Шырыш ағу феномені


Жоспар
I. Кіріспе
- Шырыш ағу феномені
- Жыныстық қозу
- Овуляция
- Күйлеу феномені
II. Қорытынды
III. Пайдаланылған әдебиет тізімі
Шырыш ағу феномені . Жыныс органдарының кілегейлі қабығындағы эпителлий жасушалары көбейіп, бірнеше қабат өсіп, сөл бөліп шығара бастайды. Пайда болған сөл жыныс саңлауынан ағып шығады да, сарпайынан жіп тәрізді шұбатылып, мөлдір шыны түсті, ақшыл сұйық түрінде көрініп тұрады. Бұл құбылысты шырыш ағу феномені деп атайды: осы кезенде жатыр мойнының, қынаптың, қынап кіреберісінің кілегейлі қабықтары домбығып, ісініп, қызарып кетеді.
Шырыш ағу процесі 2-3 тәулікке созылады. Бұл кезде жатырдың тонусы күшейе түседі, тік ішек арқылы ұстап сипай бастағанда-ақ, тез жиырылып серпіледі.
Алғашқы күндері аққан шырыштың мөлшері аз болады да, оның малдың жатқан жеріңде немесе құйрығына жабысып тұрғаны байқалады. Бұдан кейін шырыштың мөлшері кобейіп бөлінеді де, кезеңнің соңына қарай азая бастайды. Бұл кезде сұйықтың өзі де қоюланып, бұлыңғырланады. Кейбір сиырларда, қаншықтарда ұсақ, қан тамырлары жарылуы салдарынан қан араласқан сұйық ағады. Осы кезендегі жағындыны микроскоп арқылы қарағанда кілегейлі эпителлийдің енген жасушалары көптеп түсе бастағанын байқаймыз. Шырыш ағу процесінің соңына қарай, жоғарыда айтылған барлық пролиферативті процестер бәсеңдейді. Қан айналымы азайып, кілегейлі қабықтың түсі бозғыш тартады.
Шырыш ағу феномені басқа феномендерден бұрын басталып, кейін аяқталады. Күзде, қыстың суық күндері бұл процесс қысқа мерзімде, баяу өтеді, ал көктемнің, жаздың жылы күндері, керісінше, өте айқын, қарқыңдап, 3-4 күнге созылады.
Шырыш ағу процесінің маңызы өте зор. Сұйық көп аққан сайын, жыныс жолдары тазарады; кілегейлі сұйық, аталық торшалардың (спермийлердің) қозғалуын қамтамасыз ететін қолайлы орта болып табылады.
Шырыш ағу процесі басталғаннан 1-1, 5 тәулік өткен соң, келесі феномен -жыныстық қозу басталады.
Жыныстық қозу (жалпы реакция) феномені малдың мінезқұлқының өзгеруімен сипатталады. Мал мазасызданып, бір орында тұрмай, әр түлік өзіне тән дыбыстар шығарып, аяғымен жер тарпиды, азыкқа қарамай, сүтінің кұрамы өзгеріп, мөлшері азаяды.
Мысалы, сиырлар жайылымда жүргенде, аулаға шығарғанда басқа сиырларға асылып шағылысқандағыдай әрекет жасайды, бірақ бұқаны жолатпайды. Жыныстық қозу феномені 15-20 сағатқа созылып, кейде бұл феномен мүлде байқалмай өтуі мүмкін.
Күйлеу феномені ұрғашы малдың шағылысуға, ұрықтануға; дайын екенін көрсетеді. Бұл кезенде күйлеген мал еркек малды өзі іздейді, оған жақындап шағылысуға ыңғайланып, еркек мал үстіне асылғанда қозғалмай тұрады. Сиырларда күйлеу феномені орта есепен 20 сағатқа созылады. Қыстың күндері бұл көрсеткіш 10-13 . сағатқа, ал жаздың күндері бір тәулікке созылуы мүмкін. Малдың күйлегенін күйіттеушілерді (бұқа, қошқар, қабан, айғыр) қолдану арқылы анықтайды.
Овуляция деп пісіп жетілген фолликулдің жарылып, фолликулярлы сұйықпен бірге аналық жыныс жасушасының бөлініп шығу процесін айтады.
Ірі малдағы овуляция процесін тік ішек арқылы, жұмыртқалықғы сипалап білуге болады. Күйлеп жүрген малдың жұмыртқалығында аумағы 0, 6-1, 0 см, сырты жылтыр, былқылдаған күлдіреуік байқалады. Ол өсе келе жұмыртқалықтың пішінін ; игертіп жібереді, дөңгелек шар тәрізді немесе сопақша, үшдұрышты, алмұрт пішінді бола береді. Пісіп жетілген фалликулдің қабырғасы коллагеназа ферментінің әсерінен әбден жұқарады, ішкі қысым арта түседі де, фолликул жарылады. Бұл процестің өсуі фолликул стимулдеуші гормон мен лютеиндеуші гормоның тікелей әсер етуімен іске асады.
Пісіп жетілген фолликулдің колемі - ірі қарада 1, 5-2 см жетеді, биенікі тіпті үлкен 4-5 см шамасы. Сиырда овуляция малдың күйлеуі тоқтаған соң, 10-15 сағаттан кейін өтеді. Күйіттеуші мал жанасып, шағылысқа түсіп жатса малдың күйлеуі де, овуляциясы да тез өтеді. Арық, әбден шаршаған, ауру малдың овуляциясы көп кешігіп өтеді, 30% жағдайда овуляция болмай қалады . (ановуляторларлық цикл) .
Овуляциядан кейін жұмыртқалықтың көлемі кішірейіп, жұмсақ дене болып қалады. Жарылған фолликулдың орыны шұңқырланып, оған үйыған қан толады, ол фолликулярлы эпиттеллийдің жасушаларымен араласа өсіп, оған лютенді фермент сіңіп сары денеге (уақытша без) айналады. Овуляциядан 4-5 күннен кейін-ақ, сары дене жұмыртқалықта бұлтиып біліне бастайды. Жыныстық циклдің феномендерінің ету уақыты 1- кестеде корсетілген.
Егер де овуляциядан кейін мал тоқтап кетіп буаз болған жағдайда, сары дене мал төлдегенге дейін өзінің қызметін тоқтатпай, сақталып қалады. Мұндай сары денені буаздықтың сары денесі деп атайды. Ал егер де, буаздық болмай жыныстық цикл қайталанатын болса, пайда болған сары дене 7-10 күннің ішінде ыдырап, жоқ болып, сіңіп кетеді де, ұрық безінде қайтадан фолликулдер өсіп жетіле бастайды.
Бұндай жағдайда сары дене жыныстык, циклдің сары денесі деп аталады. Буаздықтың сары денесі мал төлдегеннен кейін 30 күннен ішінде, жыныстық циклдің сары денесі 15-20 күннің ішінде ыдырап сіңіп кетпей тұрып қалса, ондай сары дене тұрып қалған немесе персистентті сары дене деп аталады. Бұл аурудың белгісі.
Көп төлді жануарлардың жұмыртқалығында бір мезгіті бірнеше фолликулдар пісіп жетіледі де, овулядия процесі ұзаққа созылады.
1-кесте. Малдың күйлейтін мерзімі және овуляция өтетін уақыт
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz