12 жылдық білімге көшу жағдайында балаларды психологиялық тестілеу арқылы дамыту мен түзетудің маңызы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Б а я н д а м а

Тақырыбы. 12 жылдық білімге көшу жағдайында балаларды психологиялық тестілеу арқылы дамыту мен түзетудің маңызы.

«Еліміздің болашағы-жас ұрпақтың қолында, жас

ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында».

Н. Ә. Назарбаев

12 жылдық білімге көшу жағдайында балаларды психологиялық тестілеу арқылы дамыту мен түзетудің маңызы

Психология психика деген түсініктер гректің «псюхе»- жан деген сөзінен шығады. «Логия- ілім» -бұл ғылымның өзіндік таңбасы ψ -(псю деп аталатын грек әріпі) . Сонымен психология жан туралы ілім. Ол құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді. Қабылдау, ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын тағы басқа психикалық процестерді адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиетінің күллі жан-дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады. Осы орайда біз психиканың жантану жайындағы ғылым екеніне көз жеткіземіз. Психологияның үш түрлі ерекшелігі бар.

1. Психология адамтану жайындағы ғылымдар арасында жетекші орынға ие. Мұндай ерекшелік қазіргі кезде қарқынды дамып отырған. ғылыми пәннің өресі мен алдына қойған мақсат өресі мен байланысты.

2. Адамның психологиялық дара өзгешеліктерін психологиялық процестердің анық-қанығын айқындау үшін 19-ғасырдың орта кезінен бері тәжірибелік зерттеулер кеңінен қолданылады. Осы ретте психология эксперименттік деп те аталады.

3. Психологияны өзге сабақтас ғылыми пәндерден өзгешелеп тұратын жайт бұл пәннің дербестігі. Пәннің дербес адам жандүниесінің сырларын зерттеуде ең алдымен оның заңдарын жете білуді әрбір адамның жеке басына тән ерекшелігі мен сыр сипаттарын даралап іздестіруді қызмет етеді. Психологияны меңгеруде 3 мәселені қарастырамыз.

а) психологиялық процестер.

ә) психологиялық кейіп.

б) психологиялық қасиеттер немесе адамның дара психологиялық ерекшелігі.

а) Психологиялық процестерге әдеп адамның таным процестері жатады. Олар түйсіну, қабылдау, ес, қиял, ойлау. Сөйтіп сыртқы дүние шындығын тану. Еріктік процестер қажеттіліктің пайда болуы ниет пен тілек эмоциялық процестер.

ә) Психологиялық кейіп-көңіл күйі мен аффектерді зейін (шоғырлануы мен шашырауы) және ерік (сенімділік пен сенімсіздік) күмәндану сияқты т. б. жәйттерден бейнелейді.

б) психологиялық қасиеттер-әрбір адам жан баласына тән психологиялық өзіндік темперамент мінез қабілеті арқылы дараланады. Қоғамдық әлеуметтік жағдайда өмір сүретін адамның бүкіл болмысы мен жан дүниесінің сыры оның даралық қасиеттері бала табиғатының темпераменттік көрінісін мінез құлқын ерекшелігін және қабілетін бейнелейді, айқындайды.

Біз психологиялық дамуды жіктегенде ең бірінші осы пәннің зерттеу объектісін, екінші адамның іс-әрекет түрлерін негіз етіп аламыз. Үшінші адамның өзіндік дамуы мен іс-әрекетінің иесі деп санап, оның әлеуметтік ортаға қатынасына алып қарастырамыз. Адамның нақты іс-әрекеттеріне сүйене отырып, оның психологиялық дамуын төмендегіше жіктейміз.

1. Тәлім -тәрбие педагогикалық психологияда бұл пәннің зерттейтіндігі адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтар. Ол оқушының ақыл ойы мен ойлау жүйесін, дағдысын қалыптастыратын өзінің тиісті оқу материалдарын меңгеру мен ұстаз шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Сөйтіп оқушылар ұжымдағы өзара қатынастармен олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отыруының мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық еркшеліктерін қарастырып, бір қалыпты даму заңдылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізудің әдіс-тәсілдерінің психикасын зерттейді. Тәлім-тәрбие психологиясының мынандай тармағы бар.

а) Оқыту психологиясы-дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен баланың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелермен шұғылданады.

ә) Тәрбие психологиясы-гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымның еңбекпен түзету педагогикалық-психологиялық негізде қатысты мәселелерді іздестіреді.

Сынау (тест) әдісі-адамның бойындағы түрлі сапалар мен олардың механизмдерін ашып көрсетуді негізгі мақсат етіп қояды. Психологиялық әдістер тек ғылыми зерттеу жұмысы үшін ғана емес, сонымен бірге тест мақсаттары үшін де қолданылады. Мысалы, психолог сынау әдісі арқылы адамның бойындағы ерекше қасиеттерді ажыратып, оның ұшқыш не агроном не өзге мамандықтарды игеруге деген бейімдік қабілетінің қаншалықты екендігін анықтайды. Жете тексерілген сынау әдісі мен жасалған кейбір қоыртыындыларда қателіктер де кетуі мүмкін. Мұндай қателер көбінесе кейбір балалардың байыпты психологиялық процестер мен ерекшеліктерінің кешігіп барып, оянатынына жете мән бермей асығыс қорытынды жасауға байланысты. Психологиялық зерттеу әдістерінің нақты психикалық процестер мен психологиялық қасиеттерді анықтауға қолдану сипаттарына орай, негізгі әдістер және көмекші не қосалқы әдістер деп екі топқа бөліп қарастырамыз. Мысалы оқушылардың мамандықты игеруге бейімділігін анықтау үшін сынау, тест негізінде деп саналса, ал сол оқушының өз қолымен жасап шығарған затын не оқу құралдарын көмекші әдіс деп атаймыз. Кейбір жағдайда көмекші әдістер негізгі әдіске айналып отыруы да мүмкін. Мәселен оқушының орындаған жазба бақылау жұмысы оның белгілі пәнді меңгеруін анықтауда негізгі әдіс болып саналады.

Психологияда олигофренопсихология-ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын зерттейді. Сурдопсихология-саңырау не керең болып туылған балалар психологиясын зерттейді. Тифлопсихология -нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді. Ал туа пайда болған ауру адамдар психологиясын зерттейтін тармақ патопсихология деп аталады. Бұл сөз грек тілінде «патос» -зардап шегі ауру деген мағынаны білдіреді. Патопсихология медицина ғылымы мен оқу тәрбие істерін зерттейтін пән педагогика мен жан дүниесінің сырын қарастыратын психология ғылымының түйіскен торабына жатады. Жас кезеңдерін психологиясы әрқилы психикалық процестерді табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын адамзаттық қасиеттерін психологиялық сапаларын зерттейтін бұл салаға балалар психологиясы жатады. Яғни оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.

Бастон қаласында американ ғалымы, профессор Ф. Парсонстың жетекшілігімен кәсіби бағдар беру үшін бастауыш мектеп бітірген баланың келешектегі ниеті, жоспары туралы кеңесуге бір кедей ауданның шәкірттерін жинаған. Алғашқы әңгімеден кейін мәлім болған, келешектің тұтқасы болады деген үміт еткен жастардың көбі болашақта не істерін білмейтін болып шықты. Келешекте белгілі пікірі барлар өте аз болған. Оның өзі де қандай қызмет, қандай кәсіп барлығынан хабары кем, нені таңдарын білмейді. Зеректігі, икемі, сондай өнерге лайықты ма, жоқ па оны біле алмаған. Балалардан кеңескеннен алған әсері бұл мәселені зерттеуге Парсносқа түрткі болады. Осы істі қазақ елінің психологы Ж. Аймауытов өз елімізде жалғастырады.

Әрбір дәуір кезеңінде ата-аналар балаға тәлім-тәрбие берумен бірге олардың бойында ақыл-қайрат, білім-тағылым алу қасиеттерін дамытуға үнемі көңіл аударып, жете мән беріп отырған. Алдымызда Қазақстан ғасыры. Еліміз егемендік алып, дүниежүзілік өркенитке ұмтылу барысында өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру халықтың жарқын болашағын меңзейді.

Халықта тәрбие табалдырықтан басталады деген мақал сөз бар. Асыл сөздің мәні неде? Яғни әрбір отбасында ата-аналардың алдында тұрған басты міндет, өзінің ісін, өмірін жалғасатыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеуде дей отырып, адам ұрпағымен мың жасайды деген тұжырымды үлгі тұту. Ұзақ жылдар бойы ата-баба жолын, халықтық мұра мақал-мәтелдер шешендік сөз бен жыр маржанын өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне баса назар аудару ата-ананың борышы. Орта ғасырдағы шығыстың әйгілі ойшылы, ұлы ғалым Әль-Фарабидің күрделі еңбектерінде тікелей арналған мәселелерінің бірі адамның ой-сезімін мінез -құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы, оны бақыт жолына салуды көрсету болған. Психолог Л. С. Выготский «Бала дүниеге келісімен әлеуметтік, қоғамдық тіршілік иесі болып саналады, оның өсіп жетілуі үшін ересектермен қарым-қатынасқа түсуінің маңызы зор, осы арқылы бала білім мен әлеуметтік тәжірибені меңгереді» - деген ойы нақ дәлелдейді.

Адам мәселесі адамзат баласын өте ерте заманнан бері толғандырып келген. Сондықтан да халқымыз бала тәрбиесіне сәби ананың құрсағында пайда болған кезден көңіл бөлген. Ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген ата-бабамыз асыл сөздің кестесі мен сәби жүрегін тербеп, ой-санасын игі адамгершілікке жетелеген. Педагогика ғылымында тәрбие терминіне әрқашан ерекше нақты мән беріліп келеді. Көптеген жылдар тәрбиеге «тұлғаның дамуын басқару» деген анықтама берілді. Сонымен қатар білім беру және тәрбие ісі тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың құралы ретінде қарастырылды. Тәрбие адамдарға тән әлеуметтік сатыға жатады. Және тұлғаны дамытуда шешуші рол атқарады. Даму дегеніміз ең алдымен адам организіміндегі физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Тұлғаның қалыптасу ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өзінің тағдырына өзі иелік ете білуі және өзінің мінез -құлқын жөнге сала білуі. Сондай-ақ қоршаған орта мен өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін жетілдіру және құндылық атаулыны таңдай алу сияқты дамудың басты шарттары енеді. Даму және тәрбие үрдісінде түрлі өзгерістер болып отырады. Баланың организімі бүкіл өмірінде әртүрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Оларға оргшанизмнің өсіп-жетілуі, ақыл-ойының дамуы, мінез-құлқының қалыптасуы жатады. Осындай өзгерістердің барлығы табиғи және әлеуметтік ортаның тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің ықпал етуіне байланысты.

Баланың өз қажетіне қарай сыртқы ықпалдарға қарсы жауап беруді түрлі сипаттағы қайшылықтарға байланысты болады. Айталық баланың күнделікті қажеттілігі, баланың түсінігі мен шындықтың мектепті оқу талабы мен оқушының мүмкіндігінің ата-ана мен бала арасындағы тағы басқа қайшылықтар. Баланың өмірінде кездесетін осындай қайшылықтар дидактикалық материализм тұрғысынан бала дамуының басты қозғаушы күші болып саналады.

Даму үрдісін психикалық денелік, және жалпы деп бөледі. Баланың интеллектісіне, бейімділігі мен қабілетінде еркі мен сезімінде, танымында және мінез-құлқында болатын өзгерістер психикалық дамуға, ал дененің көлемінің қимыл-қозғалысының күші мен қызметінің өсуі денелік дамуға байланысты. Жалпы дамуға психикалық денелік дамуы мен қатар ақыл-ой, адамгершілік жағынан болатын өзгерістер жатады.

І-ІҮ сынып (7-10 жас аралығы) оқушы педагогикалық тұрғыдан ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені бұл жастағы бала тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, әлеуметтік ортамен жаңа қарым-қатынастарға түседі. Бұл төменгі сынып оқушыларының өмірін жаңа жағдаймен толықтырады.

Бала. Бала- бауыр етің. Ұрпағыңның жалғасы деп қазақ халқы бала тағдырына үлкен мән берген. Бала сөзін айтқанда кез келген адам сезімге берілері хақ. Өйткені әрбір адамзат атаулы, дүниеге келгеннен өмірінің соңына дейін, пәк балалық сезімде өткереді. Бала кішкене кезінде мейлінше мейірімді, адал, пәк, шыншыл, бауырмашыл, еңбекқор, өнерлі болады. Енді осы баланың мектеп жасындағы яғни, бастауыш сыныптағы оқушы айналасында сөз қозғасақ Бала, яғни оқушы алғашқы мектепке келген күннен бастап көпшілік ортаға түседі. Оқушы осы кезде өтпелі кезеңді басынан өткізеді.

Мектепке келген алғашқы күнне бастап баланың өз құрбыларына, педагогтарға, оқуға, табиғи ортаға деген қарым-қатынасы қалыптасады. Алғашқы дағдылар мен әдеттер пайда болып, кейін оқушының менмендік стилін және оның мектеп ұжымындағы орны мен бағытын айқындайды. Бастауыш сынып оқушысы көп әсерленгіштігі мен басқаға назар аудара білушілігі мен біршама ерекшеленеді. Сондықтан оларды оқыту үрдісі мен және сабақтан тыс кезде бірлестікте өткізітені тартымды жұмыстардың қызықтыра білудің маңызы зор. Кіші мектеп жасындағы бала әдетте тәртіптік ықпал тез көмектеседі. Бұл жастағы баланың бойында қазірдің өзінде белгілі бір дәрежеде адамгершілік тәжірибесі бар екендігін еске ұстау керек. Балалардың адамгершілік түсінігі бастауыш сыныпта қалыптаса бастайды. Баланың ісі әрбір белгілі бір бейімде байқалады. Қоғамдық ортада бала бастауш сынып жасындағы оқушы моральдық түсінік тез дамиды және бастауыш сынып соңына қарай оларда адамгершілігі туралы белгілі бір түйсігі пайда болады. Мәселен, оқушы 1-2 сыныпта моральдық жөніндегі түсінігі тек ата-аналар мен мұғалімдердің пікіріне негізделетін болса, үшінші, төртінші сыныпта ол басқа адамдардың іс-әрекетін талдау жасауға және қорытындылауға тырысады. Сонымен бірге олардың бойында өздерінің оқығандары мен көргендерінен тәжірибе жинақталады. Және ол тек жеке басының әрекеттерін саналы түрде бағалай білу деңгейіне көтеріледі. Бастауыш сыныпта оқушының бойында өзіне тән мінез құлқының қалыптаса бастайды және түрлі қайшылықтардың бой көрсететінін білудің маңызы зор.

Қазіргі таңда білім саласында біршама өзгерістер енгізілді. Соның бірі мектептерде психолог қызметінің ашылуы. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай қиындықтары мектеп мұғалімдері мен оқушыларға өз әсерін тигізіп, тәрбие үрдісін төмендетуде. Педагог-психологтың қызметі - мектепке келген оқушының яғни, жеке тұлғаның мінез-құлқын, темпераментін, ойлау, сөйлеу, есту, қиялдау, ерік, сезімдерін анықтап, оқушыға дер кезінде көмек беру. Осы тұрғыда педагог-психолог балалармен түрлі тест жұмыстарын жүргізеді. Тест жұмыстары жалпы топпен және жеке тұлғамен жүргізіледі. Тестің маңыздылығы бала бойындағы кемшіліктер мен жетіспеушіліктерді түзетуге көмегі зор. Біз баланың жеке тұлғалық дамуын оның психикасындағы конгнетивтік, эмоционалдық, ерік жгерлік және коммуникативтік, танымдық, қайта құрушылық және құндылық бағыттылық сияқты түрлі іс-әрекетте көрінетін өзгерістері арқылы бағалаймыз.

А. Н. Леоньтев пен Д. Б. Элькониннің топтастыруы бойынша, баланың жеке тұлғалық дамуын, эмоционалдық қарым-қатынас, айлалы әрекет, заттық-құралдық іс-әрекет, сюжеттік-рольдік ойындар және оқу сияқты жетекші іс-әрекет түрлерінің ауысуы барысында талданып отыратындығы анықталды.

Көптеген балаларға мектепке бейімделу қиынға соғады. Бала өзі шеше алмайтын көптеген мәселелермен кездеседі. Нәтижесінде балада мектеп неврозы пайда болуы мүмкін. Мектеп неврозын -ерте диагностикалау, коррекциялау және профилактика жасау көкейкесті және маңызды мәселе болып табылады.

Бұл жағдайды диагностикалауда психолог ең алдымен, психологиялық қорғаныстың әр түрлі формаларымен кездеседі. Психологиялық қорғаныс бейсаналы деңгейде қалыптасқандықтан, бұл жағдайдың механизмдерін жобалау әдістеменің көмегімен зерттеуге болады.

Мен бастауыш сынып оқушыларын үш топқа бөлдім:

  1. Оқушы тек ата-анасымен ғана араласқан.
  2. Оқушы тек ата-әжесінің қолында өскен.
  3. Оқушы бала-бақша мекемесінде тәрбиеленген.

Мінекей осы үш жағдайдағы бала, яғни оқушы мектепке қабылданғаннан кейін бір сыныпта болады. Осы сәттен бастап әрбір баланың ортаға бейімделуі басталып оған қоршаған орта өзіндік әсерін тигізеді.

Алғаш мектепке келген балаларды зерттеуге психологиялық тесттік жұмыстар жүргіздім. Алдымен баланы жан- жақты зерттеу үшін мынандай таблица жасадым. Онда мектеп номері, сыныбы, аты жөні, арнайы көрсетілген жерде жазылған және жеті графаға бөлінген.

  1. Өмірлік позициясы, сенімі, талғамы, қызығуы
  2. Танымдық психикалық қасиеттері
  3. Темпераментті мінезі
  4. Сүйікті түсі
  5. Қалаған геометриялық фигурасы
  6. Сезім ерлігі
  7. Қабілеті (іс-әрекет мүмкіншілігі)

Баланың түсті ажыратып және сүйікті түсін таңдай білуін анықтау үшін, оқушыға түрлі түсті алты қаламды алдына қойып, оның әр қайсысының атын атауын сұраймын, сосын алты қаламның ішіндегі ең сүйікті қаламын көрсетуін сұраймын. Оқушыға осы түсті арнайы қалаған қаламыңызды бояңыз деп, сары, қызыл, қоңыр, қара, жасыл, көк, қаламдардың суретін сызықпен көрсетілген бланкіні беріп тапсырманы орындауын өтінемін.

Сөз барысында баланың неліктен осы түсті таңдағанын, несімен ұнайтынын, алты түстен басқа да түске қалай назар аударатынын анықтаймын. Зерттеу барысында балаға қай жағынан көмек керектігін ескеремін де оны таблицадағы графаға белгілеймін.

АҚШ-тың әйгілі психологы Дейленгер тесті бойынша сосын оқушыға арнайы геометриялық фигуралар орналасқан бланкіні беріп, қалаған геометриялық фигураны сүйікті қаламымен бояуын өтінемін. Тапсырма орындалып болғаннан соң, тура осындай геометриялық фигуралар орналасқан бланкіні беріп, қалаған геометриялық фигураны бояуын өтінемін.

Оқушыға осыдан кейін көріп есте сақтау қабілетін анықтау үшін, тоғыз бос тор көз сызылған бланкілер беріп, оған тақтадағы плакатқа назар аударуын өтінемін. Плакаттағы 9 тор көздің ішіне әріптер, сандар, белгілер, геометриялық фигуралар орналасқан, немесе түрлі заттар, өсімдіктер жануарлардыңда суреттері де орналасқан, плакаттағы суреттерді бала нұсқау боынша 1, 5 секунт көріп, сосын оны алдындағы арнайы бланкіге суреттерін салады.

