
Ең көп тараған реттеуші құралға кеден тарифтері жатады. Кеден
тарифтері бір елдер үшн сыртқы сауда тасқындарын реттеу (дамыған елдер)
немесе ұлттық өндірушілерді қорғау (көп еңбек сіңіруді керек қылатын
салалар) құралы болып отыр.
Мемлекеттік экспорттық-импорттық операцияларын реттейтін дәстүрлі, әрі
мейлінше тиімді құралына баж алымдары жатады. Мемлекеттік баждың көп
түрлілігі, он сыртқы сауданы реттейтін ең икемді құралға айналдырып отыр.
Кеден бажы импорттық, экспорттық және транзиттік болып үшке бөлінеді. Ең
жиі кезесетін салықтың түрі импорттық тауарлардан алынатын кеден бажы.
Өнеркәсібі дамыған елдерден импорттан алынатын салықтардың рөлі бірте-
бірте төмендеп келеді. Мысалы, он тоғызыншы ғасырдың соңында импортқа
салықтар есебінен бюджеттік қажеттіктердің жартысына дейінгісі
қанағаттандырылса, қазіргі уақытта ол 15 пайыздан аспайды. Импортқа
салықтардың үлесі басқа дамыған елдерде де осындай. Басқаша айтқанда,
өзінің қолданыла бастаған кезінде импортқа салықтар бюджетті толықтырудың
негізгі көздерінің бірі болса, қазіргі уақытта белгілі дәрежеде дамыған
елдердің сауда – экономикалық саясатының құралына айналып отыр. Ал, дамушы
елдерде импортқа салықтар, ең алдымен қаражат табудың көзі.
Транзиттік кеден баждары ұлттық территорияны кесіп өтетін тауарлардан
алынады. Бұл салықтар да қазіргі кезде көп қолданылмайды. Олар тек
халықаралық жол қатынастарының бірқалыпты жұмысына нұқсан келтіретін
тауарларға ғана салынады.
Кеден бажының деңгейін анықтау үшін негізінен екі әдіс қолданылады:
- кеден бажы тұрақты түрде тауардың бір өлшемінен алынады, мысалы, бір
центнер астыққа бір доллар кеден бажы. Мұндай салықтың түрі арнайы салық
деп аталады;
- кеден бажы сатушының декларацияда көрсеткен тауар құнынан пайыз
түрінде алынады. Мысалы, автомобильден кеден бажы оның бағасының 25 %
есебінен алынуы мүмкін.
Аталған екі баждың ортасынан альтернативті салықтың түрі шығады.
Оның мәні кеден қызметі осы екі салықтың қайсы түріне тоқтауды өзі
дербес шешеді.
Сауда қатынастарына қатысушы елдер әр түрлі саяси келісімшарттарда
болуы мүмкін. Ондай келісімшарттарда кеден немесе экономикалық одақ, бір-
біріне ең қолайлы сауда режимін жасау т.б. келісімдер жатады. Тіпті,
ешқандай келісімшарттың болмауы да сауда-экономикалық қатынастардың
деңгейін көрсетеді.
Жоғарыда айтылған қарым-қатынастар режиміне сәйкес алынатын баждар
преференциалды (жеңілдіктер берілген), келісімді (минималды) және автономды
(максималды) болып келеді. Мұнда преференциалды бажды ерекше атап өту
керек. Бұл баждың ставкасы аз, көбінесе нөлге тең, яғни тауар кеден
бажынсыз әкелінеді деген сөз. Преференциалды баж құқы экономикалары
интеграцияланып, кеден және экономикалық одақ құрған елдерге беріледі.
Мысалы, Еуропалық Одақ елдері өзара тауар импортында бір-біріне
преференциалды баж (нөлге тең) құқын берген. Бұл құқық Еуропалық Одаққа
мүше емес басқа дамыған елдерге, мысалы, АҚШ-қа немесе Жапонияға тарамайды.
Жазалаушы (карательный) және демпингке (тауарды арзандату) қарсы кеден
баждары саяси немесе экономикалық себептермен ұлттық рынокқа өткізілмейтін
тауарларға қолданылады.
Егер тауар оны өндіруге жұмсалған шығындардан кем бағаға сатылса – ол
демпингтік баға.
Кейбір фирмалар коммерциялық құпия Деген сылтаумен өндіріс
шығындарына қатысты құжаттарды көрсеткісі келмейді. Сондықтан, халықаралық
ұйымдар дүниежүзілік немесе ішкі рыноктардағы баға деңгейінен төмен бағамен
сатылған тауарлардың бағасын демпингтік баға деп анықтайды.
Ұлттық экономика үшін тұрақты демпинг өте қауіпті, ол ұлттық
өндірушілерді ойсыратып, монопольді пайданың шетелдік өндірушілер
қалтасында кетуіне жол береді.
Халықаралық ұйымдар демпингке қарсы шаралар қолдануды еркін бәсеке
принципін бұзушылармен күресудің ықтимал бір формасы ретінде қарастырады.
Егер, ТМД елдерінде демпингтік анықтау негізінен шикізат экспорты
төңірегінде болса, дамыған және кейбір дамушы елдерде халық тұтынатын
тауарларды көп мөлшерде арзан бағаға жеткізгені үшін айып салынады.
2 Кедендік реттеу мақсаттары, құралдары, болашағы
Енді Қазақстан Республикасының кеден қызметі алдында қойылған басты
міндеттерінің бірі кеден саясатының экономикалық, ұйымдық құқықтық
механизмдерін жасап, нақты іс үстінде қолданылуын қамтамасыз ету болады.
1992 жылғы 26 қарашада Кеден Комитетінің мәртебесін (статусын) өзгерту
туралы шешім қабылданды. Ол енді Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Бас кеден басқармасы болып қайта құрылды. Ал 1995 жылғы 1
сәуірде бұл бас басқарма республика Президентінің Жарлығымен Қазақстан
Республикасы Минстрлер Кабинетінің жанындағы Кеден комитеті болып
өзгертілді. 1997 жылғы қаңтарда республикалық Мемлекеттік кеден комитеті
болып құрылып, ал 1998 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
қарамағына берілді, 1999 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс
министрлігінің Кеден комитеті болып қайта құрылды.
Ведомстволық бағыныстылықтың жиі-жиі өзгертілуі, 1995 жылға дейін осы
заманғы заңдық базаның, сапалы әзірленген кадрлар құрамының болмауы кеден
қызметінің проблемаларын шиеленістіріп, тым күрделі етіп жіберіп,оның
дамуын тежеді. Сондықтан да 1995 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы
Президентінің Заң күші бар Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы
Жарлығы жарияланды. Ол, шын мәніне келгенде, республикадағы кеден ісін
дамытудағы жаңа кезеңінің бастамасы болды.
1997 жылғы 6 маусымда Қазақстан Үкіметінің № 932 Қаулысымен Қазақстан
кеден органдарының айырым белгілері мен жалауының сипаттамас және қолданылу
тәртібі бекітілді. Қазақстан Республикасы кеден органдарының эмблемасы 8
қырлы алтын жұлдыз болып табылады. Оның ортасындағы аспан түстес көгілдір
фонда шаңырақ бейнеленген. Жұлдыздың ішкі жағындағы шаңырақтың үстіне ақ
әріптермен Кеден деп, ал астына – Customs деп жазылған.
Сегіз қырлы жұлдыз біздің планетамызды бейнелейді. Бұл белгі бізге
сонау көне заманнан жеткен болатын және көшпенділерде дүниені, яғни
дүниенің төрт құбылысындағы сегіз бұрышты бейнелеу үшін қолданылып келді.
Эмблеманың орталық негізгі элементі – шаңырақ – киіз үйдің дөңгелектеніп
барып бітетін ең биік төбесі. Шаңырақ қазақтар үшін отбасының, туып-өскен
үйдің, жер бетіндегі бейбіт өмір мен тыныштықтың қасиетті белгісі. Бұл
эмблемада да біздің туған Отанымызды – Қазақстан Республикасын бейнелейді.
Ал, кеден органдары өз Отанымыздың мүдделерін қорғауды көздейді. Эмблема –
кеден қызметкерлерінің арнаулы формалық киіміне тағылатын айырым белгісі.
Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы жоғары жағы
көгілдір түсті, ал төменгі жағы жасыл түсті төртбұрышты мата болып
табылады. Бұл түстердің арақатынасы елуде елу пропорциясын құрайды.
Жалаудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:1,5. Көгілдір түс – Қазақстан
Республикасы Туының түсі. Геральдика тілінде көгілдір түс адалдықты,
тазалықты және шын берілгендікті білдіреді. Жасыл түс – мемлекеттік
шекаралардың халықаралық белгісі. Ортадағы ақ шеңбердің ішінде эмблема бар.
Ақ түс – тәуелсіздік белгісі.
1993 жылы кеден қызметкерлерінің арнаулы формалық киім киіп жүруінің
ережесі бекітілді. Ол ереже әлі күнге дейін күшінде. Рас, Кеден органдарын
арнаулы формалы киім кию құқығынан айырғысы келіп әрекет жасаушылар да
болды.
Қазір Қазақстан Республикасының аумағында республикалық Кеден
комитеті, 16 кеден басқармасы, 11 дербес кеден (оның ішінде Орталық
энергетикалық кеден мен Ақпараттық-статистикалық кедендер де бар), 149
кеден бекеті бар. Бұлардың барлығы топтаса келіп, кеден органдарының
біртұтас жүйесін құрайды.
Қазақстан кеден органдарының қазіргі жүйесі 1991 жылы бірден қалыптаса
қойған жоқ. Бұрыннан жұмыс істеп келген аймақтық кеден мекемелері кейін
бірте-бірте қайта құрылды және аумақтық әкімшілік бөліністеріне
сәйкестендіріліп келді.
Республикадағы кеден кызметінің 10 жылдығы карсаңында Қазақстанның
өзге облыстарындағы бұл қызметтің қалай қалыптасқаны туралы да айтпай
кетуге болмайды.
Кеден ісіне басшылық жасауды жетілдіре түсу жөніндегі кешенді
шараларды жүзеге асыру мақсатымен және ішкі рыноктың алдында тұрған нақты
міндеттерге сәйкес КСРО Министрлер кеңесі жанындағы Мемлекеттік кеден
бақылауы Бас басқармасының 1989 жылғы 20 карашадағы бұйрығымен Шымкент
кеден бекеті құрылып, ол Қазақ республикалық кеденіне бағындырылған
болатын. Кеден бекетінің. сол кездегі штатында үш-ақ адам бар еді. Кеден
бекетінің міндетіне мыналар кірді: кедендік рәсімдеу жұмыстары және алыс
шетелдерде (Грекия, Германия Федеративтік Республикасы, Израиль) тұрақты
тұру үшін кетіп бара жатқан азаматтардың. өздерінен бөлек жіберілетін
заттары мен жүктеріне бақылау жасау.
КСРО Кеден Комитетінің 1991 жылғы 12 қыркүйектегі бұйрығымен Қазақстан
республикалық кеденінің Шымкент кеден бекеті Шымкент кедені болып қайта
құрылды. Шымкент кеденінің кызмет аймағы үш облыстың Шымкент, Қызылорда
және Жамбыл облыстарының аумағын қамтыды. Сөйтіп Шымкент кеденіне Жамбыл
каласындағы Жамбыл кеден бекеті бағындырылды, ал Қызылорда қаласындағы
кеден бекетінің жұмысына бақылау жасауды Шымкент кеденінің, өкілетті
қызметкері жүзеге асыратын болды. Шымкент Кеденіндегі штат 28 қызметкерді
қамтыды.
Шымкент кедені республика Қаржы министрлігінің 1993 жылғы 30
қаңтардағы №5 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Бас
кеден басқармасының Оңтүстік аймақтық кедені болып қайта құрылды. Оңтүстік
аймақтық кеденге Қызылорда, Жамбыл, Ленинск кедендері бағындырылды. Оның
штатындағы қызметкерлердің саны 270 адамға жетті. 1993 жылдың шілде айында
аймақтық кеденнің құрылымында тағы да өзгерістер болды. Жаңадан мына кеден
бекеттері құрылды. Жібек жолы, Аэропорт-Шымкент, Шымкент теміржол
станциясы, Арыс теміржол станциясы.
2.1 Кеден органдары қызметінің құқықтық және заңдық проблемалары
Жібек жолы кеден бекетінің қызмет аймағы Оңтүстік Қазақстан
облысындағы Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Киров және Шардара
аудандарының аумағы болып белгіленді. Мұның өзі, Жібек жолы кеден – бекеті
Қазақстан Республикасы кеден шекарасының Өзбекстан Республиасымен
шектесетін 700 шақырымға жуық қашықтыққа созылатын жаңа периметрін қамтыды
деген сөз.
1994-1995 жылдары Абай, Ильич, Жетісай, Шардара сияқты дербес кеден
бекеттері қосымша ашылды. Бұл кеден бекеттері бақылаушы-нұсқаушылармен,
кинолог-нұсқаушылармен қамтамасыз етіліп, толықтырылды. Кеден
бекеттеріндегі жұмыс тәртібі үш ауысымды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz