Жеке меншіктің теоретикалық негіздері



Кіріспе 4
Жеке меншіктің теоретикалық негіздері
Жеке меншіктің тарихи негізі 5
Жеке меншіктің түсінігі мен түрле𳬬
Жеке меншіктің артықшылықтары мен кемшіліктері 7
10
Қазақстан Республикасында жеке меншік жағдайын талдау
Қазақстан Республикасында жеке меншік құқығын реттеу.
Меншіктенуші құқығы
11
Қазақстан Республикасында жеке меншік жағдайының мониторингі
15
Жеке меншікті мемлекеттік реттеу 17
Қазақстанда жеке меншіктің даму тенденциясы мен перспективалары
20
Қорытынды¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬ 22
Пайдалагылған әдебиетте𬬬¬¬¬ тізімі 23
Жеке меншік – жеке адамдар немесе олардың топтарына бекітілген өмір игіліктері мен экономиканың ресурстарды бақылау құқығы.
Әрекеттегі заңдарға сәйкес, белгілі бір тұлға өз меншігімен қандай да болсын, бірақ заңға нұсқан келтірмейтін әрекет жасай алады.
Жеке меншікті пайдалану, аралас экономикалық жүйенің еңбасты элементі болып табылады.
Жеке меншіктің мынандай түрлері болады:
А) жекеше немесе отбасылық меншік
Ә) үлестік меншік
Б) акционерлік меншік
В) қоғамдық ұйымның меншігі.
Меншік иесі өз меншік объектісін бақылайды. Оның ерекше құқығы – объектіні пайдалану бағытын анықтап, өз қалауынша пайдалану (саты, сыйға тарту, өсиет етіп қалдыру және т.б.).
Қоғам жеке меншік құқығын қалыптастырады. Нәтижесінде олар меншік иесінде бола алатын мүмкіндіктерден әрқашан кеш болады.
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2 Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерліктуралы» Заңы.
3 Қазақстан Республикасының «Шағын және орта бизнесті дамыту» туралы Заңы.
4 Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ғ.Төлеуғалиев-1-2 том.
5 Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заңы.
6 Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы – 2005,2006,2007 ж.
7 «Қазақстан – 2030» стратегиясы.
8 Экономикалық теория, Ж.Х.Ғабит Оқу-әдістемелік кешен – Астана-2006.
9 Мәуленова С.С. – Экономикалық теория-Алматы:Экономика.1-бөлім-2004 ж.
10 Гайнуллин Ф.Р. Введение в экономическую теорию – Алматы:РИК,1997 г.
11 Куликов Л.М. Основы экономической теорий:-Финансы и статистика,2003 г.
12 Савицкая Е.В.,Серегина С.Ф. – Вите-Пресс.Кн.2-1999 г.
13 Ана-тілі – 2004-26 тамыз – 10-11б.
14 Вестник науки Казахского университета им.С.Сейфуллина, Том ІV-2004-№4- с.161-163.
15 Саясат-журнал – Алматы-2008-№3-81-84 б.
16 Мысль – журнал -2003-№5-с.54-59.
17 Юридическая газета – 2007-7 декабря –с.2.
18 Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы 2008--№3-18-33б.
19 Заңгер – қоғамдық-саяси, ғылыми-құқықтық журнал -2005-№9-6-9 б.
20 АльПари-экономический журнал-2002,№4-5 Алматы 1/2-3; 2005-№4-42-45 б.,2006-№2-48-51 б.
21 Экономика и статистика №2,2005.
22 Частная собственность на землю: «за» и «против» - г.Алматы,10 июня 2002 г.: Материалы круглого стола – Алматы,2002 г.
23 Формирование частного предпринемательства в условиях перехода к рынку: (на примерах Рспублики Казахстан)/А.К.Кошаков, Б.Г. Мухамеджанов, С.Т.Бектемисова – Алматы [б.и.],1995 г.
24 Назарбаев Н., Қазақстан жолы – Астана,2007 – 181-212 б.
25 Официальный Интернет-сайт – www.google.kz.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 4
1 Жеке меншіктің теоретикалық негіздері
1.1 Жеке меншіктің тарихи негізі 5
1.2 Жеке меншіктің түсінігі мен түрлері 7
1.3 Жеке меншіктің артықшылықтары мен кемшіліктері 10
2 Қазақстан Республикасында жеке меншік жағдайын талдау
2.1 Қазақстан Республикасында жеке меншік құқығын реттеу.
Меншіктенуші құқығы 11
2.2 Қазақстан Республикасында жеке меншік жағдайының мониторингі
15
2.3 Жеке меншікті мемлекеттік реттеу 17
3 Қазақстанда жеке меншіктің даму тенденциясы мен перспективалары
20
Қорытынды 22
Пайдалагылған әдебиеттер тізімі 23

Кіріспе

Жеке меншік – жеке адамдар немесе олардың топтарына бекітілген өмір
игіліктері мен экономиканың ресурстарды бақылау құқығы.
Әрекеттегі заңдарға сәйкес, белгілі бір тұлға өз меншігімен қандай да
болсын, бірақ заңға нұсқан келтірмейтін әрекет жасай алады.
Жеке меншікті пайдалану, аралас экономикалық жүйенің еңбасты элементі
болып табылады.
Жеке меншіктің мынандай түрлері болады:
А) жекеше немесе отбасылық меншік
Ә) үлестік меншік
Б) акционерлік меншік
В) қоғамдық ұйымның меншігі.
Меншік иесі өз меншік объектісін бақылайды. Оның ерекше құқығы –
объектіні пайдалану бағытын анықтап, өз қалауынша пайдалану (саты, сыйға
тарту, өсиет етіп қалдыру және т.б.).
Қоғам жеке меншік құқығын қалыптастырады. Нәтижесінде олар меншік
иесінде бола алатын мүмкіндіктерден әрқашан кеш болады. Іс жүзінде құқықтар
потенциалды құқықтарға қарағанда әрдайым кем болады. Себебі мемлекеттің
көмегімен белгілі бір экономикалық, социалды, экологиялық және меншік
объектісін пайдаланудағы басқа да нормативтерді пайдаланады.
Мемлекет салық арқылы кірістің қалыптасуын реттеп, белгілі бір іс
түріне капиталды қолдануға шек қойып, белгілі бір салада лицензиялауды
жүзеге асырып, экология мен жұмыс орындарында техникалық қауіпсіздігінің
нормативтерін қалыптастырады және т.б.
Меншік иесі объектісін басқа тұлғаға жалға беруге мүмкіндігі бар.
Сонымен бірге өз билігінің бір бөлігін жалданған персонал менеджерлерге
тапсыра алады.
Меншік иесі өз меншік объектісін басқа тұлғалардың объектісімен
біріктіре алады.
Жеке меншік құқығы нарықтық экономикасы бар барлық елдерде жеке өмір
игіліктерін иемденудің басты формасы болып табылады.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы жеке меншік
жағдайын талдау, жеке меншікке жалпы шолу және түсініктеме беру. Еліміздегі
жеке меншіктің артықшылықтары мен кемшіліктерін белгілеу, даму
перспективаларын қарау.
Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің тайпалық немесе қауымдастық
түрлері белгілі. Алғашқы тұрмыстық қауымдастықтың ыдырауы, отбасының
бөлінуі және соның негізінде жеке меншік пайда болады. Жеке адам жердің
меншік иесі болып, оны өндіру сол адамның өзіне және оның отбасына
беріледі. Ол өзін басқа отбасы қауымдастығының шапқыншылығынан қорғау үшін
қайтадан қауымдастыққа біріге бастап, қауымдастық меншігін құрады.

1 Жеке меншіктің теоретикалық негіздері

1. Жеке меншіктің тарихи негізі

Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi
кезеңде көшпелi мал шаруашылығына негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады.
Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны
қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi
жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi
жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге
енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi шаруашылықтың сипаты өзгердi. Тауар-ақша
қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал
шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы
едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары
өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен
ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады.
Нарыққа өту және ТМД елдеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процесінің
басталуы – мемлекеттік меншік үлесін қысқартуға, оның монополиялық
үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай-ақ, қоғамдық өндірістің тиімділігін
арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымын
қанағаттандыруға бағыттау қажет. Мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40%
шеңберінде бекітіледі.
Жеке меншіктің дамуы ХІХ-шы ғасырдын екінші жартысының ортасына дейін
жүзеге асты. Ғылыми –техникалық революцияның әсерінен ХІХ-шы ғасырдың
екінші жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады.
Акционерлік немесе корпоративтік меншік, басқаша айтар болсақ, топтық
немесе ұжымдық меншік. Батыстың экономикалық теория мектебі жеке термині
ретінде кез-келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылық, кәсіпорынды
түсінген.
Жеке меншік ұғымы тұрғысынан өз еңбегімен жасалған жеке еңбектік емес
меншікке бөліп қараймыз. Соңғысында заңды негізде жасалған жер учаскісі
табысы мен жалға берілген басқада қозғалмайтын мүлік, банкке салынған пайыз
бойынша және басқа көздер (жәрдем ақы, стипендия, зейнет ақы және т.с.с.)
есебінен жасалады.
Жеке меншіктің даму кезеңінде еркін бәсеке барынша қарқындап, жеке
кәсіпкерлердің өндіріс тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе
жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді. Сондай-ақ оның теріс
тұстары байқалады: артық өндірудің экономикалық дағдарысы, жеке меншік –
бұл билеп-төстеушінің, ешкім шектемейтін иегердің (иегердің өз еркі ғана
бәрін шешеді) меншік өнімімен байланысты еді. Сондықтан, мемлекеттің
араласуы қажет болады. Қазіргі өркениетті қоғамда меншік иесі мінез-
құлқының белгілі ережелері жасалған, сонымен қатар артық өндіру
экономикалық дағдарысын ескерту туралы шаралар қарастырылған. Жеке меншік
жаңа бағыт алуда және оның келешегі алда.
Қазіргі әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің, мағынасы өзгереді.
Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана
емес, сондай-ақ ұжымдық (топтық), акционерлік және кооперативтік түрде –
меншік иесі ұжымдардың біріктіретін болады.
Нарыққа өткенге дейінгі Қазақстан Республикасында кооперативтік меншік
– колхоздың, кооператив меншіктің, тұтыну корпорациясы, тұрғын-үй, құрылыс
және басқа да кооперативтік ұжымдармен көрсетіледі. Қазіргі жағдайда ол
акционерлік меншік, біріккен және аралас кәсіпорын меншіктерімен
толықтырылады.
Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан-жақты дамыған.
Айталық, өндірістік кооперативтер – бұл тауар мен қызмет көрсетуді бірге
өндіру мақсаты, азаматтардың өз еркінде.
Кооперативтер Англияда ХІХ-шы ғасырдың басында пайда болып, кейінірек
мұндай ұжымдар көптеген Батыс Еуропа елдерінде АҚШ-та кеңінен тарады.
Алғашқы кооперативтер Дания мен Швецияда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу
және өткізу бойынша пайда болды. Яғни, 100 жылдан соң әлемнің он екі елінде
олардың үлесіне ауыл шаруашылығы өнімнің 60%-ы келеді.
Бұрынғы одақта да шаруашылық жеке еңбек меншігін кооперативтік
(колхоздық) меншікке алмастырылды. Ол алғашқы бесжылдықтарда жүргізілген
ұжымдастыру (коллективтендіру) негізінде құрылды. Алайда, шын мәнінде
колхоздарға әкімшілік ұйымдар билеп-төсеп үстемдігін жүргізді. Олар өзіндік
өніміне билік жүргізу құқығынан айырылады. Себебі, өнімнің негізгі бөлігі
бекітілген баға бойынша мемлекетке түсіп отырды. Бұл кооперативтік
процестердің бұзылуына алып келеді. Меншіктің кооперативтік түрінің
нарықтық экономика жағдайында кооперативтік кәсіпорынның толық өзінше болуы
– оның өндірісті дамыту мүмкіншілігінің ең жоғарлығын иеленеді. Мұнда,
қозғаушы күші – меншік иесі, топтары – кооперативтің экономикалық мүдделері
болып табылады. Тұтыну кооперациясы өндірістік кооперативтен өзгешелеу.
Өндірістік кооператив өндіріс саласында қызмет етсе, тұтыну кооперативі-
айналыс саласында қызмет жасайды. Ресейде тұтыну кооперативінің алғашқы ХХ-
шы ғасырдың басында пайда болды. Оның пайда болуының басты мақсаты –
тауарларды сатып алуда шаруа мен тұтынушының сауда делдалдарынан құтқару.
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықта тұтыну кооперациясы өзінің
қызметін қалада да, ауылдық жерлерде де жүзеге асырады. Ол әртүрлі фирмалар
және ұйымдармен кең халықаралық байланыста болады.
Меншіктің бір түрінен басқасына өтуді эволюциялық жолмен бәсекелестік
күрестің, өндіргіш күштер дамуының және ҒТР-ның негізінде жүзеге асады
(мысалы, ХІХ-шы ғасырдағы акционерлік меншік түрінің пайда болуы) немесе
бұрынғы Одақта болған мемлекеттік және колхоздық меншіктің зорлық-зомбылық
жағымен қалыптасуын айтамыз.
Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен
салыстырғанда өте ерекше болып табылады. Муниципал - латынның
municipalis немесе немістің munizipalitet сөздерінен шыққан, қаланы
басқару деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның municipium қаланың өзін-өзі
басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципалды меншікке өкімет ұйымдары
мүлік және әкімшілік –аумақтық құрылымдарды басқару жатады. Қазақстан
Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады. Әртүрлі
экономикалық жүйе шеңберінде меншіктің басқа түрінің басым болуы, оның
басқа түрінің – мейлі бұрынғы, мейлі қазіргі түрінің болуын жоққа
шығармайды. Меншіктің барлық түрінің араласуы мен өзара іс-әрекеті,
экономикаға және барлық қоғамның дамуына оң әсер етеді.

1.2 Жеке меншіктің түсінігі және түрлері

Жеке меншік дегеніміз - бұл экономикалық қорлар мен өмір игіліктерін
жеке тұлғалар немесе олардың топтарына бақылау құқығын бекіту. Жеке меншік
жер, каптиал, табыс және тағы басқа бақылауға құқғы жоқ, осы қатарға
кірмейтін, басқа тұлғалардан бөлек кету деген пікірді анықтайды. Осылардың
барлығы персонификацияланған болып саналып, белгілі иелері бар дегенді
білдіреді.
Әрекет ететін заңға сай, әрбір жеке тұлға өзінің жеке меншігімен заңға
нұқсан келтірмейтін кез-келген әрекет жасауға хақы бар. Бірақ заңмен
қорғалатын басқа тұлғалардың мүддесін бұзбау керек. Әр азаматтың өз мүлігін
басқаға аударып, бірақ меншік иесі болып қалуға, не кепілге беруге және
басқа да әрекет жасауға хақы бар.
Меншіктенудің бір-бірінен едәуір айырмашылығы бар екі түрге бөлінеді:
А) өзі еңбек етіп, өзінің меншігінің қаражатына белгілі бір өндіріс
шығару;
Б) басқа тұлғалардың еңбегін пайдаланып, өндіріс шығару меншігі.
Бірінші жеке меншік түрін өз еңбңгімен күн көретін шаруалар,
кәсіпшілер және басқа да адамдар иемденеді, Бұндай меншік иесі
шаруашылығымен айналысып, еңбегінің жемісін өзі көреді.
Егер бір тұлғада еңбекші мен меншік иесі қосылса, бұдан өзінің иелігі
үшін да жақсы әрі жемісті еңбек етуге үлкен материалдық қызығушылық пайда
болады. Мұндай шаруалар өзінің ісінің тұрақты болып, одан өркендей түсуіне
барын салады. Келесі жеке меншік түрі бұл көптеген еңбекшілердің еңбегін
қолданатын, бірнеше шарушылығы бар тұлғалар.
Жеке меншіктің бірнеше түрі бар:
а) отбасылық немесе жекшеленген меншік – меншік объектісін бақылау
құқығы бар адамда немесе отбасында болады. Бұл меншіктік формасында
фермерлік шаруашылықтар, шағын дүкендер, кафелер салына алады. Мұны
біріктірілмеген жеке меншік деп те атауға болады;
б) үлестік (пай) меншігі – біріккен жеке меншік, объектіні бақылау
құқығы белгілі бір топ адамдарына беріледі. Бұл адамдардың әрқайсысына
белгілі бір үлес бөлініп, олар үлестес болып саналады. Әдетте үлес көлемі
ақша түрінде белгіленеді. Бұл меншік түрінде қаржы және басқа да
ерекшеліктері болғандықтан көптеген кәсіпорындар салына алады.
в) Акционерлік меншік – үлестік меншік болып саналады. Бірақ оны
үлестік меншіктен жеке қарастыруға болатын едәуір ерекшелігі бар. Акционер
кәсіпорын капиталына белгілі бір үлес қосқаны үшін акция құнды қағаз иесі
ретінде лауазым алған адам.
г) Коопративтік ұйым меншігі – профессионалдық одақтар, саяси
партиялар т.б. секілді белгілі бір кооперативтік ұйымдарға біріккен топ
адамдарының меншігі. Бұл ұйым мүшелерінің объектідегі жеке үлесін
иеленбейтін, персонификацияланбаған жеке меншік.
Жеке меншік өзінің әріптестерімен заңды келісім жасай отырып, жеке
тұлғаларға немесе кәсіпорындарға материалдық ресурстарды өз қалауларынша
тауып, бақылап, қолданып және кәдеге жаратуларына ерік береді. Жеке меншік
институты ғасырлар бойы мұра құқығымен қуатталынады, яғни жеке меншік иесі
болып әкесі өлген соң баласы мұрагер болып қалады.
Бұл жеке меншік құқығының бұдан өзге де заңды шектеуі бар. Мәселен,
есірткі өндіру үшін қажетті қандай да болмасын ресурстарды пайдалануға заң
жүзінде тиым салынған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 191-бабында:
Жеке меншік ұғымы және оның түрлері:
1. Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен
олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді.
2. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола
алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік жеке меншікте
болуы мүмкін. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.
Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанда – жеке және мемлекеттік
екендігін тәртіптейді.
Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке
меншік құқығының субьектісі ретіндегі қатынасының белгісіне
орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып
саналады. Егер меншік құқығының субьектісі мемлекет болса, онда әңгіме
мемлекеттік меншік жөнінде болады. Ал субьект мемлекеттік емес заңды тұлға
немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді.
Азаматтық кодекстің 191-бабына сәйкес жеке меншік азаматтардың және
мемлекеттік емес заңды заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі
ретінде көрінеді. Сөйтіп ұжымдық меншік пен азаматтардың меншігі жеке
меншік деген терминнің аясына бірігеді. Оларды біріктірумемлекеттен
бөліпқарау арқылы бұл меншікпен жұмысты ыңғайлы ұйымдастыруға байланысты,
мәселен, салық саясатын жүргізуге, немесе мемлекеттік әкімшілік аппараттың
жөнсіз араласуынан қорғайды.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық
мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның
акциясының белгілі бір бөлігі мемлекетке тиесілі болғанымен, оны
мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке меншік болып қара
береді.
Адамдардың жеке меншік категориясы жеке дара өзіндік меншік ұғымына
сай келеді. Сонымен бірге, ол азаматтардың меншігіне деген жеке дара және
жеке меншік ішкі дифференциациясы болуы қажет.
Меншік иесінің құқығын жүзеге асыру, яғни оның иелік етуі, пайдалану
және билік етуі мүліктің мүддесі мен мақсатына орай заңға сәйкес шектелуі
мүмкін. Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы заңының 40-
бабында меншік иесінің үй-жайды, ортақ мүлікке қауіп төндіретін немесе оны
нашарлататын жұмыстар жүргізумен байланысты өзгертуіне, соның ішінде қайта
жоспарлануына және қайта жабдықтауына тыйым салынады.
Жеке меншік ерекше түріне кондоминиум меншігі де жатады. Кондоминиум
ұжымдық меншік түрінде көріне тұрса да (Тұрғын үй қатынастары туралы
Заңнын 31-бабы 1-тармағы) біздің азаматтық кодексте ұжымдық меншік ұғымы
жоқ екендігін ескерте кеткен жөн. Үй-жай меншік иелерінің әрқайсысы өзіне
бөлек (жеке-дара) меншік құқығы бойынша тиесілі үй-жайды өз қалауы бойынша
иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.
Үйдің бөлек (өзіндік) меншікке жатпайтын бөліктері үй-жай меншігі
иелеріне ортақ меншік құқығы бойнша тиесілі болып келеді.
Жер туралы заңның 18-бабына сәйкес азаматтардың жеке меншігінде
өзінің мақсатына сәйкес үйлер мен ғимараттарды қамтуға арналған жерлерді
қоса алғанда, құрылыс салуға берілген немесе өндірістік және өндірістік
емесе оның ішінде тұрғын-жайлар, үйлер, ғимараттар және олардың кешендері
салынған жер учаскелері бола алады.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі
жеке меншіктің кеңінен тараған түрінің бірі болып табылады.
Жекешелендіру үрдісі кезінде жеке меншікке негізделген мемлекеттік
емес заңды тұлғалардың қолындағы мүліктердің саны күрт өсіп кетті.
Азаматтық кодекс мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ұйымдастыру-
құқылық түрін қарастырады. Осыған байланысты мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың меншік құқығы институты шаруашылық серіктестіктері мен
акционерлік қоғамдардың меншік құқығы және өндірістік кооперативтердің
меншік құқығы деп бөлінеді.
Арнайы қабылданған заңдар, сондай-ақ кондоминиумдердің меншік құқығын,
шетелдік заңды тұлғалардың, халықаралық ұйымдардың меншік құқықтарын,
шетелдіктердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындардың меншік құқығын
қарастырады.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншік құқығы обьекетілері
жөніндегі мәселелрді шешу үшін оларды коммерциялық және коммерциялық емес
деп бөлу маңызды рөл атқарады. Коммерциялық билігіндегі мүліктердің көлемі
коммерциялық емес ұйымдарға қарағанда анағұрлым кең келеді. Бұл, құқықтық
қабілеттілікке байланысты (жалпы және арнаулы).
Жеке меншікте мүліктердің саны мен құны заңмен шектелмейтін бола тұрса
да белгілі бір шектеулер болғаны анық. Ол заңды басқа тұлғалардың құқығы
мен заңмен қорғалатын мүддесіне нұқсан келетіндей жағдай орын алса ғана
жүзеге асады. Құқықтар мен заңды мүдделерді бұзы меншік иесінің
монополиялық немесе басымдық мүмкіндіктерін асыра пайдаланудан көрінеді.

1.3.Жеке меншіктің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Меншік иесінің құқығы: потенциалды және реалды (нақты). Меншік иесі
өзінің меншік объектісін бақылайды. Оның ерекше құқығы – объектіні иемдену
бағытын анықтау (сату, сыйға тару, өсиет етіп қалдыру және т.б.).

Сурет 1 - Меншік иесінің құқығы

Сонымен бірге, меншік иелерінің мүмкіндіктері әрқашан белгілі бір
жағдайларға байланысты шектеледі, Суреттегі барлық сектор бұл
(горизонтальды дәрежедегі бағыт) – меншік иелерінің потенциалды құқықтары.
Нақтылай келсек, горизонтальды дәрежедегі бағыт ешқашан да бір бағытта
болмайды, себебі қоғам, мемлекетті пайдаланып, меншік иелерінің құқығын
шектейді. Ол кейде меншік иесінің өзі саналы түрде өзінің объектіге деген
құқығына шек қояды. Бұл шектеулер мен мақсаты мен мәні неде екенін
қарастырайық. Жеке меншіктің құқықтарын қоғам қалыптастырады. Нәтижесінде,
жеке меншік иелерінде бола алатын потенциалды мүмкіндіктерінен әрдайым
шамалы болып шығады.
Бұны талап ететін бірлескен немесе қоғамдық экономикалық
қайраткерлік, сонымен қатар жалпы адам өмірі. Адам баласының ынтымақтастығы
мен өзара әрекеттестігі бар жерде, шек қою мен қоғам нормативтерінің мінез-
құлқының болмауы мүмкін емес. Егер біреу өз пәтерінде ағаш өңдейтін
шеберхана ашса немесе рок топтың табынушысы түні бойы балкон не лоджиясында
үнтаспаларды аппаратураның дауысын шығарып тұрып тыңдаса бұл жөн болар ма
еді? Әрине, әрбір саналы адам мұны мүмкін емес деп айтса қателеспейді.
Сондай-ақ, Ертіс өзеніне өндірістің әр түрлі лас ағындарын түсіру,
антисанитарлық жерде самса пісіріп сату, есірткіні өндіру және
порнографиямен шұғылдану, қиянатшыл бәсекелестік жүргізу, классификациясы
керекті дәрежеде жоғары оқытушыларды иемденбей дербес жеке меншік мектеп
ашу да мүмкін емес.
Мемлекет салық салу арқылы кірістің қалыптасуын қадағалайды, кейбір
қызметтің салаларына капиталды пайдалануға тыйым салады, кейбір сфераларда
лицензияны тудыратады, мұрагерлікке тәртіп орнатады, жұмыс және экология
жағынан технологиялық қауіпсіздік нормаларын жетілдіреді және дамытады,
жұмыс күшін жұмылдыру тәртібін және т.б. салаларды қадағалайды. Егер жол,
құбыр, жаңа ғимарат және құрылыс салу керек болса, әлемдік практика
көрсететіндей, жеке меншіктегі жер, ғимарт, тұрғын үй – қожасына компнсация
төленумен – кері қайтарылуы мүмкін. Сондықтан жеке меншік қол тигізілмейті
асқар бел болып табылмайды, бірақ та оны қорғайды, қолдайды және
экономикалық өзара әрекеттер үшін жағдай жасайды.
Жеке меншік иесі басқа адамның араласуынсыз өз меншігіне деген
құқығына шек қоя алады. Меншік иесінің бір қарағанда осындай оғаш қылықтары
немен анықталады және қандай формада жүзеге асады?
Біріншіден, меншік иесі өз меншігін басқа адамға, кәсіпорынға немесе
жеке адамға пайдалануға бере алады. Мысалы, жер, жай, құрал-жабдықтарды
жалға бере алады. Саяжай қоғамында өз жерлері бар көп адам оны жеке баспана
құрылысы ретінде мемлекеттен шексіз уақыт пайдалануға алған. Өз меншігін
жалға берерде меншік иесі өз меншігіне деген құқығының бір бөлігін де
береді. Меншік иесі мен пайдаланушы өзара бір келісім шартқа отырады.
Бұл шартта объектіні пайдалану бағыты және меншік иесі ерікті түрде
өзін бірқатар құқықтарына шек қоюы сияқты сұрақтар қозғалады. Екіншіден,
меншік иесі өкілеттілігінің бір бөлігін менеджерлерге аудара алады.
Менеджерлер меншік иесінің өндірістік және қаржы капиталын тиімді
пайдалануға көмектеседі. Осының нәтижесінде олар меншік объектіні
басқарудағы биліктің басым бөлігін қолдарына алады. Сондықтан меншік иесі
меншігін емес, менеджерлердің сол объектіні тиімді басқару ісін бақылайды.
Тиімділік профессионализмді талап етеді, соның ішінде ең бастысы басқару
саласында шығар. Билікте өз құқығын жоғалтқан меншік иесі тиімділікті ұтып,
үлкен экономикалық пайда табады.
Осыған ұқсас жағдай, меншік иесінің өз өкілеттігін тапсырудың тағы
бір түрі – сенімділік операцияларда қолданыс табады. Мұндай операциялар
меншік объектісін (акция, капитал, жылжымайтын мүлік және басқа да қаржы
бірліктерін) сенімді түрде басқаруды болжайды. Әлбетте олардың мақсаты бір
жерден шығады – объектіні өзін-өзі тежеу шарттарына қарағанда, үлкен
экономикалық пайда табуға тырысу. Сол уақытта сенімділік операциясы өз
бетінше бұл мақсатқа автоматты түрде жетуге жағдай жасамайды. Бұл тек
мүмкіндік ғана, бірақ кепілдік емес.
Үшіншіден, меншік иесі өз меншік объектісін басқа тұлғалардың
объектілерімен біріктіре алады. Мысалы, жігерлерін, ресурстарын, қаржыларын
біріктірген адамдар, шаруашылық бірлестігі мекемесін құра алады.
Өз құқықтарын жоғалта отырып, олар үлкен пайда ретінде экономикалық
компенсацияға үміттенеді.

2. Қазақстан Республикасында жеке меншік жағдайын талдау

2.1 Қазақстан Республикасында жеке меншік құқығын реттеу. Меншіктенуші
құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабында:
1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да
болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.
2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.
3. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен
көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп
айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.
4. Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде, өз мүлкін кез келген заңды
кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік
қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым
салынады.
Азаматтардың меншік құқығы дегеніміз, оны өзіне тиесілі мүлікті
иелену, пайдалану және оған билік ету өкілеттігі болып табылады. Азамат өз
қалауынша өз мүлкіне қатысты кез келген қатынасты жасай алады. Сонымен заң
меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асырудың жалпы бағытын айқындап
береді. Жеке кәсіпкер, егер заңда өзгеше көзделмесе, кәсіпкерлік қызметтің
кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы.Жеке кәсіпкерлік азаматтық өзінің
иелігіне жататын меншік және басқа құқықтар негізінде жүзеге асады, сол
құқықтар арқылы әлгі мүліктерді иеленіп, пайдаланып, оған билік етеді.
Азаматтарға заңға сәйкес өзінің қарамағындағы ғимаратты, құрылысты,
мекен-жайды, сондай-ақ көп пәтерлі үйдегі пәтерін кәсіпкерлік қызмет
мақсатында жалға беруге құқылы.
Кәсіпкерлік құқықтың бір бөлігі, не ол тұтастай сатып алу – сату,
кепілдік, жалға беру және басқа келісімдер обьектісі мен бола алады, мұның
өзі оның құқықтарының бекітілуі, өзгеруі және тоқтатылуына байланысты
келеді.
Жердің меншік иесі азамат меншік құқығына тән үш құқықты: еркін
иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын еншілейді. Жер туралы Заңда
бұл өкілеттіліктер нақтыланған. Заңның 19-бабына сәйкес жер учаскесінің
меншік иесі заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесін мемлекеттік
органдардың қандай да болсын рұқсатын алмай-ақ, өз қалауы бойынша иелену,
пайдалану және билік ету құқығын жүзеге асырады. Азамат – меншік иесі
өзінің жер учаскесімен заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген
мәмілелерді жасауға, атап айтқанда, жер учаскесін уағаластық баға бойынша
сатуға, шаруашылық серіктестігінің жарғылық қорына жарна ретінде енгізуге,
кепілдікке беруге, сыйлауға және мұра етіп қалдыруға құқылы. Жер
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық санат ретіндегі меншік
Тұрғын үйге меншік құқығын тоқтатудың негіздері
Сыртқы әсерлер. Сыртқы әсерлерді реттеудегі мемлекеттің рөлі
Мемлекет құқық теориясының пайда болуы
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану туралы
Иммуналогия
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Жедел іздестіру қызметінің құқықтық негіздері
МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚОРҒАЛУЫ
Шарль Луи Монтескьенің мемлекет және құқық туралы ілімдері
Пәндер