Келесі тест «қос қолмен ». Бұл тест арқылы бала екі қолымен бірдей жұмыс жүргізеді. Мысалы: баланың алдына арнайы бланкіде бірдей етіп екі күн, екі үй салынған тапсырманы орындауын өтінемін. Баланың тапсырманы орындау барысында қаншалықты икемділігі, төзімділігі, қабілеті байқалады.

Сондай -ақ бала мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін «Мұғаліміңді қайсы суретке теңейсің?» тақырыбында арнайы бланкіні толтыруңын өтінемін. Бала өзінің мұғаліміне деген көз қарасын өсімдіктер арқылы білдіреді. Масалы: гүл, шырша, тікенек. Баладан тапсырманы орындау барысында сұрақ -жауап жүргізіледі. Гүлге не үшін теңейсің?, гүлдің қандай қасиеті бар?, немесе шыршаға, тікенекке не үшін теңейсің. Бір қызығы бла бұл тапсырманы орындауда қызық ойға жетелейді, мектеп алды даярлық топта және бірінші сыныпта балалардың көбісі шыршаға теңеді, неліктен шыршаға теңегенін сұрағанымда балалар жаңа жыл болатынын, аяз ата келетінін, олар өз өнерлерін көрсетіп, сыйлықтар алатынын, шыршаны безендіретіндігін айтса, ал үшінші 4-ші сыныптарда гүлге теңейтінін, апайының гүл сияқты әдемі екенін, гүлден дәрі жасайтынын, гүлді мерекелер кезінде сыйлайтынын айтты. Мектепке қабылданған балаға жыл мезгілдерін суреттер арқылы сұрап, бір жылда қанша мезгіл бар?, қанша ай бар?, адамдар қай мезгілде қалай киінеді?, неліктен олай киінеді?, табиғатта қандай өзгерістер болады?, қазір жылдың қай мезгілі?, бір аптада қанша күн бар?, аптаның әр күнің қалай өткізесің деген сұрақтар бере отырып баланың танымдық процестерін, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын және тіліндегі кемшіліктерді анықтауға болады.

Баланың қабылдауын анықтау, мысалы: сурет бойынша алдымен ұлттық киімдерге мұқият қарап ал, содан соң оларды ұқсас белгілерімен салыстыр. Бұл жерде бала суретке қарап отырып киімдегі ұқсастықтарды анықтайды.

Есін анықтау үшін, мысалы сурет арқылы үстелдің үстінде не тұр?. Үстел үстіндегі ыдысқа неше алма салынған? Үстелдің астына не салынған?. Қабырғадағы суретте не бейнеленген?. Жоғарыда не ілулі тұр?. Радио үстелдің қай жағында орналасқан?. деген сұрақтар беру арқылы баланың қабілетін анықтаймыз.

Зейінін анықтау үшін балаларға сурет кғөрсетіледі, а) тостағандарды бірдей өрнектермен әшекейле б) ыдыстарды бірдей етіп боя; сұрақтарын бере отырып баланың икемділігін, зейінін анықтаймыз.

Ойлау : Суреттте не көріп тұрсың? Тауықтың қанша балапаны бар? Олар не істеп жатыр?. Деген сұрақ арқылы балалардың ойлау қабілеттерін анықтаймыз.

Қиял: Қалаған суретіңді салып, түрлі- түсті қаламмен боя. Сосын суреттерді аяқта және әнгіме құрастыр. Тапсырмадағы жарты сурет салынған, суретті соңына дейін аяқтау керек.

Ойын жаттығулар : әрбір жіпте он моншақтан болу керек. Жіптегі моншақтарды толықтыр. Суреттегі онға дейін жетпейтін моншақтарды бала қаламмен онға дейін бояп салады және санайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемеде логопед қызметінің бағыттары
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
Қазақстан Республикасындағы білім саласын мемлекет тарапынан реттеу
Оқушылардың оқу үрдісін ұйымдастыруда жас ерекшеліктері
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралары
Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
Басшыларды іріктеу жүйесінің тарихы
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ТҮЗЕТУШІЛІК БАҒЫТЫ
12 жылдық білім берудің мазмұны, пайдасы, ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz